Филиалдың заңды мәртебесі



Жұмыс түрі:  Іс-тәжірибеден есеп беру
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ МИНИСТРЛІГІ
Қазақ ұлттық аграрлық университеті
Өсімдік қорғау және карантин кафедрасы

Өндірістік практика есебі

Орындаған: Жанат Сауле
Тексерген: Алимкулова М.Қ.

Алматы 2020ж

МАЗМҰНЫ
I.КІРІСПЕ
1.1.Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы табиғи-географиялық және климаттық жағдайы туралы қысқаша сипаттама
1.2.Мекеменің құрылымдық және мекемелік жағдайы
II.НЕГІЗГІ БӨЛІМ :
2.1. Агрометерологиялық ауа райының құбылысы ауруларға және зиянкестерге тигізетін әсері
2.2. Еңбекшіқазақ ауданында өсірілетін егістік түрлері және оларды егу технологиялары
2.3. Аудан шаруашылықтарының егіс танаптарындағы ауыл шаруашылық дақылдарының зиянкестері
2.4. Еңбекшіқазақ ауданы жағдайында сұлы өсіру технологиясы мен маңызы
2.5. Өсімдітер карантині
2.6. Азық-түлікке арналған өнімдерден сынама алу
ҚОРЫТЫНДЫ



Кіріспе
Біздің елде өсімдік қорғау қызметі шын мәнінде 60-жылдардан бастап қана кең көлемде жүзеге асырыла бастады. Ғалымдардың зерртеу жұмыстарының нәтижесінде ауыл шаруашылық дақылдарының негізгі зиянкестерінің көпшілігімен күресу жүйесі жете зерттеліп өндіріске енгізілуде. Осыған орай республикалық, облыстық, аудандық өсімдік қорғау станциялары, зиянкесетердің таралуын болжау және олармен күресу үшін хабар беру пункттері, мемлекеттік өсімдік карантин инспекциялары және басқа да өсімдк қорғау қызметінің жүйесі ұйымдастырылып, жақсырап келеді.
Қазақстанның ұлан-байтақ жерінің табиғаты алуан түрлі. Алуан түрлі табиғат ерекшеліктеріне сай мұндағы өсімдік түрлері өте көп. Қазіргі кезде республиканың егістік жерлерінің көлемі барынша ұлғайп, миллиондаған гектерға жетіп отыр. Осыншама ұлан-байтақ алқаптардан жыл сайын мол да тұрақты, әрі сапалы өнім алу үшін жергілікті жердің табиғи ерекшеліктеріне қарай жасалынатын агротехникалық шаралар құрамында зиянды организмдерге қарсы күрес шарасының да мәні зор. Республиканың кең - байтақ жеріне тіршілік етіп, алуан түрлі өсімдіктермен қоректенетін ауылшаруашылығы дақылдарының өнімін елеулі дәрежеде кемітетін зиянкестердің түрлері көп-ақ.
Ауыл шаруашылығы дақылдарын зиянды жәндіктерден ойдағыдай қорғаудың негізгі шарты-оларды бір-бірден ажырата білу. Одан кейін олардың тіршілік әрекеттерін, яғни биологиялық және экологиялық ерекшеліктерін жете білу керек. Сонда ғана зиянкестерге қарсы күрес шараларын дер кезінде тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік туады.
Өсімдік қорғау ғылыми негізделген шара ретінде ауылшаруашылық дақылдарының өсіру технологиясының құрамына кіреді. Бүгінгі таңда негізгі мәселе-мәдени өсімдіктерден тұрақты түрде мол өнім алу және оны ұзақ уақыт сақтауды білу. Зиянды организмдердің әсеріне ауылшаруашылық дақылдардың өнімділігін 10-30%-ға азаяды, ал кейде өнім түсімнің болмауы да мүмкін. Зиянды организмдердің түрлері өте көп. Зиянкестерге күресу шараларын дұрыс ұйымдастыру үшін олардың түр құрамын, биологиясын, олардың көбеюіне әсер ететін жағдайларды, мониторингті дұрыс жүргізуді білу қажет. Аурулар негізінен өсімдіктердің барлық мүшелерін залалдайды. Зиянкестер қарсы күресу шараларын жүргізгенде агротехникалық (егу мерзімі мен себу мөлшерін сақтау, ауыспалы егістікті енгізу, топырақты өңдеу, тыңайтқыш қолдану, төзімді сорттар пайдалану және т.б.), биологиялық, физикалық, механикалық және химиялық тәсілдерді де дұрыс пайдалана білу керек.
Ауылшаруашылық дақылдарына зиян келтіретін организмдер тобына зиянды нематодалар, кенелер және кеміргіштер жатады. Аталған организмдер морфологиялық құрылысы, жүйелік орны, тіршілік әрекеттеріне, өсімдікке бейімделуіне байланысты жануарлар әлемі жүйесінде әртүрлі топтарға топтастырылған және күресу шаралары да өзіндік ерекшеліктерімен ажыратылады.
Жануарлар әлемінде - бұл зиянкестер әр түрлі орын алады, олар үш типтерге - жатады: нематодалар жұмыр құрттарға, кенелер буынаяқтыларға, ал кеміргіштер хордалыларға жатады.
Жұмыс барысында ауылшаруашылқ дақылдарының негізгі зиянды бунақденелілері: олардың морфологиясы, табиғаттағы даму ошақтары, тараған аймағы, қоныстану жолдары мен ерекшеліктері, өмір сүру циклдары, олардың көбеюіне әсер ететін сыртқы орта жағдайлары туралы мәлімет берілген. Зиян келтіретін қауіпті түрлердің экономикалық зияндылық шегі көрсетілген
6В08104-Өсімдік қорғау және карантин мамандығы бойынша оқитын студенттер үшін өндірістік іс-тәжірибе арнайы оқу бағдарламасына сәйкес жоспарланған. Студенттер үшін өндірістік іс-тәжірибеден өту, болашақ бакалавр ретінде аса маңызды. Өндірістік іс-тәжірибе студенттер арнайы мамандық пәндерін оқып аяқтағаннан кейін, өткізіледі. Іс-тәжірибе басталар алдында студенттер жалпы және ауыл шаруашылық энтомологиясы; жалпы және ауыл шаруашылық фитопатологиясы; зиянды нематодалар, кенелер және кеміргіштер; өсімдіктерді химиялық жолмен қорғау; өсімдіктерді биологиялық жолмен қорғау; зиянды және аса қауіпті зиянды және карантинді ағзаларға фитосанитарлық мониторинг жүргізу және олардың таралуын болжау секілді мамандықты оқытуға арналған арнайы пәндер бойынша теориялық білім алады. Алған білімін студенттер өндірістік тәжірибеде практика жүзінде іске асыру қажет. Студент іс-тәжірибе өту барысында ЖОО-да алған білімдерін бекітеді және кеңейтеді, ауыл шаруашылығына қатысты барлық жүйелерді меңгере алады.

1.1.Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы табиғи-географиялық және климаттық жағдайы туралы қысқаша сипаттама

Еңбекшіқазақ ауданының оңтүстігін Іле Алатауының Қараш, шығысын, оңтүстік-шығысын Бақай тауы, Сарытау, Сөгеті, Торайғыр таулары, қиыр шығысын Сөгеті жазығы алып жатыр. Ауданның ең биік жері оңтүстік-батысындағы мәңгі қар мен мұз басқан Саз тауы (4241 м). Аудан жері солтүстікке қарай ылдиланып Қапшағай бөгеніне тіреледі. Бұл жазық келген өңірінде Іле ойпаты жатыр. Таулардан Есік, Түрген, Киікбай, Шолақ, Шыбықты, Белшабдар, Қаратұрық, Лаварсаз, Асы және Шілік өзендері бастау алады. Шілік өз-ндегі Бартоғай бөгенінен Д.А. Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналы бастау алып, шығыстан батысқа қарай ағып өтеді. Таулық бөлігінде ұсақ мореналық көлдер кездеседі. Өзендерде бірнеше кішігірім СЭС-тер салынған. Толқын а. тұсында арнайы балық өсіруге арналған Есдәулетсай тоғаны, Түрген шатқалында бахтах (форель) ш. ұйымдастырылған. Аудан аумағында Алматы қорығы, Есік обасы (Алтын адам мүрдесі табылған), Тянь-Шань шыршасы өсетін Шыңтүрген шыршалығы (889 га) орналасқан. Тау бөктерлерінде Таутүрген, Қорам минералды бұлақтары бар. Шіліккемерде құм мен кесектас өндіріледі. Бұғыты тауларында вольфрам кен орны барланған. Еңбекшіқазақ ауданының климаты континенттік. Қысы суық. Таулы өңірлерде қар қалың түседі (40 - 60 см). Қаңтар айының орташа температурасы - 6 - 10°С, кейде температура - 28 - 30°С-қа дейін төмендейді. Жазы ыстық әрі құрғақ. Шілденің орташа температурасы 20 - 24°С. Жылдық орташа жауын-шашын мөлш. жазық өңірде 200 - 400 мм, тау бөктерлерінде 550 - 700 мм. Аудан аумағында ендік бағытта айқын байқалатын бірнеше табиғи белдемдер өтеді. Іле ойпатының шөлейтті белдемінде сұр, сортаң сұр топырақ қалыптасқан.
Су айдындары балыққа бай. Еңбекшіқазақ ауданында суармалы және тәлімді (тау бөктерлерінде) егін шаруашылығы жақсы дамыған, сонымен қатар қой ш. бар, жүзім, жеміс-жидек, көкөніс, темекі өсіріледі. Ауыл шаруашылығына жарамды жерінің аумағы 641, 6 мың га (2006), оның ішінде жыртылған жері 92,1 мың га, шабындық 16,6 мың га, жайылым 521,5 мың га.
Алматы облысының климаты өте континентальды, яғни, қысы өте суық, ал жазы өте ыстық болады. Көктемде ауаның 0°С-тен жоғары тұрақты температураға наурыз айының II-ші онкүндігінің соңы мен III-ші онкүндігінің басында, ал күзде қарашаның I-ші онкүндігінің соңымен II-ші онкүдіктің басында түседі. Активті температураның қосындысы-3460-3450°С, ал 10°С-жоғары температура 3100-3400°С аралығында болып келеді. Көктем айларының соңғы үсік сәуірдің III-ші онкүндігінде тоқтамай, ал күз айларында алғашқы үсік қыркүйек айының соңы мен қазан айының басында түседі. Түскен жауын-шашын мөлшері бөлінуі бірдей емес. Жылдық жауын-шашын мөлшерінің жартысына жуығы көктемде наурыз-мамыр айларында түседі. Ауауның салыстырмалы ылғалдылығы бұл аймақта температураның жоғарлауына байланысты, маусым айынан бастап 46-48%-ке төмендейді, ал жылдық салыстырмалы ылғалдылық 50-60% араығында болады.
Тәжірибе жүргізген аймақтың ауа-райы жағдайын талдай келе, бұл аймақта күн радиациясының жоғары, ауаның салыстырмалы ылғалдылығы төмен және жауын-шашын мөлшері аз болатындығын байқауға болады.
Ауаның жылдық орташа температурасы +7,7 С° қаңтарда -10,8 С°, ал маусымда +21,2 С°. Жылы күндердің ұзақтығы 149 күн, кей жылдары 101 және 163 күн аралығында ауытқып отырады. 1 кесте мәліметтеріне қарағанда, жаздың екінші жартысы құрғақ әрі ыстық болғандығын байқауға болады. Суық кезеңдердегі орташа суық температура -6,7 С°, ал жылы кездерде +14,9 С° аралығында ауытқиды. Ауа температурасының абсолюттік минимумы -31 С°, ал максимумы +45 С° құрады. Бұл көрсеткіштер аймақтың климатының өте континентальды екендігін көрсетеді.
Ауаның салыстырамалы ылғалдылығы түскен жауын-шашын мөлшері мен ауаның температурасына тікелей тәуелді болады. Ауаның ең төменгі 49-50 % салыстырмалы ылғалдылығы шілде-тамыз айларында байқалады. Аймақтың табиғи-климаттық өзгешелігі жекелеген метеорологиялық элементтердің жылдық режимінде ғана емес, сондай-ақ жыл маусымдары бойынша да байқалады.

1.2. Инспекцияның құрылымдық және мекемелік жағдайы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Республикалық өсімдіктер карантині орталығы мемлекеттік мекемесінің карантиндік зертханасы филиалы қызмет көрсететін аумақта карантинге жатқызылған қнімдерде карантиндік нысандарды табуды, лабараториялық, фитосанитарлық анализді жүргізу мақсатында ұйымдастырылған заңды тұлға-Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Республикалық өсімдіктер карантині орталығы мемлекеттік мекемесінің оқшауланған құрылымдық бқлігі, яғни мемлекеттік мекеменің функциясының бөлігі болып табылады, қкілеттік функцияны атқарады.
Филиалдың оқшауланған мүліктері мен дербес балансы болмайды. Филиал дербес заңды тұлға болып саналмайды, өз атынан шыға алмайды, өзін құрған Мекеменің атынан шығады.
Филиал Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 13 қарашадағы №911 Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері туралы қаулысына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Республикалық өсімдіктер карантині орталығы мемлекеттік мекемесінің 2016 жылғы 25 қаңтардағы №2 бұйрығымен қайта аталды.
Филиалды құрушы және бсқарушы органы, Қазақстаг Республикасы Әділет министрлігінің Астана қаласы әділет Департаментінде 2016 жылғы 12 қаңтардағы заңды тұлға ретінде мемлекеттік қайта құру туралы анықтамасы арқылы тіркелген Мекеме болып табылады, БСН 001140001472. Мекеменің мекен-жайы: Қазақстан Республикасы,010009, Астана қаласы, Алматы ауданы, Ш.Құдайбердіұлы даңғылы, 8, ҚО-1.
Филиалдың толық атауы:
Мемлекеттік тілде: Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроқнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Республикалық өсімдіктер карантин орталығы мемлекеттік мекемесінің Сарыағаш шекаралық өткеліндегі карантиндік зертханасы филиалы.
Орыс тіліннде: Карантинная лабаратория на пограничном переходе Сарыагаш филиал государственного учреждения Республиканский центр карантин растений Комитета государственной инспекции в агропромышленном комплексе Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан.
Филиалдың мекен-жайы: 160900: Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданы, Сарыағаш қаласы, Майлы қожа көшесі н\с.
Филиал бекітілген заңнама тәртібімен тіркеледі және есептік тіркеуден өткен күннен бастап құрылған болып саналады.
Филиалдың заңды мәртебесі
Филталдың бланктері, елтаңбасыз мөрі және өз атауында мемлекеттік тілінде жазылған штампы болады.
Филиал заңды тұлға болмағандықтан, өзін құрған Мекемеден тыс жерде орналасады, және Мекеме бекіткен Ереже негізінде әрекет жасайды.
Құрушы Мекеме қзі құрған филиалға мүлкін бқледі.
Әділет органдарында есептік тіркеуден өткен күннен бастап Филиал осы Ережеде қаралған өз құқықтары мен міндеттеріне ие болады.
Заңды тұлға қызметінің мақсаттары мен түрлері
Карантинге жатқызылған өнімдердің үлгілерін зертханалық анализден және сараптаудан өткізу, Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы министрлігінің АӨК-дегі МИК аумақтық инспекцияның өсімдік карантині қызметінен зертханаға жіберілген үлгілерден карантинді және басқа бөтен текті түрлері, олардың түр құрамын анықтау.
Қазақстан Республикасында импортты отырғызылатын және өсімдіктердің тұқымдық материалдарын, жеміс-жидек, декоративті гүлдер, орман өсімдіктерінің өсіру уақыты кезінде карантиндік аурулар мен жасырын залалданғанын, карантиндік тексері, тексеруден өткен отырғызылатын және егілетін материалдарды бақылау мемлекеттік мекеменің қызметі болып табылады.
Тұрақты негізде фитосанитариялық тәуекелді талдау жүргізу.
3.2. Мемлекеттік мекеме көрсетілген мақсатта қол жеткізу үшін мынандай қызмет түрлерін жүргізеді:
3.2.1. Карантинге жатқызылатын өнім үлгілерінен карантиндік және басқа да зиянды объектілерді табу үшін: энтоиологиялық, фитопатологиялық, фитогельминтологтық, верусологиялық, бактериялық, гербиологиялық зертханалық сараптамалар жүргізеді.
3.2.2. Дақылдардың өсу кезеңінде себілген және тұқым материалдарында карантинді зиянкестерді,өсімдік ауру қоздырғыштарын және арам шөптердің түрлерін анықтау,тексерілген карантинге жатқызылған өнімдерге ресми қортынды беру (фитосанитарлық сараптама куәлігі).
3.2.3. Карантинге жатқызылған өнімдердің сараптамасы және анализі жөніндегі методикалық консулльтациялар.
3.2.4. Өсімдік карантині жөніндегі мамандарды қайта даярлау курсынан өткізу.
3.2.5. Сараптамада және анализде карантинді өнімдерде табылған карантиндік объектілердің картотекасын жүргізу.
3.2.6. Карантиндік зертханаларда сараптамалар саналы жүргізілуіне және тексеруден өткеннен кейін таза карантиндік материалдарды шығаруына бағытталған шаралар.
3.2.7. Интродукциялық-карантиндік кқшеттігі аумағында өсімдіктерді отырғызу, жерсіндіру, егу, өсіру, күту, суғару, өсу кезеңіндегі зерттеу және бақылау жұмыстарын жүргізу.
3.2.8. Зерттеу материалдарының карантиндік жағдайын анықтап, оларға ұсынылған материалдарды анықтау үшін зертханалық сараптамалар өткізеді.
3.2.9. Тұрақты негізде фитосанитарлық тәуекелді талдау жүргүзу.
3.3. Мемлекеттік мекеменің өзінің мақсатына жауап бермейтін қызметпен айналасуына болмайды.
4. Филиалдың нысанасы мен қызмет түрлері
4.1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің агроөнеркәсіптік кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің инспекцияларынан карантиндік инсекторларынан келген карантиндік өнімдердің үлгілерін зертханалық сараптама арқылы карантиндік нысандардың түр құрамын анықтау филиал қызметінің мақсаты болып табылады.
4.2. Филиал көрсетілген мақсатқа қол жеткізу үшін мынандай қызмет түрлерін жүргізеді:
4.2.1. Келіп түскен өнім үлгілеріндегі карантин және басқада зиянды нысандарды анықтау мақсатында энтомологиялық, фитопатологиялық, фитогелминтологиялық, вирусологиялық, бактериологиялық, гербиологиялық сараптама жүргізеді.
4.2.2. Карантинді зиянкестердің, өсімдік ауру қоздырғыштардың және арам шөптердің түрлерін анықтау, карантинге жатқызылған өнімдердің тексерілудегі ресми қорытындысын беру.
4.2.3. Сараптамада және анализде карантинге жатқызылған өнімдерді табылғаны жөніндегі карантиндік нысандардың картотекасын жүргізу.
4.2.4. Басқа да қызмет түрлерін, карантинге жатқызылған өнімдердің сапасын жоғарлатуға бағытталған зертханалық анализдерді жүргізу.
4.3. Филиал өзінің мақсатында жауап бермейтін қызметпен айналысуына болмайды.
Филиалды басқару
5.1.Филиалды басқару мекеме арқылы жүзеге асады.
5.2. Мекеме заңнамада белгіленген тәртіппен келесі функцияларды жүзеге асырады.
5.2.1. Филиалды мүлікпен қамтамасыз етеді.
5.2.2. Филиалды қамтамасыз ету үшін қаржыландыру жоспарын бекітеді.
5.2.3. Филиалға берілген мүліктің сақталуына және тиімді пайдалануға бақылау жасауды жүзеге асырады.
5.2.4. Филиал туралы ережені бекітеді, ережеге өзгерістер мен толықтырулар еңгізеді.
5.2.5. Филиалдың басқару оргындары құрылымы мен қалыптасу тәртібін өкілеттілік мерзімін және олардың шешімдер қабылдау тәртібін бекітеді.
5.2.6. Филиал басшысының құқығын, міндеттерін және жауапкершілігін айқындайды, оны қызметтен босатудың негіздемелерін бекітеді.
5.2.7. Филиалдың құрылымын, шектеулі штат санын, еңбек ақы қорының мөлшерін бекетеді.
5.3. Филиалдың директоры лауазымына Мекеме директоры тағайындайды және қызметінен босатады, және ол сенімхат негізімен әрекет етеді.
5.4. Филиалдың директоры филалдың жұмыстарын ұйымдастырады және басқарады. Мекеме директоры тікелей бағынады және филиалға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауап береді.
5.5. Филиал директоры белгіленген заңнама тәртібінде және өзінің құзіретіне сәйкес.
5.5.1. Филиалдың басшысы филиалдың қызметі мәселелерін, Қазақстан Республикасының заңнамасымен және осы Ережемен айқындалған өз құзіретіне сәйкес өздігінен шешеді.
5.5.2. Мекеменің атынан Мекеменің Бас сенімхатына сәйкес әпекет жасайды.
5.5.3. Мекеменің мүддесін барлық ұйымдарға ұсынады.
5.5.4. Шаруашылық субъектілмен шарттардың жобасын дайындайды және оларды мекемеде және басқа жерлерде тұжырымдады.
5.5.5. Филиалдың тәртібі мен жұмыс жоспарын, іс-сапар жоспарын, қызметкерлер оқу орталықтарында оқытылуы мен басқа түрлі де білімдерін жетілдірілуін Мекеме басшылармен келіседі.
5.5.6. Филиал үшін кадрларды іріктейді және филиалдың қызметкерлерінің жұмысқа қабылданады, жұмыстан босатылуы, оларды тәртіп жауапкершілігіне тарту, мадақтау туралы Мекеме басшылығына ұсыныс енгізеді.
5.5.7. Филиал қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттілік дейгейін анықтайды.
5.5.8. Филиал қызметкерлерінің еңбек тәртібін сақтауын бақылауды жүзеге асырады.
5.5.9. Филиалға Мекемеден берілген материалдық-техникалық құрал жабдықтардың сақталуына материалдық жауапкершілікте болады.
5.5.10. Филиалда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекетке бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың қабылдануына дербес жауапты болады.
5.5.11. Заңмен, нақты Ережемен және Мекеме директорының бұйрықтығымен жүктеоген басқада міндеттерді іске асырады
Мүліктің құрылуы және Филиалдың қызметін қаржыландыру тәртібі
Мекемеден берілген мүліктің есебінен Филиалдың мүлкі қалыптасады.
Филиалдың мүлкі Мекемеге қарайды. Филиал өзіне бекітілген мүлікті иесіздендіруге немесе басқа жолмен өкім жүргізуге құқығы жоқ.
Егер өзгеше заңнама актілермен бекітілген болмаса, Филиал қызметі республикалық бюджет есебінен қаржыландырылады.
Филиалдың қаржылық шаруашылық қызметін тексеру заңнамада бекітілген тәртіппен жүзеге асырылады.
Филиалдың қызметінің тоқталуы
Филиалдың қызмет ету мерзімі Мекеменің қызмет ету мерзіміне сәйкес
Филиал қызметінің тоқтауы Қазақстан Республкасының заңнамаларына сәйкес мекеме шешімі бойынша жүзеге асырылады.

Негізгі бөлім
2.1. Агрометерологиялық ауа райының құбылысы ауруларға және зиянкестерге тигізетін әсері
Қазан айында түнде суық, ал күндіз салқын болады, 2,17,18,24 күндері қар аралас жаңбыр жауады. Орташа айлық температурасы +10,5С құрады, күндізгі ауа температурасы орташа +15С мөлшерінде, ал түнгі уақытындағы ауа температураы -2С. Ауа лғалдылығы 24-99%.
Қараша айында түн суық, күндіз салқын болды. Қарашаның 4,12,15 күндері аралығында күн бұлтты болып, жаңбыр жауды. 16,17,20 күндері қар жауды. Тәуліктің орташа температурасы -11С аралығында болды, күндізгі ауа температурасы орташа -3С мөлшерінде, ал түнгі температурасы -10С мөлшерінде.
Желтоқсан айында күн бұлтты болады. Желтоқсанның 4,9,10 күндері күн бұлттанып жаңбыр жауады. 17,18,19,22,23,30 күндері қар жауады. Тәуліктің орташа температурасы -2,5С аралығында болды, күндізгі ауа температурасы орташа-2С мөлшерінде, ал түнгі температурасы -11С мөлшерінде. Ауаның ылғалдылығы 62-99% құрады.
Қаңтар айын сипаттайтын болсақ, түн суық ал күндіз көбінесе жылы болады. Қаңтар айының 3,13,22 күндері күн бұлтты болып, қар жауады. Тәуліктің орташа температурасы -11,5 С аралығында болады, күндізгі ауа температурасы орташа-7С мөлшерінде, ал түнгі температурасы -18С мөлшерінде болады.
Наурыз айында түн суық, ал күндіз құбылмалы болады. Наурыз айының 2,18 күндері ұсақ қар жауып, күн суытады. Тәуліктің орташа температурасы -5,5С аралығында.
Сәуір айының бірінші 10 күндігінде көктемгі жұмыстар басталады. Сәуір айының ортасы салқын және жаңбырлы болғанымен ауылшаруашылық дақылдарының өсуі мен дамуына ауа райының жағдайы қолайлы болады. Тәуліктің орташа температурасы +10,5С аралығында, күндізгі ауа температурасы орташа +19С мөлшерінде, ал түнгі температурасы +8С мөлшерінде болады.
Мамыр айы құбылмалы болады. Мамырдың 1,2,7,11,18 күндері күн бұлтты болып жаңбыр жауады. Тәуліктің орташа температурасы +15,5С.
Маусым айында ауа райы құбылмалы. Маусымның 6-сы күні ауа райы бұлттанып кешке бұршақ аралас жаңбыр жауады. Тәуліктің орташа температурасы +18,5С. Ауаның ылғалдылығы 20-87%.
Шілде айында күн ыстық. Тәуліктің орташа температурасы +25,7С аралығында болады. Ауаның ылғалдылығы 13-58%. Осы айдың ортасында күздік егістің, айдың аяғында жаздық дәнді дақылдардың ору науқаны басталады. Жауын шашынның айлық мөлшері 9-12 мм болады.
Тамыз айында күн ашық. Тамыздың 11-13 күні жаңбыр жауады. Тәуліктің орташа температурасы +28,5С аралығында болады. Жауын шашынның айлық мөлшері 14-49%.
Қыркүйек айы күндіз жылы, түнде суық болады. Тәуліктің орташа температурасы +15,5 С аралығында болады. Ауа ылғалдылығы 14-49%.

2.2. Еңбекшіқазақ ауданында өсірілетін егістік түрлері және оларды егу технологиялары
Өсіру агротехнкиасы. Терең сүдігер жырту түйнектердің дамуына қолайлы жағдай жасайды. Сол себепті оны орылған егістіктің өткен қабыршықтанумен егіндік қабатының аса терең жерінде жүргізеді, егер бұл картоп егістігі болатын болса, дәнді дақылдардан кейін орналастырады (қара топырақта жырту тереңдігі 27-30 см құрайды). Терең емес жырту барысында картоптың түбін түптеу қиынға соқтырады, бұл жер бетіне жақын жататын ұсақ түйнектердің пайда болуына әкеледі. Картопты жазда отырғызатын шаруашылықтарда көктемде жерді 20-22 см тереңдікке қопсытады да, қара пар ретінде өңдейді.
Тыңайтқыш. Картоптың 10 тга өнімімен жерден 50 кг азотты, 20 кг фосфорды және 100 кг калийді шығарады. Картоптың тамыр жүйесі басқа дақылдарға қарағанда жерден калийді көбірек сіңіріп алады. Сондықтан оны құрамында калийі өте аз құмдақ және шымтезекті жерлерде өсіргенде калийлі тыңайтқыштың көбейтілген мөлшерін енгізу қажет (20 тга жоспарланатын өнімге минералды тыңайтқыштың болжамды мөлшері N100-140, Р50-90, К120-180 болып табылады). Картоптың астына түрлі органикалық тыңайтқыштар-көң, шымтезекті қарашірік, компосттар, көк тыңайтқыш қолданылады. Картоп астына көңді салу (20-30 тга) түйнектерде крахмалды арттырып, айтарлықтай өнімді көбейтеді.
Егу және көшеттерге күтім жасау. Егу алдында картопты сұрыптап алады, барлық ауру және зақымдалған түйнектерді алып тастайды. Егу үшін сау, тегістелген, жоғары өнімділікті сапасы бар түйнектерді пайдалану картоп өнімділігін арттырудың маңызды қоры және қарқынды технологияны өткізудің негізгі шарттарының бірі болып табылады. Картопты жер температурасы 10 см тереңдікте 8-10⁰Сжеткен кезде отырғыза бастайды.
Алдын ала үйіп дайындаған қатарларға түйнектерді егу қарашіріктің онша терең емес құрамындағы жерде аса тиімді болады. Бұл қатар картоптың дамуына және өсімдіктің жер қорегіне қолайлы жағдай жасаумен байланысты. Картопқа күтім жасау қатар арасындағы жерді қопсытудан тұрады, саны нақты жылдың климаттық жағдайларына байланысты болады.
Картоп көшетін ауру мен зиянкестерден қорғау жер мен өсімдіктің фитосанитарлық күйге байланысты болады. Колорадо қоңызы мен фитофторлардан өңдеу көлемі көбінесе ауру мен қоңыздардың таралу деңгейіне байланысты болады. Тиімді химиялық қорғану үшін аймақтық және жергілікті ерекшеліктерді ескере отырып түрлі препараттардың бірқатары бар, ерекше ауруларға, зиянкестер мен арамшөптерге өте қатты әсер етеді.
Өнімді жинау. Белгілеуіне қарай кртопты әр түрлі мерзімде жинайды. Жазда тұтынатын асханалық ерте сұрыптар толық піскенге дейін жинап алады. Екпе парларда өсірілген картопты күздік егістерді себу үшін жерді дайындау мүмкіндігі болу үшін 8-10 күн бұрын жинап алады. Картоптың кеш пісетін сұрыптарын күзгі тоңазытатын күнге дейін жинап алу қажет (толық піскенге дейін). Картоптың екі өнімді дақылы. Вирустық зақымдалу әсерін әлсірету және тұқымдық вируссыздық отырғызу материалын жылдамдатып көбейту шарасы ретінде қолданылады. Ерте пісетін сұрыптарды қолдана отырып, жақсы нәтижеге қол жеткізеді. Әдіс жылытылған түйнектерді көктемгі мерзімде егу барысында алдымен картоптың ерте өнімін алудан тұрады. Оны түйнектері әлі жас болған кезде гүлдегеннен кейін лезде маусым айының соңында жинайды.Қайта еккеннен кейін биологиялық дамыл күйінде бола отырып, арнайы дайындықсыз қазып алынған түйнектер өніп кетпейді. Оларды дамыл күйінен шығару үшін арнайы дайындықты жүргізеді. Ірі түйнектерді 2-3 бөлікке кеседі, ал ұсақтарын ішінара кеседі. Дайындалған түйнектерді 30 минут бойы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің бақылау функциясы
Заңды тұлға ұғымы туралы
Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу тәртібі
Еңбек шартының тараптары
Ақша қаражаттар есебiнiң аудитi және талдауы
«Қазақстан Республикасының Судьялар одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің жарғысы
Банктерді құру тәртібі мен банкілік қызметті, лицензиялаудың құқықтық негіздері
«Казпочта» АҚ акцияларды шығару проспектісі
Қазақстан Республикасының ұлттық банкi туралы ереже
Коммерциялық банктерді құру, олардың қызметтерін ұйымдастыру және басқару құрылымы
Пәндер