Кен орындағы мұнай және газ қабаттарын игеру режимдері


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 70 бет
Таңдаулыға:   

5В070800 - «Мұнай - газ ісі» мамандығы бойынша дипломдық жобаның

МАЗМҰНЫ

траектория «Мұнай және газ кенорындарын игеру және пайдалану»

Аңдатпа ( қаз, орыс, ағылшын тілінде)

Кіріспе

1. Кен орынның геологиялық және тау-кен техникалық сипаттамасы

1. 1 Кен орнының жалпы мағлұматтары

1. 2 Стратиграфия, литология, тектоника және кен орынының қоры

1. 3 Мұнай -газ-сумен қанығуы, қабаттың сүзілгіштік сыйымдалықты қасиеті, мұнайдың, газдың және қабат суларының қасиеттері

2. Технологиялық бөлім

2. 1 Кен орнында игеру жүйесін таңдау

2. 1. 1 Игерудің параметрлерінің өзгеру динамикасы және оларды талдау

2. 1. 2 Мұнай-газ қорының алуын талдау және кеніштің энергетикалық жағдайын бағалау

2. 1. 3 Кен орындағы мұнай және газ қабаттарын игеру режимдері

2. 1. 4 Кен орнында қабат қысымын ұстау жүйесі, технологиялық процестердің негізгі параметрлері мен сипаттамалары

2. 1. 5 Кен орнында қолданатын мұнай бергіштігін арттыру тәсілдері және олардың тиімділігі

2. 2 Мұнай және газды өндірудің техникасы мен технологиясы

2. 2. 1 Кен орнында ұнғыны пайдалану тәсілі және жабдықтарды қолданудың қысқаша сипаттамасы

2. 2. 2 Қабат және ұнғыларды гидродинамикалық зерттеу әдісінің мақсаты, міндеті және нәтижесі

2. 2. 3 Ұнғыларды пайдалану кезіндегі қиындықтар, оларды алдын алу және күресу шаралары

2. 2. 4 Кен орындағы ұңғы өнімдерін жинау және дайындау кезінде қойлатын талаптар мен ұсыныстар, қолданылатын жабдықтар және олардың қысқаша сипаттамасы

2. 3 Арнайы бөлім

2. 3. 1 Дипломдық жоба тақырыбы бойынша ғылыми техникалық мәліметтерге талдама

2. 3. 2 Дипломдық жобаның тақырыбы бойынша есеп және алынған нәтижелерді талдау

2. 3. 3 Арнайы бөліміндегі есептеулерді орындағанда компьютерлік бағдарламаларды қолдану

2. 3. 4 Арнайы бөлімнің тақырыбы бойынша қорытынды мен ұсыныстар

3. Экономикалық бөлім

3. 1 Кен орнынды игерудің технико- экономикалық көрсеткіштері және олардың талдамасы

3. 2 Жобаның арнайы бөлім тақырыбы бойынша іс-шараның экономикалық тиімділігі

4. Еңбекті қорғау техникалық қауіпсіздік және өндірістік санитария

4. 1 Мұнай мен газды бұрғылау, өндіру, жинау дайындау және тасымалдаудың технологиясының процестеріндегі қауіпті-жарақатты жағдайлары және өндірістік жарақат

4. 2 Мұнай - газ құбырлары мен кәсіпшіліктегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларының жүйесі

5. Экологиялық қауіпсіздік

5. 1 Көмірсутектерді өндіру, жинау, дайындау және тасымалдау кезінде қоршаған ортаны ластау көздері

5. 2 Көмірсутектерді бұрғылау, өндіру, жинау, дайындау және тасымалдау кезінде табиғатты қорғау шаралары

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Ұсынылатын, сызба, плакат (презентация Power Point)

Қосымша А-1. Геологиялық профиль құрылымдық карта геологиялық қима өнімді қабаттың

Қосымша Ә-2. Ағымдағы өнім алу картасы

Қосымша Б -3. Игеру картасы

Қосымша В, Г-4. Дипломдық жобаның тақырыбы бойынша техникалық сызба (2 немесе одан жоғары)

Қосымша Ғ-5. Экономикалық бөлімнің кестесі

Дипломдық жобаның демонстрациялық сызбалары түсіндірме - есеп жазбасында графикалық қосымшалар түрінде орындалады (формат А4 )


АҢДАТПА

Бұл дипломдық жоба, Кенбай кен орыны туралы, Восточный Молдабек учаскесіндегі ішкі мәселелерді, қазіргі жағдайы мен жұмыс қарқыны, барлау процесстері, игеру кезеңдері, талаптар мен ұсыныстарды талқылайды. Ерекше назар, қордың мұнайбергіштік қасиетін арттыратын, үшінші кезеңдегі химиялық әдістерге, соның ішінде беттік белсенді заттарға арналады. ББЗ- бұл Кенбай кен орнының мұнай қабатына әсері қаншалықты екенін, тиімді немесе тиімсіз жақтарын талқылап, есептер мен эконмикалық жақтарын талқылайды. Оған қоса, дипломдық жоба, бұл тақырыпқа өзінің тарапынан қандай ұсыныстары бар екендігін, салыстырулар арқылы дәлелдеп көрсетеді.

АННОТАЦИЯ

Данный дипломный проект рассматривает внутренние вопросы на месторождении Кенбай, участке Восточный Молдабек, текущее состояние и темпы работ, процессы разведки, этапы разработки, требования и предложения. Особое внимание уделяется химическим методам, в том числе поверхностно-активным веществам(ПАВ), повышающим подачу нефти. Как и насколько влияет ПАВ на Кенбайского месторождения на нефтяные пласты, рассматриваются расчеты и экономические стороны для спецподразделений. Кроме того, дипломный проект свидетельствует о том, какие предложения имеют со своей стороны к данной теме, путем сравнения.

ANNOTATION

This diploma project examines the issues at the Kenbai field, the East Moldabek site, the current state and pace of work, exploration processes, development stages, requirements and proposals. Special attention is given to chemical methods, including surface-active substances that increase the flow of oil. As the impact of surfactants to Kenbai field deposits in oil reservoirs, are discussed in the calculations and the economic side for the special forces. In addition, the dissertetion indicates which proposals are compared to the subject with his hand.


Кіріспе

Мұнай - жерден алынатын пайдалы қазбалардың бірі. «Қара алтынды» өңдеу прецессінде екі мыңнан астам түрлі өнімдерді алуға болады. Бұл кезеңде мұнайды жер қабатынан алуда ең басты роль, қазбаларды физика-химиялық тәсілмен алу болып табылады. Технологиясына қарай көрсеткіші жоғары бірнеше тәсілдер жолдары бар. Өте кең таралған түрлеріне мыналар жатады:

  • гидродинамикалық;
  • физика-химиялық;
  • жылулық;
  • микробиологиялық;

Гидродинамикалық тәсілдің негізгі мақсаты-шоғырларды сумен толтыруды көбейтуді қамту, бөлек линзаларды, түпкі зоналарды, өтуі қиын мұнайы көп қабат көлемдерін, су айдау процесінде ескере отыру. Бұл сұйықтықты айдаудың ережесі көтеру жолдарымен іске асырылады. Бұл әдісті қолданудағы өте маңызды көрсеткіштер жоғарғы қысым, сұйықтықты алуды тездету, фильтрленген ағыстарға бақылау жүргізу, циклдық су айдау. Су айдау мен мұнайды алу барысында тепе-теңдік болу қажет. Бұл өте қауіпті әдіс болып табылады.

Қабаттардан мұнайды өндіру жұмыстарын физика-химиялық әдіспен алуды көтеру мына жолдармен іске асырылады.

  • беткі белсенді қоспаларды айдау БАЗ;
  • полимерлік су айдау;
  • полимерлік-мицелярлық айдау;
  • термополимерлік су айдау(ТСА) .
  • мұнайды қабаттан еріткіштер көмегімен шығару;
  • сілтілік және термосілтілік әсермен;

Бұлардың бәрі мұнай өңдеуші мекемелердің жұмыс процесісінің тиімділігінің жоғарылауын көрсетеді.

Өте кең тараған-бұл беттік белсенді қоспаларды айдау болып есептеледі(ПАВ) . Мұнайды алуда кеңінен қолданылады. Ең маңыздысы, бұл БАЗға суды қосу, себебі ол ылғалданатын қасиеттерін жақсартады және шикізат пен кездесетін шетінде үстіңгі қабаттың тартылуын азайтады. Мұндай үрдістің салдары болып қазбаны айдап шығудың коффицентін көтеру болып табылады. БАЗдың сапалы көрсеткіштері: екі қоспаның кездескен жердегі белсенділігі, үстіңгі қабатын шектеулі дәрежеде жұтуы, диффузия тездігі, эмульгияланатын қасиеттері. Суға жоғарғы молекулярлы полимерді қосқанда тұтқырлығы көтеріледі, бұл демек шикізат пен сұйықтық арасындағы қозғалысты сәйкестендіреді. Осының салдарынан қысым көрсетуші агентпен қабатты қымтау күшейеді. Ережеге сай мұндай әдіс практикада екі жолмен іске асырылады.

Біріншісі- жоғарғы өткізгішті аймақтардың жоғарғы молекулярлы полимерлердің есебінен бұғатталуы, ұңғыманың түп аудандарын өңдеу жолымен.

Екінші- химиялық агенттерді су қозғалысын төмендетуге және мұнай мен еріткіш аралығындағы қарым -қатынасты азайтуға. Қоспа ретінде ксантиналық шайыр(смола), гидролизденген полиакриламид (ГППА) және түрлі сополимерлер қолданылады.

ТП әсері қоспаның сулы ерітіндісін айдау жолымен іске асырылады, 90 градусқа дейін қыздырылған. Бұл ерітіндінің тұтқырлығы аз, оның жарықтарға және жоғары өтімді аймақтарға енуіне жағдай жасайды. Осының салдарынан шикізаттың тұтқырлануы төмендейді.

1. Кен орынның геологиялық және тау-кен техникалық сипаттамасы

  1. Кен орнының жалпы мағлұматтары

Шығыс Молдабек кен орны Кенбай кен орнынан 1986 жылы ашылды. Кенбай оңтүстік-шығыс Каспий маңы ойпатында, Сағыз-Ембі өзенаралығында орналасақан. Жазық аумақ сорларымен кең таралған, гидрографикалық торабы дамымаған, бір жерінде Қайнар деген құрғақ өзен болса, екінші жері Сағыз өзенімен ағылып жатыр. Бұд аумақтың климаты қатты континентальдық, қысы -40 дейін баратындай суық, жазы +40 дейін баратындай ыстық. Бұрғылау бригадасын, қызметкерлерді және жүктерді асфальтталған жолмен тасымалдайды.

Сынақ алу, пайдалануға юра горизонттары, бор(мел) қабаттары 1999 жылдан бастап зерттеліп, өндірісте келе жатыр. Қазіргі таңда бор горизонтынан мұнайды алу қыйындалып келе жатыр, себебі, оның жоғары кинематикалық тұтқырлығы мен тығыздығынан. Кен орнының жер қойнауын пайдаланушы АО «Эмбамұнайгаз», Контрактысы бар №37 16. 01. 1996 жылы берілген, Мемлекеттік Лицензия негізінде кен орнын әзірлеуге, МГ №88 (мұнай) 08. 02. 1995 жылы берілген, ҚМ көмірсутегі шикізаттарды алуға жер қойнауларын қолдануға рұқсат етілген. Өндірілген нәтиежелерге байланысты, негізгі үлесті юра горизонты қамтамасыз етеді. Олардың үлесі бастапқы мұнайдың геологиялық қорының, кен орнының 25% - ын құрайды. Мұнайдың тұтқырлығы мен күрделі геологиялық тау жағдайларын ескерумен бірге, мел горизонты негізгі қорды құрайды. Мұнай-газ дебиті аз болғанымен, бұл кенорнында М-І және М-ІІ ұңғыма нысаныдарында сулану көрсеткіші өте жоғары. Бастапқы көрсеткіш (НИЗ) 1, 9% және 7, 5% құраған жағдайда, 1. 01. 2013 жылғы М-І объектісінде, сулану көрсеткіші 59, 8%, ал М-ІІ объектісі үшін 66, 0% болды. Барлық жүргізілген іс-шараларға қарамастан, соның ішінде компьютерлік модельдеу, ұңғыларды бұрғылаудағы барлық жобаларды іске асыру және қабат қысымын ұстау шараларына қарамастан, мұнайды алу коэффициенті (КИН), қосымша іс-шараларды қолданбаса артпайды.

Кенбай кен орнының Шығыс Молдабек бөлігі өндірітік жасақтауға 2000 жылы қосылды. Кен орнында 10 өнімді қабаттар әзірленуде, оның үшеуі бор периодына бөліп шығаруға арналған, жетеуі - юра периодына. Барлық қабаттар жеті объектқа біріктірілген:

-І объект (М-1-А, М-1Б, М-1-В)

-ІІ объект (М-ІІ)

-ІІІ объект (М-ІІІ, Ю-І)

-IV объект (Ю-ІІ-А, Ю-ІІ-Б)

-V объект (Ю-IV. -Ю-V)

-VI объект (Ю-VI, Ю- VII)

-Қайтарылушы объект (Ю-III-A)

1990 жылғы «Қорларды есептеу . . . » негізінде 2000 жылы «Қазақстан Республикасы Кенбай кен орнының Шығыс Молдабек бөлімінің технологиялық схемасы» өндірістік құжаты жасақталып және бекітілді (протокол Барлау мен Игеру Орлалық Комиссиясы РК №12, 18. 04. 2001жыл) .

2012 жылы « Тәжірибелі - өндірістік жобасы, термикалық технологияның шоғырға әсерін зерттеуге, жоғары тұтқырлы мұнай борлы шоғырларын Кенбай кен орнының Шығыс Молдабек бөлігінде» жасақталды және бекітілді. (протокол Барлау мен Игеру Орлалық Комиссиясы №45\10 07. 02. 2014 ж) .

2015 жылы геология және қойнауларды қолдану Комитетімен БИОК ұсынымы негізінде (Хат ГеоКом №27-5-3833-кги 05. 08. 2015ж) есеп бекітілді және орындалды «Кенбай кен орны Шығыс Молдабек бөлігін жасақтаудың талдауы», 2015-2017 жылдардағы технологиялық көрсеткіштер көрсетілген. Осының негізінде бүгінгі күні кен орнының жасақталуы жүргізілуде, бұрын бекітілген жобаның шешімінің жүзеге асырылуының тиімділігі бағаланды, ұсынылған геологиялық құрылысты есепке ала отырып, және жаңадан алынылған геологиялық-кәсіптік сипаттамаға, өнімді кен орындары қабаттарында.

Кенбай кен орны Биікжал көтерілісінің тұнық қалың бұркеме қабаты мен Қоскөл дөңесінің фундаменті және Солтүстік Қотыртас, Шығыс Молдабек құрылымдарымен байланысты, бұлар мезо-кайназой комплексі Эмбі Сағыз бүгілісінде Каспий ойпанының құрамына жатады.

2011 ж ТОО «Гео-ЭнерджиГрупп» өңдеу жұмыстарын және дала сейсмологиялық заттарды араластыру 3Д-МОГТ Шығыс Молдабек және Солтүстік Қоңыртас бөлігінде 128 кв. км көлемінде, және де қабаттардағы геологиялық құрылымнын анықтау мақсатында.

Кенбай кен орны жасырын түрде енгізілген тұзды күмбезге бекітілген, оның оңтүстік-шығыс бүгілуі тұзды шеткі қабақ пен күрделендірілген.

  1. Стратиграфия, литология, тектоника және кен орынының қоры

Литология

Кенбай кен орнында, Восточный Молдабек аумағында, тұз және тұзүсті жыныстар жиынтығы ашылды. Тұзды жиынтықта бұрынғы пермьдік жастағы сульфат-галогенді шөгінділерден тұрады. Және мезозайлық, кайназойлық топтар кіреді. Галогендік қалыңдық жиынтығы 1606м ашылды.

Триастық жүйе (T) қабаты бұрғыланған ұңғылардан Восточный Молдабекте екі бөліктен тұрады: ортаңғы және жоғарғы.

Ортаңғы бөлігі (Т2) литологиясы күңгірт, жасыл-сұршыл, қою сұршыл балшықтар, алевролит, құм тастар.

Максималды төбелердің терең жайғасу шегі 911, 8м (скв. №4), минималды 701, 7м (скв. №16) . Қалыңдығы 15-47м аралығында.

Жоғарғы бөлігі (Т3) алевролиттермен, шамалы цементтелген құм тастардан тұрады. Құм тастары сұрғылт, карбонатты емес. Қималарынан малтастар (галечник) кездесед кездеседі. Төбелердің ең жоғарғы жайғасу шегі 778, 8м (скв. №4), минималды 564, 7м (скв. №16) . Қалыңдығы 111 ден 152 м дейін аралықты қамтиды.

Юра жүйесі (J) астыңғы және жоғарғы қабаттармен бекітілген. Астыңғы бөлігі (J1) триас қалдықтарымен жатыр, шамалы цементтелген құм тастармен, құмдармен, және кішене алевролиттермен көмкерілген. Максималды төбелердің терең жайғасу шегі 726, 3м (скв. №42), минималды 544, 4 (скв. №1) . Қалыңдығы 17-39 м аралығында.

Ортаңғы қабаты (J2 ) аалендік және бат-байосский қабаттармен қабатталған. Максималды төбелердің терең жайғасу шегі 349, 3м (скв. №42), минималды 230, 5м (скв. №609) . Қалыңдығы 285 до 400м. аралығында.

Готеривакалық қабат (K1g) юра горизонттарында орналасақан, литологиялық үлгісі сұрғылт жасыл, алеврелиттік, балшықтас, сұрғылт жасыл, құм тасты болып келеді. Максималды төбелердің терең жайғасу шегі 292, 8м (скв. №4), минималды 159, 7м (скв. №16) . Қалыңдығы 67-94м аралығында.

Тектоника

Кенбай кенорны шөгінді тау жыныстарында орналасқан Биікжал төбе мен Қосқүл төбелері арасында орналасқан. 2002 жылы 100кв. м ауданға геологиялық жағдайын анықтау үшін 3D жұмыстары жүргізілді. Кенбай кен орыны тұзды күмбезбен орналасқан.

Кен орынының қоры

Мұнай қорын, газды есептеп, бағалау, ең алғашқы Восточный Молдабекте ПГО “” 9 ұңғымаға геология-геофизика негізінде 01. 01. 1989 жылы жүргізді. ЦКЗ Мингео СССР-дің Восточный Молдабектегі қорды бағалауының көрсеткіші:

Категория:

Категория

геологиялық, мың. т:

геологиялық, мың. т

барланғаны, мың. т:

барланғаны, мың. т

Категория:

С1

геологиялық, мың. т:

20513

барланғаны, мың. т:

5990

Категория:

С2

геологиялық, мың. т:

3635

барланғаны, мың. т:

727

01. 01. 2013 жылы 518 ұңғымадан, 3Д сейсмика, кернды алу, мұнай және судан сынама алынды. Олардан, коллекторлардың параметрлері, қорлардың категориялары, коллектор зоналарының жетілуінің өгерістері байқалады.

Алынған мұнай және газ қоры келесі кестеде көрсетілген 1. 1, 1. 2.

:

1. 3 Мұнай -газ-сумен қанығуы, қабаттың сүзілгіштік сыйымдалықты қасиеті, мұнайдың, газдың және қабат суларының қасиеттері

Мұнайгаздылық

Борлы шығындының қиылыспасында, егжей-тегжей қабаттарды реттеу барысында, сынау және жасақтау жұмысының нәтижесінде3 өнімді қабат орналатырылды(М-І, М-ІІ, М-ІІІ), юрскийде шығынды-7 өнімді қабаттарды (Ю-І, Ю-ІІ, Ю-ІІІ, Ю-ІV, Ю- V, Ю- VI, Ю-VII) . Кеніш моделінің құрылымы М-І және М-ІІтектоникалық ахауларымен F1; және F3 3 шығырға (блок) бөлінген, төменгі жатқан кеніште тектоникалық ахаулармен F1, F2, F3, F4, F5-5 шығырға.

Борлы қабаттары төменгі бордың терригендік шығындыға орайласқан, юрскилер- орта юраның терригендік шығындыларына.

М-І бор қабатымен және Ю-І, Ю-ІІ юрскимен мұнай-газдық кешендер байланысты, ал қалған қабаттарымен мұнай кешендері. Барлық қабаттардың мұнай кешендері жасақталула. Жасақталу механикалық жолмен алып барылады.

Геологияық-геофизикалық 3D жасақтарынан және де 518 ұңғыдан М-І және М-ІІ горизонттарынан алынған көрсеткіштер үш реттік цифрлық геологиялық модельі Petrel жүйесі бойынша жасалған.

Бор горизонтына қысқаша сипаттама

Бор горизонтында 3 мұнайлы горизонь қабаты жатыр, тереңдігі 190-300м де жатыр. Бор қабаттарында коллекторлық қасиеті ерекше дамыған, алайда, цементтелуі төмен болып келеді. Су мен мұнай 1-5м де өзеріп отырады.

2. ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ

2. 1 Кен орындарды игеру жүйеін таңдау

Мұнай кен орнын игеру жүйесі деп өндіру нұсқаларын анықтайтын өзара байланысқан инженерлік шешімдердің жиынтығын; оларды бұрғылау және орналастыру тізбегін және темпін; қабаттан мұнай мен газды өндіру үшін қабатқа әсер етуді; айдаушы және өндіруші ұңғылардың санын, қатынасын және орналасуын; кен орнын игеруді, жер қойнауын және қоршаған ортаны қорғауды басқаруды айтады. Кен орнын игеру жүйесін құру - жоғарыда көрсетілген инженерлік шешімдердің жиынтығын білдіреді.

Кенбай кен орнына жүргізілген зерттеу жұмыстарының көмегімен, таңдалған бұрғылау жүйелерінің тиімді екенін дәлелдейді. Кен орнына жасалған анализдер бойынша, сан жағынан да, сапа жағынан да жақсы нәтиеже көрсетіп отыр.

2012-2017 ж аралығында Кенбай кен орнында ГДИС әдісі арқылы 9 ұңғыма зерттелді, тұрақсыз режимге негізделген 27 зерттеу (КВД, КВУ), сондай-ақ, статикалық және динамикалық сұйық деңгейін өлшеу. Ал МУО 3-4 режимде өгеріп отырға 9 ұңғымаа жүргізілді. Әрқайсысының жасалу ұзақтығы 24 сағатты құрайды.

2. 1. 1 Игерудің параметрлерінің өзгеру динамикасы және оларды талдау

Төменде кен орнын игеру үшін 3 игеру нұсқалары көрсетілген.

Нұсқа I (М-I)

Нұсқа 1. Игеру ұңғыларын пайдалану механикалық әдіспен, нұВН қондырғысымен, түп қысымының деңгейін ұстау арқылы жүргізіледі.

Ұңғылар жиынытығы - 86, соның ішінде, игеру - 63, су айдау ұңғымасы - 23. Тор қалыңдығы, орташа есеппен 8, 9 га/ұңғ құрайды.

Нұсқа 2 10 жаңа игеру ұңғымаларын, ұңғыма торларын қатайту мақсатымен, және де 48 ұңғымаларды басқа нүктелерден тасымалдауды ұйғарады. ППД ны жақсарту үшін 9 ұңғыманы су айдауға жіберу.

Ұңғылар жиынытығы - 159, соның ішінде, игеру - 126, су айдау ұңғымасы - 33.

Нұсқа 3 тұтқырлығы жоғары бор горизонттары үшін І және ІІ нұсқаларға арналған. Мұнайбергіштікті көбейту мақсатында тау жыныстарына айдау ұңғымалары арқылы бу айдау және 40°С ыстық су айдауды ұсынып отыр.

ОПР І ауданы - айдау ұңғымасымен тұрақты түрде парациклдық өңдеумен бу айдауды №2631, 2536, 2537, 2542, 2546, 2545, 2544 игеру ұңғымасына өткізу ұсынылып отыр. М-І-Б интервалдарына әсер етеді. Түп аймаққа тұрақты бу айдау үшін температурасы 300 0 С, бу құрғақтылығы 0, 8- 0, 9. Қазіргі жасап тұрған №1134 ұңғымасында түпке электропештерді, жылыту аумағы 35- 80 0 С болатындай етіп қондыруды жөн көріп отыр.

Сур. 2. 1. 1. 1 - М-І-Б қабатындағы ОПР-І участкісіндегі мұнайға қаныққан куб түріндегі үшөлшемді сүзілгішті модель фрагменті

Ауданы 9 га жуық. Орташа есеппен ОПР-І аумағында құмдалу көрсеткіші 0, 538, кеуектілік көрсеткіші 0, 360, өткізгіштік көрстеткіші 1385 мДа және бастапқы мұнайғақанығуы 0, 741. М-І-Б жынысындағы мұнай қорының көлемі 331, 28 мың. т деп бағаланады, шет аймағындағы М-І-А қабатындағы 520, 21 мың. т мұнай қорында есептеп кеті қажет.

Кесте 2. 1. 1. 1-II нысанды әзірлеудің нұсқаларының бастапқы деректері

№пп
Параметрі
Нұсқа 1
Нұсқа 2
Нұсқа 3
№пп: 1
Параметрі: Ұңғыманың жалпы қоры, бірл.
Нұсқа 1: 94
Нұсқа 2: 116
Нұсқа 3: 125
№пп: 2
Параметрі: Игеру ұңғ.
Нұсқа 1: 68
Нұсқа 2: 90
Нұсқа 3: 90
№пп: 3
Параметрі: Су айдау ұңғ.
Нұсқа 1: 26
Нұсқа 2: 26
Нұсқа 3: 35
№пп: 4
Параметрі: Жаңа ұңғыманы бұрғылау, бірл.
Нұсқа 1: -
Нұсқа 2: 7
Нұсқа 3: 7
№пп: 5
Параметрі: Игеру ұңғ
Нұсқа 1: -
Нұсқа 2: 7
Нұсқа 3: 7
№пп: 6
Параметрі: Су айдау ұңғ.
Нұсқа 1: -
Нұсқа 2: -
Нұсқа 3: -
№пп: 7
Параметрі: Басқа гориз. ұңғыманы тасымалдау
Нұсқа 1: -
Нұсқа 2: 15
Нұсқа 3: 15
№пп: 8
Параметрі: Игеру ұңғ.
Нұсқа 1: -
Нұсқа 2: 15
Нұсқа 3: 15
№пп: 9
Параметрі: Су айдау ұңғ.
Нұсқа 1: -
Нұсқа 2: -
Нұсқа 3: -
№пп: 10
Параметрі: Игеру ұңғ. ППД-ға тасымалдау
Нұсқа 1: -
Нұсқа 2: -
Нұсқа 3: 9
№пп: 11
Параметрі: Тордың тығыздығы, га/ұңғ.
Нұсқа 1: 4, 8
Нұсқа 2: 3, 9
Нұсқа 3: 3, 6
№пп: 12
Параметрі: Түп қысымы, атм. (доб. )
Нұсқа 1: >= Pнас
Нұсқа 2: >= Pнас
Нұсқа 3: >= Pнас
№пп: 13
Параметрі: Түп қысымы, атм. (нагн. )
Нұсқа 1: <60
Нұсқа 2: <60
Нұсқа 3: <60
№пп: 14
Параметрі: Иг. ұңғ тоқтату критерийлері
Нұсқа 1:
Нұсқа 2:
Нұсқа 3:
№пп: 15
Параметрі: сулану, %
Нұсқа 1: 98
Нұсқа 2: 98
Нұсқа 3: 98
№пп: 16
Параметрі: сұйық дебиті, т/тәу
Нұсқа 1: 0, 5
Нұсқа 2: 0, 5
Нұсқа 3: 0, 5

Кесте 2. 1. 1. 2-II нысанды әзірлеудің нұсқаларының бастапқы деректері

Тау жыныс
Мұнай МГҚ, мың т.
ОПР-I
ОПР-II
ОПР-III
ОПР-IV
ОПР-V
Всего
Тау жыныс: M-I-А
Мұнай МГҚ, мың т.: 188, 93
147, 02
279, 36
70, 56
685, 87
Тау жыныс: M-I-Б
Мұнай МГҚ, мың т.: 331, 28
570, 63
590, 56
524, 46
2016, 93
Тау жыныс: M-I-В
Мұнай МГҚ, мың т.: -
-
1, 67
7, 87
9, 54
Тау жыныс: Барлығы М-I
Мұнай МГҚ, мың т.: 520, 21
717, 65
871, 59
602, 89
2712, 34
Тау жыныс: M-II
Мұнай МГҚ, мың т.: -
-
-
-
1380, 43
1380, 43
Тау жыныс: Барлығы М-I+М-II
Мұнай МГҚ, мың т.: 520, 21
717, 65
871, 59
602, 89
1380
4092, 77
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мұнай өндіру, тонна
Мұнай газды өндіру көлемі
Мұнай кен орындарын игеру режимдері
Газдардың мұнайда ерігіштігі
Кен орнында газ қабаттарын игеру режимдері
Мұнай кен орнын игеруге енгізу
Мұнай - газ кеніштерін газ арынды режимінде игеру
Өзен мұнай-газ кен орны
Мұнай және газ қорларының өндіруін талдау
Жаңажол кен орны бойынша өндіру ұңғыларының солт
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz