Ұқсас жұп таңдау негіздері
Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті
Технология және биоресурстар факультеті
Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы кафедрасы
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Ұқсас жұп таңдау негіздері
Тексерген:Бегімбеков.Қ.Н
Орындаған:Бозорова.Г
Жоспар
I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
2.1.Ұқсас жұптар әдісін қойғанда тәжірибенің үш кезеңі
2.3.Теңестірілген ұқсас топтар құру әдісі
III.Қорытынды
IV.Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Шағылыстыруға белгіленген ата-енелерден жұп таңдауды олардың бел-гілерінің ұқсастығына немесе айырмашылығына қарай екі түрге бөледі: біртекті (гомогендік) және әртекті (гетерогендік). Біртекті немесе гомогендік жұп таңдау - қажетті өнімдік белгілерінің даму дәрежесі, тегі, жасы немесе басқа қасиеттері ұқсас аналық пен аталықты шағылыстыруға тағайындау.
Мұндағы мақсат - ата-ененің ұқсас ұнамды белгісін ұрпақтан-ұрпаққа сақтау, бекіту. Біртекті немесе гомогендік жұп таңдаудың генетикалық негізі - қажетті белгілері бойынша бір-біріне ұқсас малды шағылыстырғанда келесі ұрпақтың осы белгілер бойынша гомозиготалылығы күшейіп, тұқымқуалаушылық дәрежесі артады. Мұндай жұптау әрбір келесі ұрпақта қажетті өнімділік қасиеттері бар малдың біртектілігін арттырады, белгінің тұқымқуалаушылығын күшейтеді, тіпті ата-енелеріне қарағанда, өнімі немесе тұқымдық құндылығы анағұрлым жоғары ұрпақ алу мүмкіндігін арттырады, яғни малдың асылтұқымдық қасиеттерін жақсартады. Сонымен қатар гомогендік жұптау препотентті малдың туылуына себепші болады. Жұптастырылған малдың ұқсастық дәрежесі түрліше болуы мүмкін. Мұндай ұқсастық неғұрлым көп болса, гомогенді жұптаудың біріктіруші әсері, белгілердің тұқым қуалау дәрежесі соғұрлым жоғары болады. Ұялас-топтық жұп таңдау - бір ұядан тараған аналықтарға сол немесе басқа бір ұядан шыққан аталықтарды шағылыстыруға тағайындау. Ұялас-топтық жұп құру негізінен құсшаруашылығында қолданылады. Мұндағы мақсат - тиісті ұяға тән белгілері бар аналықтар мен аталықтардың ұнамды белгілерін ұрпағына жинау. Ұялас-топтық жұп таңдаудың генетикалық негізі - қажетті белгілері бойынша гомозиготалы деп есептелген аналықтар мен аталықтарды шағылыстыру арқылы келесі ұрпақтың осы белгілер бойынша дамуының, тұқымқуалаушылығының дәрежесін нақты жоспарлауға болады. Жұп таңдаудың қай түрі пайдаланылса да, олар бір міндетті - әрбір келесі ұрпақта алдыңғы ұрпақтан сапасы жоғары жануарлар алу міндетін шешеді. Осыған байланысты, жұп таңдаудың ортақ жетекші қағидаларын басшылыққа алу қажет. Өткен ғасырдың өзінде-ақ екі жақсыдан жақсы туылады деген қағида қалыптасқан. Бұл қағида қазір де маңызын жойған жоқ және асылтұқымдық қасиеттері жақсы аналықтарға одан да бағалы аталықтарды жұптау арқылы көптеген қасиеті бойынша енелерінен асып түсетін жоғары сапалы ұрпақ алуға мүмкіндік туады. Малдың туыстық қатынастарына қарай жұп таңдау. Шаруашылықтағы аталықтар барлық аналық малға немесе оның бір тобына туыстық жақын болуы мүмкін. Жалпы, туыстық жақындығы бар жануарларды өзара жұптастыруға болмайтынын назарда ұстау керек. Тауарлы шаруашылықтарда өзара туыс емес жануарларды ғана жұптау қажет, сондай жағдайда тіршілік қабілеті жоғары, өсімтал дене бітімі мықты және шаруашылыққа пайдалы белгілері жақсы дамыған ұрпақты көбірек алу мүмкіндігі артады. Ал асылтұқымды шаруашылықтарда, ұрпағында белгі-лерінің тұқымқуалаушылығын арттыру, біртекті табын құру және бағалы зауыттық аталықіздерді көбейту үшін өзара туыс жануарларды арнайы жұп-тастыру да жүргізіледі. Мұнда инбридинг нәтижесінде ұрпақтың әкесімен генетикалық ұқсастығы артуымен қатар, енесі жағынан жақын ата-тегінің өнімдік белгілері де беки түседі.
Аталықіздер бойынша жұп таңдау. Табын үшін аталықтарды тағайында-ғанда және жұп таңдаудың жалпы жоспарын жасағанда, барлық өзге мін-деттермен қатар, малды аталықіздер бойынша өсіруді де көздеу керек. Бұл жағдайда жұп құру аталықіздер бойынша мал өсіру кезеңдері мен сипатына қарай, әртүрлі нұсқалармен жүргізілуі мүмкін: аталықізді қалыптастыру үшін - ізбасына өте жақын инбридингті пайдаланады; аталықіздерді әрі қарай өсіруде, біртектілігін бекітуде және жетілдіруде - орташа инбридинг пен туыстық жағынан жақын емес жануарларды гомогендік жұптастыруды қолданады; аталықіз кростарын жүзеге асыруда - ең жақсы генеалогиялық үйлесімділікке жетуге бағытталған гетерогендік жұп таңдауды пайдаланады...
Малдың препотенттілік дәрежесіне қарай жұп таңдау. Препотенттілік дәрежесі жөнінен барлық жануардың өзара айырмашылықтары болады. Егер аталық - препотентті жақсартушы болса және оның ұрпағының қасиеттері табын бойынша орташа көрсеткіштен едәуір жоғары болса - онда оған кез келген аналықты тағайындауға болады. Жұп құруды жоспарлауда препотент-тілік қасиетінің белгілі дәрежеде жақсартушылардың ұрпағында да сақталатынын ескеру қажет. Аталықтарды мезгіл-мезгіл ауыстырып жұптастыру. Әр табында аталықтарды пайдалану мерзімі олардың көбею қабілетінің нашарлауына, ауруға шалдығуына немесе шағылысу жасына жеткен өзінің ұрғашы ұрпағымен жақын туыстық жұптасуына жол бермеу мақсатында өсімнен шығарылуына, тағы басқа себептерге байланысты тоқтатылуы мүмкін. Жұп құруды жоспарлау мен ұйымдастыруда аталықтарды оқтын-оқтын ауыстырып отыру - маңызды да міндетті шаралардың бірі.
Негізгі бөлім

Ұқсас жұптар әдісі - зоотехниялық зерттеулердің негізгісі және өте кең қолданылатын әмбебап әдісі. Ұқсас жұптар әдісін пайдалану үшін әрбір топқа бір-біріне өте ұқсас малдарды топтайды. Мысалы, бір жұмыртқадан жаралған егіздер, бір ұядан шыққан төл, әкелері бір енелері ұқсас мал, бір аталық ізге немесе бір аналық ұяға жататын мал, тіпті болмаса туыстығы жоқ болса да морфологиялық, физиологиялық ұқсастықтары өте үлкен, бір тұқымға, бір шаруашылық малына жататын және ата-тектерімен, өздерінің өнімділік т.б. көрсеткіштері өте жақын, жынысы мен жасы бірдей мал тең бөлініп екі (бірі - бақылау, екіншісі - тәжірибелік) топқа топтастырылады. Мұндай жағдайда бір тәжірибенің өзі ондағы әр топтағы мал саны қанша болса сонша рет қайталанған есебінде де қабылдануы мүмкін. Сондықтан бұл әдісті кейде жұптық әдіс деп те атайды. Ұқсас жұптар әдісін қойғанда тәжірибе үш кезеңге бөлінеді: дайындық, өтпелі, негізгі. Бұл әдіспен тәжірибе қою үлгісі 2-кестеде көрсетілген. Егер тәжірибеде 2-кестедегідей бір ғана емес, бірнеше фактордың әсерін зерттеу қажет болса, онда әрбір келесі фактор үшін тағы бір-бір тәжірибелік топ құрылады.
Қ.Н.Бегімбеков Зоотехниялық ғылыми зерттеулер әдіснамасы 2-кесте.
Ұқсас жұптар әдісімен қойылған қарапайым тәжірибе барысындағы бақылау және тәжірибелік топтар құру үлгісі
Топ
Тәжірибе кезеңдері
таңбасы
аталуы
дайындық
өтпелі
негізгі
І
Бақылау
Негізгі кешен (НК)
Негізгі кешен (НК)
Негізгі кешен (НК)
ІІ
Тәжірибелік
Негізгі кешен (НК)
Тәжірибелік режимге бірте-бірте ауысу
НК+-А факторы
Ең аз ұзақтығы
15 тәулік
7-10 тәулік
1,5-2 ай
Тәжірибенің дайындық кезеңі салыстырылатын топтардағы ұқсастық дәрежесін тексеру үшін, яғни әр топтағы малды өзара теңестіру үшін ұйымдастырылады. Бұл кезеңнің ұзақтығы зертелуші факторларға байланысты болады, бірақ кем дегенде 2 апта болуы тиіс. Дайындық кезеңнің ұзақтығы малдың бұған дейінгі және тәжірибелік кезедердегі бағып-күту және азықтандыру жағдайларының ұқсастығына байланысты анықталады. Бұл жағдайларының ұқсастығы азайған сайын бастапқы кезеңнің ұзақтығы арта түсуі тиіс, өйткені осы кезеңнің соңына қарай әр топтағы малдың өзара барынша ұқсастығы қалыптасуы тиіс. Дайындық кезеңнің барысында аталған ұқсастықтың қалыптасуы үшін әр топтағы мал құрамына тиісті өзгертулер жасалуы (кейбір мал басқа топқа ауыстырылуы, ауру-сырқау немесе басқа кемшілігі бар мал алынып тасталынуы) мүмкін. Тәжірибенің өтпелі кезеңі 1 аптадан кем болмауы керек, бұл мезгілде тәжірибелік топтағы мал тиісті факторды қабылдауға ешбір стрессіз, бірте-бірте және кезеңнің соңына қарай толық үйренуі тиіс. Бұл кезеңнің барысында әр топтағы мал құрамына ешқандай өзгертулер жасалмауы тиіс. Сонымен қатар, бастапқы кезеңнің барысында әр топтағы мал құрамына өзгертулер жасалмаса (кейбір мал топтан-топқа ауыстырылмаса, ауру-сырқау немесе басқа кемшілігі бар мал болмаса) және малдың оған дейінгі бағып-күту және азықтандыру жағдайларының ұқсастығы жеткілікті болса тәжірибенің өтпелі кезеңін ұйымдастыру да міндетті шарт емес. Тәжірибенің негізгі кезеңі - қажетті факторлардың әсерінің есеп-қисабын жүргізудің негізгі кезеңі. Бұл мезгілде әр топтағы мал ауыстырылмайды, тек кейбір мал кездейсоқ жағдайға ұрынып, бір
Қ.Н.Бегімбеков Зоотехниялық ғылыми зерттеулер әдіснамасы 163 топтан шығып қалса, оның келесі топтағы аналогы (жұбы) да шығарылуы қажет. Сонымен қатар, негізгі кезеңнің барысында белгілі бір малдың топтан шығып қалуы әр топтағы малдың орташа көрсеткішіне (тәжірибенің басындағы жағдай бойынша болса да) айтарлықтай әсер етпесе, онда бұл малдың келесі топтағы аналогын (жұбын) өз тобынан шығармай қалдыруға да болады. Тәжірибенің өтпелі кезеңіндегі топтан шығарылған мал жөнінде міндетті түрде оның себебі көрсетілген анықтама (акт) жазылып, рәсімделуі тиіс. Бұл кезеңде тексерілетін фактор (лар) толық қанды жұмыс істеуі қажет. Кезеңнің барысында әр топтағы малға қатысты эксперименттің әдістемесінде белгіленген барлық зерттеулердің нәтижелері, зоогигиеналық және климаттық жағдайлардың көрсеткіштері үзбей тексеріліп, тиісті жазбалар тіркеліп отыруы тиіс. Ұқсас жұптар әдісінің негізгі кемшілігі - көп мал, көп шығынды қажет ететіндігі.

Ұқсас жұптар құру әдісін пайдалану әрқашан мүмкін бола бермейді: қажетті мал табыла бермейді, тегі белгісіз, өткен кезеңі мен қазіргі кезеңінің дамуы әртүрлі, ұқсастығы аз т.с.с. Бұл жағдайларда теңдестірілген ұқсас топтар құру әдісімен жұмыс жасау қажет. Теңдестірілген ұқсас топтар құру әдісі де аналогия және ұқсастық принципіне - әр топтағы малды өзара барынша ұқсас етіп топтап, оларға тиісті фактор(лар)дың әсерін зерттеуге сүйенеді. Әртекті малдың қажетті белгілеріндегі ұқсастықтарды қамтамасыз ету арқылы олардың зерттелуші фактор(лар)дың әсеріне де жалпы (басқа да) ұқсастықтары (немесе біртектілігі) болуы (немесе болмауы) мүмкіндігін зерттеп, тұжырым жасауға негізделген таным әдісін аналогия деп атайды. Яғни, аналогия - бір белгілерінің ұқсастығы негізінде малдың басқа ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz