Зоотехниялық эксперименттер



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
"ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ"
"Технология және биоресурстар" факультеті

Реферат
Тақырыбы: Зоотехниялық эксперименттер

Орындаған: 6В080200 - МШӨӨТ 402- топ студенті Шынықұл М.М
Тексерген: Бегембеков К.Н

Алматы 2020ж
Жоспар
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Зоотехниялық эксперименттің қысқаша тарихы
2.2. Зоотехнияда қолданылатын эксперименттер
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер

І. Кіріспе
Зоотехниялық эксперимент - құбылыстың табиғи жағдайда бақылап-зерттеуге болмайтын белгілерін ашады. Эксперимент - зерттеу құбылыстарын басқа шарттар мен жағдайлардан бөліп алып, құбылыстар мен деректерді таза күйінде зерттеуге мүмкіндік береді. Эксперименттің нақты мақсаты - ғылыми теория немесе болжамды растау немесе жоққа шығару, эмпирикалық заңдылықтарды анықтау арқылы шынайы білімге жету. Эксперименттің жалпы мақсаты - білімнің көлемін ұлғайту, жануарлар белгілерінің өзгергіштігінің пайдалы жағын дамыту тәжірибесін жаңарту.
Зоотехнияда эксперименттің әр түрі бар: табиғи, лабораториялық, анықтаушы (зерттеу нысанының бастапқы күйін), қалыптастырушы (зерттеу нысанын қайта құруға бағытталған). Эксперимент теориялық болжамды тәжірибелік тұрғыдан тексереді, растайды немесе жоққа шығарады. Зоотехниялық зерттеу - белгілі бір нақты мәселені ойлау, концептуалды-тұлғалық және практикалық үдеріс(процесс). Бұл мәселені тек эксперименталды-эмпирикалық деңгей әдістерін қолданып қана шешу мүмкін емес. Зерттеуші нақты ғылыми деректерден олардың теориялық қорытындыларына көшуі қажет. Сонда ғана оларды зерттеудің негізі деп санап, зерттеу мәселесінің теориясын құрастырудағы дәлел ретінде зоотехниялық ғылымға енгізуге болады. Зоотехниялық экспериментті үй жануарларын адамға қажетті бағытта өзгертудің алып өндірістік эксперименті ретінде қарастыруға, одан қажетті қорытындылар жасап, бағыт алуға болады.

І. Негізгі бөлім

2.1 Зоотехниялық эксперименттің қысқаша тарихы

ХІХ және ХХ ғасырлар тоғысында биологиядағы негізгі әдістемелік тәсіл ретінде эксперимент қолданыла бастады. Осыдан бастап биологиялық, зоотехниялық ғылымдар дамуы қарқындап арта берді. Ғылымда бар фактілерден бастау алу керек, фактілердің өзара байланысын тауып, талдап, тұжырымдап, тіпті, мүмкін болса, тәжірибе (эксперимент) қойып, дәлелдеу керек. Эксперимент қою арқылы организмдердің тіршіліктік-биологиялық ерекшеліктерін терең зерттеуге, организмге әсер ететін сыртқы факторларды өлшеп білуге мүмкіндік туады. Жай бақылауға қарағанда, эксперимент кезінде бір мезгілде организмге әсер ететін көптеген факторларды және факторлардың бір-бірімен байланысты әсерін (азықтандыру, күтіп-бағу, өсіру әдісі) зерттеуге мүмкіндік артады. Сондықтан, бұл зерттеу ғылыми жұмыстың қорытындысын тездетеді. Бір күрделі эксперименттен ғылыми қызметкердің бақылау арқылы өмір бойы жинай алмайтындай нәтиже (мағлұмат) алуға болады. Эксперимент арқылы алынған мәліметтер мол болса, оларды математикалық әдістермен талдау жасауға да мүмкіндік туады. Бақылау - фактілердің тек табиғи жағдайдағы көрінісін тіркеумен, оған адамның еш әсерінсіз көрінісін сипаттаумен алынған нәтижелерді талдау және қорытындылаумен шектелсе, эксперимент - зерттеу нысандарын табиғи жағдайдан бөліп алып, жаңа, жасанды жағдайда бақылайды және бұл жасанды жағдай әсерлері өте жоғары дәлдікпен өлшенеді, есептеледі, тіркеледі. Экспериментте адам зерттелетін құбылысты өз қолына алып, оған әртүрлі әсерлер ұйымдастыра алады. Бақылау арқылы адам табиғаттың бергенін ғана жинақтаса, экперимент арқылы - табиғаттан өз керегін жинақтайды. Эксперименттің қарапайым бақылаудан негізгі ерекшелігі - мұнда адам құбылысты бір мезгілде, бірнеше түрлі жағдайда, бұл жағдайларды әртүрлі ретпен, әртүрлі үйлесімділікпен және кешенді түрде ұйымдастыру арқылы зерттей алады. Тіпті табиғатта кездеспейтін немесе өте сирек кездесетін жағдайды да ұйымдастыру арқылы зерттеуге болады. Бұл артықшылықтар - құбылысқа әсер етуші факторларды рет-ретімен немесе кешенді түрде ұйымдастырып, себептерін анықтауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, эксперименттің қайталану мүмкіндігі бар, ал бұл - алған нәтижелердің шынайылығын, сенімділігін арттырады. Экспериментте әсер етуші факторлардың мөлшерін (дозасын) өзгертіп отыруға, тиімді әсер күшін анықтауға болады. Экспериментте нысандардың түрлілігін де өзгертіп, оларға әсер етуші фактордың пайда-зиянын, тиімділігін анықтауға болады. Осы айтылғандар экспериментті - құбылысты зерттейтін шынайы танып-білудің ең қуатты әдісі ретінде сипаттайды. Эксперимент өндіріспен туыстас деуге болады. Өндірістік процесс сияқты, оның да нәтижелері зерттеу нысанына (құбылысқа) белсенді қатынас және жасанды жағдайлар туғызумен байланысты. Биологиялық эксперименттегі әдіс-тәсілдердің барлығын зоотехниялық экспериментте қолдануға болады. Бірақ, мұнда биологиялық факторлар техникалық,экономикалық факторлармен тығыз үйлесім табады, сондықтан, зоотехниялық эксперименттің ерекше сипаты бар. Әдетте, ғылыми-өндірістік деп аталатын зоотехниялық эксперимент өндірістік үдерістерге өте жақын, тіпті ұқсас жағдайларда қойылады, сондықтан көбінесе оның нәтижелерін өндіріске тікелей көшіре беруге болады.
Эксперименттің ерекше бір түрі - селекциялық эксперимент, кейде ондаған жылдарға созылады. Селекциялық эксперимент арқылы тұқым, тұқымдық топ, тұқымішілік сүле, аталық із, аналық ұя сияқты тұқымның жетілдірілген жаңа мал топтары шығарылуымен қатар, зоотехния үшін маңызды биологиялық заңдылықтар түріндегі қорытындылар жасау, тұқым малының пайдалы қасиеттерін жақсартудың тиімді, тың әдіс-тәсілдерін анықтау нәтижелеріне қол жеткізуге болады.

2.2. Зоотехнияда қолданылатын эксперименттер

Зоотехнияда 3 түрлі эксперимент қолданылады: ғылыми, ғылыми-өндірістік (ғылымишаруашылықтық) және өндірістік.
Ғылыми эксперимент - лабораторияларда, шағын санды жануарларға, белгілі бір шағын мәселелені шешу үшін қолданылады: физиологиялық, биохимиялық, генетикалық т.б. эксперимент. Экспедициялық әдіс ғылымның әртүрлі салалары үшін әртүрлі табиғи аймақтардан шынайы деректер алуға мүмкіндік береді. Мысалы, академик А.Ф. Миддендорфтың (1815-1894 ж.ж.) малшаруашылығы, профессор Н.П. Чирвинскийдің (1848-1920 ж.ж.) қойшаруашылығы, академик Е.Ф. Лискунның (1873-1958 ж.ж.) етті ірі қара шаруашылығы, профессор А.А. Малигоновтың (1875-1931 ж.ж.) және профессор Д.А. Кисловкийдің (1894-1957 ж.ж.) жылқы шаруашылығы бойынша экспедициялары зерттеулері нәтижесімен ауылшаруашылығы жануарларының дамуы жөніндегі зоотехниялық теорияның іргелі қағидалары қалыптасты.
Зоотехнияда өте бағалы материал ретінде тұқыммал кітаптарының маңызы үлкен. Ондаған жылдарға созылған, бірнеше буын ұрпақ мал топтарын қамтыған мұндай кітап деректерінде тұқымның эволюциясын, әр кезеңіндегі ерекшеліктерін, оған әсер етуші әртүрлі факторларды анықтауға болады. Үздік шаруашылықтардың алдыңғы қатарлы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ауыл шаруашылық малдарын бағалау және сұрыптау жұмыстарын ұйымдастыру
Ауыл шаруашылығы малдарының дене бітіміне қазіргі кездегі көзқарастары және оның мал шаруашылығындағы маңыздылығы
Қой шаруашылығы. Қойдың биологиялық ерекшеліктері
Азықтарға зоотехниялық талдау жасайтын зертханалық жұмыс кезіндегі қауіпсіздік техникасының негізгі ережелері
Мал шаруашылығы эмбриондар трансплантациясындағы донорлар, эмбриондар мен реципиенттер арасындағы әсерлесу
Малдың тегін иммуногенетика әдісімен анықтау. Жұптаңдаудың түрлері және маңызы
Ұқсас жұп таңдау негіздері
Нақты тәжірибе кезеңі
Малдың жеке мүшелері
Мал тұқымын жіктеу
Пәндер