Дене жаттығулары - дене шынықтырудың негізгі өзіндік құралы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қарағанды Bolashaq жоғарғы колледжі

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Пәні:
Тақырыбы:

Орындаған: тобының студенті
Ғылыми жетекшісі:

Тіркеу нөмері________
Бағасы______
Қолы______

Қарағанды 2021
Жоспар:

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1 Балабақшаның күн тәртібіндегі дене шынықтыру және сауықтыру шаралары, ертеңгілік гимнастикалардың тәрбиелік мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.1 Балабақшаның күн тәртібіндегі дене шынықтыру және сауықтыру шаралары, ертеңгілік гимнастикалардың маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... .5
1.2 Балабақшаның күн тәртібіндегі дене шынықтыру және сауықтыру шаралары, ертеңгілік гимнастикалардың міндеттері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
2 Балабақшаның күн тәртібіндегі дене шынықтыру және сауықтыру шараларын, ертеңгілік гимнастикаларды ұйымдастырудың ерекшеліктері..13
2.1 Балабақшаның күн тәртібіндегі дене шынықтыру және сауықтыру шараларының, ертеңгілік гимнастикалардың түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13
2.2 Балабақшаның күн тәртібіндегі дене шынықтыру және сауықтыру шаралары, ертеңгілік гимнастикалардың әдістемесі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ...17 Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25

Кіріспе

Курстық жұмыстың өзектілігі: Тәрбиенің жалпы жүйесінде мектеп жасына дейінгі баланы дене жағынан тәрбиелеу ерекше орын алады. Мықты денсаулықтың, дененің дұрыс жетілуінің, жоғары жұмыс қабілетінің негізі нақ осы мектеп жасына дейінгі балалық шақта қаланады, қозғалыс қызметінің қалыптасуы, сондай-ақ дене қасиеттерінің бастапқы тәрбиесі де осы жылдарда өтеді. Баланың дене жағынан қалыптасуы оның интеллектуалдық және моралдық - ерікті жетілуімен, барлық психикалық функцияларының дамуымен тығыз байланысты.
Сондықтанда қазіргі таңда мемлекеттік бағдарламаның негізгі мақсаттары: елімізде дене шынықтыруды және спортты одан әрі дамыту; халықтың дене шынықтырумен және спортпен шұғылдануы үшін жағдайлар жасау, олимпиадалық, ұлттық, техникалық, қолданбалы спорт түрлерін және халық ойындарын дамыту; саланы басқарудың оңтайлы жолдарын және қазіргі тәсілдемесін белгілеу; дене шынықтыру және спорт саласындағы заңдарды жетілдіру. Дені сау баланың ақыл-ойы айқын, өз-өзіне сенімді, жан жағына қуанышпен шаттана қарайтындай болуы шарт. Бала денсаулығының дұрыс жетілуі мектепке дейінгі кезеңде қалыптасады. [1, 36 б]
Балабақша күн тәртібіндегі дене шынықтыру тәрбиесі дегеніміз - адам денсаулығын сақтау мен нығайту және дененің дұрыс дамып, қалыптасуына жеткізу.
Балабақша күн тәртібіндегі дене шынықтыру тәрбиесінің мазмұны жас ұрпақты дене шынықтыру мәдениетінің әр түріне, әскери-өнер әрекеттеріне қатысуын, адам денесінің оның ақыл-ой, сезім, еріктерімен үйлесімді дамуын қамтиды.
Курстық жұмыстың мақсаты: балабақша күн тәртібі арқылы балаларды күш-қуаты мықты, жан-тәні сау, елімізді қорғауға әзір, шығармашылық жұмысқа құштар, жан-жақты дене шынықтыру дайындығынан өткен азаматтар тәрбиелеу. Жалпы айтқанда дене шынықтыру шараларының бала тәрбиесіндегі маңызы туралы түсінік алу.
Курстық жұмыстың нысаны: мектепке дейінгі білім беру процесі.
Курстық жұмыстың зерттеу пәні: мектепке дейінгі мекемелерде дене шынықтыру түрлерінің тәсілдері арқылы балалардың денсаулығын нығайту әдістемесі.
Курстық жұмыстың болжамы: балалардың спорт түрлерінің тәсілдері арқылы денсаулығын қалыптастыру оған әсер ететін бүкіл компоненттер жиынтығын салауатты өмір салтын қалыптастыруға әсер ететін тәрбие процесіне жүйелі түрде енгізу жолдары арқылы іске асуы мүмкін, оған қоса ұлттық спорт түрлерін дамыту тұжырымдамасын жасау, жарыс ережелерін жетілдіру және процеске республикамыздың тәрбиеші- оқытушылар мен жаттықтырушыларын, мектепке дейінгі мекемелерін, жалпы білім беретін мектепке дейінгі мекемелер мен спорт мектепке дейінгі мекемелердің ұстаздарын жұмылдыру.
Курстық жұмыстың міндеттері:
1) Балалардың қозғалыстарын жетілдіру;
2) Қимылдық және дененің икемділік, шапшаңдық, күштілік, төзімділік сияқты қасиеттерін қалыптастыру;
3) Сауықтыру, білім беру, тәрбиелік міндеттілік бағытты сақтай отырып, жас ерекшеліктерін ескере нақтылау;
4) Балалардың өмірін қорғау және денсаулығын нығайту, организмін шынықтыру әдістемесін дене шынықтыру тәсілдері арқылы тәжірибелік тұрғыдан негіздеу.
Курстық жұмыстың зерттеу әдістері: балабақшаның күн тәртібіндегі дене шынықтыру және сауықтыру шараларын жетілдіру.
Курстық жұмыстың құрылымы: курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен және қорытынды мен әдебиеттер тізімінен тұрады.



1 Балабақшаның күн тәртібіндегі дене шынықтыру және сауықтыру шаралары, ертеңгілік гимнастикалардың тәрбиелік мәні

1.1 Балабақшаның күн тәртібіндегі дене шынықтыру және сауықтыру шаралары, ертеңгілік гимнастикалардың маңызы

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан 2050 стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты жолдауындағы Дене шынықтыру мен спорт мемлекеттің айрықша назарында болуы тиіс. Нақ сол салауатты өмір салты ұлт денсаулығының кілті болып саналады, Қазақстан 2050. Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ атты биылғы жолдауында Спортпен шұғылдану, дұрыс тамақтана білу, жүйелі профилактикалық тексерілу-аурудың алдын алудың негізі деген сөздерін басты ұстам ретінде алып келеміз.
Тәуелсіз ел тірегі- білімді ұрпақ, дені сау, жан-жақты дамыған салауатты ұрпақ. Сондықтан, ұрпағымыздың болашағы жарқын да кемел болуына ат салысып, дені сау, шыныққан бүлдіршіндер тәрбиелей берейік.
Жаңа стандарт негізінде мектеп жасына дейінгі баланы шынықтыру-сауықтыру шаралары Денсаулық білім беру саласында көрсетілген.
Жас ұрпақты жан - жақты дамыған, ой -- өрісі биік, тұлғасы сымбатты азамат етіп өсіру үшін тәрбие жүйесінде дене тәрбиесінің алар орны орасан зор. Ал оны неғұрлым ерте кезінен бастап, дұрыс жолға қойып жүргізсе, соғұрлым нәтижесі жемісті болатыны анық. Өйткені болашақ азаматтың денсаулығы мықты, мүсін тұлғасы дұрыс қалыптасқан, жігерлі де қайратты болып өсуіне, көпшілдік дағдыларын бойына терең сіңіруіне нақ осы мектепке дейінгі кезеңде тереңірек көңіл бөлінсе, дұрыс негіз қаланады. Қазақтың кемеңгер ақыны, ұлтының бақыты үшін өз бойындағы бар дарыны мен білгенін аямай, дене тәрбиесіне зор көңіл бөлген Мағжан Жұмабаев: Дене тәрбиесіне жеңіл қарауға болмайды. Дене жанның қабы. Қап берік болса ішіндегі заты берік болмақ. Дене жанның құралы. Құралы мықты болса иесі де мықты. [2, 52 б]
Сау жан - сау денеде ғана болады -- деген. Сондықтан да бүлдіршіндер ағзасының қызметін жетілдіру, денсаулығын жақсарту, жүйкенің жұмысын дұрыс қалыптастырып, ширақ, жігерлі, икемді, сымбатты етіп өсіру, міне, осының барлығын ғылыми негізде тәрбиенің басқа түрлерімен ұштастыра жүргізу - балабақшалардың негізгі мақсаты мен алға қойған үлкен міндетінің бірі. Бала денсаулығының мықты болып, қозғалыс,дене құрылысының дұрыс жетілуі мектеп жасына дейінгі кезеңде қалыптасады. Сондықтан, бала ағзасының қызметін жетілдіру қабілетін арттыру осы кездегі ең басты міндет болып табылады. Бұл міндеттердің маңыздылығы мынада; ағзаның қорғаныс қабілеті нашар қалыптасқан кішкентай балалар сыртқы ортаның қолайсыз әсерлеріне тез ұшырайды. Сондықтан сүйектің, буынның дұрыс әрі өз мерзімінде жетілуіне, бел омыртқаның физиологиялық иіндерінің қалыптасуына, табан дөңістерінің дұрыс жетілуіне, тыныс алудың тереңдігі мен ырғақтылығы тыныс алуды қозғалыспен үйлестіруге мүмкіндік жасап, үнемі ықпал ету қажет.
Біздің елімізде дене шынықтыру мақсаттары, міндеттері адамнық жан-жақты дамуы жөніндегі ілім езінің нақты бейнесін тапқан. Жеке адамның жарасымды дамуы жан-жақты қоғам құру шарттарының бірі ретінде қаралды. Біздің елімізде дене тәрбиесінің мақсаты - өмірге, еңбекке және Отанды қорғауға даярлау болып табылады. Бүл мақсат адамдардың дене шынықтыруды жүзеге асыратын барлық мекемелер мен ұйымдар үшін бірдей болады. `
Дене шынықтырудың аталған мақсатына сәйкес төмендегідей міндеттерді шешу қарастырылады:
Балалық шақта әсіресе, сәбилік шақта және мектепке дейінгі кезеңдерде химиялық жылу реттеу орталығының өте маңызды қорғаныш рөлін атқарады. Салқын тітіркендіргіштерге тері-тамыр реакциясының жылдамдығы жас өскен сайын арта түседі, бірақ аздаған шынығу процедурасы болуы да мүмкін. Рецепторлық аппараттар мен қан-тамыры реакцияларына қайта-қайта жүктеме түсіру, олардың қызметін жетілдіре түседі және термореттеу жүйесінің функционалдық мүмкіндіктерінің жетілуін жылдамдатады. Белгілі шартсыз рефлекстерден басқа, солардың негізінде, балалар организмінде температуралық әсерлерге термореттеу жүйесін саналы түрде іске қосатын шартты рефлекстер пайда болады.
Шынығудың тиімділігі төменде көрсетілген принциптердің сақталуына байланысты:
- Процедураларды қолданудың жүйелілігі;
- Тітіркендіргіштердің күшін ептеп ұлғайту;
- Жасына, денсаулығына және шынығу дәрежесіне байланысты шынығуды бастаған кезде, жеке бас ерекшеліктерін ескеру;
- Балалардың ең жақсы жылулық жағдайда болуы;
- Баланың көңіл-күйінің дұрыстығы.
Балаларды шынықтырудың құралдары болып, негізінен табиғи факторлар алынады: ауа, су, күн радиациясы. Оларды шынығуға пайдалану үшін, белгілі гигиеналық талаптар қойылады. Ауа мен су таза және белгілі температурада болуы қажет. Сонымен қатар ауаның ылғалдылығы мен қозғалу жылдамдығы да есепке алынады. Күн сәулесінің түсетін бұрышы, әсер ету үстемдігі және ұзақтығы белгілі мөлшерде болуы қажет.
Жалпы алғанда, дене шынықтыру тәрбиесінің салауаттандырудағы тиімділігі екі негізгі принципті сақтағанда ғана дұрыс болады: тәуліктік қимыл-қозғалыс белсенділігіне гигиеналық нормаларға сәйкес түзетулер жүргізілуі және денешынықтыру тәрбиесінің гигиеналық негізделген жалпы моделінің болуы. [3, 36 б]
Қимыл-қозғалыс белсенділігінің дұрыс жасалған нормасы негізгі үш талаптың орындалуын: организмнің барлық жүйелерінің үнемді қызмет етуін, олардың сенімділігін және қоршаған ортаның өзгеруіне реакцияның дұрыс сақталуын қамтамасыз етуі керек.
Жылдық динамикада баланың жеке басының және ұжымның денсаулық көрсеткіштерінің жақсы жаққа өзгеруі, жас кезеңдерінің гигиеналық нормасының критерийі болып саналады.
Гигиеналық нормалардың диапозондары, өсіп келе жатқан организмнің жеке бас ерекшеліктеріне байланысты қолдануға мүмкіндік береді.
- Дәрігерлік бақылаудың негізгі формалары:
- Балалардың функционалдық мүмкіндіктерін анықтай отырып, денсаулық жағдайын тексеру;
- Денешынықтыру тәрбиесінің жүргізілуін жүйелі түрде бақылап отыру;
- Денешынықтыру тәрбиесі жүргізілетін орындарға санитарлық бақылау жүргізу;
- Мектепке дейінгі балалар мекемесінің қызмет-керлері мен балалардың ата-анасы арасында санитарлық ағарту жұмысын жүргізу.
- Денешынықтыру тәрбиесін дұрыс ұйымдастыру үшін міндетті түрде бала организмінің өсу және даму ерекшеліктері ескерілуі керек.
Балалардың дене тәрбиесінің дұрыстығы - мектеп жасына дейінгі балаларға арналған мекемелердің алдындағы міндеттерінің бірі.Мектеп жасына дейінгі жақсы денсаулық, адамның жалпы дамуының іргетасы болып талады. Мектеп жасына дейiнгi балалардың, жалпы бiлiм беретiн және кәсiптiк мектепке дейінгі мекемедер, колледждер, лицейлер балаларының, жоғары оқу орындары студенттерiнiң дене тәрбиесi оқу және ұзартылған күн режимiнде, оқу жоспарларына, дене тәрбиесiнiң кешендi мемлекеттiк бағдарламаларына, санитариялық ережелер мен гигиеналық нормативтерге сәйкес сабақтан тыс уақытта және дербес жүзеге асырылады.
Мiндеттi дене тәрбиесi сабақтары бүкiл оқу кезеңi бойына аптасына мектепке дейiнгi мекемелерде - кемiнде 8 сағат, жалпы бiлiм беретiн мектепке дейінгі мекемеде - кемiнде 3 сағат, кәсiптiк-техникалық мектепке дейінгі мекемедерде, колледждерде, лицейлер мен жоғары оқу орындарында кемiнде 4 сағат жүргiзiледi.
Мектеп жасына дейiнгi балалар мекемелерi, жалпы бiлiм беретiн мектепке дейінгі мекемедер және басқа да оқу орындары балаларға дене тәрбиесiн беру мақсатында: дене шынықтыру машықтарын қалыптастырады, спортпен айналысуға тартады, дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық iс-шаралар өткiзедi және қоғамдық бiрлестiктер мен басқа да заңды тұлғалардың мектеп жасына дейiнгi балалардың, балалар мен студенттердiң қатысуымен спорттық iс-шараларды ұйымдастыру мен өткiзуiне жәрдемдеседi.
Мектепке дейiнгi балалар мекемелерiнде, мектепке дейінгі мекемеден тыс дене шынықтыру - сауықтыру ұйымдарында және оқу орындарында дене тәрбиесi үшiн қажеттi жағдайлар жасау облыстардың, қалалар мен аудандардың жергiлiктi атқарушы органдарына, сондай-ақ құрылтайшыларға жүктеледi. [4, 48 б]
Дене шынықтыру жаттығулары баланың күн тәртібінде жас шамасымен үлкен орын алу керек. Олар бұлшық еттiк белсендiлiкке ғана емес, суыққа, гипоксияға да бейiмділікті ұлғайту үшін себепшi болатын факторлар болып табылады. Физикалық белсенділік орталық жүйке жүйесінің қалыпты дамуына, жадтың, оқудағы үлгерімнің жақсаруына мүмкіндік туғызады, эмоционалды-мотивациялық өрісті қалыпты жағдайға келтіреді, ұйқының жақсаруына әсер етеді, тек физикалық қана емес, зерделі қызмет мүмкіндіктерінің де өсуі байқалады. Бұлшық еттің белсенділігін арттыру үшін, қозғалыс жүйелері мен дағдыларын жетілдіретін, сымбатты мүсін қалыптастыратын, жалпақ табанның дамуын бәсеңдететін дене жаттығуларын жасау қажет.
Мектепке дейінгі жастағы балаларға арналған мекемелерде дене шынықтыру жаттығулары топтық гимнастикалық сабақтар мен спорттық ойын-сауық түрлерінде өткізіледі. Баланың киімі қимылды қиындатпайтындай денесіне бос болу керек. Сабақтар әр түрлі және еліктіргіш болу үшін, әр түрлі заттар мен жабдықтар қолдану керек: доптар, жалаулар, құрсаулар, отырғыштар, баспалдақтар. Жабдықтар баланың бойы мен жасына сәйкес келу маңызды. Зерек бала, Біз мектепке барамыз бағдарламаларына сәйкес, 3 жастан бастап күнделікті таңғы жаттығулар өткізу керек, басында 5-6 минут (3жас) және 10-12 минутқа дейін (6 жас).
Бұнымен қоса, бос уақытта дене шынықтыру жаттығуларының айына 1 рет 10-20 минут, 6 жастағы балалар үшін 40 минутқа дейін өткізілуі қарастырылады. Гимнастикамен айналысу үшін кілемше қажет және оны тазалықта сақтау маңызды. Гимнастикалық жаттығуларды таңғы астан кейін немесе күндізгі ұйқыдан кейін 30 минуттан кейін ғана жасау керек. Балаларда таңғы жаттығуды әрдайым жасауға әдептің қалыптасқаны өте маңызды. Ұзақ, қозғалыссыз отыратын - сурет салу, илеу, қол шеберлiк сабақтарынан кейін гимнастикалық жаттығулар сеансын өткізу аса маңызды.

1.2 Балабақшаның күн тәртібіндегі дене шынықтыру және сауықтыру шаралары, ертеңгілік гимнастикалардың міндеттері

Сауықтыру міндеттері: денсаулықты нығайту, денені жан-жақты дамыту, ағзаны шынықтыру, адамдардың ұзақ шығармашылық өмірін қамтамасыз ету.
Білім беру міндеттері: қозғалыс дағдылары мен іскерлікті қалыптастыру, дене қасиеттерін (жылдамдық, ептілік, икемділік, күш-қуат, шыдамдылық, т.б.) қалыптастыру, арнаулы білімді меңгеру, ұйымдастырушылық қабілеттерді бойға сіңіру. [6, 72 б]
Тәрбиелік міндеттері: жан-жақты тәрбие арқылы ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық жөне еңбек тәрбиесіне ықпал ету.
Бұл міндеттер дене шынықтырумен айналысушы жастарға байланысты олардың жас ерекшеліктеріне, денсаулық жағдайына, дене дамуының деңгейіне, дене әзірлігіне, сондай-ақ кәсіптік ынта-ықыласына қарай нақтыланады.Жан-жақты мақсаттылық, халықтық-ғылымилық дене шынықтыру, дене тәрбиесі жүйесінің негізгі белгілері болып табылады.Дене шынықтыру жүйесінің мақсаттылығы - жан-жақты бағытта екендігі. Дене тәрбиесі үрдісінде дене тәрбиесімен айналысушылардың жан-жақты дүниетанымы қалыптасады, адамгершілік қасиеттерге тәрбиеленеді.
Дене шынықтыру жүйесін одан әрі дамыту Н.Ә.Назарбаевтың "Қазақстан - 2030" стратегиясында 1997 жылғы Қазақстан Республикасының халқына Жолдауында, дене шынықтыру және спорт жөніндегі Заңда, нақты қаулыларда көрініс тапқан. Дене шынықтыру жүйесінің халықтығы - оның өмір талабына сөйкестігі. Еліміздің түрғындарының денсаулығын нығайтудағы, денені дамытуды жақсартудағы табыстары, жеке адамның әл-ауқатын сондай-ақ, халықтық, ұлттық спорт ойындары түрлерін дамыту болып табылады.
Халықтың дене шынықтырумен айналысу- мемлекеттік маңызды іс. Ғылымилық - дене шынықтыру жүйесінің сипатты белгісі болып табылады. Зерттеу негізінде бағдарламалар, оқулықтар, оқу құралдары жасалады және жетілдіріледі. Дене шынықтыру құрал-жабдықтарына қойылатын талаптар анықталады, әрбір жас кезеңіне қарай дене дамуының, дене әзірлігінің өлшем көрсеткіштері жасалады.
Зерттеулер нәтижесінде алынған жаңалықтардың бәрі мемлекеттік мекемелердің, қоғамдық орындардың және отбасы тәжірибесінде жүзеге асырылады.Дене шынықтыру мәселелерін негіздеу мен ғылыми- зерттеу жүргізуге жұмылдыратын ғылыми-педагогика мамандарын даярлау жөнінде маңызды шаралар жүргізіледі.
Дене шынықтыру жүйесі төмендегі топтардан құрылған.
- Мектеп жасына дейінгі балалар дене шынықтыруы (отбасында, балабақшада, балалар үйінде 1 жастан 7 жас- қа дейін).
- 9 жылдық және орта мектепте, арнаулы оқу орын- дарындағы дене шынықтыру. Жоғары оқу орындарындағы дене шынықтыру.
- Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне дайындық дене шынықтыру.
- Қала, ауыл азаматтарының дене шынықтыруы, өз еркімен ұйымдастырылған спорттық қоғамдар.
Сонымен қатар, дене тәрбиесі сауықтыру-профилактикалық, емдеу мекемелерінде, демалыс орындарында, дене жаттығуларын радио, телехабарлары арқылы беру түрінде үйымдастырылады.Дене шынықтырудың негізгі құралдары: дене жаттығулары, гимнастика, спорт, ойын, саяхаттар. Жаратылыстың табиғи күштері (ауа, күн, су) жөне еңбектегі гигиеналық жағдай. [8, 36 б]
Дене жаттыгулары. Дене жаттығулары - дене шынықтырудың негізгі өзіндік құралы. Дене жаттығулары адамға жан-жақты эсер етеді: олар адамның дене жағдайын өзгертеді, арнайы іріктеп өткізілетін дене жаттығулары дене шынықтыру міндеттерін шешеді. Дене жаттығуларының ағзаға әсері толық жағдайға байланысты. Мұндай жағдайлар:
:: жаттығулар түрлерінің ағзаға әр түрлі әсер етуі;
:: дене жаттығуларын орындау барысындағы өткізілетін орын мен жағдайға байланыстылығы;
:: жаттығулар өлшемі, үзақтығы, саны жас ерекшелігіне қарай жаттығудың орындалуы, жынысы, дене дайындығы деңгейі және айналысушының денсаулық жағдайы;
:: сабақ барысындағы әдіс-тәсілдерді қолдануымен анықталады.
Жасөспірімдер мен балаларды дене тәрбиесіне тәрбиелеуде әр түрлі жаттығулар түрлері қолданылады. Дене шынықтыру міндеттерін іске асыруда жаттығулар тиімділігіне, орындалу барысындағы жағдайға, дене жаттығуларын іріктеп алуға ғылыми түрғыда қарау мен денежаттығуларының денеге әсерін қадағалау қатаң есеп беруді талап етеді.
Гимнастика - дене шынықтырудың негізгі құралының бірі - адамның денсаулығын нығайту мақсатындағы арнайы іріктелген дене жаттығуларының ағзаға әсері, қозғалыс іскерлік дағдыларын дамыту, ерік- жігер қасиеттерін қалыптастыру, сондай-ақ дене дамуындағы кейбір қайшылықтырды жою болып табылады.
Гимнастика жаттығулардың әр түрлілігі, ең қарапайым жаттығудан, күрделі жаттығуға ауысуы, аралас жаттығулардан, снарядсыз жасанды жаттығуларға көшуі, снарядтар қолданылатын жаттығулардың ағзаға жан- жақты әсері, сонымен қатар спортшының денесіне түсетін салмақтың нақты реттелуі арқылы ерекшеленеді.
Гимнастикалық жаттығулар әдемі, көркем, мәнерлі, нақты орындалуымен ерекшеленеді. Ағзаға әсер ететін салмақты реттеудің дене қызметімен қатар, емдік маңызы бар.
Әр түрлі жастағы спортшылардың гимнастикалық жаттығуларды кең көлемде пайдалануы жоғарыда аталған ерекшелікті дөлелдейді.
Дене шынықтыру жүйесінің даму кезеңінде гимнастиканың міндеттері анықталып жөне олардың түрлері белгіленеді.
а) негізгі гимнастика;
б) гигиеналық гимнастика;
б) спорттық гимнастика;
в) акробатика;
г) көркем гимнастика;
д) қолданбалы гимнастика, оның қүрамына спорттық қолданбалы гимнастика, өндірістік жөне емдік гимнастика жатады.
Негізгі гимнастика. Негізгі гимнастиканың міндеті - денсаулықты нығайту, қозғалыс дағдыларын жетілдіру жөне жалпы дене дайындығы, тұлғаны дұрыс қалыптастыруға тәрбиелеу, ағза жүйелерінің қызмет дәрежесін арттыру және дененің шынығуын қамтамасыз ету болып табылады.
Негізгі гимнастикаға: сапқа түру жөне қайтадан сапқа тұру, жалпы дамыту жаттығулары, еркін, қолданбалы жаттығулар, снарядта орындалатын жаттығулар, тірек секірулер, қарапайым акробатикалық жаттығулар және қимыл қозғалыс ойындары жатады.
Негізгі гимнастика мектеп жасына дейінгі балалар жөне бастауыш мектеп жасындағы оқушылардың, орта мектеп, арнаулы оқу орындарының жөне жоғары оқу орындарының міндетті оқу бағдарламасында маңызды орын алады.Негізгі гимнастика спорттың әр түрімен айналысуға қажетті алғашқы кезеңнің негізін қалыптастырады.
Гигиеналық гимнастиканың міндеті - адам денсаулығын нығайту, денесін қалыптастыру, денесінің дамуын жөне жұмыс істеу қабілетін жоғарылату. Гигиеналық гимнастиканьщ негізгі міндеті - жаттығуларды іріктеп алу барысында ағзаның негізгі жүйелерінің - тыныс алу, қан айналымы, зат алмасу, бұлшық ет топтарының жүмыс істеу қызметін нығайту.
Гигиеналың гимнастиканьщ кең көлемде қолданатын түрі ертеңгілік гимнастика болып табылады. Гигиеналың гимнастикамен жеке және топ түрінде айналысады. Жеке адам гимнастикамен күнделікті ұйқыдан кейін айналысады. Осы жағдайда ертеңгілік гимнастиканың құрылымы қарапайым, жалпы дамыту жаттығулар тобынан құрылады. Бұл жаттығулар тобына кең көлемді жүртшылық үшін радиохабарлар арқылы берілген жаттығулар үлгісі жатады.
Гигиеналық гимнастиканың топтың түрі балалар үйінде, мектеп интернаттарында, жазғы демалыс лагерінде, балалар алаңдарында, демалыс ойындарында, сауықтыру мекемелерінде, өндіріс орындарында өткізіледі. Жеке және топтың сабақтар қысқартылған дене тәрбиесі сабағы болып табылады. Сабақ құрылысына жаттығулар топтары: сапқа тұру және қайтадан сапқа тұру, кедергілерден өту, снарядтарда жаттығулар түрлерін орындау кіреді. [9, 68 б]
Спорттық гимнастика - дене шынықтыру құралдарының бір түрі болып табылады. Негізгі міндеті дененіңқалыптасуы мен спорттық шеберліктің жоғары дәрежесіне жетуге бағытталған адамның икемділігін жетілдіру болып табылады.
Оқу жұмысында спорттық гимнастиканың жүйелік бағдарламасы бар, осы бағдарлама негізінде гимнастикалық жарыстар өткізіледі.
Акробатика қимыл-қозғалыс пен моральдық-ерік қасиеттерінкүшті, ептілікті, икемділікті дамытуға көмектеседі, өз денесін ширақ меңгере білуге, үшқыр сезімталдыққа, батылдыққа, табандылыққатәрбиелейді. Ак- робатикалық жаттығулар - алдыға айналып түсу, артқа айналып түсу, көпірше жасау, пирамида жасау, тік тұру. Акробатикалық жаттығулар жеке, екі адам, топпен де орындалады. Жаттығулар түрлері снарядсыз және снарядтарда орындалады.Акробатикалық жаттығулар жүйелі бағдарлама бойынша орындалады, жарыстар өткізіледі.
Көркем гимнастика қимыл-ңозғалысты жетілдіруде де спорттық сипатқа ие. Көркем гимнастиканың негізгі жаттығулары - қимыл-қозғалыстың жоғары әсемділігін, үйлесімділігі мен мәнерлігін меңгертеді. Көркем гимнастика, спорттық гимнастика, акробатика сияқты спорттың бағыты бар. Көркем гимнастикамен тек әйелдер айналысады.
Көркем гимнастиканың мазмұнынан арнайы жаттығулар, жалпы дамыту жаттығулары, сондай-ақ акробатикалың жаттығулар орын алады.Арнайы жаттығуларға жүру, жүгіру, секіру, әр түрлі айналулар, халық билері элементтері, кейбір қимыл-қозғалыстар, әр түрлі би үйлесімділігі, музыкалық ойындар кіреді. Көркем гимнастикада доптар, құрсаулар, орамал, жалауша секіртпелер, ленталар кең көлемде қолданылады.
Балаларға ұсынылатын жаттығуларды тәрбиешілер, медбике, ата-аналар меңгеріп алулары керек. Балалардың ықыласын шоғырландыру қиын болғандықтан, оларға тапсырмаларды ұзақ түсініктерсіз, нақты және айқын беру керек. Атауларды рационалды түрде оңайлату, мысалы, жаттығуларды мысық, құс, паровоз және т.б. жалпылай атау. Бұл жаста балаларда үйлестіру қабілеті енді ғана қалыптаса бастайтындықтан, олардан тапсырманы толығымен дұрыс орындауларын талап етуге болмайды. [8, 11 б]
Бала организмі туған күнінен бастап, термореттеуші жүйемен реттеледі, бірақ ол толық жетілмеген, әлсіз болып келеді. Балалардың терісі ересектердікіне қарағанда жұқалау және капиллярларға бай келеді. Тері бетінің көлемі де салыстырмалы түрде көбірек болады, зат алмасу процессі ересектерге қарағанда үдемелі түрде жүретіндіктен, жылу берілуіне қолайлы жағдай туады, сондықтан олар салқын тигеннен пайда болатын ауруларға бейім келеді.

2 Балабақшаның күн тәртібіндегі дене шынықтыру және сауықтыру шараларын, ертеңгілік гимнастикаларды ұйымдастырудың ерекшеліктері

2.1 Балабақшаның күн тәртібіндегі дене шынықтыру және сауықтыру шараларының, ертеңгілік гимнастикалардың түрлері

Шынығу деп организмнің қоршаған орта факторларына, әсіресе, метеорологиялық факторларға (шынығудың арнаулы әсері) қарсы тұру мүмкіндігін арттыратын процедуралар жүйесін түсінеді. Сонымен қатар шынығу организмнің қызмет қабілетін жоғарылатады, әр түрлі ауруларға иммунобиологиялық қарсы тұру (арнаулы емес әсері) дәрежесін арттырады.
Жеке әсерлердің ұзақтығы мен күшінің жүйелі түрде қайталануына байланысты, шынығуды жаттығулардың жеке түрі деп қарауға болады. Бұл жағдай шынығудың негізгі принциптерін (ақырындап, еппен бастау және жүйелігін сақтау) анықтайды.
Балаларды ерте жастан метеорологиялық факторларға шынықтырудың маңызы өте зор. Дене температурасының тұрақтылығы химиялық және физикалық болып бөлінетін термореттеу процесі арқылы сақталады. Біріншісі- жылу бөлінуін (зат алмасу) реттеу, екіншісі- жылу беруді реттеу болып табылады.
Сыртқы ортаның температуралық факторлары, терінің терморецепторларына (жылулық, салқындық) әсер етеді. Бұл рецепторлар дененің барлық аймақтарында біркелкі таралмаған. Оның ең көп бөлігі бет терісінде, ең аз бөлігі иық, қол терілерінде орналасқан. Кейінгі жылдары терідегі жүйке жүйесінің еркін аяқталуы туралы - салқындаған кезде терідегі жиі соға бастайтын импульс яғни салқын сезгіш жіпшелер туралы айтыла бастады. Импульстер рецептордан гипотала-мусқа (организмнің жылу реттеу орталығына) барады. Жылу реттеу реакциялары өз кезегінде зат алмасу және қаңқа бұлшық еттерінің моторлы ортасымен, яғни жылу өндіру орталығымен байланыста болады.
Балабақшада өткізілетін дене шынықтыру-сауықтыру және спорт шараларының негізгі түрлері: Денсаулык және спорт күндері.
Денсаулық және спорт күндерін өткізу балабақшаның оқу-тәрбие жұмыстарының жылдық жоспарына жазылып, оның өтетін уақыты көрсетіледі. [9, 36 б]
Денсаулық және спорт күндері тоқсанына 1 рет сабақтан босатылып, ал айына бір рет сабақтан тыс уақытта немесе каникул кезінде міндетті түрде өткізіледі. Денсаулық және спорт күндері мектепке дейінгі топтарда 2-3 сағат, 5-8- топтарда 3-4 сағат, жоғары топтарда 4-5 сағат шамасында откізіледі. Жарыстардың өтетін уақыты жергілікті ауа райына, балабақшаның мүліктік қорына, тұрғылықты халықтын әдет-ғұрпына т.б. байланысты белгіленеді. Денсаулық және спорт күндерін 1-4, 5-8, 9-11- топтарда бөлек немесе барлығын бір күнде өткізуге болады. Командаларды басқаруға, төрешілікке барлық педагогикалык ұжым, ата-аналар т.б. жұмылдырылады. Жарыс бағдарламасына әр түрлі спорттық қозғалмалы ойындарды, жаяу, шаңғы саяхаттарын, жарысқа шық жас ұлан, жүгіру, секіру, лақтыру күндерін, эстафеталарды шанамен, шаңғымен, конькимен сырғанауды кіргізуге болады.
Жарысты ойдағыдай өткізу үшін қажетті құрал жабдықтарды, төрешілерді, нұсқаушыларды, үгіт-насихат жұмыстарын, өтетін орындарын, алдыңғы қатарлы спортшыларды марапаттау жұмыстары алдын-ала дайындалады.
Денсаулық және спорт күні балабақшадағы ең бір үлкен мейрам болып саналады, сондықтан салтанатты түрде ашылады, оғанатақты спортшылар шақырылып, олардың өнері көрсетілед. Жарыстың қорытындысы шығарылып, жүлдегерлер марапатталады. Жарыстың басталуы және қорытындысы ата-аналарға, қоғамдық ұйымдарға, балаларға радио арқылы хабарланады. Ұйымдастыру жұмыстарын балабақша директоры, онын орынбасарлары және дене тәрбиесінің тәрбиешілері басқарады. Балалардың жарысқа қатысуын топ жетекшілері, бастауыш топтың тәрбиешілерімен басқа да балабақша қызметкерлері төрешілікке қатыстырылады.
Дене тәрбиесі тәрбиешіі сабағынан уақытша босатылған балалар мерекеге міндетті түрде қатысып, төрешілерге мүмкіндігінше көмектеседі, бірақ олар жарыстардан және жорықтардан босатылады.
Денсаулық күнінің негізі оның бұқаралығында, сондықтан мерекелерге барлық балалар қамтылады. Денсаулық және спорт күндерін театр, кино, көрме т.б. кездесулерге пайдалануға тыйым салынады.
Денсаулық және спорт күндерін өткізудің мазмұны.
І тоқсанда. Ауа райына байланысты бұл айларда денсаулық және спорт күндері таза ауада өткізіледі. Орта топтарда жаяу жорықтар, қозғалмалы ойындар эстефеталар т.б,. орта және үлкен топтарда туристік жорықтар, жер белдеріне байланысты бағыт анықтау жарыстары , саяқаттар, спорттық және қозғалмалы ойындар, күн жылы аймақтарда жүзу, өзендер мен көлдерде шомылу, ат спорты т.б. ұлттық ойындар өткізіледі.
II тоқсан - қараша-желтоқсан . Аймақтардағы ауа райы және
балабақшадардің мүліктік қорына байланысты гимнатикалық
эстафеталар жаяу жәве шаңғы жорықтары , бір орында тұрып
ұзындыққа, биіктікке секіру, арқанға өрмелеу, кермеде тартылу,
нығыздаған доп лақтыру сияқты залда ұйымдастырып,
жеңімпаздарды марапаттау, ойын түрлерінің қортындысы шығару
балабақша қауымының міндеті.
III тоқсан - қаңтар - ақпан. Бұл мерзімде жарыстар негізінен спорттың қысқы түрінен өткізіледі 1-2- топтарда алдын-ала дайындалған қар төбешіктерінен шанамен сырғанаудан топ аралық, жекешілік жарыстар өтізілсе, 3-4- топтарда шаңғы, коньки жарыстары және қозғалмалы ойындар өткізіледі. Жоғары топтарда шаңғы, коньки жарыстарымен, шанамен 1-2 күндік жорықтар өткізіледі. Денсаулық күнінде өткізілетін ойындардың түрлері жалпы білім беретін балабақша балаларының дене тәрбиесі бағдарламасында көрсетілген.
Жарыстар наурыз айында өткізілсе, ауа райының қолайлығына байланысты ойындарды таза ауада өткізуге болады. Жарыс бағдарламасына шаңғы, коньки, хоккей, төбешіктен шанамен сырғанау, спорттық және қозғалмалы ойындарды енгізуге болады. Ойындар мен эстафеталардың әр түрлері үсынылады.
Спорттық жарыстар.
Спорттық жарыстардың негізі жеңіл атлетикалық көп сайыстардан, дала жарысынан, футбол, баскетбол, волейбол, гандбол, асық, ат, бес тас, күрес эстафеталарымен қоса ережесі бар қозғалмалы ойындардан, шаңғы, коньки жарыстарынан тұрады. Бұл ойындар мен спорт түрлері балабақшаның мүліктік қорына, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дене тәрбиесінің әдіс-тәсілдері туралы
Дене шынықтыру жүйесі
Дене шынықтыру жүйесінің негіздері
Дене шынықтыру құралдары
Дене шынықтырудың қағидалары
Дене шынықтыру жүйесі қызметінің негізгі бағыттары мен шарттары
Қазақ халқы ұлттық дене шынықтыруының педагогикалық мәні
Мектепке дейінгі балалардың дене тәрбиесі
Дене шынықтырудың міндеттері
Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесі
Пәндер