Шәңгерей Бөкеев шығармалары



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік университеті

Шәңгерей Бөкеев шығармалары

Орындаған:Амангалиева Г.Т
Фил-23 топ студенті
Тексерген:Шайкенов Ж.Ж

Орал,2020ж
Жоспар:
I.Кіріспе бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1.1Шәңгерей Бөкеевтің өмір жолы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
1.2Шәңгерей Бөкеевтің ақындығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
II.Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.1Ақын шығармаларының көркемдік ерекшелігі ... ... ... ... ... ... . ... ... ..7
2.2Ақын өлеңдерін талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
2.3Ақын шығармашылығы жайында ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
III.Қорытынды ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ..16

Кіріспе
Шәңгерей Сейіткерейұлы ақтаңдақтар қатарына ілініп, көп жылдар бойы халқымыз көз жазып қалуға айналған көрнекті ақынымыздың бірі - XIX ғасыр қазақ әдебиетінің ірі өкілі, өз дәуіріндегі ақындық өнерде өзіндік үлесі, өшпес орны айқын қайталанбас қаламгер. Сонымен бірге ол - қазақтың жазба әдебиетін өркендету, оның озбырлығы мен көркемдігін жетілте түсу жолында елеулі еңбек еткен шын мәніндегі профессионал жазушы да. Бірақ, жетпіс жылдан астам тарихы бар кеңестік мәдениетіміздің назарына жете ілінбей, шығармасы көмескі қалпында қалып, орынсыз кінәлар тағылып, тарихи бағасына ие бола алмаған асыл сөздердің авторының бірі - осы Шәңгерей.Ол адам жанының құпия сырларын аша-ақтара жыр шерткен ең сезімтал лирик, қазақтың адамгершіл, сыршыл, мәнді де мәнерлі поэзиясының аты әйгілі ақыны.

1.1Шәңгерей Бөкеевтің өмір жолы
Шәңгерей Сейіткерейұлы ақтаңдақтар қатарына ілініп, көп жылдар бойы халқымыз көз жазып қалуға айналған көрнекті ақынымыздың бірі - XIX ғасыр қазақ әдебиетінің ірі өкілі, өз дәуіріндегі ақындық өнерде өзіндік үлесі, өшпес орны айқын қайталанбас қаламгер. Сонымен бірге ол - қазақтың жазба әдебиетін өркендету, оның озбырлығы мен көркемдігін жетілте түсу жолында елеулі еңбек еткен шын мәніндегі профессионал жазушы да. Бірақ, жетпіс жылдан астам тарихы бар кеңестік мәдениетіміздің назарына жете ілінбей, шығармасы көмескі қалпында қалып, орынсыз кінәлар тағылып, тарихи бағасына ие бола алмаған асыл сөздердің авторының бірі - осы Шәңгерей.Ол адам жанының құпия сырларын аша-ақтара жыр шерткен ең сезімтал лирик, қазақтың адамгершіл, сыршыл, мәнді де мәнерлі поэзиясының аты әйгілі ақыны.
Шәңгерей Сейіткерейұлы Бөкеев 1847 жылы Батыс Қазақстан облысы, Бөкей ордасы ауданы, Жасқұс деген жерде туып, 1920 жылы сол облыстың Қаратөбе ауданы Ақбақай деген жерінде қайтыс болады. Шәңгерей - Жәңгір ханның немересі. Шәңгерей 5 жасқа келгенде әкесі қайтыс болып, шешесі Ермектің тәрбиесінде қалады. Әйтсе де ол жетімдік көрмейді. Ата дәулетінің арқасында жасынан оқып, ғылымға қолы жетеді. Астраханда реальдық училищені бітіргеннен кейін, Орынбордағы әскер бастықтарын даярлайтын кадет корпусына түседі. Бірақ Шәңгерей онда екі-ақ жыл оқиды. Ағаларының күшімен Самара губерниясында мировой судья болып біразырақ істейді де, ол қызметін тастап, өз еліне келеді. Бұдан кейін кеңсе жұмысына араласпай, өзіне меншікті жер алып, Самар губернаторындағы дворяндардың тізіміне тіркеледі де, қалған өмірінің көпшілігін өз имениесінде өткізеді. Орданың Жәнібек жағында Көлборсы деген жерді өзіне қаратып алады да, онда бау-бақша, алма ағашын ектіріп, сәнді үйлер салғызады. Өз қарауында 40-50 үй қоңсылары болады. Қоңсыларына егін салдырып, егіске машиналар да қолданады. Сарытау (Саратов) мен Самара аралығындағы ата-қонысы Көлборсыда өмір кешеді. Аңшылық-саятшылықты, табиғат сұлулығын, ән-күйді, көркемсөз өнерін ұнатады, өзін-өзі үнемі рухани жетілдіріп отырады, өлеңдер жазады. 1917 ж. Көлборсыдан көшіп, қазіргі Ақжайық ауданы жеріне келеді. Шығармалары 1911-12 ж. Шайыр, Көксілдер, 1926 ж. 23 жоқтау жинақтарында жарық көрген. 1934 жылы жеке жинағы, кейінгі жылдарда шығармалары оқулықтар мен жинақтарда жарияланып отырды.
Халық өмірімен біте қайнасып, араласып отырған ол, Ғұмар Қарашты ауыл балаларына оқытушы етіп ұстайды. Оған орыс тілін үйретіп, орыс роман, повестерін мазмұндап береді. Ғұмар оны малшы шаруаларға әңгімелеп отырады. Шәңгерей бірқатар орыс ақын-жазушыларының шығармаларын М.Лермонтовтың Қашқын поэмасы т.б. қазақ тіліне аударған. Бөкеев ел аузындағы әдеби мұраларды жинақтап, оны бастырып шығаруға қамқорлық жасайды. Жазықсыз жапа шеккен Қубала ақын сияқты бұқара халық өкілдеріне қолұшын беріп отырады. Оралда Қазақстан газетін шығаруға атсалысады. Бөкеев қазақ поэзиясында өзіндік өрнегі айқын, сыншыл лирик әрі философ ақын. Үш ғасыр жырлайды және Бес ғасыр жырлайды топтамаларына өлеңдері енген.
Өзі көбіне аңшылыққа әуестеніп, неше түрлі құс, жақсы тазы иттер ұстайды. Әрқайсысының бабын тауып, тілін білуге тырысады. Қысы-жазы ит жүгіртіп, құс салып, аңшылықпен айналысады.
1.2Шәңгерей Бөкеевтің ақындығы
Шәңгерейдің бізге белгілі шығармалары әлеуметтік өмірдің әр түрлі жақтарын қамтиды. Отаршылдық салдарынан туындап жатқан өзгерістерді көре білген ақын бұрынғы хандық дәуірдегі өмірді аңсайды. Оның қоғамдық ой-пікірлері, топшылаулары бірде өмір шындығын айқын көрсетсе, бірде өткенге алаңдау сарынында келеді. Жер-судың құты кетті, сәні кетті, бәрі адыра қалды. Ақын өз кезіндегі жаңалықтардың бәрін бірдей қабылдай бермеген. Қазақ даласындағы ел билеудегі жаңалықтар мен заң, тәртіптер, біртіндеп еніп жатқан капиталистік қарым-қатынастар, отаршылдық, сауда-саттық, халықтың жерден қыспаққа ұшырауы сияқты өзгерістер Шәңгерейдің көз алдында өтіп жатты. Бұрынғы хан ордасындағы ата-баба билігі мен беделі жайлы ұғым-түсініктер оның ақындығын сол бағытта оқшаушырақ қалыптастырды. Бұл кезеңде хан тұқымдарының да еркіндігі шектеле бастаған еді. Ақынның:
Құйрық атып құлия,
Түлкідей қашқан жымия.
Қаранды үзіп барасың,
Бізден де, қайран дүния...
деуі содан туған. Сондықтан да ақын бұрынғы ата-баба дәуірі еркіндік дәуір еді, ешкімге тәуелді емес едік, дегенді білдіреді. Ағасын ақылдың артық асқармен тең өлеңінде ұлы дүбір шықса қалмас едім,ел тәуелсіздігі үшін аттанармын дейді.Хан тұқымдары арасында Абылай ханның ел тәуелсіздігі үшін еткен тарихи еңбегі дәріптеліп, есімі қастерленді.
Ақынның өмір мен өлім туралы пәлсапалық толғанысынан өмір шындығының елесі көрінеді. Ол тумақ, өлмекті табиғи құбылыс ретінде түсінеді. Бұл ойын өлеңінде лирикалық бейне арқылы жеткізеді. Барлық қауіп-қатерді себеп-салдарлы түрде көрсетеді. Өмірдің өтуі өлеңінде қырдағы құланың аман жүрмегі жоқ, құдыққа құлан құласа, құлағында құрбақа ойнар, суға құлан шұбырса, жолын тосқан жолбарыс жүрегін жұлып, жем етер. Ол да аман қалмайды. Бөкен терісін бөрік еткен, сексеуілді күрке еткен мерген жалғыз оқпен оның да қазасын жеткізеді. Мерген де ажалдан құтылмайды. Кім болса да ажал оғынан құтылмақ емес дейді. Өз заманындағы әлеуметтік құрылысқа жатырқай қараған ақын алдағы болашақтан үміт күтпейді. Ақын ескі қоғамдық құрылыстың күйреуін белгілі мөлшерде өз басының да трагедиясы деп түсінетін сияқты.
Бұл сөздерінен де өмірдің өтуі, ескінің өтіп, жаңаның келуі, елді аузына қаратқан ерлердің, көзден тайса, көңілден кететінін айтып, торыққандай болғанын көреміз.
Шәңгерей шығармаларында өнер, ғылым, білім тақырыбы ерекше жырланады. Ол ғылым жетістігінде үлкен сеніммен қарайды. Қоғамның дамуы үшін қажет шарттардың бірі - ғылым екенін ұғындыруға күш салады. Жастарды оқуға, ғылыммен шұғылдануға шақырады.
Ғылымға ұмтылушы жастарға Шәңгерейдің үлгі еткені - Бұхарда, Казанда оқып келген қазақ-татар молдалары емес, дүние жүзіне әйгілі ғалымдар. Ол атақты ағылшын ғалымы Эдиссонды (1847-1931) үлгі етеді. Эдиссон Томас Алва - американың атақты физигі, электротехника мен байланыс жөнінде көп жаңалықтар ашып, түрліше құрал-аспаптар ойлап шығарған ғалым.
Сонымен қатар ғылымға бөгет жасайтын надан молдаларды шенейді. Ақын Эдиссонға арнаған өлеңінде ғылым мен надандықты бір-біріне қарама-қарсы қояды. Ғылымды бұтағы көп, жемісі мол, биік шынар бәйтерек бейнесінде суреттеп, ғалымның әр саласын сол бәйтеректің жемісі ретінде бейнелейді.
Ақын ғылымның қоғамдық маңызын көпшілікке түсіндіруді оқыған адамға міндет етіп қояды.
Шәңгерей өлеңдерінде өмірдің әр кезеңдерінің суреті бар. Ол бес, он жеті, жиырма алты жастағы өмірді суреттеп, балалықтың, жігіттіктің, егде тартқан шақтың бейнесін айна қатері көрсеткен.
Негізгі бөлім
2.1Ақын шығармаларының көркемдік ерекшелігі
Шәңгерейдің ақындық талғамы, қоғам өміріне қояр талабы, дүниетанымы өзі тұстас қазақ ақындарынан өзгеше еді десек, бұл өзгешеліктердің түп төркінін біз аталмыш орыс, Европа мәдениетінен, әдеби көріністерінен, өнер өрнектерінен табамыз.
Шәңгерейдің шығармаларына арқау боларлық ортақ бейне - оның ақындық мені. Ол барлық шығармаларында өзінің жайын, өмір жолын дүниеге келгеннен кейінгі бастан кешкендерін айтар ойын ұштастыра отырып, образдар арқылы терең толғайды. Кейде өз атынан сөйлей отырып, оны басқа бір жанама хайуанат өміріне немесе соның тағдырына, әдет-мінезіне, іс-әрекетіне ауыстыра бейнелейді. Ақынның бұлайша суреттеулері аллегориядан гөрі, кейіптеуге, салыстырмалы бейнелеулерге ұқсас. Ол айтар ойларын қаз қалпында туралап баяндаудан гөрі бейнелі сурет жасауға әуес. Жазушының мақсаты нағыз көркемдікке ұмтылу, шын мәніндегі көркем сөз өнері туындысын жасап, соны қазақ әдебиетіне енгізу болатын. Ақынның бұл қадамдары нәтижесіз болған да жоқ. Шәңгерей әдебиетімізге шын мәнінде бейнелі, пернелі, сұлу суретті поэзиясымен жаңалық қосқандардың бірі болды.
XX ғасыр басындағы орыс поэзиясында реалистік әдебиет өкілдеріне қоса, романтизм ағымы өрге басады. Оған жалғас көркемөнер, әдебиет туралы жаңа көзқарастар пайда боп, мүлде өзгеше ағымдар туындайды. Айталық, акмоизм, футуризм, натурализм, импроссионизм, иможенизм, т.б. ағымдар эстет жазушыларды туғызады.
Аталмыш ағымдардың пайда болуының тарихи әлеуметтік себептері болды. Әдебиет - көркемөнердің негізгі бір түрі деп есептеген акмоизм ағымының өкілдері, эстеттер - әдебиет - әдебиет үшін, көркемөнер - көркемөнер үшін, - деген қағида ұсынып, әдебиеттің тек жалаң сұлулықты, табиғатты, махаббатты жырлауын мақсат етті. Дворяндардан шыққандар деп аталатындар ішінен Ф. И. Фет, А. А. Тютчев деген күшті ақындар шықты, бұларға қазақтың Шәңгерей, Бернияз, Мағжан сияқты ақындары еліктеді. Асылы, аталмыш қазақ ақындарының рухани талғамдарына жоғарыда сөз болған орыс ақындарының туындылары сай келіп, олар поэзияның көркемдігін, сұлулықты жырлау міндетін бірінші орынға қойды.
Шәңгерейдің қоғамдық мәселеге қалам тартпауының себебі, жоғарыда аталған орыс ақындарының тікелей ықпалы екені сөзсіз.
Біз жоғарыда ақындық Мен Шәңгерей шығармаларының жібек арқауы, өлең өрімдерінің өзегі сияқты тартылғанын ескерткенбіз. Ақын Мен деген сөзге философиялық мән беріп, оны дүниенің өзгерісіменғ дәулеттің тұрақсыздығымен, өмірдің өткіншілігімен байланыстырады.
Шәңгерейдің шығармалары - терең ойлы, ұшқыр қиялға толы туындылар. Адамның ақылы, ойы шексіз, қиялы қанатты болатынын шебер бейнелейді. Таудағы тас ұядан атты өлеңін алсақ болады. Шәңгерейдің лирикалары - махаббат сезімі дүниесін кең қамтитын шығармалар. Өз өмірінің деректеріне негіздей немесе өзіне меншіктей отырып, құмарлық мәселесін құштарлана жырлады. Жеке басының құмарлығынан бастап, махаббаттың жастарға тән өзегін өртер жан азаптарын толғады. Осылайша махаббатқа деген өз талғамын қалыптастырды. Бұл мәселеде ол өз тұстары - Біржан сал, Ақан серілермен үндесті.
Әрбір ақын сияқты Шәңгерей де өзінің туған жеріне, өскен өңіріне деген махаббатын танытқан. Қайран жерім, Көлторғай, Көлборсы, Нарын туралы толғаулары айтылмыш мақсаттарға арналған.
Шәңгерей сауық-сайран қуып, тек қана серілік өмірді уағыздаған ақын десек, ол да біржақты болар еді. Ақын жігерлі жастар айналысар өнер жолдарын нұсқайды. Техникасы ілгері, өнерлі елдердің жетістіктерін үлгі етіп, оқуға, ғылымға баулиды. Ғылым, Эдиссон атты өлеңдер де жазады.
Шәңгерей шығармалары өзінің суреткерлігі, образдылығымен ерекшеленеді. Ақын лирикалары адам бейнесін, кескін-келбетін, сыр-сымбатын оның көңіл-күйіне, ішкі дүниесіне ұштастыра бейнелеуге шебер. Сүйген сұлу, асыл жар сияқты арулардың сыр-сымбаты, табиғаттың тамаша құбылысы, тамылжыған көктем, жадыраған жаз, шалқар көл, жасыл жапырақ суреттері - нағыз шебер қыл қаламынан туғандай бояуы қанық, үлкен ойға жетелейді.
Ақын өлеңдері өзінің құрылысы жағынан қазақтың үйреншікті қара өлеңі мен толғау термелері үлгісінде келгенмен, өзіндік сөз қолданысы, ұйқас, ырғақ, шумақ формалары бар шығармалар. Жазба әдебиетке тән анафора, эпифора сияқты сәнді жолдар да аз емес. Поэтикалық тілінде де өзіндік өрнектер, дәстүрлі образдардың қолданыс өзгешеліктері көп кездеседі.
2.3Ақын өлеңдерін талдау
Шәңгерей - ең алдымен лирик ақын. Өмірдің өтуі, Бір күнде жас көңілім судай тастың, Алла яр, Қорытынды т.б. өлеңдері - азаматтық (саяси) лирика. Бұл өлеңдерінде ақын өмір, заманның ағымы туралы өзінің наным-сенімдерін, жалпы дүниеге көзқарасын аңғартады. Ақынның философиялық, сүйіспеншілік тақырыбына арналған лирикалық өлеңдері де бар. Оқыған, ойлы, саналы ақын өмірдің әр алуан құбылыстарын өзінше бақылай келіп түйгені - өмірдің әрдайым өзгеріп отыратындығы. Шәңгерей, сөз жоқ, дарынды ақын және оның өлеңдерінде романтикалық сарын айқын сезіледі.
Оның эстетикалық талғамының нәзіктігін танытар орны ерекше шығармасының бірі Қосаяқ және Құйрық атып құлия өлеңдері. Бұл өлеңдерінде қолданылған сөздер ақынның сипаттама образдарындағы нәзіктік, биязылығымен де әсерлі көрінеді. Ақынның бұл өлеңдеріндегі суреттеулер тиянақты оймен суреттелген.Қосаяқ - Нарын құмында көп болатын кішкене ғана жәндік. Ақын оған арнаған өлеңін өзінің балалық шағы, өткен өмірімен байланыстырады. Қосаяқтың үздік портретін жасайды. Қосаяқ - қазақ әдебиетіндегі ең жақсы, ең керкем жасалған портреттің бірі. Шәңгерей өлеңдерінде көркем сөз құралдарының басқа түрлері де кездеседі. Мысалы, архаизм немесе басқа тілден енген сөздер. Өлендерінің көбі өткенді жырлауға арналғандықтан, архаизмдердің кездесуі табиғи құбылыс, ал басқа тілден енген сөздер көбінесе араб, парсы тілдерінен алынған, себебі Шәңгерей орыс тілімен қатар осы тілдерді де жақсы білген. Шәңгерей өлеңдерінің көркемдік қасиеттерінің бір тамыры дыбыс әуезділігінде жатыр. Шәңгерейдің бізге қалдырған бұл екі өлеңінің сапасы мығым туындылар деуге болады.
Ақынның өмір мен өлім туралы пәлсапалық толғанысынан өмір шындығының елесі көрінеді. Ол тумақ, өлмекті табиғи құбылыс ретінде түсінеді. Бұл ойын өлеңінде лирикалық бейне арқылы жеткізеді. Барлық қауіп-қатерді себеп-салдарлы түрде көрсетеді. Өмірдің өтуі өлеңінде қырдағы құланың аман жүрмегі жоқ, құдыққа құлан құласа, құлағында құрбақа ойнар, суға құлан шұбырса, жолын тосқан жолбарыс жүрегін жұлып, жем етер. Ол да аман қалмайды. Бөкен терісін бөрік еткен, сексеуілді күрке еткен мерген жалғыз оқпен оның да қазасын жеткізеді. Мерген де ажалдан құтылмайды. Кім болса да ажал оғынан құтылмақ емес дейді. Өз заманындағы әлеуметтік құрылысқа жатырқай қараған ақын алдағы болашақтан үміт күтпейді. Ақын ескі қоғамдық құрылыстың күйреуін белгілі мөлшерде өз басының да ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жәңгір ханның немересі
Ш. Бөкеев пен Ә. Тәңірбергенұлының шығармашылық өмірбаяны. Ш. Құдайбердіұлы шығармашылығының философиялық сипаты. М. Сералиннің өмірбаяны. Жаңа әдеби жанрлардың тууы мен қалыптасуы
Шәңгерей Сейіткерейұлының өмірімен шығармашылығының қалыптасу жолы
Шәңгерей Сейіткерейұлы Бөкеев
Шәңгерей Бөкеев
Шәңгерей Сейіткерейұлы Бөкеев (1847-1920)
ХХ ғасыр басындағы әдеби процесс және символизм
Ш.Жәңгіровтың өмірі мен шығармашылығы (ғылыми мақала). Ғ.Қараштың ізденіс жылдары
ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің тарихы
Қ. Жұмалиев және Махамбеттану мәселелері
Пәндер