Оқушыларды салауатты өмір салтына тәрбиелеу жолдары


КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: «Оқушыларды салауатты өмір салтына тәрбиелеу жолдары»
Мазмұны
Қосымша . . . 38
Кіріспе
Қазіргі кездегі тіршілік деңгейінің құлдырауы және экологиялық қолайсыздық Қазақстан Республикасының өскелең ұрпақтың денсаулығына кері әсерін тигізуде. Осы ретте, елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан - 2030» бағдарламасындағы ұзақ мерзімді басымдықтың бірі - «Мемлекетіміздегі азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл ауқаты тармағында» және кезекті Жолдауында салауатты өмір салтын қалыптастыруды айрықша көңіл бөлу қажеттілігі көрсетілген [1; 25] .
Бүгінде білім беру мекемелерінің алдында тұрған міндеттердің бірі - жас ұрпақтың салауатты өмір сүруге көзқарасын қалыптастыру, олардың денсаулығын сақтауға, қоршаған ортаны таза ұстауға және жоғары, сапалы білім алып, сол білімді келешектегі өмірінде пайдалана білуге тәрбиелеу.
Адамның ақыл-ой интелектісін оның білімділік деңгейінен байқауға болады. Білім - ақыл-ойдың бастапқы түрткісі және негізгі құралы, әрі көрсеткіші болғандықтан, әрбір адам салауатты өмір сүру үшін біріншіден, ақыл-ойын жетілдіру керек; екіншіден, материалдық жағдайын түзеуі тиіс, ол үшін адал еңбек етуі қажет. Оқушыларды жеке және қоғамдық гигиеналық дағдыларына тәрбиелеу - олардың денсаулықтарын қорғауда тұрмыстық, қоғамдық мінез-құлықтарының дұрыс қалыптасуында маңызды орын алады.
Салауатты өмір салтын қалыптастыру ұзақ үрдіс, бірақ бұл нағыз денсаулықты сақтайтын және нығайтатын жолдардың бірі. Ол оқушылардың өз денсаулығын сақтауға жауапкершілігін едәуір дәрежеде арттырады. Академик Н. М. Амосов айтқандай: «Денсаулығың мықты болуы үшін өзіңнің күшің болуы қажет, оны ешнәрсемен ауыстыруға болмайды» [2] . Салауаттану түрлі жас ерекшеліктері кезеңдерінде денсаулық пен салауатты өмір сүру деген орнықты өмірлік көзқарасы бар адамды тәрбиелеу мен оқыту мәселесін зерттейді. Адамдардың организміндегі физиологиялық өзгерістерді, олардың өзара әрекеттесуін, организмнің қоршаған орта әсеріне қайтаратын жауабына бейімделу реакцияларын қамтамасыз ететін морфологиялық және функционалдық тұрақтылығын зерттей отырып, нозологияға дейінгі күйді анықтау. Адамдардың денсаулық деңгейін жүрек, қан тамырлар жүйесінің қызметтік күйін сипаттайтын қарапайым физиологиялық көрсеткіштер арқылы бағаланды. Оқушылардың денсаулығына әсер ететін факторлар өте көп, сол себептен оларды салауатты өмір салтына үйрету қажет.
Салауатты өмір салтына тәрбиелеу оқу-тәрбие үрдісіндегі басты мәселелердің бірі болып отыр. Бұл мәселе тегін көтеріліп отырған жоқ. Себебі, ерлердің 57%-ы, әйелдердің 34%-ы, жастардың 40%-ы, шылым тартса, ересек адамдардың 65%-ы үнемі арақ ішеді екен. Мектеп оқушыларының 17, 5%-ы нашакорлыққа ауызданған. Ал экологиялық нашар ахуал бүгінде адам өлімінің 20%-на себеп болып отыр. Сол себептен зерттеуіміздің өзектілігі анықталып отыр.
Зерттеудің мақсаты: оқушыларды салауатты өмір салтына тәрбиелеу жолдарының жолдарын айқындау.
Зерттеудің міндеттері:
- оқушыларды салауатты өмір салтына тәрбиелеудің ғылыми-теориялық негіздерін айқындау;
- оқыту үдерісінде оқушыларды салауатты өмір салтына тәрбиелеудің қазіргі жағдайы мен педагогикалық мүмкіндіктерін анықтау.
- оқушыларды салауатты өмір салтына тәрбиелеу және ынталандыру жолдарын анықтау.
Зерттеу нысаны: оқушыларды салауатты өмір салтына тәрбиелеу жолдары.
Зерттеу пәні: педагогикада оқушыларды салауатты өмір салтына тәрбиелеу үрдісі.
Зерттеудің құрылымы: кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.
- Оқушыларды салауатты өмір салтына тәрбиелеудің теориялық негіздері
1. 1 Салауаттылық ұғымына анықтама
Салауатты өмір сүру салты дегеніміз - био-әлеуметтік категория Салауатты өмір сүру салты - интегратифті түрде қалыптасады және адамның іс-әрекетіне байланысты болады. Салауатты өмір сүру салты - шаруашылық күнделікті үй тұрмысы, материалдық және рухани формаларын қанағаттандыру үшін қоғамдық ұйымдарда өзін-өзі ұстай білу, қоғамдық тәртіппен санасу, артық сөз айтпау, орынсыз саясатпен айналыспау, кез-келген адамдарды жамандамау, біреуді біреуге шағыстырмау, өзін ақылды деп есептеп, басқаларды ақымақ ретінде көру, ата-анамен баланың тәрбиелі қарым-қатынасы, тазалық гигиенасын сақтау, ұтымды тамақтану, зиянды әдеттерден аулақ болу, спортпен шұғылдану тағы басқалар жатады.
Салауатты өмір сүру салтын сақтау әр азаматтың ойы мақсатының бірі. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың еліміздің халқына жолдауында 2030 жылға дейін экономикалық - әлеуметтік биіктерге көтерілу үшін рухани байлықтың, денсаулықтың қажеттігі атап көрсетілгені мәлім [3] . Сондықтан, Жолдаудағы салауатты өмір салтын қалыптастыру, оны насихаттау шараларын белсендірек жүргізгеніміз абзал. Әсіресе жас ұрпақтың бойына тазалық пен сергектікті орнықтыру - біздің міндетіміз. Сондықтан да басты міндеттердің бірі - балалардың ауырмауға, денсаулықтарын күтуге, салауатты өмір салтын ұстауға, гигиеналық дағды жан мен тән саулығы жан-жақты даму, қабілетін көтеру, ата-ана мен баланың бір-бірін тануға үйрету, үлкендерді сыйлау осы міндеттерді атқару үшін оқу орындарында валеология пәні енгізілген.
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде: «Салауатты» сөзінің мәні - парасатты, байыпты, ақылды, ойлы, білімді және сабырлы - деген мағынаны білдіреді [4; 56] . Бұл түсіндірмелер өз кезегінде салауаттылық сипаттамасын, оны қалыптастыру жөніндегі ұстанымның ауқымын кеңейтеді.
1997 жылға дейін ғылым аясында, салауаттанудың қандай ғылымдар жүйесіне жататын, оның жеке ғылым ретінде қарастырылу құқығының бары немесе жоқтығы жөнінде пікірталастар жүріп отырды. Профессор В. В. Колбановтың айтуы бойынша «салауаттану білімі - денсаулық, білім алу үшін, ал білім - денсаулықты сақтау үшін сөзіне негізделу керек» - дейді. Одақтас елдердің ғалымдары Ж. Ж. Руссо, А. Н. Радишев Е. Е. Лунина, Э. И. Вайнер, Н. Б. Закарович, Л. А. Каратаева, С. А. Корочкина, В. В. Кожанов, Н. Н. Волоков және тағы басқа да көптеген ғалымдардың өз зерттеулеріне негіз болып және де курстық жұмысықа басты бағыт-бағдар болады [5; 89] .
Салауатты сөзінің негізгі мағынасы - парасатты, байыпты, ақылды, ойлы, білімді, зерделі және сабырлы деген ұғымды білдіреді. Қоғамымыздағы адамзаттың өмірінің аяғына дейін денсаулығының мықты болуы қоршаған ортаның тазалығына байланысты.
Адам туралы ғылымның жаңа бағыттарының бірі - салауаттану, бұл «денсаулық» деген мағынаны білдіреді. Сондықтан салауаттанудың негізгі зерттеу нысаны - адамның денсаулығы. Салауаттану кіріктірілген ғылым болғандықтан, ол физиология, психология, биология, медицина, педагогика, экология және тағы басқа ғылымдармен тығыз байланысты. Бұл ғылымның негізін салушы И. И. Брехман «денсаулық» ұғымына жаңаша мән берді.
Профессор А. А. Остроумовтың айтуынша «денсаулық дегеніміз бұл организм күштері мен қоршаған ортаның арасындағы тепе-теңдік күйі». Кіші медициналық энциклопедияда денсаулыққа берген сипаттама мынадай: «денсаулық дегеніміз организмнің табиғи күй, яғни қалыпты, өзін-өзі реттей алатын, барлық мүшелер жүйесі үйлесімді қызмет атқаратын қоршаған ортамен динамикалық тепе-теңдікте болатын күй» [6; 87] .
Профессор В. П. Казначеев «денсаулықты - физиологиялық, биологиялық даму, сақтану үрдісі және адамның өмір сүруіндегі әлеуметтік белсенділігі» деп таниды [7; 53] .
Барлық ғылым сияқты салауаттанудың өзіндік даму жолы бар. Салауаттанудың даму тарихы ежелден басталады, әрі ол медицинамен тығыз байланысты. Денсаулықты сақтау жөніндегі көптеген мәліметтер бізге Жердің түкпір-түкпірінен жинақталған қолжазба, сурет, әдет-ғұрып, философиялық, діни және көптеген ғылыми мектептердің ізденуі арқылы жетті.
Қоғам дамуының барлық кезеңдеріндегі адамның аурумен күресуі емдеу амалдарын ізденумен, халықтық және ғылыми медицинаның дамуымен сипатталады. Қазіргі клиникалық медицина негізінен аурулардың себептерін айқындауға және емдеу амалдарына көбірек көңіл бөлуде. Егер медицина тек ауруларды емдеу жолдарымен ғана айналысса, салауаттанудың негізгі мақсаты - денсаулықты сақтау мен нығайту - салауаттанудың алдын алу, яғни ауруды болдырмайтын дене күйін қалыптастыру.
Сондықтан салауаттанудың негізгі міндеті - денсаулықты зерттеу, әртүрлі ауытқуларды, мүшелердің қызметі бұзылғанын ерте анықтап, салауатты өмір сүруді қалыптастыру арқылы дер кезінде аурудың алдын алу. Сонымен, салауаттану - адамның денсаулығын сақтау мен оны нығайту туралы ғылым. Кейде оны сау адамдардың денсаулығы туралы ғылым деп те атайды. Бірақ бұл дұрыс емес, себебі науқастарда да денсаулығын сақтауға үйретуге тиіс.
«Салауаттану» термині қазір барлығына мәлім, бірақ көп адамдар әлі оның мақсаты мен міндеттерін, дамуын, ғылыми жетістіктерін біле бермейді. Алайда қазіргі уақытта салауаттанудың міндеті мен мақсатын көпшілік қауымға түсіндірудің қажеттілігі туындап отыр.
Профессор Г. К. Зайцевтің тұжырымдауы бойынша «салауаттану - бұл адамның денсаулығын салауатты өмір сүру арқылы сақтап қалу» [8; 46] . Салауаттану - салауатты өмір сүруді қалыптастырудың ғылыми негізі.
Педагогикалық салауаттанудың даму негіздеріне тоқталсақ, 1980 жылы орыс ғалымы И. И. Брехман денсаулық жөніндегі жаңа ғылымның негізін жасау қажеттігін ұсына отырып, қолданысқа «валеология» терминін енгізді. «Валеология» (латын тілінен аударғанда valeo - денсаулық, «дені сау болу», logos - ілім, қазақша «салауаттану») - дені сау адамның денсаулығын сақтау жөніндегі ғылым [9; 32] .
Әдетте адам денсаулығы жөнінде сөз қозғағанда, ол адам организмінің жай-күйін бақылап, оның саулығын сақтауды және оны нығайтуына жағдай жасайтын, ауруды сауықтыратын, ауру түрлерінің алдын алуды өз міндеті ретінде дәрігерлердің зерттеу нысаны деген түсінік туады. Бірақ валеолог - ғалымдар «салауаттануды адам денсаулығы және салауатты өмір жөніндегі ғылым» деп атап көрсете отырып, бұл медициналық емес, педагогикалық ғылым деп тұжырымдады. Солардың бірі - Л. Г. Татарникова өз зерттеуінде «салауаттануды салауатты өмір сүру салтына деген профилактикалық сананы қалыптастыруға, әрбір тұлғаның денсаулығын және оның құндылықты көзқарасын дамытатын, тұрақты мінез-құлқын қалыптастыратын негізгі әлеуметтік институт - отбасының беделін қалпына келтіруге жетелейтін педагогикалық гуманистік білімнің маңызды бөлшектерінің бірі тұрғысынан қарастырды». В. П. Петленко: «салауаттануды адамның өз денсаулығын нығайтудағы өзіндік күш жігері мен жеке даралығының дамуына мүмкіндік жасайтын ғылым» - деп есептеді [10; 21] .
Р. Артоманов және В. В. Колбанов салауаттануды идеология деп қарайтын ғалымдардың пікірлеріне сын айтады: «Ешқандай ғылым жалаң жерде пайда болған жоқ. Кез келген ғылымның дамуына басқа ғылымдардың тәжірибелері себеп болған, сондықтан салауаттануды жасауда қолданылған ғылыми тұжырымдаманың қалыптасуына үлес қосқан клиникалық медицинаның, гигиенистердің, физиологтардың, биохимиктердің, генетиктердің және басқа да ғылым салаларының алдыңғы қатарлы ғалымдар мен практиктерінің рөлін ұмытқанымыз жөн болмас» [11; 20] .
Салауаттану мәселесін талқылай отырып, ғалымдар «салауаттану кешенді ғылым» деп қарастыруда. И. И. Брехман өзінің еңбегінде, «салауаттану денсаулыққа экологияның, биологияның, медицинаның, педагогиканың және басқа да ғылымдардың қосатын үлестерін «синтездеп», денсаулыққа тіке жол салуы керек» деген тұжырым айтады [12; 79] .
В. Д. Санькин және В. В. Зайцев «салауаттануды физиологияға, гигиенаға, психологияға, педагогикаға, антропологияға, сондай-ақ адамның физикалық және психологиялық қабілеттіліктерін, олардың даму заңдылықтарын, сонымен қатар физикалық, психологиялық және адамгершілік-рухани денсаулығын нығайту мақсатындағы оларды жетілдірудің тәсілдерін зерттейтін басқа да адам жөніндегі ғылымдарға негізделген, адам денсаулығы және дені сау адам жөніндегі кешенді ғылым» деп түсінеді [13; 43] .
Өмір сүру салты дегеніміз - әрбір жеке адамнан бастап, бүкіл қоғамның қалай еңбек етіп, қалай тұрмыс құрып, бос уақытында демалатыны, қысқасы, олардың қалыптасқан өмір тіршілігі, яғни, адамның өмір сүру салты қандай болса, өзі де сондай, өмір сүру салты тұлға мен қоғам деңгейінің прогресті даму көрсеткішінің категориясы.
Салауатты өмір сүру салты тұлға және адам деңгейінде болуы әлеуметтік экономикалық жағдайларға байланысты болады, адамның психикасына, денсаулығына, ағзаның функционалды-биологиялық қасиеттеріне де байланысты. Биологиялық ерекшелігіне байланысты салауатты өмір сүру салты бір келкі болады.
Әр адам өзіне тән қалыптасқан өмір салтымен тіршілік етеді. Ол ұрпақтан-ұрпаққа ген арқылы беріліп отыруы мүмкін. Осыған байланысты салауатты өмір сүру салты 3 категорияға бөлінеді:
1. Салауатты өмір сүру деңгейі.
2. Салауатты өмір сүрудің сапасы.
3. Салауатты өмір сүрудің стилі.
Салауатты өмір сүру деңгейі - экономикалық категория. Адамның материалдық және моральдық-рухани қажеттілігін толығымен қамтамасыз ету.
Салауатты өмір сүру сапасы - әлеуметтік категория - үй-іші қызмет істейтін орындар (оқу орындар, мектептер) неше түрлі адам денсаулығын қамтамасыз ететін комфортты мебельдер мен лабороториялық жабдықтармен қамтамасыз етілуі.
Салауатты өмір сүру стилі - әлеуметтік психологиялық категория - адамның қоғамдық орындарда өзін -өзі ұстап және көрсете білу .
Салауатты өмір сүру деңгейі мен салауатты өмір сүру сапасы эквопотенциалды болып келеді. Сондықтанда адам денсаулығының жақсы және жаман болуы салауатты өмір сүру стиліне байланысты. Ал салауатты өмір сүру стилі тарихи және ұлттық дағды -дәстүрлер арқылы қалыптасады. Тағыда тұлғаның бейімділігіне байланысты болады .
Салауатты өмір сүру салтының негізгі биологиялық және әлеуметтік принциптері:
Биологиялық принцип:
- салауатты өмір сүру салты адамдардың жас ерекшеліктеріне;
- салауатты өмір сүру салты энергетикаға;
- салауатты өмір сүру салты эстетикалық қызметке;
- салауатты өмір сүру салты ритмикалық үрдістерге;
- салауатты өмір сүру салты денсаулықты арттыруға байланысты болуы керек.
Әлеуметтік принциптер:
- салауатты өмір сүру салты және эстетикалық қызметті;
- салауатты өмір сүру салты рухани түрде жеткіліктілікті;
- салауатты өмір сүру салтының еріктігін дамытуды;
- салауатты өмір сүру салтында адамның үшінші жағдайда болмауын қамтамасыз ету [14; 85] .
Сонымен, еліміздің кез келген азаматы салауатты өмір сүру үшін парасатты, зерделі және білімді болуы керек. Әсіресе денсаулық жайында білімді болғаны жөн.
Жас жеткіншектердің денсаулығы күннен-күнге нашарлап, соңғы кезде ауру-сырқаулардың саны көбеюде. Бұған генетикалық - тұқым қуалаушылық аурулардың әрі қарай бағыт алуы, адамдардың денсаулық сақтау білімдерінің төмендігі, әсіресе, ақша табу жолында жанын аямай, демалуды ұмытып, өзіне-өзі көңіл бөлмейтіндіктері себеп. Міне, осындай түсінбеушілікті жойып, сана-сезімі жоғары, білікті, тез шешім қабылдайтын және әртүрлі жағдайдан өзін алып шыға алатын азамат даярлау мақсатында мектептерге «валеология - денсаулықты қалай сақтауға болады» бағдарламасы енгізілді.
Ал бұл жұмыстардың нәтижесі үнемі талқыланып, жинақталып отырады. Соның арқасында:
- оқушылардың денсаулық топтары анықталды, оқу үрдісінде әр балаға қалай көңіл бөлу керектігі ескертілді;
- жас жеткіншек қыз балаларды микроэлементтер, әсіресе витаминдік жетіспеушілік анықталды.
Бүгінгі оқушы - ертеңгі болашағымыз. Әр балаға ата-аналары, мектеп қызметкерлері жылылық нәр беріп, үлкен үмітпен қараса, өзінің денсаулығын шыңдап, білімін нығайтуға ұмтылған азамат дайындауға болады. Салауатты өмір салтын сақтау арқылы ғана дені сау қоғамға жететіндігіміз айқын.
1. 2 Салауаттанудың даму кезеңдері
Салауатты ұрпақты тәрбиелеуді жүзеге асыру оқушы санасын салауатты өмір салтын қалыптастыруға арналған біліммен құралдандыруға негізделеді. Күні бүгінге дейінгі осы тақырыпқа арналған әдебиеттер мазмұнына көз тастайтын болсақ, физикалық жаттығулар жасау, гигиена талаптарын орындау, зиянды әдеттерге бой алдырмау секілді көптеген мәліметтердің берілуі салауатты өмір салтының мазмұнын толық ашып бере алмайды.
Салауатты өмір салты организмнің тәулік бойы қозғалыста болуы, қозғалыстың белсенділігі; шынығу - мүшелер жүйесінің қызметін арттырады, сыртқы орта мен аурулар секілді жайттарға қарсы тұруына көмектеседі; уақытында сапалы, дұрыс тамақтану; гигиена талаптарын дұрыс қадағалауға әрекет жасау; жеке және қоғамдық гигиенаны сақтау; дұрыс мінез-құлық; өз қасиеттерін басқара білуге арналған және жүйкесі тозудан сақтандыруды қалыптастырудағы психогигиена; жыныстық тәрбие, жыныстық қатынастар арқылы жұғатын аурулардан сақтандыру; күнделікті тұрмыста, көшеде, мектепте жарақаттанудың алдын алу; зиянды әрекеттерге берілмеу секілді компоненттерді қамтиды.
Салауаттану негізінен қазіргі таңда қалыптасу сатысында. Қалыптасуының алғашқы кезеңдерінде салауаттану гигиенамен және саналогиямен жарыса дамыды деуге болады. Салауаттанудың даму және қалыптасу кезеңдерін зерттеген еңбектерге сүйене отырып, даму тарихына мына нұсқа бойынша шолу жүргізуге болады.
Салауаттанудың даму кезеңдері:
I кезең - классикалық кезең адам денсаулығының маңыздылығы, оны алдын ала сақтау қажеттілігі жөніндегі ой-пікірлердің дамуы. (Гиппократ, Әбу Әли Ибн-Сина және тағы басқа) .
II кезең - клиникалық медицина тәжірибелерінің қорытындысы - адам организмінің ауру түрлерінің, олардың себептері, емдеу жолдарының зерттелуі, сауықтыру мүмкіндігінің анықталуы.
III кезең - гигиеналық медицина тәжірибелерінің қорытындысы. Ауру түрлерінің алдын алу мүмкіндіктеріне байланысты әлеуметтік, гигиенелық, психологиялық деңгейде денсаулықты сақтау және нығайту іс-әрекеттері жүйесін жасау жөніндегі ғылыми түсініктер дамиды.
IV кезең - саналогия ілімінің дамуы. Организмнің ауру түрлеріне қарсы күресудегі мүмкіндіктері мен күресу тәсілдері анықталады.
V кезең - салауаттану - дені сау адамның денсаулығын сақтаудың, нығайтудың заңдылықтарын, тәсілдері мен тетіктерін зерттеу жөніндегі ғылым. Кезінде Әбу Әли Ибн-Сина (980-1037ж. ) өзінің «Дәрігерлік ғылым ережелері» еңбегінде, ұзақ өмір сүрудің тиімді жолы, ауруды емдеу жолы емес, денсаулықты сақтау мен нығайту екенін атап көрсеткен болатын [15; 74] .
Алайда медицинада дені сау адамдардың денсаулығын сақтау мен нығайтуды емес, көп жағдайда ауруды емдеуге, сауықтыруға көңіл бөлінді.
XX ғасырда туындаған экологиялық қолайсыздық, тиімді өндірістік технологияның дамуы, жұмыссыздықтың көбеюі немесе әлеуметтік теңсіздік, тағы басқа нысандық факторлар адамның түрлі психикалық адамгершілік -рухани және тағы басқа күйлерінің тепе-теңдігінің бұзылуына себепші болды. Адамның өмір салтынан туындайтын осы себептерге байланысты қоғамда адам өлімі, психикалық күйзелістер, ауру түрлері жоғары көрсеткішке жетті.
Осы бағытта С. М. Павленконың адам организмінің гоместаздық күйін сақтау және кездейсоқ тітіркендіргіштер әсерінен физиологиялық қызметінің бір түрінің (қанайналым, тынысалу, температураның қалыптылығы және тағы басқа) бұзылған жағдайында оны қалпына келтіру тетіктерінің заңдылығын зерттейтін - «санология» ілімі дамыды. Бірақ адам денсаулығын сақтауда, оны нығайтуда, ауру түрлерін алдын алуда санология ілімінің ғылыми негіз бола алатынын дәлелдей отырып, И. И. Брехман «салауаттану» ғылымының негізін ұсынған болатын. Ол «санология» ұғымының мазмұнын аша отырып, оның денсаулық жөніндегі ғылым емес, сауықтыру жөніндегі ілім екенін және келешекте ол жаңа ғылым - салауаттанудың маңызды салаларының бірі ретінде (клиникалық салауаттану) жаңа бағытта дамуы керектігі жөніндегі пікірін дәлелдеді. Г. А. Апанасенко салауаттанудың жеке қарастырылу құқығын сараптай отырып, гигиена мен медициналық салауаттануды жеке екі түрлі ғылым ретіндегі ерекшеліктерін көрсетеді. Олардың зерттеу нысандары мен пәндерінің, мақсаттарының әсер ету деңгейлерінің, практикалық маңыздылықтарын, әдіснамалық негіздерінің айырмашылықтарын ажыратып берді. Г. А. Кураевтың, С. К. Сергеевтің, Ю. В. Шленовтың анықтамалары бойынша салауаттану - сыртқы және ішкі ортаның өзгермелі факторларының әсер етуі жағдайында, адамның физикалық, биологиялық, психологиялық, әлеуметтік мәдени дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ететін және денсаулығын сақтайтын организмнің гигиеналық және физиологиялық мүмкіндіктері жөніндегі ғылым. Салауаттану адам денсаулығын сақтауда әлеуметтік қажеттіліктен дамыған. Оның негізін организмдер жүйесінің динамикалық мүмкіндіктері және тұтас организм жөніндегі түсініктер құрайды. Салауаттанудың міндетіне адам организмнің жүйелерінің қызметін, оның жеке физиологиялық ерекшеліктерін ескере отыру негізінде сақтау және үйлестіру жатады [16] .
А. А. Семенов салауаттанудың басқа ғылымдардың бір саласы ретінде қаралуының себебін, оның өзіндік ерекшеліктерімен түсіндіреді. Ол ерекшеліктерге:
- салауаттанудың бірнеше ғылымдардың түйіскен жерінде пайда болуын;
- салауаттанудың денсаулықты сақтау және нығайту аясындағы кез-келген ғылымның жетістіктерін губка секілді өзіне сіңіру қасиеттерін жатқызады.
Б. Махамбетованың пікірінше, салауаттану - қоғамның денсаулық жағдайын игере алмауына, ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктерін денсаулықтың сақталуына және нығаюына қолданбауынан дүниеге келіп отыр.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz