Оқушылардың тұлғалық қасиеттерінің ерекшеліктері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Қорғауға жіберілді
____________2020 ж.

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Мұғалімнің жеке тұлғасының оқушылардың тәрбиесіне ықпалы

Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1. Оқушылардың жеке басын қалыптастырудағы мұғалімнің тұлғалық сапасы мәселесінің теориялық негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.1 Оқушылардың тұлғалық қасиеттерін қалыптастырудың мәні, мазмұны ... ..11
1.2 Оқушылардың тұлғалық қасиеттерінің ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... 15
2. Оқушылардың жеке басын қалыптастырудағы мұғалімнің тұлғалық сапасының маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...21
2.1 Мұғалімнің тұлғалық сапасының ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ...16
2.2 Мұғалімнің оқушылар алдындағы беделі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ...24
2.3 Мұғалімнің кәсіби мәдениеті ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .25
3.Эксперименттік бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...37
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...39
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 40

Кіріспе
Қазақстан Республикасы тәлім - тәрбие тұжырымдамасында: Тәрбиенің негізгі мақсаты - дені сау, ұлттық сана - сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар - ожданы мол, еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан адамды тәрбиелеу - деп көрсетілген. Осыған байланысты, жас ұрпақтың жеке тұлғасын қалыптастыру - қазіргі кездегі тәрбие мен білім берудің басты көкейтесті мәселелерінің бірі болып табылады.
Қазақстан Республикасының әлемдік өркениетке кіруі, демократиялық дәстүрге өту жағдайында халықтың ғасырлар бойы жинақтаған жалпы адамзаттық құндылықтар мұрасына ден қоюы адамгершілік, гумандық процестің айқын көрінісіне айналуда. Бұл мәселе, соңғы жылдар ішінде ғалымдардың зерттеу обьектілеріне айналуымен қатар, мектеп мұғалімдерінің тәжірибесінде мектеп оқушыларын жеке тұлға етіп қалыптастыруда олардың қасиеттерін жан-жақты дамыту басты нысанаға алынған.
Жеке тұлға өзіндік құндылық. Оның тұлғалық қасиетінің дамуы мен қалыптасуы мектепте оқыту мен тәрбиелеудің басты мақсаты болуы керек.
Бұл жөнінде ежелден - ақ ұлы ойшылдарымыз Әл - Фараби, Ж. Баласағұн, Ұлы Абай ерекше толғанған, сондықтан еңбектерінде адамның жеке басын, қабілеттерін дамытуды үнемі көтеріп отырған Д. Кішібеков, Р.Н.Нұрғалиев жеке тұлғаның дамуы - қоғамдық қатынастардың нәтижесі деген философиялық тұжырым жасаған.
Оқушының жеке тұлғасын қалыптастыру үшін, ол күн сайын жанұя мүшелері арасындағы ең жарасымды, ең әділетті қарым - қатынастардың куәсі болуы қажет. Жанұя мүшелері бір - бірімен тату - тәтті, өзара түсінікте болса, одан адамгершілік пен әділеттің, көрінісі айқын сезіліп тұрады. Жанұяның бірлігі мен ынтымақтастығы оның құрамындағы адамдардың бір - біріне деген қамқорлығынан, тіпті бірыңғай саяси көзқарасты ұстануымен, соған орай, ерлі - зайыптылық және ата - ананың сезімін терең түсіне білулерінен байқалады.
Жанұя мен мектептің ынтымақтастығының негізгі міндеті - баланың тұлғасын қалыптастыруға, жарқын сезімдер мен нұрлы мұраттарға тәрбиелеу және адамдар арасында өмір сүре білуге үйрету. Бұл қасиеттедің барлығы - негізінен жанұя мен мектепте, яғни жан иелерін тәрбиелеп шығаратын ортада дамып, қалыптасып нығаяды.
Барлық зерттеу жұмыстары баланы өмірге дайындауға жанұя тәрбиесіне үлкен жауапкершіліктің жүктелгенін көрсетеді. Әділдік пен бауырмашылдық, өзара түсінушілік, ата - анаға және туған туыстарына деген сүйіспеншілік пен сыйластық, отанға және айналадағы қоршаған табиғатқа деген махаббат, адамдарға және еңбекке деген құрмет тағы да сол сияқты тұлғалық қасиеттер баланың кішкентай кезінен жанұяда және мектеп қабырғасында қаланады. Сондықтан, жанұядағы, мектептегі және айналасындағылармен қарым-қатынас жасаудың дұрыстығы өте маңызды. Соңғы жылдары Азаров Ю.П, И.В Гребенников, А.И. Лихачев, Ю.П Петров, А.О Пинт және т.б жанұяда баланың тұлғасын қалыптастыру мәселелерін зерттеген ғалымда, ал Қазақстанда Ж.Б Қоянбаев, Р.М Қоянбаев және т.б жанұяның мектеппен ынтымақтастығы мәселелерін зерттеген.
Көрнекті педагогтар К.Д Ушинский, А.С Макаренко, В.А Сухомлинский, Ы Алтынсарин шығармаларында оқушы тұлғасын қалыптастырудың жолдары қарастырылса, оқушы тұлғасын қалыптастыруға бағыт-бағдар беруді ең алғаш тәрбие жұмысының мазмұнына енгізген белгілі педагог ғалым М Жұмабаев болды. Психологтар мен педагог ғалымдар Ж. Пиаже, Л.С. Выготский, Л.С Рубинштейн, Л.В. Зоньков, А.Н. Леонтьев, Д.Б. Эльконин, А.Г.Ковалевтің және Қазақстандық көрнекті ғалымдар Т.Тәжібаев, С.Қ. Қалиев, К.Ж. Қожахметовалар өз еңбектеріне жеке тұлғаны дамыту мәселелеріне теориялық және практикалық талдау жасаған.
Оқу-тәрбие процесінде баланың тұлғалық қасиеттерін дамыту мәселесі Ш.А. Амонашвили, К.К. Платонов, В.С. Библер, Б.М. Теплов, А.Н. Лук, Б.Т. Ананьев, В.А. Крутецкий, В.И. Кириенко, Н.С. Лейтес, А.В. Петровский, В.Т. Пушкин, Д.Б. Богословский, В.Ш. Андреев, Г.А. Давыдова және т.б еңбектерінде қарастырылады. Қазақстанда бұл мәселеге назар аударған ғалымдар М.Ә. Құдайқұлов, Е.Ө. Жұматаева, А.Б. Мырзабаев, Л.Т. Дирксен, К.К. Жұмадилова, және т.б.
Көптеген психологтар М. Мұханов, Қ.Жарықбаев, А.В. Петровский және т.б ғалымдардың айтуы бойынша бастауыш сынып кезеңі орта мектеп оқушыларының І - ІҮ сыныптарын және 6-11 жас аралығын қамтиды. Бұл кезеңнің негізгі психологиялық ерекшелігін оның өз бойында мектеп жасына дейінгі балалық шақтың белгілерін оқушының ерекшеліктерімен ұштастыратын өтпелі кезең. Бұл белгілер - оның мінез-құлқында, санасында күрделі, ол кейде қайшылықты үйлесім түрінде қатар жүреді. Кез келген өтпелі күй сияқты бұл кезең Көзі ашылмаған балалықтай даму мүмкіндіктеріне бай, оларды дер кезінде байқап қолдап отыру маңызды. Адамның көптеген психикалық негіздері бастауыш сынып кезеңінде қалыптасады және әдетке айналады.
Педагогикалық - психологиялық әдебиеттерге талдау жасау барысында оқушылардың жеке тұлғасын қалыптастырудың педагогикалық мәселелерінің әлі де ғылыми зерттеулерде өз дәрежесінде көрініс таппағандығын көрсетеді. Бұл кезең оқушылардың жеке тұлға болып дамуының және қалыптасуының бастапқы кезеңі болып табылатындықтан, жанұя тарапынан берілетін тәрбиенің мәні аса маңызды. Алайда, жанұя тәрбиесінің педагогикалық маңыздылығы мектептен бірлесе отырып, жұмыс атқарса, сонда жемісті болар еді. Сөйтіп, оқушыларының жеке тұлғасын қалыптастыруда оның педагогикалық мәселелерінің ғылыми-теориялық негізінің жоқтығы мен практикалық мұқтаждығының арасында қайшылық айқын байқалады.
Зерттеудің мақсаты: оқушылардың жеке тұлғасын қалыптастырудағы мұғалімнің жеке басының педагогикалық мәселелерін теориялық және әдістемелік тұрғыда негіздеу.
Зерттеу пәні: оқушылардың жеке тұлғасын қалыптастыру
Зерттеу нысаны: оқушылардың жеке тұлғасын қалыптастырудағы мұғалімнің жеке бас қасиеттері.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
- оқушылардың тұлғалық қасиеттерін қалыптастырудың мәні, мазмұны мен міндеттерін айқындау;
- оқушылардың жеке тұлғасын қалыптастыруда мұғалімнің тұлғалық сапасының ерекшеліктерін айқындау;
- оқушылардың жеке тұлғасын қалыптастыруда мұғалімнің тұлғалық сапасының мазмұны мен әдіс-тәсілдерін айқындау.
Зерттеудің болжамы: егер мұғалімнің тұлғалық сапалары айқын болып, оқушыларға үлгі болса, онда жеке тұлғаның тәрбиелі қалыптасуына мүмкіндік болар еді.
Зерттеудің құрылымы: курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пйдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. Оқушылардың жеке басын қалыптастырудағы мұғалімнің тұлғалық сапасы мәселесінің теориялық негіздері
1.1 Оқушылардың тұлғалық қасиеттерін қалыптастырудың мәні, мазмұны мен міндеттері
Педагогика ғылымының соңғы жетістіктері тұрғысынан қарағанда, мектеп оқушысының жеке тұлғасын, қалыптастыру өзекті мәселенің біріне айналды.
Соңғы психологиялық-педагогикалық зерттеулер осы күрделі міндетті шешу мектепте, ең алдымен, оның бастауыш буынында, оқу мазмұны мен әдістерін түбегейлі өзгертумен байланысты екендігіне көз жеткізеді. (Ш.Амонашвили, В.Давыдов, Л.Заньков, В.Репкин, Д.Эльконин және т.б.)
Бастауыш мектептегі оқытудың жаңа эксперименттік жүйелері шеңберінде мектеп оқушысы жеке тұлғасының мотивациялық қажеттілік саласында елеулі өзгерістерді айқындайтын фактілер жинақтала бастады. Сөйтіп, оқу және тәрбие арасындағы байланысты айқындайтын педагогикалық тәжірибе пайда болды. Бұл оқушының жеке тұлғасы дамуының заңдылықтарын зерттеу міндетін толық мөлшерінде қоюға мүмкіндік туғызды. Осы міндетті шешумен 70-90 жылдары ғалымдар ұжымы айналысты. Ол оқу материалы мазмұнын талдау және жинақтау ұстанымы негізінде бастауыш мектепте оқу қызметін қалыптастыру шеңберінде жүзеге асты (Д. Эльконин, В.Давыдов тұжырымдамасы).
Балалар қарым-қатынасында алуан түрлі тұлғааралық байланыстар құрудың өзгермелі үрдісі бала тұлғасы сана-сезімінің дамуына ықпал етеді: алдымен, оқудағы жетістіктерін дәл бағалауға қатысты, екіншіден жеке тұлғаның моральдық қасиеттеріне байланысты. Қарым-қатынас барысында белгілі жұмысты атқаруға орай қасиеттер емес, баланың тұлғасы, оның адамгершілігі үлкен маңызға ие болады.
Сөйтіп, бастауыш мектеп жасында келесі кезеңдерге өтуді қамтамасыз ететін тұлғалық әлеует қалыптасады. Орта және жоғары сыныптарда жеке тұлғаның тұрақты құрылымы қалыптасатынын зерттеулер байқатты. Оның негізін тіршіліктің саналы мотиві ретінде айқындалатын идеял құрайды. Оқушылардың өмірі туралы анық түсінігі қалыптасады, бұл имандығын саналы түрде таңдауды қамтамасыз етеді. Оқу мерзімі бойы сынып ұжымы құрбылар үшін негізгі референттік тән нағыз тәрбие ортасы болып қалады.
В.Давыдов оқу қызметінің, құрылымында оқу қажеттілігі, мотивтер, міндеттер, әрекеттер мен операциялар секілді бөліктерді атап көрсетеді. Мектептің бірінші сыныбына келген балаларда оқу қызметінің біртұтас құрылымы болмайды. Қолайлы жағдайда ол мектеп қабырғасында бірнеше жыл ішінде, әсіресе, бастауыш сыныптарда қалыптасады - дейді ғалым. Тұлғаның құрылымдық компоненттері үш бөліктен тұрады. Біріншіден, оның ақыл-ойын дамыту арқылы санасын жетілдіру, екіншіден азаматтық өркениетті тұлғаға біртіндеп сіңіру, үшіншіден, жеке тұлғаны іс-әрекетке ендіру арқылы өзін-өзі тәрбиелеуге белсене қатыстыру. Тұлғаны тәрбиелеп жетілдіруде осы үш компонент тығыз бірлікте қызмет етеді.
Әлеуметтік көзқарас тұрғысынан қарағанда, тәрбиеге қоғамдық бақылау және түзету енгізетін, жастарды мемлекеттік және қоғамдық құрылымдар арқылы басқарып бақылайтын, қоғамның қазіргі және болашақ өміріне мақсаттылықпен даярлау ісі деп қараймыз. Тәрбие ісі адамның қабілетін қоршаған ортада және оның санасында қалыптастыруды мақсат ететін болғандықтан, ол психологиялық процесс.
Оқушылардың тұлғалық қасиеттерін қалыптастырудың мазмұны мен міндеттері тәрбие бағыттарымен өзара тығыз байланысты дамиды.
Оқушылардың тұлғалық қасиеттерінің бірі - оның интеллектуалдық мәдениетін қалыптастыру болып табылады. Балалардың интелектуалдық мәдениетін қалыптастыруда мынадай міндеттерді шешу арқылы жүзеге асады:
* Оқушылардың пәндерге қызығуға, алған білімдерін өмірде қолдана білуге тәрбиелеу;
* Табиғат құбылыстарын және өмірді дұрыс қабылдай білуге тәрбиелеу.
Балаларды бірінші сыныптан бастап, мектепте алған білімінің өмірлік қажеттілігін түсіндіре білуге үйрету қажет, олардың оқуға ынтасын арттыру, сабақ үстіндегі белсенділігін қалыптастыру орынды; әр оқушыны сыныптың жалпы шараларына қатысуға, сыныпта және үйде тапсырмаларды үнемі орындауға бағыттап отыру керек.
Оқушылардың жеке тұлғасын қалыптастыруда мынадай басты ерекшеліктерді есепке алу қажет:
* Өз Отанына, еліне деген сүйіспеншілікке, мейірімділікке, қарапайымдылыққа, адалдыққа, әділдікке, шындыққа, міндеттілікке тәрбиелеу;
* Үлкендерге құрмет көрсетуге, туыстық қарым-қатынасты бағалауға үйрету;
* Зұлымдыққа қарсы тұра білуге, немқұрайдылықты жоюға тәрбиелеу;
* Үсті-басын ұқыпты ұстауға, ұқыптылыққа, мәдениетті сөйлеуге, қоғамдық орындарда ұстамды болуға, мәдениеттілікке, қонақжайлылық көрсете білуге тәрбиелеу;
* Ой және дене еңбегін ажырата білуге, қоғамдық-пайдалы еңбектің мәнін түсіне білуге, мектепте алған біліктерін өмірде қолдана білуге, әрбір істе жауаптылықты сезінуге үйрету;
* Еңбек үрдісінде бастысы - жұмыс орнын таза ұстауға, жұмыс аспаптарына ұқыптылықпен қарауға, ұжымда ынтымақты болуға, кәсіптің ұлттық түрін, соның ішінде зергерлік өнерді игеру мүмкіндігін жасауды үйрету;
* Еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу және қоғамдық меншікті жеке меншіктіктен ажырата білуге баулу;
* Буды, ауаны және еліміздің кеңістігіндегі космостық тазалықты сақтауға қабілетті ұрпақ тәрбиелеу.
Бастауыш сынып оқушыларының экологиялық және экономикалық мәдениетін қалыптастыруда табиғатты қорғауға, жерді, суды және т.б. өз заттарын ұқыпты пайдалануға, ұжымдық, еңбексүйгіштік, ұқыптылық, тәртіптілік, мүдделік сезімдері мен қасиеттерін дамытуға мүмкіндік береді.
Әр оқушының өз әлсіздігі болады және әрқайсысынан өзіне тән жақсы сапаларды да табуға болады, мысалы жинақтылық немесе басқалармен қарым-қатынас жасай білу. Оқушының мінез-құлқының жақсы жақтарына сүйене отырып, оның өз күшімен мүмкіндігіне сенімін арттыру керек.
Қоғамдық пайдалы еңбектің қажеттілігін сынып ұжымының істеріне қатысудың өркениетті, демократиялық қоғамдағы өмірін білудің қажеттілігін түсіндіріп тәрбиелеу орынды.
Адамгершілік тәрбиесі үрдісінде ерте кезден бері қалыптасып келе жатқан құрмет көрсетушілік, адалдық және ар ұждандық, кішіпейілділік пен мейірімділік, қарапайымдылық және басқа да маңызды адамдық сапалар ұстанымын оқушылардың игеруін қамтамасыз ету қажет. Ата-аналар мен үлкендер отбасындағы балалар тәрбиесіне, өзара достық қарым-қатынасқа, сондай-ақ аса маңызды іске қоғамдық орындардың қатысуына көңіл бөлу керек.
Оқушыларға экологиялық тәрбие беруде табиғат әсемділігін түсіну арқылы адамдықтың жақсы сапаларын қалыптастыруда үлкендерге көмек көрсету жүзеге асырылады.
Рухани-адамгершілік тәрбиесі еңбекке дұрыс көзқарас қалыптастыруды да қарастырады. Сондықтан мұғалімнің басты міндеттерінің бірі оқушылардың бойына адам еңбегін құрметтей білуді, адам өміріндегі еңбектің рөлін түсіне білуді дарыту болып табылады.
Оқушыларды кез келгсн жұмысты тиянақты дер кезінде орындай білуге, басталған істі ақырына дейін жеткізе білуге, еңбек мәдениетінің қарапайым элементтеріне, ұжымда еңбек ете білуге, жұмыс орнын таза ұстауға, еңбек құралдарын дұрыс пайдалана білуге үйрету керек.
Оқушыларда қоғамдық-пайдалы еңбекке қатысуға, өзінің еңбегімен басқаларға пайда келтіруге ынтасын тәрбиелеу, сонымен бірге өздігінен бастама жасай білу қабілетін қалыптастырған орынды.
Оқушылар көркем шығармалардан бастап адамгершілік және эстетикалық ұғымдарды, сондай-ақ, табиғаттағы, адамдық қызмет жөне өнер туралы ұғымдарды игеруі керек. Оқушылармен мәнерлеп оқуға, сурет салуға, музыкаға және биге қызығушылығын тәрбиелеуге бағытталған жұмыстар жүйесін жүргізу, сондай-ақ мектепке жақын орналасқан мәдени ескерткіштерімен және басқа да тарихи-этнографиялық құндылықтармен таныстыру қажет. Ұлттық түр өлшемдерін қалыптастыруда эстетикалық тәрбиенің (сыртқы түр киім үлгісі, ою-өрнек және т.б.) маңызы зор.
Оқушылардың дене мәдениетіне тәрбиелеуде мынадай міндеттерді жүзеге асыру көзделеді. Тазалықты, күнделікті еңбекте және әскерде қызмет етуге даярлықта қиындықтарды жеңе білуде денені шынықтырудың маңызын түсіне білуге тәрбиелеу.
Оқушыларға адамның денсаулығы үшін күн режимін орындаудың мәнін түсіндіру, спортқа қызығушылықты арттыру қажет. Тәрбиеші балаларды өзінің сыртқы түріне қарай білуге үйретуі керек. Денсаулық пен жеке бас гигиенасының ережелерін сақтау мен организмді шынықтыру арасында тікелей байланыс бар екенін үнемі түсіндіріп отыру қажет.
Жеке басты қалыптастыруда ұзақ мерзімді педагогикалық әсер туғызатын әдістер тиімді деп саналады. Оған ұзақ мерзімді жаттықтыру ісі, оқытудың әдістерінің жүйесі, тәрбиешінің жеке басының үлгісі енеді. Оқушы үшін шынайы ұстаз-педагог идеял болуы керек.
Жағымды үлгі-өнеге арқылы тәрбиелеу әдісі жеке бастың қалыптасып дамуы үшін тәрбие ісіндс зор рөл атқарады.
Бір данышпан жеке бастың рухани дамуы үшін үш жағдай - үлкен мақсат, үлкен кедергілер және үлкен өнеге керек деген екен.
Оқушы үлкендердің іс-әрекетіне еліктей отырып, оны саналылықпен және моральдық сеніммен ерекше қабылдап, өзіне қайталайды. Оқушылар басқаның аса жоғары мұратты іс-әрекетін байқап, бақылай отырып ерлік, еңбек сүйгіштік, саналылық дегендердің мазмұны мен мәнін ой елегінен өткізіп, өзінше тебіреніп барып қабылдайды. Басқаның іс-әрекетіне өзінше баға беретін болады. Баланың басқаға еліктеуі оны көшіре салу емес, өмірге өзінше баға беріп, сана-сезімінде сыннан өткізу арқылы басқаның адамгерішілік сезімі мен көзқарасына сын көзімен қарап, өзінше түсініп, өзінше қабылдайды деп қараймыз.
Бұл жағдайда оқушылар өзін-өзі тәрбиелеуге жауапкершілік сезіммен қарай бастайтын болады. Осы тұрғыдан қарағанда оқушылардың өзіне жақын адамдардың жеке үлгісін зор сеніммен қабылдап, оны өзінің рухани қажетіне үлгі етіп жаратуы тәрбиедегі ең маңызды іс болып саналады. Басқаның жеке бас үлгісін жастарға өнеге еткенде, келтіріліп отырған мысалға қоғамдық тұрғыдан талдау жасап, ол іс-әрекет несімен құнды, неліктен оны үлгі етеміз дегенді саналы түрде талдау арқылы қабылдау керек.
Бала тәрбие үрдісінің объектісі ретінде сырттан үлкендердің, қоғам-ұйымдардың және түрлі сананың, табиғат пен әлеуметтік ортаның сын сезініп, белгілі әлеуметтік тәжірибені және ақпаратты игереді.

1.2 Оқушылардың тұлғалық қасиеттерінің ерекшеліктері

Бүгінгі таңда қоғамдағы тәрбиенің мақсаты жан-жақты жетілген тұлғаны қалыптастыру. Осыған байланысты сынып оқушыларының жеке тұлғасын қалыптастыру мәселелерінің мәнін ашу үшін жеке тұлға деген ұғымға түсініктеме анықтама беруге болады.
Жеке тұлға ұғымы психологтардың көзқарасы бойынша, жеке организм-жеке адам тұлғасы. Бұл саналы іс-әрекет обьектісі. Тұрақты және әлеуметтік маңызды қасиеттерге байланысты, жеке адам-қоғам мен ұлттың бірлескен мүшесі, жеке тұлға өзіндік сана мен қоғамдық сананың пайда болуына байланысты қалыптасады.
Жеке тұлғаның бойында танымдық, аффектілік, тұлғалық сипатын көрсететін қасиеттер сақталған. Оның басқа адамдардан айырмашылығы да сонда.
Күнделікті тіршілікте жеке тұлғаның әртүрлі қасиеттері ашыла түседі. Психалогияда жеке тұлға туралы көптеген психологтардың пікірлері бар. Олардың әрқайсысы жеке тұлға туралы әртүрлі анықтама береді.
Адамның жеке тұлға диагностикасын қолайлы жағдай туғызу мен қалыптастыруға ең тиімді жолдар іздеуде, оның құрылысын зерттеуде, пайда болу заңдылықтарын білуді қажет етеді.
Жеке тұлға теориясы-адам бойында қалыптасқан ойлар мен гипотезалар жиынтығы. Жеке тұлға теориясын зерттеу көптеген жаңа ойларға қол жеткізеді. Бізге қызығушылық туғызатын бастапқы: адам табиғаты. Біздің мақсатымыз-адам бойындағы қалыптасқан қасиеттерді зерттеу.
Жеке тұлға теориясы-негізгі екі функцияны атқарады: олар мінез-құлықты түсіндіреді және алдын ала болжайды. Жеке тұлға теориясы адамның жеке басындағы мінез-құлықты зерттеп, қалыптасқан жүйесіне түсініктеме береді. Ол адамның мінезінің сан қырлы ерекшеліктерін түсіндіреді.
Психология ғылымында жеке тұлға туралы мынадай теорияларды айтуға болады.
1. Психодинамикалық теория. З.Фрейдтің (4865-1939ж) психодинамикалық теориясы адамның мінез-құлқын психоаналитикалық қарым-қатынас арқылы зерттеуге келтірілген.
2. Жеке тұлғаның Эго теориясы (Э. Эриксон). Бұл теория бойынша, қоғамға және жеке адамдарға, олардың барлық өмірі бойында жеке басының қалыптасуы тепе-теңдік теориясына негізделген.
3. Джулиана Роттердің әлеуметтік ілім теориясы. Әлеуметтік ілім теориясын Д.Роттер қоршаған ортаны зерттеу арқылы басқа адамдармен қарым-қатынас түрлерінің әлеуметтік әсерін қабылдаудың нәтижесі деп түсіндіріледі. Бұл теория-әлеуметтік үйрену, адамның мінез құлқын, тұрмыс қызметін әлеуметтік ортада қабылдауға негізделген. Ол көбінесе адам сұранысына байланысты, ортамен қарым-қатынас жасау арқылы қалыптасады.
4. Альберт Бандураның әлеуметтік когнитивтік теориясы. Ол жеке тұлғаның және әрбір адамның қоршаған ортамен қарым-қатынасы кезіндегі мінезіндегі өзгерістің ауытқу ерекшеліктерін көрсетеді. Оның дәлелденуіне адамдар концепциясы, яғни мінезі мен қоршаған ортаға өзара бейімделеді. Бұл ретте жеке тұлға дәрменсіз обьект емес, ортаны бақылайтын сананы әрі күш қуаты бар адам ретінде танылады және ол ойланған жетесіне жетіп, оны іске асырады. Бұл теория бойынша мінез құлық реакциясы мен айналадағылардың дамуы, ортамен сыпайы түрде қарым-қатынас жасауға негізделген.
Джорж Келлидің жеке тұлғаның когнитивтік теориясы (1967) Жеке тұлғаның когнитивтік теориясы бойынша адам бойында конструктивті заттар болады. Бұл арқылы қоршаған ортадағы интерпретациялық оқиғаны ұдайы жинайды. Бұл жиналған конструктивті заттар сол адамның негізін айқындайды. Бұл теория кейде жеке тұлғаның теориясы деп аталады. Осы арқылы жаңа конструктивті ойлар қалыптасады.
Раймонд Кеттелдің жеке тұлға қасиетінің құрылыс теориясы. Бұл теория эмпирикалық әдістің зерттеулерін нақты пайдалануға негізделген. Кеттел факторлық талдаудың көмегімен жеке тұлғаның игі қасиеттерін ашу мақсатында мінездің ғылыми моделін конструкциялаған. Кеттел бойынша, жеке тұлға белгілі бір жағдай кезінде дәлелденуге арналған жеке адамның мінезі. Адамның жеке қасиеті, Кеттел бойынша, жеке тұлға белгілі бір жағдай кезінде дәлелденуге арналған жеке адамның мінезі. Адамның жеке қасиеті Кеттел бойынша, оның гипотезиялық психикалық құрылысы. Ол адам мінезінің белгілі бір істі бітірудегі, оны аса бір ынтамен, ниетпен ойлап істеудегі психологиялық сипаттамасы, адамның іске деген құлшынысы. Кеттел бойынша игі түйін - адамның туа біткен қасиеттері. Кеттел игі қасиетті оның болмысына - конститутцияның көзіне байланысты сипаттайды.
Карл Роджерстің жеке тұлғалық феноменологиялық теориясы. 1902-1987 ж.Бұл теорияның авторлары феноменологиялық бағыт адамның ішкі дүниесінің және рухының үйлесімділігін тапқанда ғана дұрыс болып табылады деген. Субьективтік әлем - оның феномені қоршаған ортаны уақыттың қай кезеңінде болмасын түсіне білуі. Роджерс субьективтік қабылдау немесе адамның уайым тартуы жеке тұлғаның жекелей іс-әрекетінің мінезге тән өзгерісін дәлелдейді.
Жеке іс-қимыл теориясы. Іс-қимыл теориясы кәсіптік даму үрдісінің методологиялық негізі болып есептеледі. Ол субьектінің (индивид не әлеуметтік топ) белсенділігін туғызатын және сол белсенділік арқылы дамудың арнаулы жағдайын айқындайды.
Кеңес дәуіріндегі педагогикада жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған және көбінесе жобалау пәні ретінде ғана қарастырылады.
Іс-қимыл қарым-қатынасында жеке тұлғаның даму көзі қоғам болып қарастырылады. Оның дамуының қозғаушы күші ретінде заттық іс-қимыл жүйесінің қайшылығы алынады.
А.Н.Леонтьев жеке тұлғаның дамуы және оның құрылымдық тұжырымдамасын жасаған кезде іс-қимыл түсінігіне көрнекті орын берген. Ол жасаған классификацияға сәйкес, А.Н.Леонтьев теориясын адамның өмірлік-психологиялық (мотивтік) және мінез-құлықтың (іс-қимыл) сипатын түгел қамтитын психодинамикалық, құрамды-динамикалық деп бағалауға болады.
Жеке тұлғаның іс-қимылының әр түрлілігі - көптігі оның биік сипаты екендігін және ірі тұлғалылығын көрсетеді.
Қазіргі таңдағы ұлттық тәрбие беру жүйесінде бастауыш мектеп кезеңі бала өмірінің алты, жеті жастан - он, он бір жасқа дейінгі аралықтағы кезеңді қамтиды.
Оқушының жеке басына тән қасиетінің дамуында Мен деген ұғымның мәні жатады. Бала өзін білген соң құрбыларына қарағанда бәлендей тізімде қандай орын алатынын ойлап, қайткенде жақсы орынға ие болсам деп арман етеді. Бұл жағдайда баланың өзінің қандай орын алғысы келетіні туралы бағасы мен құрбыларының, не үлкендердің ол жөніндегі бағасы арасында үлкен алшақтық болғаны жақсы. Егер бастауыш сынып оқушысының өзі жөніндегі бағасы, құрбыларының бағасынан асып кетсе, мұндай баланы мақтаншақ деп атайды. Керісінше оның өзі жөніндегі бағасы өзгелердің оған беретін бағасына төменге түседі, осындай баланы кішіпейіл дейді. Кіші оқушы өзінің ісіне, не мінезіне әлі сын көзбен қарай алмайтын болғандықтан, оның өзі жөніндегі бағасы, әдетте өзгелердің бағасынан жоғары дәрежеде келеді.

2. Оқушылардың жеке басын қалыптастырудағы мұғалімнің тұлғалық сапасының маңызы.
2.1 Мұғалімнің тұлғалық сапасының ерекшеліктері

Оқушының жан - жақты қасиеттерінің қалыптасу үрдісінде сынып жетекші тұлғасының маңыздылығын міндетті түрде ескеру қажет. Әрбір балаға терең білім мен тәрбие беріп қана қоймай, әр баланың бойындағы табиғи қасиеттерін ашып, жеке тұлғаны қалыптастыру мақсаты жүктеліп отырған қоғамда, мұғалім тұлғасының маңызы жоғары.
Мұғалімнің тұлғалық сапаларын жете бағаламау оның еңбегінің нәтижесіне кері әсерін тигізері сөзсіз. Мұғалімнің тұлғалық сапасы " Мұғалімнің - оқушы" қатынас жүйесінде оның әрекетінің психологиялық құрылымына әсер ететін шешуші бөліктердің біріне жатады.
Мұғалімнің тұлғалық сапалары оқу-тәрбие үрдісінде төмендегідей көрініс береді:
* оқушыны тұлға ретінде қабылдау, оның табысқа жететіндігіне сендіру және мүмкіндіктерін көре білу әрі оны нығайтып отыру;
* мәліметтерді қысқаша түрде беру арқылы оған әлсіз оқушының да, күшті оқушының да қол жеткізуіне мүмкіндік туғызу,
* жаңа жағдайларға тез бейімделіп, сабақты оңтайлы қайта құра білу;
* мейірімді, бірақ талап қоя білу;
* оқушыны білім алуға жұмылдыра ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сынып оқушыларының жеке тұлғасын қалыптастыруда отбасы тәрбиесінің әсері туралы
Бастауыш сынып оқушыларының тұлғалық қасиеттерін дамытудағы жанұяның ролін теориялық - әдістемелік тұрғыда негіздеу
Кіші мектеп жасындағы оқушылардың жеке тұлғасын қалыптастырудың педагогикалық мәселелері
Бастауыш сынып оқушыларының жеке тұлғасын қалыптастыруда отбасы тәрбиесінің әсері
Жеке тұлғаның тәрбиесі, қалыптасуын зерттеу
Мұғалімнің жеке тұлғасының оқушылардың тәрбиесіне ықпалы
Зейін қасиеттерін дамытудың теориялық әдіснамалық негіздері
Жеке тұлғаны тәрбиелеудегі психологтың атқаратын рөлі
Жеке тұлғаның ерекшеліктерін зерделейтін бағыт
АУЫЛ МЕКТЕБІ ОҚУШЫЛАРЫН РУХАНИ-АДАМГЕРШІЛІККЕ ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШАРТТАРЫНЫҢ ОРЫНДАЛУЫ
Пәндер