Оқушылардың ұжымын қалыптастырудың тиімділігі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
Қорғауға жіберілді
____________2020 ж.

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Оқушылардың ұжымын қалыптастыру және дамыту жолдары

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
4
1
Оқушылардың ұжымын қалыптастырудың теориялық негізі ... ... ... ... .
6
1.1
Ұжым ұғымы. Ұжымның даму кезеңдері, белгілері ... ... ... ... ... ... .. .
6
1.2
Оқушылардың ұжымын қалыптастырудың тиімділігі ... ... ... ... ... ... . ..
10
2
Оқушылардың ұжымын қалыптастыру және оны дамыту ... ... ... ... ... ..
16
2.1
Оқушылардың ұжымын қалыптастырудың жолдары ... ... ... ... ... ... .
21
2.2
Эксперименттік жұмысы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
25

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
30

Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
31

Кіріспе
Қазіргі таңда біздің мемлекетіміздің өзекті мәселелерінің бірі: берік, бірауызды ұжымды құру болып табылады.
Жеке тұлға және ұжым мәселелерімен философтар, әлеуметтанушылар, әлеуметтік психологтар, педагогтар айналысуда. Бұл аталған мәселенін педагогикалық ғылым мен практиканың шеңберінен әлдеқашан шығып кеткендігінің дәлелі. Ұжымның педагогикалык теориясын дамытуға П.П. Блонский, Л.С. Выготский, Н.К. Крупская, П.Н. Лепешинский, В.И. Сорока-Росинский, С.Т. Шацкий және т.б. өз үлестерін қосты.
Жеке тұлға және ұжым мәселелерімен философтар, әлеуметтанушьшар, әлеуметтік психологтар, педагогтар айналысуда. Бұл аталған мәселенін педагогикалық ғылым мен практиканың шеңберінен әлдеқашан шығып кеткендігінің дәлелі. Ұжымның педагогикалык теориясын дамытуға П.П. Блонский, Л.С. Выготский, Н.К. Крупская, П.Н. Лепешинский, В.И. Сорока-Росинский, С.Т. Шацкий және т.б. өз үлестерін қосты.
XX ғасырдық бас кезеңінде балалардың және жасөспірімдердің скауттық ұйымдары пайда болды. Бұл ұйымдардық негізгі идеяларын жасаған ағылшын полковнигі Р.Баден-Поуэлл (1857-1941жж). Оның идеялары 1847 жылы шыққан "Инструкция для скаутов" атты кітаптатолық жарияланған.
Скаутизм - мектептен тыс тәрбие жүйесі, скауттық ұйымдардың негізгі әрекеті. Оның мақсаты - жас жеткіншектерді буржуазиялық қоғамның идеяларына берілгендік рухына тәрбиелеу.
1921 жылы мұндай ұйымдар Германия, Ұлыбритания, Италия, Франция, т.б. елдерде өркендей бастады. 1972 жылы скауттар ұйымы 106 елде жұмыс істеді. Ресейде скауттардың отряды алғашңы рет 1909 жылы Пущино селосында ұйымдастырылды. 1914 жылы II Николайдың жарлығы бойынша "Русский скаут" қогамы құрылды. Негізгі мақсаты - жастарды ұлы державалық шовинизм және монархиялық құрылысқа берілгендік рухына тәрбиелеу.
1917 жылы Ресейде 50 мың скауттар болды. 1918-20 жылдары комсомолдардық I, II және IV съездерінің шешімдері бойынша скауттық топтар таратылып, олардың орнына жаңа балалар ұйымдары құрылды.
1920-30 жылдарда бұрынғы КСРО-да және кейбір басқа мемлекеттерде жасөспірімдер мен балалар ұйымдарының өсуі, скауттың ұйымдарының ықпалы төмендеуіне әсер етті. Өйткені бұл ұйымның Заңы, анты, ұраны буржуазиялық моральды бойнелеп келді. Скаут мүшелерінен өз басшыларына, ата-аналарға, мемлекетке бағынуды талап етті. Осыған байланысты кои жылдар бойы КСРО-ғы жастар ұйымдары мен скауттар үііымдары арасында қарама-қайшылықтар орын алып келді. 1990 жылдан бастап Бүкілодақтың пионер слетінің шешіміне сөйкес балалардың қоғамдық қозғалысының дамуына елеулі жаңа өзгерістер болды. В.И. Ленин атындағы Бүкілодақтық пионор ұйымының балалар қозғалысының жалғыз және бірыңғай пысаны, демек, орталық басқару органы болу уәкілдігі тоқтатылды.
Осыған орай, балалар мен жасөспірімдер ұйымдары, бірлестіктері саяси-экономикалық, білім және тәрбие жүйесінде өздерінің орнын тауып, жастардың мүддесіне және тілегіне сәйкес балалар мен жасөспірімдер қозғалысын дамытуға нақты үлес қосулары қажет.
Ол үшін барлық мемлекеттік мекемелер, қоғамдық және басқа ұйымдар балалар мен жасөспірімдер қозғалысының дамуына барынша жәрдемдесіп, көмек көрсетеді.
XX ғасырдық 90-шы жылдарының бас кезінде скаутизм қайтатуды. 1990-91 жылы бұрынғы КСРО-да 70-тен астам скауттар отрядтары жұмыс істеді. Скауттар қозғалысының тартымдылығы, жақтаушыларының,
Н.К.Крупская 1926 жылы "Көркемдікке тәрбиелеудің міндеттері туралы" атты еңбегінде: "Қазіргі тәрбие ісінің көлемді міндеттерінің бірі - балаларды ұжым болып жұмыс істеуге және ұжым болып өмір сүруге үйрету", -деп атап көрсетті.
Курстық жұмысының мақсаты: Оқушылардың ұжымын қалыптастыру және дамыту жолдарын анықтау.
Курстық жұмысының міндеттері:
- Оқушылардың ұжымын қалыптастырудың тиімділігі анықтау;
-Оқушылардың ұжымын қалыптастыру және оны дамыту жолдарын айқындау;
- Оқушылардың ұжымын қалыптастырудың ерекшелігін зерделеу.
Зерттеу нысаны: оқу-тәрбие үрдісіндегі оқушылар ұжымы.
Зерттеудің болжамы: егер сынып жетекші оқушылармен топтық формада үнемі іс-шараларды ұйымдастырып отырса, онда жеке тұлғаның ұжымда қалыптасуына мүмкіндік болар еді.
Курстық жұмыстың құрылымы: Кіріспе, бір тараудан, үш тармақтан, қорытынды, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1.Оқушылардың ұжымын қалыптастырудың теориялық негізі
1.1 Ұжым ұғымы. Ұжымның даму кезеңдері, белгілері
Ұжым - бұл көзделген мақсатқа жетудегі ұйымшылдық пен мақсаттылық, іс-әрекетімен сипатталатын адамдар тобы. Ұжым - бір мақсатқа бағытталған мекемелерде жұмыс істейтін адамдардың немесе білім беру орындарында оқитын студенттердің, оқушылардың және т.б. тобы.
Латынның "коллектив" деген сөзі "жиын", "ұжым", "топ" дегенді білдіреді. Осыдан коллектив, яғни ұжым - бұл адамдар тобы. Бірақ кез-келген топ ұжым ба? Қазіргі әдебиетте "ұжым" түсінігінің екі мәні қолданылады. Бірінші: кез-келген адамдар тобы ұжым болып табылады; екінші: жоғары ұйымдасқан топ қана ұжым болып есептеледі. "Ұжым" педагогикалық әдебиеттерде тәрбиеленушілер (оқушылар) бірлестігі деп түсіндіріледі. Ал мұндай ұжымның өзіндік маңызды белгілері бар.
Адамдар белгілі бір мақсат жолында ұжымдарға бірігеді. Бұл үшін ұжымның әрбір мүшесі біріккен іс-әрекетке белсенді қатысуы керек және жалпы іс-әрекет ұйымдастыруы шарт. Ұжым мүшелерін ерекшелейтін белгі -- олардың іс-әрекет қорытындысы үшін болған жоғары өзіндік жауапкершілігінің болуы.
Ұжым аталған қасиеттерінен басқа да маңызды ерекшеліктерімен бөлектенеді. Бұл ұжымның ішкі хал-ахуалын, ұжым мүшелерінің бір-біріне деген қарым-қатынасын білдіретін сипаттама. Жақсы ұйымдасқан ұжымда бір-біріне көмек, бір-біріне жауапкершілік, дұрысын айту, өзін-өзі сынау, бәсекелестік сияқты сана қалыптасады.
Формалды қатынастағы адамдар тобында мұндай қасиеттер болмайды, ал ұжым бұл қасиеттерсіз өзінің артықшылығынан айрылады.
Жоғарыда аталған белгілері бар ұжымда еңбекке, адамдарға, жеке және қоғамдық міндеттерге гуманистік қатынастар жүйесі қалыптасады.
- бір ғана түпнұсқаны пайдаланбай, әр түрлі әдістерді қолдана білуге үйрету;
- берер білімнің ғылымилығын арттыру;
- алған білімін өмір ағымында қолдана білуге үйрету;
- оқушысының ой белсенділігін дамыту;
- әр оқушының қабілетіне қарай қызығушылығын дамыту;
-білімді шығармашылықпен меңгеру дағдыларын қалыптастыру нәтижесінде жоғарғы сапаға жету.
Кез - келген дамыған өндіріс қазіргі таңда шығармашылықпен жұмыс жасауды талап ететін адамды қажет етеді. Шығармашылықпен жұмыс жасайтын адамның негізгі іс - әрекеті ақыл - ойға, әрі алған білімді басқа таныс емес іс - әрекетте тасымалдай алуға негіздейді.
Ұжымда балалардың іс-әрекеті мен қарым-қатынасы процесінде жеке адам аралық қатынас жүйесі, өзара жауапкершілік және тәуелділік қатынасы, гуманистік қатынас балалардың дамуы мен қалыптасуына әсер етеді.
Ұжымға тәрбиелік ықпал жасау үшін оның дамуы, ілгері жылжуы керек. Бұл жерде қозғалыстың себебін, дамудың мүмкіндігінің сырын ашып алған жөн. Мұндай психологиялық күш -болашақ үміт дүниесі. Адамның болашаққа ұмтылуы, өмірге үміт артуы, адам мен ұжым дамуының маңызды сәттерінің бірі.
Бірыңғай педагогикалық талаппен қатар, балалардың тәрбие ұжымының жетекші буынға айналуы оқушылардың өзін-өзі басқару ісіне қатынасуына байланысты. Ұжым өкілдері бүкіл мектептің өзін-өзі басқару органдарының құрамына енеді. Осылайша өз ұжымының өмірін басқа бастауыш ұжымдардың өмірмен байланыстырады. Бұл байланысты жүзеге асырудың тағы бір жолы - ұжымның өз шамасына сай мектептің ішіндегі еңбек жарыстарына қатысуы. Бұл іс мектеп көлемінде есепке алынады және бағаланады. Өзіне-өзі қызмет істеуге оқушылар шамасына сай қатынасады. Мұны ұйымдастыру барысында балалардың жас ерекшелігін ескеріп, еңбектің көлемі шамадан тыс болмауын қадағалау керек.
Ұжым өмірінде гуманистік қатынас ерекше орын алады. Негізгі белгілері:
сергектік, ширақтың, белсенділік, қайырымдылық, ұжым мүшелерінің достық бірлігі, бір-біріне ілтипатты болу, өзара жәрдем беру.
балалар арасында бақталастық, өз қамын көздеушілік, тұйықтық, бөлектенушіліктің болмауы.
басқа ұжымдарға жолдастың көмек беруге дайын тұру.
Гуманистік қатынас - ұжымдағы балалардың арасындағы байланыстарды дамытудың құралы.
Ұжымда балалардың іс-әрекеті және қарым-қатынасы процесінде жеке адам аралық қатынас жүйесі, өзара жауапкершілік және тәуелділік қатынасы, гуманистік қатынас балалардың дамуы мен қалыптасуына әсер етеді. [3; 239]
Ұжымға псхологиялық-педагогикалық құбылыс ретінде ғылыми және әдістемелік әдебиеттерде әртүрлі трактовкалар беріледі: солардың бірінде ұжым кез келген адамдардың ұйымдастырылған тобы, екінші жағдайда ұжым - ол топтардың ең жоғары дамыған сатысы.
Ұжым жеке индивидтің де жалпы қоғамның да немесе индивидтің және әлеуметтік қауымның қызығушылықтарын қамтиды. Жеке индивидтердің ұжымға қосылуы оның мақсаттық бірлігіне, қажеттіліктерінің құндылықты бағалаулары, қызметтерінің мотивтері тәртіптеріне негізделеді.
Ұжымның негізгі белгілері - қоғамның маңызды мақсаттардың болуы, олардың кезекпен дамуы, оқушылардың жүйелі түрде әртүрлі әлеуметтік істерге араластыру және бірлескен қызметтерді ұйымдастыру.
Ұжымның дамуына ең үлкен маңызы бар нәрселер қалыпты дәстүр мен бір-біріне көмек көрсету атмосферасының болуы, сенімділік пен талап, сын және өзін - өзі сынаудың дамуы, саналы дисцеплинаның болуы.
Профессионалды білім алу саласында ұжымдық бірлестік үшін маңызды ролді оқушыларға деген нақты талап жүйесі мен олардың жүріс - тұрысын иеленеді. Қоғамға пайдасы тиер азаматты тәрбиелеп шығаруды мақсат етіп қойған педагог бірінші күннен бастап-ақ барлығына ортақ талап қоюуы тиіс. Бұл талаптардың қойылуы уақытына емес, әрбір педагогтың жалпы ұжымның үздіксіз әреккеті болуға тиіс. Егер оқушыларға мақсатқа бағытталған талапты ұжым емес бір ғана педагог ұсынса бұл нәтижесіз болмақ.
Біріккен талаптардың жүзеге асу маңыздылығы білім орындарының педагогикалық кеңесіне қарайды. Оқу және тәрбиелеу процесіндегі біріккен педагогикалық талаптардың мағынасын түсіндіру, олардың мазмұнын нықтау мен әдістеменің және оның жүзеге асуын қадағалау олардың, яғни кеңестің басты міндеттерінің бірі болып табылады.
Әрбір педагог оқушылар ұжымына немесе оның бір мүшесіне қойылатын талаптардың нақтыланған, сарапталған болуы керектігін жақсы біледі. Ал оқушылар болса мұндай жағдайда өздерін қалай ұстау керектігін өте жақсы білуі тиіс. Педагог оқушыдан не талап ету керектігін, ал оқушы өзіне қойылған талаптың қандай екенін түсінгенде ғана ұжымдағы талаптылық бекілген.
Талаптарды орындау оқушыларға оның мән-мағынасын, мазмұнын, жүйелік дайындығы мен бақылауын түсінуге көмектеседі. Түсіндіру немесе анықтау талаппен жүргізіліп отыру тиіс, оны алмастырудың қажеттігі жоқ. Талаптың міндеті орындалуын талап ете алатын және сол талаптарды категориялық формада ұсынып білетін оқытушылар мен шеберлер ғана мұндай біріккен, ортақ талаптардың орындалуына қол жеткізе алады.
Қойылар талаптардың орындалуына оқушылардың еркін араласуы, яғни оқу орнындағы кезекшілік арқылы тәртіп сақтаулары да үлкен орынды иеленеді. Бұзылған тәртіп ережелері өз уақытында көңіл бөлінуі тиіс. Бірақ, бұл дифференциалды түрде, жүріс - тұрыс мотивтарын ескере отырып жүзеге асырылуы тиіс. Бұл жағдайда индивидуалды әдіс ең маңызды педагогикалық жағдайлардың бірі болмақ .
А.С.Макаренко ұжымда жеке адам тәрбиесінің қоғамдық бағыттылығын ерекше атап, ұжымның төмендегідей кейбір белгілерін көрсетті:
Ұжым тәрбиенің мақсаты және объектісі, жеке адам ұжымнан тыс дамымайды.
1. Ұжым адамдарды жалпы мақсатқа, еңбекке және еңбекті ұйымдастыруға біріктіреді.
2. Ұжым барлық ұжымдармен табиғи байланысты қоғамның бөлігі.
3. Ұжымның өзін-өзі басқару органдары және өкілдері, ұйымдастырушылары болады.

1.2. Оқушылардың ұжымын қалыптастырудың тиімділігі

Ұжымдық танымдық іс-әрекеттер әлеуметтік тәжірибені игерудегі, өз мүмкіндіктерін жүзеге асырудағы, өзіндік танымдық қажеттіліктерін іске асырудағы қиындықтарды жеңе отырып тәжірибе жинақтау, бірлесе еңбек теу, қарым-қатынас жасау бірліктеріне ие болу сияқты субьект позицияларын қалыптастыру мүмкіндігімен әрбір оқушыны қамтамасыз ететіндей мұғалім ұйымдастырғанының негізіндегі оқушылардың біріккен іс-әрекеті. Ұжымдық танымдық іс-әрекеттер белгілі бір дәрежеде оқу материалын меңгеру, оқу барысындағы Осал жерлері жөнінде оқушылардан кері ақпараттарды жедел алу деген сияқты өзекті мәселелерді шешуге мүмкіндік жасайды, оқушының тұлғалық қасиетін өз мәнінде дамыту үшін маңызды шарт болып табылатын қарым-қатынастардың жетіспеушілігін азайтады. Диалектикалық қарама - қайшылықтардың бірлігі мен күресі деп аталатын заңына сәйкес кез-келген нәрсені дамыту процесінде күрес арқылы қарама-қайшылықтар пайда болады, олай дамытудың қозғалушы күші де, қозғалыс көзі де қарама-қайшылық. Бүгінгі таңдағы өркениетті елу қатарына қосылуды мұрат тұтқан тәуелсіз Қазақсан Республикасының қоғамы болашақ түлектерді жедел өзгерісті дүниеде өмір сүруге дайындау қажеттігіне оқу-білімдену жүйесіне жаңа да күрделі талаптар қоюда. Ал мұндай дайындық балада әрқилы ғылыми салаларға тән біршама білім-біліктер жиынтығы қалыптастырумен ғана шектеліп қоймастан, оның бойында жоғары шығармашыл және икемшіл тұлғалық мүмкіндіктерді дамытуға бағытталған нақты істерді қамтуы тиіс. Соңғы жылдарда жалпы және орта білімді гуманизациялау мен гуманитаризациялау ниеті айқын әрі мақсатты бағыт ала бастады. Ал бұл ұлағатты мақсаттың тиімді іске асуы бала тәрбиесінің қайнар көзі бастауыш мектепке тәуелді болатыны айдан анық. Адамға табиғаттан берілген ізгіліктің мүмкіндіктердің 80% осы бастапқы кезеңнен қалыптасатынын ғылым дәлелдеп отыр
Оқушылардың ұжымдық таным қызметін іске асыру үшін, оған оқушының оқуға деген қабілетін білген жөн. Қабілет- баланың бір нәрсеге деген құштарлығы арқылы ашылады. Қабілетсіз бала жоқ. Қабілеттілік нышан арқылы білінеді.
Баланы ұжымда сыныпта оқытудың ерекшеліктері:
-Тұрақты оқушылар тобы;
-Әр оқушының оқуын қадағалап бақылау, оған көмек көрсету;
Міне, осы ерекшеліктер оқушының ұжымда білім алып, таным қызметінің дамуына мүмкіндік береді.
Ұжымдарды ұйымдастыруда мына мәселелерді басшылыққа алған жөн:
- Әрбір пән бойынша бөлек топтар құрылатындығы, бір пәннің шеңберінде топтық құрамы жеке оқушылардың ілгері басуын ескере отырып анықталуының қажеттігі;
- Пәндер бойынша ұғымдар оқушылардың білімдерінің және дағдыларының деңгейіне қарай құрылғаны орынды;
- Оқу ұғымдарын жинақтауда оқушылардың өзара қарым-қатынастары да ескерілуі тиіс.
Әр түрлі құрама ұжымдарда жұмыс істеу тиімділігін ғалымдар зерделеп, 5 оқушыдан құралған ұжым тиімді болатындығы жөнінде тұжырым жасады. Өйткені 3 оқушының талқылау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті пікірлер мен ұсыныстары жеткіліксіз, 4 және 6 адамнан құралған адамдарда жіктелу пайда болады, ал 7 адамнан құралған топта әрбір оқушының өз пікірін айтуына, өз ұсыныстарын және көз қарастарын жеткізуіне мүмкіндік болмайды. Ұжыммен орындалатын жұмысты ұйымдастыру үшін топтарды орналастыру да маңызды мәселелердің бірі. Тіпті қарапайым кеңістікке орналастыру да оқушылардың өзін-өзі танытуларына, олардың өзіндік қасиеттерін және осы кезеңдегі өзіндік мәнін қалыптастыруға әсер етеді. Осы ұжымдық іс-әрекет негізінде оқушылардың арасында барынша белсенді байланыс орнайды, қарым-қатынас жақсарады, алға деген ұмтылушылық, қызығушылық пайда болады. Ұжымдық іс-әрекеттерді ұйымдастыруда кеңесшіні сыйлау мәселесі демаңызды, яғни балалардың іс-әрекетін ұйымдастыруда өзін-өзі басқарудың психологиялық құралдарын пайдалана алу қажет. Арнайы жүргізілген эксперименттер ғалымдарға мынадай қорытынды жасауға мүмкіндік береді: кеңесшіні ұжымның өзімұғалімнің және жоғары социометрилық статусы бар кеңесшінің келісімдерін ескере отырып таңдауы керек; жағдайға байланысты кеңесшілер жиі ауыстырылып отырған дұрыс. Осылайша танымдық мәселелерді шешуде негізінен бастауыш сынып оқушыларының өзара ықпалдастығы, қарым-қатынасы, ынтымақтастығы, танымдық қызығушылық ерекшеліктері, танымдық белсенділігі, алынатын ұжымдық танымдық іс-әрекет мына түрде көрініс табуы мүмкін.
1.Ұжымдық жұмыс принциптерін ұйымдастыратын фронтальды жұмыс. Мұндай жұмыстарды ұйымдастырудың тапсырмалар түріне проблемалық жағдаяттарды талқылауда, теоремаларды бірігіп отырып дәлелдеуді, орындалатын жұмыстардың жоспарын бірігіп талқылауды, біріге отырып әңгіме құрастыруды, картина бойынша бірігіп жұмыстар жасауды, психотренингтер өткізуді т.б. жатқызуға болады.
2. Ұйымшылдық принципі бойынша ұйымдастырылған топтық жұмыс. Оның түрлері: жұптық жұмыс, топтық сауалда, топтық жұмыстарда әңгімелесу, дөңгелек үстел, пікірталас, дебат элементтері бар топтық жұмыстар (форум, сараптау, талқылау топтарының отырыс, сиптозицм, жобаларды ұсыну, ойындық модельдеу бойынша проблемалық пікірталастар, диалогтар т.б.).
3. Топ жұмыстарының бейнесі ретіндегі топтардағы өзара тексерулер: орындалған жұмыс бойынша толық немесе жекелей түсінік беру, өзара пікір алмасу ( ауызша, жазбаша, практикалық жұмыстарды өзара тексеру т.б.).
4. Ассистенттердің, кеңесшілердің және белсенді оқу топтарының басқа да мүшелерінің жұмысы.
5. Оқушылар кездесуі.
Міне осылардың негізінде бастауыш сынып оқушыларының ұжымдық таным іс-әрекетінің толық ұйымдастырылуын көрсетуге болады. Ұжымдық танымдық іс-әрекет қажеттілік арқылы көрініс тауып отырады. Жаңа бір нәрсені білу үшін әрбір бала өзінің тіршілік және рухани қажеттігін өтеп отырады. Міне, осының әсерінен балада бір нәрсеге қызығу пайда болады Ұжымда мұғалім балаларға ойлауды қажет ететін әр түрлі әдістерді қолдануды түсіндіріп көрсетеді, оларға түрлі жаттығулар мен тапсырмалар бере отырып шеберлікті, дағдыны бекітіп, шығармашылық қолдануды үйретеді. Міне, мұғалім мен оқушының осындай іс-әрекеттері ұжымдық іс-әрекетке айналады. Ұжымдық танымдық іс-әрекеттің ұйымдастырылуының тағы бір көрінісі- қызығушылық, яғни танымдық қызығу. Бастауыш мектеп жасындағы баланың ұжымдық танымдық іс-әрекеттері оқу үрдісінде жүзеге асады. Бұл жастағы балалар өте сезімтал. Оның сезімі тәуелсіз және өте ашық болады. Бұл жастағы балалардың қиялы өте шапшаң, фантазияға берілгіш келеді. Осы жастағы балаларды қандай да болсын бір іске оп-оңай тартуға жеңіл. Бұл кездегі балалар қиын істерді құштарлықпен орындайды. Балалар өте байқағыш, еліктегіш, әр нәрсеге үңіле қарайды, көп нәрсе оларды ойлантады.Кеңестік психологтер зерттеулері бойынша 7 жастағы оқушыны мектепке қатысты жағдайлардың барлығы қызықтырады: жаңа адамдар (сыныптағы оқушылар, мұғалім), жаңа орын (мектеп,сынып) іс-әрекеттің жаңа түрі және т.б.балалар жасына байланысты танымдық қызығу мәселелерінбірнеше ғалымдар өз еңбектерінде қарастырған: Н.Рыбалкина, Л.Горден, М.Беллева, И.Цветкова, Л.Маневцова, В.Иванова, бастауыш мектеп оқушылары бойынша А.Абдуллаева, М. Морозова, М.Щеломенцова, т.б. бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығуына жақын мәселелерді В.Дорохова, Р.Жданова, О.Саулина, И.Трегубованың жұмыстарында қарастырылған
А.С. Макаренконың ойынша, нағыз шын ұжым, мейлі ересектер, мейлі балалар ұжымдары болсын қоғамның бір мүшесі болып есептеледі. Осыған байланысты қоғамның бастапқы бір ұясы болып саналатын оқушылар ұжымы басқа ұжымдармен байланыста болуы тиіс, оның алдында қоғам мен ел алдындағы міндеттер тұрады. А.С. Макаренко атап көрсеткен ұжымды сипатттайтын міндеттер бүгінгі таңда да өз мәнін жойған жоқ. Ол міндеттер мыналар:
- ұжым алдындағы айқын мақсат;
- ұжым мүшелерінің қоғамдық мақсатқа бағытталған іс-әрекет жасауы;
- ұжым мүшелерінің бірлігі және әрқайсысының өзіндік пікірі болуы керек;
- өз арасында міндеттер белгілеу;
- қатаң тәртіптің болуы;
- өз мүшелері үшін ұжымның жауапкершілігі, өзара көмек, өзара бақылау, жолдастық сезім, қайырымдылық қарым қатынастың болуы.
Жеке тұлға әртүрлі іс-әрекет арқылы дамып қалыптасады. Іс-әрекет-адамның айнала қоршаған ортаға қарым-қатынасын белсенді түрде білдіретін ең маңызды форма.
Іс-әрекетті дұрыс ұйымдастыру, оның өмірге көзқарасының дұрыс қалыптасуына әсер етеді.
Оқушылардың ұжымдық іс-әрекеті - бұл нағыз өмір мектебі. Ұжымдық іс - әрекет арқылы оқушылардың қоғамдық өмірге қажетті білім, іскерлік дағдысы қалыптасады.
Ұжымдық шаралар неғұрлым көп ұйымдастырылса, ұжымның беріктігі соншалықты болады. Әрбір шара бір-біріне, қоршаған ортаға, достарына қамқор болуға үйретеді. Ұжымдық шығармашылық іс-әрекетте оқушылар алдарына қойған мақсаттарды орындауда бірігіп ізденеді, жоспарлайды, ұйымдастырады. Шығармашылық іс тек көз алдау үшін жасалмайды, онда балалардың күш-жігері жаңа мүмкіндіктері, ұшқыр ойлары көрініс береді.
Әрбір шығармашылық іс өзінің сипатына қарай бір-бірінен ажыратылады.
1. Еңбекке баулитын шығармашылық іс. Оның негізгі мақсаты айнала қоршаған орта туралы балалар білімін молайту, қуанышты өмір негізі еңбек екендігіне балалардың сенімін, көзқарасын қалыптастыру, еңбекті өз еркімен, шығармашылықпен істеуге үйрету.
2. Танымдық - қабілет пен білімді дамытатын шығармашылық-іс. Танымдық шығармашылық іс өмірде әлі сыры ашылмаған, анықталмаған беймәлім нәрселерді, жұмбақтарды ұжымдық түрде береді. Танымдық шығармашылық іс оқушылардың білімге ұмтылуын, табандылығын, байқағыштығын шығармашылық ойлауын, рухани байлығын дамытады.
3. Көркем өнерге баулитын шығармашылық іс. Бұлшығармашылық іс мақсатты түрде балалардың эстетикалық талғамын дамытып, өнерге деген рухани мәдениетін көтеріп , жан дүниесін байытады.
4. Спорттық шығармашылық іс.
Спорттық шығармашылықшаралардың басты тәрбиелік мәні балаларды спорттық сауықтыру шараларына, дене тәрбиесі сабақтарына шынайы көзқарастарын дамытып, қоғамның қуатты мүшесі болуға дайындау. Спорттық шығармашылық іс шапшаңдық, ептілік, шыдамдылық, батылдық ерлік қасиеттерінің қалыптасуына көмектеседі.
Шығармашылық шараларды ұйымдастырудың мынандай маңызды жақтары бар.
1. Балалардың өз өмірін өздері басқара білуге сенімін қалыптастыру.
2. Оқушылардың ойлауын, қиялын дамыту.
3. Оқушыларды өз беттерімен шешім қабылдауға үйрету.
4. Бала бойындағы қорқыныш, үрей сезімдерін жойып, өзіне деген
сенім туғызу.
5. Оқушыларды әртүрлі өнер саласына баулу.
6. Оқушылардың күлкі, әділ - сықақ сезімдерін дамыту.
7. Бала бойындағы рухани күшінің басым жақтарын байқату.
Әрбір істе балаларға өз шығармашылығымен қатысуына, ізденуіне мүмкіндік беруіміз керек. Бала ойы таза шындықтан құралады. Бала тазалығы жай аңқаулық емес, тәжірбиесіздік, бағалылық. Кейде үлкендер бала жан дүниесіне өзіміздің ой жүйемізді күштеп ендіріп бала психикасына әсер етіп отырамыз. Ал баланың әрбір істегі шығармашылығы үлкен жетістік. Әрбір педагог өз тәжірбиесін бала күш-қуаты, шығармашылығымен біріктіруі қажет.
Ұжымдық шығармашылық істі ұйымдастыру алты кезеңнен тұрады.
1 - ші кезең: Күні бұрынғы ұжыммен жұмыс, бұл алғашқыәңгімелесу түрінде өтеді. Әңгімені балаларды қызықты пайдалы іске жұмылдыру мақсатымен мұғалім жүргізеді. Не істейміз. Кім ұйымдастырады.
2 - ші кезең: ұжымдық істі жоспарлау. Жоспар шағын топтарда жасалынады, оның шешімі жалпы топқа жарияланады, топта бекітіледі.
3 - ші кезең: ұжымдық шығармашылық істі әзірлеу. Әзірлік орталығын құру үшін уақытша ұйымдастырушы орган іс кеңесі сайланады. Кеңесшілер ата-аналар, педагогтар бола алады. Кеңестің мақсаты - жоспарды іске асыру үшін, жоспарды нақтылау, әзірлікке бақылау жасау.
4 - ші кезең: Ұжымдық шығармашылық істі өткізу. Мұнда ұжымдық жоспар іске асырылады. Бұл кезең әртүрлі таңғажайыптарға толы болады.
5 - ші кезең: Ұжымдық істің қорытындысын шығару. Ұжымның жалпы жиынында өткізілген істің қорытындысын шығару.
6 - шы кезең: Шығармашылық істің әсерін бақылау.
Оқушылармен ұжымдық шығармашылық шаралар, сайыстар өткізуге болады, мысалы: Фабрика рөлдік ойыны, Қысқы қарлы операция, Қарлы ертегі, Десант, Рейд жорық операциялары. Танымдық аукцион, ауызша журнал, телекөпір, күлкі эстафетасы сайыстары. Бұл шаралар ұжымдық түрде оқушылардың шығармашылық қабілеттерінің дамуына әсер етеді.

2. Оқушылардың ұжымын қалыптастыру және оны дамыту жолдары

Егеменді елдің жас ұрпақтарын тәрбиелеу, талапқа сай білім беру, бүгінгі күннің уақыт күттірмес мәселелерінің бірі болып табылады. Сондықтан да бастауыш мектеп алдында балаға жүйеленіп, дайындалып берген белгілі бір білімді ғана беріп қоймай, оны жалпы дамыту, яғни сөйлеу, оқу, қоршаған орта жөнінде дұрыс көзқарас қалыптастыру, жағдайларды объективті түрде бақылап, талдау жасауға үйрету, ойын дұрыс жеткізе білуге, дәлелдеуге, сөйлеу мәдениетіне, шығармашылық бағытта жұмыс істейтін, біртума ойлау қабілетімен ерекшеленетін жеке тұлға қалыптастыру міндеті тұр.
Дамыта оқытудың да басты мақсаты - баланы оқыта отырып, оны шығармашылық бағытта жан - жақты дамыту.
Б. Д. Эльконин шығармашылыққа мынандай анықтама береді: Шығармашылық -бұл ерекше тұрғыдағы жасампаздық, жаңадан жасалған нәрсе бұрынғы нәрселердің механикалық қайталануы емес, өзінің сонылығымен, біртумалығымен ерекшеленетін болса, өзін - өзі куәландыратын, дәлелдейтін болса, онда бұл нәрсені туғызған шығармашылық акт туралы сөз қозғауға болады.
Бір нәрсені жасауға, тудыруға деген қабілеттілік балаларда мектеп жасына дейін де көрінеді. Адам бойындағы қабілеттерді дамытып, олардың өшуіне жол бермеу адамның рухани күшін нығайтып, өзін - өзі табуына көмектеседі. Өйткені, адам туынды ғана емес, тудырушы, жаратушы да. Ол өзін - өзі шынайы болмысына бастайтын жол іздеуі керек. Адам өзін - өзі жетілдіруге де, сонымен қатар, сонымен қатар өзін - өзі жоюға да қабілетті болады. Адамның өз болмысын тануға ұмтылуға көмектесіп, тереңде жатқан, талап тілегін, қабілеттерін дамыту, сол арқылы оған толыққанды өмір сүру үшін жаңа рухани күш беру білімнің ең маңызды мақсаты болып табылады-деп көрсетілген Қазақстан Республикасы Орта білімді дамыту тұжырымдамасының жобасында. Кез - келген дамыған өндіріс қазіргі таңда шығармашылықпен жұмыс жасауды талап ететін адамды қажет етеді. Шығармашылықпен жұмыс жасайтын адамның негізгі іс - әрекеті ақыл - ойға, әрі алған білімді басқа таныс емес іс - әрекетте тасымалдай алуға негіздейді.
Оқушының шығармашылық іс - әрекеті және оның мәнін түсіну үшін жеке тұлғаның ғылыми - педагогикалық зерттеулердің обьектісі ретінде анықталу сипатын білу қажеттілік болып табылады. Шығармашылық іс - әрекет тұлғаны құраушы және оны айқындаушы фактор ретінде де қарастырылады.
Жеке тұлғаның ерекшеліктеріне тән қасиеттер оның санасына, өзіне - өзінің сын көзімен қарауына, адам баласының есіне әсер ететін ішкі және сыртқы түйсік,түйсіктердің әсеріне және оның ерік - жігер күші мен әсерленушілік сезім дүниесіне байланысты құбылыс деген пікірді біздер қуаттаймыз. Оның себебі, ұлы ғұламаларымыз осы ой - пікірде болған деп білеміз.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Балалар ұжымы дамуының негізгі сатылары және оның қалыптасуы
Оқушылар ұжымының негізгі әрекеті оқу
Бірінші кезеңде оқушылар ұжымы жеткіліксіз ұйымдастырылған топ
Балалар ұжымы дамуының негізгі сатылары және қалыптасуы
Оқушылар ұжымы – мектептегі тәрбиені ұйымдастырудың негізгі формасы
Ұжымды қалыптастыру және оның оқушы тұлғасына ықпалы
Бастауыш сынып оқушыларының ұжымдық танымының теориялық негіздері
Балалар ұжымының психологиялық ерекшеліктері
Педагогика пәні бойынша бағдарлама
Оқушылар ұжымы арқылы жеке тұлғаны қалыптастыру жолдары
Пәндер