Бала тәрбиесіндегі ата - ана үлгі өнегесінің рөлі


КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
«Отбасындағы ата - ананың үлгі өнегесі»
2020 ж.
Мазмұны
Кіріспе . . . 4
1. Отбасы тәрбиесінің педагогикалық аспектілері . . .
1. 1 Отбасындағы тәрбие түсінігі . . . 8
1. 2 Қазақ халқының отбасылық құндылықтарының негіздері . . . 15
2. Отбасы тәрбиесіндегі ата -ананың көрсететін үлгі өнегесі
2. 1 Бала тәрбиесіндегі ата - ана үлгі өнегесінің рөлі . . . 20
2. 2 Ата-ананың міндеті мен жауапкершілігі . . . 29
3 Практикалық бөлім . . . 32
Қорытынды . . .
Қолданылған әдебиеттер тізімі . . .
Қосымшалар . . .
Кіріспе
Адамның жеке басының алғашқы қалыптасуы отбасынан басталады. Оның ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілер отбасында қалыптасады, сондықтан да туған үйдің жылуы - оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді. Ақын сөзімен айтқанда: «Отбасы - табиғат сыйлаған кереметтердің бірі», - десек артық емес. Жеке адамның бойындағы ар-ұяты, ақыл-ойы, адамгершілігі, басқа адамдармен қарым-қатынаста, мәдениеттілікті тәрбиелеуде отбасы алғашқы қадам. Сондықтан, отбасы өте қажетті, басқадай ешнәрсемен өзгертуге (ауыстыруға) болмайтын баспалдақ. Отбасы - сыйластық, жарастық орнаған орта. Отбасы - бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы.
Отбасының басты қазығы, алтын тіреу діңгегі - бала. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол. Отбасының әрбір мүшесі, өзара сөйлесіп, не болмаса ата-ананың, баланың міндетін атқару ғана емес, береке-бірлік, сүйіспеншілікпен араласса, босағасы берік, шаңырағы биік отбасына айналары сөзсіз.
Отбасы - адам ғұмырының тірегі ғана емес, қоғамның да басты негізі.
Отбасы - адам баласының өсіп-өнер алтын ұясы. Адамның өміріндегі ең қуанышты, қызық дәурені осы отбасында өтеді. Бала өмірінің алғашқы күнінен бастап, ата-ана өздерінің негізгі борыштарын - тәрбие жұмысын атқаруға кіріседі.
Алайда, қазіргі кездегі елдегі экономикалық әлеуметтік жағдайлардың қиындығы, жұмыссыздық, материалдық-рухани қажеттіліктердің тапшылығы, осының бәрі отбасындағы ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты күрделендіріп отыр. Бала тәрбиесінің негізі - бұл оның отбасы. Осы шағын әлеуметтік топ - бала үшін өмір мектебі. Отбасындағы ата-ана баланың өмірлік ұстазы және тәрбиешісі. Баланың болашағы, білімі, мәдениеті, отбасындағы ата-ананың сіңірген еңбегіне, тәлім-тәрбиесіне байланысты. Сондықтан, әрбір ата-ана өзінің баласын білімді, мәдениетті, жан-жақты етіп тәрбиелеуге міндетті. Қазіргі кезде отбасы тәрбиесі мәселесі әлемдік деңгейде қарастырылуда. Оған «Балалар құқығы туралы Конвенция» (1995), Қазақстан Республикасының «Білім туралы заңы» (1999), Қазақстан Республикасының «Балалардың құқығы туралы заңы» (2002), «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы» (2004) сияқты құжаттар дәлел бола алады. Сондықтан да баланы жағымды ортада тәрбиелеу мен оқыту қазіргі таңдағы ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады.
Адам өмірінің мәні мен сұлулығы, адамның келешегіне сенімділігі -баланың ата-анасын ардақ тұтып, өзінің перзенттік қарызын бір сәтке де есінен шығармауында. Бұл - жас ұрпақтың мәдениеттілігінің, әдептілігінің ғана емес, ең алдымен, адамшылығының белгісі. Ол жас болсын, жасамыс болсын, баланың өмір бойы өтеумен болатын қарызы. Отбасындағы психологиялық оңды ахуал, татулық пен тыныштық, жайдары қабақ, ойға алған істерінің өрге басып, мақсаттарының жүзеге асуының кепілі.
Отбасының адамзат ұрпағына деген ықпалы мен әсер күшін өмірдегі басқа еш нәрсенің күшімен салыстыруға болмайтындай. Өйткені ата - ананың балаға деген тәрбиесінің орнын еш нәрсе толтыра алар емес. «Ел болам десең, бесігіңді түзе» - деген нақыл сөз отбасы тәрбиесінің маңызын айқындатып тұр емес пе? Отбасы мүшелерінің жас шамасы әр түрлі болса да, олардың арасында бір-бірімен рухани жақындығы, мақсат ынтымақтастығы бар. Атақты қазақ ақыны Қасым Аманжолов өзінің жарына арнаған бір өлеңінде:
Отбасы - шағын мемлекет, Мен - президент, сен - премьер, дегені бар. Шынында, отбасы - ол да бір шағын мемлекет. Әр мемлекеттің өзіне тән өндірісі мен өнім бөлісі, сыртқы және ішкі саясаты, кіріс-шығыс бюджеті, қастерлеп ұстанатын рәміздері, т. б. болатыны сияқты, әр отбасы болмыс-тіршілігінің де соған ұқсас жақтары бар, оның жаратылысы да басшылық пен қосшылықты қажет етеді. Сондықтан отбасының құрылымына зор маңыз беріліп, мәнін қорғаған, отбасының ар-намысын сақтауға, сырын шашпауға, мүшелерін бір-біріне қатысты адалдыққа тәрбиелеген. «Отан отбасынан басталады» деген сөздің мәнісі де осында.
Зерттеу жұмысының мақсаты: Отбасы тәрбиесіндегі ата - ананың үлгі өнегесінің маңыздылығын ашып көрсету
Зерттеу мақсатына сай келесі міндеттер анықталды:
- Отбасы тәрбиесінің педагогикалық аспектілерін зерттеу;
- Отбасы тәрбиесі түсінігін ашу;
- Қазақ отбасы тәрбиесінің ерекшеліктерін көрсету;
- Отбасы тәрбиесіндегі ата- ана үлгі өнегесіне талдау жасау;
- Балаға ата - ана үлгі өнегесінің ролін анықтау.
Зерттеу әдістері: педагогикалық процесстерді талдау, жүйелеу, ғылымилылық негіз.
Зерттеу болжамы: тәрбие процессі біртұтас педагогикалық процесс ретінде бірнеше бағыттардың жиынтығы ретінде танылады, сол сияқты отбасы тәрбиесі жалпы тәрбие процесінің маңызды құрамдас бөлігі болғандықтан оны зерттеусіз тәрбие процесі нәтижесіз сипатта болады, тек отбасында ата - ананың қолайлы үлгі өнегесін игерген бала жан - жақты дамыған, жақсы тәрбие алған тұлғаға айналады.
Зерттеу құрылымы: кіріспеден, екі бөлімнен және практикалық бөлім мен қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, қосымшадан тұрады.
- Отбасы тәрбиесінің педагогикалық тәрбиесі түсінігі
Жас баланы отбасында тәрбиелеуде халқымыздың сан ғасырлар бойы жинақтаған ұрпақтан - ұрпаққа беріліп келе жатқан ұлттық тәлім - тәрбиелердің, төлтума халық педагогикасының орны зор. Оның өзекті арқауына ұлттық сана - сезім, қадір-қасиет, ар-ождан, ұлтжандылық, отансүйгіштік, ізгілік, ізеттілік, парасаттылық, тектілік, қайырымдылық және т. б. жататыны, олардың өмірдегі мән-маңызы сараланады. Жанұяда жас баланы ерлікке, жігерлікке, батылдық пен батырлыққа, сөз бен істің бірлігі сияқты қасиеттерге тәрбиелеудің орны ерекше.
Отбасында, әсіресе, ата-ананың, туған-туыстың айтқан сөздері, қоғамдық өмірде болып жатқан құбылыстар, саяси-әлеуметтік өмірдегі өзгерістер жөнінде оларға айтқан пікірлерді, қабылданып жатқан шешімдерге берген бағаларды т. с. с жас бала арнайы тыңдап, мән бермегенімен, ойын арасында естігенін біртіндеп белгілі бір ой қалыптастырып, тұжырымдар жасайды. Жанұяда негізі қаланған тәрбие өсе келе өмірлік нысанаға айналуы мүмкін. Халық жанұядағы тәрбиеге ерекше көңіл бөлген. Оны "Таяқтау оңай, тәрбиелеу қиын", "Балақан өсіру - Балапан ұшыру емес" деген мақал - мәтелдерден көруге болады. Ал, "Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер", "Үлың өссе - ұлы жақсымен ауылдас бол, қызың өссе - қызы жақсымен ауылдас бол", "Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер" -мақалдары халықтың бала тәрбиесіне, оның қалай өсіп-өнуіне, болашағына үлкен көңіл бөлгендігі байқалады. Яғни, бала ата-анаға, өскен ортаға қарап өседі, үлкендердің үлгі өнегесіне қарап тәлім алады. "Тәрбиенің ең тамаша мектебі-отбасы". Баланы 5 жасқа дейін патшадай күт, 10 жасқа дейін құлдай жұмса, 15 жастан асқан соң-досыңдай сырлас»-деп халық текке айтпаған. Ата-ананың үйдегі қарым-қатынасы, киім киюі, мінез-құлқы бәрі-бәрі балаға үлгі өйткені, "қарағайға қарап тал өседі, жанұяға қарап бала өседі", "Әкеден - ақыл, анадан - мейір алады", "Әке - асқар тау болса, ана бауырындағы бұлақ, ал бала - жағасындағы құрақ"халықтың осы бір даналық сөздері еске түседі. Осы бір үш сөз әке, ана, бала - отбасы ошағының үш тағаны іспеттес.
Тәрбиеге арнайы бөлінген уақыт жоғы белгілі. Ата-ана өз еңбегімен, өмірге деген саналы көзқарасы, жақсы қасиеттері арқылы қадірлі ғұмыр кешіп, ұрпағына мирас ете білсе, өзінен күш -қуат кетіп, бағу-қағу сияқты күтім қажет кезінде кімді тәрбиелеп, кімді өсіргенімен бағалы болады.
Отбасы тәрбиесінде ата-аналардың ез мінез-құлқы шешуші фактор болып табылады. А. С. Макаренко лекцияларында: «Сіз өз балаларыңыздың, тәрбиесін бастамастан бұрын, өзіңіздің жеке мінез-құлқыңызды тексеріңіз . . . Сіздің жеке мінез-құлқыңыз нағыз шешуші нәрсе . . . Ата-аналардың өздеріне талап қоюы ата-аналардың өз семьясын қадірлей білуі, өзінің әрбір қадамын қадағалап отыруы - тәрбиенің ең бірінші және ең басты әдісі.
В. А. Сухомлинский: «Отбасы тәрбиесінің басты мақсаты - бала тәрбиесі. Бала тәрбиесіндегі басты мектеп ол ата- ананың қарым-қатынасы»-деген.
Отбасының құрылымында оның әрбір мүшесі белгілі әлеуметтік рөлдерді атқарады: күйеу, әйел, әке, ана, ұл, қыз, аға, қарындас, ата, әже деген. В. А. Сухомлинскийдің пікірі бойынша, адамның бақытты болуы оның өзіне қатысты рөлдерді адал, шын ниетте орындауына байланысты деген.
Отбасындағы баланың дамуына қолайлы жағдайдың бастысы ол балаға деген махаббат.
Сүйіспеншілігі мол отбасы - ол баланы түсінетін, баламен үйлесімді қарым - қатынас жасап, үлкен қуаныш әкелетін, балаға сенім білдіріп, қолдау көрсетіп отыратын, баланы ақылмен сүйе білетін отбасы.
Ата-ананың балаға деген махаббаты - әрбір азаматтың Отанға, досқа, туыстарға, сүйген жарға деген махаббатының жетекшісі, көш басы деп түсінуге болады. Өмірдегі небір сырлы махаббаттар ата-ананың балаға деген мейірімділік махаббатынан тараған. Сол ата-ананың өзі еккен махаббаты қартайғанша тозбай, ондай ата-ана өткен өміріне өкінбей, еңбегінің жанғанына риза болады. Балаға деген соқыр махаббат баланың тәрбиесінде түрлі қателіктердің орын алуына әкеледі.
Ана тәрбиесі - кешенді тәрбие, жинақталған аса тағылымды мектеп.
Ананың, тәрбиешінің, ұстаздың шеберлігіне қарай бала бойында ұстамдылық, ұқыптылық, нәзіктік, кішіпейілдік қасиеттер қалыптасса, әке арқылы еңбекқорлық, батылдық, адамгершілік, азаматтық, табандылық мінезге ие болады. Сондықтан да, ата-анаға, ұстазға өз жүрегінің тебіренісін жай-күйін бала сезіміне әсер ететіндей жеткізе білуге тырысқан жөн.
Әке - балаға сыншы. Ол бала бойындағы әрбір жақсы ісіне сүйсініп, теріс әрекетіне күйінеді. Әке тәрбиесі - асауды ауыздықтандыратын, тентекті тұзақтайтын, елдікті сақтайтын, ерлікті жақтайтын, шаңырақтың шаттығын шалқытатын ұлы мектеп.
Тәрбиенің үлкен құралы - шындық. Егер баланы жастайынан шындыққа тәрбиелесек, барлық адамгершілік қасиет соның маңайынан табылады.
Бала - адамның бауыр еті, баланың жақсысы - қызық, жаманы - күйік деп Абай атамыз айтқандай, бала жақсы болса, жаның тояды, жаман мінезін не іс - әрекетін естігенде бір жасқа қартаясың. Жас ұрпақты тәрбиелеу жүйесі заман талабына сай қоғамдық өмірде болып жатқан ұлы өзгерістерге байланысты. Қазір қоғам жан - жақты үйлесімді жетілген жаңа адамды тәрбиелеуді талап етеді. Қоғам талабы, заман талабы, өйткені әр адам өз заманының баласы. Сол себептен адамды заман билейді, заманына сай заң туындайды.
Баланың адам ретіндегі қалыптасуында тәрбиенің негізі ата-анадан деп есептегенімен, жүрген ортаның, ағайын-туыстың, жора-жолдастың, отбасының, ең әуелі туған жердің табиғатына дейін әсер тигізетіні рас. Бұлардың бәрін, ер жетіп, азамат болуда ықпал етер шартты жағдайлар деп бағаласаң, көгеріп, көркейіп өскен жастың жанына азық, бойына қуат, өнеге беретін аялы алтын діңгегі - әке-шешесі.
Тіршіліктегі барлық нәрсенің бір-бірімен сабақтас болғаны сияқты, баланың бойындағы, әдетіндегі небір жақсы, жаман қасиеттің көздері осыларда.
«Отбасы үлкен және жауапты іс, осы істі ата-аналар басқарады және оған қоғам алдында жауап береді», - деді А. С. Макаренко. Оның айтуы бойынша әрбір ата-ана өзінің міндетін адал және түсініп орындауы қажет.
Кейбір отбасыларда жиі кездесетін кемшіліктердің бірі әке мен ана өздерінің мінез-құлықтарындағы кемшіліктермен күреспейді. Олар өз балаларынан әдептілікті, ұстамдылықты, тағы да осы сияқты жағымды қасиеттерді талап етеді. Бірақ ата-аналардың өздері бұл талаптарын естен шығарып, балалары және ересек адамдармен дөрекі тілде сөйлеседі. Балалардың өтірігін бетіне баса отырып, өздері де бетпақтықпен өтірікті жиі айтады. Олардың әділетсіздігін, екіжүзділігін, тәртіпсіздігін байқағыш, сезімтал балалар тез көреді. Ата-аналарының мінез-құлқындағы мұндай «өнеге» оларды да тәртіпсіздікке итермелейді. Балалармен бірге азғындыққа түспеу үшін өзіңнің күш қабілетіңді барынша пайдаланып, оларға мейірімді өнегемен әсер ету керек екені жайлы ұлы жазушы Л. Н. Толстой кеңес берген болатын.
Отбасы тәрбиесіндегі қателіктердің, бірі - бұл кейбір ата-аналар балаға үнемі жеткіліксіз көңіл аударады, жылы жүзбен қарап қамқорлық жасамайды. Ал тату - тәтті өмір сүріп отырған отбасы әрдайым балалардың тәрбиесіне зер салады, олардың күнделікті өмірі мен іс-әрекеттеріне басшылық жасайды.
Баланың ішкі дүниесін білу үшін оның әрбір жағдайдағы (ситуация) қылықтары мен іс-әрекеттерін де білу керек. Кейбір ата-ана баласының дұрыс істемеген іс-әрекетін түсіндіруге тырысады, бірақ оның мінез-құлқындағы қалыптасқан әдеттердің себептерін білуге көп көңіл бөлмейді.
Кейде қыңырлық шаруашылықтың салдарынан, кейбір сыртқы факторлардың әсерінен баланың бір нәрсеге еліктеп қайғыруынан болады. Мұндай жағдайда баладан тапсырылған жұмысты орындауды талап етудің кейде тиімділігі аз болады.
Қыңырлықтың тағы да бір себебі балаға отбасында дұрыс тәрбие бермегендіктен туады. Отбасында баланың талаптары мен қажеттілігінің бәрі сөзсіз орындалады, тәрбиеленіп өседі. Мұндай отбасындабаланың өз бетімен әрекет жасауына, өздігімен ынталы активті болуына жағдай жасалынбаған. Сондықтан бала отбасы коллективінде өз орнын таба білмегендіктен қарсыласу жолын іздейді. Баланың мінезін жақсы түсіну үшін, ең алдымен, оның дамуына және оған не нәрсе қажет екенін білу керек.
Отбасылық оқудың міндеттері ата-аналар өз балаларының оқуды қажет ететіндігін білуі керек, оларды кітаппен жұмыс істей білуге үйрету, оқуға әдеби талғамын дамыту және балаларды оқиғалы, тарихи әдебиеттерді оқуға үйретіп қана қоймай, моральдық және әлеуметтік бағдарын қалыптастырған жөн. Түпнұсқадан оқу - ол оқыған кітабының мазмұнын терең түсінуіне қоршаған орта, өзі туралы, өзінің тағдыры мен болашағы туралы ойлануына жәрдемдеседі.
Сонымен бірге мұндай отбасында, балалардың мінезінде патологиялық, яғни қалыптан тыс ауытқу, олардың дамуында нақты өзгерістер байқалады: мінезі қатты, ұстамсыз болады, жалған сөздер айтады, ата-аналарына және айналадағы адамдарға агрессивті болады. Мұндай тәрбие біздің өмірімізге сыйыспайды, балалардың келешек бақытына нұқсан келтіретін ата-аналарды ерекше бақылауға алып, отбасы климатын жақсарту үшінолармен сақтандыру жұмыстарын жүргізіп отыру керек.
Бұл балалар мектепте нашар оқып, «жеңіл» өмір стиліне еліктеп, сабаққа дұрыс қатыспайды. Уақытты бұлай өткізуге ақшаның қажет болуы, заң тәртібін бұзушылыққа әкеледі. Ата-аналары дер кезінде тиісті шарақолданбайды. Соның нәтижесінде, балалардыңқұқықты бұзуы қылмысты жауапқа тартуға алып келеді.
Мұндай фактылар бірлі-жарым емес. Балалардың тағдырына әке мен ананың мейірімсіз болуы - олардың еліміздің болашақ азаматы болуына зиянын тигізеді.
Әрбір әке, әрбір ана отбасы тәрбиесінде өзінің жетекшілік орнын табуы қажет, өзінің балаларына сергек және рухани тәрбиеші болуы тиіс. Өйткені, барлық баланы бір қағидамен тәрбиелеуге болмайды, әр баланы дербес мұқият зерттеу арқылы жан-жақты білу керек.
Демек, "алмақтың да салмағы бар" дегендей, әрбір жас, ең алдымен, өзін дүниеге әкелген ата-анаға, түрлі қамқорлық жасап отырған Отанға, білім берген ұстаздарға, рухани азық, үлес қосқан адамдарға қарыздар. Оны өтеуі - азаматтың жан-жақты білімді, мәдениетті, еңбекшіл мейірімді адам болып қалыптасуы, өмірден өзіне лайықты орын табуы, Отан мен ананың игілігін арттыруға үлес қосуы деп түсінгеніміз жөн.
Ата-ана балаға өз басының жақсы қасиеттерімен, спорт жүлдегерлерінің, жақсы көршілердің, тәрбиелі жандардың да жетістіктерін дер кезінде айтып, соған қызықтыра білгені де дұрыс. Бұл әдіс арқылы баланың ойына тек жақсылықты уағыздап, соған талпындырады.
Отбасы тәрбиесі - қоғамдық тәрбиенің бір бөлігі, ата-ана борышы.
Отбасында балалардың тәрбие барысында табысты ықпал жасауда басқа да жағдайларды сипаттайтын белгілерді атауға болады. Оларға мына мәселелер жатады:
1. Отбасының этникалық құрамы және құрылымы: толық, толық емес жанұя, бір балалы, көп балалы, бір ұлттық, көп ұлттық жанұя.
2. Тіршілік әрекетінің және ортаның жағдайлары: жанұя мүшелерінің білім дәрежесі, еңбектану, кәсіпшілік құрамы, бюджеті, жалпы материалды әл-ауқаты, ауылдық және қалалық жанұя.
3. Отбасының тәрбие потенциалы: күнделікті тұрмыстың жалпы мәдениеті, күн режимі, демалыс және оның нысаналары, кітапхананы, теледидарды, музыка аспаптарын пайдалана білуі, спортпен айналасуы, отбасының дәстүрлік мерекелері т. б.
4. Отбасының ішкі қатынастары: жанұя микроклиматының сипаттамасы, отбасындағы көзқарастың бірлігі және айырмашылығы, оның мүшелерінің өз міндеттеріне көзқарасы, жауапкершілігі.
5. Қоғамға көзқарасы: еңбек және қоғамдық міндеттерге, қоғамдық тәрбие институттарына қатысты.
6. Отбасының тәрбиелік жағдайы: жанұя тәрбиесінде қолданылған әдістер ата-аналардың және басқа мүшелердің педагогикалық мәдени дәрежесі т. с. с.
Қорыта келе, жанұя тәрбиесі - қоғамдық тәрбиенің бір бөлігі, ата-ана борышы. Отбасының жоғарыда көрсетіліп отырған белгілерінің тәрбиелік ықпалы өте күшті, оларға тәрбие барысында ерекше көңіл бөліп, ескеру қажет.
Белгілі кеңес педагогы А. Макаренко ата - аналарға бір сөзінде былайдеген екен: "Сіз қалай киінесіз, қалай қуанып, қалай қайғырасыз, достарыңызбен және қасыңыздағы адамдарыңызбен қалай қарым - қатынас жасайсыз, сіз қалай күлесіз, газетті қалай оқисыз, радионы қалай тыңдайсыз міне, барлығының да балаға әсері мол».
- Қазақ халқының отбасылық құндылықтарының негіздері
Әрбір дәуір кезеңінде ата-аналар балаға тәлім-тәрбие берумен бірге олардың бойында ақыл-қайрат, білім-тағылым алу қасиеттерін дамытуға үнемі көңіл аударып, жете мән беріп отырған.
Атадан - ұлағат, анадан - ғибрат. Ата-ана отбасылық тәрбиесіндегі басты тұлға. Ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас, олардың өмірлік көзқарастарының бірлігі, ата-аналардың педагогикалық мәдениетінің жоғары болуы - бала тәрбиесіндегі жетістіктің маңызды шарты.
Қазақ халқының бала тәрбиесіне деген көзқарасының өзіндік ерекшеліктері бар. Келешек ұрпақ тәрбиесіне үлкен мән беріп, балаларды ата-баба дәстүрінде тәрбиелеуді мақсат тұтқан қазақ отбасылары баласын мәдениеттілікке, зерделілікке баулып, халқының мәдениеті мен әдет-ғұрпын тәрбиенің бұлжымас құралы ретінде ұстанған. Бұл ретте педагогика тарихында қазақ ауылындағы отбасы тәрбиесі, мектептегі тәрбие жұмысын ұйымдастыру, балалардың даму ерекшеліктері, адамгершілікке тәрбиелеу және т. б. мәселелер зерттелген. Қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру мәселесімен де бірқатар ғалымдар айналысқан, атап айтсақ, ресей ғалымдары Урунтаева Г. А., Афонькина Ю. А., Петерина С. В., Лисина М. И. және т. б. қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудың жолдарын ұсынса, қазақ педагог-ғалымдары Шериазданова Қ. Т., Ауталипова Ү. И., Елеусізова С. М., Оразбекова К. К. және т. б. қарым-қатынас мәселелерін сөз етеді. Десек те, қазақ отбасындағы ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты, оның өзіндік ерекшеліктерін қарастырған еңбектердің өте аздығы анықталды.
Жүсіпбек Аймауытұлының көзқарасында бала психологиясының, жан-дүниесінің қалыптасуына әсіресе, өмірінің алғашқы жылдарындағы ата - ананың тәрбиелік ролі ерекше маңызды екендігі туралы пікір басым. Ол «баланы іспен емес - сөзбен, үлгімен емес-ақылмен үйреткен адам сорлы» - дейді. Баланы болашақта бұзуға немесе дамытуға себеп болатын басты шарт-оның жас күніндегі көрген үлгі - өнегесі болуы тиіс дегені «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» - дегені еді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz