Мұқағали Мақатаевтың сырлы да сынды өмірі


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Жарық дүнием сен ғана . . .

Мұқағали Мақатаев 1931 жылы Алматы облысының Шалкөде ауылында дүниеге келген. Қазақ әдебиетi мен өнерiнiң қаймақтары шоғырланған ортада өткерген аз ғана жылдар iшiнде ол өзiндiк дара үнiн, суреткерлiк қайталанбас дарынын танытып, өнiмдi еңбек етедi.

Мұқағалидың жырлары кешегi күнi жазылғанымен, бүгiнгiнiң әңгiмесiн айтады, ойын толғайды. Сол себептi де сазгерлер өз әуендерiне лайықты өлең мәтiнiн өзгеден емес, Мұқағали жырларынан табады. Оның «Есiңе менi алғайсың», «Жалаңаяқ қыз», «Арыз жазып кетейiн», «Фариза қыз», «Көнемiз де», «Жас қайың», т. б. көптеген өлеңдерiне ән шығарылды. Алдағы уақытта тағы қаншасына шығарылмақ.

Қолына қалам ұстаған жас талаптың Мұқағалиға елiктемейтiнi, өлеңдерiн жатқа оқымайтыны жоқ. Бұл сөзiмiзге жыл сайын 9 ақпанда Қазақстан Жазушылар одағының Әдебиетшiлер үйiнде тұрақты өткiзiлiп келе жатқан жас ақындардың дәстүрлi «Жырлайды жүрек» жыр кешi куә. Биыл да бұл кешке алыс-жақыннан ағылатын ақындар аз болмайтыны белгiлi.

Сондай-ақ, 12 ақпанда Қазақстан Жазушылар одағы мен «Ел» продюсерлiк орталығының, Халықаралық М. Мақатаев атындағы қордың ұйымдастыруымен Республика сарайында «Соғады жүрек» атты ән кешi өтедi. Танымал өнер жұлдыздары қатысатын бұл кеште Мұқағалидың сөзiне жазылған әндер орындалады.

Жас толқын жатырқамай қабылдайтын ақынның күнделiктерiнен үзiндi мен өзiнiң туған күнiнде жазған бiр өлеңiн жариялауды жөн көрдiк.

6-наурыз, 1973 жыл.

…Поэзия - ғылым. Зерттеу керек. Адам өмiрiнiң, адам жанының зерттелмеген, қалам тартылмаған несi қалды? Соны табу, соны зерттеу керек. Адам сезiмiн жан-жақты зерттейтiн құдiрет болса, ол тек - поэзия. Басқа ешқандай да ғылымның қолынан келмейтiн шаруа бұл!

* * *

Жарығым! Жарық дүнием сен ғанасың . . . Егер сен болмасаң, қазiр-ақ, қазiр-ақ, қазiр-ақ!. .

. . . Бүгiн таңертең балконға шығып едiм, мұрныма ауылдың көктемiнiң иiсi келдi. Сонау “Айқайтастан” соққан жайлаудың самалының иiсi келдi.

Сонау соғыс жылдары шешем екеумiз, әжем де бар, қой айдап жайлауға алғаш көшiп барған балауса, балғын шақ есiме түстi. Әлi мал аяғы таптамаған Шалкөденiң жап-жасыл жазығы тұрды көз алдымда. Сол кездi, сол табиғатты бiрiншi рет маған көрсеткенiңе құлдық, тәңiрiм!

Сұлу сүйiп, сауық құрмай барам. Мейлi, өкiнбеймiн. Туған жерiмнiң тұнып тұрған қылшығына қылаң түспеген сұлулығын алдымен мен сүйгем! Соның бәрiнiң қызығы менде, менiмен өзiммен бiрге кетедi. Ол аймақ баяғыдай, менiң, балауса шағымдай сұлу емес қазiр. Жоқ, сұлу емес. Ол да бөлек қазiр, мен де бөлек. Екеуi де өлген. Тек менiң кеудем мен миымда ғана. Менiмен бiрге өледi . . .

* * *

17-наурыз.

Өткен аптада Мүсiреповте (үйiнде) болдым. Бұл адаммен жақын келiп сұхбаттасқаным осы. Үйiнде өзi жалғыз екен. Жылы қарсы алды. Екi сағаттай әңгiмелестiк. Мен Ғабеңдi бойындағы дарынның барын берiп болған адам деп айта алмаймын. Ал, бойында жасырынып жатқан жанартауы бар екенiне күмәнiм жоқ. Уақыт-ай!. . Әдебиет, жалпы искусство жөнiнде болар-болмас шолу жасап, пiкiрлестiк. Қарт әрiден ойлайды. Қазiргi қазақ поэзиясы қатты толғандырып жүрген көрiнедi. Бiрдеме десем бе дейдi.

«Аққулар ұйықтағандаға» тебiренiп пiкiр айтты, сүйсiнiп қалды, мен ыңғайсыздандым, онымды түсiне қойды да, қоя қойды. Өлеңдер оқыдым. Кетерде маған қалам сыйлады (алтын қалам) .

Қарт қартайған екен. Бүкiл үйде жалғыз өзi отырғаны қатты әсер еттi маған . . . кабинетi жұпыны, жазу столы тiптi жұпыны, басы артық дүниелер, әлемiш-жәлемiштер жоқ. Ұзынды-қысқалы, бiр түстес, үшкiр ұшталған қара қарындаштар. Тiлдей параққа арабша жазып тастапты, жаңадан жазылған, сiрә. Қорапқа салған екi мылтығы тұр. Кiреберiсте саятшының сауыт-саймандары . . . Ретiн тауып, өзiмен ұзағырақ сөйлесер ме едi, бiраз бiрге болып, достасар ма едi. Тәңiрiм-ай, бұлар деген аяғын үзеңгiге салып тұрған адамдар ғой . . .

* * *

24-желтоқсан, 1973 жыл.

Бұл жыл да өттi. Жырмен басталған жыл жырмен аяқталды. Күйбеңмен, азаппен өткен өлi күндердi қойшы. Жырсыз өткен күндер - мен үшiн өлi күндер. Тәңiрдiң бұл алданышты қиғанына да құлдық. Поэзия болмаса қайтер едiм?! Ақынның өз мемлекетi, өз қоғамы, өз дүниесi бар. Бұл аз дүние емес. Демек, мен сол үшiн өмiр сүрем, сол үшiн күресем. Күресем?! Кiммен, немен күресем? Өзiммен өзiм бе?!

Соңғы сөздi айтып өлу керек қой . . . Қандай сәби едiм. О, Тәңiрiм! Түйсiк бере көр, түсiнiк бере гөр!. .

* * *

24-қаңтар, 1975 жыл.

Сан алуан сiлкiлеуден соң (моральдық та, материалдық та) ауруханадан бiр-ақ шықтым. Мұндайды күттiм бе, бiлмеймiн. Менiкi бауырдың қаттылануына айналып бара жатқан созылмалы гепатит дейдi дәрiгерлер. Қаншалықты дәл екенiн тағы бiлмеймiн. Бiрақ қай жерiм, қалай, нем ауыратынын өзiм жақсы бiлемiн. Аурудың бiреу ғана емес екенiн де, жанымның қанға батып жатқанын да жақсы бiлем . . .

Аурухана маған көмектестi. Аурухананың палатасында, түнде буфетте (асханада) өте жақсы жұмыс iстелдi. Ұзақ айрылысудан соң (поэзиямен) ғашықтарша ұшырастық. Байқаймын, бiр-бiрiмiздi сағынып қалыппыз. Екi айдың iшiнде (1974 жылдың 8-желтоқсанынан 1975 жылдың 24 қаңтарына дейiн) 4000 өлең жолы жазылыпты. Әлдекiм жариялай ма, жоқ па дегендi ойламастан арыммен жұмыс iстедiм.

Менiң көзiм ендi ашыла бастағандай. Басқаларды, қоршаған ортамды ұға бастадым. Неге екенiн, кейде маған бүкiл адамзаттың баласы дос болып көрiнедi, ал кейде туған шешем де қас сияқтанып кететiн сәттер бар. Ол, сiрә, менiң адамдарға соншалық шектен тыс жаным ашып, есесiне олардан да өзiме сондай жанашырлық күткендiктен болар.

Жұртқа түсiнiктi болғым келедi. Мен олардың маған жаны ашығанын, менi сыйлағанын қалаймын. Өйткенi, өзiм оларды шексiз сыйлаймын. Мен жайында не ойлайтындарын жұрт мейлi айта берсiн. Оларды тоқтату менiң билiгiмдегi нәрсе емес. Алайда, олардың жасырын жаулықтары менiң назарымнан тыс қала алмайды, бәрiбiр бiлем. Бiлем, сонан соң ерте ме, кеш пе, мәдениетке жата ма, жоқ па, әйтеуiр, бiр қатты айтып тастаймын, әйтпесе, мен ауырамын. Мұның бәрiн неге айтып отырмын, себебi, мен адамдармен iстес болам, оларды зерттеймiн. Менi адамның өзi, сыртқы сүлдерi емес, мiнез-құлқы, қатынасы, ойы мен психологиясы қызықтырады. Оларды түсiнуге тырысамын. Адамдарды түсiне отырып олардың да менi түсiнгенiн қалаймын. Менiң бүкiл поэзиямның мәнi, мiне, осы Поэзия - мен үшiн жанымның шырылы. Басқа ештеңе де емес . . .

12-қаңтар, 1976 жыл.

Ескi ауру. Аурухана. Емделу. 11-январьдан 5-февральға дейiн. Ауруым оңай болмаса керек. Егер дәрiгерлер алдамаса, диагнозды дұрыс қойған болса, онда менi тек бiр керемет күш қана сақтап қалады. Бұл жолы, шынында да, ауру екенiмдi өзiм де ұғындым. Қатты жүдедiм. Көңiл-күйiм нашар. Шаршадым, бүкiл өне бойым сырқат. Оның үстiне жарық деген кесел жабысыпты, қарғыс атқырдың қайдан пайда бола кеткенiн бiлмеймiн. Бұрын мүлде қаперiмде жоқ нәрсе, әбден кедергi болды. Осы айдың аяғында операцияға белгiлеп отыр.

Менiң «Таңдамалым» өз келiсiмiммен «Өмiр-дастан» деген атпен кеттi. Ауруыма байланысты. Қалыптауын да, соңғы қолқойымын да өзiм қарай алмадым.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мұқағали Мақатаев поэзиясындағы отаншылдық рух
Мұқағали Мақатаев поэмаларындағы лирикалық кейіпкер және тарихи тұлға
Мұқағали Мақатаев лирикасының өміршеңдігі
Мұқағали Мақатаев шығармашылығындағы дінмен үндестік және Аллаһты тану
М. Мақатаев өлеңдеріндегі лирикалық кейіпкер тұлғасы
Қазақ поэзиясының көркемдік жүйесіндегі символдың атқаратын қызметін саралауда жекелеген ақындар шығармаларындағы символдың өзіндік ерекшеліктерін зерделеу
Мұқағали поэзиясын оқыту әдістемесі
Мұқағали поэзиясындағы ішкі сезім иірімдері
Жасанды тілдерде символ таңбамен бірдей, тең ұғым
М.Мақатаев поэзиясындағы отаншылдық рухы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz