Кұмкөл кен орнының ағымдағы жағдайын талдау



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім:
1. Геологиялық бөлім
1.1.Кен орнының геологиялық-геофизикалық зерттеу және жетілдіру тарихы
1.2. Стратиграфиясы мен тектоникасы
1.3. Қабаттың мұнайгаздылығы
1.4. Гидрогеологиялық сипаттама
1.5.Ұңғыда құмның бөлінулері. Ұңғыға құмның келуін болдырмау.
1.6. Құм тығындарын жою әдістері
2. Техникалық - технологиялық бөлім
2.1. Кен орнының қысқаша игеру тарихы
2.2. Кұмкөл кен орнының ағымдағы жағдайын талдау
2.3. Терең сорaпты ұңғымaмен игеру кезінде кездесетін құм пaйдa болуымен күресу жолдaры
ІІІ. Қорытынды
ІҮ. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Мұнай өнеркәсібі еліміздің экономикасында басты орындарының бірі болып табылып, әсіресе энергетикалық саласының дамуына ерекше зор үлесін қосады.
Жалпы, мұнай өнеркәсібі ауыр және жеңіл өнеркәсіптердің, ауылшаруашылығының және транспорттың дамуын жеделдетеді.
Қазақстан Республикасы - мұнайгаз және газдыконденсат кен орындарында өте бай мемлекеттердің бірі.
Осы курстық жұмыстың негізі болып отырған Құмкөл кен орнында өз мәнінде игеру мен пайдаланудың көптеген әдістері қолданылып игеріледі.
Құмкөл кен орны 1984 жылдың басында Қазақстан Республикасы Геология Министрлігінің "Южқазгеология" ГӨО-дегі Оңтүстік- Қазақстан экспедициясымен ашылады.
Фонтанды ағын алу Қазақстан Республикасындағы Оңтүстік-Торғай ойпатындағы өнеркәсіптік мұнай газдылығын растады.
1987 жылы ТМД-ның ҚЖМК-нің бекітуімен баланстық 153208 мың. тонна алынатын 89442 мың.тонна болып мұнай қоры бекітілді.

ІІ. Геологиялық бөлім

1.1 Кен орнының геологиялық-геофизикалық зерттеу және жетілдіру тарихы
1970 жылдардың басына дейін Оңтүстік Торғай ойпатының болашағы жоғарғы палеозойдың жинақталуына байланысты болды және гравиметриялық магниттік, геологиялық өлшемдерді 1: 500000 және 1: 200000 негізге алды. (1958-1964)
1963 жылы Акқтөбемұнайгазгеология Жыланшықтың солтүстік бөлігінен Қарасор ұңғымасын қазды.
1976-1981 жылдар аралығында Оңтүстік Торғай ойпатында мұнай және газ іздеу жұмыстары жүргізілмеді.
1977 жылы 8-ші желтоқсанда шықан №144 қаулының шешімімен мұнай мен газды геологиялық іздеу жұмыстары Оңтүстік Қазақстан НРЭ келісімі бойынша жалғасын тапты.
1982 жылы Ақтөбемұнайгазгеология бекіткен жоспар бойынша Оңтүстік Қазақстандық НРЭ Арысқұм жерінде тереңдігі 2000 метрге жететіндей бұрғылау жұмыстарын бастады.
Сол жылы Қазақстанның георлогия Министрлігінің тапсырысы бойынша Оңтүстік Қазақстан НРЭ, ПГО Қазгеофизика мұнайгаз академиясы бірлесе отырып, Оңтүстік Торғай ойпатында мұнай мен газды геологиялық тұрғыда іздестіру жоспарын құрды.
1983 жылы осы жоспарды іске асыру мақсатында 1 П Арысқұм және 2 П Арысқұм ұңғымаларын бұрғылау басталды. Ұңғыманың юрстік қабат қиығында 2 е, ал неоком қиығында 15 с шамасында мұнай белгілері кездесті.
1984-1985 жылдары жүргізілген геологиялық іздеу жұмыстарының нәтижесінде Құмкөл аймағында, төменгі неоком қабатында жоғарғы және орта юра қабаттарында мұнайдың бар екендігі анықталды.
Құмкөл кен орыны Торғай облысының оңтүстігінде орналасқан, географиялық координаты солтүстігінде-46º51', оңтүстігінде-46º31', батысы мен шығысында 65º30', 65º-43' көресетіледі Қазақстан Республикасындағы Қарағанды облысының Ұлытау ауданының құрамына кіреді.
Ең жақын маңдағы теміржол стансалары: Жалағаш (150км), Жосалы (210км) Қарсақпай (180 км), және Сатлай поселкесі (250км). Қызылорда қаласына дейінгі аралық 160 км. Кен орнынан шығысқа қарай 230 км жерден Омбы-Павлодар-Шымкент мұнай құбыры өтеді, 20 км солтүстік-шығысқа қарай Жосалы-Ленинск құбыры бар.
Кен орны орналасқан аймаққа мал шаруашылығымен айналысу үшін Қызылорда облысының қарамағына берілген.
Аймақ экономикалық тұрғыдан аз игерілген.
Кен орнында тек грунтты (құм) жолдар бар. Қызылордадан Құмкөлге қатынау үшін, ауданның дамуына байланысты Қызылорда-Кұмкөл қатынасын үзбеу үшін ұзындығы 190 км көлік жол салынуда, осы күнге дейін 130 км жол асфальтталған.
Географиялық тұрғыдан кен орны теңіз деңгейінен 106-169 метр жоғарырақ дала болып есептелінеді.
Құмкөл кен орны бұрынғы өзен шұңқырында оңтүстік бөлігін құм басқан оның ішінде ең үлкені Арысқұм болып табылады, төңірегіндегілерге қарағанда 10-15 метр биік болып келеді.
Батысында 15 км-дей жерде биіктігі 70-90 метр болатын құм таулар бар. Солтүстігіндегі жазықтық 150-200 метрге дейін көтеріліп солтсүтік шығысында Ұлытау тау жүйесіне ұласады.
Абсолюттік тұрғыдан ең биік жері 240,1 м. Минимальды абсолюттік қазаншұңқыр 75,1 м құрайды. Кен орнының топырақ жамылғысы өзіне тән болып келеді және мына топырақтарды құрайды: сұр-қоңыр глинистты, сұр-қоңыр құмдақ қорғаныштары бар болып келеді. Жер асты сулары 100 метр тереңдікте көлбей жатады.
Ауданның климаты тез континенттік, маусымдық және тәуліктік тербелулер ауа температураларына тәуелді келеді. Бұндағы максимальды жазғы температура +35º С дейін ысиды, қыс айындағы минимальды температура -38-40º көрсетеді, суық болады.
Жылдық жауын-шашын 150 мм жетеді, ол көбінесе қыс-күз айларында. Оңтүстік шығыстан үнемі жел соғып тұрады, ал қыс айларында жел боран көп болады. Сонымен қатар кен орында су құбырлары жүргізілмеген.
Жазық далаға тән шөптер жартылай шөл далаға да төзімді болып келеді.
Сумен қамтамасыз ету үшін техникалық және тұрмыстық суға арналған арнайы гидрогеологиялық ұңғымалар қолданылады, 50-70 метр тереңдіктен тартылған құбыр арқылы ауыз сумен қамтамасыз етеді.

1.2 Стратиграфиясы мен тектоникасы
Арысқұм жерінің геологиялық құрылымында мезо-кайнозой, палеозой, палеозойдың төменінде кембрий қабаттары, платформалы, квазиплатформалы және метаморфологиялық фундамент құрайды.
Фундамент
Құмкөл аймағының орталық және шығыс Арысқұм жерінде фундамент жынысы структуралық, параметриялық және іздеу ұңғымаларымен ашылды.құрамында гней спен хлорит серицитті слонц бар болғандықтан, Мұнай және газ институтының бір қызметкері оны Қазақстан Республикасындағы протерозға жатқызды.
Негізінен алғанда фундаменттегі тұқым жаппай үлкен тереңдікте желдетіледі. Сұр жасыл құрылымсыз балшықтар мен қосылған шатырларға байланысты Құмкөл ауданында желдету қуатты қабығы дамыған.
Орта - жоғарғы палеозой
Арысқұмның батысында төменгіСырдарияның шығысына таман VІІ-ші ұңғымасы арқылы бор қабатының астынан қара-сұр утас ашылды. ****** Орташа жоғарғы палеозойға жасылды-сұрғылт аргилиттер, алевролитттер, қызыл түсті құмсазды жыныстар жатады. олар Мыңбұлақ өңірінің орта бөлігінен табылды. Олар метаморфоздық және дислицинді төменгі палеозойдың шұңқыр жиектерінде Ұлытауға тән фауна мен флора табылмады.
Арысқұмда ұңғыма қиығында юра, бор және палеоген қабаттары ерекшеленеді. Оңтүстік Қазақстан НРЭ және Мұнайгаз институтының зерттеу нәтижесі негізінде олардың жинақталуының стратиграфикалық үлгісі жасалынды
Юрская система (J1)
Бұл жүйеге үш бөлім кіреді: төменгі, ортаңғы және жоғарғы. Төменгі, ортаңғы юра қабатының құрамы түгел анықталған жоқ. Литологиялық құрамы бойынша 2 қабат: жоғарғы-алевритті-аргилитті қабат, қара сұр және қара аргилиттен, алевролиттен құралған және төменгі қабат аргилитті құмнан, қара сұр аргилиттер мен алевролиттерден құралған.
Төменгі-ортаңғы юра қабаты грабен-синклиналарға бөлінген, домезозойда болмайды, Құмкөл аймағында кездеспейді.
Ортаңғы юраның жоғарғы жартысында жиналған құмды-сазды қоспаның тығыздығына қарап оның жасын анықтайды.
Ортаңғы юра (J2)
Құмкөл аймағындағы структуралы ұңғыма арқылы грабенды-синклиналды (13-с, 15-с) ортаңғы юра қабаты ашылды. Ортаңғы юра қабаты 3 литологиялық қабаттан тұрады: төменгі-көміртектес, ортаңғы-сазды-құмды, жоғарығы-сазды.
Ортаңғы юраның қуаттылығы ұңғыма бойынша 25 метрден (ұңғыма 2) 330 метрге (ұңғыма 5) дейін көтеріледі.
Құрылым күмбезіндегі бөлініп шығу фундаменті ортаңғы ора мен жоғарғы юра астында көлбей жатады.
Жоғарғы қабат (J3)
Құмкөл аймағында структуралық параметрикалық және барлық іздеу ұңғымалары арқылы ашылды. Базыншыдан бөлініп шығу (ұңғыма 1 П-е) орталық бөлімда алынып тасталынады. Жоғарғы қабат Қоскөл жерінің құрамынан анықталды, литологиялық үш қабаттан тұрады.
Бор жүйесі (К)
Бор жиынтығы екі қабаттан тұрады. Төмнегі бөлім сұр түсті карбонат қабатынан тұрады, жоғарғы бөлім қорғанбек балапан нөкерлерінен, қызыл түсті турон және алабажақ сұр түсті сантон, сұр түсті кампан және моастрихтен тұрады. Төменгі бөлім негізінен құрлық қалдықтарынан тұрады, ал жоғарғы бөлім теңіз және құрлық қалдықтарынан тұрады, литологиялық белгілеріне, атап айтқанда жыныс түсіне қарай бөлінеді.
Қарашатаулық нөкер (К)
Төменгі бор қабатының жоғарғы қиығы сұр түсті саз жынысынан тұрады, қиықтың көп бөлігі құмнан, қара сұр түсті саздан, алевролиттен тұрады. Ойпаттың солтүстік бөлігіндегі қиықты саздың мөлшері көбірек. Құмкөл аймағының қуаты 320-350 метр, кейбір аудандарда 420 метрге дейін көтеріледі.
Қызылқия ярусы (К1аl3-k2C)
Қоңыр түсті құм-гравий қабаты ала түсті жасылдау сұр саз қабаты мен сұрғылт құм қабаттарымен жабылған.
Балапан ярусы(К2t1)
Бұл қабат сұрғылт жасыл теңіз саз балшығы мен алевролиттен, сұр құм қиыршықтарынан тұрады. Қуаты 100 метрге жақын. Түбіріне дейін айқын көрінеді.
Ұңғыманы геофизикалық зерттеулердің анықтамасы бойынша нөкер төбесі нық қада белгі бола алмайды, сондықтан тәжірибе жүзінде нөкер жоғарыда аталған жиынтықтармен қосылып жоғарғы бор қабатын құрайды.
Палеогенді жүйе (Р)
Арысқұм жеріндегі палеоген бор қалдықтарының үстіне жиналады, сұрғылт саздан, алевролиттен және палеоген мергелейінен, эоценнен құралған, қуаты 35-80 метр. Ол олигоценамен орта қызыл және шұбар түрлі түсті сазбалшықтар қалыңдықпен қайта жабылған ( шалқарлық нүкер) Кұмкөлдің балшықты палеогены мен ортаңғы түсірілген рельефтың жергілікті алаңдарын эрозиядан сақтай алады.
Құмкөл кен орны Оңтүстік-Торғай өңірінің Арысқұм жерінде орналасқан.
Арысқұмның территориясында ұзыннан созылған грабен-синклиналды рифтік шыққан 5 төбешіктерге бөлінеді.
Структуралық жоспар негізінде Құмкөл Ақшабұлақ пен Сарылан жерін бөліп жатқан Сарыбұлақтың оңтүстігіне жақын орналасқан.
Шөгінді қабат шекарасы бұрыштанып және стратиграфия қосылғанда фундамент негізі бағынбайды.
Негіздің бөлінуі тектоникалық блокты бұзып, солтүстік-батыс-шығыс солтүстік бағытында басым болып келеді. Шөгінді қабаттағы тектоникалық бұзылу солтүстік-батысқа тән.
Юра дәуіріндегі жиналған шөгінділер негізінен анық көрінеді, екі структуралық жоғарғы қабат деп саналады. Оның біреуі Құмкөл территориясының белгілі жерінде жоғарғы юра, құмды ортаңғы юраны көрсетеді.
Юралық қабатта екі структуралық қатпар білінеді. Құмкөлдің өнім беретін Ю-ІV төбесіндегі брахиантиклиналды сілем үш түрлі күмбезге ұласады. Сілемнің бітеу жағының өлшемі 1300 метр 20х8 км құрастырады. Ең жоғарғы амплитудасы 160 м. Құлау бұрышы батыс қанатында 1º 30', шығысында - 2º 30'. Сонымен қатар сілем үш тектоникалық бұзылымдарға (Ғ1, Ғ2, Ғ3) жалғасады.
Өнімді деңгей жиектің Ю-І күмбезіндегі көтерілу өлшемі 20х9 км, бітеу изогипсінде 1220 метр, көтерілу амплитудасы 120 метр. Деңгей жиек мұнай газ сілеміне ұласады. Газ бөлігінің биіктігі 32 метр, мұнай жағы 89,5 метр. Жалпы қарағанда құрылым толығымен қайталанады, ІV жоспарындағы көкжиегі үш құрылымды бранхиантиклинальды көрсетеді. Солтүстік-батыс бағытына созылған шекаралас Ғ2 шығысына тәуелді, амплитудасы 30-100м, құм қабатының көп мөлшері-5 ке жетеді (мынадай ұңғыма ауданы 2,5,11). Кен орнының көкжиегінде мұнайгаз қоры мол, қатпарлы, пластты, тектоникалық-экрандық болып келеді. Газ бөлігінің биіктігі-32м, мұнай бөлімінің биіктігі-91,5 м.
Ю-ІІ деңгей жиегі негізінен екі құм қабатымен белгілі-орталық және оңтүстік бөлік. Оңтүстік бөліктегі су өткізбейтін қабаттармен құм қабаты алмасады. (ондағы ұңғыма ауданы -9,12,17,19) Солтүстік бөлікте құм қабаттары 4-ке дейін көбейеді (ұңғыма аудандары-1,2). Мұнай қорының үстінде газ бар, олар қатпарлы тектоникалық-экрандық болып келеді. Мұнай сілеміндегі газ бөлігінің биіктігі-9 м, мұнай бөлігінің биіктігі-91,5 м.
Юра-ІІІ деңгей жиегінде екі құм қабаты бар, ол бүікл ауданды қамтиды, жоғарғы қабаты батпақты болып келеді. Осы көкжиекпен биіктігі 84 м болатын мұнай сілемімен байланысты.
Ю-ІV деңгей жиегі үлкен бөліктерге бөлінген, оның құрамы 5 қатпарлы коллекторға бөлінеді, коллектордың батпақпен алмасуы 3 ұңғыма ауданында болады. Онда газ мұнай көзі жатыр, олар қатпарлы, тектоникалық-экрандық, стратиграфиялық, литологиялық шектеулі болып келеді. Газ бөлігінің биіктігі 23 метр, мұнай бөлігінің биіктігі 18,5 м.

1.3 Қабаттың мұнайгаздылығы
Құмкөл кен орнында төменгі неокомды және жоғарғы юралық жиынтықта өндірістік мұнайгаздылық бар екендігі анықталды.
Төменгі неокомды мұнай жиынтығында екі деңгейжиек М-І және М-ІІ бөлінеді, олар мұнай шығарған кезде сенімді ГИС-тің көмегімен шығарылады. Төменгі бор М-І және М-ІІ көкжиегін ондағы батпақ 10м - дені 20 м дейін болады.
М-І деңгей жиегінде мұнай кені 1061,7-1097,9 м тереңдікте жатыр. Кеннің биіктігі 36 метр. В.Н.К бойынша ең жоғарғы көрсеткіш 981,1-ден 985,6 метрге дейін ауытқиды. Бірнеше ұңғымаларда (№2052, 2077, 406, 1039) оңтүстік күмбездің батыс қанатында ВНК бойынша 977,7 метрден 979,7 метрге дейін белгіден ауытқу байқалады.
М-ІІ деңгей жиегінде мұнай кені қабатты, күмбезді болып жиынтықталған. Жиынтық арасы 1095-1111 м. Кеннің биіктігі 15 м болады. ВНК анық пайымдауынша кейбір ұңғымаларда ( мынандай 231, 432,3023,3032) 996 м мен 999 м дейін көтеріледі, ал батыс қанатындағы құрылымы 991,4 м ден 992,6 м дейін ауытқиды.
Юралық жиынтықтарда өнім беретін Ю-І, Ю-ІІ, Ю-ІІІ, Ю-ІV деңгей жиектері ерекшеленеді.
Ю-І, және Ю-ІІ деңгейжиектерінде біркелкі ВНК және ГНК бар, үстінде шапкасы бар мұнай кені баршылық. Кен қабатты, тектоникалы, күмбез тәріздес 1190-1322 метрдей тереңдікте жатыр. Биіктігі 132 м қамтиды. Су мен мұнайдың қосылуы 1194-1198 м аралығында газ бен мұнай 1112 м аралықта мынадай ұңғымаларда (3010, 336, 2070,2077, 3021, 3019) өзгеріс байқалады, 110,6 дан 1111,5 ауытқу байқалады, басқа ұңғымаларда (339,2099,3015) 0 өзгеріс 1113,2 м ден 1113,5 м дейін кеми түседі. Мұнай бөлігінің биіктігі 92 м, газ бөлігінің биіктігі -39 м.
Ю-ІІІ деңгейжиегінде мұнай кені көп, 1226-1312 м тереңдікте жатыр, биіктігі 86 м. Қабат қыртысты, тектоникалық-литологиялық, күмбез тәрізді экрандық типке ажыратылады. Ю-ІІІ өнімді деңгей жиегі Ю-ІІ ден батпақ қабатымен бөлінеді, батпақ қабаты кей жерлерде 2-3 м дейін жетеді яғни (408, 2109,3054,3055) ұңғыма аудандарында.
Су мен мұнайдың қосылуы Ю-ІІІ көкжиегінде 1195-1198 м аралығында. Бұл бұрғылауға өте тиімді обьект деп аталады.
Юра-ІV көкжиегі газ бен мұнайдың көзі болып табылады, қордың түрлері қыртысты, стратиграфиялы, литологиялы болып келеді. Бұл көкжиектің құм қабаттары 2 м ден 6 м дейін батпақ қабаттарымен, аргиллит қабаттарымен алмасып келеді.
Мұнай мен газдың қосылуы 1179 м байқалады. Сулы мұнай 1194-1198 м аралығында білінеді. Мұнай бөлігінің биіктігі-18м, газ қабатының биіктігі-24 м.
Мұнайдың артық қоры екі үлкен топқа бөлінеді: М- І және Ю-І кен орындары алдыңғы қатарда. Олар кен орнының 60% құрайды. Ю-І мен Ю-ІІІ көкжиегі 35% мұнай қорын береді. М-ІІ және Ю-ІV кен орындарының сыбағасына 5 % тиеді.
Табиғи газ бен мұнай газдың қоры 1722 млрд м³ құрайды, оның ішінде Ю-І көкжиегіне 70 % тиесілі.
Мұнай кен орны жеңіл (тығыздығы 815-836 кгм³ газы төмен келеді, мұнайдың құрамында парафин көп яғни 12%. Асфальтты смолада 7 % аспайды. Мұнайдың борға жақын бөлігінде газ негізінен аз орналасқан, пласттық қысымы (12Мпа) жоғарғы қысым-7-9 Мпа құрайды. Төменгі бөлігінде жатқан мұнай юра дәуіріндегіден 2 есе қою. Мұнай құрамында парафин типтес көмірсутек көбірек, ол ашық фракцияда 60-70% құрайды, нафтин қатарындағы көмірқышқыл газы бүкіл мұнайда 17-30%, ал хош иістісі-8-14% береді.
Кен орнындағы газ өте ауыр. Газдың тығыздығы 1,679-1,800 кг м³ бұның ерекшелігі күкірті көп , гелиийі мол болып келеді. Құрамындағы гелий-0,035%, күкіртті сутек -0,05% құрайды. Аймақтағы газдық фактор : 11 м³, 136 м³, 118 м³ сай келеді.
Мұнай мен бос газдың тепе-теңдік қоры көлем әдісімен есептелінеді. Мұнайдың баланстағы қоры - 153, млн тн, 84,9 млн тн. С 1 категориясы бойынша мұнай шығару коэффициенті -0,585. Еркін газдың есептегі қоры-1722 млн м³ - С 2 категориясы бойынша.

1.4.1 Мұнайдың құрамы
1988 жылы Құмкөл кен орнында мұнайды зерттеу қорытындылары біріктіріліп, деңгейжиектерге бөлінді, сонымен қатар мұнай сынамалары ұңғымалардан алынып, Ақтау қаласындағы КазНИПИмұнай, Ташкенттегі ИГИРНИГМ, Тоғыздағы ЛГИ, Коқандтағы САНПИ де зерттелінді.
Мұнайды зерттеуге тереңнен алынып, ВПП-300 атқылағыш фонтан ұңғымаларындағы ұңғымалардың жұмыс жасау жағдайы қарастырылып зерттелінді. 1995 жылдың 1 қазанына дейін 69 белгілі ұңғымадан 140 сынама алынып, зерттелінді.
Көптеген тәжірибе жүргізілсе де мұнайдың құрамын анықтау қиын болды. Зерттеулерді әртүрлі ұжымдар жүргізгендіктен олар бір шешімге келе алмайды. Алынған нәтижелерді зерттеу де әртүрлі әдістермен жүргізілді.
Бор дәуіріндегі мұнайдың қоры юра дәуіріндегі мұнай қорынан айырмашылығы болады, оның себебі мұнайдың қасындағы газдың пісу-піспеуіне байланысты. Бор дәуіріндегі мұнайда газ аз, қысымы төмен келеді. Бұндағы қыртыстағы қысым піскен толыққанды қысымнан 4-7 Мпа арасында артық болып келеді. Бор дәуірінің мұнай қоры юра дәуірінің мұнай қорына қарағанда 20-25 % аз, мұнайдың қоюлығы 2 есе аз. Яғни неғұрлым газы аз болған сайын мұнай қоюлана береді.
Мұнай өндіргенде суды араластырып оның қысымын ұстайды, қабатты суықтандырып, температурасын түсіреді. Мұнайдың қоюлығын тексеру барысына үш ұңғыма арқылы (№18, Ю-ІІІ, 1105,10 ІІІ) арқылы тәжірибе жүргізілді. Жаслаынған тәжірибенің қорытындысы бойынша температураны 40º-тан төмендетсе тұтқырлық өседі, бұл парафиннің кристалданып мұнайдың структуралы-механикалық қасиетінің пайда болуына байланысты.

Газсындандырылған мұнай қасиеті
1990-1995 жылдары кен орнын игеру жұмыстары кезеңінде 40 аса сынақ жүргізілді. Жүргізілген бұл тәжірибелер НИПИ Мұнайгаз институтында және оңтүстік КазНГР экспедициясының көмегімен іске асырылды.
Мұнайдың құрамында парафинді көміртегінің көптігіне байланысты, мұнайды парафиндеу арқылы температурасын тексеру зерттеулері жүргізілді. Негізінен барлығы 17 сынақ жүргізілді.осы тәжірибеде парафин құрамы юра мен бор дәуірінде 41-ден 53º С дейінгі аралықта болды. Парафин құрамына байланысты орташа тепмпературасы +46ºС.
Құмкөл кен орнының газының құрамын зерттеу жұмыстары Оңтүстік мұнай газ экспедициясына, Ташкент қаласындағы ИГИРНИГМ институтына және физико-химиялық зерттеу институттарына жүктелді. Барлық зерттеулер біріктіріліп, жалпы мінездеме жасалынды. Юра дәуірінің газы майлы, оның ішінде пропан-бутан компоненті көп болып келеді. С3+8 М-І, Ю-ІІ де 700-800гм³ көтеріледі, , Ю-ІІІ, Ю-ІV 500-700 гм ³ сай келеді. Бор дәуіріндегі газы юра дәуіріне қарағанда ауырлау келеді.
Құм көл кен орнының ілеспелі газының құрамында көмір сутегіне жатпайтын құрамдар күкіртсутегі, азот, гелий мен ерекшеленеді. Гелийдің көптігі 18 сынақ бойынша анықталды. Бұл сынақтарды Алматы қаласындағы ПГО-Оңтүстікказгеология зертханасы жүргізді. Гелийдің құрамы кен орны бойынша 0,26% екені анықталынды.
1990-1995 жылдары жүргізілген НИПИмұнайгаз зертханасындағы ағымдағы зерттеулер нәтижесінде (60-қа жуық сынама бойынша) үлкен құрамы ауыр көмірсутегінің бор дәуіріндегі газ шөгінділері анықталды. Орта есеппен алғанда обьект бойынша жұмыс зерттеу арқылы анықталынды. Жұмыс күші кеніш бойынша қабат қысымы төмен болмау керек. Егер де газданған мұнай бойынша.

1.4 Гидрогеологиялық сипаттама
Сенонтты бөлінділердің су тұтқыш көкжиегі
Сенонтты бөлінділердің су тұтқыш көкжиегі зерттелген аудандардың ішіндегі ең көп тексерілгені болып табылады.
Су тұтқыш қабат құрамында жасыл-сұр және сұр түсті кварцтары бар құмнан тұрады. Құмды жерлер негізінен аз цементті құмдақтармен ауысып тұрады.
Көкжиек суға бай. Ұңғыма дебиты 38,1 лс, деңгей төмендеу аудандарда -20,1 м.
Сенонды бөлінділер қабатының сүзгіштігі нашар болғандықтан және су алмасуы қиындау болғандықтан бұл аудандарда (солтүстік және шығыс) судың тапшылығы бар.
Осы аймақтарда судың сапасы өзгеріп тұрады. Тұщы сулар сәл тұзды сулармен ауысып отырады. 1,0 мен 2,0 гл минералы бар сәл тұзды сулар көбірек. Су айналымы кезінде еритін тұздарда көбейе түседі. Осы көкжиектегі жер асты сулары солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай қозғалады.
Көкжиектегі су ағыны тұнбалардан, Ұлытаудың таулы өңірінің суларынан қорек алып, оңтүстік батысқа Арыс көліне қарай ағады.
Сенонтты сутұтқыш көкжиек Қызылорда облысы үшін өте маңызды шаруашылық аймағы болып есептелінеді. Бұл сулар облыстағы аудандар мен совхоз, колхоздардың жерін суландырып, мал шаруашылығын дамытуға пайдаланады. Құм көл кен орны осы суларды өз қажетіне жаратады.
Сенонтты бөлінділерде судың таралуы
Бұл аймақтарда сенонтты бөлінділер жер бетіне таяу жерлерде жер асты суларының таралымы дамыған.
Су тұтқыш қабат құм борпылдақ құм және алевриттерден тұрады. Тереңдігі 4-8 м 66 м-ге дейін барады. Су тұтқыш қабат қуаты 16-25 метр. Минералды құрамы әртүрлі, гидрокарбонатты кальций, хлорлы натрий бар.
Туронды бөлінділердің сулы көкжиегі
Бұл аймақта турон бөліндісінің бор қабаты кең тараған. Бөлінділердің қуаттылығы құбылмалы, жалпы көбеюі солтүстік-шығыстан солтүстік батысқа қарай және оңтүстікке қарай артады.
Су тұтқыш қабат сұр түсті сұрғылт-қызыл құмнан тұрады. Қабаттың қуаттылығы 20-30 метрден 80 метрге дейін.
Турон бөлімдерінің жер асты суларының қысымы бар. Қабаттың суға байлағы өте жоғары.
Ұңғыма дебиті 1,0-1,5 лсек. Судың химиялық құрамы: хлоридті-сульфат, хлоридті натрий. Жер асты сулары атмосфералық жауан-шашын суларымен, көрші көкжиек суларының ағынынан қорек алады.
Турон бөлінді қабатының сулары халық шаруашылығы үшін қолданылады.
Турон бөлінді қабатының суларының таралымы
Турон бөліндісінің сулары бұл қабатың жер бетіне жақындау солтүстік-шығыс бөлігінде пайдаланылады.
Бұл қабат сазы көптеу құм қабаттардан тұрады, сазды құмдақ тар кездеседі. Жер асты суларының қысымы жоғары.
Бұл ауданда тек бір ұңғыма №2138 солтүстік-шығыс аймағында қазылып, жүмыс істеуде.

1.5. Ұңғыда құмның бөлінулері. Ұңғыға құмның келуін болдырмау.

Ұңғыны пайдалану, сонымен қатар кен орындарды игеру кезінде негізгі және аса жиі кездесетін қиындық, құмбөліну болып табылады. Ол ұңғының ұзақ тұруына, оларды жөндеуге уақыт шығындауға әкеледі және осының нәтижесі ретінде өнімнің айтарлықтай жоғалтулары болады.
Түп маңы ауданының жыныстарының бұзылуы және қатты бөлшектерді (құмның) қабаттан ұңғыға шығару мұнай өндіру өнеркәсібіндегі мәселелердің бірі. Бұл құбылыс өнеркәсіпте кең қойылған эсперименттерді қосатын мұқият және жан - жақты зерттеледі.Бірақ құмтығынымен күресудің әмбебап тәсілі табылмады. Бұл ұңғымаларды пайдаланудың физикалық - геологиялық шарттарының көптігімен түсіндіріледі.Сондықтан әрбір нақты жағдайда тиімді шешім іздеу керек, яғни құмтығынымен күресудің тиімді тәсілі қазіргі уақытқа дейін ондаған тәсілдер игерілген және қолданылады және түп маңы ауданында үгілгіш коллекторларды бекітуге бағытталған олардың модификациясы.
Сұйық фильтрациясы кезінде туындайтын жыныстағы кернеу коллектордың бұзылу себебі болып табылады. Фильтрация жылдамдығын азайтумен (ұңғы шығымын) депрессияның азаюы нәтижесінде қабатқа кернеу азаяды.
Сондықтан, түп маңы ауданының жыныстарының бұзылуын болдырмас үшін белгілі деңгейде шығымды ұстап тұруы қажет. Дегенмен өздігімен цементтелу коллекторлары шартында ұңғыларды пайдалану мұндай тәртіптерде көбінесе экономикалық тиімсіз болады. Оның нәтижесінде шығым шектелуіне салыстырмалы сирек келеді.
Ұңғымаға қабаттан сұйықпен бірге келетін құм, пайдаланушы қондырғының күшейген тозуына әкеледі; ұңғы түбінде шөгіп , тығын түзеді , оларды жою қиын жұмысты қажет етеді және мұнай өндірудің айтарлыктай шығынын әкеледі; түп маңы ауданындағы жыныстардың құлауына, соның нәтижесі ретінде пайдаланушы тізбектің майысуына әкеледі.
Құм тығындарымен күресу әдістерін төрт топқа бөлуге болады:
қабаттан ұңғымаға құмның түсуіне кедергі келтіретін әдістер ;
сұйықтың мүмкін таңдауы кезінде құмды күндізгі бетке шығаруға бағытталған және құмшығатын ұңғымалардағы жұмысқа қондырғылардың бейімделу әдістері;
арнайы қорғаныш қондырғыларында құмды айыру және оқшаулаұ әдістері;
құм тығындарын жою әдістері.
Бірінші топқа түрлі конструкциялы (қуыстық, тесіктік, сымдық және тағы басқа) түптік фильтрлерді (хвостовиктер) қолдану, гравийлі сүзгілерді қолдану, сұйық алуды шектеу, әртүрлі цементтейтін заттармен түп маңы аймағындағы ірі түйірлі құмды және тағы басқа заттарды айдау жатады.
Екінші топтың әдістерін қолдану кезінде үлкен қарқындылықпен сұйықты алу, құбырлардың сәйкес диаметрлерін таңдау, сорапты пайдалану кезінде құбырлық штангілерді қолдану шаралары жатады.
Әдістердің үшінші тобына мұнайды штангілі сорапты өндіру кезінде әртүрлі қорғаныш жабдықтарын қолдану жатады (сүзгілер, газ құмды якорьлер, және тағы басқа).
Әдістердің төртінші тобына түзілген құм тығындарын ұңғыдан жоюдың әртүрлі тәсілдері жатады, оларды гидробур мен су, мұнай және басқа сұйықтармен шаю.
Алғашқы үш топтың әдістері тығын пайда болуын алдын алуға және басқа қиындықтарды болдырмауға және ұңғының қалыпты жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған. Бірақ, бірқатар жағдайларда (көлемі жеткіліксіз және қолданылатын шаралардың тиімділігі және т.б) көрсетілген әдістер өз мақсаттарына жете бермейді және ұңғыларда жиі құм тығындарын пайда болдырып, олардың пайдалануын тоқтатады. Бұл жағдайларда пайдаланудың қалпына келтіру үшін әдістердің төртінші тобына келеміз - құм тығынын жою. Құм тығындарымен күресудің тиімді тәсілдерінің бірі өнімді ұңғымалар аралығын ұсақ тасты сүзгімен жабдықтау.

а)Гравиймен нығыздалған төменқималы сүзгіш

б) PoroPlus фирмасының тортәріздес сүзгіші
Сур.1(а,б)

Бірақ ұсақ тасты сүзгілер қабат құмының фракциялық құрамын ескеріп дұрыс ұсақ тас дәндерінің өлшемін таңдау кезінде өз міндетін атқара алады. Ұсақ тас дәндерінің өлшемі жыныс қаңқасын құрайтын бөлшектерді қабаттан сүзгі өткізбеуі керек, яғни сүзгі 70 - 80% жыныстың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мұнай және газ қорлары
Кәсіпорындағы негізгі капиталды пайдаланудың теориялық негіздері
Құмкөл кен орнының геологиялық зерттелуі
Құмкөл кен орнында қабат қысымын ұстап тұру мақсатында жиек ішілік су айдау әдісін қолдану
Кен орын ауданынын геологиялық зерттеу және игеру тарихы
Жойылған ұңғылар қоры
Қызылқия кен орнында ұңғымаларды механикалық пайдалану әдісімен игеру
Жалпы ұңғылар қоры
Юра өнімді қабатынан сипаттама
Құмкөл кен орнының игеру тарихы
Пәндер