Мемлекет және құқық теориясының пәнінің ерекшеліктері


,, JAMBYL POLITEHNIKALYQ JOG’ARY KOLLEDJ ‘’
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Пәні: Мемлекет және құқық теориясы
Тақырыбы: Мемлекет және құқық теориясы пәні
Орындаған: .
Тобы: 3ПВ 18-1
Тексерген: Тойшыманова Т
Мазмұны
Кіріспе . . .
Мемлекет және құқық теориясының пәнінің ерекшеліктері . . .
Мемлекет және құқық теориясының адістері . . .
Мемлекет және құқық теориясының заң ғылымдар арасындағы алатын орны . . .
Қорытыңды . . .
Кіріспе
Қазақстанның егемендік алып, тәуелсіздікке қол жеткізуі, қоғамдық қатынастардың барлық салаларын демократияландыруға мүмкіндік ашты. Нәтижесінде мемлекет, құқық, бұл заңдар жүйесі түбегейлі жаңаруға ұшырады. Бірітіндеп отандық құқық жүйесі қалыптасты. Мемлекеттің таптық мәні, түрлері, қызметтері өзгерді.
Мемлекет пен құқық теориясы - күрделі заңтану ғылымы, ол мемлекет теориясы мен құқық теориясы деп аталатын екі бөліктен тұрады. Мемлекет теориясы мемлекет туралы жалпы ғылым, ол мемлекет типтерін, нысандарын, қызметтерін зерттейді.
Ал құқық теориясы - заң догматтары мәселелерін. Яғни құқық негіздерін, құқық нормаларының түрін, құқықтық қатынастарды, құқықты түсіндіруді, заң алдындағы жауапкершілікті және тағы басқа құқықтық мәселелерді зерттейтің ғылым.
Мемлекет пен құқықты басқа құрылымдардан бөліп қарауға, сондай-ақ әлеуметтік құбылыстар жүйесінде олардың орнын анықтауға, сөйтіп, мемлекет пен құқықтың мәнін терең түсінуге мүмкіндік береді.
Сондықтан мемлекет пен құқықтың пайда болу заңдылықтары да ұқсас. Мемлекет пен құқық теориясының пәні болып барлық мемлекеттік-құқықтық құбылыстар мен процестердің жалпы сипаттары, заңдылықтары, жалпы мемлекеттік құқықтық категориялар, түсініктер, қазіргі мемлекеттік құқықтық болмыс танылады. Мемлекет пен құқық пәні қоғамдағы саяси экономикалық әлеуметтік құбылыстарды зерттеп, қоғамдық өмірдегі қарым-қатынастарды реттеу, басқару әдіс-тәсілдерін, объективтік заңдылықтарын анықтап отыратын ғылым.
Мемлекет және құқық теориясы пәнінің ерекшеліктері
Мемлекет және құқық теориясын мемлекет пен құқықтың негізгі және жалпы заңдылықтарының, олардың мәні мен бағдарының фактілерге негізделген дамуын қорытыңдылаған білімдер жүйесі дейміз. Адам қоғамының тарихын, даму процесін, мазмұны, болашағын зерттейтін ғылымдарды қоғамдық ғылым дейді. Оның салдары: Философия, саяси экономика, тарих, әлеуметтану, заң ғылымдары, филология, археалогия этнография т. б. бұлардың ішінде мемлекет пен құқық теориясына кеңірек көңіл бөлетін философия мен тарих, ал басқаларды қысқаша тоқтап өтеді.
Сонымен әр ғылымның өзінің зерттейтін пәні бар. Пән дегеніміз өзі зерттейтін объективтік ақиқатты зерттеудің бір жағы. Мемлекет және құқық теориясының пәні дегенеміз мемлекет пен құқықтың пайда болуының, дамуының және қызмет етуінің жалпы заңдылықтары, сондай ақ заң ғылымдарының негізгі түсініктердің ұғымдардың жүйесін айтамыз.
Мемлекет және құқық теориясы пәнінің ерекшілігі:
1. Ол негізгі ұғымдар жүйесін өзі үшін ғана емес, сондай-ақ барлық заң ғылымдарының салалары үшін қалыптастыруымен айналысады;
2. Мемлекет және құқық теориясы мемлекет пен құқықтың бір-бірін толықтыратын, бір-бірімен тығыз байланысты әлеуметтік институт ретінде қарастырады;
3. Мемлекет және құқық теориясы нақты бір мемлекет және құқықтың дамуы, қызмет етеуін зерттеп қана қоймай, сонымен қатар мемлекет пен құқықтың жалпы белгілерін қарастырады. Мемлекет жәнп құқық теориясы уақыт және кеңістікке қарамай жалпы түрде барлық мемлекет пен құқық жүйелерін зерттейді. Сондықтан да, онда мемлекет пен құқықтық туралы ғылми ойлардың жетістіктері шоғырланған:
Мемлекет және құқық теориясының негізгі ерекшелігі мынада:
- қоғамдық ғылым ретінде мемлекет және құқық теориясы қоғамдық құбылыстарды құрайтын пән болып табылады. Осы ерекшілігіне байланысты басқа ғылымдар саласы ажыратылады.
- саяси қоғамдық ғылым ретінде мемлекеттің саясат саласын мемлекеттің билік қызметіне байланысты қоғамдық құбылыстар мен процестерді зерттейді. Осы ерекшілігіне байланысты мемлекеттік - құқықтық қондырманы зерттейтін басқа ғылымдардан ажыратылады.
- жалпы теориялық ғылым ретінде мемлекет және құқықтың ерекше және жалпы заңдылығын және белгілерін зерттейді. Осы ерекшілігіне байланысты арнаулы заң ғылымдарынан ажыратылады.
- жалпы методологиялық ғылым ретінде мемлекеттік - құқықтық қондырманың жалпы заңдылығын түсіндіреді. Осы ерекшілігіне байланысты мемлекеттік құқықтық құбылыстарды зерттеу мәселелерін дайындайды.
- мемлекет және құқық теориясы басқа заң ғылымдары үшін базалық ғылым болып саналады. Міне, осы езгешілігіне байланысты мемлекет және құқық теориясы қоғамдағы мемлекет пен құқықтың пайда болуын, дамуы және қызмет атқару заңдылықтарын, олардың мәні мен құрылымын, негізгі бөлшектері мен принциптерін, заңдылықтарын зерттейтін ғылым жүйесі.
Соңғы жылдары дүние жүзі қауымдастықта тыныс-тіршілік еткен халықтар арасында гуманитарлық ғылымдарға деген құштарлықтың арта түскендігін анық байқауға болады. Бүкіл адамзат тарихын, оның әр кезеңдерде қалыптасқан саяси, құқықтық, әлеуметтік және этникалық ерекшеліктері, тәжірибелерімен жетік танысу, оқып үйрену, болашақта гуманизм мен өркениет идеясына негізделген құқықтық, демократиялық мазмұндағы мемлекет құруға кеңінен жол ашады. Себебі адамзат тарихында болған мемлекеттердің саяси құрылымдары мен құқықтың жүйелерінің мәнін, мазмұнын, ішкі қозғалысының даму диалектикасын зерттеу, оқып үйрену - тиімді басқару формасын, билік жүргізудің оңтайлы, жүйесін және халық мүддесіне сай келетін құқықты қабылдауға тікелей мүмкіндіктер
береді. Неге десеңіз, тарих сабағы - ақиқатты анықтаудың іргетасы.
Мемлекет және құқықтың пайда болуы, олардың даму заңдылығы құқық, құқықтық қатынастар, құқықтық сана, құқықтық мәдениет, құқық жасаушылық, құқық бұзушылық, мемлекеттің формалары, сот билігі сияқты көптеген категориялық аппаратты қалыптастырады. Осыған орай қазіргі жаһандану кезеңінде саяси-құқықтық ілімдер мен тұжырымдамаларда
мемлекет және құқықтың жалпы даму бағыты, ішкі қозғалысының мәндік мағынасы өзінің шешімін табуда. Зерттеу объектісі мынандай мәселелерді шешуді талап етеді:
- жаһандану заманында мемлекеттердің даму бағыттары қандай;
федерация құрамындағы ұлттық республика, автономия немесе ұлттардың жеке тәуелсіз мемлекет идеясының болашағы қандай;
- ұлттық мемлекет құруда дәстүрлік саяси-құқықтық институттарды енгізу мәселесі;
- құқықтың реттеу функциясының мүмкіндіктерін арттыру, тиімді болуының тетіктерін жасау;
- адам құқын аяққа тапталмауының демократиялық сипаттағы үлгісін жасау, субъективизм мен волюнтаризмге жол бермеу;
- құқық бұзушылықпен күресудін жаңа тұжырымдамасы мен теориясын қалыптастыру, оны әлеуметтік практикада пайдалану.
Бұл проблемаларды шешу үздіксіз зерттеуді талап етеді. Мемлекет және құқық теориясының негізгі міндеті мемлекет пен құқықтың дамуын тану, қисынды мағынада меңгеріп, оның заңдылықтарын ашып көрсету болып табылады. Бұл көрініс біртұтастықты тек бөліп алып зерттеу арқылы іс жүзіне асырылады. Тану барысында мемлекет және құық біртұтастық өзінің барлық күрделі байланыстарымен қозғалыстың, дамудың формасы ретінде танылады.
Сонымен қатар мемлекет және құқық теориясы заң ғылымының интеграцияланған саласы болып табылады. Олай дейтін себебіміз егер біз мемлекет және құқықтың барлық салаларын бір арнаға тоғыстырсақ мемлекет және кұқық теориясын калыптастыра алмаймыз. Тануда, зерттеуде тек қана білімдегі ең негізгі қорытынды, бағыттар арқылы мемлекет және құқық теориясының категорияларын қалыптастырамыз. Сондықтан интеграцияланған деп айта аламыз. Себебі, қайсы бір ғылым саласы болмасын өзінің пәнін бөліп зерттеу арқылы объективтік мағынада және жан-жақты ашып көрсете алады. Жалпы пән ұғымы арнайы ғылым саласы нені оқытады, қоғамның, табиғаттың қандай құбылыстарын зерттейді деген сауалға жауап береді. Белгілі Ресей зерттеушісі В. С. Нерсесянц өз зерттеулерінде былай деп дұрыс қорытынды жасайды: «Ғылыми зерттеу объектісінің ғылымның пәнінен айырмашылығы бар. Бір объект бірнеше ғылымдармен зерттелуі мүмкін және әр ғылым сол объекті өзінің ерекше пәні және әдісімен зерттейді… заң ғылымдарының объекті мемлекет және құқық болып табылады, ал оның пәні - құқық және мемлекеттің негізгі мәндік қасиеттері».
Мемлекет және құқық теориясының әдістері
Мемлекет және құқық теориясы жалпы мемлекет және құқық ғылымының пәні ретінде қоғамның, қоғамдық өмірдің құбылыстары-мемлекет және құқықтың пайда болуы, дамуы және қызмет істеу жолдарын, өздеріне тән заңдылықтарын, олардың таптық-саяси және жалпы адамзаттық мәнін, мазмұнын және түрін, заңды қарым -қатынастары мен байланыстарын, құқықтық сананың және құқықтық мәдениеттің ерекшіліктерін ашады. Осы қоғамдық қатынастардың мәнін ашуда мемлекет және құқық теориясы пәні басқа құқық салаларының пәндерімен тығыз байланыста болады. Әсіресе, мемлекет және құқық теориясы пәні тарихи принципке сүйене отырып, мемлекет және құқық тарихымен тығыз қарым-қатынаста дамиды. Ол әртүрлі мемлекеттердегі, әртүрлі мезгілдегі, кеңістік пен кезеңдердегі нақты мемлекеттік-құқықтық құбылыстар мен процестерді зерттейді. Ал, мемлекет пен құқық теориясының пәні бұл білімді жинақтап, жүйеге келтіріп, жаңа творчествалық сапа береді. Сондықтан, тарихи принцип мемлекет пен құқық теориясының негізгі принципіне жатады. Жалпы алғанда мемлекет және құқық теориясы пәнінің зерттеу шеңбері 10-12 мыңжылдықтардағы жалпы планеталық мерзімді қамтиды.
Мемлекет және құқық теориясының пәні заң ғылымының негізгі ұғымдары мен категорияларының жүйесін құрайды. Мысалы, құқық нормасы, құқықтық қатынас, құқық субъектісі т. б.
Барлық ғылым салаларының оқу пәнінің объектісі-өзі зерттейтін мәселелердің жиынтығы. Мемлекет және құқықтың объектісі оларды басқа құрылымдардан бөліп қарауға, сондай-ақ әлеуметтік құбылыстар жүйесінде олардың орнын анықтауға, сөйтіп, мемлекет пен құқықтың мәнін терең түсінуге жағдай жасайды. Мемлекет және құқық теориясының зерттеу объектісіне мемлекет пен құқықтың пайда болуы, дамуы, қызмет етуінің жалпы заңдылықтары, олардың мәні мен мақсаты, мемлекеттік-құқықтық реттеу механизмі жатады. Қоғамдық қатынастардың дамуына байланысты зерттеу объектілері жиынтығын ғылыми тұрғыда, ғылыми ізденістердің нәтижесінде жаңартылып, дамытылып отырылады. Оқу пәніне байланысты бұл ғылым саласы құқық пен мемлекеттік билік қатынастарын, мемлекеттің және құқықтың қоғамдағы қызмет рөлін, олардың басқарушылық, реттеушілік және қорғаушылық қызметтерін дамытуға, қоғамдық өмірдің экономикалық негіздерін реттеу мақсатында қоғамдық саяси процестерді, бағыттарды және құндылықтарды қайта құруға мүмкіндік беретін мемлекеттік-құқықтық құбылыстарды, категориялар мен ұғымдарды құрайды.
Сонымен, мемлекет және құқық теориясының пәні-мемлекет пен құқықтың пайда болуының, дамуының және қызмет атқаруының заңдылықтары, олардың мәні, құрылымы және негізгі бөлшектері, принциптері, институттары.
Мемлекет және құқық теориясының әдістері дегеніміз мемлекеттік -құқықтық құбылысты зерттеуде ғылыми жолмен қамтамасыз етілген теориялық принциптердің, логикалық әдістер мен арнайы тәсілдердің жиынтығы. Яғни, ғылыми әдіс дегеніміз пәнді түсінудегі әдістер мен тәсілдердің жиынтығы.
Жалпы ғылымның барлық саласында әдіс (метод) деп белгілі бір зерттеу объектісін оқып үйренудің, танудың тәсілдерін айтады. Мемлекет және құқық теориясында таным әдістері екі түрге бөлінеді:
1) диалектикалык әдіс;
2) жеке ғылыми әдістер;
Диалектикалық әдіс мемлекет және құқықты зерттеудің, танудың әмбебап тәсілдері ретінде танылады. Бұл әдіс құбылысты, барлық заттар мен қатынастарды қозғалыста қарап, прогреске жол ашып отырады. Диалектикалык әдістің басқа тәсілдерге қарағанда басымдылығы сол, ақиқатты ашуда диалектикалық үрдіс үлкен рөл атқаратынын, ғылыми тұжырымдар жасауға себепші екенін көрсетеді. В. ИЛенин танудың диалектикасын: «Нақтылы аңғарудан абстракт ойлауға және одан практикаға
көшу - ақиқатты танудың, объективтік реалдықты танудың диалектикалық жолы осындай, » - деп дұрыс қорытынды жасаған.
Мемлекет және құқық теориясында диалектикалық әдіспен қатар жекелеген ғылыми әдістер кеңінен пайдаланылады. Оларды тиімді қолдану арқылы құбылыс, объектінің қарапайым байқаушыға аңғарылмайтын ішкі қозғалысы, мәні, сипаты ашылады, форма мәнге сәйкестендіріледі. Форма мәнді, мән формалы. Мемлекет және құқық теориясы ғылымында мынандай жеке әдістер пайдаланылады:
1. Тарихи-генетикалық - зерттеуге алынған ғылыми объектіні, тақырыпты, мәселелерді тарихи дамуда, козғалыстағы сипаты мағынасында талдау жасау, кезеңдеріне сипаттама беру арқылы ақиқатка жету. Мысалы, қазіргі Қазақстанда Конституция бекіткен билікті бөлу принципін зерттейтін болсақ, ол тарихта қалай пайда болды, кандай сатылардан өткен ерекшеліктерін және қазір бүкіл дүниежүзілік қауымдастықта қандай мағынада іс жүзінде асырылып жатқандығы айқындалады, алынған нәтиже біздің елімізде заңға өзгертулер енгізіп, сот билігінің, атқарушы биліктің тиімділігін арттыруға себебін тигізеді. Салыстырмалық (компаративтік) - қүбылыс пен заттарды салыстырып зерттеу арқылы объектінің әр түрлі қырларын ашу, ақиқатты анықтау. Мысалы, сайлау құқын жетілдірудің негізгі жолы басқа мемлекеттердің сайлау институтымен салыстыру арқылы демократиялық, әділетті сайлау өткізудің талаптарын енгізу т. б.
Жүйелілік - мемлекеттік-құқықтық құбылыстарды бір-бірімен тығыз байланыстағы мағынада, тұтастық идеясында зерттеу. Мысалы, адам құқының кейбір бұрмаланатын жақтарын жеке бөліп алып қарамай, оны бүкіл демократиялық мазмұндағы құқық жүйесімен байланыстырып баға беру.
Нақтылы-әлеуметтік - қоғамдағы зерттеуді талап ететін, арнайы саланың даму зандылығын, оның бағытын арнайы тәсілдер қолдану арқылы мәліметтерге қол жеткізу. Атап айтқанда, анкеталық сұрау салу, әңгімелесу, тест, байқау сияқты әрекеттердің қорытындыларын компьютер арқылы өңдеу. Мысалы, ажырасудың себептерін анкета арқылы анықтау, сұрау салу арқылы сайлауда қай партия жеңіске жететінін білу т. б. көптеген мәселелер.
Статистикалық - мемлекеттік-құқықтық құбылыстарды сандардың мәліметтері арқылы көріністердің, азаюы мен көбеюін анықтау, бағытын байқау. Мысалы, криминалдық статистика бойынша қай облыстарда нашақорлық көп, қай облыстарда аз, немесе өлім жазасының деңгейінің өсуі, немесе төмендеуі т. б.
Синергетикалық бірнеше пәндердің зерттеулерінің ықпалымен құбылыстың зандылықтары айқындалады. Мысалы, математиканың, физиканың ұғымдары енгізіледі.
Құқықтық эксперимент - арнайы тәжірибе жасау арқылы зерттеуге қажетті мәліметтер алу және соның нәтижесінде құбылыстың ақиқатын анықтау. Мысалы, жасалған эксперименттің нәтижесінде алкогольдің көру, есту, тыңдау сияқты қабілеттерді әлсірететіні дәлелдейді.
Герменевтикалық - заң, құұық нормаларының мәтінінің мағанасын мұқият зерттеу арқылы олардың ішкі мазмұнының кодын, мақсатын табу. Герменевтикалық әдіс құқық нормаларына түсінік берген жағдайларда кеңінен пайдаланылады. Осы тәсілді қолдану арқылы форма мен мазмұнның, заң мәтінінің адамгершілікке сәйкестігі немесе сәйкессіздігі анықталады.
Мемлекет және құқық теориясының заң ғылымдары арасындағы алатын орны
Ғылым-адам қызметінің маңызды бір саласы ретінде өте күрделі құрылымнан тұрады. Қоғам мен табиғаттағы құбылыстар мен процестерді зерттеу нәтижесіне байланысты табиғи және қоғамдық ғылым жүйесі қалыптасты.
Қоғамдық құқықтық қатынастардың дамуына байланысты ғылымның жаңа кезеңдегі дамуы басталды. Осының нәтижесінде қоғам мен табиғатқа тән құбылыстар мен процестерге әрекет етуші заңдарды мынадай түрлерге бөлеміз:
1) табиғи заңдар, оның зерттейтін пәні-табиғи ғылымдар саласы.
2) әлеуметтік заңдар, оның зерттейтін пәні - қоғамдық ғылымдар саласы. Қоғамдық ғылымдарға заң ғылымы да жатады.
3) «заңдар», бұған нормативті заңдар жатады.
Барлық ғылым салалары сияқты, заң ғылымының да зерттеу объектісі бар. Оған мемлекет және құқық туралы мәселелер кіреді. Қоғамның пайда болып, дамуына байланысты қоғамдық құбылыс ретінде мемлекет және құқық пайда болды. Мемлекет және құқық қоғамның саяси-құқықтық өміріне әсер ете отырып, қоғамдық құбылыстармен тікелей қатынаста болады. Міне, осыған байланысты заң ғылымының оқыту пәніне қарай өзіндік құрылым жүйесі қалыптасты.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz