Мәліметтерді сұрыптау



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Батыс Қазақстан Жоғары инженерлік-технологиялық колледжі

ЕСЕП БЕРУ
Жұмысшы мамандығын алуға арналған оқу практикасы туралы
1304000 Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету

Орындаған: Қуанова Н.А.
Тексерген: Сабыргалиева А.Қ.

Орал 2020 жыл
Кіріспе
1. MS Excel электрондық кестесі туралы жалпы түсінік.
2. MS Excel-дегі логикалық функциялар.
3. MS Excel-де диаграммалар тұрғызу.
4. Excel электрондық кестесі.
4.1. Мәліметтерді таңдап алу.
4.2. Мәліметтерді сұрыптау.
4.3. Мәліметтер базасын сүзгілеу
4.4. Мәліметтерді анализдеу.
5. Құрама кесте тұрғызу.
6. Бақылау құралдары.
7. Электрондық кестені есептеулерге қолдану.

MS Excel электрондық кестесі туралы жалпы түсінік.
Microsoft Еxcel -1979 жылы екі экономист студент Дэн Бриклин және Боб Френкстон үй тапсырмасын тез орындауға көмектесетін және уақытты үнемдейтін әдіс ойлап табуды шешті. Олар тарихта бірінші рет электронды кесте бағдарламасын жазып, оны Visible Calculator сөзінен қысқартылған VisiCalc (Көрсеткіш калькулятор) деп атады. сондықтан барлық электрондық кестелер бағдарламасы, оның ішінде Excel программасы Дэн мен Бобтың арқасында жүзеге асты. IBM және Macintosh компьютерлерінде жұмыс істейтін, ең озық үлгілерді ала отырып, бүгінгі заман талабына сай жасалған, электрондық кесте құрастыратын қолданбалы программа. Excel-дің соңғы нұсқаларында график тұрғызу, күрделі функциялар арқылы есеп-қисап жүргізу және бірнеше жұмыс кітаптарымен қатар жұмыс атқару сияқты мүмкіндіктер кеңінен қолданылады. Кестелік құрылымды құжаттармен жұмыс істеуге арналған кең таралған құралдардың бірі Microsoft Excel. Ол сандық мәліметтермен жұмыс істеу үшін негізделген.
Microsoft Excel - ді іске қосу үшін келесі тізбектерді орындаймыз
Пуск - Программы - Microsoft Office - Microsoft Excel. Microsoft Excel файлы жұмыс кітабы деп аталады.
Жұмыс кітабы. MS Excel файлы жұмыс кітабы деп аталады. Жұмыс кітабы терезенің төменгі жағына аттары таңбаша арқылы берілген парақ қаттамасының (Лист - 1, Лист - 2,...) жұмыс парағынан тұрады. Таңбашаны ашып, жұмыс кітабының ішінде парақтан - параққа ауысуға болады.
Жұмыс парағы 256 бағаннан және 65 536 жолдан тұратын кесте түрінде беріледі. Жолдар сандармен нөмірленген, ал бағандар әріптерден және әріп комбинацияларынан тұрады. Алфавиттің 26 әрпінен кейін АА, АВ, т. с. с. әріп комбинациялары басталады
Терезе мынадай бөліктерден тұрады.
Тақырып жолы.
Бас меню де, негізінен басқа да Microsoft Office программаларындағы бөлімдерден құрылған. Оның Word менюінен айырмашылығы Кесте орнына Мәлімет алмастырылған.
Стандартты аспаптар.
Пішімдеу панелі.
Жұмыс істеп тұрған ұяшықтыңаты
Формула жолы.
Жұмыс парағы8. бағандар аты Латынның А, В, С, D...F 26 әрпінен тұрады.
Жол нөмірі 65 536 жолдан тұрады
Таңбашалар немесе парақ
Айналдыру жолағы
Басқа параққа ауысу батырмасы.
Қалып - күй жолағы Пуск - Программы -

Microsoft Excel программасы
1) Кесте құруға және оларға ат қойып, дискіге сақтауға;
2) Сақталған кестелерді ашуға және оларға түзету жасауға;
3) Кестеге жол,баған,немесе ұяшықтар қосуға;
4) Кестеден жол, баған немесе ұяшықтардан алып тастауға;
5) Жол, баған немесе ұяшықтарды ішіндегісін көшіруге немесе орнын ауыстыруға;
6) Ұяшықтардан ішіндегісін өсуі немесе кемуі бойынша сұрыптауға;
7) Формулалар бойынша есептеулер жүргізуге;
8) Диаграмма тұрғызуға;
9) Графикалық обьектілер кірістіруге;
10) Баспаға шығаруға мүмкіндік береді;
Кесте дегеніміз - бұл жолдар мен бағандарда реттеліп бірілген ақпарат.
MS Excel программасының негізгі ұғымдары:
Қатар - электрондық кестедегі горизонталь жол, максимал саны - 65536, жұмыс аймағының сол жақ шекарасында араб цифрларымен нөмірі белгіленген.
Бағана - электрондық кестедегі вертикаль жол, барлық саны - 256, жұмыс аймағының жоғарғы шекарасында латын әріптерімен белгіленген.
Ұяшық - бағана мен қатардың қиылысқан жері, адресі бағана әрпі мен қатар нөмірінен тұрады, мысалы: В3.
Блок - тіркесе орналасқан ұяшықтардың төртбұрыш аймағы (диапазон), мысалы: В5:D8.

MS Excel-дегі логикалық функциялар
Логикалық функциялар қандай да болмасын бір шартқа тәуелді есептеулер жүргізуде қолданылады. Шарттарды көрсету үшін Excel программасында салыстыру амалдарының " =", "", "", "" (тең емес), "=" (үлкен немесе тең), "= " (кіші немесе тең) белгілері пайдаланылады.
::Логикалық функциялар: ЕСЛИ, И, ИЛИ.
::ЕСЛИ(логвыражение;значениееслиист ина;значениееслиложь) функциясы, функция аргументіндегі логикалық өрнек (логвыражение) ақиқат мәнге ие болғанда, аргументтегі бірінші мәнді (значениееслиистина) , ал қарсы жағдайда екінші мәнді (значениееслиложь) береді. Мұндағы:
:: - лог_выражение - бұл нәтижесі, екінің бірі, яғни не АҚИҚАТ немесе ЖАЛҒАН болатын логикалық өрнек;
:: - значениееслиистина - бұл логвыражение АҚИҚАТ болғандағы мән, егер осы жағдайда функцияның жазылуында бұл аргумент (значениеесли_истина) түсіп қалған болса, онда функцияның мәні де АҚИҚАТ болады;
:: - значениееслиложь - бұл логвыражение ЖАЛҒАН болғандағы мән, егер осы жағдайда функцияның жазылуында бұл аргумент (значениеесли_ложь) түсіп қалған болса, онда функцияның мәні де ЖАЛҒАН болады.
Мысалы:

::И, ИЛИ функциялары күрделі шарттарды жазу үшін қолданылады:
::И (логическоевыражение1; логическоевыражение2; ... ) - АҚИҚАТ мән қабылдайды егер барлық аргументтер сәйкесінше АҚИҚАТ болса, ал қалған жағдайлардың бәрінде ЖАЛҒАН болады.
::ИЛИ (логическоевыражение1; логическоевыражение2;...) - АҚИҚАТ мән қабылдайды егер ең болмағанда бір аргумент АҚИҚАТ болса, ал қалған жағдайлардың бәрінде ЖАЛҒАН болады.
::Мысалы:

MS Excel-де диаграммалар тұрғызу
Өрнек - бұл Excel бағдарламасы орындайтын жазылған есептеулер. Сіз ұяшыққа өрнекті енгізген кезде бағдарлама оны есте сақтап қалады, бірақ есептеу нәтижесі ғана көрініс табады.Excel бағдарламасында өрнектердің барлығы = тендік таңбасынан басталады. Сол өрнектерді салыстырмалы түрде ұсыну үшін Диаграммалар шебері пайдаланылады. Диаграмма шеберін
экранға шығару үшін мына командалар тізбегін құрамыз:

Диаграмма сандық мәліметтердің өзгеруін айқындап көрсетуге мүмкіндік береді. Excel диаграмманы гистограммалар, бағандар, пирамидалар, конустар және т.б. түрінде құруға мүмкіндік береді.
Оларға түсініктеме мәтін, тақырыптар және т.б. қосуға болады.

Диаграмма-бұл мәліметтерді талдау мен салыстыру ыңғайлы болу үшін кестедегі мәліметтердің көрнекі графиктік түрде берілуі.
Әрбір енгізілетін мәліметтерге құрылатын диаграмманың түрін таңдау өте маңызды.
Дөңгелек диаграмма бірнеше шамаларды салыстыру үшін қолданылады. Егер бірнеше шаманың қосындысы 100 % -ды берсе, онда бұл диаграмма өте көрнекі шығады. Дөңгелек диаграмма барлық жағдайда ақпараттың нақтылығын көрсете алмайды. Мысалы, дөңгелек бірнеше бөлімге бөлініп, олардың өлшемдері бірдей болуы мүмкін.
Гистограмма бірнеше шаманы бірнеше нүктеде салыстыру үшін қолайлы. Берілген диаграмма бағандардан тұрады. Сондықтан оны кейде бағанды диаграмма деп атайды. Бағандардың биіктігі салыстырылатын шамалардың мазмұнымен анықталады. Біз қарастырған мысалда бағанның биіктігі отбасының бір аптадағы азық-түлік және өндіріс тауарлары шығындарының ақшалай мөлшерімен анықталады. Әрбір қатар тірек нүктесімен байланысқан. Біздің жағдайда тірек нүктесі аптаның бір күніне сәйкестендірілген.
График (түзу диаграмма) бірнеше шамалардың бір нүктеден екіншісіне ауысқандағы өзгерістерін бақылап мотыруға ыңғайлы. Гистограммадан айырмашылығы, баған орнына олардың биіктігі (квадратпен, ромбымен) белгіленіп көрсетіледі және алынған белгілер түзу сызықпен қосылады.
Диаграмманы құру үшін:
:: Диаграмма құратын мәліметтерді енгізу;
:: Диаграмма құруға қажет мәліметтерді жұмыс парағында белгілеу;
:: Қою менюіндегі Диаграмма командасын таңдау немесе стандарт аспаптар тақтасындағы батырмасын шерту;
:: Диаграмма шебері диалогтік терезесіндегі диаграмма түрін таңдау қажет;
:: Келесі қадамға өту үшін Далее (Жалғастыру) батырмасы қолданылады;
:: Кез келген қадамда диаграмманы құру үшін Дайын (Готово) батырмасын шертуге болады, онда Диаграмма шебері диаграмманы құруды аяқтайды;
:: Соңғы терезедегі Дайын батырмасын шертіңіз.

Excel электрондық кестесі
Excel электрондық кесте құралдарымен мәліметтерді өңдеу.
Кестелік құрылымдықұжаттармен жұмыс істеуге арналған кең таралған құралдардың бірі Microsoft Excel болып табылады. Ол сандық мәліметтермен жұмыс істеу үшін негізделген. Бұл тарауда біз Microsoft Office 2000 программасының құрамына кіретін Microsoft Excel 2000 электрондық кестенің алғашқы ұғымдарымен және жұмыс істеу тәсілдерімен танысамыз. Excel жай ғана программа емес, оны көптеген математкалық амалдрды, күрделі есептерді жеңілдету үшін пайдалануға болады. Ол кестедегі мәліметтердің негізінде түрлі-түсті диаграмммалар тұрғызып, жүргізуді қамтамасыз ете алады. Excel мүмкіндігінің көпжақтылығы тек экономика саласында ғана емес, ғылыми зерттеу, әкімшілік жұмыстарында да кеңінен қолданылады.
Excel даярлайтын құжат Жұмыс кітабы деп аталады. Жұмыс кітабы жұмыс парағынан тұрады. Жұмыс парағының құрылымы кестенің құрылымындай және ол бір немесе бірнеше кестені қамтиды. Әрбір парақтың аты төменгі жағында орналасқан таңбашада көрініп тұрады. Осы таңбашаның көмегімен кітапты парақтауға болады. Таңбашаны тышқаннның батырмасын екі рет басу арқылы өзгертуге болады. Әрбір жұмыс парағы жолар мен бағандардан тұрады. Бағандардың аты латын алфавитінің бас әріптерімен жазылады. Бір жұмыс парағы 256-ға дейін баған санын қамти алады. Бағандар А-дан Z әріптерінің комбинацияларымен белгіленеді, ал жолдар 1-ден бастап 65536-ға дейін нөмірленеді.
Бағандар мен жолдардың қиылысуы ұяшықтарды береді. Ол электрондық кестенің мәлімет енгізетін ең кіші элементі болып табылады. Әрбір ұяшықтың жол мен бағандардың белгіленуінен тұратын адресі болады. Мысалы: А9, D21, F5, G7, L16.
Әрқашанда ұяшықтардың біреуі ағымдық ұяшық болып есептеледі және жақтаумен ерекшеленіп тұрады. Осы жақтау кестелік меңзердің рөлін атқарады және тышқанның немесе басқару пернелердің көмегімен экранда жылжыта аламыз. Мәліметтерді енгізу, пішіндеу және басқада іс-әрекеттер осы ағымдағы осы ұяшықта жүзеге асырылады. Бірнеше ұяшықтар тобын ұяшықтар ауқымы деп атаймыз. Ауқымдар тік төртбұрыш қалыпты болады. Оларды былай белгілейді: A7: E25. Мұндағы А7 - тік төртбұрыштың сол жақ жоғарағы, ал Е25 - оң жақ төменгі бұрыштары.

Мәліметтерді таңдап алу.
Диаграмма шебері (Мастер диаграмм) жұмысының екінші сатысы диаграмма тұрғызылатын мәліметтердің таңдап алудан басталады. Егер мәліметтер ауқымы алдын- ала берілген болса, Диаграмма шебері терезесінің үстінгі жоғарғы бөлігінде орналасқан адын-ала қарап шығу аймағында тұрғызылатын диаграмманың жуық бейнесі пайда болады. Егер мәліметтер бірдей ауқымды тік төртбұрышты қамтитын болса, онда оны мәліметтер ауқымы (Диапазон данных) қыстырмасы бойынша таңдап алған қолайлы. Егер мәліметер бірегей топтан емес, жеке қатарладан тұрса, онда оны Қатар (Ряд) қыстырмасы бойынша енгізген дұрыс.
Диаграмманы безендіру. Диаграма шеберінің үшінші сатысы ( Ары қарай батырмасын шерту арқылы алынады ) диаграмманы безендіруден тұрады. Диаграмма шебері терезесінің қыстырмларына төмендегі параметрлер енгізіледі:
:: диаграмманың аты, осьтерінің атаулары (Тақырыптары қыстырмасында);
:: коордиаттық осьтердің кескінделуі мен белгіленуі (Осьтер қыстырмасында);
:: координата осьтеріне параллель тор сызықтардың кескінделуі (Тор сызықтар қыстырмасында);
:: тұрғызылған осьтердің сипаттамасы (Атаунама қыстырмасында);
:: графиктің элементердің жеке мәліметтеріне сәйкес келетін атауларды бейнелеу ( Мәліметтер қолтаңбасы қыстырмасында );
:: графикті тұрғызуда пайдалынылған мәліметтерді кесте түрінде көрсету ( Мәліметтер кестесі қыстырмасында);
Диаграмманы орналастыру. Ары қарай (Далее) батырмасын басу арқылы Диаграмма шеберінің соңғы сатысына көшеміз. Бұл терезеде диаграмманы жаңа параққа немесе бұрынғы жұмыс парақтарынң біреуіне орналастыратынымыз жайлы сәйкес өрістердің біреуіне жауап бреміз. Дайын (готово) батырмасын шертіп, өзіміз көрсеткен парақта орналасқан дайын диаграмманы аламыз.
Диаграмманы редакциялау. Дайын болған диаграмманы түзетуге болады. Ол келесідей элементердің жиынтығынан тұрады: тақырыбы, тақырыптық осьтер, тор сызықтары, тұрғызу аймағы, маркерлер, сандық мәліметер және т.б. Диаграмманың кез-келген элементін тышқанның көмегімен ерекшелеп алып, параметрлерін өзгертуге болады. Пішім (Формат) командасының көмегімен ашылған терезеде диаграман пішімдеуге болады. Диаграманы өшіру үшін Delete пернесін басамыз немесе диаграмма орналасқан парағын алып тастау керек (Түзету (Правка) Тазарту (Очистка)).
Кестені баспаға шығару. Excel-де қазға шығармас бұрмын алдын-ала оның ойдағыдай болуын тексеретін мүмкіндік бар. Ол үшін Файл Қарау (Просмотр) командасын орындау керек. Стандарты аспаптар панелінен Қарау батырмасын басу қажет. Бұл команда кестені экранға шығарып береді, бірақ кестені бұл режимде түзете алмаймыз.
Электрондық кестені мәліметтер базасы ретінде пайдалану.
Мәліметтер базасы деп өзара байланысқан кестелер жиынтығын айтамыз. Ең қарапайым мәліметтер базасы бір ғана кестеден тұрады. Осындай мәліметтер базасы ретінде Excel электрондық кестесін алуға болады.
Excel мәліметтер базасына тән барлық адамдарды орындайтын функциялар жиынтығын қамтиды.
Мәліметтер базасындағы мәліметтер жазбалар жиынтығынан тұрады. Әрбір жазбаға бір өріс сәйкестендірілген. Жазбалар реттк нөмірімен, ал әрбір өріс оны сипаттайтын тақырыбымен анықталады.
Excel-дің жұмыс парағын мәліметтер базасы ретінде қарастыру үшін, оған мынадай талаптар қойылады. Жұмыс парағының әрбір бағанына бір өріс сәйкестендіріледі. Мәліметтер базасының бағандары ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ауыстыру арқылы сұрыптау
Сұрыптау. Мәліметтерді сұрыптау
Табиғи бірігу арқылы сұрыптау
Информатика пәнінен лекциялық сабақтардың тезистері
Сұрыптау есептері. Сұрыптау алгоритмдері
Қолданбалы бағдарламалық жасақтама. Электрондық кестелерді өңдеу құралдары
Excel бағдарламасында сандық мәндерді сұрыптау
Қолданбалы есептерге параллельді алгоритмдерді қолдану
Мәліметтер қорын басқару жүйесі бойынша дәрістер
Сұрыптау әдіс тәсілдері
Пәндер