Қазақстандағы мектепке дейінгі педагогиканың дамуы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Бұл жұмыстың бағасы: 500 теңге
Кепілдік барма?

бот арқылы тегін алу, ауыстыру

Қандай қате таптыңыз?

Рақмет!






С.аманжолов атындағы шығыс қазақстан облысы мемлекеттік универсиеті
жоғары колледж

РЕФЕРАТ
Пәні: Мектепке дейінгі педагогика
Тақырыбы: Қазақстандағы мектепке дейінгі педагогиканың дамуы

Тексерген: Рахимова Асфира Сейтбековна
Орындаған: Кабдуллина Гулнур

Өскемен, 2020-2021 оқу жылы
ЖОСПАР
I. Кіріспе
II. Қазақстандағы мектепке дейінгі педагогика ғылымы дамуының теориялық негіздері
1.1. Қазақстандағы педагогика ғылымының дамуы
1.2. Қазақстандағы мектепке дейінгі тәрбиенің дамуы мен қалыптасу кезеңдері
III. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ПЕДАГОГИКА ҒЫЛЫМЫНЫҢ ДАМУЫНДАҒЫ ҮЛЕС ҚОСҚАН ҒАЛЫМДАР
2.1.Қазақстандағы мектепке дейінгі педагогиканың негізін қалаушы,профессор-А.К.Меңжанова
2.2. Қазақ қыздарынан шыққан тұңғыш журналист,этнограф-Н.С.Құлжанова
2.3. Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу бағдарламасының негізін салушы-Б.Б.Баймұратова
IV. ҚОРЫТЫНДЫ
V. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі:Қазақстан Республикасы егеменді ел болғалы ғылым, мәдениет салаларында жасалып жатқан шаралардың барлығы жастарға жалпы адамзаттық және жеке ұлттық игіліктер негізінде тәрбие мен білім беру ісін неғұрлым жоғары деңгейге көтеруге ықпал етуде. Бүгінгі таңда қоғамдық өмірді демократияландыру және ізгілендіру жағдайында ұлттық ерекшелігімізді айқындайтын рухани мәдениетімізді жетілдіру қажеттілігі туындап отыр. Отаршылдық езгісі әсер еткен ұлттық менталитетімізді қалпына келтіріп, нығайту және өркениетті елдер қауымдастығы қатарынан орын алу - ұлттық мемлекетімізді қалыптастырудағы басты алғышарттардың бірі.
Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында білім беру жүйесінің басым міндеттері ретінде ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіптік шыңдауға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, азаматтық пен патриотизмге, өз Отаны - Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке, халық дәстүрлерін қастерлеуге тәрбиелеу, отандық және әлемдік мәдениеттің жетістіктеріне баулу, қазақ халқы мен республиканың басқа да халықтарының тарихын, әдет-ғұрпы мен дәстүрлерін зерделеу атап көрсетілген.
Мемлекетімізде ұлттық маңызы бар бірқатар бағдарламалар болса, соның бірегейі Мәдени мұра бағдарламасы болып табылады. Ұлт тарихын түгендеу, ұлт руханиятын қайта түлету мақсатында жасалынған бұл бағдарлама ұзақ мерзімге бағытталған кешенді, жүйелі іс-шаралардың мазмұнын құрайды. Мәдени мұра бағдарламасына қатысты алқалы жиында Елбасы Н.Ә.Назарбаев көшпенділердің әлемдік тарихтағы роліне тоқталып, қазақ жерінің Еуразия Кеңістігінің мәдени мәйегі, рухани түп қазығы болғанын айта отырып: Қазақстанды Ұлы Дала өркениетінің қара шаңырағы ретінде халықаралық деңгейде танытып, қалыптастыруымыз керек, - деді. Сондықтан халқымыздың өткен тарихындағы озық педагогикалық идеяларды ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар тұрғысынан қарап, бүгінгі ұрпақты жан-жақты дамыған тұлға ретінде қалыптастыруға пайдалану керектігі айқын. Біз ең алдымен, өзіміздің тарихымызды нақты айқындап алуымыз қажет, бұл - әрбір ғылымның саласына қатысты мәселе. Еліміз тәуелсіздік алғанға дейінгі саяси жүйеде қазақ ұлтының өткен тарихы, оның барлық кезеңдері мен іргелі мәселелері бұрмалауға ұшырағаны құпия емес. Кеңес дәуірі кезінде қазақ педагогикасы жабық тақырып болғаны анық. Ол кезде Қазақстандағы педагогикалық ойлардың қалыптасуы мен дамуы бойынша барлық ғылыми-зерттеу мен білім беру саласында, Шоқан, Ыбырай, Абай туралы ғана сөз болды. Ғылымдағы түрлі тұжырымдамаларды қалыптастыруға тікелей ықпалы болған бұл идеологиялық ұстанымның салдары қазақ ұлтының тарихи танымынан анық байқалды: ұлт өзін өркениеттік құндылықтар жаратқан субъект ретінде сезінуден қалды, оның көңіліне өзінің этностық болмысына қатысты күдікті ойлар ұя сала бастады. Ал мемлекетіміздің тәуелсіздік алуының арқасында қазақ қоғамында мүлдем жаңа жағдай қалыптасты.
Зерттеудің мақсаты: Қазақ педагогтарының тәлім-тәрбиелік идеяларын,қазіргі қазақ педагогика ғылымының қайнар көздері ретінде тұжырымдамалық тұрғыдан негіздеу және оны жоғары білім беру жүйесінде пайдалану.
Зерттеудің міндеттері:
1. қазіргі қазақ педагогика ғылымының қалыптасуын көрсету және оның алғашқы рухани бастау көздерін нақтылау;
2. қазақ педагогтарының педагогикалық теорияларының өзара ықпалдастығын және кейінгі дәуірлердегі педагогикалық ойлармен тарихи сабақтастығын ашып көрсету;
3. қазіргі мектепке дейінгі педагогика ғылымындағы А.К.Меңжанованың Мектепке дейінгі педагогика еңбегінің тұжырымдамалық мәнін анықтау;
Зерттеудің обьектісі: Қазақстанда мектепке дейінгі педагогика ғылымының қалыптасуы мен дамуы.
Зерттеудің ғылыми болжамы: егер қазіргі қазақ педагогика ғылымындағы А.Байтұрсынов, Ы.Алтынсарин,Ж.Аймауытовтың тәлім-тәрбиелік идеяларының тұжырымдамалық негізі анықталса, онда педагогика ғылымының теориясы мен тәжірибесін жетілдіруге мүмкіндік туады, өйткенi аталған ғұламалардың еңбектері қазақ педагогика ғылымының дамуына жаңа бағыт беріп, жас ұрпақты тәрбиелеу мен оқытудың тиімділігін арттыратын құнды идеяларды ұсынады.
Зерттеудің әдістері:
oo педагогикалық әдебиеттерді іріктеу,саралау,ғылыми деректерді талдау;
oo жүйелілік-құрылымдық, жүйелілік-талдау, ғылыми зерттеулерді және мұрағат материалдарын оқып-үйрену және теориялық талдау, жұмыс нәтижелерін болжау;

I.Қазақстандағы мектепке дейінгі педагогика ғылымы дамуының теориялық негіздері
1.1 Қазақстандағы педагогика ғылымының дамуы

Қазақстанда ағартушылық идеяны көтергендердің бірі-Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов (1835-1865). Ағартушы-ғалым қазақ даласындағы оқу, мектеп ісін ғылыми негізде құрып, оқу білімінің табиғат сырларын ашуға бағытталуын, туған халқының алдыңғы қатарлы мәдениетті елдерді қуып жетуін аңсады. Діни бағыттағы медреселер мен ел билеуші әкімдер, тілмаштар дайындайтын мектептердің мақсатын сынай келіп, жалпы білім беретін мектептердің ашылуын көздеді Тек ақиқат білім ғана адамға күдік тұғызбайды, ол өмірді бағалауға, тұрмыс құруға үйретеді, - деді Шоқан.
Қазақтық аса көрнекті ағартушы-педагогы Ыбырай Алтынсариннің (1841-1889) демократиялық-ағартушылық бағыты оның педагогикалық көзкарастарынан айқын көрінеді. Бүкіл өмір жолын мектеп ашуға, қазақ, балаларын оқуға тартуға, дүние ғылымдарын үйретуге, оқу құралдарын жазуға, тәлімгер-ұстаз дайындауға, оларға ғылыми әдістемелік басшылық жасауға, өз кезеңіндегі қазақ халкының қоғамдық өміріндегі саяси-әлеуметтік мәселелерді жан-жақты қамтып, жазуға жұмсады Ы.Алтынсарин қазақ жастарының мамандық алуына жол ашты.
Торғайда - қөленер, Қостанайда -- ауыл шаруашылығы училищелері, Ырғызда -- қазақ қыздарына арнап мектеп-интернат ашылуына зор ықпал жасады.
Қазақ халқының ұлы ойшыл ақыны Абай Құнанбайұлыңың (1845-1904) поэтикалық шығармалары мен Гадлия сөздері педагогикалық ой-пікірлерге толы. Табиғаттық санадан тыс, тәуелсіз өмір сүруі, өмір ақиқатының туйсікпен қабылдануы, адамдар жаратылысының бірдегі еместігі, ғылымның ақылмен, жан құмарымен алынатындығы оның көрінісі. Ақынның педагогикалық көзкарасының қоғамдық қатынастар тұрғысындағы пікірлері, жастарды халқының әдеп-ғұрпы, салт-санасы, дәстүрінен тәлім-тәрбие алуға шақыруы дүниежүзілік педагогика классиктерінің ой-пікірлерімен үндеседі.
Ағартушы-педагог Ахмет Байтұрсынов (1873-1937) мол педагогикалық мұра калдырды. А. Байтұрсынов бүкіл саналы өмірін қазақ, қоғамында білім-ғылымының дамуына, мектеп ағартушылық ісінің жанданып, кемелденуіне бағыштайды. Ол ауыл мектебінде, семинарияларда бала оқытты, оқу-тәрбие жұмыстарын жетілдіру саласында көп ізденді.
А.Байтұрсынов Қазақ газетіндегі (1914 ж) Мектеп керектері деген мақаласында: Ең әуелі мектепке керек -- білімді, педагогика, методикадан хабардар оқыта білетін мұғалім. Екінші -- оқыту ісіне керек құралдардық қолайлы әм сайлы болуы. Үшінші -- мектепке керегі белгіленген бағдарлама. Әр іс көңілдегідегі болып шығуы үшін оның үлгісі, я мезгілді өлшеуіші болуы керек. Үлгісіз я өлшеусіз істелген іс -- ол я артық, я кем шықпақшы, -- деп оқытудық дидактикалық принциптерін ғылыми тұрғыда белгілеп берді.
А.Байтұрсынов ұсынған жаңа әліпби 1913 жылдардан бастап мұсылман медреселері мен орыс-қазақ мектептерінде қолданыла бастады. Қоғам алдына ол қазақ даласында оқу-ағарту ісі дұрыс жолға қойылсын, ол үшін ауыл мектептерінде балалар қазақша сауат ашатын болсын, оқу ана тілінде жүргізілсін деген талаптарды бастауы болды.
Міржакып Дулатов (1885-1935) Ы. Алтынсариннің ұстаздық идеяларын әрі қарай дамытып, А.Байтұрсынов сияқты оқу-тәрбие мәселелерін ғылыми түрғыдан қараған, шәкірттәрдің жаңа бағдарламалар арқылы білім алуына, мұғалімдердің ғылыми дидактикалық қағидаларға сәйкес сабақ жүргізуне әрекше мән берген педагогтардың бірі.
Жүсіпбек Аймауытов (1889-1931) педагогика, психология саласында құнды ғылыми-зерттеу еңбектерімен қатар, бірнеше оқулықтар, оқу құралдарының авторы болған ірі тұлғалардың бірі. Тәрбиеге жетекші атты еңбегінде (1924 ж.) педагогиканың дидактика саласын ғылыми негіздеген.
Қазан төңкерісінен кейін тәлім-тәрбие ғылымына тәрең үңілгендердің бірі -- Мағжан Жұмабаев (1893-1938). Оның Педагогика атты еңбегі соң кезеңдегі ана тілімізде жазылып, ғылыми әлемді елең еткізген туынды болды.
Қазақ педагогика ғылымының тұңғыш профессоры Шәрапи Әлжановтың (1901-1938) тәлім-тәрбие саласында әр түрлі тақырыптың төңірегінде жазған жиырмадан астам еңбегі жарық, көрді. Ол Ес және есте сақтау меселелері', Ой мәселелері, Дағдылану мәселелері' атты еңбегінде (1936 ж.) шәкірт психологиясының жас және дара ерекшеліктері жайлы соз қозғайды, сол салада жүргізгілген сараптамалық зерттеулердің нетижесін оқырман назарына ұсынады.
Қазақтық белгілі педагогы Әбдіхамит Сембаевтың (1905-1989) қаламынан сексеннен астам қомақты ғылыми-педагогикалық еңбектер шықты. Қазақстанда Советтік мектептің даму тарихы (1962ж.) атты монографиялық еңбегінде мектептердің көптеп ашылуын, оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдардық жасалу жолдарын, мұғалім кадрларын даярлау ісіндегі қол жеткен табыстарды нақтылы дәректермен ғылыми тұрғыда дәлелдеді.
Сұлтанбек Қожахметов (1910-1945) дидактика меселелерімен жан-жақты айналысқан педагогтардың бірі өзінің Педагогика мәселелері (1940 ж.), -- деген атпен шыққан кітабында шәкірт меңгеретін білімнің саналылығы мен жинақтылығының өлшемдәрі баланың өз бетімен оқу дағдысын қалыптастыру, оқушының эстетикалық (сұлулық) талғамдарын дамытып қа-лыптастыру, оның алған білімі мен дағдысын, іскерлігін бағалай білудің ғылыми негіздерін қарастырады.
Қартбай Бержанов (1924-1976) -- педагогика ғылымдарының докторы, профессор. Педагогика ғылымының дамуына елеулі үлес қосқан ғалым-ұстаз.
Педагогика - ақиқат ғылыми көзқарас болып есептелетін және объективтік дүниені танудық, білудің және ғылыми білімнің дамуының бірден-бір әдісі болып саналатын философия негізінде дамиды. Мысалы: диалектикалық материализм табиғаттың, қоғамның және адам баласы дамуының заңдылықтарын зерттейді. Диалектиканың қағидаларын басшылыққа ала отырып, педагогика педагогикалық оқиғаларды жалпылама түрде ғана көшіре салмайды, ол тәрбиенің заңдылықтарын ашады, тәрбиедегі себепті, нәтижелі байланыстарды анықтайды, тәрбиенің болашағын көрсетеді.
Педагогиканың методологиялық негізі диалектикалық және тарихи материализм болғандықтан, диалектикалық әдіс педагогикалық құбылыстарды кеңістік пен уақыттың нақты жағдайларында, қоғамдық өмірдің басқа құбылыстарымен байланыста және өзара әрекеттестікте алып қарастыруды талап етеді.
Педагогиканың методологиясы дегеніміз -- кез келген педагогикалық мәселені зерттеу негізіне жататын жалпыға ортақ ережелер, философия заңдары. Кез келген ғылым зерттелгелі отырған құбылыс туралы жалпы ережелерді қолданып, өзіне тән әдістерін қолданады. Даму сөзі -- философиянікі.
Ғылым өз пәнін үнемі зерттеп отырмайынша дами алмайды. Педагогика ғылымы да өзінің күш-жігерін, тәрбие, білім беру, оқыту мәселелерін зерттеуге бағыттайды. Педагогикалық зерттеу әдістері -- педагогикалық болмыс туралы зерттеуші жинаған фактілерді және білімдерді талдаудық негізгі тәсілдері. Педагогикалық зерттеулер теориялық және эмпирикалық деп бөлінеді. Теориялық әдістер: ғылыми педагогикалық әдебиеттерді талдау; индукция; дедукция; жіктеу; аналогия; салыстыру. Эмпирикалық әдістер: мәліметтерді жинау (бақылау, әңгімелесу, сауалнама, тест); тексеру және өлшеу (шкалалау); мәліметтерді өңдеу; математикалық, статистикалық, графикалық, кесте; баға беру әдістері (өзін-өзі бағалау, рейтингі, педагогикалық консилиум); зерттеу нәтижелерін тәжірибеге енгізу (эксперимент). Зерттеулерде мына әдістер пайдаланады.
Қорыта айтқанда, Қазақстанда педагогика ғылымы XX ғасырдық екінші жартысынан бері тез қарқынмен дамыды.

1.2 Қазақстандағы мектепке дейінгі тәрбиенің дамуы мен қалыптасу кезеңдері

Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу, денсаулығы мен күтімін жақсарту,ана мен балаға қамқорлықты күшейту-Қазақстан Республикасының Қаулы - қарарларынан қаға беріс қалған емес.Оған дәлел,1918-1920 жылдары Алматы (Верный),Қызылорда,Орал, Торғай қалаларында 115 балабақша, ал 1932 жылы 441 бақша ашылып, оның 35-і қазақ тілінде жұмыс істесе,1939-1940 жылдары Қазақстандағы балабақшалар саны (маусымдық балалар алаңдарын қоса есептегенде) 550-ге жетті, оның ішінде 60-тан астамы тәрбие жұмысын қазақ тілінде жүргізді. Әлі іргесі нығайып, буыны бекімеген еді. Балабақшаларда отбасында сәбилерді тәрбиелеу олардың денсаулығын, күтімін жақсарту, сәбилі аналарға жәрдем көрсету мақсатында сол кездегі
Әйел теңдігі (1926ж.Редакторы С.Есева) журналы Ана мен бала тәрбиесі деген бөлім ұйымдастырды. Бұл бөлімді пелагог - жазушы, журналист Нәзипа Құлжанова басқарды. Журнал бетінде қазақ ауылындағы отбасында бала күтімін, денсаулығын жақсарту жайында мақалалар жарияланады. Сонымен қатар Н.Құлжанованың Мектен бұрынғы тәрбие (Орынбор, 1928ж.) Ана мен бала тәрбиесі (Қызылорда, 1927ж.) атты еңбегі жарияланады. Осының өзі сол кездегі ауыл-селодағы шалғайдағы қызыл отауларда ашылған маусымдық және тұрақты жұмыс істейтін балалар мекемелері мен отбасы тәрбиесін дұрыс ұйымдастыру, балалардың денсаулығы мен күтімін жақсарту жұмысына басшылық жасады.
Балалар мекемелерінің жыл санап қанат жая бастауы, бұл мекемелерде жұмыс істейтін педагогтар мен тәрбиешілерді оқу құралдарымен қамтамасыз ету, ғылыми білім негіздерімен қаруландыру сияқты маңызды проблемаларды шешу қажеттігін туғызады. Аталған іс-шараларды жүзеге асыру мақсатында Халық ағарту Комиссариятының жанынан 1932 жылы республикалық әдістемелік басшы құралдар әзірлеуге мүмкіндік жасады. Алғаш рет 1924-30 жылдары Орынбор қаласында ғылыми-педагогикалық мақалалар жинақтары баслып шықты. 1929-1936 жылдар аралығында балабақшалар Жарғысы мен мектепке дейінгі балалар үйлері мен балабақша тәрбиешілеріне арналған практикумның жұмысы туралы нұсқау хат,т.б. материалдар қазақ тіліне аударылып, шалғайдағы ауылдарда жаңа ұйымдаса бастаған маусымдық бөбекжай (ясли), балабақша тәрбиешілері үшін басты құрал ретінде тартылды.
Осындай игі істер сөз болғанда,педагогика ғылымдарының кандидаты,доцент, Қазақ КСР-ның еңбек сіңірген мұғалімі Әміржан Сыздықовтың Б.Мұхамеджановпен бірлесіп жасаған Жас шебер деген еңбегі де назар аударарлық. Бұл кітапша мектеп жасына дейінгі сәбилер мен бастауыш мектептің бірінші сынып оқушыларын қол еңбегіне үйрету, айналадағы өмірді бақылату жұмыстары кешенді түрде қарастырылған.
Алғаш жарық көрген әдістемелік оқу-құралдар, ғылыми мақалалар жинақтары балабақшадағы тәрбие жұмыстарын дұрыс ұйымдастыруда тәрбиешілерге бағыт беріп, жәрдем көрсетіп отырды.
Ежелден тәлім-тәрбие құралы - балаларға арналған ауыз әдебиеті мұралары, қазақ жазушыларының өлең-әндері, әңгімелері көркем суретті кітапшалар көптеп жарияланады. Дәлірек айтсақ, 1929-36 жылдар аралығында жарық көрген Алтын сандық (1935ж.), Шәркей, Жұмбақтар (1930) Өтірікке бәйге (Б.Майлин), Қазақ әдебиеті , Билер дәуірінің әдебиеті (С.Сейфулин) Өлеңдер,әңгімелер жинағы (С.Бегалин,1932) шығармалары ауыз әдебиеті мұраларын кеңінен қамтиды. Сондай-ақ орыс халқының классик жазушылары - С.Маршактың Бұл не деген жаңғалақ, К.Чуковскийдің Кір қоймас, А.Бартоның Жылауық тәріздес бала психологиясына сәйкес келетін, ойлануға мәжбүр етерлік әңгіме - өлеңдері қазақ тілінде аударылып, сол кезедегі бала тәрбиесін жүзеге асыру ісіне үлес қосты.
1947 жылы Қазақстанда мектепке дейінгі тәрбие жұмысының 4-5 жылдықтағы мақсаттары мен міндеттері деген тақырыпта ғылыми-практикалық конференция өткізілді. Конференцияда үш бесжылылдыққа қорытынды жасалды. Қазақстан жазушалары балаларға, Қазақстанның табиғи байлықтары, Жас бөбекті қазақтың ою кесте өнерлеріне үйрету, Қазақ фольклорының тәрбие жұмысындағы маңызы, т.б. тақырыпта баяндамалар жасалған.
Республика эканомикалық және ғылым жағынан нығайып, өркендеген сайын баланы отбасында тәрбиелеу, оларды болашақ оқу-ісіне дайындау міндеті айқындала түсті.Балабақшалардың жедел дамуы, ондағы тәрбиеші педагогтардың ғылыми-әдістемелік, әдеби-оқу құралдарымен қамтамасыз етуді қажет ете бастады. Яғни, 1956 жылы республикада 888 балабақша тәрбиеленуші бала саны 48 мыңға жетті.
Бесжылдықтар ішінде жүзеге асырылған ғылыми теориялық мәдени жұмыстар нәтижесінде және де бұрыңғы КСРО-ның Педагогика ғылымдары Академиясының мектептке дейінгі педагогика ғылымдары ғылыми-зерттеу институтының көрнекті психолог-педагог ғалымдары (Л.С.Выготский,Д.Б.Эльконин,А.П.Усо ва,Е.И.Тихеева,О.И.Соловьева,т.б.) жүргізген ғылыми зерттеулер негізінде Қазақстанда мектепке дейінгі педагогика жеке ғылым ретінде дами бастады.
Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі тәрбие бөлімінің жұмысымен тікелей байласнысты . Бұл бөлім 1958 жылы ашылды. Бөлімнің алғашқы меңгерушісі Аэлита Александровна Анциферова (1958-1964), мұнда үш ғылыми қызметкер Бәшен Баймұратова ,Вера Никифоровна Андросова, Лидия Алексеевна Давиденколар қызмет атқарды.1966-1976 жылдары мектеп жасына дейінгі педагогика секторы құрылып, оны Б.Баймұратова басқарды, 1976-1980 жылдары осы институтта бастауыш білім беру және мектепке дейінгі әдістемелік бөлімінде аға ғылыми қызметкер міндетін атқарды. 1980 жылдан бастап сол бөлімнің меңгерушісі болды. 1958-1964 жыл аралығында мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеу, ана тілінде сөйлеуге үйрету, сөздік қорларын дамыту, балабақшадағы нәрестелерді бөбекжайдағы сабақ процесінде тәрбиелеу мәселелері бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілді.
Зерттеу нәтижесінде Балалар бақшасында тәрбиелеу бағдарламасының тіл дамыту, әдеби шығармалар оқу - деген бөлімдері түпнұсқа материалдар негізінде жасалып, қазақ балабақшалары үшін алғашқы бағдарлама 1964 жылы іске қосылды.
Тіл дамытудан оқу әдістемелік еңбектер (Б.Баймұратова) жазылып, оның еңбекке тәрбиелеудегі рөлі туралы А.А.Анциферова кандидаттық диссертация қорғады. Нәрестелерді сабақ процесінде тәрбиелеу мәселелері туралы әдістемелік құрал дайындалды. (Л.В.Давиденко).
1965-70 жылдары Ақыл - ой тәрбиесінің психиологиялық- педагогикалық мәселелері деген тақырып бойынша төмендегідей зерттеулер жүргізілді: Мектеп жасына дейінгі ересек балалардың поэзиялық шығармаларға қызығушылығын арттыру (В.Н.Андросова) , Сәбилердің сөз қорымен сөйлеу тілінің даму ерекшеліктері жайында (Б.Б.Баймұратова), Нәрестелердің қимыл-қозғалыс жасауының психологиялық ерекшелігі (Л.А.Давиденко).
Бұл тақырыптарды зерттеуде көзделген негізгі мақсат: балабақшадағы тәрбиелеу, білім беру жұмысының жалпы жағдайын; балалардың білім-білік деңгейін тиімді әдіс-тәсілдерді, іздестіру, балабақша бағдарламасы мазмұнын жетілдіру, зерттеу нәтижесіне сүйенілген ғылыми-әдістемелік құралдар жазылады.
2 жастан 4 жасқа дейінгі топтар үшін күн тәртібі, тәрбие жұмысының күнтізбелік жоспарлары жасалып бағдарламасы жетілдірілді. Аталған еңбек Мектеп баспасы арқылы (1967-1970) жариялынды.
Зерттеу негізінде А.В.Андросова Разивитие интереса к поэзии у детей старшего дошкольного возраста (1969 ж.), Б.Баймұратова Сәбилердің сөздік қоры мен сөз игеру ерекшелігі деген тақырыптарда (1971ж.) диссертация қорғады. Л.А.Давиденко Нәрестелердің ойыншықтармен қимыл-қозғалыс жасауының психиологиялық ерекшелігі деген тақырыпта монографиялық еңбек жазды.
Зерттеу жұмыстары бойынша әсіресе қазақ тілінде жарияланған бағдарламалар, ғылыми - әдістемелік құралдар жаңа ашылған қазақ балабақшаларында тірбие жұмысының сапасын жақсартуда, тәрбиешілердің білімін жетілдіруде, айрықша маңызды болғанын атап айту керек. Осы жылдары бөлім қызметкерлері зетрттеу жүргізген екінші мәселе - Қазақстандағы ауылдық балабақшалар туралы. Зерттеудің мақсаты: ауылдық балабақшалардағы тәрбие жұмысын ұйымдастыру басқару ерекшелігін, күн тәртібінің орындалу, ойлау, сөйлеу, іс-әрекет процестерінің дамуын анықтау, ауыл балабақшаларына басшылық жасау бағытында оқу-әдістемелік құрал дайындау.
Зерттеу жұмысының қорытындысы бойынша Қазақсатнның ауылдық балабақшалары деген еңбек жазылады. Бұл еңбек екі тілде - орыс, қазақ тілдерінде кітапша болып жарық көрді. (1967ж.). қазақ тілдерінде Б.Баймұратова жазды. Зерттеу жұмыстарының алғашқы қорытындылары бойынша 1969 жылы мамыр айында қазақ балабақшалары қызметкерлерінің республикалық симинар - кеңесі өткізілді. Ол кеңесте Республикадағы балалар бақшаларының жағдай және оны жақсарту шаралары жөнінде мәселелері қаралды. Ана тілін үйретудің негізгі формалары мен әдіс - тәсілдері туралы институттың мектепке дейінгі тәрбие бөлімінің меңгерушісі Б.Баймұратова баяндама жасады . Алдыңғы қатарлы балалары мекекемелерінің, тәрбиешілері Н.Бақтұқылова (Орал облысы, Казталовка селосы), О.Ешпанова (Ақтөбе облысы, Бағанин ауданы), Ж.Сәпиева (Гурьев
облысы, Махамбет аудыны), т.б. баяндамалар жасап озат тәжірибиелер жайында пікір алысты. Жаңа бағдарлама іске қосылған 1964 жылдан бергі уақыт ішінде(1964,1971,1972,1974,1976,197 9,1980,1981,1982) республикалық, облыстық семинарлар, айлық курстар өткізіліп,бақшадығы оқу-тәрбие жұмыстарын замана талабына сәйкес қайта құру, тәрбиелеу, білім берудің сыналған әдіс- тәсілдері туралы сөз болады. Осындай жұмыстар өз нәтижесін көрсетті. Республика көлемінде жұыс істейді. Көптеген бақшалардағы жас тәрбие мазмұны біршама алға басып, тәрбиеші-педагогтардың білім-дәрежесі жетіле түсті. Алдыңғы қатарлы тәрбиешілер тәрбие жұмысын шығармашылықпен ұйымдастыру дейгейіне көтерілді.
1971-1975 жылдары мектепке дейінгі тәрбие бөлімінде үш ғылыми қызметкер - Б.Баймұратова, Г.С.Галеева және Р.М.Жұмағожина жұмыс істеді.
Институттың ғылыми - зерттеу жұмыстары жоспарында бекітілген мәселеге сәйкес мына тақырыпта зерттелінді.
1. Әдеби шығармалар оқу процесінде балалардың ауызша сөйлеу тілін дамыту (Б.Б.Баймұратова) .
2. Ауыз әдебиеті-адамгершілікке тәрбиелеу құралы; Қазақстанда балабақшалардың дамуы (1941-1945) (Р.Е.Жұмағожина).
3. Ересек балаларды азаматтыққа тәрбиелеу (С.Г.Галеева).
Зерттеуде көзделген мәселе:балабақшадағы тәрбие мазмұнын жетілдіру, оның даму кезеңдеріндегі тәрбие жүйесінің қойылысын, балалардың білім,мінез-құлық дағдыларының қалыптасу деңгейін байқау.
Бұл бағыттағы жұмыс қорытындысында бөлім қызметкері Р.М.Жұмағожина Қазақстанда мектепке дейінгі тәрбиенің дамуы (1941-1945) жайында ғылыми-монографиялық еңбек жазды. Төрт оқу-әдістемелік құрал,қазақ балалар әдебиетінің хрестоматиясы, метеп жасына дейінгі балаларды байланыстырып сөйлеуге үйрету, әдеби шығармалар және тіл дамыту бағдарламасы жасалды.
1976 жылы мектепке дейінгі тәрбие және бастауыш бөлімдері біріктірілуіне байланысты бөлім ішінде мектепке - дейінгі тәрбие жөнінде ғылыми қызметкерлер тобы құрылды.Онда Б.Баймұратова,Г.Дүкенбаева,М.Сәтімб екова қызмет істеді. Тотың қызметкерлері 1975-1980 жыл ішінде 6 жастағы балаларды балабақшадағы даярлық топтарда мектепке даярлау мәселесін зерттеді.Зерттеу жұмысы қалалық және облыстық (Алматы,Жамбыл,Талдықорған облыстары) балабақшаларда жүргізілді. Осы зерттеу нәтижесінде 6 жастағы даярлық топтар мен сыныптар үшін бағдарламалар, оқу-әдістемелік кешені (суретті әліппе,математика,сауат ашу,тіл дамыту әдістемесі,хрестоматиялар,баланы мектепке дайындау мәселелері,күн тәртібі,үйдегі еңбек,тіл дамыту,т.б.) жасалып,тәжірибеге еңгізілді.
Мектепке дейінгі тәрбие саласында мамандар дайындар бағытында А.К.Меңжанованың еңбегін ерекше атап өтуге болады.Ол Балаларды көркем шығарма туындылары арқылы адамгершілікке және еңбекке тәрбиелеу(-Алматы:Рауан,1991),М ектепке дейінгі педагогика(-Алматы:Рауан,1992) атты монографиялардың жеке балаларға арналған көптеген еңбектердің авторы.Бұл еңбектер - мектепке дейінгі кезеңдегі білім беруге қослған құнды қазыналар.
Сондай-ақ, маман дайындау барысында М.Т.Тұрыскелдина, Қ.М.Меңдаяқова, Ж.Ы.Ыдырысова, Т.А.Левченко, Х.Т.Шерязданова, А.Қ. Аймағамбетовалардың еңбегі зор. Қ.Аймағамбетова 1961-1980 жылдарда Ы.Алтынсарин атындағы педагогикалық ғылыми-зерттеу институтында алдымен ғылыми қызметкер, ал соңғы 1970-1980 жылдар аралығында он жыл бойы Мектепке дейінгі тәрбие ретінде зерттеу жұмыстарында басшылық жасады. Ол1980-1984 жылдары Қазақтың Мемлекеттік қыздар педагогикалық институттың Мектепке дейінгі педагогика кафедрасында доцент, 1984-2001 жылдар аралығында Мектепке дейінгі тәрбие мен бастауыш білім факультетінің деканы қызметін атқарады.Республика көлемінде мектепке дейінгі тәрбие мамандарын дайындауға зор үлес қосқан.
1980-1989 жылдары аралығында жедел шешімін табуды қажет ететін негізгі мәселердің бірі 6 жасқа қараған балаларды мектепке даярлау еді. Оған себеп қазақ тіліндегі балабақшалардың аздығынан балалардың көпшілігі балабақшаға қамтылмай, отбасы тәрбиесінен келетін, ал, мұндай жағдай 6 жастағы баланы бірінші сыныпта оқыту процесін дұрыс ұйымдастыруға қиындықтар келтіретінін көрсетті.Сол себепті бөлім қызметкерлері 6 жастағы балаларды мектепке дайындау мәселесімен шұғылданады.
Зерттеу қорытынлысында балабақшадағы даярлық топтар үшін бағдарламалар, оқу-әдістемелік кешені, суретті әліппе, оқитын суретті мәтіндер, суретті математика,нұсқаулар, әдеби-хрестоматия, сюжетті суреттер, сауат ашу нұсқауы,дидактикалық материялдар, диафильмдер жасалып, балабақша және меткеп тәжірибесіне еңгізілді.
1981-1985 жылдары бөлім қызметкерлері Мектепте және балабақшада баланы 6 жастан оқытудың педагогикалық мәселелері деген тақырып бойынша 6 балабақша мен 11 мектепке зерттеу жүргізді.Зерттеу қорытындысы бойынша жаңа бағдарламалар, оқу-әдістемелік құралдар кешені жасалып, 6 жастағы балаларды оқыту мәселелері тақырыбында ғылыми-әдістемелік еңбектер жинағы дайындалып, Мектеп баспасы арқылы тартылды.
Ы.Алтынсарин атындағы педагогика ғылымдарының ғылыми-зерттеу институтында (директоры прфессор Н.Н.Нұрхметова) 1992 жылдың қаңтар айында ... жалғасы
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы мектепке дейінгі педагогика
Бастауыш мектеп оқушыларының экономикалық тәрбиесі
Мектепке дейінгі педагогика жайлы
Педагогика тарихы: пәні мен міндеттері
Мектеп жасына дейінгі педагогика - мектеп жасына дейінгі балалардың тәрбиесі туралы, мектеп жасына дейінгі тәрбие мен оқыту заңдылығы туралы ғылым
1917-1980 жж. Кеңестік мектеп және педагогика
Қазақстандағы мектепке дейінгі тәрбиенің дамуы мен қалыптасу кезеңдері
Мектепке дейінгі педагогика ғылымының ерекшелігі
Қазақстандағы заманауи білім беру жүйесі. Педагогика. Дәрістер
1917-1960 жылдардағы мектепке дейінгі педагогика ғылымының қалыптасуы
Пәндер