БҰҰ



Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 62.ші сессиясы ресми түрде 18 қыркүйекте ашыл¬ған. Содан бері мұнда жұмыс қы¬зып жатыр. Сессияның күн тәр¬тібіне көз жүгіртсеңіз бас айналады . 160.тан астам мәселе қаралады екен. Олардың арасынан жотала¬нып көрінетіндері . бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, лаңкестікпен күрес, адам құқық¬тарын, қоршаған ортаны қорғау, әлеуметтік және экономикалық даму, СПИД.пен күрес мәсе¬лелері. Ассамблея Қауіпсіздік Кеңесін реформалауды қарасты¬руды да жалғастырады. 62.ші сессияның төрағасы болып бұ¬рынғы Юго¬сла¬вия Республикасы . Македония¬ның бұрынғы сыртқы істер ми¬нистрі Срджян Керим сайланған.
Осы жылдың маусымында Қазақстан Республикасының Мем¬лекеттік хатшысы Қанат Сауда¬баев¬тың АҚШ.қа сапарына орай Ва¬шингтонға жолымыз түскенде біз мұндағы көрнекті конгрессмен¬дердің бірі Эни Фалеомаваегамен сұхбаттасқан болатынбыз. Айтқан¬дай, ол кісі жақында біздің елімізге келіп кетті, екі ел арасындағы байланысты нығайтуға қосқан үлесі үшін Президент Н.Ә.Назарбаев Эни Фалеомаваегаға бірінші дәрежелі “Достық” орденін табыс етті. Шет жағасы газетте (2007, 10 маусым) жарияланған сол әңгімеде конгрессмен АҚШ.тың Киото хаттамасына қосылмау себебі жайындағы біздің сұрағымызға да жауап қайтарған, Буш әкімшілігінің бұл қадамын құптамайтынын жасырмай айтқан. Біз Нью.Йоркке келіп түскен күні, 24 қыркүйекте ғаламшардағы климаттың өзгеруіне байланысты бүкіл адамзатты алаңдатып отырған осы мәселе Бас хатшының бастамашылығымен 62.ші сессияда арнайы қаралыпты. Мұның алдында жаһандағы климат ахуалы БҰҰ.ның штаб.пәтерінде де екі рет талқыланған екен. Ға¬лым¬дар мен сарапшылар ауа райының жаппай жылынуы ең алдымен адамның өндірістік қызметіне, атап айтқанда, буланатын газдардың ат¬мосфераға көтерілуіне байланысты екенін қадап көрсетуде. Журналис¬терге таратылған ақпараттың өзі шошындырады: 1970 жылдан бері Жерді жаппай жылытуға соқтыра¬тын булы газдардың көлемі 70 пайызға артқан екен, егер апаттың алдын алмаса 2030 жылға дейін бұл көрсеткіш қазіргіден тағы да 25 пайызға көбейетін көрінеді. Мұ¬хит¬тағы мұзтаулардың ери бастауы әлем¬дегі талай қаланы су алып кетуіне соқтыруы да мүмкін. 1997 жылы Киото хаттамасына қосылған елдер 2012 жылға қарай буланатын газдардың деңгейін 1990 жылмен салыстырғанда 5,5 пайызға кемітуге уағдаласқан. Алайда ол хаттаманың мерзімі 2012 жылы бітетініне әрі АҚШ сияқты бірнеше белді мем¬ле¬кеттің оған қол қоймауына байла¬нысты бұл мәселе едәуір ушы¬ғып тұр. Дүйсенбі күнгі жалпы пікірталас барысында бұл мәселені талқылау желтоқсан айында Бали ара¬лында жалғасатын болып шешілді.

Пән: География
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ: БҰҰ – соғыс және бейбітшілік мәселелеріне тиімділікпен
ықпал ете алатын бірден-бір халықаралық орган

Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 62-ші сессиясы ресми түрде 18
қыркүйекте ашылған. Содан бері мұнда жұмыс қызып жатыр. Сессияның күн
тәртібіне көз жүгіртсеңіз бас айналады – 160-тан астам мәселе қаралады
екен. Олардың арасынан жоталанып көрінетіндері – бейбітшілік пен
қауіпсіздікті қамтамасыз ету, лаңкестікпен күрес, адам құқықтарын, қоршаған
ортаны қорғау, әлеуметтік және экономикалық даму, СПИД-пен күрес
мәселелері. Ассамблея Қауіпсіздік Кеңесін реформалауды қарастыруды да
жалғастырады. 62-ші сессияның төрағасы болып бұрынғы Югославия Республикасы
– Македонияның бұрынғы сыртқы істер министрі Срджян Керим сайланған.

Осы жылдың маусымында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қанат
Саудабаевтың АҚШ-қа сапарына орай Вашингтонға жолымыз түскенде біз мұндағы
көрнекті конгрессмендердің бірі Эни Фалеомаваегамен сұхбаттасқан
болатынбыз. Айтқандай, ол кісі жақында біздің елімізге келіп кетті, екі ел
арасындағы байланысты нығайтуға қосқан үлесі үшін Президент Н.Ә.Назарбаев
Эни Фалеомаваегаға бірінші дәрежелі “Достық” орденін табыс етті. Шет жағасы
газетте (2007, 10 маусым) жарияланған сол әңгімеде конгрессмен АҚШ-тың
Киото хаттамасына қосылмау себебі жайындағы біздің сұрағымызға да жауап
қайтарған, Буш әкімшілігінің бұл қадамын құптамайтынын жасырмай айтқан. Біз
Нью-Йоркке келіп түскен күні, 24 қыркүйекте ғаламшардағы климаттың
өзгеруіне байланысты бүкіл адамзатты алаңдатып отырған осы мәселе Бас
хатшының бастамашылығымен 62-ші сессияда арнайы қаралыпты. Мұның алдында
жаһандағы климат ахуалы БҰҰ-ның штаб-пәтерінде де екі рет талқыланған екен.
Ғалымдар мен сарапшылар ауа райының жаппай жылынуы ең алдымен адамның
өндірістік қызметіне, атап айтқанда, буланатын газдардың атмосфераға
көтерілуіне байланысты екенін қадап көрсетуде. Журналистерге таратылған
ақпараттың өзі шошындырады: 1970 жылдан бері Жерді жаппай жылытуға
соқтыратын булы газдардың көлемі 70 пайызға артқан екен, егер апаттың алдын
алмаса 2030 жылға дейін бұл көрсеткіш қазіргіден тағы да 25 пайызға
көбейетін көрінеді. Мұхиттағы мұзтаулардың ери бастауы әлемдегі талай
қаланы су алып кетуіне соқтыруы да мүмкін. 1997 жылы Киото хаттамасына
қосылған елдер 2012 жылға қарай буланатын газдардың деңгейін 1990 жылмен
салыстырғанда 5,5 пайызға кемітуге уағдаласқан. Алайда ол хаттаманың
мерзімі 2012 жылы бітетініне әрі АҚШ сияқты бірнеше белді мемлекеттің оған
қол қоймауына байланысты бұл мәселе едәуір ушығып тұр. Дүйсенбі күнгі жалпы
пікірталас барысында бұл мәселені талқылау желтоқсан айында Бали аралында
жалғасатын болып шешілді.

“Бүгін – Елбасы сапарының басты күні. Бүгін Қазақстан Республикасының
Президенті Нұрсұлтан Назарбаев әлемнің ең биік мінберінен сөз сөйлейді” –
кеше Астанаға жолдаған алғашқы мақаламызды осылай аяқтаған едік. Иә, БҰҰ
Бас Ассамблеясының сессиясы – әлемнің ең биік мінбері. Адамзат тағдырының
талай-талай мәселелерін шешкен осынау залдан кеше Қазақстан Президентінің
дара дауысы дүйім дүниенің қиыр-қиырына сан тілде қатарласа тарап жатты.

Сессияны БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун жиырма минөттік сөз сөйлеп ашты.
Бразилия Президенті Л. да Силваның, АҚШ Президенті Дж.Буштың, Гана
Президенті Дж.Куфуордың сөздерінен кейін төртінші болып кезек біздің
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевқа тиді.

– Мен баршаңызды сондайлық та алыс емес тарихқа қайта оралып, БҰҰ Бас
Ассамблеясының ең бірінші қарары неге арналғанын еске түсіруге шақырғым
келеді, – деп бастады сөзін Қазақстан Президенті.

Бұдан алпыс бір жыл бұрын, 1946 жылы алғаш шақырылған БҰҰ Бас Ассамблеясы
өзінің бірінші шешімімен Атом энергиясының ашылуына байланысты туындаған
проблемаларды қарастыру үшін комиссия құрған болатын.

Міне, сол уақыттан бері адамзаттың алаңдаушылығын азайта алатындай ештеңе
дерлік болған жоқ. Керісінше, бүкіл осы жылдары ядролық қаруға ие болу
жолындағы жанталас жалғасуда, бүгінде оған тіпті лаңкесшіл ұйымдар қосылып
отыр.

Әлемдік қоғамдастық халықаралық қауіпсіздік жүйесін реформалау қажеттігін
әлдеқашан мойындаса да, айтарлықтай ілгерілеушілік жоқ.

Бұл мәселелер бойынша халықаралық консенсустың жоқтығы ұжымдық қауіпсіздік
жүйесінің кілт әлсіреуіне соқтырды. Тұтастай алғанда әңгіме халықаралық
басқарымдылықтың жүйелік дағдарысы туралы болып отыр.

Бәрінен жаманы мынау, әлемдік қоғамдастықта жаппай қырып-жою қаруының
таралуын тоқтатуға қабілетті жария тетіктер барған сайын азайып барады.

Бірінші кезекте Ядролық қаруды таратпау туралы шарт (ЯҚТШ) асимметриялық
келісімге айналғанын мойындау керек. Онда ядролық емес мемлекеттерге ғана
санкциялар көзделген. Ал енді ядролық державалар ядролық қару әзірлеуге
тыйым салуға шақырса, онда олардың өздері атомдық арсеналды қысқарту мен
одан бас тартудың үлгісін көрсетуі тиіс.

Мұндай әділетсіздік жаппай қырып-жою қаруына ие болу ниетінен арылмаған
мемлекеттер үшін түрткі себеп болып табылады.

Біздің тұрғыдан мұндай ұмтылыс ақылға сыйымсыз екенін қосқан жөн.

Қазақстан халқы атомдық жарылыстар салдарының бүкіл қасіретін өз басынан
өткерген. Семей ядролық полигонында олар 456 рет жарылған.

Сондықтан тәуелсіздік алғаннан кейінгі Қазақстанның бірінші тарихи шешімі
Семей ядролық полигонын жабу болды. Соның артынша әлемдегі қуаты бойынша
төртінші ракеталық-ядролық арсеналдан бас тарту және оның инфрақұрылымдарын
жою жүзеге асты.

Айта кетейін, сол кезде бізде оқытылған қызметкерлер ғана емес, сонымен
бірге іс жүзінде ядролық оқтұмсықтарды жеткізу жөніндегі құралдардың барлық
түрлері бар еді.

Бұл қадамдар жаһандық қауіпсіздік саласындағы біздің мемлекетіміздің
стратегиясын айқындап берді. Адамзат тарихында алғаш рет сойқан салу күшіне
ие ел өз еркімен одан бас тартты.

Осы шешімімен Қазақстан әлемге сенім туғызғанына нық сенімдімін. Осының
арқасында біздің елімізге бүгінде бүкіл әлем білетін дамудағы таңғажайып
табыстардың негізі болған елеулі инвестициялар ағыла бастады.

Біз осы қадамымызбен барлық ядролық державалардан қауіпсіздігімізге
кепілдік алып, өз тәуелсіздігімізді нығайттық. Неге өзгелер де қару-жарақ
шығаруға орасан зор қаражат жұмсағанша, біздің өнегемізді жалғастырмасқа?

Алайда таралу үдерісіне моральдық, экономикалық және басқа себептермен
қатар құқықтық тосқауылдар керек. Сондықтан Қазақстан Шартты жаңа
нақтылықтарға қарай бейімдеуді ұсынады.

Бұл соңғы жылдары халықаралық лаңкесшілдік әлемдік қоғамдастықтың
қауіпсіздігін айтарлықтай әлсіреткені үшін әсіресе өзекті болып отыр.

Лаңкесшілдікке халықаралық есірткі саудасы қаржылық тірек болуда. Бүгінде
“лаңкесшілдік экономикасының” жыл сайынғы айналымының үштен бірі нақ осы
есірткі индустриясына келеді.

Лаңкесшілдік тұрақсыз және кедей елдерде өзіне орта тауып отырғаны жалпыға
мәлім. Біздің өңірде Ауғанстан сондай ел болып табылады. Нақ осы елден
есірткілерді сату барған сайын өсе түскен көлемде жүргізілуде.

Кедей мемлекеттерге дамыған елдердің көмегі, нақты нәтижелерге жеткізе
аларлықтай көмегі қажет.

Осы таяуда ғана шетелдік көмектің реципиенті болған біздің еліміз
экономиканың қауырт өсуі арқасында “жаңа нәрлендіруші” мемлекеттер тобына
еніп келеді. Соңғы бірнеше жылда Қазақстанда жыл сайын экономиканың өсуі
10% төңірегінде болды. Енді біз де көршілерге көмектесудеміз.

Қазақстан Иракты қалпына келтіру және Ауғанстанда ахуалды тұрақтандыру
үдерісі бетпе-бет келіп отырған қиындықтарға алаңдаушылық білдіреді.

Қазақстанда Ауғанстан бойынша арнаулы бағдарлама әзірленгенін айтқым
келеді. Ол ауған экономикасын инвестициялауды, гуманитарлық жобаларды іске
асыруды қамтиды.

Бүгінде бітімгершілік операцияларын жүргізу жөніндегі БҰҰ-ның күш-жігері
өңірлік дағдарыстарды бейбіт реттеудің барынша тиімді құралы болып қалуда,
деп жалғастырды сөзін Қазақстан басшысы.

Бұдан 15 жыл бұрын Қазақстан осы мінбеден Ұйымның бітімгершілік әлеуетін
нығайту жөнінде бастама көтерген болатын. Біз мемлекеттер өздерінің әскери
бюджеттерінің бір пайыз қаржысын ерікті түрде аударуы есебінен БҰҰ-ның
Бітімгершілік қорын құруды ұсынамыз.

Бұл идея әскери мақсаттардың әлемдік шығынынан 1%-ын даму мақсаттарына
қайта бағдарлауды ұсынған Бас хатшы Пан Ги Мун мырзаның тарапынан қолдау
тапты. Бүгінде бұл сома триллион американ долларынан астамды құрайды.

Бұл шешім БҰҰ-ның Мыңжылдық даму мақсаттарына жету жөніндегі стратегиясын
іске асыру жолында маңызды қадам болар еді деп есептеймін.

Бұдан кейін Мемлекетіміздің басшысы сессия отырысына қатысушы ханымдар мен
мырзалардың назарын Қазақстанның БҰҰ-мен және оның мүшелерімен
ынтымақтастық тұрғысынан маңызды мәні бар бірқатар мәселелерге аудартты.

Бірінші. Қазақстан Бас Ассамблеяның климаттың өзгеруіне байланысты
проблемаларды осы сессияның басым тақырыбы ретінде даралап көрсету шешімін
құптайды.

Осыған байланысты Тұрақты даму жөніндегі Йоханнесбург саммитінде ұсынылған
біздің бастамамызға назар аудартқым және БҰҰ аясында Әлемдік экологиялық
проблемалар реестрін жасауды тағы бір рет ұсынғым келеді. Бұл құжат
экологиялық апаттарға қарсы күрес тетіктерін әзірлеуге көмектеседі.

Өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарына қарай бір кездегі ішкі ірі Арал теңізі
өз су массивінің төрттен үш бөлігін жоғалтты. Бұл теңіз төңірегінде тұратын
миллиондаған адамдар үшін апатқа айналды. Теңіздің жалаңашталған
табанындағы тұз экологияға зардап келтіре отырып, бүкіл Еуразияға таралуда.

Орталық Азия өңірінің елдері теңізді қалпына келтіру жөнінде көп іс
атқарды, алайда бұл проблеманы шешу бойынша әлемдік қоғамдастықтың күш-
жігерін топтастыру керек. Сондықтан да мен 2002 жылғы Жер саммитіндегі
секілді тағы да Аралды құтқарудың халықаралық қорына БҰҰ институтының
статусын беруді ұсынамын.

Екінші. Бүгінде әлемдік қоғамдастық үшін жаһандық энергетикалық дағдарыстың
тереңдеуі және планетада қолайсыз климаттық өзгерістер қатерінің өсе түсуі
аса өткір проблемалар болып табылады. Біз бұл проблемаларға “8 тобы” және
АТЭҚ басшыларының алаңдаушылық білдіруін бөлісеміз.

БҰҰ аясында Жаһандық энергиялық-экологиялық стратегияны әзірлеп, оны 2012
жылғы Тұрақты даму жөніндегі Бүкіләлемдік саммитте талқылау орынды болар
еді, деп атап көрсетті Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев.

Үшінші. Қазақстан бір бөлігі болып табылатын Каспий өңірі халықаралық
энергетикалық рынокта барған сайын өскелең рөл атқаруда.

Бүгінгі күні Қазақстан мұнай қоры бойынша әлемде 7-ші орын, газдың қоры
бойынша – 6-шы орын, уран қоры бойынша 2-ші орын алады.

2017 жылға қарай Қазақстан әлемдегі аса ірі мұнай өндірушілердің ондығына
кіреді. Қазақстан елде өндірілетін газдың көлемін де ұлғайтуда. Уранның ірі
қорына ие бола отырып, біз атом энергетикасын дамытуда маңызды рөл
атқаратын боламыз.

Бұл ретте Қазақстан жаһандық энергетикалық тепе-теңдік пен қауіпсіздікті
қамтамасыз етуге деген өз жауапкершілігін толық мәнінде сезінеді.

Энергия тасымалдаушылардың тұтынушыларға жеткізілімін одан әрі
әртараптандыру, сондай-ақ энергия ресурстарын өндірушілер үшін кепілдік
беру мақсаттарында Қазақстан Энергия жеткізілімдерінің Еуразиялық
тұрақтылық пактісін қабылдауды ұсынады, деді Президент Нұрсұлтан Назарбаев.

Төртінші. Қазақстан жерінде БҰҰ тарихында теңізге шығу жолы жоқ дамушы
елдердің проблемалары бойынша алғашқы жаһандық конференцияның өткізілуі
2003 жылы халықаралық құжат – “Алматы іс-әрекет бағдарламасының”
қабылдануына жеткізді. Ол осы елдер тобына көрсетілетін ықпалды көмекке
септеседі деп білеміз.

Бұл бағыттағы маңызды да қисындық тұрғысынан дәйекті қадам Қазастанда осы
жылғы мамырда өткен БҰҰ-ның Азия мен Тынық мұхиты үшін Экономикалық және
Әлеуметтік комиссияларының (ЭСКАТО) соңғы сессияларында қол жеткізілген
өңірлік ынтымақтастықты және көлік-транзиттік инфрақұрылымды дамыту
жөніндегі шешім болды, деп түйіндеді ойын Қазақстан басшысы.

Бесінші. Азия туралы айтқанда континенттік ауқымдағы ұжымдық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
БІРІККЕН ҰЛТТАР ҰЙЫМЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН
Біріккен Ұлттар Ұйымының қызметі
Біріккен ұлттар ұйымы әмбебап ұйым ретінде
БҰҰ - ның құқықтық негізі
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҰЙЫМДАРДЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘРТЕБЕСІ
Біріккен Ұлттар Ұйымы қазіргі кезеңдегі халықаралық қатынастағы рөлі
Біріккен Ұлттар Ұйымы аймақтық жанжалдарда
Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас ассамблеясы
Біріккен Ұлттар Ұйымы туралы мәлімет
Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымындағы өкілдіктер
Пәндер