Сабақты өткізу әдістемесі оқыту
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
І.Тарау.Бастауыш сыныпта информатика пәнін енгізудің қажеттілігі . .
1.1 Сабақты өткізу әдістемесі. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
1.2 Қашықтан оқытудың маңызы және рөлі. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
1.3 Информатика пәнін оқытудағы сыныптан тыс жұмыс түрлері . . . .
II.Тарау.Информатика пәнінің пропедевтикалық курсын бастауыш сыныптан бастап оқыту. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
2.1 Бастауыш сыныптарда практикалық жұмыстарды ұйымдастыру . . .
ҚОРЫТЫНДЫ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
23
26
КІРІСПЕ
Курстық жұмысының өзектілігі: Қазіргі өмір талабына сай компьютерлік сауаттылықты жылдам дамыта отырып, педагогикалық, психологиялық әдістемелік бастапқы дайындықты қалыптастырмайынша, балалар өз білім деңгейін көтере алмайды. Сол себепті информатика пәнін бастауыш сыныптан бастап енгізу қажеттілігі туындайды. Бастауыш сынып оқушыларына информатика мен жаңа ақпараттық технология элементтерін енгізудің қажет екендігі зерттеу жұмыстары арқылы толық жүргізіліп, оқыту әдістемелері жан жақты қарастырылады. Атап айтатын болсақ, отандық және шет елдік зерттеулермен таныса отырып, алдымен теориялық материалдар жиналады, кейін осы жиналған материалдарға қатысты бағдарлама жасалды осы жасаған бағдарламаға сәйкес жазылған әрбір тақырыпқа тереңнен талдау жасалады. Ол үшін алдымен бастауыш мектептерге арналған әр түрлі басылымдағы педагогикалық - психологиялық теорияға негізделген көзқарастарды, мектептегі тәжірибелі мамандар бастауыш сынып мұғалімдерінің көзқарастарын есепке ала отырып,т осы мақсатта жүргізілген ата-аналар пікірі мен экспериментар жұмыстың қорытындысын қолдана отырып 1- ші сыныптан бастап мектеп оқушыларына информатика пәні бойынша өткізілетін сабақтардың жылдық күнтізбелік - тақырыптық жоспарының үлгісі жасалды.
Курстық жұмысының мақсаты: бастауыш мектептегі информатиканың кіріктіріліп оқытылу.
Курстық жұмысының міндеттері:
-Бастауыш сыныпта информатика пәнін енгізудің қажеттілігі зерттеу;
- Сабақты өткізу әдістемесі оқыту;
- Қашықтан оқытудың маңызы және рөлі талдау;
-Информатика пәнін оқытудағы сыныптан тыс жұмыс түрлері зерттеу;
- Информатика курсын оқыту әдістемесін жетілдіру зерттеу.
І.ТАРАУ. БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ
1.1 Бастауыш сыныпта информатика пәнін енгізудің қажеттілігі
Адам ұрпағымен мың жасайды -- дейді халқымыз. Ұрпақ жалғастығымен адамзат баласы мың емес миллиондаған жылдар жасап келеді. Жақсылыққа бастайтын жарық жұлдыз-оқу. Надан жұрттың күні - қараң, келешегі тұман ,-деп М.Дулатов айтқандай, егеменді еліміздің тірегі-білімді ұрпақ. Сусыз, құрғақ, таса көлеңке жерге дән ексең өнбейтіні сияқты, жас ұрпақтарымызды тәрбиелемесек өспейді, өнбейді. Қазіргі мектеп мұғалімдерінің алдында тұрған басты міндет- оқушылардың шығармашылық білім дағдыларын қалыптастыру.
Мектеп - еліміздің халыққа білім беру жүйесінің - күрделі тармағы. Сондықтан мектебіміздің мақсаты: жеке тұлғаны жан-жақты дамытудың алғы шарты ретінде оқушыларды сараптап оқыту арқылы шығармашылық қабілетін дамыту.
Міндеттері ретінде:
Оқу - тәрбие үрдісіне диаагностикалық талдау жасау
Оқушының жеке тұлғасының мониторингісін құру
Оқу - тәрбие үрдісін ізгілендіруді жүзеге асыру
Оқыту барысында оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру үшін ақпарыттық технологияларды (электрондық оқыулық, слайд, интерактивті тақтаман, видео т.б) тиімді пайдалану, әрі оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру арқылы жеке тұлға болып қалыптасу үшін білім білік дағдыларын қалыптастыру.
Елбасымыз Н.Назарбаев Болашақта еңбек етіп,өмір сүретіндер-бүгінгі мектеп оқушылары,мұғалім оларды қалай тәрбиелесе Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр деген болатын.Қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнінің терең білгір болуы емес тарихи танымдық,педагогикалық психологиялық сауаттылық, саяси экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етілуде ол заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс жасап, оқу мен тәрбие ісіне еніп,оқытытудың жаңа технологиясын шебер меңгерген жан болғанда ғана білігі мен білімі жоғары жетекші тұлға ретінде ұлағатты саналады. Орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың негізгі мақсаты оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру. Ақпараттық мәденеиет - бұл аңгімелесе білу, алынған мәліметті ой елегінен өткізіп,талдай білу және өзгелердің еркіндігіне әсер ететін жағдайларда өз еркіндігіңді шектей білу.
ХХІ ғасыр ақпарат ғасыры болғандықтан адамзатқа компьютерлік сауаттылық қажет, ал бұл сауаттылықтың алғаш баспалдағы мектептен басталады. Мектеп қабырғасынан теориялық біліммен қатар практикалық білімнің алғы шарттарын меңгеруі тиіс[10].
Қазіргі кезде республикалық білім беруді ақпараттандыру ғылыми әдістемелік орталығы (РБАО) негізінен білім жүйесінің барлық сатылары үшін электрондық оқулықтар жасаумен шұғылданып келеді. Мұғалім үшін электрондық оқулық бұл күнбекүн дамытылып отырған ашық түрдегі әдістемелік жүйе ,оны оқытушы өз педагогикалық тәжірбиесіндегі материялдармен толықтыра отырып, әрі қарай жетілдіре алады.
Қазіргі өмір талабына сай компьютерлік сауаттылықты жылдам дамыта отырып, педагогикалық, психологиялық әдістемелік бастапқы дайындықты қалыптастырмайынша, балалар өз білім деңгейін көтере алмайды. Сол себепті информатика пәнін бастауыш сыныптан бастап енгізу қажеттілігі туындайды. Бастауыш сынып оқушыларына информатика мен жаңа ақпараттық технология элементтерін енгізудің қажет екендігі зерттеу жұмыстары арқылы толық жүргізіліп, оқыту әдістемелері жан жақты қарастырылады. Атап айтатын болсақ, отандық және шет елдік зерттеулермен таныса отырып, алдымен теориялық материалдар жиналады, кейін осы жиналған материалдарға қатысты бағдарлама жасалды осы жасаған бағдарламаға сәйкес жазылған әрбір тақырыпқа тереңнен талдау жасалады. Ол үшін алдымен бастауыш мектептерге арналған әр түрлі басылымдағы педагогикалық - психологиялық теорияға негізделген көзқарастарды, мектептегі тәжірибелі мамандар бастауыш сынып мұғалімдерінің көзқарастарын есепке ала отырып, тап осы мақсатта жүргізілген ата-аналар пікірі мен экспериментар жұмыстың қорытындысын қолдана отырып 1- ші сыныптан бастап мектеп оқушыларына информатика пәні бойынша өткізілетін сабақтардың жылдық күнтізбелік - тақырыптық жоспарының үлгісі жасалды.[5]
Оқушылар информатика пәнін жеңіл және тез меңгеруде, олардың қазіргі өмір ағымына деген көзқарастарының жан-жақты жоғары дәрежеде дамуына байланысты, енді информатика пәнін тіпті 1-ші сыныптан бастап енгізуге болады деген пікірлер ұсынылуда. Информатикалық қоғамда балаларды жұмыс істеуге дайындау үшін алдымен логикалық ойлауға, талдау жасай білуге, өзара қарым - қатнасқа үйрету керек. Психологтардың айтуы бойынша, баланың негізгі логикалық ойлауы 5-11 жаста қалыптасады.
Мектепте информатиканы оқыту дара бағдарламамен жүзеге асуда. Ал бастауышта бұл дара пән ретінде емес, орыс, қазақ тілдері мен математикаға қолдаушы пән ретінде жүреді. Бұл әдістің негізгі мазмұны төмендегідей:
-- Математика мен орыс тілі курстарының сабақтастығы;
-- Мазмұнды логикалық тапсырмаларды мақсатты түрде енгізу, дидактикалық ойындар мен дәстүрлі емес мақсаттарды биік деңгейде шеше білуге үйрету.[14]
Жаңа ақпараттық технологияның жылдан жылға кең құлаш жайып дамуы адам қызметінің барлық салаларына енуіне орай, жас ұрпақты компьютерлік техниканы пайдалану үшін даярлауда, олардың компьютерлерге деген оң көзқарасын қалыптастырумен қатар, оқушылардың сыныпта және сыныптан тыс оқу қызметін компьютер арқылы ұйымдастыру Қазақстан 2030 бағдарламасында көрсетілгендей көкейкесті мәселелердің бірі. Бұл мәселелер бойынша тәжірибелер жинақталуда. Қазірден бастап балаларды кішкентайынан өздерін қоршаған ортамен жан-жақты таныстыру, олардың логикалық ой өрісін шығармашылық жағынан дамыту, сөйлеу және жүріс - тұрыс мәдениеттілігін арттыру, оларды компьютер әлеміне баулу бүгінгі күннің басты талабына айналып отыр. Осы мәселелердің әр-түрлі жолдары қарастырылып, басқа шет мемлекеттердің оқу іс тәжірибелерін оқып, үйрене отырып:
Бастауыш мектепте оқытылатын сабақтарда компьютерді жиі пайдалану;
Бастауыш сыныптан бастап жүйелі түрде информатика пәнін оқыту;
Мектептерде балаларға арналған информатика үйірмелерін ұйымдастыру арқылы жүргізуге болатынына көз жеткізуде.
Ал жоғарыда көрсетілген әдістердің барлығы бір бірімен ұштастырылса, жас жеткіншектердің компьютерлік сауатты, әрі компьютерлік мәдениетті болып өсуіне жол ашады.[16]
Ғылым мен техниканың жылдан жылға кең өріс алып, жедел қарқынмен дамуы, білімнің негізі болып табылатын - бастауыш мектепке де өз әсерін тигізуде. Сондықтан бастауыш білім жүйесіне басты мақсат - әрбір оқушыны информатика ғылымының алғашқы фундаментальді білім негіздерімен таныстыру, өз бетімен жұмысын арттыру мен шығармашылық қабілеттерін дамытуда жаңа ақпараттық технологияны пайдалану және оның тиімді әдістемесін ұсыну. Сонымен қатар, оларды информатика пәнін мектепте оқытатын басқа пәндермен үйлестіре отырып түпкілікті және саналы түрде меңгеруге қажетті дағдылармен қамтамасыз ету болып табылады.
Жаңа ақпараттық технологияның басты тиімділігі - бұл мұғалімге бастауыштағы оқу үрдісінің құрылымын түбегейлі өзгерту, оқытудағы пәнаралық байланысты күшейте отырып, оқушылардың дүниетанымын кеңейтуге және жеке қабілеттерін көре біліп, оны дамытуға толық жағдай жасауы. Сонымен қатар, жаңа ақпараттық технологияның негізгі ерекшелігі - бұл оқушыларға өз бетімен немесе бірлескен түрде шығармашылық жұмыспен шұғылдануға, ізденуге, өз жұмысының нәтижесін көріп, өз- өзіне сын көзбен қарауына және жеткен жеңістіктерінен ләззат алуға мүмкіндік беруі.
Информатика пәні 1- ші сыныптан бастап енгізілгенмен, оны әртүрлі әдістермен оқытып, осы пәнге деген бала қызығушылығын арттыратын түрлі оқыту бағдарламалары, әсіресе қазақ мектептері үшін өте тапшы. Сондықтан бастауыш сынып оқушыларына информатика сабағын жүргізудің тиімді жолдарын қарастырып, оны нақты материалдармен теориялық және практикалық жағынан байыта түсу - бүгінгі күннің өзекті мәселесі.
Бастауыш сыныпта информатиканы оқыту.
Информатика пәнінің пропедевтикалық курсын бастауыш сыныптан бастап оқытуға болатындығы және оның тиімділігі дүниежүзілік тәрбие негізінде дәлелденіп отыр.
Ғалымдардың, практик - мұғалімдердің пікірінше, бұл курсты бастауыш сыныптарда оқытуға негіз болатын факторлар мыналар:
-- бастауыш мектеп оқушысын ақпараттық қоғамға бейімдеу;
-- ерте жастан балалардың ақпараттық ойлау қабілетін дамыту;
-- бастауыш мектеп оқушыларының ақпараттық мәдениетін қалыптастыра отырып, әлемдік ақпараттық білім кеңістігіне даярлау.
Ресей ғылымдарының соңғы зерттеулеріне сүйенсек бастауыш сыныптағы информатиканың пропедевтикалық курсының негізгі бағыттары төмендегідей:
Қолданушылық. Бұнда оқушылар компьютермен алғаш танысып, оқу, ойындық және бастауыштағы пәндер мазмұнына құралған жаттықтырушы бағдарламалар негізінде компьютерлік сауаттылықтары қалыптасады. Бұл бағытты қолданушылардың пікірінше, баланың компьютерлік сауаттылықты меңгеруі - бұл сабақта және сабақтан тыс кезде компьютерді өз қажетіне қарай еркін пайдалана білуі, сондай ақ техникаға сауатты ұқыпты қарауы.
Қолданушылық бағыттары пропедивтикалық информатиканы меңгеру нәтижесінде оқушыларда төмендегідей білім мен іскерлік қалыптасуы тиіс:
-- оқу ойын бағдарламалары мен жұмыс істей білу;
-- программалармен жұмыс істеу кезінде бағдарламалық құжаттарды пайдалану;
-- программамен жұмыс істеуге машықтану, программаны енгізу, керектісін табу, өз бетімен жұмыс істеу.[17]
Ақпаратты - логикалық. Бұл бағыт бойынша оқыту біріншіден, оқушылардың қоршаған ортаның элементтерін танып, оларды ажырата білу қабілеттерін дамытса, екіншіден, ойлау, есте сақтау қабілеттерімен қатар байқағыштығын зейінін, берілген тапсырманы орындаудың оңтайлы, тиімді жолдарын таба білу қабілетінің дамуына әсері мол. Психологтардың зерттеуінше, ойлаудың логикалық құрылымының негіздері 5-11 жас аралығында қалыптасады. Сондықтанда алгоритмдік даму қабілеттерін барынша ерте жастан қалыптастыру қажеттігі өзінен-өзі туындайды.
Шығармашылық. Бағыт бойынша оқытудың жаңа әдіс - тәсілдерін қолдану арқылы баланың кішкентай кезінен дүниеге өзіндік көзқарастарының қалыптасуына жол ашу, үздіксіз білім алуға дайындаудың тиімді жолдарын іздестіру. Басты мақсаты - оқушы зерттеуші есебінде.
Дәстүрлі курсқа информатика элементтерін қосу. Ғылымдардың зерттеулері бойынша, оқу процесінің тиімділігін арттыруда ақпараттық технологиялардың рөлі зор. Бүгінгі күні психологтар мен педагогтар оқу процесінің тиімділігін арттырудың негізгі тәсілі ретінде төмендегі шарттарды ұсынады.:
Проблемалық оқытуды қолдану;
Алгоритмдік оқыту;
Оқытуды ақпараттандыру;
Пәнаралық кіріктіру.
Информатика пәні баланың техника құлағында ойлап отырған өз замандастарынан кем болмауы үшін қажет. Кез келген пәнді үйретудің әдістемелік негізі 5 компоненттен тұрады. Олар: мақсат, мазмұн, әдістер, қажетті құрал жабдықпен оқыту формасы. Информатика үшін қазір әдістерінің жолдары жаңаруда.
Бастауыш сыныптарда информатика курсының мақсатын төмендегідей сипаттауға болады:
Компьютерлік сауат ашудың бастау негізі;
Ойды логикалы түрде дамыту;
Алгоритмдік білімді жетілдіру мен мақсатты шешудегі жүйелілік;
Компьютерді үйренудің оңай жолдарын іздеу.
Бастауыш сыныптарда бала үшін оқудың негізгі саласы ойын болып табылады. Ойын және ойын жағдайлары баланың жан-жақты ой-өрісінің дамуына да, тәрбиесіне де әсер етеді. Сонымен бірге әртүрлі педагогикалық мәселелерді шешуге көмектеседі. Информатиканы ойын әдістемелері негізінде өткізу өте пайдалы. Себебі бұл өзіне барлық жұмыс түрлерін қосып баланың шығармашылықпен жұмыс істеуіне, ой - өрісінің дамуына кең мүмкіндік береді.
Адамның тұлғалық қалыптасуы - үздіксіз және күрделі процесс. Ол білім алудың белгілі бір сатысымен шектелмейді. Бүгінгі таңда демек болашақта да білім қажеттілігі адамның белсенді өмірін қамтиды. Сондықтан жастардың бүгінгі білімі - болашақта өз білімін жетілдірудің және өз бетімен білім алуларының тек қана негізі. Мұнан шығатын қорытынды - оқушыларды үздіксіз білім алуға дайындаудың тиімді жолдарын іздестіру.[9]
1.2 Сабақты өткізу әдістемесі
Информатиканы оқуға деген қызығушылық көбінесе сабақтың қалай өтуіне байланысты болады. Тіпті өте жоғары деңгейде өткізілген сабақтың өзінде міндеттілік элементі пәнмен қызығушылықты дамыта түсуге мүмкіндік береді. Сондықтан информатика сабағында оқытудың дәстүрлі емес түрлеріне кеңінен қолдануға көп көңіл бөлген жөн. Сабақтың қызықты да түсінікті болуы мұғалімнің шеберлігі мен іздемпаздығына тікелей байланысты. Сондықтан оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру үшін сабақты түрлендіріп өткізу керек. Осындай жұмыс барысында жаңашыл мұғалімдердің тәжірибесіне сүйене отырып сабақты түрлі іскерлік ойындар, жарыстар түрінде, пәнаралық байланыс түрінде, көрнекіліктермен, дидактикалық материалдарды пайдалана отырып өткізуге болады. Дидактикалық материалдар информатика оқулығының негізінде алынған өзіндік, бақылау және тесттік тапсырмалардың, пысытау сабақтарының, қызықты есептердің жиынтығы болып табылады.
Дидактикалық материалдарға енетін өзіндік жеке жұмыстар тек оқыту сыпатына, жаңа өтілген материалды пысықтауға және бекітуге арналып беріледі. Ол тапсырмалар оқушылардың біліктіліктерін, дағдыларын қалыптастыруға көмектесуге және олардың білімдерін тексеруге бағытталған. Бақылау және тесттік жұмыстарды жүргізуде өзіндік жұмысқа қарағанда уақыт көлемі қатаң ескеріледі.[1]
Дидактикалық материалдарда ұсынылатын тест тапсырмаларының сұрақтары өте анық, түсінікті, ой тұжырымын жасауға өте ыңғайлы болуы тиіс.
Тест тапсырмаларды пайдаланып, нәтижесіне талдау жасай келе мынадай қорытынды жасауға болады. Тест тапсырмалары оқушылардың қандай материалды игеріп, қай материалды, қандай тәсілмен түсіндіру қажет екенін анықтауға мүмкіндік береді.
Оқушылардың ғылыми дүниетанымының, көзқарастарының негізі олардың басқа пәндерден алған білімдерін жинақтау нәтижесінде қалыптасуы керек. Бұл пәнаралық байланыс арқылы жүзеге асады. Пәнаралық басланыс - күрделі педагогикалық проблемалардың бірі. Ол педагогика, психология, әдістеме тұрғысынан жан-жақты зерттелген. Информатика сабағына интерактивтік әдісті қолданудан оқушылардың білімі тиянақталады, білімі тереңдейді, өздігінен кітап оқуға дағдыланады, өмірмен байланыстылығын, информатика пәнінің өзге де түрлі пәндермен байланысты екеніне көздері анық жетеді.[5]
Оқушы пәнаралық байланыс мазмұнын шығармашылық ізденіс үстінде игере алады. Онда ол бір жаңалық ашқандай болады. Алған білімі есінде ұзақ сақталып, пән бойынша білім сапасы артады, дүниетанымы жан-жақты болады. Ол үшін сабақта әртүрлі әдіс-тәсілдерді, ұйымдастыру түрлерін қолдануды талап етеді.[2]
Қазіргі кезде ойын тәсілдерін пайдаланып сабақ өткізу информатика сабағында өріс алмай келеді. Мұндағы ойын тәсілдерін пайдалану тек бастауыш сыныптарында қолданылып, ол да тек компьютерлік ойындармен ғана шектеліп келеді. Сол себепті балалар психикасын компьютерді дұрыс пайдаланбаудан сақтау күннен күнге етек алған өзекті мәселеге айналып отыр. Өйткені уақыт өткен сайын компьютерге тәуелділік пайда болып, одан тыс ойындарда психологиялық дискомфорт кездесетін белгілі, ал қалыпты жағдай олар тек компьютерге отыру алдында немесе содан кейін ғана қалыптасады.[6]
ХХІ ғасыр қоғамының негізгі мақсатырының бірі - адамды тек мәдениет биігіне игеретін білім беріп қана қоймай, оның денсаулығын да сақтауды қатар қарастыратын білім беру жүйесін жасау болып табылады. Осы бағытта жұмыс істеуді мектеп қабырғасынан бастау керек, өйткені білім берудің бұл жүйесі барлық адамдарға қатысты бірден-бір әсерлі кезең болып саналады. Осыған орай қалыпты түрдегі өткізілетін оқумен қатар сабақ үстінде әртүрлі оқып-үйрену істерін жеілдіретін ойындық технология элементтерін пайдаланған дұрыс. Ойын - көбінесе оқып-үйренуге талпынуды арттыратын құрал ретінде қолданылады. Ол сабақ кезінде тәртіпті өздігінен сақтап жетілдіретін қоғамдық тәжірибені игенруге бағытталған әрекет болып табылады.[12]
Ондай ойындаға ребустар, анаграммалар, сөзжұибақтар, сканвордтар және оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыратын, белгілі бір мәселенің шешуін ойланып іздеп табуды керек ететін есептер жатады.
Дидактикалық ойындардың тиімділігі олардың сабақтың әр кезеңдегң орны мен міндетіп және мақсатың дәл анықтауға, оны қолданудың теориясы мен практикасын мұғалімнің жетік игеруіне, шеберлік танытуына, ойынға қажетті материалдардың жимынтығын алдын-ала дайындап алуға, ойын процесіне оқушыларды белсенді қатыстыруға байланысты. Ойындар балалардың ойлау белсенділігін тәрбиелейтін, психологиялық процестерінің белсенділігін тәрбиелейтін маңызды құрал болып табылады.[9]
1.3 Қашықтан оқытудың маңызы және рөлі
Қазіргі уақытта Қазақстанда білім жүйесінде жаңа ақпараттық технологиялар кеңінен қолданыла бастады. Ақпараттық технологияларды және компьютерлік желі арқылы жаңа білім әдістерін пайдалану кеңейтіліп келеді. Жаңа ақпараттық технологияларды білім жүйесінде қолданудың ең маңызды факторы негізгі қозғаушы күші - адам, сол себепті білімнің негізгі принциптері іске асырылуы тиіс. Осыған байланысты адамның шығармашылық потенциалын дамыту үшін қажетті жағдай жасалуы тиіс. Білім саласындағы жаңа коммуникациялық технологиялар түсінігі компьютерлік техника және электрондық анықтамалық жүйелері мен адамның әрдайым жаңа оқыту әдістерін ізденуінен пайда болады. Оны оқыту әдіс-тәсілі уақыт талабына сай өзгеруде. Қазіргі уақытта дидактикада инновациялық оқыту кеңінен қолданылуда. Инновация - бұл жаңалықтардың таралуы және құрылуы. Қазіргі педагогиканың негізгі тенденциясы оқытуды өнеркәсіптік-технологиялық процесске айналдыру үшін дидактикалық жолын және құралын табу болды. Бұл ізденіс педагогикалық технология деген ұғымға әкелді. ХХІ ғасырда ақпарат жүйелерінің өркендеп, ғарыштап дамып келе жатқанын білеміз, өнеркәсіп пен ортаның дамуының негізгі құралы болып ақпараттық ресурстар табылады. Сауатты өмір - дамудың жаңа фазасына енеді, бұл жаңа сауатты оқыту технологиясын құруға біртіндеп көшуді талап етеді. Оқытудың жаңа технологиясына көшу ұзақ уақыт алады. Компьютерлік технология білім ортасына ене отырып, оқыту процесін жақсарту үшін құралдар мен әдістерді қолдануға әкеп соқтырады. Негізгі базалық білім беру аймағында қызмет көрсету жағынан да қашықтан оқыту мүмкіндіктері үкімет тарапынан қолдау тауып жатыр. Осы технологияны пайдалану ауылдық жерлерді де жылдам ақпараттандыруға көмектесуде. Оқыту процесінде қолданылатын жаңа әдістердің бірі қашықтан оқыту әдісі болып табылады.[12]
Қашықтан оқыту - ақпараттық құралдар және ғылыми негізделген тәсілдер арқылы білім алу формасы. Қашықтан оқытуда екі компонент бар: оқытуды басқару және өз бетімен білім алу.
Мұғалімдердің алдын - ала дайындау және ұйымдастыру шаралары жүргізілмесе, программалық қамтамасыз етілмесе оқушылардың білімі жоғарламайды. Өйткені оқушының білімін, үлгерімін көтеруіміз үшін оқытушының біліктілігін көтеруіміз керек. Қашықтан оқыту бұл мұғалімнің біліктілігін көтереді, оқушының өз бетімен білім алуын қалыптастырады, ата-аналардың жаңа технологияға деген көзқарасын өзгертеді.[16]
Қашықтан оқытудағы мұғалімдердің біліктілігін көтерудегі артықшылықтары:
oo экономикалық, оқытуға кететін жалпы шығыны 40% кемиді;
oo коммерциалық, қашықтан оқыту, технологиясы және оны қолдану болып табылады, оған деген сұраныс күннен-күнге өсуде;
oo педагогикалық, оқыту мативациялық, интерактивті, технологиялы және индивидуалды болып келеді;
oo эргономикалық, қашықтан тыңдаушылар және мұғалімдер айналысуға өзіне ыңғайлы уақыттың кестесін қоюға мүмкіндігі бар;
oo коммуникативті, электронды желілері арқылы байланысатын педагогтардың, тыңдаушылардың мамандықтар саны көбеюде.[3]
Мұғалім оқушының ішкі жан - дүниесінің сырын ашып, оның симпатикалық ынтасының дамуына жағдай тудырып отырады. Қазіргі заманда білім жүйесінің заман талабына, уақыттың сұранысына қарай ғарыштап дамуы, әрбір педагогтан сабақты ғылыми жобада жасауын талап етеді. Сабақты ғылыми жобада жасай білген мұғалім оқушы жүрегіне жол тауып, оның сабаққа деген қызығушылығын арттырып, мұғалім мен оқушы арасында түсінушілік пайда болады. Мұғалімнің коммуникативті дамуы: оқушыларды тыңдау, олардың көзқарасын түсіне білу, сын жасай білу, әңгіме, ұйымдастыра білу керек. Әрбір мұғалімнің бойында шартты рефлекциялық қасиеттер қалыптасуы керек: балаларды оқытуды өзінің тәсілін жұмысында қолданып, қиын жағдайларда шешімін тауып, шыға білу керек. Қашықтан оқыту курсы осыған бағытталған. Қашықтан оқытуды екі негізгі бөлікке бөлуге болады: техникалық және дидактикалық. Оның құралы болып телекоммуникациялар, аудио және видео жазбалар, жергілікті және ауқымды компьютерлік желілер. Ұйымдасқан - дидактикалық құрылымда қашықтан оқыту оқытудың негізгі компоненті болып табылады, оқушылардың өз бетімен білім алуы.[7]
Ақпараттық технология жақсы дамығанымен ол оқытудың басты құралы болып есептелмейді. Ол үшін оқу бағдарламасында және оқыту әдістеріне өзгеріс енгізу керек. Жаңа технологияны қолдану мұғалімдерге дайындық жұмыстарына көп уақытты керек етеді. Әрбір мұғалімнен ізденуді, шығармашылық жұмыс жасауды, алыс - жақын шетелдердің озық тәжірибелерімен танысуды және оның күнделікті өмірде қолдануды қажет етеді.
Бұл оқыту құралының күштілігі соншалықты, онымен бірге басқа колледждермен оқытудың жаңа түрлерімен, оқыту әдістерімен алмасады. Колледжде телекоммуникация тақырыбын оқыту мүмкіндігі бар. Әдістемелік кешен, мұғалім мен оқушыға қажетті бағдарлама, қазақ тіліндегі оқулықтар мен көмекші құралдары жеткіліксіз. Пән мұғалімдерінің Интернетті осы уақытқа дейін аз қана пайдаланып, тіпті қолданбағандары да бар. Колледждер жаңа ақпараттық технологиялармен жабдықталғанымен, мұғалімдердің осы тақырып бойынша білімін жоғарылататын, яғни мұғалімдерді дайындайтын курстар жеткіліксіз. Ал, жалпы білім беру ісі жөнінен басқа озық елдердің тәжірибесін зер салып отыру, өзінің білімін жоғарылату, жаңашылдық, озат тәжірибе, компьютерлік коммуникацияны үйрену - әрбір пән мұғалімінің кәсіптік міндеті, қажетті парызы. Қаншалықты барлық құралдар жеткілікті болғанымен, пән мұғалімінің білімі төмен болса, оқушылардың телекоммуникация жөніндегі білімі төмендеп, болашақта Қазақстандағы телекоммуникациялық ортаның дамуына әсерін тигізеді.[1]
Білімнің қайнар көзі оқулықта. Кітапханалар, оқу кітаптарының жетіспеушілігінен оқушылардың білімдері толық жеткілікті емес. Қазіргі кезеңде оқулықтар теориясы, оқытудың жаңа ақпараттық технологияларымен жобалау әдістемесі жасалуда.
Оқушылар қашықтан оқу арқылы өз білімдерін жетілдіре алады және ақпарат жүйлерін пайдалану мүмкіндігі артады. Мысалы керекті әдебиеттер мен оқу кітаптарын іздеу, бақылау және тестік тапсырмаларды орындау, лабороториялық жұмыстар, дайын баяндамалар, қашықтан олимпиядаға қатысу оқушының шығармашылық потенциалының дамуына әсер етеді.
Әр елде, қалада орналасқан оқушылардың қашықтан оқытуға қатысуы шығармашылық бірігу және жарысу эффектісін береді. WEB - беттер жасауда оқушылар өздерінің жұмысын желіден көріп оқушы ғылыми, суретші немесе басқа шығармалардың авторлары болады. Өзінің жұмыстарын жақсы, қызықты етіп көрсету үшін олар гипермәтіндермен, графикамен, дыбыстармен жұмыс істейді. Қашықтан оқуда оқушылар мәдениет арасында байланыс орната алады. Басқа елмен сұхбаттасу үшін сол елдің мәдениетін жақсы білу керек. Сонда мәдениеті, білімдері, діни бөлек оқушылар емін-еркін ақпарат алмаса алады. Басқа елмен байланысу үшін алдын ала оқушының психологиясын дайындау керек. Ол үшін әр түрлі тренинг өткізу керек. Бұл тренингте басқа елдердің мәдениетімен, олардың арсындағы айырмашылықтарды таныстыру бағытымен өтеді. Оларда мезгіл уақыттары мен уақыт арасында айырмашылық болады. Осы жерде электрондық конференциялар көмектеседі, одан керекті ақпаратты алуға болады. Қашықтан оқыту оқытушылар үшін де, оқушылар үшін де тиімді екенін уақыт дәлелдеді. Қашықтан оқыту жүйесіне ата-аналардың көзқарасы жақсы қалыптасып келеді. Әсіресе ата-аналар үшін қашықтан оқыту материалдық жағдайының тиімді болуын қарастырады.[9]
Қашықтан оқытудың міндетін түсіну үшін оқушылардың арасында мониторингтік сараптамасы жүргізілу керек. Мониторинг нәтижесі бойынша қашықтықтан оқыту оқу процесіне жағымды әсер етеді.
Кемшіліктері:
Қашықтан оқыту біздің елімізде кең таралуы жайлы айту әлі ертерек, толыққанды қашықтан оқыту туралы айту үшін оқу орындарында және оқушының үйінде де жақсы техникалық және программалық құралдар болуы тиіс. Оның үстіне байланыстың сапасы жоғары болуы тиіс, бізде ол жағы әлі әлсіздеу. Білім Министрлігінің тарапынан қашықтан оқыту формасының әрекетіне қатысуында жетіспеушілік бар, нормативті-құқықтандыру, экономикалық және финанстық сұрақтар, Интернет бағасының жоғарлығы. Бұл проблеманы шешу үшін, мынадай ұсыныстар бар:
- кабинеттер компьютерлермен толық қамтамасыз етілуі керек;
- қашықтан оқыту курстары және бағдарламалары болу керек, оқытудың әдіс - тәсілін жасау, жобалау, арнайы курстар, үйірмелер ашу;
- қашықтан оқытудың өмірде жиі пайдалану, пайдаланудың тиімді әдістерін ойлап табу;
- алыс-жақын шет елдердегі қашықтан оқытудың іс-тәжірибесін оқып-үйрену;
- қашықтан оқытуда оқушының білім сапасын бағалаудың жаңа критерийін жасау;
- ақпаратты-техникалық жабдықтау қызметі қашықтан оқытудың программалық, ақпараттық және техникалық құралдарын дайындау;
- мультимедиялық бағдарламалармен жабдықталуы керек.
Әрине, оқу орындарының компьютерлік базасы әрі қарай толықтырылады, жетілдіріледі, бірақ соған қарамастан, қолдағы бар құралдарды толық пайдаланып, солардың мүмкіндіктерін барынша қолдануға тырысу керек. Қорыта келе айтарым - оқу процесінде ақпараттық коммуникациялық технологияларды қолданысқа енгізу техникалық жағынан да, психологиялық жағынан да күрделі мәселе болып табылады [12].
... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz