Ырықсыз етістің топтастырылуы


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   

Астана қаласы Білім басқармасы

«Еуразиялық гуманитарлық институтының колледжі» мекемесі

Шетел тілдерінің пәндік - бірлестік комиссиясы

Курстық жұмыс

Пәні: «Аударма теориясы мен практикасы»

Тақырыбы: Ағылшын тілінен қазақ тіліне Passive Voice-тың құрылысының аударылу ерекшеліктері

Орындаған: Сейсенбаева Д.

Мамандығы:0512000 «Аударма ісі»

Курс: 3

Ғылыми жетекші:

Нұр-Сұлтан 2020

Кіріспе

Аударма теориясының ең өзекті мәселелерінің бірі - тілдің стилистикалық және грамматикалық құралдырын жеткізу мәселесі болып табылады.

Тақырыптың өзектілігі:

Қазіргі таңда ағылшын тілінен қазақ тіліне грамматикалық құрылымдарды, соның ішінде пассивті (ырықсыз) етісті аудару барысында аудармашылар көптеген қиындықтарға тап болады, себебі белгілі бір грамматикалық құрылымды ағылшын тілінен қазақ тіліне тікелей аудару жолдары терең зерттеуді талап етеді. Ағылшын тілі грамматикасының 1967 жылы шыққан мәліметтерге сүйенсек, ырықсыз етіс түбірлерге бөлініп, күрделі аффикстердің қосылуымен жасалады.

Бұл курстық жұмыстың мақсаты болып түпнұсқа мәтінді ағылшын тілінен қазақ тіліне аударуда ырықсыз етістіктерді ағылшын тілінен қазақ тіліне грамматикалық тұрғыдан дұрыс аудару тәсілдерін анықтау, зерттеу болып табылады.

Курстық жұмыстың міндеті :

  • таңдалған тақырып бойынша әдебиеттерді қарастыру;
  • ағылшын және қазақ тілдерінің грамматикасындағы ырықсыз етіске теориялық сипаттама беру;
  • ырықсыз етістерді ағылшын тілінен қазақ тіліне аудару жолдарын, мағыналық ерекшеліктерін, ұқсастықтарын қарастыру;
  • таңдалған мысалдарды аудару барысында айырмашылықтары мен ерекшеліктерін көрсете отырып талдау, анализ жасау;
  • ырықсыз етісті ағылшын тілінен қазақ тіліне аудару кезіндегі мағыналық ерекшеліктерін айқындау.

Зерттеу жұмысының нысаны шетел әдебиетіндегі А. Кристи шығармалары және Д. Голсуоридің «Villa Rubein and Other Stories» шығармасындағы ағылшын тіліндегі мәтіндерді қазақ тіліне аудару барысында грамматикалық құрал ретінде ырықсыз етістің аударылу ерекшеліктерін анықтау болып табылады.

Зерттеудің дереккөздері

Зерттеудің теориялық құндылығы.

Зерттеудің тәжірибелік құндылығы.

Курстық жұмыстың құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттерден тұрады. «Етіс ұғымының грамматикалық сипаты» атты бірінші бөлімде, « The Passive Voice құрылымын қазақ тіліне аудару ерекшеліктері» атты екінші бөлімде, қорытындыда зерттеу кезіндегі басты нәтижелер талқыланады.

  1. Етіс ұғымының грамматикалық сипаты

Жалпы етіс ұғымы - семантикалық қызметтерінің негізінде біріккен қимылдың уақытқа қатысты өту сипатын білдіретін (морфологиялық, сөзжасамдық, синтаксистік, лексикалық, лексика-грамматикалық т. б. ) тілдік құралдардың жиынтығынан тұратын функционалды-семантикалық категория ретінде жалпы тіл ғылымында қарастырылып жүр. Етістік немесе етіс категориялары категориялық ситуацияға қатысты оқиғаларды мазмұн мен мәнін ашуда әр түрлі қызмет атқарып жатады. Қазақ тілінде етіс категориясы негізгі етістен өрби отырып, жұрнақтарының түрлеріне, мағыналары мен қызметтеріне қарай, төмендегідей түрлерге бөлінеді:

  1. ортақ етіс -с (-ыс, -іс),
  2. өзгелік етіс -т; -тыр (-тір, -дыр, -дір), -ғыз/ гіз, қыз/кіз
  3. ырықсыз етіс -ыл (-іл, л),
  4. өздік етіс -ын (-ін, -н) .

Ағылшын тіл білімінің дәстүрлі грамматикасы бойынша етістің екі түрі бар екендігі белгілі. Осылардың ішінен ырықсыз етіс ерекше орын алады.

Анықталған іс- әрекет кімге бағытталғаны белгілі болғанда пассивтік құрылым жүзеге асады. Ағылшын тілінде 2 етіс бар. Олар: негізгі және ырықсыз етіс.
Сөйлемде іс -әрекет баяндауышпен орындалса, онда ол негізгі етіс.
Сөйлемде іс -әрекеттің атқарушысы, қимыл иесі арнайы айтылмай, қимыл өздігінен істелгендігі көрініп тұрса, ондай етіс ырықсыз етіс деп аталады.

Тіл білімінде етіс құрылымына сипаттама жасау нәтижесінде негізгі етіс құрылымының тура толықтауышы ырықсыз етістің бастауышы, ал негізгі етістің бастауышы ырықсыз етіс құрылымында агенттік толықтауыш болатындай қабілетін көрсететін, пассив құрылымы өзгерілген, мағынасы керісінше болатын, негізгі етістің қарама-қарсы құрылымы ретінде қабылданады.

Етіс категориясы актив және пассив конструкциялардың негізінде субъект және объектінің қимыл іс-әрекетінің семантикасының өрісін нақтылап тұрады. Мысалы: Асан хабар бергізді, хабар бергізілді. Етіс категориясы етістікпен қатарласа, тіркесе қолдана отырып функционалды грамматиканың көптеген ұғымдарын жасауға белсенді қызмет етеді.

Жалпы тіл ғылымында арнайы етістік оның ішінде етістің лекискалық-грамматикалық, грамматикалық-контекстуалдылық құрылымдық құрамдастарының «тұлғадан мазмұнға қарай» бағытта қарастыру туралы аз жазылған жоқ. Етістіктің негізгі тірегінің салмақты бөлігін етіс құрайды. Бүгінгі күнге дейін етістің етістіктің қалыптасуы туралы берілген білім саласының дамығанын және өскенін көрсетеді. Етіс туралы айтқанда болмысты тану қажеттіліктерді ұлғайта отырып, субъект пен объект арасындағы қимыл мен өзара байланыстың семантикалық сипаттамасын анықтау мен олардың мағыналық қызметін саралау функционалды - семантикалық өріс арқылы жаңаша талдауларға әкеледі. Етіс қызметінің салыстырмалы талдамасы (құрылымдық тұрғыдан функционалдыққа қарай ойысу бағытында) осы қызмет барысында туындаған мәселелер, ұлттық тілдер жүйесіндегі етістердің ерекше межесін бағдарлауға мүмкіндік тудырады. Сонымен қатар, етісті «мазмұннан тұлғаға қарай» талдау нәтижелері сөз сөйлеу қызметінде оның қызметінің кеңеюін және болмыстың нақты ситуациядағы объектілік және субъектілік қызметін кеңінен тануға зор мүмкіндік беретінін көрсетеді.

Функционалды грамматика тұрғысынан алып қарастырғанда етіс мағынасының сипаттамасы субъект пен объектінің арасындағы қарым-қатынас арқылы анықталады: субъект - іс-әрекет иесі, объект іс-әрекет, қимылдың әр түрлі жағдаяттарын анықтауға қызмет етеді. Етістің функционалдылығы синтаксистік тұрғыдан актив және пассив констуркциялар арқылы жасалады. Бұл жерде басты ескеретін нәрсе субъект мен объектінің синтаксистік позициясы мен грамматикалық формалар маңызды роль атқарады.

Етіс ФСӨ(функционалды-семантикалық өріс) -те орталық және шеткері аймақтарға бөлінеді. Етістің ФСӨ-те орталық өрістері актив және пассив констуркцияларға бөлінеді.

  1. Активті және пассивті конструкциялардың орналасуын былай қарастыруға болады. С1 - активті синтаксистік және семантикалық субъект = іс-әрекетті жүргізуші; О1 - объектінің өзі ықпал етуші объект; С2 - пассивті семантикалық субъект ісәрекетті табыс септігінің (жасырын, ашық формалары арқылы) орындаушы. С2-нің қатысуын былай көрсетуге болады. Кітап рахаттанып оқылды. Сабақтан кейін концерт өткізіледі. Оқытудың жаңа моделі қарастырылады.
  1. Пассивті конструкциялардың құрылысы былайша жіктеледі. Олар толық немесе үш мүшелі; баяндауда 3 синтаксистік позицияда айтылады. Бұнда да субъект, іс-әрекет, объект қатысып отырады. Ал екі мүшелі екі компаненттен тұратын іс-әрекет, предикативті + субъект, бір мүшелі де тек предикат ғана айтылады. Мысалы: Газет күнде шығарылады. Кітап үйде ұмытылып қалды. Бұл кітап достарына арналады.
  2. Пассивтік конструкциялардың семантикасы процестік және нәтижелі мәнге ие болады. Процестікке іс-әрекеттің дамуының уақытпен өтіп жатқаны айтылады. Ал нәтижелі пассивтік конструкциялар: картина өткен ғасырда салынған, құлып бұзылған т. б. 4. Активті және пассивті конструкциялар туралы баяндағанда мынаны басты нысанаға алу көзделінуі тиіс. Айтушының баяндап отырған оқиғаға көзқарасына тікелей байланысты болып келеді.

Бір оқиға кейде активті және пассивті конструкциялармен айтушының баяндауына байланысты екі түрлі семантикалық мән алып отыруы мүмкін. Айтушы іс-әрекеттің белсенді қызметіне, белсене субъектінің тарапынан объектілік ықпалын көрсетуге тікелей қатысты болып келеді. Мысалы, жел аққайыңмен тербетіледі, аққайың желмен тербетіледі, аққайың желден тербетіледі, жаңа теория ғалымдармен жасалынды т. б.

Осыған орайағылшын және қазақ тіліндегі етіс категориясының түрлерін актив және пассив констуркциялары деп 2-ге бөлінеді. Актив және пассив констуркциялар көбінесе өзгелік етіс -т; -тыр (-тір, -дыр, -дір) және -ғыз/гіз, қыз/кіз, ырықсыз етіс -ыл (-іл, л) тұлғалары арқылы жасалынады.

Активтілік( ақиқаттылық) - ісәрекеттің субъект арқылы жасалынғаны, іс -әрекетті орындаушы синтаксистік тұрғыдан алғанды баяндауыш қызметін атқарады. Мысалы, ол жуынды, таранды, олар бір - бірімен ұзақ көрісті, кеш бойы сырласты т. б.

Пассивтілік ( ырықсыз етіс) - сөз сөйлеу қызметінде субъект басты қызметінінен ығыстырылып, объект оның орынына қойылып айтылады. Мысалы, ақша келесі жылдың есебінен аударылады, компьютерлік бағдарламалар тапсырыс берушінің тапсырмасымен қойылады, метрода есіктер автоматты түрде ашылады, баяндама оқылды, хабар таратылды, сөгіс жарияланды т. б.

Айтушының көзқарасына байланысты етіс категорияларының әр түрлі констуркциялары бір-бірінен өзгешелігі бар; активті констуркциялар айтушының шындыққа нақты қатынасы бар екенімен, сондай-ақ болып жатқан оқиға мен ісәрекеттің динамикасы арқылы талдауларға қатысты болады.

Актив констуркцияларға қарағанда, пас сив констуркциялардың өзіне тән ерекшелігі бар, пассивті констуркциялар айтушының интерпретациясымен оқиғаға қатысты статикалық қал-жағдайын баяндау тұрғысынан айтылады.

1. 1 Ағылшын және қазақ тілдеріндегі ырықсыз етіс ұғымы

Етіс (етіс категориясы) деп амалдың (істің) субъекті мен объектіге қатысын, сондай-ақ, керісінше субъекті мен объектінің амалға (іске) қатысын білдіретін формалардың жүйесін айтамыз. Етістер - етістіктен етістік тудыратын, өздерінше морфологиялық және синтаксистік сипаттары басқашалау болып келетін, бір алуан жұрнақтардың жүйесі. [1:153]

Етіс категориясы тілдің грамматикалық жүйесінде көрнекті орын алатын қимыл, іс-әрекеттің, субьекті мен обьекті арасындағы әр түрлі катынасын білдіретін, белгілі косымшалар жүйесі аркылы жасалатын етістіктің лексика- грамматикалық категорияларының бірі. Етіс категориясы субьекті мен обьектінің өзара әр түрлі қатынаста болуынан, яғни бастауыш пен толықтауыштың сөйлемдегі қатынасынан пайда болатын категория. Әрі етіс етістіктің салт, сабақты мағынада жұмсалуымен де байланысты, өйткені етіс түбір етістіктерге қосымшалардың косылу аркылы жасалады. Етіс категориясы кимылдың субьекті мен обьектіге эр түрлі катынасын көрсететін жұрнақтар қосылу арқылы, түбір сөздің бастапқы грамматикалық мағынасын өзгертіп, сөйлем мүшелерін синтаксистік байланысқа түсіреді.

Етіс - етістіктің ерекше категориясы. Әдетте етіс қимыл, іс-әрекеттің, субъекті мен объекті арасындағы (семантикалық-синтаксистік сипаты) әр түрлі қатынасты білдіріп, белгілі қосымшалар жүйесі арқылы жасалатын етістік категориясы деп анықталады.

Қазақ тілінде жазылған еңбектердің ішінде етіс туралы алғаш айтылган пікірді Ахмет Байтұрсыновтың «Тіл-құрал» окулығынан табамыз. А. Байтұрсынов етістіктің етіс түріне ереже бермей, бірден «Етістікте он түрлі етіс бар», - дей келе, оның сабақты етіс, салт етіс, ортақ етіс, өздік етіс, өзгелік етіс, беделді етіс, ырықсыз етіс, шығыс етіс, дүркінді етіс, өсіңкі етіс- деген түрлері барын келтіреді.

Қазақ тілінде ырықсыз етіс деп қимыл, іс-әрекеттің өздігінен орындалатын мән үстеп, қимыл, іс-әрекеттің тура обьектісі оның грамматикалық бастауышы болу қызметін атқарып, тек сабақты етістіктерден -ыл -іл, -л қосымшасы, түбір құрамында л дыбысы болса, -ын, -ін, -н қосымшасы арқылы жасалатын етістің түрін айтамыз. Мысалы, кітап оқы-л-ды, үй тазала-н-ды, астық жина-л-ды, сөз сөйле-н-ді, хат жаз-ыл-ды т. б. оқу қимылының, іс-әрекетінің тура объектісі - кітап, тазалаудың тура объектісі - үй, жинаудың тура объектісі - астық, сөйлеудің тура объектісі - сөз, жазудың тура объектісі - хат, ал ырықсыз етіс қосымшасы (-л, -н, -ыл) жалғану арқылы, біріншіден, оқу, тазалау, жинау, сөйлеу, жазу іс-әрекеттері өздігінен болғандай, көрсетілген тура объектілері бұл сөйлемшелерде грамматикалық бастауыш қызметін атқарып тұр, соның арқасында, екіншіден, ырықсыз етіс тұлғалы етістіктер салт етістік болып тұр, яғни ырықсыз етіс қосымшалары сабақты етістікке жалғанып, оны (сабақты етістікті) салт етістікке айналдырып тұр.

Ағылшын тілінде етістің екі түрі бар:

  • the Active Voice (негізгі етіс немесе жай етіс)
  • the Passive Voice (ырықсыз етіс) .

1. Негізгі етіс. Түбір етістіктің де, басқа сөз табынан жасалған туынды етістіктің де алғашқы тура қалпында айтылған түрін негізгі етіс деп атайды. Негізгі етісте іс-әрекеттің атқарушысы, қимыл иесі арнайы көрсетіледі. Мысалы: They will build the bridge next year - Олар келесі жылы көпір салады.

2. Ырықсыз етіс. Іс-әреке атқарушысы, қимыл иесі арнайы айтылмай, қимыл өздігінен істелетіндігі көрініп тұрса, ондай етісті ырықсыз етіс деп атайды. Мысалы: The bridge will be built next year. - Көпір келесі жылы салынатын болды.

Сөйлемде іс -әрекеттің атқарушысы, қимыл иесі арнайы айтылмай, қимыл өздігінен істелгендігі көрініп тұрса, ырықсыз етіс. Яғни активті және пассивті етіс.

Ырықсыз to be көмекші етістігінің сәйкес шақ түрлерінің тұлғасы мен мағынасы етістіктің есімше II ( Participle II) арқылы жасалады. Осылайша ырықсыз етісте етістікті жіктеген кезде тек to be көмекші етістігі ғана өзгереді, ал мағыналық етістіктің II есімше (Participle II) өзгеріссіз қалады.

The Passive voice көмекші етістік to be + Participle II (негізгі етістіктің) арқылы жасалады.

Қосымша - 1

The Present Indefinite Passive = am, is (are) + P II

ThePast Indefinite Passive = was (were) + P II

The Future Indefinite Passive = shall (will) + be + P II

The tools were made of steel.

Мына құралдар болаттан жасалынған.

The tools will be made of steel.

Мына құралдар болаттан жасалынады.

Қосымша - 2

The Passive Voice
The Passive Voice: Present Simple Passive
am/is/ are asked
The Passive Voice: Past Simple Passive
was/were asked
The Passive Voice: Future Simple Passive
will/ shall be asked
The Passive Voice: Present Continuous Passive
am/is/ are being asked
The Passive Voice: Past continuous Passive
was/were being asked
The Passive Voice: Present perfect Passive
have /has been asked
The Passive Voice: Future Perfect Passive
will/shall have been asked
The Passive Voice: Past Perfect Passive
had been asked
The Passive Voice: Future-in-the- Past Passive
should /would be asked

Cұраулы сөйлемде бірінші көмекші етістік бастауыштың алдына қойылады.

Болымсыз сөйлемде бірінші көмекші етістіктен кейін not демеулігі қойылады.

Егер сөйлемге іс -әрекетті жасаған тұлғаны қосатын болсақ, ол сөйлемге by көмекші сөзі арқылы енгізіледі, ал бір зат арқылы жаалатын болса with көмекші сөзін қолданамыз.

Ырықсыз етіс модальды етістіктерменде қолданылады, сөйлемде көмекші to be (to демеулігісіз) және өткен шақтағы есімше модальды етістіктерден кейін жұмсалады.

  1. Ырықсыз етістің топтастырылуы

Ырықсыз етістің шақтары үш топқа бөлінеді:

  1. Indefinite Tense. (Жай шақ)

Бұл топ Present Indefinite Tense, Past Indefinite Tense, Future Indefinite Tense тұрады. Олар көмекші етістіктер арқылы құрылады: (is, are) was (were) shall (will) be және негізгі етістіктің үшінші (Past Participle) арқылы құрылады.

Қосымша - 3

Present Indefinite
Past Indefinite
Future Indefinite
Present Indefinite:

I am invited

He (she) is invited

You are invited

We are invited

They are invited

Past Indefinite:

I was invited

He (she) was invited

We were invited

You were invited

They were invited

Future Indefinite:

I shall be invited

He (she) will invited

We shall be invited

You will be invited

They will be invited be

  1. Continuous Tense (нақ шак)

Бұл топ Present Continuous Tense, Past Continuous Tense тұрады. (Ырыксыз етісте Future Continuous Tense деген шак жок) Present және Past Continuous Tense көмекші етістіктер am ( is, are) being, was (were) және негізгі етістіктің үшінші формасы (Past Participle) арқылы құрылады.

Қосымша - 4

Present Continuous Tense
Past Continuous Tense
Present Continuous Tense:

I am being invited

He (she) is being invited

We are being invited

You are being invited

They are being invited

Past Continuous Tense:

I was being invited

He (she) was being invited

We were being invited

You were being invited

They were being invited

  1. Perfect Tense (аякталған шақ)

Бұл топ Present Perfect Tense, Past Perfect Tense және Future Perfect Tense тұрады. Олар көмекші етістіктер have (has) been, had been, shall (will) have been және негізгі етістіктін үшінші формасы (Past Participle) арқылы құрылады.

Қосымша - 5

Present Perfect Tense
Past Perfect Tense
Future Perfect Tense
Present Perfect Tense:

I have been invited

He (she) has been invited

We have been invited

You have been invited

They have been invited

Past Perfect Tense:

I had been invited

He (she) had been invited

We had been invited

You had been invited

They had been invited

Future Perfect Tense:

I shall have been invited

He (she) will have been invited

We shall have been invited

You will have been invited

They will have been invited

1. Сұраулы түрінде көмекші етістіктер бастауыштың алдында тұрады.

Мысалы: Present Indefinite: Am I invited?

Past Indefinite: Was I invited?

Future Indefinite: Shall I be invited?

Present Continuous: Am I being invited?

Past Continuous: Was I being invited?

Present Perfect:

Have I been invited?

Past Perfect: Had I been invited?

Future Perfect: Shall I have been invited?

2. Болымсыз түрінде болымсыз бөлшегі бірінші көмекші етістіктен кейін тұрады.

Мысалы: Present Indefinite: I am not invited.

Past Indefinite: I was not invited.

Future Indefinite: I shall not he invited.

Present Continuous: I am not being invited.

Past Continuous: I was not being invited.

Present Perfect: I have not been invited.

Past Perfect: I had not been invited.

Future Perfect: I shall not have been invited.

1. 3 Ырықсыз етісте жасалатын құрылымдар

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ырықсыз етістіктің аудармасы
Етіс категориясы - түбір етістіктен туатын грамматикалық форма
Етісті оқыту
Ырықсыз етістің түрлері мен оларды аудару әдістерін зерттеу
Қазақ тіліндегі ырықсыз етістік пен ағылшын тіліндегі ырықсыз етістіктің айырмашылығы
Фармацевтика терминдерінің латын тіліндегі дәріптелуі
Eciмшe туралы жалпы түсінік
Етістіктер
Функционалды грамматика
Фармацевтикалық терминдердің латын тіліндегі дәріптелуі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz