Топырақты өңдеудің мақсаты



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІ КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ
Агрономия кафедрасы

РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Топырақты минималды, нөлдік және жылдам өңдеу

Орындаған:
Қабылдаған:

Алматы 2020 жыл
Жоспар

І.Кіріспе
1. Топырақ өңдеу жүйесі.
2. Қазақстанда топырақты өңдеу әдістері.
3. Топырақты өңдеудің мақсаты.
4. Топырақты өңдеудің міндеттері.
ІІ. Негізгі бөлім
1. Топырақты минималды өңдеу және оның түрлері
2. Топырақты нөлдік өңдеу технологиясы
3.Топырақты жылдам өңдеу және оның маңызы
4. Топырақты өңдеу сапасына агротехникалық бағалау
ІІІ. Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Топырақ өңдеу - ауыл шаруашылық дақылдарының өсіп-өнуіне қолайлы жағдайлар жасау үшін топырақ өңдеуші машиналар мен құралдардың жұмысшы органдары арқылы топыраққа мех. әсер ету. Топырақ өңдеу егісті арамшөптерден тазартуға, ауыл шаруашылық дақылдарының зиянкестері мен ауру таратушыларды жоюға, сонымен қатар өсімдік қалдықтарының, шымның, тыңайтқыштар мен гербицидтердің топыраққа сіңіп кетуіне және ауыл шаруашылық дақылдары тұқымының белгілі бір тереңдікке енуіне мүмкіндік береді. Топырақ өңдеу қаншалықты тереңдікте жүргізілуіне байланысты: негізгі - жер жырту, топырақты қопармай тереңнен қопсыту, т.б.; беткі қабатты сыдыра жырту, қопсыту, тырмалау, т.б.; арнайы - тереңнен қопара жырту, т.б. болып ажыратылады. Топырақ өңдеудің қопсыту, үгіту, аудару, тығыздау, егістік бетін тегістеу, топырақты араластыру, арамшөптерді кесу, топырақ бетінде өсімдіктің қысқа сабақтарын қалдыру, микрорельеф қалыптастыру, т.б. түрлері бар. Қопсыту - топырақ бөліктерінің өзара орналасуын соқа, қопсытқыш, көп пышақты топырақ өңдегіштің көмегімен топырақта ірі кеуектілік пайда болатындай етіп өзгерту. Үгіту - қатып қалған ірі кесек топырақтарды ұнтақтау, ұсату. Қопсыту, аудару, араластыру жұмыстырмен бір мезгілде жүргізіледі. Аудару - құрамындағы суы, қарашіріндісі, қоректік заттары мен микроорганизмдеріне қарай ерекшеленетін топырақ қабаттарын тік бағытта орнын ауыстыру. Тығыздау - топырақ бөліктерінің өзара орналасуын топырақта азғантай кеуектілік пайда болатындай етіп өзгерту. Егістік бетін тегістеу - топырақтағы тегіс емес жерлерді жөндеу; сүйреткі, ысырма, тырма, таптауыштардың көмегімен атқарылады. Топырақты араластыру - органик. заттар, тыңайтқыштар, әктің ыдырау өнімдері біркелкі таралып өңделетін біртектес қабат жасау. Арамшөптерді кесу қопсыту, аудару, топырақты араластыру жұмыстарымен қатар жүргізіледі. Топырақ бетінде өсімдіктің қысқа сабақтарын қалдыру кескіш-қопсытқыштың, тереңнен қопсытқыштың, аударғыштардың, тісті тырманың көмегімен орындалады. Микрорельеф қалыптастыру (атыз, жүйек, жал, саңылау, ұя) топырақтың ауа және су режимін реттеу үшін жасалынады. Жыртуға арналған қуатты қабат қалыптастыруда табиғи құнарлылығы төмен тұзды және шымтезекті топырақтарды құнарландыру үшін арнайы Топырақ өңдеу жұмыстары жүргізіледі. Ол үшін топырақтың бетіне немесе біршама тереңдігіне әр түрлі тыңайтқыштар енгізіледі.

1. Топырақ өңдеу жүйесі. Өңдеу үшін атқарылған жұмыстардың жиынтығын Топырақ өңдеу жүйесі деп атайды. Жаздық, күздік, т.б. дақылдардың Топырақ өңдеу жүйесі әр түрлі болады. Суармалы, қайтадан тыңайтылған жерлердің, эрозияға қарсы, т.б. Топырақ өңдеу жүйелері де бар. Топырақтың жыртылған қабатының борпылдақ жағдайда болуы барлық отамалы дақылдар үшін (қант қызылшасы, картоп, жүгері, т.б.) қажет болса, басқа көпшілік дақылдарға топырақтың беткі қабатының құрылымы уақ түйіртпекті болғаны қолайлы. Міне, сондықтан да отамалы дақылдар аралығын жиі өңдегенде, топырақ беті борпылдақ күйінде сақталады. Кейде топырақ қабатындағы ылғал тез буланып, ауаға ұшқанда оның бетін тырмалап, борпылдақ етеді, сонда оның бетінен ылғалдың булану мөлшері төмендейді. Ал керісінше топырақ бетінен ылғал тез буланып кету үшін оның бетін ауырырақ техникамен өңдеп (малалау) тығыздайды. Сонда топырақ қабатындағы капиллярлар (қылтүтіктер) бір-біріне тез жалғасып, оның құрамындағы ылғал ауаға тез ұшады. Әдетте топырақты мұндай өңдеулер топырақ беті бос, егіс егілмей тұрған кезде немесе арнайы егіс егілмейтін сүрі жер танабында жүргізіледі.

Қазақстанда топырақты өңдеу әдістері. Егістік танаптарының топырақтарың ойдағыдай өңдеу- егіншілік мәдениетін көтерудің басты шартының бірі болып саналады.Сапалы өңделген топырақта дақылдардың өсіп-дамуына қажетті жағдайлардың бәрі жасалады. Дұрыс бапталған топырақ қабатында ылғал мол жиналып, ұзақ сақталады, сонымен қатар қар мен жауын суы және ауа тез сіңеді.
Топырақты өңдегенде құрылымы төмендеген беткі қабаттың орнына органикалық қалдықтарға бай, қоректік заттар қоры анағұрлым көп төменгі қабат ауысып түседі. Мұндай жағдайда аэробты мироорганизмдердің белсенділігі артып, органикалық заттардың минералдануы күшейеді. Сонымен топырақты өңдей арқылы оның қабаттарына ылғал, ауа және қажетті қоректік заттардың қорын молайтуға болады.

Топырақты өңдеудің мақсаты.

* Егілетін дақылға қолайлы жағдай туғызу үшін машиналар мен өндіргіш құралдары арқылы топыраққа механикалық әсер етуді топырақты өңдеу деп атайды.
* Топырақты өңдеуде органикалық және миниралдық тыңайтқыштарды ендіруге, қөпжылдық шөп пен сабан түптерін, сондай-ақ топырақтың жоғарғы қабатында, аңызда, арамшөптерден болатын зиянкестер мен өсімдік ауруларының тұқымдарын жауыпе, әрі тұншықтырады.
* Егіншіліктің ұзақ жылғы тарихында өңдеу тәсілдері мен құралдары қарапайым түрінен бастап, осы заманғы топырақты өңдейтін құралдары мен машиналарға дейін үлкен өзгерістерден өтті.
* Өдеу ең алдымен топырақта өтетін физикалық, химиялық және биологиялық процестердің жоғарғы қарқынды жүреді, өсімдіктер үшін қолайлы жағдайларды жасайды. Яғни су және коректік заттар өсімдікке тікелей топырақ арқылы бірігіп әсер етеді.
* Өңдеудің көмегімен ылғалы мол аудандардағы артық ылғалды кемітуге, ал құрғақшылық аудандарда ылғалды жинауға болады. Арамшөптермен күресуде топырақты өндеудің роліне баға жетпейді.
* Танапқа себілетін тұқымдық дән топырактағы барлық керекті факторларды тиімді түрде бойына сіңіре отырып, көктеп шығатындай және толысып есетіндей етіп өндеу қажет.

* Қазіргі егіншіліктегі ғылыми-техникалық прогреске байланысты топырақ еңдеудің тәсілдері мен құралдарының саны тұрақты өсіп келеді. Мұның өзі бір жағынан топырақ құнарлығына қарқынды әсер етуінің қажеттілігінен туса, екінші жағынан кұнарлылығы темендеген топырақтарға да егін егудің қажеттігінен туып отыр.

Топырақты өңдеудің міндеттері. Топырақты өңдеуде мынадай міндеттерді орындайды:

* Мәдени есімдіктерге қолайлы факторлармен (су, ауа, жылу, қоректік заттар) қамтамасыз ету үшін топырактың енделетін қабатына оптималды түйіршіктер, қолайлы кұрылым дайындау.
* Арамшөптерді жою.
* Танап топырағына органикалык, минералдык тыңайткыштарды, химиялық мелиоранттарды, улы химикаттарды енгізу.
* Ылғалы тапшы жағдайда жинап әрі сақтау, ылғалы мол жағдайда танап топырағынан артық ылғалды оптималды түрге келтіру.
* Топырақ қабатынағы мнкробиологиялық процестерге қарқынды әсер етумен қоректік заттардың жиналуын, сакталуын жаксарту.
* Өсімдік шаруашылығындағы дакылдарды закымдантын зиянкестер мен ауру коздырғыштарды жою.
* Танап топырағының оптималды терендігіне мәдени дақылдардың тұқымдарын себу.
* Топырактың су эрозиясы мен дефляцияға тұрақтылығын арттыру.
* Шымтопырақты, тың, тыңайтылған танаптағы болмаса кыртысты топыракта өскен көпжылдық шөптер тіршілігін жою

1.Топырақты минималды өңдеу және оның түрлері.

Топырақтың физикалық, химиялық, технологиялық қасиеттерін, танаптың фитосанитарлық жағдайын жақсарту мақсатында егіншілікте жерді бірнеше қайтара өңдеуге (негізгі өңдеу, егін себер алдында және егін сеуіп болғаннан кейін өңдеу) тура келеді. Бұлай топырақты бірнеше рет өңдеу оны үгітіп эрозияға ұшыратады, өзі аз ылғал топырақтан буланып ұшып кетіп ысырап болады. Топырақ өңдеуге егіншілікте жұмсалатын барлық шығынның 30-40 пайызы кетеді. Сондықтан, ғалымдар егіншілікте қолданылатын жердің әр гектарынан алынатын өнімді төмендетпейтін топырақ өңдеу жүйесін жетілдірудің жолдарын іздестіріп, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді. Осы зерттеулердің нәтижесінде ауылшаруашылық өндірісіне топырақты минималды (аз) өңдеу жүйесі енгізілді.
Энергетикалық шығындарды кеміту мақсатымен топырақты өңдеудің саны мен тереңдігін азайтуды, бір жұмыс процесінде бірнеше топырақ өңдеу операциялары мен тәсілдерін біріктіруді топырақты минималды өңдеу дейді. Топырақты минималды өңдеу оны үгітілуден сөйтіп, эрозияға ұшыраудан сақтайтын, ал экономиклық жағынан алғанда еңбек пен қаржыны үнемдейтін тиімді агротехникалық шара. Осы жазылғандардың бәрін тұжырымдап келгенде, топырақты минималды өңдеу жұмыс уақытын үнемдеуді, агротехникалық шараларды қолайлы қысқа мерзімде жүргізуді, материалдық, жиналған ылғалды сақтау, топырақтың шамадан тыс нығыздалуын, еңбек өнімділігі мен дақылдардың түсімін жоғарылататын тиімді агротехникалық шара. Топырақты минималды өңдеу мына бағыттарда жүргізіледі:

1. Топырақ өңдедуің санын азайту, яғни танапты бір жүріп өткенде бірнеше топырақ өңдеу тәсілдерін бір агрегатпен жүзеге асыратын машиналар мен агрегттарды қолдану. Мысалы С3С-2,1А дәнсепкіші бір жүріп өткенде 4 операияны жүзеге асырады. Атап айтқанда, топырақты культивациялап арамшөптерді қырқады, тұқым себеді, топыраққа түйіршікті минералдық тыңайтқыштарды шашып сіңіреді және танапты жеңіл нығыздайды. Қазіргі кезде бір жүріп өткенде 6-8 техникалық операция жүргізілетін агрегаттар бар.

2. Жер өңдеуге алымы кең ауылшаруашылық машиналары мен құралдарын қолдану агрегаттардың танап арқылы жүріп өту санын қысқартуға жәрдемдеседі. Мысалы, бұрынғы қолданылып жүрген КПП-2,2 КШП-3;6 культиваторларының орындарына КПШ-5, КПШ-9, КПШ-11 және кең алымды жазықтабан сыдыратілгіш культиваторлары, ал БИГ-3А тырманың орнына ЛДГ-15, ЛДГ-20, БМШ-15 құралы пайда болды.
3. Жер өңдеу тереңдігін азайту. Ол үшін топырақты жылда-жылда тереңге өңдей бермей, оны таяз өңдеумен алмастырып отыру керек. Терең өңдеу топырақты үгітіп, оның құрылымы мен құрылысын бұзады, танаптың төменгі ылғалды қабаты жер бетіне аударылғаннан кейін судың буланып ұшып кетуіне жол ашылады. Академик А.И.Бараев атындағы бұрынғы Қазақ ғылыми-зерттеу астық шаруашылығы институтының ұсынысы бойынша қысқа айналымды, дәнді-парлы, 4 танапты ауыспалы егісте топырақты пар танабында жазықтабан сыдыратілгіш КПГ-250 культиваторларымен 25-27 см тереңдікке қопсытып, ал қалған 3 жылда жердің беткі қабатын кеңалымды жазықтабан КПШ-5, КПШ-9 культиваторымен 14-16 см тереңдіккке өңдесе жеткілікті. Бұл жағдайда атпатамырлы көпжылдық арамшөптер гербицидтер арқылы жойылады.

4. Пар танабында механикалық өңдедуің санын қысқартып, оның орнына гербицид қолдану тиімді. Мысалы, таза парды бір рет механикалық өңдеп, оған қосымша гербицид қолданса, парды 3-4 рет механикалық әдіспен өңдегенде тең екендігін ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері толық дәлелдеді. Кейінгі кезде топырақ өңдеу кезінде кететін шығын, қаржы мөлшерлерін азайту, еңбек өнімділігін арттыру, күзгі және көктемгі далалық жұмыстарды жүргізудің мерзімдерін қысқарту, топырақтың нығыздалуын азайту, сөйтіп ауылшаруашылық дақылдарының өнімділігін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Топырақты өңдеудің мақсаты мен міндеті
Топырақты қорғайтын топырақ өңдеу жүйесін анықтау туралы
Топырақ бетін өңдеу тәсілдері
Топырақ өңдеу жүйесі
Топырақ өңдеу технологиясы
Топырақ қабатын терең қопсыту
Топырақты бульдозермен өңдеу жұмыстары
Топырақтың беткі қабатын өңдеу
Топырақ өңдеу
Топырақ өңдеу тәсілдері мен әдістері
Пәндер