Шалғындық мал азығы шаруашылығы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІ КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ
Агрономия кафедрасы

РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Топырақты минималды, нөлдік және жылдам өңдеу

Орындаған:
Қабылдаған:

Алматы 2020 жыл
Жоспар

І.Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1. Жайылымдық жердің шүйгінін арттыру жолдары
2. Ауыл шаруашылық алқаптар
3. Мал азығын өндіру
4. Малазықтық жерлерді жақсарту шаралары
5. Жеңіл-желпі жақсарту жүйесі.
6. Жақсартудың негізгі шаралары.

ІІІ. Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Қазақстанда жоғары сапалы жемшөп өндірісін жолға қоймай мал шаруашылығын қайта қалпына келтіру және дамыту мүмкін емес. Бүгіннің өзінде шеттен әкелінген мал басын толыққанды қоректендіруде айтарлықтай қиындықтар туындауда. Тығырықтан шығар жол - жемшөп қорын құрудың стратегиялық қадамдарын жүзеге асыру, сондықтан менің қарастырып отырған тақырыбым қазіргі таңда өзекті болып табылады.
Қазақ халқы баяғы заманнан мал шаруашылығымен айналысқан, төрт түлік мал тірлігінің негізі болған, оған себеп болған табиғи малазықтық жерлердің орасан зор аумағы.
VII ғасырдың сонынан XX ғасырға дейін халық қауымға (тайпларға) бөлініп, көшпелі тұрмыс қалпымен сүрген. Бірқатар зерттеушілердің жазбалары бойынша, (Ашмарин, Шахматов және т.б.) әрбір қауым 40-50 жанұядан бірнеше ауылға бөлінген (бір қауымда 250-300 адам) және қоныс аударғанда ауыл-ауыл болып ауысқан, ал бұл жайылымдарды (табиғи малазықтық жерлерді) тиімді пайдалану қажеттілігімен жүргізілген: жердің оттылығы неғұрлым биік және қалың болса, соғұрлым ол жерде мал көп жайылған, жер оттылығы нашар болса, малды көп тұрақтатпаған, ал ақсақалдар ерте бастан әрбір жайылымға мал сыйымдылығын анықтап отырған.
Мал шаруашылығы-ауыл шаруашылығының ежелгі салаларының бірі. Оның даму тарихының тамыры көшпелі кезеннен бастау алады және ол жиырмасыншы ғасырдың басына дейін халық тіршілігінің бірден-бір көзі болып келді.
Өткен жылдар ішінде жағдай түбегейлі өзгерді. Мал шаруашылығы саласын шоғырландыруда, мамандандыруда және қарқынды дамытуда кеңшарлар мен ұжымшарлардың ұйымдастырылуы дұрыс роль атқарды. Бұл процесс жиырмасыншы ғасырдың 50-жылдарының орта шенінен бастап, тың және тыңайған жерлерді көтергеннен кейін, егістік алқаптар ауыл шаруашылығы жерлерінің 15%-ын құраған кезеңде шапшаң қарқынмен жүрді. Астық өңдірісінің өсуімен қатар, сол кезеңдерде ауыл шаруашылығының жалпы өніміндегі үлес 52%-ға дейінгі деңгейге жеткен қоғамдық мал шаруашылығының негізі болып табылатын егістік мал азығын өндірісі де қарқынды дамыды.
Қазақстанның 272,5 млн.гектарды құрайтын жалпы жер көлемінің 222,5 млн.гектарын ауыл шаруашылығы алқаптары алып жатыр. Оның 187,5 млн.гектары маусымдық өріс пен жайылымға пайдаланылады. Көктемгі-күзгі жайылым көлемі 63 млн.гектарды құрайды, ал жазғы жайылым 44млн.га шамасында. Шамамен, 42 млн.га жайылымдықты қой, жылқы және түйе түліктерін жыл бойы жаю үшін пайдалануғаа болады. Аз қнім беретін шыбындық жерлер 4%-ынан астам болса, барлық ауыл шаруашылығы алқаптарының 1,5%-ынан астам тыңайған жерлер.

1. Жайылымдық жердің шүйгінін арттыру жолдары
Табиғи жерлер, шабындықтар мен жайылымдар - облыстың мал-азық қорының негізі. Бұл жерлер малдың жем-шөп қорын тұтынудың 90 пайызын қамтамасыз етеді. Сондықтан жайылым шаруашылығын тиімділігі жоғары болатындай етіп ұйымдастыра білу керек.Бүгінгі таңда мал шаруашылығы жем-шөп қорына тапшы. Жылдар бойы табиғи жайылымды жүйесіз пайдалану оның ескіріп, тозуына әкеп соқтырды. Нәтижесінде мал-азықтық шөптердің өніміндегі бағалы қоректер азайып, орнына аз желінетін, болмаса улы шөптердің орын алуына жол берді.Жылдан жылға жайылым өнімділігі мен мал-азық қоректілігі төмендеп барады.

Табиғи жерлер, шабындықтар мен жайылымдар - облыстың мал-азық қорының негізі. Бұл жерлер малдың жем-шөп қорын тұтынудың 90 пайызын қамтамасыз етеді. Сондықтан жайылым шаруашылығын тиімділігі жоғары болатындай етіп ұйымдастыра білу керек.Бүгінгі таңда мал шаруашылығы жем-шөп қорына тапшы. Жылдар бойы табиғи жайылымды жүйесіз пайдалану оның ескіріп, тозуына әкеп соқтырды. Нәтижесінде мал-азықтық шөптердің өніміндегі бағалы қоректер азайып, орнына аз желінетін, болмаса улы шөптердің орын алуына жол берді.Жылдан жылға жайылым өнімділігі мен мал-азық қоректілігі төмендеп барады. Табиғи жайылым мен шабындық жерлердің орташа өнімділігі құрғақ салмақта гектарына 0,5-3 центнерді құрайды. Жайылымның ескіріп, тозуына тосқауыл жасау, оны қалпына келтіру мен жақсарту - бүгінгі таңның кезек күттірмейтін мәселесі.Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында көрсетілген мал шаруашылығы саласын дамыту тиімділігін арттыру мен ет өнімін сыртқа шығару жөніндегі тапсырысына байланысты жем-шөп қорын дайындау үшін жағдай жасау қажеттілігі туындап отырғаны анық.Соңғы жылдары жайылымды суландыруды кешенді түрде игеру мен оның тиімділігін арттыру жөнінде ешбір жұмыстар жүргізілмеген. Ғылыми негізделген жайылым айналымы жүйесін енгізу мәселесіне де аса көңіл бөлінбей келеді. Жылдан жылға бір ғана жайылым қолданылады, ол жайылымдық шөптердің мал азық сыйымдылығының қалпына келуіне үлгермей, тозып, ескіреді. Сонымен қатар аймақтың құрғауы - ауқымды территорияның ылғалдылық деңгейінің қысқаруы мен топырақтың биологиялық өнімділігінің төмендеуі орын алып отыр.

Тығырықтан шығудың жолы неде? Ең алдымен жайылым мен шабындық жерлердің әрі қарай тозуына, ескіруіне жол бермеу. Табиғи жайылымды жақсартуға ат салысу керек. Оның бір тәсілі - жайылым айналымын іске қосу, ол қандай да бір көп шығынды қажет етпейді.Жайылым айналымынан басқа, ғылыми жасалымдарды да өндіріске енгізудің мезгілі жетті. Ұзақ мерзімді, жоғары өнімділікті, құрғақшылыққа төзімді себілетін жайылымды жасау жөнінде тәжірибе бар, ол мал-азық өнімділігін 2,5-3 есеге арттырады. Құмды жайылымда жабайы шөптерді, негізінен изен мен теріскен шөптерін өсірген жөн. Ол 10-12 метр тереңдіктен ылғалды тартып алуға қабілетті, жаздың ыстық аптадында да күйіп кетпейді, шындығына келсек, жем-шөп қоры ретінде жыл бойына жарай береді.Қар ери салысымен минералды тыңайтқыштарды себу де пайдалы, табиғи шөптердің өнімділігі 2-2,5 есеге артуына ықпал етеді. Мұндай учаскелерде табиғи шөптер бірден күйіп кетпейді. Жабайы өсетін шөптерді себу, оны қоршау, минералды тыңайтқыштар беру жайылымның жақсарып, қалпына келуіне жол ашатын бірден-бір тәсіл болар еді. Мұндай тәсіл жайылым өнімділігін 7-8 есеге арттыруға мүмкіндік береді.Кең байтақ далаға кейінгі жылдары жоғалтып алған табиғат-ананың күш-қуаты мен әсемдігін қайта алып келсек, табиғат-ана да адамзатқа деген өз ырзығын екі есе берері сөзсіз.Құрғақ жайылым аймағының тиімділігі оның суландырылуына тікелей байланысты екендігі де белгілі. Қазіргі таңда мал шаруашылығы дамуының артта қалуының бір себебі табиғи жайылымдарды жеткіліксіз, әрі біркелкі емес түрде суландыру болып саналады.Облысымыздың жайылымдарында 60 % дейін суландыру құрылғылары істен шыққан: су жиналатын әуіттер, мал суаты аумағы мен астаулары, скважинаның павильондары бұзылған; шегенді құдықтар мен түтікті құдықтар бітелген, көміліп қалған; су көтеретін қондырғылар жоқтың қасы және т.б. 1,5-10 лс едәуір су шығымын құрайтын минералданған су көздері шындығына келсек ешбір пайдаланылмайды десек артық айтқандық емес.
2. Ауыл шаруашылық алқаптар дегеніміз - ауылшаруашылық өнімдерін өндіру үшін жүйелі түрде пайдаланылатын жер алаптары. Ауыл шаруашылық алқаптарына: егістік жерлер, көпжылдық екпе ағаштары, тыңайған жерлер, шабындық және жайылымдар жатады.
Шабындыққа - пішен шабу үшін жүйелі түрде пайдаланатын, көп жылдық шөптесін өсімдіктер жамылған жерлер жатады. Олар: суармалы, құрғақ және батпақты болып бөлінеді.
Суармалы деп - өсімдіктердің өзгеруіне әсерін тигізетін, белгілі бір мерзімде сумен суарылатын, өзен, көл жайылымдарында немесе ойпат жерлерде орналасқан шабындықтарды айтамыз.
Құрғақты - бұл негізінен атмосфералық жауын-шашынмен ылғалданатын, жыралар мен сайлардың жазықтығында, баурайларында және су айрықтарының жоғарғы элементтерінде орналасқан шабындықтар.
Батпақтыға - артық сулану жағдайларындағы нашар құрғатылатын тегістелген жолақтық территорияларда немесе батпақ шетіндегі жер бедерінің төменгі элементтерінде орналасқан шабындықтар жатады. Шабындықтың түрі мен жағдайын анықтау барысында ескерілетін маңызды көрсеткіштердің бірі - ондағы өсімдіктердің өсіп-жетілуінің сапасы мен өзгешелігі болады. Шабындықтың құрамы: мәдени, түбегейлі жақсартылған, таза, томарланған және орман аралас (сырты), зиянды ластанған (қоқым басқан), желінбейтін (непоедаемыми) және улы өсімдікті болып бөлінеді.

Мәдени шабындыққа - жүйелі түрде тынайтқыш берілетін және күтім жасалатын, жақсы жер оты құрылған, түпкілікті немесе жер беті жақсартуы жүргізілетін шабындық жатады.
Түпкілікті жақсартылған шабындық-бұл мерзіммен жаңартылып тұратын, жаңа жер оты құрылған, түпкілікті жақсару бойынша шаралар кешені жүргізілуі нәтижесінде пайда болатын шабындық учаскелері (көбірек пішен орып алу мақсатында түпкілікті жақсартылған шабындық). Олар: көпжылдық шөптерді таза түрінде егу бір жылда жүргізілген немесе келесі жылы бұрын егілген дақылдардан кейін егілетін болып бөлінеді.
Таза шабындыққа - бұта, түбір, ағаш және тас сияқтылар жоқтың қасы, оларға учаске ауданының 10% аз бөлігін жабатын учаскелер жатады.
Томарланған, бұталанған және орман аралас шабындықтар күшті және күшсіз болып бөлінеді. Егер оның ауданын 10%-дан 20%-ға дейін, ал томарлар 20%-дан көп жапқан болса күшті томарланған деп айтылады. Күшсіз бұталанған немесе әлсіз орман аралас шабындықтарға учаске ауданының 10%-ден 30%-ға дейін бұталар немесе ағаш өсімдіктері жапқан, ал күшті бұталанған немесе күшті орман араласқанда - ауданның 30%-дан 70%-ға дейін аумағын алып жатады.
Жайылымға - мал жайылымы үшін жарамды және жүйелі түрде пайдаланылатын көп жылдық жер оты өсімдіктері жамылған жерлер кірмейді. Жайылым да шабындық сияқты суармалы, құрғақ және батпақты болып бөлінеді. Жайылымдар: түбегейлі жақсартылған жайылым, мәдени жайылым, отарлық жайылым, суландырылған жайылым болып бөлінеді.
Түбегейлі жақсартылған жайылым - шаруа малдары жайылатын жер оттарын көбейту мақсатында шөп тұқымдары себілген және сексеуіл мен бұталар пайда болған жер учаскелері.
Мәдени жайылым - түпкілікті немесе жер беті жақсартылған, жүйелі түрде тыңайтқыш берілетін, жер отының өсуі жақсарған және уақытымен жайылымға мал айдайтын жайылымдар.

3. Мал азығын өндіру дегеніміз-егістік пен табиғи шабындықтармен жайылымдарда ұйымдық-шаруашылық және агротехникалық жұмыстардың малазықтық базасын құрудың кешенді шаралары.

1. Шалғындық мал азығы шаруашылығы
Шалғындықтың жалпы сипаттамасы. Әр аймақта табиғи шабындық пен жайылымның негізгі типтері. Мал шаруашылығында шалғынның мал азығын өндірудегі орны. Бүгінгі кезеңдегі табиғи шабындық пен жайылымның жағдайы. Ғылымның және ауыл шаруашылығының бір саласы ретінде шалғындық шаруашылығының дамуы мен келешегі. Еліміздегі және шет елдердегі шалғынтану ерекшеліктері. Мал азықтық жерлерді жіктеу оның көлемі. Әртүрлі аймақтарда таралуы. Табиғатта өсу жағдайына және оны пайдалануына қарай шабындық пен жайылымның өсімдік қауымының өзгеруі. Өсімдік қауымының пайда болуына адамзаттың тигізетін әсері: шөп шабу, суару, минералды тыңайтқыштар пайдалану, гербицидтер пайдалану т.б.
Табиғи өсімдік қауымын есепке алу, әр типтеріне ерекше құжаттар толтыру, шабындық пен жайылымдардың өсімдік сапасын анықтау. Табиғатты қорғау міндеттері.

2. Шалғынтанудың биологиялық және экологиялық негіздері
Шабындық және жайылым өсімдіктерінің тіршілік жүйелері және олардың жем шөптік ерекшеліктері. Өсімдіктердің өркен құру және тамыр жаю ерекшеліктері . шабындық және жайылым өсімдіктерінің өніп-өсу, даму кезеңі, оның ұзақтығы. Өсу мерзімі. Өсу мерзімі кезінде өсімдіктердің дамуы, жапырақтардың орналасу ерекшеліктері. Алшынкөк шығу ерекшеліктері.
Өсімдік және тіршілік ортасы олардың ара қатынасы және өзара әсері. Шалғын өсімдіктерінің ылғалға, жылуға, жарыққа және ауаға қоятын талаптары. Өсімдік тіршілігіне топырақтың тигізетін әсері. Шабындық және жайылым өсімдіктерінің тіршілігіне тигізетін биологиялық және ортаның өзгеру факторлары.

3. Табиғи шабындық және жайылымның негізгі өсімдіктері
Табиғи өсімдіктердің мал азығын өндірудегі маңызы. Өсімдіктердің шаруашылық-ботаникалық топтары: астық, бұршақ, қияқ-өлең және аралас шөптер. Мал азықтық өсімдіктерді желінгіштігі, химиялық құрамы, сіңімділігіне байланысты салыстырмалы бағалау.
Астық, бұршақ, қияқ-өлең, күрделігүлділер, шатыршагүлділер, алаботалар, раушан гүлдер, айқышгүлділер, қырықбуындар тұқымдастарына жататын көп тараған өсімдіктердің түрлерінің қысқаша морфологиялық, экологиялық және өндірістік сипаттамалары. Олардың малазықтық қасиеттерін, әр аймақта малға тиімділігін, сіңімділігін бағалау негіздері. Шабындықтың өнімі туралы түсінік, жайылымның мал азықтық көлемі оны есептеу әдістері.

4. Табиғи шабындық пен жайылымды жақсарту әдістері
Табиғи өсімдік қауымын жақсартудың әдістері мен негіздерін қолдану. Шабындық пен жайылымға жеңіл-желпі мәдени-техникалық жұмыстар жүргізу. Сумен қамтамасыз етілуін жақсарту және ретке қою. Табиғи шабындықтар мен жайылымдарды түбегейлі жақсарту және алдын-ала себудің негіздері. Ауыспалы егіс қолдану. Шөп қоспаларының негіздері. Шөп тұқымдарын себу әдістері мен уақыты. Күтіп баптау негіздері.
Үстіртін жақсарту жүйесінің кейбір ерекшеліктері. Өзен алқаптарында екпе шабындықтар мен жайылымдар қолдану. Көлтабандағы табиғи өсімдік қауымын жақсарту. Сортаң жерлердің табиғи өсімдіктерін жақсарту, өнімін көтеру. Шөлейт жерлердің құм басқан жерлерін жақсарту. Таулы жерлердің жартылай шөлейт және шөлейт аймақтарында екпе шабындықтар мен жайылымдар орналастыру.

5. Шабындықтарды және жайылымдарды пайдалану
Жайылым мен шабындықты тиімді пайдаланудың басты теориялық негіздері. Жайылым үлесі, жайылымдық шөптің қоректік құнарлығы және малды жазда жайылымда ұстаудың экономикалық тиімділігі. Жайылымды және шабындықты тиімді пайдалануда қойылатын негізгі талаптар. Жайылым сыйымдылығы. Жайылымды пайдалану, шабындықты пайдалану жүйелері. Ауыспалы жайылым және шабындық айналымын енгізу.
Көк балауса конвейері, маңызы және түрлері. Көк шөп пайдалану әдістері. Мәдени жайылымдар мен шабындықтар.

4. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мал азығын өндірудің алға қойған мақсаттары және агрономиялық негіздері
Қазақстан Республикасы бойынша жайылым мен шабындық жерлердің жағдайы,көлемі,өнімділігі.
Қазақстан Республикасының жайылымдық жер ресурсына кешенді – географиялық баға беру
Нысанның табиғи – климаттық және шаруашылықтық жағдайлары туралы ақпарат
Жасыл азық
Ірі азықтар
Мал азықтық бақша дақылдары
Малазықтық дақылдардың агробиологиялық ерекшеліктері
Малазықтық дақылдар және олардың сипаттамасы
Шабындық пен жайылымдық өсімдіктердің биологиясы
Пәндер