Лимфа бездері


ШЖҚ ’’ПАВЛОДАР ЖОҒАРЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ’’КМК
реферат
Орындаған: Багзат Досжан
120 группа ( медсестра общий практика)
2020-2021 ж.
Жоспар:
1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
Иммунитет
Иммунитет түрлері
Қорғаушы заттар, антиденелер
иммундық жүйенің ерекше қызметтері мен қасиеттері
Організмді қорғау механизмдері
Фагоцитоз процесі
Иммунды - Микробиологиялық әдістер Вакциналар
Иммунитет төмендегенде пайда болатын аурулар
3. Қорытынды
4. Пайдаланылған әдебиеттер
Адамзат пайда болғаннан бері жұқпалы аурулардан адамдардың қырылғаны туралы көптеген мәліметтер бар . Оба ауруы бәрінен қауіпті болған . 1347-1950 жылдары обадан Шығыста 23 млн . , Еуропада 25 млн адам опатқа ұшыраған. Сондықтан обаны « қара ажал » атаған . Оба ауруы жер шарын кең аралаған ауру . 1830 жылы Москвада Обамен ауырған 8000 адамның жартысы өлген . 1907 1909 жылдары обамен 250 мың адам ауырып, оның 122 мыңы өлген . Жұқпалы аурулар халық арасында, әсіресе соғыс, аштық немесе табиғи апат кездерінде кең тараған . Қызылша, көкжөтел, сал аурулары екі жасқа дейінгі балалардың көпшілігіне ажал болған .
ХХ ғасырдың ортасынан бастап адамзат көптеген жұқпалы аурулар дан құтылды . XIX ғасырдың аяғында француз ғалымы Луи Пастер жұқпалы аурулардың қоздырушысы микробтар екенін анықтады . Жұқпалы аурулармен барлық адам бірдей ауыра бермейді . Қызылша, құрөзек, бөртпе, көкжөтел, сүзек сияқты аурулармен бір рет ауырған адам өмір бойы бұл аурумен ауыр майды, немесе ауру өте жеңіл өтеді .
Көп адамдар ауруды жұқтырып алса да ауырмайды, себебі - адам ауырғаннан кейін оның денесінде сол жұқпалы ауруға қарсы тұратын қабілет - иммунитет пайда болады . Иммунитет адам денесіндегі иммундық жүйеде қалыптасады . Денені бөгде заттар мен жасушалардан ( микробтар, вирустер ) , немесе дененің өзінде болған зиянды заттардан ( қатерлі ісік жасушалары ) қорғауды қамтамасыз етуші лимфоид мүшелер жиынтығы “иммундық жүйе " деп аталады .
" Иммундық жүйе " дененің бүтіндігін, ішкі ортасының тұрақтылығын, знан ды, бөгде заттарға қарсы тұру, оларды қабылдамау қасиетімен қамтамасыз етеді . Иммундық жүйенің басқа жүйелерден өзгешелігі :
1 ) Ол бүкіл денеге жайылып орналасқан ;
2 Оның жасушалары қанның құрамында бүкіл денені шарлайды ;
3 ) Енген бегде затқа тән, содан ғана қорғайтын ерекше антидене болады . Бұл жүйеге сүйектің қызыл майы, айырша без ( тимус ) , кокбауыр, тыныс алу, ас қорыту жолдарының бойындағы лимфа түйіндері, соқыр ішектің курга ұқсас өсіндісінің айналасындағы лимфа түйіндері және баламша бездер кіреді . Иммундық жүйенің лимфоциттері, плазмоциттері және макрофагтары дененің иммундық қорғанысын қамтамасыз етеді . Лимфоциттер үздіксіз қозғалыста бо лып денеде иммундық бақылау жүргіз еді . Иммундық жүйенің жасушалары қан лимфа тамырлары арқылы үздіксіз қозғалыста болады . Олар бегде жасушалар ды тез таниды .
Иммундық жүйе орталықтағы және шеткерідегі болып бөлінеді . Иммундық жүйенің орталығы жіліктің қызыл майы, айырша без, көкбауыр.
Шеткерідегі иммундық мүшелерге жұтқыншақтағы Пираrов - Вальдейер қалқасының лимфа бездерінің шоғыры, ас, тыныс алу жолының қабырғасындағы лимфа түйіндері жатады . Иммундық жүйенің барлық мүшелерінің қызметі нейрогуморалдық жолмен реттеледі .
Сүйек майы ( костный мозг, medulla osseum ) қан жасап шығарушы мүше, иммунитет орталығы . Жаңа туған нәрестенің сүйегінде тек қызыл май болады . Баланың 4-5 жасында жілік сүйектердің ортасындағы қызыл май сары майға айнала бастайды . Ересек адамның жілік сүйектерінің тек эпифизінде қызыл сүйек майы болады . Кызыл сүйек майы құрамында ретикуляр және гемопоэтин эленметтері бар, миелоид ұлпалардан тұрады . Бұл ұлпаларда қанның барлық асушаларны " аналық " діңгек жасушасы орналасқан . Қызыл сүйек майынан аналык діңгек жасушалар ( стволовые клетки ) қан тамырлар арқылы басқа имамдык мүшелерге тасымалданады . Иммундық мүшеде қан жасушалары белгіленіп жетіледі . Қанның " аналык " діңгек жасушасы сүйектің қызыл майынан айырша безге барып дамиды . Бұл жасушалар фагоцитозға қатынасады .
Айырша без Т - лимфоциттердің орталық мүшесі болып саналады . " Аналық” діңгек жасуша - даму сатысында айырша безден басқа иммундық жүйесінің шет нерідегі мүшелеріне барады . Құстарда иммундық жүйе Фабрициус қапшығына (bursa) жиналады . Сондықтан бұл жасушалар В - лимфоциттер деп аталады . Адамда B - лимфоциттердің дамып жетілетін иммундық мүшесі соқыр ішектің құртқа ұқсас өсіндісінің айналасындағы лимфа түйіндері мен сүйек майының өзі болып саналады . В - лимфоциттер лимфа түйіндері, көкбауырда жетіледі . Оларда иммуноглобулиндер пайда болады.
Айырша без (вилочковая железа, thymus) . Көкірек қуысының жоғарғы бөлігінде төс сабының артында. Бездің салмағы мен көлемі жасқа байланысты өзгереді. Айырша без дәнекер ұлпасы қабықпен қапталған. Қабықтан бездің ішіне тармақтар тарап, безді бөліктерге бөледі. Әрбір бөліктің милы және қыртысты қабаты бар. Әрбір бөлік Т - лимфоциттер мен тор тәрізді өсінділері бар безді кілегейден тұрады. Бездің қыртысты қабатында лимфобластар болады. Т - лимфоциттер безден қанға өтеді, одан көкбауырға барып, жетіліп, қайтадан безге келеді. Айырша без иммунитеттің орталығы және қан жасап шығарушы мүше. Айырша безге сүйек майынан лимфобласттар келеді, безде олар белсенді Т- лимфоциттерге айналады. Айырша бездің гормоны тимозин қан жасап шығаруға, көмірсу алмасуына, кальций фосфор тұздарының алмасуына, дененің өсуіне әсерін тигізеді.
Айырша бездің жасушалары лимфоциттер (тимоциттер) макрофагтар, гранулоциттер. Лимфоциттер милы қабатқа қарағанда қыртысты қабатта орналасқан. Милы қабатта айырша безге тән дәнешелері болады. “ Аналық” діңгек жасушалар қыртысты қабатта дамиды, антидене пайда болады, сонымен бірге айырша без эндокриндік қызмет атқарады.
Шеткердегі иммундық мүшелер
Асқорыту, тыныс алу жолдарының бойындағы лимфоид бездер Бадамша бездер ( миндалины, tоnѕіllae ) тыныс алу, ас қорыту жолдарының басталатын мүшелеріндегі лимфоид бездер жиынтығы .
Тіл лимфа безі тілдің түбірінде, шырышты қабатының астында 80-90 майда томпақтар түрінде орналасқан . Томпақтардың аралығы шұңқырланып, оларға бездің өзектері ашылады .
Таңдай лимфа бездері , таңдай-тіл мен таңдай-жұтқыншақ қатпарның аралығында орналасқан жұп без. Таңдай бездерінің ашық бетінде 20 жақын криптарлары бар. Лимфоциттер бездің тереңінен бездің бетіне еркін шығады.
Жұтқыншақ (аденоид) безі жұтқыншақтың артқы қабырғасының жоғарысында, жұтқыншақ күмбезінде орналасқан. Бездің үстінен жұтқыншақтың шырышты қабаты қатпарланып тұрады. . Бездің өзегі қатпарлардың арасына ашылады .
Түтік бездері жұтқыншақтың мұрын бөлігінде, есіту түтігінің айналасында . Осы жерден түтіктің білігі жақсы көрінеді. Бала мен жасөспірімнің соқыр ішегінің құртқа ұқсас өсіндісінің айналасындағы лимфа бездері саны 450-550 - дей . Лимфа бездері ішектің шы рышты қабатының астында, шырыш асты негізінде орналасқан . 20-30 жастан кейін бездің саны азаяды . 60 жастан асқан адамда без өте сирек кездеседі.
Жеке орналасқан лимфа бездері . Көмекейдің, кеңірдектің, бронхтардың, жұтқыншақтың, асқазан, жіңішке, жуан ішектердің, өт қуығының шырышты қабатының астында орналасқан лимфа бездері . Олардың айналасын ретикуляр талшықтары қоршап, айналасындағы мүшелерден бөліп тұрады .
Лимфа бездері . Иммундық жүйедегі ең көп кездесетін мүше . Олар лим фа тамырларының, ағымдарының бойында орналасқан . Лимфа бездерінің пішіні сопақ, бұршақша, ұзынша, жұмсақ болады . Түрі бозғылт сары, май түйіршігіне ұқсайды . Бездің дөңес және ойыс шеті бар . Ойыс шетінде қақпасы болады . Қақпадан артерия, жүйке кіріп, вена және лимфа тамырлары шығады . Бездің дөңес бетіне кіруші лимфа тамыры жанасады . Лимфа безі сыртынан дәнекер ұлпалы қабықпен қапталған . Қабықтан бездің ішіне қарай өсінділер кіреді . Без екі қабаттан тұрады : қыртысты, милы . Қыртысты қабаты милы қабатына қарағанда түсі қоңырлау болады . Милы қабатта лимфамен толған қуыстар бар . Бездің ішіндегі қуыстарда лимфа сұйықтығы айналады . Лимфа бездері лимфаның ағуын реттейді, лимфадағы бактерия, бөтен зат тарды ұстап қалады, лимфоциттердің дамуына, жетілуіне қатынасады, анти дене пайда болады .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz