Фарфор бұйымдарының шығу тарихы


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 36 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Кенжебаева Ж. Б.

ФОСФАТ ШИКІЗАТТАРЫНАН ФАРФОР АЛУДЫҢ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІН ЖАСАУ

Мамандығы: 5B072000-«Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы»

Алматы, 2020

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Жалпы және бейорганикалық химия кафедрасы

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: «Фосфат шикізаттарынан фарфор алудың технологиялық негіздерін жасау»

5B072000-«Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы»

Oрындaғaн:

4-курс студенті Кенжебаева Ж. Б.

Ғылыми жетекші:

х. ғ. к., доцент Рыскалиева Р. Г.

Қорғауға жіберілді

Хаттама №___, ___ «__» 2020

Кафедра меңгерушісі,

х. ғ. к., доцент Ниязбеава А. И.

Нoрмa бaқылaушы: Рыскалиева Р. Г.

Алматы, 2020ж

ТҮЙІНДЕМЕ

Дипломдық жұмыс 40 беттен, 3 кестеден, 3 суреттен және 40 әдебиет көзінен тұрады.

Кілт сөздер: ФАРФОР, ФОСФАТ, ҚЫШҚЫЛДЫҚ БАЙЫТУ, ТҰНДЫРУ.

Жұмыстың мақсаты: Өндіріс қалдықтарын пайдалана отырып, фарфор алудың технологиялық негіздерін жасау.

Жұмыстың міндеттері:

1. Фосфат шикізаттарының химиялық құрамын анықтау;

2. Фосфор қышқылды ерітіндіден тұндыру процесі кезінде тазартылған дикальцийфосфатты синтездеу;

3. Кальций фосфатын фарфор өндірісінде қолдану мүмкіндіктерін қарастыру.

РЕФЕРАТ

Дипломная работа состоит из 40 страниц, 3 таблиц, 3 рисунков и 40 использованных литератур.

Ключевые слова: ФАРФОР, ФОСФАТ, КИСЛОТНОЕ ОБОГОЩЕНИЕ, ОСАЖДЕНИЕ .

Цель работы: разработка технологических основ получения фарфора из фосфатного сырья.

Задачи исследования:

1. Переработка фосфатного сырья на фосфат кальция.

2. Синтез дикальцийфосфата.

3. Исследования возможности применения фосфата кальция в производстве фарфора.

АBSTRАСТ

The thesis consists of 40 pages, 3 tables, 3 images and 40 references.

Keywords: PORCELAIN, PHOSPHATE, ACID ENRICHMENT, PRECIPITATION .

Purpose: development of technological bases for obtaining porcelain from phosphate raw materials.

The following tasks are set to achieve this goal:

1. Determination of the chemical composition of phosphate raw materials, decarbonization.

2. Enrichment of Phosphorous raw materials by acid decomposition.

3. Neutralization of enriched phosphorous ore with calcium oxide methods of research and installation: analytical scales, ph meter, thermometer, x-ray phase analysis, decarbonization, acid decomposition, precipitation analysis.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
77
: 1
КІРІСПЕ: әДЕБИ ШОЛУ
77: 88
: 1. 1
КІРІСПЕ: Фарфор бұйымдарының шығу тарихы
77: 8
: 1. 2
КІРІСПЕ: Қазақстандағы фарфор өндірісі
77: 11
: 1. 3
КІРІСПЕ: Керамикалық бұйымдардың физикалық және химиялық қасиеттері
77: 13
: 1. 4
КІРІСПЕ: Керамикадағы фосфат шикізаттарының рөлі
77: 18
: 1. 5
КІРІСПЕ: Фарфор алудың технологиялық негіздері
77: 20
: 1. 6
КІРІСПЕ: Фосфат шикізаттарының сипаттамалары және оларды өңдеу әдістері
77: 21
: 2
КІРІСПЕ: ТӘЖІРИБЕЛІК БӨЛІМ
77: 26
: 2. 1
КІРІСПЕ: Фосфориттер мен минералдар
77: 26
: 2. 2
КІРІСПЕ: Тазартылған дикальцийфосфат алу шарттарын зерттеу
77: 28
: 2. 3
КІРІСПЕ: Кальций мен магнийді анықтау
77: 30
:
КІРІСПЕ: ҚОРЫТЫНДЫ
77: 32
:
КІРІСПЕ: ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
77: 33
:
КІРІСПЕ: ҚОСЫМШАЛАР
77: 36
:
КІРІСПЕ:
77:
:
КІРІСПЕ:
77:

КІРІСПЕ

Жұмыстың өзектілігі. Қазіргі кезде біздің уақытта республикамызда жаңа бейорганикалық материалдар, фарфор, шыны кристалдды материалдар өндірісі үшін табиғи да, техногенді де шикізат базасы бар. Техногенді шикізат құрамында көбінесе негізгі компоненттер мөлшері, табиғи шикізатқа қарағанда көп болады. Осындай қалдықтардың бірі - сары фосфор өндіру кезіндегі шикізатты термиялық дайындау процесінде түзілетін фосфорит үйінділері болып табылады. Қазақстанның оңтүстігіндегі фосфор зауыттарының қалдықтарында 5, 5 млн тоннаға жуық фосфорит үйінділері жинақталған. Осы проблемаларды шешудің бір жолы Қаратау фосфат шикізаттарын фарфор өндірісімен байланыстыру, себебі осы кезге дейін фарфор өндірісінде қолданылаты шикізаттар басқа жақтардан әкелінетін. Фарфор өндірісінде табиғи және синтетикалық фосфаттарды пайдалану шикізат базасын кеңейтуге, күйдіру температурасын төмендетуге және олардың физикалық-механикалық қасиеттерін жақсартуға мүмкіндік береді.

Фарфор сапасы қолданылатын шикізатқа байланысты және шикізатты ерекше дайындау мен оның тазалығын талап етеді. Керамикалық массаны күйдіруде ондағы карбонаттардың болуы газ түзілуіне әкеледі де, бұл микроқұрылымға кері әсерін тигізеді. Осыған байланысты шикізат құрамындағы карбонаттар мөлшері фарфор үшін минималды болуы тиіс және декарбонизация температурасы 1000°С-ден жоғары болмауы керек.

Сондықтан да біздің жұмысымыздың мақсаты өндіріс қалдықтарын пайдалана отырып, фарфор алудың технологиялық негіздерін жасау.

Жұмыстың міндеттері:

1. Фосфат концентратын кальций фосфатына өңдеу;

2. Фосфор қышқылды ерітіндіден тұндыру процесі кезінде тазартылған дикальцийфосфатты синтездеу;

3. Кальций фосфатын фарфор өндірісінде қолдану мүмкіндіктерін қарастыру.

Осы мақсатта жүргізілген зерттеулер зертханалық пеште жүзеге асырылды. Фосфат шикізаттарын термиялық жолмен дайындау біршама энергия шығынын талап етеді және темір қосылыстаарынан тазалауды қарастырмайды.

Зерттеу тақырыбы бойынша жарияланған еңбектер.

Дипломдық жұмыс нәтижелері бойынша «Фараби әлемі-2020» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық ғылыми конференциясында «Фосфат шикізатынан фарфор алудың технологиялық негіздері» тақырыбында 1 тезис жарияланды.

1 ӘДЕБИ ШОЛУ

1. 1 Фарфор бұйымдарының шығу тарихы

Фарфор - су мен газды өткізбейтін ақ түсті, тығыз керамикалық материал. Фарфор өндіру ісі VІ - VІІ ғасырларда Қытайда пайда болған. Ал Европада фарфор өндіру ісі тек ХVІ ғасырдан бастап қолға алынған. Әдетте фарфор - ыдыстар, көркем, сәндік бұйымдар жасау үшін қолданылған. Ресей императоры І Петр тұсында қышты өңдеп, одан өте жұқа фаянс ыдыстарын шығаруға әрекет жасалады. Сөйтіп Ресейде ыдыс шығаратын Императорлық зауыт құрылады. Сол кезеңде фарфор мен фаянс сияқты нәзік материалдардан сәнді ыдыстарды жасап шығаратын зауыт жалғыз болған. Әрі зауыт өнімдері тек қана император сарайын қамтамасыз еткен.
ХVІІІ - ХІХ ғасырдарда Императорлық фарфор зауытымен қатар шыны ыдыстарын жасайтын жеке зауыттар ашыла бастайды. Олардың ішінде фарформен айналысатын Гарднер, Кузнецов, Попов зауыттарының аты кеңінен таралады.

Әйгілі Гарднер - Кузнецов зауытының тарихы 250 жылдан астам уақытты қамтиды. Бүгінде ол Дмитриев фарфор зауыты деп аталады. Бұл зауыттан шығатын өнімдердің бетіне бұғы басы бейнеленіп, «В» әрпі жазылған. Бұғы - ежелгі орыс қаласы Дмитриев жанындағы жануарлар әлеміне толы ну орманды бейнелесе, «В» әрпі - Дмитриевтен 24 шақырым жерде орналасқан «Вербилки» ауылының бас әрпі. Мұнда 1766 жылы фарфор шығаратын орыстың тұңғыш жеке кәсіпорны құрылған.
1746 жылы Англиядан Ресейге Франц Яковлевич Гарднер есімді ағылшын кәсіпкері көшіп келеді. Ол алғашқы жылдары ағаш сату ісімен айналыса жүріп, тұрғылықты жердің нарығын мұқият зерттейді. Нәтижесінде халықтың тұрмысына қажетті ыдыс шығаруды шешіп, фарфор шығаратын жеке өндіріс құрады. 1892 жылы Гарднер өзі құрған кәсіпорынды Ресейдің белгілі кәсіпкері М. С. Кузнецовқа сатады.
ХІХ - ХХ ғасырлар - М. С Кузнецов фирмасы дамуының алтын кезеңі болды. 1889 жылы құрылған Кузнецовтың фарфор және фаянс бұйымдарын шығаратын серіктестігі 1895 жылға қарай Ресейдің ең ірі өндіріс орнына айналды. Оның Дулевский атты негізгі заводы 20 жыл ішінде Ресейдің ең ірі фарфор өндірушісіне айналды. Ресейдің ең ірі қалаларында ашылған сауда үйлерінің қызметі, бүкілресейлік жәрмеңкелерге әрдайым қатысу, Европа нарығын бақылау, міне осының барлығы әртүрлі талғамға сай бұйымдар шығаруға мүмкіндік берді [1] .

Кузнецов зауыттарының, әсіресе Дулевскийдің фарфор мен фаянс ыдыстарын жасап шығарудағы дәстүрлері осы уақытта қаланып, комерциялық бағытта өрбіді. Өндірістің басты қозғаушы күші - жалпыхалықтық сұраныс еді. Дулевский зауытының есігі өндірістің жаңа бағыттары, жаңа дизайн секілді жаңалыққа әрқашан ашық болды. Бір нәрседен қалыс қалмай, заманға сай өзгеру Кузнецов зауыттарының ең негізгі мақсатына айналды. Тіпті жаңа стиль іздеу бағытында Строганов училищесінде сурет салудан байқаулар өткізіліп, жеңімпаздарға Кузнецовтың өзі сыйақылар беріп тұрды.
Кузнецов өз фирмасының өндіріс пен сауда саласын жақсарту бағытында көп жұмыс атқарды. Фарфордың техникалық сапасы жоғарылап, кварц, шпат, каолин секілді материалдар шетелден тазартылып, өндіріске әзір күйінде жіберілетін болды.

Әдетте бұл зауыттан шығарылатын ыдыстар жеңіл, ақ, сары, жасыл түстердің қосындысынан тұрған. Көбіне бұл зауыт ыдыстарына гүл, өсімдік, қамыс арасындағы нимфалар бейнесі мен әртүрлі жеміс - жидек бейнелері суреттелген.
1812 жылы Отан соғысынан кейін Кузнецов зауыты ыдыстарының суреттерінде жауынгерлер, соғыс карикатуралары салына бастайды.
ХХ ғасырдың басында Кузнецов зауыттарынан шыққан бұйымдардың негізгі ассортименті қалыптасты, олар 1925 - 1926 жылдарға дейін шығарылды. Дулевский зауытында қандай ыдыстар шығарылмады десеңізші! Шай ішетін кеселердің 370 - тен астам түрлері, бокалдың 60 түрі, шай сервизінің 112 түрі, 20 - кофе ішуге арналған, 23 - асханалық, 20 - шай ішуге арналған, 16 - қант салғыш, 14 - қаймақ құятын, 30 - май салғыш, сонымен қатар жеміс - жидек, көкөніс салуға арналған ыдыстар, майшамның астына қоятын ыдыстар, шылым қалдықтарын салуға арналған ыдыстардың көптеген түрлері шығарылды [2] .

1917 жылы Кеңес үкіметі орнағаннан кейін Императорлық, Кузнецов зауыттары Мемлекеттік зауыттар деп аталған. Мұнда шығарылатын ыдыстарға суреттер негізінен үгіт - насихат түрінде берілген. Табақшаның бетіне орақ пен балға, егін, Қызыл Ту, шаруа, жауынгер, жұмысшы әйел суреттерімен қатар әр түрлі үгіт мағынасындағы сөздер, қала атаулары жазылатын болған. 1937 жылы мұнда арнайы көркемөнер зертханасы құрылады. Онда авторлық жұмыстар жарық көретін болған.
Бір кездері, Алаш қайраткерлерінің Мәскеуде білім алғанын ескерсек, әйгілі Кузнецов ыдыстарын алғаш рет тұтынған да қазақ зиялыларының отбасы болатын. Сырым топырағынан түлеген көздері ашық, көкірегі ояу Жаһанша, Халел Досмұхамедовтар сынды жалынды жастар бұл үрдістен қалыс қалмай, қолөнер бұйымдарын соның ішінде Кузнецов ыдыстарын елге әкеліп, пайдаланғаны мәлім.

Батыс Алашорда көсемі Жаһанша Досмұхамедұлының туғанына 125 жыл толуына орай Батыс Алашорда қайраткерлеріне арналған музей көрмесін жасақтау барысында зиялы қауым өкілдерінің тұрмыс - тіршілігін бейнелейтін экспозицияға Батыс Қазақстан облыстық тарихи - өлкетану музейі қорынан Кузнецов ыдыстары арнайы әкелініп, қойылған болатын. Жаһанша тойының қонақтары қоғам қайраткері Е. Карин, Мәскеу қаласынан арнайы ат терлетіп келген тарихшы, алаштанушы Дина Аманжолова, Батыс Қазақстан облысының әкімі Н. А. Ноғаев сынды қазіргі қоғамымыздың зиялы өкілдері формасы мен түсі ерекше жасалған әдемі ваза, қант салатын ыдыс, қазақтың төрт түлігінің бірі қошқар бейнеленген кәдесыйы секілді асылдың сынығындай болған жәдігерлердің тарихымен танысып, қолөнер бұйымдары мен оны жасаушы шеберлер өнеріне таңданып, бұл бұйымдарға ерекше көңіл бөлді.
Ия, заман жаңарып, қоғамға елеулі өзгерістер ене бастаса да, қолөнер бұйымдары мен оны жасаушы шеберлер өнері күні бүгінге дейін бәрімізді таңқалдыруда [3] . Бұндай сәнді ыдыстар тек қана үлкен икемділікті, шыдамдылықты, төзімділікті талап ететін қолөнердің нағыз майталмандары қолынан шыққаны сөзсіз!

Соңғы уақытта елде ұмытылған фарформен жұмыс өнерінің танымалдылығының өсіп келе жатқан балалар осы қолөнерге қызығушылық танытуда. Ресейдің көптеген қалаларында Фарфор және фаянстың сурет салу мектептері ашылды. Онда оқушылар көптеген қызықты нәрселерді біледі. Оларға Фарфор өндірісінің тарихы туралы ғана емес, сонымен қатар түрлі техникаларда материалдарды суреттеуге үйретеді. Қолөнерді қайта түлетудің заманауи тенденциялары орыс мәдениеті мен әдет-ғұрыптарын қайта түлетуде маңызды болып табылады, бұл қоғамдық дүниетанымның керемет маңызды бөлігі болып табылады. Фарфор мен таңбалар тарихы ересектерге ғана емес, балаларға да қызықты болуы мүмкін.

1. 2 Қазақстандағы фарфор өндірісі

Қазақтың ыдыс аяғы бүгінде төрден ығысып, босағадан орын тепті. Олай деуімізге негіз де жоқ емес. Үйде болсын, дәмханада болсын алдыңызға келген асыңызды салатын ыдыс-аяққа бір мезет көңіл аударып көріңізші. Тәрелкеңіз ресейдікі, кесеңіз бельгияныкі, «тамақ тасымалдаушы»-қасығыңыз қытайдыкі, самаурыныңыз ресейдікі. Алтынмен апталып, күміспен күптелген небір ыдыс-аяқтар дастарханымыздың төрінен орын алғаны рас.

Кейбір ыдыстар топтамаының бағасы тіпті миллион теңгеден асып жығылатыны бар. Сваров тастарымен өрнектелген, көздің жауын алардай жалт-жұлт еткен сол ыдыс-аяқтардың төркіні Қазақстан емес. Теңіз асып, тау асып шетелден келеді. Жапондық, германиялық, бельгиялық ыдыстар бүгінде төрден орын бермейтін болған. Ұятты қонағына қашанда әсем ыдыспен ас ұсынуды ұнататын ұлтымыз үшін әрине жарқыраған дүние керек. Ал ұлттық жарқырауық ыдыс табақтар өзімізде өндірілмейтіні белгілі [4] .

Тасқа басылған тарихымыздан білетініміз, қазақтың күнбе күн қолданатын ыдыс-аяқтары ағаштан жасалған тостағандар, табақтар, астаулар, ожаулар, қасықтар, жез құмғандар, теріден жасалған торсықтар болған. Ағаштан жасалғандары күні бүгінге дейін қолданыстан шықпағанымен жезден, теріден жасалғандары жеткен жоқ. Болған күннің өзінде де олар музейлердің төрінде тұр. Мәселен, қымызға арналған теріден тігілген саба мен мес бүгінде қымыз бизнесімен айналысатын ауылдарда арагідік болса да бар. Осы сабаның да түр-түрге бөлінетінін көпшілік біле бермейді. Мысалы, «бес биенің сабасы», «тай жүзген» деген екі түрі болған. Сүйретпе аттысын қымыз ашыту үшін ақ түйенің мойын терісінен тіккен. Қонақ күтудің мәнісін білетін қазақ халқы құрметті мейманына қымызды мес пен сүйретпеден құюды аса үлкен айып көрген. Сондықтан да тек сабадан ғана құйып берген. Бүгінде кәдесый ретінде жасалып жүрген торсықтардың неше түрлісі бар. Оны эксклюзивті ұлттық қолөнердің қайталанбас үлгісі деуге де болады. Мұндай ыдысты өзге халықтардың ұлттық ыдыс аяқ коллекциясынан таба алмайсыз. Тек бізде ғана бар. Саба аяқ, піспек, астау, табақ, тегене, шара аяқ, тостаған, ожау, қасық, күбі, ағаш шелек, келі, келсап дегендерің бүгінде тарих парақтарында ғана бар. Ата-бабаларымыздың күміс ыдыс аяқтарды да қолдан жасағаны белгілі. Күмістің адам ағзасына пайдасы зор екенін білген халқымыз күміс ыдыстан тамақ ішіп, күміс әшекейлер таққан. Оның бәрін әрине, Ресейден алдырып отырған. Ең алғашқы күміс ыдыстар сервизі 1711 жылы І Петрдің жарлығымен арнайы Қару жарақ палатасында жасалған екен. Жәңгір хан өмірден озғаннан кейін Орынбор генерал-губернаторы арнайы адамдар жіберіп хан үйінің тұтынған заттарын тізімге алған. Олардың көбісі күміс ыдыс-аяқтар болған. І Петр патшаның тұсында фаянс ыдыстарын шығаратын императорлық зауыт құрылады. Осылайша ыдыс-аяқ дәуірі басталады. Атағы алысқа кеткен Гарднер-Кузнецов зауыты 250 жылдан астам уақыттан бері жұмыс істеп келеді. Мұнда 1766 жылы фарфор шығаратын орыстың тұңғыш жеке кәсіпорны құрылған. Қазақстанда фарфор, фаянс ыдыстарын Ақмола облысындағы «Целфар» АҚ фарфор зауыты мен Қапшағай фарфор зауыты шығарады. Бұл зауыттарда шығыстық үлгідегі шыны-аяқтар, табақтар, құмандар, кеселер, кофе сервиздері шығарылады. Орал қаласында өткен ғасырдың 70-ші жылдары қыштан ыдыс жасап шығартын кәсіпорын жұмыс істеген. Бүгінгі күні пластмассадан жасалған табақтар шығаратын «Пластик» зауыты жұмыс істейді. Өзге аймақтарда да ыдыс-аяқ әлеміне үлес қосып отырған шағын-шағын ғана цехтар жұмыс істейді. Алайда олардың өнімі шетелдік тасқынның астында қалып отыр [5] .

Ал шәйді баптап қайнататын самаурын да Ресейдің Тула қаласынан әкелінеді. Тек самаурын шығаратын ресейлік «Штамп» зауыты жыл сайын 1, 5 миллионнан астам өнімін экспорттайды екен [6] .
Қазақстанда фарфор зауыты кеңес үкіметі кезінде екі қалада жұмыс істеген. Олар Қапшағай және Көкшетау фарфор зауыты. Көкшетау фарфор зауыты 36 жыл бұрын құрылды. Көкшетау қаласы тарихы мұражайының ақпараты бойынша, 1984 жылдың желтоқсанында оның алғашқы өнімі - сыйымдылығы 370 текше см кесе шығарды. Зауыт ашылғаннан кейін бес жылдан соң өнім шығаруды арттыруда алға жылжыды. Осы кезеңде зауыттың ассортименті күрделі конфигурациялы жұқа қабырғалы, жоғары көркемдік бұйымдарды алуға мүмкіндік беретін 49 бұйымның атауын, оның ішінде 15 - і шликерлі құю әдісін (қыш дөңгелекті немесе қолмен қалыптауды пайдаланбай, қалыпқа құю жолымен қыш бұйымдарын дайындау техникасы) қамтиды. Шай, асхана ыдыстары, дәмдеуіштерге арналған 12 түрлі жиынтықтар мен сервиздер шығарылды. Осыдан отыз жыл бұрын, 1989 жылы зауыт ұжымы үшін кәсіпорын дайындаған қымыз жиынтығы Республикалық жоғары көркемдік бұйымдар конкурсында жоғары баға алғандығы туралы хабар маңызды оқиға болды. Оны А. Шевченко және Т. Шеховцова құрастырды. Ол тек Көкшетауда ғана дайындалған. Қапшағай фарфор зауытының бірінші директоры Анатолий Григорьевич Выборный, жас ұрпақтың ғажайыптар жасауға және болашақтан қорықпай нық қадамдар жасауына зор мүмкіндіктер туғызды. Сол кезде Мәскеу, Орал, Қиыр Шығыс, Украина мамандары бейтаныс Қапшағай қаласына отбасыларымен келді. Кәсіпорынның іске қосылуы кезеңінде мұнда он екі адам жұмыс істеді, бірнеше жыл ішінде саны 350-ден астам маманға дейін өсті.

Ең жақсы жағынан адамдар ғана емес, жабдықтар да жақсы жұмыс істеді. Қазақстанның Фарфор өнеркәсібінің Қапшағай флагманының цехтары барлық Кеңес Одағында болмаған ең тамаша жабдықтармен жарақтандырылған болатын.

Қазіргі уақытта "Қапшағай фарфор" ЖШС Қазақстан Республикасы нарығында фарфор өнімдерін өндіруді тоқтатқан.

Шығарылаған өнім өнер, нәзік өнер және мәдени мұраның үлгісі болып табылады. Өнім өте жақсы сапамен, Шығыс және еуропалық стильде қызықты декормен және қолайлы бағамен ерекшеленген [7] .

1. 3 Керамикалық бұйымдардың физикалық және химиялық қасиеттері

Керамикалық бұйымдардың ішінде фарфордан жасалған өнер туындылары жоғары бағаланады, сондай - ақ қыш өндірісінде ең күрделі бұйымдар тобы болып саналады, өйткені фарфорды өңдеу оңай емес, тек шыны үрлеудің шеберлігі онымен қауіптілік пен күрделілігі бойынша салыстырылуы мүмкін. Әсіресе керамиканың түрі ретінде фарфор - ең асыл материал. Басқа материалдардың көпшілігіне қарағанда, ол әр түрлі түрлерге ие, олардың әрқайсысы үшін ерекше өңдеу шарттары бар [8] .

Керамикалық бұйымдар жасайтын шикізат массасы әдетте пластикалық (саз, каолин) және пластикалы емес материалдардан (азайып немесе күйіп кететін үстемелер, балқитындар) құрайды. Саздар мен каолиндерді сазды материалдар деген бір атпен біріктіреді. Бір қатар қолтума күйдірме материалдарды өндіруге диатомиттерді, трепелдерді, сондай-ақ таза немесе саз қосылған сланцыларды, енін өзгертуші және т. б. үстемелерді пайдаланады.

Сазды материалдар және олардың керамикалық қасиеттері. Саздар жұқа жерлік құрылымдағы шөгінді тау жынысы болып табылады. Олар сумен араласқанда, өздерінің минералогиялық және химиялық құрамына тәуелсіз, иілмелі созылмалы қамыр түзе алады, күйдірген соң суға төзімді және беріктік тас түріндегі денеге айналады. Негізінен дала шпаты жыныстарын желдетудің нәтижесінде түзілген саздар қатпарлы кристалды құрылымдағы сулы алюмосиликаттар түріндегі түрлі сазды минералдардың тығыз қоспасынан тұрады. Олардың ішінде кең таралғандарды каолиниттілер (каолинит және галлуазит), монтмориллониттілер (монтмориллонит), бейделлит - (және гидрослюдалылар негізінен слюданың түрлі дәрежедегі гидратациялану өнімі) болып табылады [9] .

Саз түзуші материалдарымен қатар саздарда кварц, дала шпаты, күкіртті колчедан, темір тотығының гидраттары, кальций мен магний карбонаттары, титанның, ванадий құрамалары, сондай-ақ органикалық қоспалар кездеседі. Аталмыш қоспалар керамикалық бұйымдардың технологиясына да, қасиетттеріне де әсер етеді. Мәселен, ұнтақтап таратылған көмір қышқыл кальций мен темір тотықтары саздың отқа төзімділігін төмендетеді. Егер сазда көмір қышқылды кальцийдің ірі түйірлері болса, күйдіру кезінде олардан ауада аумағының ұлғаюымен («үрнемелер») гидраттанатын әк қоспасы пайда болады да, ол бұйымда жарықшақ пайда болуына немесе оның бұзылуына әкеліп соғады.

Негізінен каолиниттен тұратын барынша таза саздарды каолиндер деп атайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыруда халықтық қолданбалы өнердің мүмкіндіктерін пайдаланудың жолдары
Түркі әлемі мен Ұлы Жібек жолының арасындағы сабақтастық
Қазақстандағы қыш өнерінің дамуы
Тасты керамика өндірісі
Ірі өлшемді керамикалық және декаративті бұйымдар
Керамикалық бұйымдарды жасау барысы және тарихын зерттеу
Ұлы жібек жолы және Қазақстан
Сәндік қолданбалы өнер бұйымдары
III – X ғасырлардағы Қытай
Сәндік қолданбалы өнердің түрлері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz