Кенесары Қасымұлы бастаған көтерілістің жеңілуі



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан,Ресей Жоғарғы Медициналық Колледжі

Реферат

Пәні:Қазақстан тарихы

Тақырыбы:Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілісі

Орындаған:Үсен Гүлнұр
Тексерген:Алтынгүл Садыққызы

2020-2021 оқу жылы

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
I.ТАРАУ
1.1 К.Қасымұлы бастаған көтерілісінің басталу себебі ... ... ...5
1.2 Ұлт-азаттық көтерілістің қозғаушы күштері ... ... ... ... ... ...7
II.ТАРАУ
2.1 К.Қасымұлы бастаған көтерілістің жеңілуі ... ... ... ... ... ... ...1 0
2.2 К.Қасымұлы бастаған көтерлістің тарихтағы маңызы ... ... ..13

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14

Жұмыстың мақсаты :

Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілістің негізгі мәнін ашып көрсету.

Жұмыстың мақсатына орай мынадай міндеттер алға қойылды:
:: Көтерілістің алғышарттарына талдау жасау;
:: Көтерілістің барысы және тарихи маңызын зерттеу;
:: Статистикалық мәліметтерге тарихи тұрғыдан назар аудару;
:: Көтерілістің жеңілу себептері мен сипатын ашып көрсету.

Кіріспе.

Кенесарының саяси көзқарастарының қалыптасуына әсер еткен әкесі- сұлтан Қасым. Сұлтан Қасымның 40 шаңырақты ертіп Көкшетау маңынан қоқан шекарасына көшуінің басты себебі - оның патша үкіметінің округтік приказдарды құруына қарсылығы.
Көтеріліс бүкіл үш жүзді түгел қамтып ұлтазаттық сипат алды. Көтерілістің басты қорғаушы күші қазақ шаруалары сонымен қатар ірі ақсүйектер да қатысты. Олардың мақсаты:
- Көтерілісті пайдаланып , бұрынғы артықшылықтарын қайтарып алу.
- Көшпелі феодалдың дербес мемлекеттің негізін салу.
Кенесары бастаған ұлт-азаттық көтерілістің тарихта алатын орны ерекше. Сонымен қатар негізгі міндет жұмыстың ішіндегі Кенесары бастаған көтерілістің негізгі тауарлары мен пунктерінің мәнін ашып, оларға сәйкестік беру.
Кенесары көптеген шайқастарда өз мақсатына жету жолында асқан қайсар мінезі мен жауларына қатыгездігі оның әмбе қолбасшылық, әмбе ұйымдастырушылық ролі- тіпті патша генералдарының өзін таңқалдырып отырғандығы да тарихтан белгілі.
Көтерілістің негізгі мақсаттары:
1. Қазақ елінің патшалы Ресейдің құрамына қосылып үлгермеген өңірлерінің дербестігін сақтау.
2. Қазақ жерлерін бекіністер мен округтік билеу арқылы отарлауды тоқтату.
3. Қоқандықтардың тепкісіндегі қазақтарды азат ету.

Кенесарының орыстарға күресі емес, орыс империясына қарсы күрес. Бұл үрдіс оған ұлт - азаттық сипат береді, оның үстіне Кенасары күресті империя ішінде емес, отаршылдар басып алған өз жерінде жүргізді.
Қырғыздарға қарсы күрес бұл екі туыс халықтың арасындағы қарым - қатынастарды, қайшылықтарды дұрыс түсінбеушіліктен туындаған жәйт.
Қазақ - қырғыз қатынастары, орыс - поляк қарым - қатынастары тәрізді бір жақты ғана түсіндіруге көнбейтін құбылыс. Қаз ССР-ның ҰҒА С.Асфандияровтың туғанына 100 жыл арналған ғылыми теориятикалық конференцияда сөз сөйлеген М.Махмудовтың Кенесары Қазақ халқының ұлттық батыры деуі әбден жөн сияқты. Алдағы зерттеулер бұл ғалымның осы ойын расқа шығаруы әбден ықтимал. Кенасары Қасымовтың тағдырын ірі жазушы Жюль Верн де айналып өте алмаған. Оған жазушының Лениград архивінен табылған Кенасары жайлы романның қолжазбасы куә бола алады.
Қазақстанды түгелдей шарпыған Кенесары көтерілісі ойдым - ойдым түрде дамыған көтеріліс ошақтарының жиынтығы іспеттес еді. Міне, көтерілістің осал жері де осында.

I ТАРАУ
К.Қасымұлы бастаған көтерлістің басталу себебі

Көтерілістің шығу себебі: әлеуметтік-экономикалық және саяси сипаттағы факторлар еді. Яғни отарлық езгінің соғыс кезінде барынша күшеюі, жерді тартып алу, орыстандыру саясаты және т.б. Көтерілістің басталуына патшаның 1916 ж. 25 маусымда армияның қара жұмысына Түркістан өлкесінің және ішінара Сібірдің19-дан 43-жасқа дейінгі ер-азаматтарын шақыру жөніндегі жарлығы түрткі болды.
1822 жылы Сібір қазақтары туралы устав далалық аудандарды басқару құрылымын өзгертіп жіберді.Енді басқарудың округтік жүйесі енгізілді.Ал ол бойынша қазақ қоғамы округтер,болысқа,ауылға бөлінді.Төмендегі әкімшілік бірлестік ретінде ауыл құрамына 50-70 болсытан округ қалыптасты.Бұлардың белгілі бір теорриториясы болды.Әкімшілік билігін сақтап қалған аға сұлтандар негізінен алғанда сол үкімет билігін нығайтылуын қамтамасыз етуге тиісті еді.12 Разрядты шенеуніктерге теңестірілген болыстық сұлтандар аудандардың басында өздерінің құқығы жөнімен селолық старосталарға теңестірілген ауыл ағайындары тұрды.Билер сотын енгізуден олардың неғұрлым шексіз билігін алып тастады.Қарқаралы( бұрынғы Бөкен ханның иелігіндегі және Көкшетау бұрынғы Уәлиханның иелігі)округтері құру патша өкіметінің Орта және Ұлы жүздерінің түйіспе тұсында Қазақ жерлерінің бірте -бірте басып алудан бастады.Қасы сұлтан мен оның балаларының қаза табуы бой көрсетулердің алдыңғы кезеңі стихиялық ұйымдастырған сипатта болғанына қарамай кең етек жая бастады.
Қазақтардың XYIII-XIX ғасырларда болған барлық ірі көтерілістері нен Кенесары көтерілісінің ерекшелігі,оған үш жүздің бұқара халқы түгел қатысты.Олар күреске бірден,жұмылу қосылмағанымен,жекелеген облыстар қозғалысқа тартылған кезде өзге аудандарда ғы қозғалыс басылып қалып отырғанымен Кенесары көтерілісі алғашқы жылдардың өзінде-ақ ғаламат кең құлаш жайып,бүкіл халық көтерілген қозғалысқа айналды.
Қозғалыстың бүкіл халықтылығы,кең қанат жайып,айқын көрінген саяси сипаты Кенесары көтерілісінің өзіне тән ерекшелігі еді деу керек.
Кенесарының көтерілісіне қазақтың басты руларының бәрі қатысты.Олар Ұлы жүз бен Орта жүздің бірқатар ралураы Кенесарының қол астына Біріккен 1835 жылдан бастап қатысады.Қазақ руларының 1838 жылғы қозғалысқа,яғни күрестің бастапқы кезеңіне қатысуы тураллы мәліметтердің тым шашырандылығы себепті біз тиісті деректерді сол жылға арналған очеркте береміз.Кестеге қатысты ескертудерде аталған рудың көтеріліске қатысқанын растайтын жеке адамдардың куәландырударын,чиновниктер көрсетінділерінің осы жөн-ау деген тұстарын және Кенесары жақтастарының айғақтарын келтіреміз.Міне осы себепті қыпшақтар,мысалы,1838,1839,1841,184 4,және1845 жылдары аталып өтіледі,ал 1842-1843 жылдары олардың қозғалысқа қатысуы туралы мәліметтердің біздің қолымызда жоқтығынан бұл кезең үшін кестеде көрсатілмеген.Мүмкін қолға түскен деректерде байқалмайды.
Кенесары《Қазақтардың ежелгі тәуелсіздігін қалпына келтіреміз》,яғни тәуелсіз Қазақстан мемлекетін құрамыз деген ұранмен күрес жүргізді.
Халық бұқарасының жанына жақын талаптар қазақ кедейлерінің де,сонымен қатарбайғұстардың да,жатақтар мен егіншілердің де мүддесін қозғағандықтан олардың күреске белсене қатысуы табиғи еді.
Көтеріліске байғұстардың қатысқаны туралы Кенесарының ордасында болған көптеген орыс чиновниктері әңгімелейді.Екатерина станциясы маңында көтерісшілер қолға түсірген А.Иванов кецін тұтқыннан оралған соң болған тергеуде《Кенесарының қол астында 1500жас өспірім қазақтар мен бақташылар бар》деп көрсетті.
Кенесары ордасына арнайы барған патша жансызы Мыңбай Тұяқов:《Кенесарының кедейлігін,қарусыз екендігін көрдім.Олар зорығып өлген жылқының етін жейді,әрі киім киістерә де жұтаң...Олар әдеттегі бағұстар сияқты өмір сүреді》деп хабарлады.
Ақырында Мейер де:《Кенесары туының астына негізінен үйсіз-күйсіз ер жүрек жігіттер ғана жиналған》деп көрсетіпті.Көтеріліске егіншілерде белсене қатысты .Архив деректерінде Сырдария бойын мекендеген.Шекті,Кішкене Шекгті,Төртқара рулары егіншілерінің көтеріліске қатысқаны туралы айтылады.
Сонымен бірге,көтеріліске Торғай және Ырғыз өзендерінің аңғарын мекендеген егінші қазақтар да қатысқан.Ал Торғай мен Ырғыз өлкесі көтерісшілер қозғалысының орталығы болғаны белігілі.
Полковник Бизановқа берген жауабында Кенесарының ағасы Әбілғазы:《Менімен бірге ұсталған қазақтар Кенесарының жақтастары болғанымен,негізінен олар кедейліктің кесірінен егіншілердің ішіне күн көру үшін сіңген жарлы-жабықайлар-деп мәлімдеді.
Өзінің жауабында Шерман Асатов былай жеп хабарлады.《Кенесарының жақтастарынан басқа оның қасында 300-ден астам үй төлеңгіттер бар,олар қысы-жазы бірдей солармен бірге қошып қонып жүреді.Орта және Кіші Орданың әртүрлі руларынан құралған төлеңгіттер мен қоса, олардың қатарында Қарауылдар,Атығайлар,Уақтар,Керейле р де бар》.
Соғыс жағдайында төлеңгіттер Кенесары үшін әскери күш ретінде керек болғаны түсінікті.Согдықтан да көтеріліске қосылған төлеңгіттер негізінен әскери жасақшының қызметін атқарғаны кездейсоқ нәрсе емес.Тіпті көтерілісшілерге қосылған кейбір жеке қазақ рулары өздерін Кенесары төлеңгіттеріміз жеп атады.Мұнфғ өзі уақытша болса да төлеңгіттердің әскери күш ретінде бежелінің өскендігі көрсетеді.
Кенесары батырларының әлеуметтік құрамы біркелкі емес еді.Қара халықтан шыққан батырлар мен қатар Кенесары батырларының арасында феодал бекзаттардан шыққан әйгілі сұлтан Наурызбай,Табан руының биі Жоламан Тіленшиевте болды. Орынбор Шекара Коммиссиясының төрағасы генерал Генстің айтуынша,Жоламанның 800 жылқысы,200қойы және 50 түйесі болған.
Аталған батырлардың барлығы Кенесарыны көтерілістің соңына дейін қолдады.Олардың әрқайсысы туралы көптегкн өлең,аңыз әңгімелер бар.Кейбір батырлар өздерінің естеліктерін қалдырған. Сонымен бірге,архив құжаттарында көтерілістің соңына дейін қатыспаған батырлардың да есімдері сақталған.Бұл көрініс Кенесарының Орталық Қазақстанның сайын даласынан Ұлы жүздің жеріне қоныс аударған кезінде байқалған . Мысалы, Кенесарының Ұлы жүздің Тәуік,Сыпатай жане т.б батырлары қолдаудан бас тартқан.Архив материалдарында кейбір батырлардың көтеріліске қатысудан бас тартуының себебі туралы мәлімет кездеспегендіктен,оның толық мән-жайын білудің реті келмеді.
Айта кететін бір жай,сыртқы жаудың басып алуынан сақтанған батырлар өздерінің әртүрлі әлеуметтік ортадан шыққанына қарамастан,белгілі бір уақытқа дейін бірдесіп қимыл жасады.Алайда,түптеп келгенде,батырлардың әртүрлі әлеуметтік тегі қозғвлыстың соңына қарай өз салқынын тигізбей қоймады.Батырлардың әлеуметтік тегі туралы сәліметтерді фольклорлық материалдардан алып отырмыз.

1.2 Ұлт-Азатттық көтерілістің қозғаушы күштері.
Қазақ шаруалары. Сонымен қатар тәуелсіздікті қалпына келтіру жолындағы күреске қатартағы егіншілер де, старшындар да, сұлтандар да ат салысты. Әрине, оған қатысқан үстем тап өкілдерінің мақсаттары бірыңғай емес еді. Жасақшыларға қолбасшылық еткендер арасында Ағыбай, Иман (Амангелді Имановтың атасы), Басығара, Аңғал, Жанайдар, Жеке, Сураншы, Байсейіт, Жоламан Тіленшиев, Бұқарбай сияқты әйгілі халық батырлары болды. Көтеріліске қатысқандар арасында орыстар, өзбектер, қырғыздар, башқұрттар, татарлар да кездесетін.
Ресейдегі 1905 жылғы күздегі шаруалардың жаппай көтерілісінде жұмысшы табының беделі мен азаттық қозғалысындағы басшылық рөлі артты. Сондықтан,патша өкіметі жиі толқулар ошағы болған аймақтардан Қазақстанға 1907 - 1912 жылдары Еуропалық бөліктерінен 2 млн 400 мың адамды қоныстандырды. 1917 жылға дейін 45 млн. десятина ең құнарлы дейтін жерлерді қоныс аударшыларға жергілікті тұрғындардан тартып алынып, оларды таулар мен құнарсыз жерлерге ығыстырды. Суы жоқ, мал жаятын шабындықтың болмауынан қазақ - қырғыз халқының кедейленген тобыры пайда болды. Қазақ жерлерін күшпен тартып алу жергілікті халықтармен орыс - украин қоныстанушыларының арасындағы қайшылықтарды одан әрі шиеліністіріп, жер мәселесі жөніндегі күштеу саясаты шеткі аймақтарда да кеңінен тарады. Сонымен қатар 1914 жылы патшалық Ресей дүниежүзілік соғысқа тартылды. Одан әрі патша чиновниктері және жергілікті әкімдердің, байлардың зорлық - зомбылығы күшейіп, Қазақстанда отарлауды күшейте берді:
Жергілікті халықтан алынатын салық 3 - 4 есе көбейді;
Шаруалардың ірі қара малы мен мал азығын соғыс қажетіне алу күшейді;
Әскерлердің қажетін қамтамасыз ету үшін киіз алынды;
Жығып - құруға өте ыңғайлы киіз үй т.б;
Әскери салық ретінде әрбір отбасы 1 сом 84 мөлшерінде төлеуге міндетті болды.
Соғыс ауыртпалығы Қазақстанда жұмысшылар мен шаруалар қозғалысының өсуіне түрткі болды. 1915 ж маусым айында Екібастұз, Байқоңыр көмір кендерінде, Спасск мыс кен руднигінде, Орынбор - Ташкент темір жолында жұмысшылардың қозғалысы бой көтерді. 1916 ж қаңтар айында Верный, Семей қалаларында, Жетісу облысы Лепсі уезінің бірқатар селоларында қанаушы мен қаналушы таптар арасындағы қарама - қарсылық бір - біріне қарсы шығу бұқаралық сипат алды. Қазақ жастарын майдандағы тыл жұмысына алу жөніндегі патшаның 1916 жылғы 25 - маусымдағы жарлығы "Бұратана халықты мемлекеттік қорғаныс жұмыстарына пайдалану тәртібі туралы ереженің" қабылдануы әлеуметтік жағдайы мүшкіл топтың наразылығын күшейтті. Жарлық бойынша Түркістан мен Дала өлкесінен майданға окоп қазуға 400 мың, соның ішінде Қазақстанның далалық облыстарынан - 100 мыңнан астам, Жетісудан 87 мың адам жіберу көзделді. Қазақтардың тууы туралы куәлігінің жоғын пайдаланып, болыстын басқармалар мен ауыл старшындары жас мөлшерінің асып кеткендігіне қарамастан кедей жігіттерді майданға жұмысқа алынатын "қара тізімге қосты", ал феодалдар балаларының жасын өз бетінше үлкейтіп, немесе кішірейтіп көрсетіп, әскерге жібермеудің амалын тапты. Сол кездегі Саратов губерниясының депутаты А.Ф Керенский 60 жастағы шалдардың 30 жаста болып жазылғандығын, ал байдың балаларының 25 - 30 жастағылары 50 - ден жазылғандығы орыс шенеуніктері мен жергілікті қазақ әкім сымақтарының парақорлығы деп шенейді. Осындай әділетсіздіктердің көрінісі болыстық басқармаларды талқандау, ауыл старшындарын, қатігез байларды өлтіру ірі феодалдардың иеліктеріне шабуыл жасау, жер сату жөніндегі құжаттарды, алым - салық қағаздарын т.б. жойып жіберу әрекеттері белең алды. Сойыл, кетпен, шалғы, мылтық қылышпен қаруланған ашынған топ, байлардың ауылдарын өртеп, малдарын әкетуі жиілей түсті. Қазақстандағы қозғалыс ұлт - азаттық сипатта болып, патша өкіметіне, отаршылдыққа, империалистік соғысқа және жергілікті жерлерде патша өкіметінің сүйеніш болып отырған феодал - байларға қарсы бағытталды. Қазақ демократияшыл зиялыларының қызметі. Қазақ зиялылары қатарында бірлік болмады. Олар екіге бөлініп, революцияшыл радикалды бағыттағы Т. Бокин, Ә. Майкөтов, С. Сейфуллин, С. Меңдешев, Ә. Жангелдин сияқты тобы қарулы күрес жолын таңдады. Ал ұлттық - либералдын бағыттағы алаш зиялылары Ә. Бөкейханов, М. Дулатұлы, А. Байтұрсынұлы бастаған топ елді қантөгістен сақтау үшін патша өкіметімен тіл табысу жолдарын іздеді, күрестің бейбіт саясы әдістерін жақтады. Себебі патшаның талай жыл үйретілген, мұздай қаруланған әскеріне, төтеп бере алатындай қазақ халқының қырғынға ұшырайтынын білді. Десе де, қазақ жігіттері майдандарға окоп қазуға жіберіле бастаған кезде, оларға бас - көз болып, кейін аман - есен оларды ауылға жеткізу қажет болған жағдайда Ә. Бөкейхановтың өзі бастаған топ майданға аттанды. Өйтпегенде сауатсыз, орыс тілін түсінбейтін көптеген қазақ жігіттерінің елге аман оралуы екі талай еді. Ұлт - азаттық көтерілістің басталуының себебі жоғарыда аталып өткендей қазақ жерін отарлау, қазақ жерін қоныс аударған орыс шаруаларына күшпен тартып әперу саясаты еді. Көшпелі тұрмыс жағдайында қазақтардың өмір сүруін қамтамасыз ететін жердің заңмен Ресей империясының мемлекеттік меншігі болып жариялануы, мал шарушылығының құлдырауы, егіншіліктің азаюы т.с.с. Бұл дағдарыстың айқын көрінісі Қазақстан және Орталық Азия халықтарының 1916 жылғы жалпы бұқаралық сипат алған ұлт - азаттық қозғалыс болды. Қоғамның барлық әлеуметтік топтарын қамтыған қозғалыс барысында жалпыұлттық ұрандар көтерілді. Оның негізгі қозғаушы күші - қазақ ауылының еңбекші шаруалары, оған ішінара жұмысшы тобы өкілдері, байлар да, билерде, молдалар да, болыс басшылары да, зиялы қауымның әр түрлі топтары да белсене араласты. Көтеріліс ең алдымен отаршыл жүйеге қарсы бағытталды да, қазақ халқының ұлттық және саяси тәуелсіздігін көздеді. Ал оның әлеуметтік мәні - өз билеушілеріне қарсы күрес екінші кезекке ысырылды. Қазақстанның барлық аймақтарын қамтыған үлкен қозғалысты - Жетісу облысында Ж. Мәмбетов, Ұ. Саурықов, С. Қанаев, Қ. Шорманов, Қ. Құдайбергенов, Т. Бокин, Б. Әшекеев; Торғай облысында Ә. Жанбосынов, А. Иманов, Ә. Жангелдин; Ақмола облысында Ә. Майкөтов; Бөкей даласында С. Меңдешев; Ақтөбе облысында Б. Алманов; Сырдария облысында Т. Рысқұлов; Орал облысында Ә. Әйтиевтер басқарды. 1916 жылғы қазақ халқы көтерілісінің басты аудандарының бірі - Жетісу. 1916 жылғы шілденің алғашқы күндерінде Жаркент - Таранша болысының Городское елді аймағындағы тыл жұмыстарына ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс туралы
Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс
Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс
Кенесары басқарған ұлт-азаттық көтерілістің басталу себептері мен барысы
Қазақ халқының ұлт азаттық жолындағы күресі
Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық күрес барысындағы қазақ мемлекеттігін қалпына келтіру жолындағы қадамдар
Азаттық қозғалыс идеологиясының қалыптасуы мен ұлт зиялылардың қызметі
Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы басқарған көтеріліс тарихы
Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілістің негізгі мәнін ашу
Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалысының басталу себептері және барысы
Пәндер