Электр машиналары



Жұмыс түрі:  Іс-тәжірибеден есеп беру
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Өндірістік тәжірибе бойынша есеп беру



Мазмұны :

1.Кіріспе
2.Электр машиналары
3.Трансформатор және оның түрлері
4.Генераторлар
5.Кәсіп орында пайдаланылатын кабель маркалары
6.Электр машиналарын монтаждау
7.Техникалық қауіпсіздік ережелері
8.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Электр машиналары
2. Электр машинасы - механикалық энергияны электр энергиясына және керісінше немесе параметрлері белгілі электр энергиясын басқа параметрлі электр энергиясына түрлендіретін машина. Электр машиналары электротехникада және электроэнергетикада қолданылатын электр машиналар түрлерін конструкциясын жалғау схемаларын және қолданыстағы физика заңдарын қарастырады.

Электр машиналары халық шаруашылығының барлық салаларында қолданылады. Олардың артықшылықтары: қуатты электр станцияларында олардың қуаттары 95-99%, өлшем бірліктері мен салмақтары аз, материалдарды пайдалану үнемді. Электр машиналары әртүрлі қуатарда, түрлі айналу жылдамдықтарда және кернеулердің де көптеген түрлері үшін жасалады. Олар өздерінің сенімділігімен және ұзақ мерзімде жұмыс істеуімен, басқару мен қызмет көрсетуде қарапайымдылығымен, сондай-ақ өндірісте оларды көптеп шығарғанда құны аса қымбат емес. Механикалық энергияны электр энергиясына түрлендіруші электр машинасы генератор деп аталады. Ал керісінше түрлендіруді іске асырушы электр машинасы двигатель болып айтылады. Кез келген электр машина көмегімен екі бағытта қайтымды электромеханикалық түрлендіру іске асады. Егер машинаны айнымалы бөлігіне механикалық энергия берілсе, онда ол электр энергиясын өндіруші генератор болып жұмыс атқарады. Іс жүзінде электр машиналары белгілі бір жұмыс түрін орындауга арналған. Асинхронды машиналар мен тұрақты ток машиналары негізінен механикалық энергия көзі ретінде қолданылады. Электр энергиясының көзі ретінде олардың қолданылуы шектеулі келеді. Генераторлар электрқозғалтқыштар мен трансфарматорлар сияқты электр машиналары техникалық прогреспен тұтастай алғанда өркениеттің дамуына зор үлес қосты, алдағы күнде де қоса бермек. Әлемнің барлық елдерінде электр энергиясын өндіру үшфазалы синхронды генератор деп аталатын электр машинасының көмегімен атқарылуда. Электр қозғалтқыш деп аталатын басқа электр машинасы синхронды генератор өндірген электр энергиясын механикалық энергияға айналдыру арқылы өндірісте, темір жолда, автомобиль, теңіз, әуе және ғарыш көліктеріндегі, ауыл және тұрмыстық шаруашылықтардағы мыңдаған машиналар мен тетіктерді қозғалысқа келтіреді.

Трансформатор және оның түрлері
3.Трансформатор ( transformo - түрлендіремін) - кернеулі айнымалы токты жиілігін өзгертпей басқа кернеулі айнымалы токқа түрлендіретін статикалық электрмагниттік құрылғы. Трансформатордың жұмыс істеу принципі электро-магниттік индукция құбылысына және параметрлік эффектіге негізделген. Негізгі элементтері магнитөткізгіш және онда орналасқан бірінші реттік орамалар мен бір немесе бірнеше екінші реттік орамалардан тұрады. Трансформатордың барлық орамалары бір-бірімен индуктивті түрде, ортақ магнит өрісімен байланысқан. Бірқатар Трансформаторларда екінші реттік орама қызметін бірінші реттік ораманың бір бөлігі атқарады мұндай Трансформаторларды автотрансформаторлар деп атайды Бірінші реттік орамаларның шықпаларын (Трансформатордың кірісі) айнымалы кернеу көзіне, ал Екінші реттік орамаларның шықпаларын жүктемеге қосады. Бірінші реттік орамалардағы айнымалы ток магнитөткізгіште айнымалы магнит ағынын, ал Екінші реттік орамалардағы өзара индукция электр қозғаушы күш (ЭҚК) тудырады. Бірінші және екінші реттік орамалардағы кернеулердің қатынасы олардағы орамдар санының қатынасына тең болады. Түрлендіретін ток түріне қарай 1 фазалы және 3 фазалы Трансформаторлар болады. Атқаратын қызметіне қарай олар күштік немесе қоректендіру Трансформаторлары (электр энергиясын таратуға арналған), жоғары кернеулі сынақ Трансформаторлары, ток немесе кернеу импульстерін түрлендіру үшін қолданылатын импульстік Трансформаторлар, үлкен токтар мен кернеулерді өлшеуге арналған өлшеуіштік Трансформаторлары, жоғары жиілікті кернеулерді түрлендіруге арналған радиожиілікті Трансформаторлар және радиоэлектрондық құрылғылардың қоректендіруші блоктарында қолданылатын радиотрансформаторларға, т.б. бөлінеді. Импульстік Трансформаторлар мен қоректендіру Трансформаторлары бірнеше Гц-тен 2 МГц-ке дейінгі жиілікте, радиожиілікті Трансформаторлар 500 МГц-ке дейінгі жиілікте жұмыс істейді. Трансформаторлардың магнитөткізгіштігі магниттік өтімділігі жоғары материалдардан (мысалы, электртех. Болат таспаларынан, магнитодиэлектриктер мен фериттерден) жасалады. Электрмен жабдықтау жүйелерінде, негізінен майлы Трансформаторлар қолданылады. Күштік Трансформаторлар Қазақстанда Кентау трансформатор зауытында шығарылған. Қазіргі кезде электр-механикалық жабдықтар осы зауыттың негізінде құрылған Трансформатор ААҚ-да шығарылады. Трансформатор -- айнымалы токтың кернеуін жоғарылатуға немесе төмендетуге арналған электр приборы. Үй жағдайында, трансформаторды пайдаланып, электр приборын кернеуі 127 В желілен кернеуі 220 В желіге және керісінше қосуға болады. Егер трансформатор жоғары кернеулі желіге ауыстырылып қосылса, онда оны кернеуі 220 В желіге қосуға болмайды. Өйткені одан алынатын жоғары кернеу (380 В-тан астам) транформаторлық және ол арқылы қосылған электр приборларының бұзылуына әкеліп соқтыруы мүмкін. Трансформатор таңдаған кезде оның қуаты электр приборларын бір мезгілде қоректендіруге арналған құрал-жабдықтардың жалпы қуатынан кем болмауын есте сақтаған жөн.
Әр түрлі құралдар мен қондырғылар тұтынатын кернеу өте кең диапазонда өзгереді. Тіпті бір электр қондырғысы әр түрлі кернеу пайдалануы мүмкін. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Электр машиналар
Электр машинасының есептеулері
Синхронды машиналарды қолдану
Электр машиналарын жөнелудің механикаландырылған телім зерттеу
Тұрақты ток генераторлары
Электрлі машиналар
Электрлік жүйелер мен желілер және олардың техника қауіпсіздігін жоғарылату
Электр маштналарының құрылысы мен түрлері
Алматы облысы М.Бейсебаев атындағы агробизнес және менеджмент колледжінде «Тұрақты ток машиналарының құрылысы және жұмыс істеу принципі» тақырыбына оқыту әдістемесін жасау
Сылақ жұмыстарына арналған машиналар
Пәндер