Несиелік тәуекелді анықтау


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 36 бет
Таңдаулыға:   

Баишев университеті

Бизнес және құқық жоғарғы мектебі

Курстық жұмыс

Пән:

Тақырыбы: Тұтыну несиесі, оның түрлері және әр елде даму ерекшеліктері

Орындаған: қаржы-201 тобының студенті

Бақытжан Ф. А.

Тексерген: магистр, аға оқытушы

Барышева Ж. Б.

Ақтөбе, 2019

МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . . 4

1. Тұтыну несиесі және оның әлеуметтік-экономикалық маңызы

1. 1. Тұтыну несиесі туралы түсінік және оның түрлері. 5

1. 2. Тұтыну несиесінің түрлері және қажеттілігі . . . 9

1. 3. Қазақстан Республикасының экономикалық тұтыну несиесін беру мәселесі . . . 14

2. Тұтыну несиесінің ҚР “Ұлттық банк” тәжірибесінде талдау

2. 1. Ұлттық банктің тарихы және құрылымы . . . 17

2. 2. Тұтыну несиесінің тұтыну несиесінің Қазақстан Рсеупбликасының Ұлттық банктің экономикадағы негiзгi қызметтерi мен операциялары . . . 21

2. 3. Ұлттық банктің инфляцияны реттейтін ақша-несие саясатының жаңа бағдарының маңызы мен қызмет ету механизмі . . . . . . 24

3. Жеке тұлғаларды несиелеуді жетілдіру жолдары . . . 30

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Несие-ақша сияқты тарихи экономикалық дәреже. «Кредит» деген сөз, «қарыз», «несие» деген «kredo»-сенемін деген мағына беретін латынша «kreditium» деген сөзден шығады. Ол экономикалық дәреже ретінде әр түрлі экономикалық қоғамдарда қызмет көрсетеді. Ол тауар өндірісінің пайда болған кезінен бастап қарапайым формада:бай және кедей қоғамдарда көрінеді. Несие қатынастары ақша қатынастары ретінде үнемі даму үстінде болады. Алғашқы несие табиғи түрде қоғамның дәулетті топтарынан мүліксіз шаруалар мен кәсіпкерлерге тұтыну мұқтаждығы мен қарыздарын өтеу үшін ұсынылған. Тауар-ақша қатынастарының дамуымен несие ақша түріне көшті.

Несиенің объективті қажеттілігі табиғи және ақшалай түрде жүзеге асатын ерекшеліктерден кеңейтілген өндірісті шығарады. Оның капитал түрлері үнемі ауысып тұратынын ұйғарады, меншіктің ақшалы түрі тауарға, тауарлы меншік өндірістікке, өндірістік тауарларға және тауарлық қайта түріне ауысып отырады.

Несиенің мүмкіндігін шындыққа айналдыру үшін белгілі бір талаптары бар. Біріншіден, несие келісімінің қатысушылары-несие беруші мен қарыз алуша-экономикалық байланыстардан туындайтын міндеттемелердің орындалуын өз мойнына алуға материалдық жағынан кепілдік беретін дербес заңды субъектілер болып табылады. Екіншіден, егер несие беруші мен несие алушының мүдделері бір жерлен шықса, онда бұл жағдайда несие өте қажет болады. Несие келісімін жүзеге асыру үшін оның қатысушылары міндетті түрде несиеге өзара қызуғышылық танытушылары болу керек Ф. Энгельс «Әрбір қоғамның экономика мүддесі, ең алдымен мүдде ретінде алға шығуы керек» деп тұжырымдады.

Несие беруші мен қарыз алушының арасында мүдделік бірдей болған кезде, бір жағынан, несиеге ақшалай қаражатты ұсынуда, екінші жағынан оны алуда несиелік қатыр-қатынастар туындап отырады.

Сондықтан, экономикалық негіз (капиталдың бірдей болмауы) пайда болу талаптарының жиынтығы несиенің объективті қажеттілігін анықтап және оның эволюциясын түсіндіріп береді.

Қараржатқа деген қажеттілік пен оның босатылуы арасында туындаған қарама-қайшылық шаруашылық жүргізуші субъектілердің қалыпты қызметі үшін қажет материалдық және қаржылық ресурстарды нақты байланыстыратын несиенің жәрдемімен ғана рұқсат етіледі.

Жеткіліксіз шамада несиенің объективті қажеттілігі несие қатынастарын жүзеге асыратын капитал айналымы мен ауыспалы айналымының бір қалыпты еместігімен түсіндіріледі.

Несие беруші мен қарызға алушының арасында мүдделік бірдей болған кезде, бір жағынан, несиеге қарым-қатынастар туындауда.

Осылайша, экономикалық негіз бен пайда болу талаптарының жиынтығы несиенің объективті қажеттілігін анықтап және оның эволюциясын түсіндіріп беруде.

Нарықтық экономика дамыған сайын несие түрлері де көбеюде. Соның ішінде тұтыну несиесіне келетін болсақ, оның негізгі мақсаты-халыққа тұтыну тауарларын сатуды ынталандыру, халықтың тұрмыс жағдайын жақсартып отыруды көздейді.

Тұтыну несиесі бөлшек саудамен тығыз байланысты. Біріншіден, тауар айналымы өскен сайын, несие көлемі де көбейеді, себебі тауарға деген сұраныс тудырады. Бұл байланыс әсіресе қазір, нарық тұтыну тауарларымен қаныққан сайын арта түспек. Жиынтығы несиенің объективті қажеттілігін анықтау және оның эволюциясын түсіндіріп береді.

Тұтыну несиесі тауар формасында және ақшалай берілуі мүмкін. Соңғы кезде, Қазақстанда ақшалай берілетін тұтыну несиесі өріс салуда. Олар көбінесе машина және ұзақ мерзімге қолданылатын тараулар алуға, үйлер салуға, сатып алуға және тағы басқа да мақсаттарға көздейді.

Жалпы тұтыну несиесінің көлемі халықтың тұрмыс жағдайын және кәсіпкерлердің тауарларын өткізуге үлкен ықпал жасайды.

Дамыған елдерде тұтыну несиесі үлкен рөл атқарады. Ол тауарларға деген сұранысты, оларды өндіруді көбейтуге және сатуға ынталандырады. Тұтыну несиесін көбінесе табысты орташа жұмысшылар қызметкерлер қолданады. Жеке тұлғаларға ұзақ мерзімге қолданатын тауарларды несие арқылы сатып алған қымбатырақ болғанымен, төленіп сомалы біртіндеп өтеуге мүмкіндік беруде.

Қазіргі уақытта Қазақстандағы тұтыну несиесі де, оның бір түрі болып табылатын ипотекалық несие де дамудың жаңа сатысында.

Курстық жұмыстың зерттеу объектісі- «Казкоммерцбанк» АҚ-ғ жеке тұлғаларға ұзақ мерзімге тұтынатын тауарларды сатып алу мақсатында берілетін тұтыну несиесімен байланысты экономикалық несиелік қатынастарды ұйымдастыру тәжірибесінде талдау жүргізіп отыр. Тұтыну несиесінің экономикалық мәнін, жеке тұлғалардың тұтыну несиелерін қандай мақсаттарға алатынын және тұтыну несиесінің берілу тәртібімен танысу-жұмыстың мақсаты болып отыр.

1. Тұтыну несиесі және оның әлеуметтік-экономикалық маңызы.

1. 1. Тұтыну несиесі туралы түсінік және оның түрлері.

Несие қатынастарының нақты көрінісін-несиенің формалары мен түрлерін сипаттайды. Несиенің мазмұны мен түрі диалектикалық бірлікте болады. Өндірістік қатынастардың өзгеруі несиенің мазмұны мен оны қолданатын түрін өзгертуде.

Несиелеу принциптері несиенің мәнін және қызметтерін, сондай-ақ несилік қатынастарды ұйымдастыру облысындағы объективті экономикалық заңдардың талаптарын бейнелеп отыр.

Несиелік принциптері негізінде несиелік процесс, яғни банктік несиелердің берілу, пайдаланылуы және қайтарылуы арқылы жүзеге асырылады. Несиелеу принциптеріне байланысты банктік несиелердің берілуінің басты шарттары:несиенің мақсаты және мерзімі, олардың қаражаттар айналымы шеңберінде қатынасу нәтижелігі және т. б түрлері анықталады.

Несиенің екі формасы бар:коммерциялық несие және банктік несие. Бұл екі несие бір-бірімен несие субъектілері, құрамы, қарыз объектісі, динамикасы, процент мөлшері және қызмет ету аясы бойынша қарастыруға болады.

Коммерциялық несие - тауар өндірушінің басқа тауар өндірушіге сатқан тауары үшін, ақша төлеуді кейінге қалдырып, оны қарызға беруі. Әдетте коммерциялық несие алғашқы капитал жинақтау кезінде капиталистік несие жүйесін қалап отыр. Коммерциялық несие тауардың өндірістен тікелей тұтынушыға түсуін қамтамасыз етеді, сөйтіп тауарлардың сатылуын және барлық капиталдың қайталама айналысын жеделдетуде.

Ол сонымен қатар кәсіпшілер мен сатушылардың да ақша қажетін өтейді. Дегенмен коммерциялық несиені қолдануда біраз шектеулер бар болып отыр. Олар:

-несиенің көлемі сатылуға тиіс тауарлар қорының көлемімен шектеледі.

-несиенің көлемі ел экономикасының жағдайына байланысты яғни, дағдарыс кезінде капиталдың кері қозғалысы бұзылып коммерциялық несиенің көлемі қысқартылды.

-несие тек бір бағытта қозғалыста жүреді:оны тек-өндіріс құрал-жабдықтарын шығаратын салалар және оларды пайдаланатын салаларға береді, керісінше болуы мүмкін емес. Мысалы, комбайн зауыты өз өнімін комбайындарды несиеге алу шаруашылығын сатуға болады, ал ауылшаруашылығы комбайн зауытына коммерциялық несие ретінде өз өнімін бере алмайды.

Қорытынды айтқанда коммерциялық несиенің банктік несиеден ерекшелігі-ол тауар түрінде берілетін несие.

Банктік несие - ол банкте шығарылған қаражат қорынан клиенттерге қайтарым мерзімін белгілеп, ақша түрінде берілетін несие. Коммерциялық несие банктік несиенің бір-бірінен бір сыпыра ерекшеліктері бар.

Біріншіден, коммерциялық несие тауар түрінде берілсе, ал банктік несие ақша түрінде беріледі. Коммерциялық несиені тауар өндірушілер мен сатушылар бір-біріне тауардың сатылуын қамтамасыз ету үшін береді. Банктік несие өндірушіден де, сатушыдан да оқшауланып қарыз капиталы арқылы беріледі.

Екіншіден, коммерциялық несие банктік несие бір-бірінен, субъектілер, яғни келісіміне қатысушылар бойынша да ажыратылады. Коммерциялық несиеде несие беруші ретінде де, кәсіпкер жүреді. Бакнтік несиеде несие беруші-банк, қарыз алушы-кәсіпкер.

Үшіншіден, коммерциялық несиенің шектеулері банктік несие берумен жойылады, себебі банктік несиені қолдану өрісі кең болып келеді. Коммерциялық несие тек тауар айналасына қызмет көрсетсе, банктік несие халықтың барлық топтарының уақытша бос ақшасын шоғырландырып, оны капиталға айналдырады.

Төртіншіден, бұл екі несиенің динамикасы да біркелкі емес. Коммерцияциялық несиенің көлемі өндіріс тауар айналымының дамуына және төмендеуіне байланысты өрбіп және қысқарып отырады. Өнеркәсіптің дамуы кезінде ұсыныс пен сұраныс өсіп, дағдарыс кезінде төмендейді. Дағдарыстың әсерінен тауарды өндіру қысқарып, ал қарызды төлеу үшін банктік несиеге сұраныс төмендейді. Өндіріснің жанданып көтерілуі кезінде нақты капиталдың көлемі өсіп, өндірістік мақсатқа жұмсау үшін банктік несиеге сұраныс ұлғаяды. Олардан банктік несиенік екі жақтылығы туындайды:қарыз алушы, оны өндірістік капиталдың көлемін өсіру үшін пайдаланса, онда капитал қарызы, ал қарыз міндеттемелерін өтеу үшін төлем құралы ретінде пайдаланса, онда ақша қарызы болады. Банктік несиенің мұндай шарттары екі түрге бөлінуі қарыздардың алған несиені пайдалану мақсатына байланысты болады. Егер қарыздар несиенің кепілдігіне тауар, вексель, бағалы қағаздарды беріп алса, онда қарыздардың банктен ақша қарызын алғаны. Егер қарыз алушы банктен ештеңемен қамтамасыз етілмеген несие алса, онда қарыздардың капитал несиесін алғаны.

Несиенің негізгі екі формасы-коммерциялық және банктік несиелердің-әрқайсысы ұйымдастыру жағдайларына байланысты бірнеше түрге бөлінеді:тұтыну, лизинг, ауылшаруашылық, ипотекалық, мемлекеттік, халықаралық және т. б. Осылардың ішінен тұтыну несиесі басты рөл атқарады.

Тұтыну несиесі - бұл, жеке тұлғаларға тұтыну тауарларын сатып алу, тұрмыстық қажеттіліктерін өтеу мақсаттарына және оны қамтамасыз етуге, мерзімділік, төлемділік, қайтарымдылық талаптарына сәйкес берілетін коммерциялық немесе банктік формадағы несиелер. Несие алушы-халық, ал несие беруше-әртүрлә өндіріс орындары, фирмалар, банктер, мекемелер болуы мүмкін. Тұтыну несиесі коммерциялық несие формасында (яғни, бөлшек сауда орындары арқылы төлемін кейінге қалдырып тауар сату) және банктік несие формасында (яғни, тұтыну тауарларын сатып алуға ақша беру ұзақ қолданылатынға тауарлар-жиһаз, жеңіл машиналар, тоңазытқызтар, теледидарлар және т. б) беріледі. Несиенің бұл түрінде банк пен халық арасында делдар да болуы мүмкін.

Тұтыну несиесінің негізгі мақсаты-халыққа тұтыну тауарларын сатуды ынталандыру. Бұл несие түрі бөлшек саудамен тығыз байланысты:біріншіден, тауар айналымы өскен сайын, несие көлемі де көбейеді, себебі тауарға деген несиеге деген сұранысты тудырады. Бұл тәуелділік әсіресе қазір айқын көрінеді.

Несиенің бұл түрі қымбат және ұзақ мерзімге пайдаланылатын тауар өнімдерін сатып алу мақсатында беріледі. Тұтыну тауары қымбаттырақ болған сайын, несиенің бұл түрі жиірек қолданылады. Дегенмен несиенің мұндай түріне сұраныс ең алдымен номиналдық жалақының деңгейімен анықталары сөзсіз. Дамыған елдердегі несиенің жартысынан көбі автокөлік сатып алу мақсатына беріледі, қалған тауарларды көбінесе қолма-қол ақша арқылы сатып алынады.

Тұтыну несиесі көптеген елдер экономикасында үлкен рөл атқаратындықтан мемлекеттік органдар тарапынан реттеліп отырады.

Бұл реттеулер екіге бөлуге болады:несиені беру деңгейіндегі және тауарларды тұтыну деңгейіндегі реттеулер. Несиені беру деңгейіндегі реттеулер, мемлекет тұтынушыларды несиелеуді не қолдап, не тежеп отыруды көздейді. Яғни, банктердің қаржы мекемелердің қызметтеріне несиелік шектеулер қолданылады.

Дамыған елдерде тұтыну несиесі үлкен рөл атқарады, тауарларға деген сұранысты, олардың өндірісін көбейтуді және сатуды ынталандырады. Тұтыну несиесін көбінесе табысы орташа жұмысшылар мен қызметкерлер алады. Жеке тұлғаларға ұзақ мерзімге қолданатын тауарларды несие арқылы сатып алған қымбатырақ болғанымен, төленетін соманы біртіндеп өтеуге мүмкіндік алады. Әр елдегі тұтыну несиесінің даму дәрежесін салыстыруға болса, оның даму деңгейі әр елде әр түрлі сатыда екенін көре аламыз. Соңғы зерттеулерге сәйкес, көбінесе тұтыну несиесі банктермен берілетін несиелердің ішінде ең табыс түрі болып табылады, мысалы, әлемдегі ең пір танымал-«Ситикроп оф Нью-Йорк» өзінің мыңдаған бөлімшелері бойынша, үнемі өсіп отырған ресурстарын тұтынушыларға қызмет етуге бағыттап отырады, бірақ тұтынушыларға бағытталған банктік қызметтер қымбат және тәуекелі жоғары болады, себебі жеке тұлғалар мен жанұялардың қаржылық жағдайы әртүрлі мүмкін болатын ауруларға, жұмыс орындарын жоғалтуға байланысты күрт өзгеруі ықтимал. Сондықтан, тұтыну несиесін басқаруды жүзеге асыру мүмкін жағдайларды есепке ала отырып жүргізілуі тиіс.

Сонымен, халыққа берілетін несиелер тұтыну несиесі деп аталады. Тұтынушылық несиелендірді спектрі деп нені түсінеміз?Іс жүзінде осының бәрі тұтынушыға бағытталған несиелендіруді, атап айтқанда автомобильді, жиһазды, тұрмыстық техниканы сатып алуға арналған несиелер және тұрмысымызды жақсартуға қажетті басқа да заттарды жатқызуға болады.

Ресейде тұтыну несиесіне халыққа берілетін кез келген несиелерді соның ішінде ұзақ мерзімде қолданылатын тауарларды алуға берілетін несиелер, ипотекалық несиелер, кейінге қалдырылмайтын мақсаттарға берәлген несиелерді жатқызады.

Ал батыстағы банктік тәжірибеде тұтыну несиелерінің мағынасы Ресейден ерекшеленеді яғни, жеке қарыз алушыларға тұтыну тауарларын алу үшін және сәйкес қызметтерге ақы төлеу үшін берілген несиелер.

Тұтыну несиесінің негізгі ерекшеліктеріне келетін болсақ, мүлік құнының 70-75% мөлшерінде беріледі; алынған несие белгілі бір уақыт өткеннен кейін және бірдей бөліктермен өтеледі; ал егер несие уақытында өтелмесе банк өз талабын несиеге алынған мүлік арқылы қанағаттандыруға құқы бар.

Тұтыну қажеттіліктеріне арналған несиені алу үшін несие алушы банкке несиелік қарыз ұсынуы қажет және онда несиенің түрін, несиенің сомасын, несиенік қамтамасыз етілуін, несиенің мерзімін көрсетеді. Ал, банк өз тарапынан алушының несиеге қабілеттілігін зерттейді, яғни табыс деңгейі қарастырады. Ол үшін банк қарыз алушының жалақысы туралы анықтаманны және басқа да табыс көздері туралы мәліметтерді талап етеді. Егер осы мәліметтерді зерттей отырып, несие алушының несиені өтей алатынына күмәнданса, онда қарыз алушыдан кепіл немесе кепілдемені талап етеді.

1. 2. Тұтыну несиесінің түрлері және қажеттілігі.

Тұтыну несиелерінің бірнеше түрлері бар және дамыған елдерде олардың саны артуда. Тұтыну несиесінің жіктелуінің мынандай нышандары бар:қарыз алушының типі, өтеу мерзімі, өтеу әдісі, несиені пайдаланудың мақсатты пайдалануы, несиелеу объектілері, көлеміне байланысты және тағы басқа.

Дамыған басқа елдерінде несиелеу объектілеріне қарай тұтыну несиесі-кейінге қалдырмайтын қажеттіліктерге, бағалы қағаздарды кепілге ала отырып берілетін үйлерді салуға және сатып алуға, жекелеген тұрғын үйлерді жөндеуге және оларды газ, су және т. б жүйелерге қосылуына берілетін несиелер деп бөлінеді.

Тұтыну несиелерінің төмендегідей түрлері бар:

Несиелік мәміленің субъектілеріне байланысты:

  • Банктік тұтыну несиелері;
  • Сауда ұйымдары мен халыққа берілетін несиелер;
  • Банктік емес типтегі несие мекемелеріне берілетін тұтыну несиелері;
  • (ломбардтар, жалға беру пунктері, несиелік кооперативтер, құрылыс қоғамдары,

зейнетақы қорлары және т. б. ) ;

  • Жеке тұлғаларға берілетін жеке тұтыну несиелері;
  • Қарыз алушы жұмыс істейтін кәсіпорындардан ұйымдардан тікелей алынған тұтыну несиелері;

Несиелеудің мерзіміне қарай тұтыну несиелері былай жіктеледі:қысқа мерзімді, орта мерзімді, ұзақ мерзімді, талап еткенге дейінгі несиелер;

Отындық банктер тәжірибесінде банктік несиелердің пайдалану мерзісіне қарай бөлінуі;

  • Қысқа мерзімді (1 жылға дейін) ;
  • Орта мерзімді (1 жылдан 3 жылға дейін) ;
  • Ұзақ мерзімді (3 жылдан жоғары) ;

Талап еткенге дейін несиелерді онхольдық деп те атайды. Мұндай несиелерді қарыз алушы банк талап еткенде бірден өтеуі тиіс, ал банк талап етпеген жағдайда өзіне қолайлы уақытта өтей алады.

Тұтыну несиесін беру тәсіліне байланысты мақсатты және мақсатсыз деп бөлінеді.

Қарыздардың қамтамасыз етілуіне байланысты қамтамасыз етілген және қамтамасыз етілмеген болып бөлінеді. Банк берген несиенің қамтамасыз етілуін талап етеді, соның негізгі себебі, егер несие алушы несиені уақытылы, толығымен қайтармаған, қайтара алмаған жағдайдағы шығындалу тәуелекімен байланысты.

Банктердің қаржылық жағдайын тұрақтылығымен қамтамасыз ету-жалпы экономика дамуының басты шарты. Банктік қызмет кәсіпкерліктің басқа түрлеріне қарағанда жоғары тәуекелділікпен ерекшеленеді. Ал банктердің ең негізгі қызметтерінің бірі-банктердің несиелік қызметі болғандықтан банктер көбіне несиелік тәуекелге ұшырайды.

Жалпы банк табысы берген несиесіне байланысты:оның сапасы, қайтарымдылық деңгейі, т. б. Несиенің өз уақытында қайтарылмауы банктің зиян шегуіне немесе банкроттыққа алып келеді. Несиелік тәуекелді неғұрлым төмендету несиелік мекемелер қызметін басқарудағы басты міндет.

Несиелік тәуекел қарызгердің несиелік келісімдегі мерзім мен жағдайларға сәйкес кредиторға өз міндеттемелерін орындамаудың ықтималдығы, яғни қарыз алушының банктен алған несиесі бойынша қарызын немесе оған есептелген сыйақысын өз уақытында қайтара алмауына байланысты банктің зиян шегуіне сипаттайды.

Несиелік тәуекелді басқару-оны минимзациялау процесі болғандықтан осы процестің міндеттері:

1. Несиелік тәуекелді бағалау және талдау. Тәуекелді талдау ақпаратының бірі оны сәйкестендіру. Банк әр түрлі ақпараттар алуға қажетті шығындарға да көңіл бөле отырып, өзінің барып отырған тәуекелін анықтауы тиіс.

2. Тәуекел мөлшерін анықтау. Тәуекелді сәйкестендіру мен тәуекел көлемін өлшеу әдісі тығыз байланысты. Тәуекел көлемін сандық сипатта сипаттау анықтау нақты тәуекел мөлшерін қалыптастыруға және потенцияландыруға көлемін бағалауға көмектеседі.

3. Несиелік тәуекелді анықтау. Тәуекел мөлшерін және түрін анықтағаннан кейін оны басқару стратегиясы мен әдістемесін дайындау керек. Бұл процесс несиелік тәуекелдің пайда болуын ескертуге және банктің өтемділігі мен табыстылығына әсер ететін несиелік тәуекел салдарына алдын алуға бағытталуы тиіс. Тәуекел мөлшері және көлемі уақыт сайын өзгеріп отыратындықтан бақылау несиелік қатынас кезеңіндегі клиенттің несиелік қабілетінің нашарлауын және бағасын, кепілін анықтауға көмектеседі.

Несиелік тәуекелді басқаруға екі бағытта жүргізіледі:

1. Несиелік операция технологиясын басқару;

2. Несиелік тәуекелді басқару;

Несиелік операциялар технологиясын басқару несиелік саясатты енгізу негізінде ұсыныстарды дайындау бойынша ұйымдық процесс, яғни банктің берген әр несиесін кезеңмен дайындалған басқару саясаты жүргізілуі тиіс.

Несиелік тәуекелді басқару да нақты несиемен байланысты:несиелік қабілетті талдау, мүмкін шығындарға резерв құру, несиелік портфельді диверсификациялау т. б.

Несиелік тәуекелді басқару мына көрсеткіштерді басқаруға негізделеді:ссудалық портфель сапасы;

-несиелік тәуекелді төмендету;

-тәуекелді алдын ала бақылау, мөлшері мен салдарын анықтау;

-тәуекелмен байланысты шығындар мөлшерін минимизациялау бойынша шараларды дайындау және өткізу;

Несиелік тәуекелді кезең бойынша басқару жүйесі:

-тәуекел мазмұнын және оның пайда болуын анықтау

-тәуекел деңгейін бағалауға қажетті ақпараттар көлемін және көзін анықтау

-тәуекелді өткізу ықтималдығын бағалау әдісін таңдау

-тәуекелді сақтандыру әдісін дайындау және таңдау

-тәуекелді басқару нәтижесін анықтау

Әр жүйе белгілі бір элементтер жиынтығынан тұратындықтан несиелік тәуекелді басқару жүйесі де белгілі бір элементтен тұрады.

Тәуекелді басқару менеджерлер мен акционерлердің де міндеті болып табылады, яғни олар оперативті басқаруды жүзеге асырады. Жалпы бақылаудың міндеті жоғары дәрежелі мамандарының болуы, кадрлардың біліктілігі, осы мақсаттарды жүзеге асыруда тиімді жұмыс уақытын белгілеу болып табылады.

Тәуекелге мониторинг кері байланыс арқылы тәуекелді тәуелсіз және әрдайым бақылау мен бағалау. Мониторинг несиелік талдау, ішкі және сыртқы аудит, берілген ақпараттаын есептілігі, қарыз алушының несиелік қабілеттілігін бағалау және таңдау, күмәнді несиелерді қалпына келтіру, қарыз алушының несиелік қабілеті бұзылған жағдайларды жүргізіледі.

Сурет 1-Несиелік тәуекелді басқару жүйесінің элементтері

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Несиелік тәуекелді басқару саясаты
«Банктердің несиелік тәуекелдерін басқару (Алматы қ. «ЦентрКредит Банкі» АҚ мысалында)»
Коммерциялық банктегі несиелік тәуекелді басқару
Несиелік тәуекелдерді басқару есебі
Несиелік тәуекел
Коммерциялық банктердің несиелік портфелін басқарудың экономикалық негізі
Қаржылық тәуекелдерді басқару
Қаржы тәуекелі және оны басқару
Несиелік тәуекелдерді басқару әдістері
Банктердегі тәуекелдерді басқаруды ұйымдастыру және тәукелді бағалау әдістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz