Оқушыларының физикалық денсаулық жағдайын бағалау


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 62 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ . . . 3

1 АДАМ ДЕНСАУЛЫҒЫ ЖӘНЕ ДЕНСАУЛЫҚҚА ӘСЕР ЕТЕТІН НЕГІЗГІ ФАКТОРЛАР

  1. Денсаулықтың анықтамалары және оның көрсеткіштері . . . 7

1. 2 Мектеп жасындағы балалар денсаулығы және оған әсер ететін жағдайлар. . 18

2 ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ ДАМУЫ АРҚЫЛЫ ДЕНСАУЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІН АНЫҚТАУ ЖОЛДАРЫ

2. 1 Физикалық даму - баланың денсаулық жағдайы мен әлеуметтік аманшылығының маңызды көрсеткіші . . . 37

2. 2 Оқушыларының физикалық денсаулық жағдайын бағалау . . . 47

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 60

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 62

КІРІСПЕ

Зерттеудің өзектілігі: Денсаулықты сақтау әр азаматтың ойы мақсатының бірі. Қазакстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың еліміздің халқына жолдауында 2030 жылға дейін экономикалық-әлеуметтік биіктерге көтерілу үшін рухани байлықтың, денсаулықгың қажетгігі атап көрсетілгені мәлім. Сондықтан Жолдаудағы денсаулықты сақтау, оны насихаттау шараларын белсендірек жүргізгеніміз абзал. Әсіресе жас ұрпақтың бойына тазалық пен сергектікті орнықтыру - біздің міндетіміз. Сондықтан да басты міндеттердің бірі - балалардың ауырмауға, денсаулықтарын күтуге, салауатты өмір салтын ұстауға, гигиеналық дағды жан мен тән саулығын жан-жақты дамытуға тәрбиелеу. [1] Қоғамымыздағы адамзаттың өмірінің аяғына дейін денсаулығының мықты болуы қоршаған ортаның тазалығына байланысты.

Қазіргі заманғы қоғамда балалардың денсаулық жағдайына деген әлеуметтік жауапкершілік мемлекет, мектеп пен ата-анаға жүктеледі. Балалардың денсаулығы балаларды қорғау әлеуметтік саясатының негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Қазақстанда балалардың денсаулығын қорғау көптеген құқықтық-нормативтік құжаттарда қарастырлған және денсаулық сақтау жүйесінің мемлекеттік бағларламаларымен нығайтылған. Атап өтсек, Қазақстан Республикасы Президентінің Халыққа http://www. enu. kz жолдауларында, 2002 жылғы 8 тамызда қабылданған Қазақстан Республикасындағы Баланың құқықтары туралы Заңының 8-бабында «Баланың денсаулық сақтауға құқығы» қарастырылған. Ана мен бала денсаулығын сақтау саласында медициналық көмекті жетілдіру бойынша шаралар туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 31 наурызындағы №164 Бұйрығы, Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейін арналған Стратегиялық жоспары, Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігінің Стратегиялық жоспары, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 - 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттiк бағдарламасы. Аталған соңғы бағдарламаның мақсаты: елдiң орнықты әлеуметтiк-демографиялық дамуын қамтамасыз ету үшiн Қазақстан азаматтарының денсаулығын жақсарту, оның ішінде балалар денсаулығын қорғау және нығайту міндетінің ерекше аталуы біз көтерген мәселенің қоғам талабынан туындап отырғандығы, тақырыбымыздың өзектілігін дәлелдейді.

«Саламатты Қазақстан» мемлекеттiк бағдарламасының шеңберінде денсаулық сақтау мәселелерi бойынша сектораралық кiшi бағдарламалар қарастырылған. Балалардың денсаулығына қатысты мектеп оқушылары мен жасөспiрiмдердiң денсаулығы атты кіші бағдарлама бар. Оның мақсаты: балалар мен жасөспiрiмдердiң физикалық және психологиялық денсаулығын қалыптастыру. Негiзгi мiндеттер: - балалар мен жасөспiрiмдердiң психологиялық және физикалық денсаулығы проблемаларына кешендi ұстанымды қамтамасыз ету; - бiлiм беру ұйымдарында денсаулық үшiн қолайлы және қауiпсiз қоршаған ортаны құру; - мектеп оқушыларына дене шынықтырумен айналысуға жағдай мен мүмкiншiлiк жасау; тұтас жүйенi дамыту - физикалық ортаны сақтауға, оқушының тәни және психикалық денсаулығын нығайтуға, салауатты өмір салтын ұстануға, валеологиялық сауаттылықты қалыптастыруға бағытталған мектеп медицинасы қызметiн құру; - мектеп оқушылары мен жастардың арасында есiрткiлердi тарату мен тұтынуға, темекi шегуге және алкогольге қарсы тиiмдi iс-қимылды қамтамасызету; балалар мен жасөспiрiмдердi теңгерiмдi және қауiпсiз тамақпен қамтамасыз ету

Ғасырлар бойы адам өзінің жаны мен тәнінің саулығын сақтайтын тиімді жолдарды іздеген болатын. XIX ғ. өзінде неміс философы Артур Шопенгауэр былай айтқан еді: "Біздің бақытымыздың 9/10 денсаулыққа негізделген. Денсаулық болса барлық нәрсе рахат көзі болып табылады. Субъективті игіліктердің өзі: ақыл сапасы, жан, темперамент денсаулық болмаса әлсіреп, қатып қалады. Біз бір - бірімізбен кездескенде денсаулықтарымыз туралы сұраймыз, бір - бірімізге денсаулық тілейміз: бұл адам бақытының шынайы басты шарты".

Адам әр уақытта өзінің денсаулығының беріктігі жөнінде, күшінің, төзімділігінің күшеюі туралы армандайды. Бірақ та, бұл армандар көптеген адамдар үшін орындалмас арман болып қала береді, себебі адамдардың көбісі инертті және қалай болса солай өмір сүріп жүре береді. Бұған ұқсас жағдай денсаулыққа да байланысты - ол туралы көп жазғанымен, адамдар оған көп мән бере қоймайды (40-50 жастан кейін ауру өрістегенде ғана ойлай бастайды) . Адамдар өздерінің кінараттарын біле отыра нашар дағдылардан қол үзбейді. Никотин, алкоголь, бұлшық еттердің әлсіздігі, асыра тамақтану - мұның бәрі денсаулықты құртушылар. Гиппократ былай айтқан еді: "ауру адамның басына найзағай болып түсе салмайды, ол табиғат заңдылықтарының әрқашанда бұзылуына байланысты болады. Бұл кінараттар бірте - бірте жинақтала келіп, соңы ауруға ұласады".

Қазіргі кезеңде қоғамды ізгілікке, руханилыққа бетбұрыс оқу-тәрбие жұмысында оқушыларда өз денсалуқтарын сақтаудың және салауатты өмір салтын дамытудың қажеттілігін айқындап отыр.

Бұл міндетті шешудің алғы шарттары соңғы кездері дайындалған кейбір зерттеулерде қарастырылған. Ол зерттеулердің мынадай бағыттарда дамып келе жатқанын атап көрсетуге болады:

Денсаулықтың және салауаттылықтың мәні, тәрбиелік маңызы туралы қазақ ғұламалары, қоғам қайраткерлері мен ағартушы-педагогтардың ой-пікірлері мен көзқарастары (Әл-Фараби, Ж. Баласағұн, Өтеубойдақ Тілеуқабылұлы, Қ. А. Ясауи, А. Құнанбаев, Ш. Уалиханов, Ы. Алтынсарин, Ш. Құдайбердиев, А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов, Х. Досмұхамедов, Н. Құлжанова және т. б. )

Өмір сүру салты дегеніміз - әрбір жеке адамнан бастап, бүкіл қоғамның қалай еңбек етіп, қалай тұрмыс құрып, бос уақытында демалатыны, қысқасы, олардың қалыптасқан өмір тіршілігі, яғни, адамның өмір сүру салты қандай болса, өзі де сондай, өмір сүру салты тұлға мен қоғам деңгейінің прогресті даму көрсеткішінің категориясы.

Салауатты өмір сүру салты тұлға және адам деңгейінде болуы әлеуметтік экономикалық жағдайларға байланысты болады, адамның психикасына, денсаулығына, ағзаның функционалды-биологиялық қасиеттеріне де байланысты. Биологиялық ерекшелігіне байланысты салауатты өмір сүру салты біркелкі болады.

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың халыққа "Қазақстан-2030" жолдауына сәйкес біздің елде де адам денсаулығының ең маңызды, ең басты екендігі жарияланып, жаппай салауатты өмір сүруге жағдайлар жасалуда. Осы игілікті істің айғағы - денсаулықты нығайтуға ықпал ететін орта іздеу арқылы мектептегі адамдардың барлығын салауаттылыкқа жеткізу жұмыстарының басталуы [1] .

"Денсаулықты нығайту мектебінің бағдарламасының жобасын 1999-2000 оқу жылынан бастап сынақтан өткізуші мектептер саны көбейді. Сонымен мектепте денсаулықты нығайтуға ықпалын тигізетін мәселелер жоспарланып, жүйелі түрде жүргізіле бастады.

Денсаулықты нығайту мектебінің мақсаты - денсаулықты нығайтуға ықпалын тигізетін жағдайлар туғызу арқылы оқушыларда салауатты өмір салтын қалыптастыру және оған баулу. Сондай-ақ мектеп қызметкерлерінің өз денсаулықгарына жауапкершілігін арттыру[2] .

- Оқу-тәрбие үрдісінде оқушылар мен студент жастардың денсаулықты сақтау және салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері (Ж. Ембергенова, Б. Қ. Мұхаммеджанов, Қ. М. Рахымғали, Ю. В. Салов, Г. Ж. Нұрышиева, Б. Қ. Игенбаева, Ж. З. Торыбаева, Е. Ю. Шуберт және т. б. )

- Валеология ғылымының теориялық және әдіснамалық мәселелері (А. С. Иманғалиев, А. Ақанов, Ж. Ж. Нұржанова және т. б. )

- Білім беру жүйесінде салауатты өмір салтын қалыптастыру тұжырымдамасын әзірлеу. (Х. К. Сатпаева, А. С. Әділханов, Л. З. Тель, Е. Д. Дәленов, А. А. Ақанов, К. Ә. Жанабердиева, З. Г. Брусенко, С. Р. Рахметова және т. б. )

Қарастырылған жұмыстар бүгінгі таңда оқушыларды денсаулыққа жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу мәселелері біркелкі зерттелгенін айқындайды. Дей тұрғанымен, мектеп қабырғасында төменгі сынып оқушыларының денсаулық көрсеткіштерін ұдайы анықтап, денсаулықты сақтауға тәрбиелеудің қажеттілігі мен бұл мәселенің теориялық тұрғыда зерттеліп және ғылыми әдістемелік жағынан қажетті деңгейде қамтамасыз етілмегендігі арасында қайшылық орын алып отырғандығы байқалады.

Бұл мәселе біздің зерттеуіміздің өзектілігін анықтап, тақырыбын «Оқушылардың физикалық дамуы арқылы денсаулық көрсеткіштерін анықтау» деп таңдауға мүмкіндік берді.

Зерттеудін мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларының физикалық дамуы арқылы денсаулық көрсеткіштерін анықтау жолдарымен танысу.

Зерттедің міндеттері:

  • «Физикалық денсаулық», «Денсаулық көрсеткіштері», «Салауатты өмір салты» ұғымдарының мәнін нақтылау;
  • Оқушылардың денсаулығын сақтау дағдыларын дамытудың теориялық негіздерін айқындау;
  • Бастауыш сынып оқушыларының денсаулық көрсеткіштерінің өлшемдерін, көрсеткіштерін, деңгейлерін анықтау;
  • Бастауыш сынып оқушыларының физикалық дамуын анықтаудың тиімді әдіс-тәсілдерін ұсыну.

Зерттеу нысаны: бастауыш мектепте оқыту үдерісі

Зерттеу әдістері: шығармашылық және дидактикалық материалдар, ғылыми-теориялық, ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді іріктеу, талдау жасау, педагогикалық-психологиялық тәжірибелерді жинақтау, салыстыру анализдеу, синтездеу.

Зерттеудің практикалық құндылығы: бастауышта білім беру және тәрбиелеу үрдісінде, студенттердің оқу - іс тәжірибесінде, практикалық және зертханалық сабақтарда қолдануға болады.

Зерттеу жұмысының құрылымы: Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімнен тұрады.

1 АДАМ ДЕНСАУЛЫҒЫ ЖӘНЕ ДЕНСАУЛЫҚҚА ӘСЕР ЕТЕТІН НЕГІЗГІ ФАКТОРЛАР

1. 1 Денсаулықтың анықтамалары және оның көрсеткіштері

Адам денсаулығы ең алдымен өмірдің сара жолына тәуелді, ал өмір жолы тарихи, ұлттық дәстүрлер мен тұлғаның бейімділіктері бойынша анықталады.

Денсаулыққа берілген анықтамалар өте кеп. Дүниежүзі денсаулық сақтау ұйымының анықтамасы бойынша «Денсаулық дегеніміз - бұл аурудың немесе дене кемтарлығының жай ғана жоқ болуы емес, денелік, психикалық және әлеуметтік тұрғыдан ойдағыдай толыққанды күй».

Академик Н. М. Амосов адам денсаулығы мүшелердің атқаратын қызмет сапасы толық сақталған кезде олардың барынша көп өнім бepeтінін бағалауға болатын мөлшермен анықталады деп жорамалдайды.

И. И. Брехман денсаулықты «сезімталдық, ауызша айту және құрылымдық, үш түрде бірегей ағымдардың мөлшерлік және сапалық керсеткіштерінің әртүрлі өзгерістері жағдайында адамның жасына сәйкес тұрақтылықты сақтау қaбiлeтi» ретінде анықтайды[5] .

Сібірлік ғылыми мектебі ұсынған денсаулық, анықтамасы - бұл «денсаулық, дегеніміз физиологиялық, қызметтерді сақтап, дамыту пpoцeci, психологиялық - әлеуметтік әлеуметтер, қолайлы еңбекке жарамдылық және әлеуметтік белсенділік кезінде салауатты өмірдің барынша ұзаққа созылу процесі».

Келтірілген денсаулық, анықтамалары негізінен алғанда, денсаулық ұғымын бірдей қамтып көрсетеді, яғни организмнің сыртқы орта жағдайлары мен ішкі факторларға бейімделу сапасын айқындайды.

Денсаулықтың мынадай: физиологиялық, сезім әрекетіне берілгіштік, зияттылық, әлеуметтік, тұлғалық секілді нeгiзгi түрлері бар. Ал рухани түpi олардың бipeгeйi тұтастыққа -денсаулыққа бipiктipeдi.

Денсаулықтың физиологиялық түpi - организмдердегі физиологиялық үрдістерді, олардың өзара әрекеттесуін, организмнің қоршаған орта әсеріне қайтаратын жауабына бейімделу реакцияларын қамтамасыз ететін морфологиялық және функционалдық сақтамаларды зерттейді.

Ертедегі ата-бабаларымыздан бізге шынығуды қажет ететін дене мен кемістікке бейім биологиялық сезімдер немесе психика қалды. Олардың біріншісі -жалқаулық. Адам жануарлар сияқты, ынталандыру болса ғана күш салады. Босаңсу әрқашан да жағымды. Тек балалар ғана ерекше: олар ешбір мұқтаждықсыз жүгіреді, ойнайды.

Екінші кемшілік - қомағайлық. Тамақ ішіп-жеуден қанағат табу - аса маңызды құбылыстардың бірі. Дәмді тамақ ішіп, оны басқа сезімдер сияқты, жаттықтыруға болады. Адам әлдеқашан етті қуыруды үйреніп, оны дәмді ету тәсілін пайдаланғаннан бері өзінің тамақ сіңіру орталығын жаттықтырады.

Үшінші кемшілік - қорқыныш. Хайуандармен салыстырғанда адамда қорқыныш күшейе түседі, өйткені ол, есіне жақсы сақтайды, оның кейіннен болар салдарын да болжай біледі. Сондықтан тек оны өзінің ауырулары ғана емес, басқа біреулерден көргені, оқығаны немесе көргені үрейлендіреді[3] .

Қорытып айтқанда, адам баласы ақылды, бірак жалқау әрі қомағай. Табиғат оны тоқ және жеңіл өмір үшін жаратқан жоқ. Мол және дәмді тағам ішіп-жеп, рахаттанып, жылы жайда демалғанының есесін аурумен өтеуіне тура келеді. Егер алғашқыда, яғни қанағат алуды асыра сілтесе, оның көлемі тым көбейіп кетуі ықтимал. Дене азабы өркениет игілігінен келген барлық рахатты жоққа шығаруы мүмкін. Әрине, денсаулық сақтау режимін барлық адам қатаң ұстайды деп санауға болмайды, бірақ оған адамдардың көзін жеткізуге тырысу қажет: кауіпті ауруларға ұшырамас үшін, өзіне-өзі кажетті шек қоя білген кім кімге болса да тиімді. Мұны салауатты, дұрыс мағынаға жетелейтін ғылым ғана іске асыра алады.

Денсаулық - ауруларға қарама қарсы құбылыс екені әркімге түсінікті сияқты. Бүкіл медицинаның даму кезеңінде оның екі бағыты анықталды: біріншісі -бұзылған денсаулыкты дәрі-дәрмектің көмегімен қалпына келтіру, екіншісі - сол мақсатқа "организмнің табиғи қорғаныс күштерін" жұмылдыру арқылы жету. Әрине, екі тәсілді бірдей колданған дәрігерлер әрқашан да болды, бірақ, әдетте, іс жүзінде біреуі ғана басымырақ қолданылады. Өкінішке қарай, көпшілік адамдар, кейбір дәрігерлер де организмнің ауруға қарсы күресетін табиги күшін ескере бермейді. Сол табиғи күштерді толықтырып, шынықтыруға көңіл бөлмейді. Мемлекеттік барлық құрылымдардың тікелей қатысуын талап ететін маңызды мәселенің бірі - салауатты өмір салты. Ол адамдардың өздері шеше алатын, өз қолдарынан келетін жұмыс. Ендеше, әр адамзат өз денсаулығына жауапты болып, оны әрі қарай нығайтып, шыңдағаны дұрыс. Ал қай адамның болсын өз өмірін бақытты етуге толық мүмкіндігі бар. Өмір қуанышын сезініп, мақсаттарға жету үшін саналы сезім, саралы ой қалыптастыруы қажет. Өз дене бітімінің дұрыс жетілуіне, өзін-өзі сергек сезінуге, ақыл ойын, сана сезімін тәрбиелеуге жағдайлар туғызуға міндетті.

Денсаулық сақтаудың бүкіл дүниежүзілік ұйымы денсаулықты жақсарту бағдарламасын жасауды 1978 жылдан бастап ұсынған. Бағдарлама жоспарлары жасалып, бірнеше жыл талданды. Ал денсаулық нығайту қозғалысын іс жүзіне асыруда мектептің атқаратын рөлі өте үлкен. Сол себепті 1994 жылы "Денсаулықты нығайту мектептерінің" негізін салып, жобасын жасады. Бұл мектептің жұмысы санитарлық-ағарту бағдарламалары және орта мектептің тәрбиелік іс шараларымен ұштасып жатуы керек. Алғаш рет жасалған жоба, Венгрия, Чехия, Словакия және Польшада сынақтан өтті. Одан соң Еуропалық комиссия, Еуропалык кеңес және денсаулық сақтау дүниежүзілік ұйымы Еуропалық аймақтық бюросының халықаралық келісімі бойынша аталған жобаны дамыту бекітілді және "Денсаулықты нығайту мектептерінің" еуропалық торабына мүше болуға жол ашылды. 1997 жылы оған 37 ел енді. Қазір көптеген елдер Еуропалық тораптың жобасын іс жүзінде орындауға кіріскен. [4]

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың халыққа "Қазакстан-2030" жолдауына сәйкес біздің елде де адам денсаулығының ең маңызды, ең басты екендігі жарияланып, жаппай салауатты өмір сүруге жағдайлар жасалуда. Осы игілікті істің айғағы - денсаулықты нығайтуға ықпал ететін орта іздеу арқылы мектептегі адамдардың барлығын салауаттылыққа жеткізу жұмыстарының басталуы.

"Денсаулықты нығайту мектебінің бағдарламасының жобасын 1999-2000 оқу жылынан бастап сынақтан өткізуші мектептер саны көбейді. Сонымен мектепте денсаулықты нығайтуға ықпалын тигізетін мәселелер жоспарланып, жүйелі түрде жүргізіле бастады.

Денсаулықты нығайту мектебінің мақсаты - денсаулықты нығайтуға ықпалын тигізетін жағдайлар туғызу арқылы оқушыларда салауатты өмір салтын қалыптастыру және оған баулу. Сондай-ақ мектеп қызметкерлерінің өз денсаулықтарына жауапкершілігін арттыру. Шешетін мәселелер:

- денсаулық бағдарламасы мәселелерін шешуге кірісу;

мектептегі сынып бөлмелерін дұрыс бөлу, окушының бос уақытын өткізуге арналған алаңдарды жөндеу, қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету және дұрыс тамақтануды ұйымдастыру арқылы оқыту кезеңінде қоршаған орта саулығын сақтау;

  • жекелеген адамдардың отбасында немесе жалпы қоғамда денсаулықты қорғауда жауапкершілігін туғызу;
  • салауатты өмір салтын сүруге оқушылар мен қызметкерлеріне нақтылы жағдай және мүмкіндіктер жасау;
  • барлық окушыларға өз жаратылысының, психикасының, әлеуметтік жағдайының ең жоғары дәрежедегі мүмкіндіктерін көрсетуіне жағдай жасау;
  • денсаулықты нығайту жолында және мектеп ұжымының денсаулығын кауіпсіздендіруде анық мақсат қоя білу;

- оқушылар мен мектеп мұғалімдерінің және оқушылардың өз арасында,

сондай-ақ олардың үйімен, қоғамдастықтармен ара қатынасын нығайту;

- қолда бар ресурстарды денсаулықты нығайту жолында дұрыс қолдана білу;

- медициналық - санитарлық оқыту бағдарламасының жобасын дайындау;

білім алуды және денсаулығына қатысты дұрыс шешім қабылдауға қажетті дағдыларды қалыптастыруды қамтамасыз ету, қоршаған ортасын сақтауды үйрету;

- оқушылардың өз денсаулықтары туралы мәліметтер деңгейін арттыру және медициналық-санитарлық оқытуларды дұрыс жолға кою мақсатында мектептің медициналық-санитарлық жұмыстарына кеңінен жол ашу.

Жас жеткіншектердің денсаулығы күннен-күнге нашарлап, соңғы кезде сырқаулардың саны көбеюде. Бұған генетикалық - тұқым қуалаушы аурулардың әрі қарай бағыт алуы, адамдардың денсаулық сақтау білімдерінің төмендігі, әсіресе, ақша табу жолында жанын аямай, демалуды ұмытып, өзіне көңіл бөлмейтіндіктері себеп. Міне, осындай түсінбеушілікті жою сана-сезімі жоғары, білікті, тез шешім қабылдайтын және әртүрлі жағда өзін алып шыға алатын азамат даярлау мақсатында мектептерге "валеолс денсаулықты қалай сақтауға болады" бағдарламасы енгізілді.

Ал бұл жұмыстардың нәтижесі үнемі талқыланып, жинақталып отырады. Соның аркасында:

  • оқушылардың денсаулық топтары анықталды, оқу үрдісінде әр балағакөңіл бөлу керектігі ескертілді;
  • жас жеткіншек қыз балаларда микроэлементтер, әсіресе Р. Р. витаминінің жетіспеушілігі анықталды.

Бүгінгі оқушы - ертеңгі болашағымыз. Әр балаға ата-аналары, мектеп қызметкерлері жылылық нәр беріп, үлкен үмітпен қараса, өзінің денсаулығын шындап, білімін нығайтуға ұмтылған азамат дайындауға болады. Салауатты өмір салтын сақтау арқылы ғана дені сау қоғамға жететіндігіміз айқын.

Педагогикалық салауаттанудың даму негіздеріне тоқталайық. 1980 жылы орыс ғалымы И. И. Брехман денсаулық жөніндегі жаңа ғылымның негізін жасау қажетгігін ұсына отырып, қолданысқа "валеология" терминін енгізді. "Валеолог (латын тілінен аударғанда vаіео - денсаулық, "дені сау болу", lоgоc- ілім, қазақша салауаттану) - дені сау адамның денсаулығын сақтау жөніндегі ғылым[5] .

Әдетте адам денсаулығы жөнінде сөз қозғағанда, ол адам организмінің жай-күйін бакылап, оның саулығын сақтауды және оны нығайтуына жағдай жасайтын, ауруды сауықтыратын, ауру түрлерінің алдын алуды өз міндеті ретінде дәрігерлердің зерттеу нысаны деген түсінік туады. Бірақ валеология -ғылымы "салауаттануды адам денсаулығы және салауатты өмір жөніндегі ғылым" деп ат көрсете отырып, бүл медициналық емес, педагогикалық ғылым деп тұжырымдады. Солардың бірі - Л. Г. Татарникова өз зерттеуінде салауаттануды салауатты өмір сүу салтына деген профилактикалық сананы қалыптастыруға, әрбір түлғаның денсаулығын және оның құндылықты көзқарасын дамытатын, тұрақты мінез құлқын қалыптастыратын негізгі әлеуметтік институт - отбасының беделін қалпына келтіруге жетелейтін педагогикалық гуманистік білімнің маңызды бөлшектерінің бірі тұрғысынан қарастырды. В. П. Петленко салауаттануды адамның денсаулығын нығайтудағы өзіндік күш жігері мен жеке даралығының дамуына мүмкіндік жасайтын ғылым деп есептеді.

1997 жылға дейін ғылым аясында, салауаттанудың қандай ғылымдар жүйесіне жататын, оның жеке ғылым ретінде қарастырылу құқығының бары немесе жоқтығы жөнінде пікірталастар жүріп отырды. Р. Артоманов және В. В. Колбано салауаттануды идеология деп қарайтын ғалымдардың пікірлеріне сын айтады "Ешқандай ғылым жалаң жерде пайда болған жоқ. Кез келген ғылымның дамуына басқа ғылымдардың тәжірибелері себеп болған, сондықтан салауаттануды жасауда қолданылған ғылыми тұжырымдаманың қалыптасуына үлес қосқан клиникалық медицинаның, гигиенистердің, физиологтардың, биохимиктердің, генетиктердің және басқа да ғылым салаларының алдыңғы қатарлы ғалымдар мен практиктерінін рөлін ұмытқанымыз жөн болмас"[6] .

Салауаттану мәселесін талқылай отырып, ғалымдар салауаттану кешенді ғылым деп қарастыруда. И. И. Брехман өзінің еңбегінде, салауаттану денсаулыққа экологияның, биологияның, медицинаның, педагогиканың және басқа да ғылымдардың қосатын үлестерін "синтездеп", денсаулыққа тіке жол салуы керек деген тұжырым айтады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ауыл мектеп оқушыларының денсаулық жағдайын бағалау
Дәрігерлік бақылаудың сипаттамасы
Жаңа типті мектептерде оқу үрдісінің оқушылар ағзасының физикалық дамуына және жұмыс қабілеттілігіне әсері.
Денсаулық сақтау педагогикасы және оны жүзеге асыру технологиялары
Балалар мен жасөспірімдердің морфофункционалдық даму ерекшеліктері
Мектептегі дене шынықтыру сабақтарында дене тәрбиесі әдістерін қолдану
Денсаулықтың гигиеналық негіздері
Жоғары сынып мектеп оқушылары бойындағы қимыл-қозғалыс белсенділігін дене шынықтыру құралы ретінде пайдалану арқылы қалыптастыру
Сауықтыру жаттығулармен айналысатын адамдар үшін медициналық бақылау
Денсаулықтың негізгі көрсеткішінің бірі дене дамуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz