Сабақты бақылау және сабақ барысын жазу сызбасы


Кіріспе
Мақсаты
: Оқушыларды қоғамның белсенді және білімді азаматты етіп тәрбиелеуге барынша ықпал жасау.
Міндеті:
-
Мұғалімнің сабағына қойылатын талаптарды анықтау
- Сыныптағы әрбір жеке тұлғаның ғылыми дүниетанымның қалыптасуының адамгершілік қасиеттерін, дүниетанымдылығын арттыру.
- Мұғалім еңбегінің шығармашылық сипатын анықтау.
Өзектілігі:
Мұғалім - өмір бойы оқып тынбай ізденетін мамандық мұғалімнің беделі-білімде.
Бүгінгі таңда жаңаша жұмыс жасау, оқу мен тәрбие үрдісін жаңаша ұйымдастыру қажеттілігі туындап отыр. Ал егемен еліміздің дамуы мектеп жұмыс әдістерінің түбегейлі өзгеруінсіз, оның іс-әрекетінің жаңадан құрылуынсыз мүмкін емес. Өйткені бүгінгі бала-ертеңгі дарынды білімді, жастар тәуелсіздігімізді баянды етіп, қоғамдық әлеуметтік экономикалық дамуына үлес қоса алады. Сондықтан жоғары сынып оқушылары мұғалім берген білімді ғана игеріп қоймай, оны әрі қарай өзінің белсенді, нысаналы, зерделі, дарындық іс-әрекеті мен сабақтастары білуі тиіс. Осыған орай, жоғары сынып оқушыларының интелектуалдық мәдениетінің дамуын арнайы ұйымдастыру оқу үрдісін жетілдірудің негізгі шарты оқу табылады.
Мұғалім еңбегі басқа қызметтермен салыстырғанда, өзіндік ерекшелігі мол шығармашылықты сүйеді. өйткені жеткіншек ұрпақты өмірге, еңбек пен әлеуметтік іс - әрекетіне дайындау - мұғалімдерді көп іздендіріп, ойландыратын жұмыстың ең басты түрі. Олай болса, әрбір мұғалім орта немесе жоғары дәрежелі педагогтық білім алумен қанағаттанып қоймай, ол тәрбие мен оқытудың тиімді жолдарын үнемі іздестіріп, өз жұмысында пайдаланып отыруы тиіс. Сонда ғана мұғалім жаңашыл, оқушыларға тәрбие және білім берудің теориясы мен практикасын дамытудың қозғаушы күші және асқан шебері бола алады.
Білім беру мектептің ғана ісі емес мектеп білім алудың кілтін ғана береді. Мектептен тыс білім алу дегеніміз- бүкіл бір ғұмыр! Адам өмір бойы білімін көтеріп отыруы тиіс.
Практикалық:
Адам неғұрлым білімді болса, соғұрлым ол өзінің отанына көбірек пайда келтіреді. Ғылыммен шұғылдануды мұрат еткендер білімге өздеріне сеніп тапсырылған қазына ретінде қараулары керек, ал ол қазына-бүкіл халықтың меншігі.
Теориялық:
Білімді бол деген сөз-белгісіз нәрсені ашу қабілетіне ие болу деген сөз. Ал белгісіз нәрсені аша білу деген сөз-ол теориялық өнердің барлығына тән, ортақ жайт. Әркімге қажетті білім бар. Сол білімді меңгермейінше, барлық басқа білім адамға нұқсан келтіреді
.
-Сабақты жоспарлауда және оны өткізу және оны өткізу технологияларын дайындауда екі өзара байланысты бөліктер бар: сабақ мақсатын, оның әрбір қадамын терең ойластыру; арнайы дәптерге сабақ жоспарын белгілі бір түрде жазып алу. Пәнді оқытуға жалпы дайындық оқу жоспарын, бағдарламасын оқып-үйреніп, күнпарақтық - тақырыптық жоспар жасаудан және сабақтың материалдық - техникалық базасын - оқу бөлмесін, көрнекі құралдар, ОТҚ, құрал - саймандарды, приборларды т. б реттеуден тұрады (құралады) . Бұл дайындық, әрине, оқу жылы басталмай тұрып жасалады. Мұғалімнің әрбір сабаққа күрделі де жауапты жұмыс. Оқу материалының мазмұнын ойластыру дайындықтың алғашқы алғашқы бөлігі болып табылады. Мұғалім бағдарламаның өткен, алдыңғы және одан кейінгі сабақтарға қатысты бөлігін, олардың арасындағы байланыс пен дәйектілікті орнату үшін талдау керек. Осы сабақта алдына қойып отырған нақты педагогикалық міндеттер мен мақсаттарды жақсылап ойластыру - сабаққа дайыныдықтың өте маңызды бөлігі болып табылады.
- Сабақ талдауға қойылатын жалпы талаптар
Сабақ талдауға ғылыми көзқарас психологиялық - педагогикалық ғылым мен озық педагогикалық тәжірибеге сүйенеді. Талдауыдың жан-жақтылығы мен тереңдігі - сабақ құрылымындағы кезеңдердің байланыстылығын, дидактикалық қабысуы мен логикалық жүйелілігін ескере отырып бағалау. Жаңа тақырыпты өткен сабақ тақырыбымен байланыстыра қалыптастыру. Талдау барысында оқу материалдарының меңгерілу дәрежесін, білім сапасының тереңдетілу жағдайын, оқушылардың танымдық дамуын анықтайтын сабақтың басты жақтарына көңіл бөледі. Бағалаудың шынайылығы. Бағаның, негіздеменің, қорытындының ғылыми негізділігі, нақтылығы, дәлелділігі, шынайылығы қажет. Қатысқан оқу пәнінің ерекшілігі. Ұсыныстар. Сабақтарға қатысу және оны талдау мектепішілік бақылаудың бір әдісі. Сабақтарға қатысу түрлері және қатысуды жоспарлау. Сабаққа қатысу және оны талдау мектепішілік бақылаудың бір әдісі. Сабақтарға қатысу түрлері: іріктеу, тақырыптық, параллель, мақсатты, кешенді (толық оқу күні барысында 1 сыныпта сабақ берілу жағдайын) талдау. Сабаққа қатысуды жоспарлау: алдын ала жоспарлау (1жылға, жартыжылдыққа), ағымдағы (1айға, 1аптағы), күнтізбелік, графикалық. Сабаққа қатысуға дайындық. Сабаққа қатысу мақсатын анықтау. Оқу бағдарламасымен, осы сабақтың нақты материалдарымен, сабақты өткізу әдістерімен (оқулыққа, әдістемелік құралдарға, білім беру органдарының нұсқауларына, т. б сүйеніп) танысу. Пән бойынша дайындалған оқу-көрнекілік құралдармен танысу. Сынып журналын тексере отырып мемлекеттік бағдарламалардың орындалуын, оқушылардың баға жинақтауын, сол сәтке үлгеремін, өткізілген бақылау, жазба жұмыстарының санын, күнін, бағдарламаның практикалық жағының орындауы мен үй жұмысы деңгейін анықтау. Қорытындылар, ұсыныстар мен тапсырмаларды қарастыру (олар мұғалімге сабақтан соң беріледі) . Оқушы жұмыстарымен танысу. Оқушылардың білім сапасын тексерудің жеке түрлерін анықтау, осыған қажетті материалдарды іріктеу. Мектептің басқа мұғалімдерін сабаққа шақыруды шешу. Мұндай шақырудың мақсатын белгілеу. Сабақты бақылау және сабақ барысын жазу сызбасы. Сабақты бақылау сызбасы - тексерушінің (қатысушының) жұмысын ұтымды ұйымдастыруының алғышарттары. Сызба тексерушіге сабақтың кезеңдерін нақты, жүйелі белгілеп, жазып алып, дәл осылай жүйелі түрде талдауына мүмкіндік береді. Тексерушінің қатысылған сабақты талдауға дайындығы. Сабағына қатысып отырған мұғалімнің бұрынғы қатысылған сабақтары туралы хаттамаларын, ескертулері мен ұсыныстарын қарап өту. Сабақ жоспары мен оны орындау бойынша мұғалімге қойылатын сұрақтарды ойластыру. Сабақты талдау түрі мен орнын (әңгіме-сұхбат, пәндік комиссия отырысында, педагогикалық кеңесте) тағайындау. Сабақты кезеңдерге бөліп талдау, оқушылар мен мұғалімнің іс-әрекетіне баға беру. Оқушының білім сапасын, білімін, білігін, дағдысын тексерідің қорытындысы. Сабақтың жетістігін, жақсы жақтарын, танысып, талдап, қолданысқа енгізуге болатын мұғалімнің шығармашылық жаңалықтарын бөліп атау. Сабақ кемшіліктері мен мұғалімге қажетті көмек көрсету жолдарын айту. Сабаққа қойылатын жалпы бағаны, қорытындыларды ұсыныстарды түйіндеу.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz