Вакцина егу профилактикасы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУЬЛИКАСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті

Ветеринарлық медицина және биотехнология факультетінің
Жұқпалы емес аурулар және морфология
кафедрасы

Патологиялық анатомия пәні бойынша
Курстық жұмыс
Тақырыбы: Лептоспироз

Дайындаған: ВМ-31 топ студенті Хайрушев А.Р.
Тексерген: в.ғ.к.
Сабыржанов А.Ө.

Орал 2019
Жоспар.
Кіріспе
I.Әдебиетке шолу.
1.1. Тарихи
дамуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... 4-6
1.2. Вакцина егу
профилактикасы ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... 7-8
II. Негізгі бөлім.
2.1. Жарып- сою
хаттамасы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9-
10
2.2. Этиологиясы мен
патогенезі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... .. 11
2.3. Клиникалық
белгілері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
12-13
2.4. Патологоанатомиялық
өзгерістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 14
2.5. Диагноз. Дифференциальдық
диагноз ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15
2.6.
Емдеу ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... . 16
2.7. Аурудан сақтану және күресу
шаралары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17
III.
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
.. 18
IV. Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... .19

Кіріспе
Жалпы ауыл шаруашылығын, соның ішінде ветеринария саласын дамытудың
бірден бір жолы – малдарды жұқпалы және жұқпалы емес аурулардан сақтау
болып табылады. Осыған орай мал шаруашылығы мамандарының алдына қойған
мақсат міндеттері болады. Осы мақсаты мен міндеттерін жүзеге асыру үшін мал
басын көбейтіп, оның өнімділік сапасын арттыру керек. Бұл үшін мал
мамандары шаруашылықта жүргізілетін мал дәрігерлік, зоотехникалық қызмет
көрсетуді, малдардың бағылуы мен азықтандыруына, азық сапасын көтеруін,
ветеринарлық шаралардың уақытылы және жоғары деңгейде өткізуді талап етеді.
Адам және жануар липтосперозын ұзақ уақыт бойы ұқсас аурулардан
ажырату қиын болды. Тек ХІХ ғасырдың соңында ғана алғаш рет 1886 жылы
А.Weil, 1888 Н.П. Васильев адамның жұқпалы сары аурудың клиникалық
картинасын нақты сипаттады. Содан соң осы ғалымдардың құрметіне аталмыш
ауру Вейл-Васильев атауына ие болды. 1904 жылы неміс журналында
Е.Дьяченконың Кубаньдағы мүйізді ірі қара иктерогемогмобинуриясының
клиникалық белгілері туралы еңбегі жарияланды. Ауру қоздырушысы Жапонияда
1914 жылы Инадо, Ноки, Канеко ашып, олар жұқпалы сары аурумен ауырған
адамның қанымен зақымдалған теңіз шалқалардың бауырынан спирохеталарды
ажыратып алып, ауру қоздырушысын Spiroclaeta ictero haemorr laguae деп
атады. 1917 жылы Ногуши қоздырғышы Leptospira деп атап, оларды туыстығына
байланысты жіктеді.
Лептоспроз (leptospirosis) – қысқа мерзімді қызбамен, қан аздықпен,
сарғаюмен, гемоглобинуриямен, іш тастаумен, септицемия, кілегейлі қабықтар
және терінің некрозымен, ішек-қарынның әлсіреуімен сипатталатын жұқпалы
табиғи ошақты ауру. Бұл аурумен барлық мал түрі ауырады. Әсіресе, ірі
қарада, жылқыда, қойда, шошқада, бағалы терілі аңдарда жиі кездеседі. Ауру
қоздырушысы стирохет тұқымдастарына жататын leptospira түрінің патогендік
микроорганизмдері. Ауру қоздырғышы лептоспира суатта, көлшіктерде, батпақты
жайылымдарда, көк өрістерде тез өсіп өнеді. Малдың организміне лептопиралар
ауыздың немесе танау қуысының және ішек-қарынның кілегей қабықтары арқылы
жұғады.
Лептоспироз табиғи – ошақтық аурулар қатарына жатады, оған энзоотиялық
тә. Аурудан сәтсіз шаруашылықтардан асыл тұқымды малдар сатылса көптеген
шаруашылықтар мен аудандарды қамтитын энзоотия түрінде белгі бере алады.
Жалпы осы курстық жұмыстың мақсаты ауыл шаруашылық малдары ауыратын
жұқпалы ауруларды анықтау, себебі мен клиникалық белгілерін зерттей отырып,
диагноз дәл қою арқылы емдеу, сонымен қатар олардың аурудан өлген жағдайда
өлекселерін жарып сойып қарау, басқа малға жұқпауын қадағалау, яғни, алдын
алу және күресу шараларын өткізу болып табылады. Осы шараларды нәтижелі
жүргізсек, мал басы сақталып, одан алынатын өнімнің мөлшері мен сапасы
артады. Ветеринарлық шараларды жетілдіргенде оған жұмсалатын шығын да
азаяды.
I.Әдебиетке шолу.
1.1. Тарихи дамуы.
Ауру тарихы. Адам және жануар лептоспирозын ұзақ уақыт бойы ұқсас
аурулардан ажырату қиын болды. Тек ХІХ ғасырдың соңында ғана алғаш рет 1886
жылы А. Weil; 1888 жылы Н.П. Васильев адамның жұқпалы сары ауруының
клиникалық картинасын нақты сипаттады.
Содан соң, осы ғалымдар құрметіне бұл ауру Вейл-Васильев атауына ие
болды. 1904 жылы неміс журналында Е. Дьяченконың Кубаньдағы ірі қара
иктерогемоглобинуриясының клиникалық белгілері туралы еңбегі жарияланды.
Ауру қоздырушысы Жапонияда 1914 жылы Инадо, Ноки, Канеко ашып, олар жұқпалы
сары аурумен ауырған адам қанымен зақымдалған теңіз шошқаларының бауырынан
спирохеталарды ажыратып алып, ауру қоздырушысын Spirochaeta
icterohaemorrhagiaе деп атады. 1917 жылы Ногуши қоздырушыны Leptospira деп
атап, оларды туыстығына байланысты жіктеді
К.П. Студенцов (1966) мәліметтеріне қарағанда лептоспирлер пішініне
байланысты С және S әріптері тәріздес. Осыған орай лептоспира атауы гректің
екі сөзінен құралған:
Leptos – ұсақ, spira – иір. Spirochaetaceae тұқымдасының leptospira
туысына жатады. Халықаралық жіктеуге сәйкес, лептоспир туыстары екі түрде:
лептоспир – паразиттер (L.interrogans) және лептоспир – сапродиттерден (L.
biflexa) құралады. Қазіргі уақытта L.interrogans 23 топқа біріккен 202
сероварға, ал L. Biflexa 38 топқа жататын 63 сероварға бөлінеді.
А.И. Протасов (1968) зерттеулерінде лептоспирлер аздап жарық сәулесін
сындырады, сондықтан оларды микроскоптың қараңғы бөлімінде қарайды. Олар
нәзік спиральмен қоршалған жіңішке жіп болып көрінеді, активті қимылы бар.
Олардың мөлшері 4-15х0,2-0,4мкм, шеттері (бір немесе екі жағы) қайырылған
және домалақтанған жуандауы бар. Лептоспирлер 26-280С температурада және РН
7,2-7,4, үй қояндарының немесе қойлардың қан сарысуы қосылған әртүрлі
қоректік ортада культивирленеді. Лептоспирлер ұзақ уақыт төменгі
температурада, тіпті суыққа қатырғанда да сыртқы ортада сақталады. Өзен мен
көлдердің суларында 200 күнге дейін өмір сүргіштігі сақталады. Тура түскен
күн сәулелері мен кептіру оларды 2 сағатта, 550С дейін қыздыру – 30 мин.
Кейін, 760С және одан да жоғарғысы – кенеттен өлтіреді, 20% спирт, 2% тұз
қышқылының ерітіндісі, фенолдың 0,5% ерітіндісі, формалиннің 0,25%
ерітіндісі микробтарды 5 минуттан кейін өлтіреді.
А.П. Шатров пен А.Ф. Кирпичев (1971) деректеріне сүйене келсек, бұл
індеттің пайда болуы Қазақстан жануарларының Солтүстік Кавказдан,
Украинадан, Роспов облысынан әкелінуімен байланыстырады. Қазақстанда
қойлардың лептоспирозы 1943 жылы тіркелген.
Т.Телеуғалиев (1970) жазбалары бойынша бұл ауруды гемоспоридиоз
ауруларынан ажырату керек. Гемоспоридиозда талақтың көлемі ұлғаяды, ал
лептоспирозда талағы әдеттегідей болады. Лептоспирозда аурудың кілегей
қабығы өлі еттенетін болса, гемоспоридиозда ол кездеспейді.
Т.А. Кононов (1973) бойынша шошқа аурудың жіті және жетілеу түрімен
ауырғанда олардың сол түйіндері сәл ғана ұлғаяды, қызыл сұр тартады,
пышақпен тілгенде ойдым-ойдым боп қанталағаны байқалады. Көмекей бездерінде
өлі еттенген сары түсті участоктар пайда болады.
Талақ сәл үлкейген, етегі нүкте тәрізденіп қанталаған. Бауыры сарғаяды
немесе қызыл - қоңыр түсті болады. Бүйректері сәл үлкейеді. Қызыл - сұр
түсті. Аурудың созылмалы түрінде бүйректерінің үстіңгі жағы нүкте тәрізді
қанталайды. Етінің түсі солғын қызыл кейде сәл сарғыш тартады.
Э.С. Плотников (1975) негіздеріне назар аударар болсақ, сауылатын
малдар сүт беруін азайтады немесе біржолата тоқтатады. Буаз малдар іш
тастайды немесе бұзаулар нашар болып туады. Ал ауырған малдан туған бұзауда
алғашқы күннен-ақ дене температурасы көтеріледі, тәбеті жоғалып мұрнынан
кілегей ағады, конъюктивиясында ірің пайда болып, қатты арықтайды.
Б. Көпбосынов (1978) мәліметінше лептоспирозбен тек жануар ғана емес
адамда ауырады екен.
С.А. Амреев, Л.П. Баяринова зерттеулеріне қарағанда 1998 жылы бұл
ауруға 806 адам шалдыққан. Бұл дегеніміз дерттің жылдам ұшығатынын
көрсетеді.
Т.Сұлтанқұлов (1978) пікірінде шаруашылықта лептоспироз ауруы
анықталғанда ауру малды бөлектеп оған қан сарысуын тері астына 10-12мл
дейін инемен жібереді. Қалған барлық малды вакцина мен әр жеті күннен кейін
2 рет егеді. Аурудың клиникасы білінбесе және күдікті болса малды союға
болады. Мұндай малдың етін мал дәрігерлік экспертизаның ережелеріне сәйкес
пайдаланылады. Ал сүтін жақсылап қайнатқаннан кейін пайдалануға рұқсат
етіледі. Ауырған малға 40%-к глюкоза ерітіндісін қанына жібереді.
Асқазанның жұмысын жақсарту үшін глаубер тұзын (200-1000г дейін) суға езіп
ішкізеді. Бір аптаға дейін әр киллограмм салмағына 60000 ЕД есеппен
стрептомин береді. Жылқыға емдік мақсатпен әр киллограмм салмағына (0,005-
0,01 кг қан тамырына) нарсульфазал жібереді. Ауру малдың тұрған жерін әктің
10-20%-к ерітіндісімен немесе 2%-к креолин, 1-2%-к формалин ерітіндісімен
дезинфекциялайды. Жаңадан келген малды 30 күн карантинде ұстайды.
А.А. Конопаткин (1984) жазбаларында лептоспираның морфологиялық
құрылысы білік жіпке тізгендей бірімен-бірі қабыса бұйраланып, өте ұсақ
спирал тәрізді көрінеді. Лептоспираның ұзындығы 5-тен 18 метрге, 2-0,2-ден
0,3 метрге дейін болады. Бұл микроорганизмнің басы қармақ сияқты иіліп
келіп, ұшы түйме тәріздес сүмбіленеді. Лептоспиралардың тағы бір қасиеті
олар анаминдік бояумен боялмайды, Романовтың әдісі бойынша көк - сұр түске
боялады. Ал күміс жалатылса қоңыр немесе қара түске айналады.
Б.Ф. Бессарабов (1984) лептоспироз кезінде ауырып айыққан малдарда
берік және ұзаққа созылатын иммунитет пайда болады дейді. Кейде ол
стирилсіз. Активті иммундау үшін поливалентті ВГНКИ депонирленген
вакцинасын қолданады, онда елдің қай аймағында болсын ең жие кездесетін
лептоспирлердің әр түрлі сероптары үйлескен екі варианттары шығарылғандары
пайдаланылады.
Б.И. Антонов (1986) дерегінде ауруға диагнозды-клиникалық, паталого-
анатомиялық, індеттік деректердің, бактерологиялық, серологиялық,
гистологиялық және лабораториялық зерттеулер негізінде қояды. Малдың тірі
кезінде жаңадан жиналған несеп пен қан, ал өлгеннен кейін бауыр бүйректер
және кеуде мен іш қуыстарының транссудаттары тексеріледі. Аурудың 5-7
күннен бастап микроаглютинация (РМА) және макроаглютинация реакциялары
бойынша қан сары суын тексереді. Тексеруді лептоспирдің типтелденген
штамдарының жиынтығымен жүргізеді. Сары су титрі РМА-да 1:500 және одан
жоғары немесе РА-да 3-4 кресі бар малдарды лептоспир тасушылар деп қарайды.

Серологиялық диагноз қойғанда лептоспердің қоздырғышы деп ең жоғары
титрдегі антительдер табылған серологиялық топтың липтоспирлері саналады.
П.В. Житенков (1989) мәліметтері бойынша бұл ауруда жарып сойған кезде
барлық органдар өзгерістерді анық көруге болады.
Айталық, терінің әртүрлі учаскелерінен некроз ошақтарын, көзге
көрінетін кілегейлі қабықтардың сарғаюын және ауыз қуысының кілегейлі
қабығында ойық жараларды табады. Ішін жарғанда көп жағдайда барлық
тканьдердің сарғаюы мен тері асты клетчаткасында, ішектің сірілі және
кілегейлі қабықтарында, өкпеде, жүректе, бүйректе, жолақта қан құйылуларда
көруге болады. Сол түйіндері үлкейген және сарғайған. Бүйректер үлкейген.
Олардың сыртында кішкентай сары ошақшалар көзге түседі, қыртыс және іш
қабықтарының шекаралары байқалмайды. Қуықтың кілегейлі қабығы қан құйылумен
тұмшаланған. Бауыр екі есе ұлғайған, босаңдаған, кесілген жері саз түсті.
И.А. Бахулов (1993) зерттеулері бойынша аурудан сәтті шаруашылықтарға
малдарды тек қана лептоспирозды серологиялық тексерулердің нәтижесі теріс
деп танылғанда сәтті шаруашылықтан әкеледі.

1.2. Вакцина егу профилактикасы

Вакцинология термині вакцина дайындайтын, сынайтын, қолданатын
және вакциндеуден кейінгі қалыптасатын иммунитетті зерттеумен айналысатын
ғылымдар арасында кеңінен танымал.
Вакцинология - вакциналар мен иммунитет туралы ғылым.
Вакцинация - вакцина көмегімен белсенді иммунитет түзу тәсілі.
Европада эпидемия кезінде вакцина алғаш рет қолданылған. Ол вакцина
құрамына қоректік ортада шайылып, формалинмен инактивтелінген лептоспира
суспензиясы енген.
Кеңестер Одағында адамдардың лептоспирозына қарсы вакцинаны А.А.
Варфоломеева мен Г.Н. Ковальский ендірген.
Адсорбенттер қосылған (ашудас, алюминий сульфаты, алюминий гидрооксиді)
Pomona, Icterohaemorrhagiaе сероварларының лептоспироздық вакциналарын H.C.
Ellinghausen ұсынды.
C.I. York және I.A. Baker тауық эмбрионында өсірілген лептоспиралардың
Pomona штамынан дайындалған вакцинаны ұсынған.
Моновалентті формолглициринді вакцина Ресейде лептоспироздан сәтсіз
шаруашылықта сынақтан өткізіліп оң нәтиже алынған.
Ресей және ТМД елдерінде лептоспироздың алдын алу үшін келесі вакциналар
ұсынылады:
- ірі қараның қарасаны мен лептоспирозына қарсы ассоцирленген вакцина;
- жануарлар лептоспирозына қарсы ВГНКИ поливалентті вакцина;
- жануарлар лептоспирозына қарсы концентрленген вакцина;
- шошқаның лептоспирозы мен парвовирустық инфекциясына қарсы
ассоцирленген вакцина;
- шошқаның парвовирустық ауруларына, лептоспирозына, Ауески ауруына
және хламидиозына қарсы концентрленген инактивтелінген вакцина;
- жануар лептоспирозына қарсы лиофильденген вакцина;
- лептоспироз және құтыруға қарсы сұйық инактивтелінген вакцина
(Лепторабизин, ЛБ);
- құтыру және лептоспирозға қарсы сұйық инактивтелінген вакцина (Эурикан
RL);
- құтыру және лептоспирозға қарсы сұйық біріктірілген инактивтелінген
вакцина (Nobivac RL)
- ит обасы, аденовирустық инфекциясы, парво- және короновирустық
энтериті, лептоспирозына және құтыруына қарсы вакцина (Мультикан);
- ит обасы, инфекциялық гепатиті, аденовироз, парвовирустық энтериті
және лептоспирозға қарсы поливалентті вакцина (Гексаканивак);
- обаға, аденовирозға (тип 2), парвовирозға, параинфлюенцияға,
лептоспирозға қарсы лиофилденген құрғақ тірі вакцина (Dyramun);
- обаға, аденовирозға (тип 2), парвовирозға, короновирусқа, парагрипп
және лептоспирозға қарсы лиофилденген құрғақ тірі вакцина (Dyramun МАХ 5-
СV4L);
- ит обасына, аденовирозына (тип 2), парвовирозына, респираторлық
инфекциясына (тип 2), лептоспирозына және құтыруына қарсы поливалентті
біріктірілген вакцина (Eurican DHPPI2 LR);
- L. іcterohaemorrhagiaе, L. canicola тудыратын ит лептоспирозына қарсы
тірі поливалентті инактивтелінген вакцина (Нарвак);
- L. іcterohaemorrhagiaе, L. canicola тудыратын ит лептоспирозына қарсы
тірі поливалентті инактивтелінген вакцина (Биовак L);
- L. іcterohaemorrhagiaе, L. canicola тудыратын ит лептоспирозына қарсы
тірі бивалентті инактивтелінген вакцина (Nobivac Lepto).
Уыттылығы жоғары,антигендігі мен иммуногендік қасиетке ие лиофилденген
вакцина Помона және Тарассови лептоспираларынан Болгарияда дайындалған.
Кешендi иммундеу жануар ағзасына едәуiр оң әсер бередi. Кешендi препарат
компоненттерiнiң бiрiнiң иммунизаторының әсерiнiң әлсiреуi олардың
дозаларының қажетті мөлшерде сақталмауынан болады.
Лептоспироздың арнайы алдын алу шараларында келтірілген әдебиет
көздерінен алынған мәліметтерді жинақтай отырып, қысқаша мынадай тұжырымға
келуге болады:
- серовар және серотоп бойынша лептоспиралардың өндірістік штамдарын
таңдап алу лептоспирозға қарсы сапалы вакцинаны өндірудің басты шарты болып
табылады.

ІІ негізгі бөлім
2.1. Жарып - сою хаттамасы.
БҚО Ақжайық ауданы, Тайпақ ауылы Сұңқар шаруа қожалығы. Сиыр малын
патологоанатомиялық жарып – сою.
Сиыр малы 22 наурыз 2019 жылы ауырды, емханаға 25.03.2019 жылы
әкелінді. Орал қалалық ветеринарлық зертханасында машықтанушы студент
Хайрушев А. мен оған бақылаушы ретінде бахдиагностика бөлімінің меңгерушісі
Абекешов Н.Ж. және ветеринарлық дәрігер Сабыржанов А.Ө.-нің қатысуымен
жүргізілді.
Анамнез
Сиыр малы дене температурасы 410С-қа дейін көтерілген. Азық жұту
актісі бұзылған. Дем алысы мен жүрек тамыр соғысы жиілеуі байқалған.
Қызудың аяқ кезінде көзге көрінетін барлық кілегейлі қабықтардың сарғаюы
пайда болған. Терісі өлі еттенген. Мал қатты жүдеп, күйзеліске ұшыраған.
Ауырғаннан кейін 2 күннен соң, 24.03.2019 жылы өлді.

1.Сыртқы қарау.
І. Басты белгілер. Сиыр малының өлігі 2 жаста, етті бағыттағы тұқым,
дене бітімі ортадан жоғары
ІІ. Өлекседегі өзгерістер. Өлексе салқындаған, жалпы дене бітімі
бүтін, солғын бейнеленген.
ІІІ. Арнаулы білім.
3.1. Конъюктивасында қысың қабығы бозарған, көз алмасы солғын, көздің
кілегей қабықтары қансызданып кеткен.
3.2. Ауыз қуысы – кілегей қабығы некрозға ұшыраған
3.3. Мұрын қуысы – кілегейлі сорап байқалады.
3.4. Сыртқы жыныс мүшелері – некроздалған.
3.5. Түктері – жоқ, түсіп қалған.
3.6. Терісі - әртүрлі учаскелерінде некроз ошақтары, кілегей
қабаттарының сарғаюы.
3.7. Желін, үрпі жолдары – сыртқы кілегей қабығы некроздалған.

2.Ішкі қарау.
2.1. Бұлшық еттері мен сіңірлері – солғын тартқан және қою күлгін
түстес, ісік байқалады, сарғыш түстер мен дақтар тәрізді қан құйылулар бар.
2.2. Буындары – үсті аздап ісінген, буын қуыстарында аздаған жылтыр
сарғылт түсті созылған сұйықтық.
2.3. Сүйіктері – бүтін, жарылған жоқ, анатомиялық тұрғыдан алып
қарағанда орналасуы ұрыс.
2.4. Құрсақ қуысы – сарысуға толы.
2.5. Өңеш – ісік пайда болған.
2.6. Асқазан – жалбыршақ қарын құрғақ нығыздалған азыққа толы.
2.7. Ішектер – сірілі және кілегей қабықтарында қан құйылымдар.
Шажырқай сол түйіндері қанталаған.
2.8. Бауыры – үлкейген, сары, қоңыр түсті. Паринхимасында некроз.
2.9. Өт қабы – үлкейген, қара көк өкпе толы.
2.10. Бүйректері – қан құйылу байқалады, ісіңкі, сыртқы қабықтары
сұрғылт тартқан, қабығы қолмен оңай сыпырылады, көлемі ұлғайған.
2.11. Несеп ағар, қуық және несеп шығару жолдары – қою күрең түсті,
несеппен кернелген, кілегей қабығы қабынған.
2.12. Жатыры – қабынған.
2.13. Көкірек қуысындағы органдар – сарысуға толы.
2.14. Кеңірдек және бронхылар – кілегей қабықтары жылтыр, қызғылт -
қоңыр түсті, қабынған.
2.15. Өкпе – ісіңкі, қан құйылған, бронхтары көбікке толы.
2.16. Жүрек – бұлшық еті пісірілген ет түсіндей.
2.17. Қан тамырлары – қан кернеген.
2.18. Талағы – гиперемияланған, сәл еті жұмсарған.
2.19. Лимфа түйіндері – аса үлкейген, күлгін қызыл түсті, сірілі
инфильтрациялық жасунықпен қапталған, қан құйылу байқалады.
2.20. Бас миы мен жұлыны – сол түйіндері үлкейген, айналасында жалқаяқ
жиналған.

3.Алдын-ала қойлатын диагноз.
Бұл малға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Вирустық аурулардың спецификалық алдын алу.Вакцина дайындау принциптері. Құтырық,аусыл,шмалленберг,блютанг ауруларының диагностикасы және алдын алу шаралары
Вирустық аурулардың спецификалық алдын алу.Вакцина дайындау принциптері.Адьюванттар,иммуномодуляторлар.2)Құтырық,аусыл,шмалленберг,блютанг ауруларының диагностикасы және алдын алу шаралары
Вирустық аурулар жайлы ақпарат
Вирустық аурулардың спецификалық алдын алу. Вакцина дайындау принциптері. Адьюванттар, иммуномодуляторлар. Құтырық, аусыл, шмалленберг, блютанг ауруларының диагностикасы және алдын алу
Вирустық аурулар туралы мәлімет
Вирустық аурулардың спецификалық алдын алу.вакцина дайындау принциптері.Адьюванттар,иммуномодуляторлар. Құтырық,аусыл,шмалленберг,блютанг ауруларының диагностикасы және алдын алу шаралары
Адьюванттар, иммуномодуляторлар
Иммунологиялық реакциялар: маңызы, түрлері, механизмдері, қою тәсілдері. Инфекциялық аурулардың иммунопрафилактика және иммунотерапия негіздері.
«Алдын алу және эпидемияға қарсы шаралар қағидалары»
Туберкулездің профилактикасы жөніндегі нұсқаулық
Пәндер