Орман ресурсының негізгі түсініктері


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
МИНИСТРЛІГІ
М. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК
УНИВЕРСИТЕТІ
Экология кафедрасы
КЕЙС
Тақырыбы: Ормандағы ресурстардысақтау: орман ресурстары.
Орындаған: Сейдаханқызы М
Тобы: ХТ17-4К1
Қабылдаған: Утебаев А. А
Шымкент 2021ж.
Кіріспе
Орман - жер бетінің көркі. Ағаштар, бұталар, шөптер, гүлдер түрге, түске және бецнеге өте бай болғандықтан жағалай әсем көрік беріп, көз тартып тұрады. Сондықтан да ағаштарды қалаларды, елді-мекендерді көріктендіруге, демалыс орындарын ұйымдастыруға көп пайдаланады. Орман-құстар мен аңдардың мекені. Азық-түлікке (жидек, жаңғақ, саңырауқұлақ т. б. ) және дәрі-дәрмекке жарамды өсімдіктер өсетін жер.
Орман - су қорлары көп жиналатын жер. Қар қалың болғандықтан жер қыртысы терең қатпайды да, жазғытұры тез жібиді. Сондықтан еріген қар суы сай-салаға ағып кетпей, топыраққа жақсы сіңеді. Өсімдік қалдықтарынан құралған жамылғы нөсер жауын мен қар сулары топырақтың жуылып кетуіне кедергі болады. Ормандар-ауыл шаруашылығында да пайдалы. Топырақты жел және су эрозиясынан сақтап, жердің құнарлылығын арттырады. Аңызақ жерден сақтайды. Қысты және жазғытұры әрбір гектар жерге 540 тоннадай су жиналып, әсіресе өсімдіктердің жаңа өсе бастаған кезінде оларды ылғалмен қамтамасыз етеді.
Орманды-жердің өкпесі деуге де болады. 1 гектар орман тәулігіне ауадан 220-280 кг. көмір қышқыл газды алып, орнына 180-200 кг. оттек береді. Ағаштың жапырақтары, бұталары, қабықтары қурап, жерге түсіп, топырақты органикалық заттармен байытады. Оларды топырақтағы бактериялар біртіндеп шірітіп органикалық тыңайтқышқа(азотқа) айналдырады. Атмосферадағы үш газдың(оттек, көмірқышқыл газ және азот) қалыптасқан теңдестігін сақтауға көмектеседі.
Ормандар, әсіресе қылқанды ағаштар, фитонцид деп аталатын жеңіл химиялық заттарды бөліп ауру тарататын микробтарды(бактерия, саңырауқұлақ, жабайы микроб т. б. ) өлтіреді, ауаны тазалайды.
Ормандар-ауаны ластаушы химиялық заттарды, әсіресе газдарды, тотықтырып өзгертіп, олардың зиянды әсерлерін азайтады. Мұндай тотықтыру қасиеті әсіресе қылқыанды ағаштарға, жөкеге, қайыңға, қызыл талдың бірнеше түріне тән. Ормандар-ауаны шаң-тозаңнан тазалайды. Ағаш жапырақтарына жиналған шаң-тозаң жауын жауғанда жер бетіне жуылып түседі. Қала ауасымен салыстырғанда ормандарда бактериялар 300 есе кем болады.
Орман күн сәулесінің әсерін кемітіп, адамға зиянын азайтады. Топырақ бетіндегі органикалық жапқыштар радиоактивті сәулені сіңіріп, ортаны бейтарап жасайды.
Орман-шуды азайтып, оның әсерінен адамдарды қорғайды. Орманға жеткен дыбыстың 26% жоғалып, 74% жан-жаққа шашырап кетеді.
Орман ресурсының негізгі түсініктері
Орман ресурсы - биологиялық ресустарға жататыны белгілі, сондықтан олар табиғи ортаға әсері жағынан болсын, табиғи пайда болу жағынан да көбіне ұқсас келеді. Орман ресурсы пайдалану тұрғысынан көп салалы болып келеді, әсіресе, өндірісте қолдану аясы жағынан ағаш шикізат есебінде қолданылады. Одан басқа ағашты өндірісте пайдаланғанда одан түсетін қалдықтардың өзі неше түрлі, ауыл шаруашылығында, өндірісте және шаруашылықтарда таптырмайтын шикізат көзі болып есептеледі.
Минералды ресурстарға қарағанда орман сарқылмайтын және қайта қалпына келетін ресурстарға жатады. Сондықтан бұл ресурсты қайта қалпына келтіріп ғана қоймай, одан әрі өсіріп, дамытып, жетілдіруге болады. Бұл, әсіресе, республикамыздағы ұлан ғайыр аумақты орманмен қамтамасыз етуге мүмкіншілік бар екендігін көрсетеді.
Басқа табиғат русурстарына қарағанда орман ресурстарының ең бір басты айырмашылығы көп жағдайда далалы және шөлейт аймақтарда өсіруге болады. Бірақ мұндай табиғи қолайсыз жерлерде ағаш өсіру қымбатқа түсетіні белгілі. Ағаш, қоры жағынан әр аумақта биологиялық тұрғыдан әртүрлі болады, сол сияқты өсу динамикасы (қайта қалпына келу, сапасының өзгеруі, жылдық өсімі және т. б. ) да әртүрлі болады.
Орманның даму мүмкіншілігі ауыл шаруашылығының дамуымен биологиялық тұрғыдан ұқсас болғанымен, экономикалық тұрғыдан ерекшелігі бар. Өндіріске жарамды ағаш орташа есеппен 80-100 жыл өсетінін, ал химиялық өңдеуге келетін ағаштың жылдам өсетін түрінің өзі 30-50 жылды қажет етеді. Ал бұл орташа өндірістік циклдардан әлдеқайда ұзақ. Міне сондықтан да орман ресурстарын іске жарамды ағаш ретінде пайдалану үшін оның ондаған жылғы қорын әрқашан сақтап отыру қажет. Бұл жағынан алып қарағанда, ағаш ресурстарын экономикалық тұрғыдан бағалау мен минералды ресурстарды бағалауда көп ұқсастық бар, әсіресе, қолдағы қордың қаншалықты құнды екенін айыру тұрғысынан
R=Z-S, мұндағы Z - жылдық дайын ағаш қорының құндылығы, нарықтық бағасымен, мың тг; S - ағаш қорын дайындауға кеткен шығын мөлшері, мың тг.
Ауыл шаруашылығында, жер ресурсын бағалаудың ерекшелігі жердің құнарлылығына, одан алынатын өнім мен баға мөлшерінің әрдайым өзгеріп отыратынына байланысты екенін ескеріп, жыл сайын бағалап отыру қажет.
Орман алқаптары көбіне ауыл шаруашылығы өнімдерін өсіру үшін пайдаланылатынын ескерсек, орман ресурстарын бағалағанда егісті, шабындық, жайылым жерлерді де қоса бағалау қажеттілігі туындайды .
Ал су ресурсын алатын болсақ, басқа табиғат ресурстарына ұқсамайтын өзіндік экономикалық тұрғыдан бағалау ерекшелігі бар. Бұл ресурсты бағалағанда әр ауданда, аймақтарда су ресурстары үшін қолданылатын шектеулі шығын мөлшерін ескеру қажет. Өйткені су ресурстары тасымалданбайтын, орналасқан жерінде пайдаланылатын көп салалы ресурсқа жатады.
Жоғарыда келтірілген табиғат ресурстарын бағалағанда жалпы ұқсастығы олардың орналасу ерекшеліктерін, яғни географиялық тұрғыдан табиғи қалыптасу орны мен экономикалық тұрғыдан пайдалану деңгейі ескеріледі. Әсіресе, экономикалық тұрғыдан табиғат ресурстары орналасқан жері қаншалықты электр қуатымен, транспортпен, сумен, жұмыс күштерімен, жол қатынасымен қамтамасыз етілуімен тығыз байланысты. Ал орман ресурстарын ағаш қоры есебінде пайдаланғанда бұлардан басқа жазықты жерде немесе биік таулы-қыратты жерлерде орналасуына байланысты бағаланады. Бұл арада ағаш дайындау шығынының әртүрлілігі ескеріледі.
Орман ресурстарының басты ерекшелігі, яғни көп салалылығы мынаған келіп саяды: а) ағаш қоры; б) ылғал сақтайды; в) топырақ жамылғысын сақтайды; г) микроклимат жағдайын қалыптастырады; д) демалыс орындары; е) жеміс-жидек қоры қалыптасады (саңырауқұлақ, бүлдірген, жаңғақ, емдік шөптер, аңшылық т. б. ) . Бұл тұрғыдан алып қарағанда орман ресурсының экономикалық тұрғыдан бағалау мүмкіндігі қиындай түседі. Өйткені ылғал сақтау, таза ауа қалыптастыру сияқты әрекеттерін тек жанамалай ғана бағалауға болады, әлеуметтік құндылығын айырумен шектеледі.
Орман ресурстарын бағалағанда мына көрсеткіштерді ескерген жөн:
1. Орман ресурсы алып жатқан ауданның мөлшерін және ағаш қорының көлемін.
2. Табиғи ерекшелігін (ағаштың түрлері, жасы, тауарлық топтары т. б. ) .
3. Табиғи және экономикалық тұрғыдан игеру мүмкіндігін.
Бұл әрине орман ресустарын өндірістік тұрғыдан пайдаланғанда, іске жарамды ағаш дайындағанда қажетті көрсеткіштер және орман ресурсын оның табиғи қалпында бағалаумен бірдей емес, мақсаттары да басқа.
Егер табиғат ресустарын сапасын анықтайтын нақтылы көрсеткіштер арқылы және құндылығын анықтайтын экономикалық көрсеткіштер арқылы бағаланылатынын ескерсек, онда орман ресурстарын бағалаудың қиындығы алып жатқан жердің, ондағы жеміс-жидектің ылғал сақтау, қоршаған ортаны таза ауамен қамтамасыз ету сияқты қасиеттерін бағалау ерекшеленеді. Ағаштарға инвентаризация жүргізгенде оның алып жатқан орнын, сапасына қарай түрлерін, болашақта орман ресурстарының қорын қалпына келтіру үшін және дамыту үшін олардың жерсінуін т. б. қасиеттерін зерттейді. Орман қорын дамыту үшін алдымен аэро және жерде зерттеу арқылы картографиялық жұмыс барысында саны және сапасы жағынан анықталып оны ұйымдастырудың және орман шаруашылығын жүргізудің кешенді жоспарлары жасалады.
Орман ресурстары n Дж орман ресурстары әркелкі таралған. Жалпы ауданы 38 млн. км 2, ол жалпы ауданның 7, 5 % құраса, құрлық ауданының 25, 5% құрайды. Оның ішінде 55%-ы табиғи ормандар, 5%-ы орманды плантацияларға келеді. Екі белдеу бар: солтүстік және оңтүстік.
Екі орман белдеуі Солтүстік орман белдеуі Оңтүстік орман белдеуі Қоңыржай және субтропиктік белдеуде тарлаған. Ылғалды тропиктік және экваторлық белдеуде таралған. Жалпы ауданы 2 млрд. га 67 % - қылқанды 33% - жапырақты 50% - жалпақ жапырақты ылғалды тропиктік ормандар. 50% - разреженные леса и кустарники Ресей, Батыс Европа, АҚШ және Канаданың территорияларын алып жатыр. Азияның оңтүстігі мен оңтшығысын, Орталық Африка және латын Америкасының территориясын алып жатыр.
Орман ресурстары Қолданудан кейінгі мәселелер: Үлкен аймақтағы ормандарды кесу Қазақстанда және басқа дамушы елдерде орманды қалпына келтіру жұмыстарының баяу іске асуы Орман ресурстарын үнемсіз пайдалану Дамушы елдерде 50 % кесілген орман отынға кетеді Орман көлемдерінің азаюы Дүние жүзі ормансыз қалу қаупі бар!
Аумағының ормандылығына байланысты елдер 3 топқа жіктеледі: Жоғары ормандылық Орташа ормандылық 50 - 100 % Төменгі ормандылық 10 % төмен 10 - 50 % Гвиана (фр) Суринам Мозамбик Япония Эквадор Конго Мьянма Ангола Бразилия Испания США Канада Индия Монголия Великобритания Кения Сирия ЮАР Кувейт.
Орман ресурстарын пайдалану мәселері
Ормандардың экологиялық жүйе ретіндегі өзіне тән ерекшеліктері бар. Біріншіден, адамның әсерінен көп өзгеріске ұшырамаған, табиғи күйде сақталған экожүйелердің бірі; екіншіден, бұл жоғары өнімділік пен сипатталатын, ағаш, детрит, гумус түрінде органикалық зат шоғырланған ең қуатты жүйе; үшіншіден, ормандар тірі затқа тән функцияларды ашық көрсететін күшті орта түзуші және ортаны тұрақтандырушы фактор; төртіншіден, көптеген жануарлардың мекен ету ортасы; бесіншіден, орман-шаруашылықтың көптеген салалары үшін бағалы органикалық өнім мен шикізат көзі болып табылады. Сонымен қатар, орманның санитарлық-гигиеналық тынығу, стресс жағдайынан құтылуда, эстетикалық және экологиялық тәрбие берудегі маңызы зор.
1992 жылы Рио-де Жанейродағы БҰҰ-ның конференциясында «Ормандарңа қатысты мәлімдеме принциптерінде» былай делінген: «Ормандар атмосфераға түсіп, парниктің эффектке әкелетін көміртегі мен сутегін сіңіретін қойма болып табылады». Дүниежүзілік форумда мұндай құжаттың қабылдануы ғаламдық, экологиялық, экономикалық және әлеуметтік мәселелерді шешудегі ормандардың маңыздылығын көрсетеді.
Қазақстандағы орман ресурстарының жағдайы
Қазақстан ТМД елдері ішінде территориясы жағынан екінші орынды, халқы жағынан төртінші орын, ал орман қоры жағынан әрбір шаршы шақырымға шаққанда ең соңғы орындардың бірін алады.
Қазақстанда орман жердің 26, 2 млн. га бөлігін алып жатыр, оның ішінде ағашты алқап - 12, 4 млн. га. Орманнан жылына 2, 0-2, 4 млн. м3-ге дейін ағаш дайындалады. Ағаш халық шаруашылығының барлық саласында қолданылады деуге болады. Еліміз жылына 11 млн. га м3-ге жуық ағаш өнімдерін тұтынады. Орманнан ағаштан басқа да пайдалы өнімдер алынады. Қазақстан ормандары негізінен табиғат қорғау қызметін атқарады.
Қазақстан орман қорына бай болмағандықтан ағаш және ағаш өнімдерінің басым бөлігі шет елдерден (негізінен Ресейден) әкелінеді. Сондықтан елімізде орман қорын қорғау, молайту және тиімді пайдалану өте өзекті экологиялық, әлеуметтік-экономикалық мәселе.
Еліміздің орман байлығын қорғау оны тиімді пайдалану мен қорын қайтадан қалпына келтіріп отыруға тікелей байланысты. Бұл алдымен орман және ауыл шаруашылығының және табиғатпен байланысты басқа да өндірістердің тікелей міндеті. Орманның өскен жерінде ауа райын өзгертіп, өзен-көл суларын толықтырып отыратындығын, оны қорғаудың қажеттілігін арттырудың маңызы зор. Бұған қарамастан ағашты пайдаланбай тағы да отыра алмаймыз. Себебі қоғамға қажетті өндірістің көпшілігінің ағашсыз күні жоқ. Осыған байланысты адам баласының алдында орманның табиғатқа жасайтын жағымды ықпалын бұзбайтындай етіп пайдалану міндеті тұр.
Орман қорын қорғаудың және тиімді пайдаланудың басты мәселесі оны ұдайы, үдемелі жаңғыртып отыру, әсіресе құнды ағаштардың қорын молайту. Орман қоры ұзақ мерзімде қалпына келетін табиғат ресурсы болғандықтан оны өсіру, қорғау ұзақ мерзімдік бағдарламалармен, жоспармен жүзеге асырылады.
Орман алқаптарының тіршілікте алатын орны айрықша. Құнарлы топырақ қабаты мен сапалы су көздерін қорғауда қамтамасыз ететін де, қолайлы климаттың қалыптасуына игі ықпал жасайтын да, тыныс алатын таза ауаны оттегімен жабдықтайтын да, экологиялық апаттардың зардабын бәсеңдететін де қалың орман.
Қазір жалпы республика аумағының 4, 6 %-ын орман алқаптары алып жатыр. Оларда 384 млн. м3 ағаш қоры шоғырланған. Орман шаруашылығын негізінен, сапасы төмен ағаштар мен ағаш қалдықтары, тағамдық жабайы жеміс-жидектер мен саңырауқұлақтарды жинау және ертеректе ағаш өнімдерін өндіру мақсатында жаппай ұйымдастырылған шағын цехтар құраған. Төлем қабілеті төмендеген кәсіпорындар көбейіп, көлікпен тасымалдау, электр қуаты және басқа да шығындарды өтей алмай тығырыққа тірелген шаруашылық жаңа ғана нарық талабына бейімделіп келеді.
рман алқаптарының азаюы
Қазіргі таңда жер бетінің шамамен 30%-ын немесе 3, 2 миллиард гектар жерін орман алып жатыр. Ормандардың азаюы жөнінде басқа да экологиялық проблемалар сияқты көп айтылады.
Орманды алқаптар көлемінің азаюы немесе ормансыздануы-орманды алқаптардың өсімдіктер жабыны жоқ жайылым, қала, бос жерлер сияқты жер бөліктеріне айналу процесін айтады. Ормансызданудың негізгі себебі- жаңа ағаштар екпей, ормандарды қырқу. Одан басқа ормандар өрт, қатты дауыл жел, су басу сияқты табиғи себептерден және қышқыл жаңбырлар сияқты антропогендік әсерден де жойылуы мүмкін.
Ормандардың азаю процесі жер шарының көптеген бөліктерінде өзекті мәселелер болып табылады. Өйткені экологиялық, климаттық және әлеуметтік-экономикалық зардаптарға алып келуі мүмкін. Сондай-ақ орманды алқаптардың жаппай қырқылуы биологиялық алуантүрліліктің азаюына, өнеркәсіптік пайдалану үшін ағаштардың қорына, тіршілік сапасына және фотосинтездің төмендеуінен парникті эффектіге алып келеді.
Өсімдіктер-3 аса түрлері бар табиғаттың ерекше патшадығы Жер бетінде тіршілікті қамтамасыз етуде үлкен рөл атқарады. Ормандардың планетада орналасуы біркелкі емес. Олар негізінен Солтүстік жарты шардың орта ендіктерінде, тропикалық аймақтарда жалпы ормандар ауданынң сәйкесінше 54-46% құрайды.
Ормандардың үлкен санитарлық-гигиеналық және емдік қасиеттері бар. Сондай-ақ атмосфераның химиялық тепе-теңдігін(әсіресе оттегінің, көміртегінің және азоттың) ұстап тұрады. Есептеулер бойынша 1 гектар орман алқабы 5-10 тонна көмір қышқыл газын сіңіріп, 10-20 тонна оттегін бөледі. Сондықтан ормандарды «Жердің өкпесі» деп атайды.
Фотосинтез процесі кезінде көптеген ағашты, бұталы және шөптесін өсімдіктер белсенділігі жоғары ерекше химиялық қосылыстар бөледі. Ғалымдардың айтуынша, орман ауасының құрамында 300-дей әртүрлі химиялық заттар, ароматты қосылыстар, эфир майлары жәнге т. б. бар. Қылқан жапырақты ағаштар көптеген ауру тудыратын микробтарды өлтіретін фитонцидтер бөледі. Ормандар тек таза ауамен ғана қамтамасыз етіп қана қоймай желден, шаңнан да қорғап микроклиматқа да әсер етеді. Азық көзі ретінде, емдік және мәдени тұрғыдан алып қарасақ та ормандардың маңызы зор екені белгілі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz