Өлеңнің өзіне ғана тән өлшемді ырғақ


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

І Кіріспе . . . …. . 4

ІІ Негізгі бөлім:

  1. Қазақ өлеңінің құрылысы . . . …5
  2. Қазақ өлеңінің құрылысын зерттеуші ғалымдар……… . . . ……. . 10
  3. Бүгінгі қазақ өлеңінің жайы . . . 17

ІІІҚорытынды. . . . . …. . 18

ІҮ Пайдаланылған әдебиеттер. . ……20

Кіріспе

Өлең - шағын көлемді поэзиялық шығарма. Ырғағы мен ұйқасы қалыпқа түскен, шумағы мен бунағы белгілі тәртіпке бағынған нақысты сөздер тізбегі. Өлеңнің түрлері мен жанрлары әр алуан: ода, элегия, баллада, сонет, т. б. Кең мағынасында өлең қысқа көлемді поэзиялық туындылардың жалпы атауы болса, тар мағынада музыка өнер мен сөз өнеріне ортақ туынды, яғни ән өлеңі.

Қазақ ауыз әдебиетіндегі халық өлеңдері еңбек-кәсіпке орай (аңшылық, төрт түлік, наурыз өлеңдері), ескілікті наным-сенімге байланысты (бақсы сарыны, арбау), әдет-ғұрып негізіндегі (салт, үйлену, мұң-шер өлеңдері), қара өлең, тарихи өлең, айтыс өлеңдері болып бөлінді.

Өлең сөздердің болмысы, жаратылысы аса күрделі, оған ишара, меңзеу, салыстыру, жұмбақтау, астарлау, бейнелеу, теңеу, ұқсату, т. б. тән. Өлең лирика жанрында кең тарады, тақырыбы жағынан саяси, көңіл күйі, табиғат, махаббат және философия түрлерге жіктеледі.

Өлең құрылысы - өлең өлшемдерінің жасалу жүйесі, дыбыс үндестігі мен ырғағына тән ерекшеліктерді белгілейтін шарттар мен заңдылықтар. Өлең-жырдың күнделікті айтылатын жай сөз, қара сөздерден басты айырмасы олар мөлшерлі жеке жолдарға, яғни тармақтарға бөлінеді. Өлең тармағының құрылыс жүйесі әр халықтың поэзиясында өзінше қалыптасқан.

Қазақ өлеңінің құрылысы

Өлең әрбір жанға ішкі мазмұн қалпымен, бейнелілігімен, суретттілігімен, айтылу және ғажап үнділігімен әсер береді. Өлең сөздің мән-мағынасын оның әуезділігі әдемі ете түседі. Тіптен өлеңді іштей оқығанда да, оның адам жанының кілтін қозғар құдіреті бар. Бұл жағдайды қандай өлең жазушы жан болмасын шабытқа берілген тәжірибе барысында анық аңғарады. Сондықтан әрбір өлең жазушы ақын Абайша айтқанда өлеңнің бар болмысының 《сырты алтын》, 《іші күміс》 болуын өз өресіне қарай құнттайды.

Өлеңнің әуезділігі арттыру үшін тек әсемдікті діттеу қателік. Яғни өлең сөздің ырғағы мен дыбыс үндестігін шеңберінен шығармағаны абзал. Бұл мақсат өлеңнің барлық мүмкіншілігін мазмұнға бағындырған жағдайда ғана жүзеге асады.

Өлең сөздің қара сөзден ерекшелігі - онда ырғақтың болуы. Бірақ ол ырғақ сөйлемшелер мен сөйлемдерде дауыс толқынынан құбылып отыратын ырғақ емес. Өлеңнің өзіне ғана тән өлшемді ырғақ. Өлең ырғағы - тек поэзияға тән сипат. Басқаша айтсақ өлең өрнегіне тиесілі сөзді ақын жайдан-жай емес, оны мағына мен ырғақтың туындыға сай болуын негіз ете отырып таңдайды. Мұны байқау үшін сөз ішіндегі буын емес, оның ырғағы мен әуезін сезіне білсе жеткілікті.

Дегенмен бұл жағдайдан өлең құрылысын жеп-жеңіл дүние деп сараң ойламаған абзал. Өлеңге қатысты теорияны білу өнерге еш әсерін тигізбейді деп жататыны бар. Бірақ өлең құрылысының берері аз деп ойлау жаңсақ болар еді. Өкінішке орай бірақ осындай ойлар кейбір ақындардың өлеңінде мені көр дегендей айқын білініп тұрады. Ән мен күйді де теорияға сүйеніп шығармасы анық. Сонымен бірге грамматикаға судай болмай-ақ шебер сөйлеуге болатыны да белгілі. Мұнан шығатын түйін тіл құрылысын білген жан шешен болып кетпейді. Алайда осыдан кейін музыканың, тілдің, өлеңнің теориясын білудің қажеті жоқ деген пікір шығаруға болар ма екен? Не нәрсені болмасын бар жан дүниемен сезіну бар да, оны ғылыми жолмен жұмырлау да бар. Бұл аталғандардың екеунің дөзіндіке артықшылығы бар.

Өлең құрылысын ат үсті емес, бар ынтасымен тани білген адам онда бүкіл халыққа тән шығармашылық-жасампаздық қабілет пен эстетиканың деңгейі жоғары екендігін танытатын ғажайып құпиялармен танысады.

Өлең сөздің сәнін келтірер ырғаққа қатысты талапқа телміріп отыруға байланысты көптеген әдебиетші зерттеушілердің кері пікірі бар. Мәселен, Салтыков Щедрин былай дейді:《Еркін, табиғи қалпында сөйлемей, күндіз-түні сөзді бір өлшемге келтіріп, үйлестіремін деп бас қатыруды дені сау адамның істейтін ісі деуге бола ма екен? Мұның өзі адамша жүрмей, арқан тартып соның үстімен шайқалақтап басып жүру секілді ғой》[1] . Бұл пікірге ұқсас Толстойдың да өз ойы бар. Ол былай дейді:

《Сөз адамның ойын, шындықты білдіріп, рухын танытатындықтан ол маңызды нәрсе, ал енді оған әкеліп өлшем, ырғақ, ұйқасты кіргізуге тырысу, сөздің айқындылығы мен қарапайымдылығына нұқсан келтіру сөздің қадірін кетірушілік және мұның өзі соқамен жер жыртып келе жатып, би билеп, түзу жүрмеу сынды жөнсіз қылық》.

Толстой өлең сөзге байланысты жоғары деңгейді мақсат тұтып, қалпын бұзбай, кемел көркемдікке жеткен ақын аз екенін үнемі ескертіп отырған; оған жоғарыдағы пікірі тұздық болары анық.

Өлең жүйесі тіл құрылысы арқылы мүлдем жаңа сапаға ие бола алады. Өлеңге қатысты белгілі бір заңдылықтар тиянақталған. Мәселен, мөлшермен буын сақтау өлең де ғана бар. Ал қара сөзде мұндай заңдылық жоқ.

Өлең сөздеріндегі кейбір ырғақ қара сөзде ұшырасып жатады. Бірақ олар күрделі өлең өрнектері емес екені ап-айқын. Ал енді өлең өріміндегі ұйқасқа тән ерекшелікке келсек, ұйқастың құрылысы тілдің дыбыстық құрылысымен, ұйқастың кезектесуі тілдің синтаксистік құрылысымен байланысты. Айталық орыс поэзиясы мен қазақ поэзиясында ұйқас құрылысы мүлдем бөлек. Алайда ұйқастың кезектесу реті кейде жақын болып келетін тұстары да бар. Мысалы, шалыс ұйқас - абаб екеуінде де көп ұшырасады.

Барлық елдің поэзиясында ырғақтың жарыққа шығуына себепші - өлең сөздің қайталанып келіп отыратын бөлшектері. Қазақ поэзиясында тармақ туғызатын - буын санының өлшемдері.

Өлеңде кездесетін осындай бөлшектердің бірі әрі бастысы - тармақ, яғни өлең жолы. Ендігі мәселе тармаққа тән ерешеліктерге тоқталу:

  • тармақтың шегі міндетті түрде сақталады;
  • өрнегі қайталанып сақталады;
  • әр тармақ белгілі бір ойды білдіреді;
  • дауыс құрылысы мен сөйлемшелер де ерекше болады;
  • тармақты буынға бөлсе, ырғақтық жағынан анық болады;
  • сөйлем құрылысы мен дауыс толқыны жағынан көзге түсе бермейді;
  • тармақтар төрт-төрттен, алты-алтыдан топтасса да өлең құрылысының дауыс толқыны мен сөйлем құрылысына сай болады;
  • тармақта ырғақты анықтңайтын - бунақ;
  • тармақтағы буын - өлең өлшемінің мәні.

Дүниежүзілік әдебиетте орын тепкен өлең құрылымы 4 түрге бөлінетінін атап өткім келеді. Өйткені жоғарыдағы атап өткен орыс және қазақ поэзиясына қатысты ұйқастардың жіктелу себебін осы құрылым айғақтайды. Ендеше ол құрылымның реті мынадай:

  1. Метрикалықөлең жүйесі өлең ырғағында ұзын буын мен қысқа буынның кезектесіп келуіне негізделеді. Мысалы, ежелгі грек және рим поэзиясында кең орын алған ямб, хорей, т. б.
  2. Силлабо-тоникалықөлең жүйесінде екпінсіз буын мен екпінді буындар кезектесіп келеді. Ол орыс, неміс, ағылшын халықтары поэзиясында кездеседі.
  3. 3) Тоникалық өлеңжүйесі орыстың халық поэзиясында қолданылған. Оны жазба әдебиетте орнықтырған A. Маяковский болды. Мұнда ырғақ екпінді буындарға негізделеді, екпін түспейтін буындар есепке алынбайды. Кейбір қосарланып келетін сөздер болмаса, тармақтағы әр сөз бір екпінмен айтылып, дербес ырғақтық бөлшек құрайды. Мұның өзі өлеңді мәнерлеп, тақпақтап оқуға мүмкіндік береді.
  4. Силлабикалық өлеңжүйесі буын санының мөлшерін тұрақты сақтауға негізделген. Бұл өлең құрылысы француз, чех, итальян және барлық түркі тілдес халықтардың поэзиясында қолданылады. Бұл өлең құрылысының басты сипат-белгілерін қазақ өлеңдерінің құрылымынан анық аңғаруға болады[2] .

Қазақ өлеңінің құрылымына қатысты сөзді Зәки Ахметовтың мынадай ойымен толықтырсақ:《Қазақ поэзиясында өлең ырғағының тірегі - буын. Яғни ырғақ буын санымен өлшенеді. Сондықтан қазақ өлеңі силлабикалық (силлабо - буын деген сөз) жүйеге жатады [3] .

Қазақ тілінде екпін тұрақты сөздің соңғы буынына түседі. Сол себепті буындар айқын, анық болады. Яғни силлабикалық өлең жүйесі ең тиімді. Бұл пікірімізді қолдайтынын дәлелмен В. Брюсов айтқан. Оның пікірінше силлабикалық өлең жүйесінің мүмкіншілігі мол әрі бай.

Өлең құрылысының ұлттық сипаты белгілері ұлт тілімен тамырлас. Қазақ өлеңі, әуелі буынға негізделіп, ырғақ пен тармақ та, ұйқас пен шумақ та буынға бағынады. Өлең өлшемі - біркелкі ырғақ сақталып қалу үшін қолданылатын өрнек.

Өлең өлшемінің басты атаулары ежелгі грек поэзиясынан келген, көне грек, рим әдебиетінде бұл өлшемдер ұзын буын мен қысқа буынның кезек-кезек келуі арқылы жасалған. Араб, парсы, қазақ поэзиясындағы өлең өлшемі буын санын тұрақты мөлшерде сақтау арқылы жасалады. Мысалы, қазақ жыр үлгісінің тармағы көбіне 7 не 8 буынды болып келеді, сондай-ақ 6 буынды өлең өлшемі қолданылады. Ең көп тараған өлшемнің бірі 11 буынды. Тармақта буын саны төрттен асса, ол ырғақтың құрылысы жағынан бірнеше бунаққа бөлінеді. Мысалы, алты буынды тармақта екі бунақ (3 буын + 3 буын) . Поэзияда қалыптасқан өлең өлшемдері ауызекі тілде күнделікті айтылатын сөзге тән ырғақтың ең жеңіл, ықшам түрлерін саралап, екшеп, соларды бір жүйеге түсіру негізінде жасалған. Қазақ поэзиясында аралас буынды өлең өлшемдері де жиі қолданылады. Абайдың “Сегіз аяғы” осындай үлгіде жазылған. Мұнда 5 және 7 - 8 буынды тармақтар белгілі ретпен кезектесіп отырады. Өлең өлшемі сөздердің тек сыртқы өрнегі ғана емес, ол ойдың өрістеуі, сөздердің мағыналық өзара байланысына, қиюласуына орайлас келеді.

Өлең ұйқасы - тармақтың соңындағы бірнеше буынның келесі тармақтарға сәйкес буындармен үйлесімділігі. Ұйқас өлеңдегі әр тармақтың жігін анықтап, өлең сөздің ырғағын күшейтуге себін тиеді, әуезділігін күшейтеді. Ұйқас түрлерін айырғанда, алдымен, оның сапасы, яғни ұйқасқан сөздердің өзара үйлесімі еске алынады. Ұйқас өзара үйлескен тармақтардың кезектесу ретіне қарай сан түрлі болып келеді. Ең көп кездесетін ұйқастар:

  • егіз ұйқас (аа) ;
  • шалыс ұйқас немесе кезекті ұйқас (абаб) ;
  • қаусырма ұйқас немесе орама ұйқас (абба) .

Соңғысы орыс поэзиясында жиі қолданылады, ал қазақ поэзиясында көп кездесетіні - қара өлең ұйқасы деп аталатын ақсақ ұйқас (ааба) . Бұл 11 буынды өлең өлшемінде үнемі дерлік қолданылады. Қазақ поэзиясындағы жыр ұйқасы кейде шұбыртпалы ұйқас деп те аталады, ол бір ұйқасты ұзақ сақтап, бірнеше тармақтарды бірыңғай үйлестіруімен ерекшеленеді. Көбінше негізгі ұйқасқа (желілі ұйқас) қосымша, жанама ұйқас ілесіп, қосарланып отырады. Абай өлеңінде қолданған ұйқастың жаңаша түрлері: алты тармақты ұйқас (алты аяқ, аабввб) және “Сегіз аяқтың” ұйқасы (аабввбгг) .

Өлең ырғағы - өлеңдегі белгілі ырғақты үлгі-өрнекті қолданудан туатын өлшемділік. Ол алдымен өлеңнің жеке жолдарға, яғни мөлшерлі тармақтарға бөлінуіне байланысты болады. Өлең тармақтарының көлемі әдетте тұрақты. Мысалы, қазақ поэзиясында тармақ көбіне 6, 7 - 8, 11 буынды болып келеді. Әр тармақтың ішкі құрылысы, өрнегі. Айталық, 7 буынды өлең 2 бунақтан (4 буын + 3 буын), ал 11 буынды өлең 3 бунақтан тұрады (3 + 4 + 3 немесе 4 + 3 + 4 буындар) .

Өлең ырғағы өлшемділіктен туғанымен, жеке сөйлемдердің интонациялық-синтаксистік құрылысының сан алуан болуына орай, өлең сөздің нақтылы айтылуындағы ырғақ-үні үнемі құбылады әрі өзгеріп отырады. Өлең ырғағын байыту үшін сөзде бай мазмұн мен мағына болуы керек, сонда интонация, дауыс толқыны түрленеді, жанданады, сөздің ырғақтылық-әуезділігі артады. Сөз өнері дамыған сайын қазақ өлеңінің құрылысы шыңдалып, кемелденіп, жаңа өлшем-өрнектермен толысып, байып келеді. Қазақ поэзиясының ырғақтық-интонациялық байлығын молынан игеріп, өлең өрнектерін байытып, дамытуға үлкен үлес қосқан Абай ақын болды. Ол жаңа өлшем, шумақ, ұйқас түрлерін орнықтыруда керемет өнерпаздық көрсетсе, бұрыннан көп тараған белгілі өлшем-өрнектерді керек жерінде өңдеп, түрлендіріп қолдану жағынан да соншалықты мол өнегелі іс атқарды. Абайдың қазақ поэзиясына тыңнан қосқан өлең өрнектерінің ішінде “Сегіз аяқ” пен “Сен мені не етесің?” атты өлеңдері бар. Қазақ ақындары өлеңнің ырғақтық-интонациялық мүмкіншіліктерін толыққанды ашу, өлең сөзді сөйлеу интонациясына тән ерекшеліктермен байыта түсу ісіне ат салысып келеді. Әсіресе, соңғы кезде поэзияда ерікті өлең түрі қолданыс тапқан, мұндай өлеңдерде белгілі бір өлшем берік сақталмағанмен, қалыпты ырғақтық өрнектер еркін әрі кеңінен қолданылады.

Қазақ өлеңінің құрылысын зерттеуші ғалымдар

Өлең құрылысына қатысты ой-пікірімізді нақтылап өттік. Ендігі міндет ақпараттарды тануға себепкер болған қазақ өлеңінің құрылымын зерттеушілермен ойымызды одан әрі өрбітсек. Қазақ өлеңінің құрылымын зерттеушілер:

  • Ш. Уәлиханов
  • А. Байтұрсынов
  • М. Әуезов
  • Қ. Жұмалиев
  • Е. Ысмайылов
  • С. Мұқанов
  • З. Ахметов
  • З. Қабдолов

Аталған ғалымдардың өлең құрылысына қатысты пікірлерімен бөліссек. Әуелі Ш. Уәлиханов қазақ өлеңінің құрылысына қатысты не дегені толығырақ тоқталып өтейік.

Өлең деген, бұған дейін жоқ поэзияның ерекше формасының және атаудың қазақ даласына тарай бастағанына 50 жылдан асқан жоқ, бұл Қазан мен Тобыл татарларына қырға жол ашылғаннан кейін келген жаңалық. Ертеректе, татар қашқындарын қазақтар қойша матап, Қытайға, Бұхараға, Ташкентке апарып сатып жіберуші еді. Ал енді мұсылман дінінің арқасында татардан шыққанда қырда, дін үшін қасірет шеккен исламның мызғымас сақшысына айналды. Татар поэзиясының формалары қазақтардың гармониялық дыбыспен ойға тұнып тұрған дәстүрлі батырлық жыр поэзиясының формаларын ығыстыра бастады.

Өлең төрт шумақтан тұрады, алғашқы екі шумақ және төртінші шумақ силлабикалық жүйеде бір ұйқасқа бітеді, үшінші шумақ ұйқаспайды. Мысал үшін, біздің ориенталистерге бүкіл шығыс поэзиясындағы көлем мен өлшем тұрғысынан тек араб өлшемі ғана ыңғайлы деген пікірге дәлел ретінде «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» жырының төрт шумақты жырының біріншісін ұсынамын.

Мекен іздеп жігіттер кел кетелі

Арасында Көктөбе белгі етелі.

Азаматтар, ерінбей тыңдасаңыз,

Қозы Көрпеш - Баянды тербетелі…[4]

Шоқан Уәлиханов бұл жерде жоғарыда өлеңнің шыға уақыты мен құрылысына мән берген. Қара өлең ұйқасын сөз еткен. Силлабикалық жүйеге қатысты пікір білдірген.

Зерттеушілер арасында Қ. Жұмалиев өлең құрылысына қатысты пікірін Абайдың өлеңге әкелген жаңашылдығынан ақпарат бере отырып ерекшеленеді. Ендеше сол мақаладан алынған мәтінді тілге тиек етсек.

Абайға дейінгі ауыз әдебиеті, тарихи әдебиетті алсақ, қазақ өлең құрылысының үш-ақ түрі болатын:

1. Он бір буынды;

2. Жеті буынды;

3. Аралас буынды (бұған кіретіндер - әнге арналған өлеңдер мен жырларда көп кездесетін көп жолдары жеті буын, кейде сегіз буын және буындары аралас келіп отыратын өлеңдер) .

Мысалы:

4 3 4

Қара таудың басынан көш келеді,

4 3 4

Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді.

4 3 4

Ел-жұртынан айрылған жаман екен,

4 3 4

Екі көзден мөлдіреп жас келеді1.

***

4 3

Алты қырлы ақ мылтық,

4 3

Ата алмасам маған серт.

4 3

Толғауыма шыдамай,

4 3

Толықсысаң саған серт.

***

4 3 4 2

Бір толарсақ, бір тобық санда болар, жар-жар-ау,

4 3 4 2

Әр адамның тілеуі алда болар, жар-жар-ау.

4 3 4 2

«Әкем-ай!» деп жылама, байғұс қыздар, жар-жар-ау,

4 3 4 2

Әкең үшін қайын атаң онда болар, жар-жар-ау.

Ескерту: Қазақтың он бір буынды өлеңдері бунақтарының орны ауысып түсуіне қарай өзара үшке бөлінеді. Бас бунағы 3 буынды, орта бунағы 3 буынды, аяққы бунағы 3 буынды. Жалпы саны 11, одан өзгермейді.

Немесе (жырларда келетін түрі) :

4 3

Біразырақ жырлайын

4 3

Бозторғайдай шырлайын,

5 3

Босағасы биік біреуді

4 3

Баса келіп қорлайын . . .

Қазақтың өлең құрылысы силлабикалық өлең құрылысының жүйесіне жататындықтан, негізгі өлшеуіші - буын. Буыны жағынан ауыз әдебиетінің де, Абайға дейінгі тарихи әдебиеттің де жеткен жері осы еді. Бұл түрлер қазақ өлеңдерінде әбден тұрақталып, бекіп алған болатын. Абай ең алдымен қазақ өлеңдерінің осы жағына көңіл бөлді.

Дәуірдің өзгеруі, ой-сананың ілгерілеуі, әлеумет өмірінің жалпы дамуы жаңа мазмұнды туғызса, жаңа мазмұн жаңа түрді керек етті. Абай қазақ өлең құрылысына ең алдымен 6 буынды және 8 буынды өлеңнің екі түрін енгізді. Мұның екеуі де жаңа. Кейбір жолдастар 6 буынды, 8 буынды өлең өлшемі бұрыннан да бар, қазақтың мақал-мәтелдерінде кездеседі дегенді айтады. Қазақтың Абайға дейінгі ырғаққа құрылған қара сөздерінде ондай буын сандарының ұшырайтындығы рас. Бірақ олар - белгілі бір жүйеге түскен өлшем емес, кездейсоқ түрлер. Академик Радлов қазақтар сөзі мен сөйлемдерін көбіне ырғаққа құрады дейді. Бұл айтқаннан қазақтар тек өлеңмен ғана сөйлейді екен деген ұғым тумасқа керек. Мұндағы шындық - басқа елдердің сөз құрастыруы, сөйлеулеріне қарағанда, қазақта сөйлеу ырғағының анағұрлым айқын сезілетіндігін аңғарту ғана. Сол тәрізді 6-8 буынды өлеңдердің мақал-мәтелде кездесулерін белгілі бір жүйеге түскен, поэзиялық дәрежеге көтерілген, нақты өлең өлшеуі деп қарау, әрине, ешкімді сендіре алмайды. Сөйлемде ырғақ, ұйқастардың кездесуін өлең деп бас салу - орынсыз. Ырғаққа құрылған қара сөз де, не кейбір тақпақпен келетін сөйлеулер де ұйқасып айтыла береді.

Базарға кеше мен барып,

Үйге қайттым нан алып, - деген сөйлемді алсақ, ырғағы да, ұйқасы да түгел. Бірақ бұның поэзияға үш қайнаса, сорпасы қосылмайды. Өлең деп ырғақтың белгілі бір тәртіппен қайталауын, ұйқастарының берік сақталуын, дыбыс құрылыстарының заңдылық, әуезділігін, бәрі қосыла келіп, бір мазмұнды беруін және тек жай ғана айтып жеткізу емес, жан сезіміне әсерлі болуын ұғамыз . Онысыз өлең жоқ. Поэзия биігіне көтерілген өлең деп біз тек осындай туындыларды ғана тануымыз керек[5] .

Бұл ойында Қажым Жұмалиев өлеңге қойылатын басты талапты шегелеп өткен. Қ. Жұмалиев қазақ өлеңдерін бунағына, бунақ ішіндегі буын санына үңіліп, «Он бір буынды өлең, сегіз буынды өлең, жеті буынды өлең, алты буынды өлең, аралас буынды өлең» д еп анықтайды. Ал З. Қабдолов өлеңнің буын түрлерін: «Он бір буынды өлең, он буынды өлең, тоғыз буынды өлең, сегіз буынды өлең, жеті буынды өлең, алты буынды өлең, бес буынды өлең, аралас буынды өлең» деп бөледі. Сонымен қатар ғалым әр өлеңнің буын санына орай мысалдар келтірген. Қ. Жұмалиев өлеңнің ажары болып табылатын ырғақ туралы : «Ырғақ белгілі бір мезгілде бірдей қайталанатын қимыл. Өлең жолдарындағы бір бөлшектің бірыңғай дәлме-дәл қайталаушылық», - дейді. Ал, С. Негимов ырғаққа мынадай анықтама береді де, оны үшке бөліп қарастырады: « Қазақ өлеңіндегі ырғақ дегеніміз буынға негізделіп, бунаққа жіктеліп, бір тармақ құрап, әрі қарай жүйелі қайталанып, үйлесімділік тудыратын түр.

Салалары:

1. Жүйелілікке, үндестікке, дыбыс әуезділігіне құрылатын дәстүрлі өлең үлгілеріндегі әуендік ырғақ;

2. Жазба әдебиет өкілдерінің келте тармаққа құрылған ырғақтары;

3. Жазба әдебиет өкілдері поэзиясындағы алуан үнді айнымалы ырғақтар».

Өлең сөзге қатысты өлшем-өрнектері яғни синтаксистік жүйе аясында тұтас форманың жасалуы тұрғысында қарастылып өтті. Өлеңнің ырғағы яғни буыны мен ұйқасы, синтаксистік жолмен жасалуы яғни сөздердің ойды айту, білдіруі сияқты өзара байланысы сөз болды. Ақындық мәдениет ырғақ үлгісінен де танылды. Ал, ырғақтың өн бойына тәртіптілік тән. Осы ырғақ, интонация, шумақ туралы орыстың лирикалық өлеңдерінің мелодикасы туралы Б. М. Эйхенбаум: «В лирике напевного типа доминантой является интонация. Она действует как организующее начало композиции. Ритм и мелодия существенны для стиха произносимого, как и для пения: они сообщают стиху особый характер», - деген.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Фариза Оңғарсынова туындыларының орыс тіліне аударылу мәселелері
Әдебиеттің көркем шығарманың көркемдеу құралдары мен тілі
Иран-Ғайып шығармашылығы және қазіргі қазақ поэзиясы
Шығармашылық әлемі және әдеби жанрлар мен олардың түрлері
Өлеңді сөйлем - ерекше сөйлем
Сүйемелмен орындалатын шығармаға аннотация жазу
Қазіргі қазақ поэзиясындағы ұйқас тәсілдері
Қазақ лирикасында өзіндік үнімен танылған ақын Н. Бегалиевтің ақындық табиғаты
Мұхтар Шаханов поэзиясының қалыптасуы мен даму жолы
Отырарда өлеңі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz