Эмоционалдық жағдайды зерттеу әдістерін пайдалану ерекшеліктері


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 36 бет
Таңдаулыға:   

Мектеп жасындағы балалардың эмоционалдық даму ерекшеліктері

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

1 МЕКТЕП ЖАСЫНДАҒЫ БАЛАЛАР ДАМУЫНДА ОРЫН АЛАТЫН АУЫТҚУЛАР ЖӘНЕ ОНЫҢ СЕБЕПТЕРІ

1. 1 Жекіншектердің тұлғалық даму ерекшеліктері . . . 6

1. 2 Эмоция - мінез - құлық негізіне жататын феномен . . . 19

1. 3 Мектеп жасындағы балаларда кездесетін эмоционалдық

тұрақсыздықтың себептері . . . 30

2 ОҚУШЫЛАРҒА ТӘН ЭМОЦИОНАЛДЫҚ ҮЙЛЕСПЕУКШІЛІКТІ ДИАГНОСТИКАЛАУ ЖӘНЕ КОРРЕКЦИЯЛАУ

2 . 1. Эмоционалдық жағдайды зерттеу әдістерін пайдалану ерекшеліктері . . . 35

2. 2. Жеткіншектердің эмоционалдық жағдайына байланысты

мінез үйлеспеушіліктерін коррекциялау . . . 53

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 63

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 65

ҚОСЫМШАЛАР . . . 68

КІРІСПЕ

Зерттеудің көкейкестілігі. Жеке адамның эмоциялық жағдайының тұрақты болуы оның өмір сүретін ортасына, экономикалық және ғылыми техникалық жетістіктеріне байланысты екені ҚР Президент Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында балаларға салуатты өмір салтын үйретіп, «әр оқышының білімі мен қабілет деңгейінің тиімділігін» /1/ арттыру қажет екендігі көрсетілген. Оқушылардың жеке тұлғалық даму ерекшеліктерін дер кезінде диагностикалау, олардың эмоционалдық жағдайында нормадан ауытқуы байқалған кезде көмек көрсету көкейкесті мәселердің бірі болып отыр. ҚР Президент Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында балардың эмоционалдық жағдайының ауытқулары қандай себептермен байланысты екені келесі сөздермен айтылған: «Біріншіден, осы өңірде тұрақсыздық пен діни экстремизм етек жая бастауы. Екіншіден, географиялық орналасуы жағынан алғанда Қазақстан бел ортасында тұрған өңірде есірткі таратудың тыйылмай отыруы» /2/. Эмоцияның теріс көріністері ерекше дамуымен байланысты өзгеге қиянат зорлық көрсету, нашақорлық, токсикомания, адам бойында кері әсердің жиылуы, агрессивтілік әрекеттің бой көрсетуіне алып келетіндігі психологияда дәлелденген.

Жеткіншектердің жас ерекшеліктерімен байланысты орын алатын эмоционалдық үйлеспеушілікті зерттеушілер А. Бек /46/, Л. С. Выготский /29/, Л. А. Орбели /46/, Г. Селье /87/, К. Роджерс /46/, К. Юнг /99/, В. Франки /94/, Р. Бэрон /24/, Перлз /74/, Изард /45/, З. Фрейд /91/, Қ. Жарықбаев /40/, С. Н. Ениколапов /43/ т. б. көптеген ғалымдар еңбектерінде эмоционалдық жағдайлардың аныќтамасы мен сипаттамасы, эмоционалдық үйлеспеушіліктің табиғаты, пайда болу себептері және одан шығу жолдары талданған. Осының негізінде мектеп жасындағы балалардың бойында кездесетін эмоционалдық үйлеспеушіліктер түрлері мен көрініс беру ерекшеліктері талданған.

Жеткіншектер ағзасында орын алатын психофизиологиялық өзгерістер пайда болуымен байланысты кризистік даму кезеңі орын алады және осы ахуалмен байланысты бала мінезінң кейбір көрсеткіштері шамадан артық дамып кетуі, мазасыздануының, агрессиясының орын алуы байқалады. К. Леонгард, Л. В. Личко, Р. Д. Шмишек, Филипс, Басс және Дарки т. б. ғалымдар осы құбылыстардың ерекшеліктерін жан-жақты зерттеп, оның типологиясын, зерттеу әдістемелерін жасаған. Қазіргі кезде жеткіншектердің психоэмоционалдық үйлеспеушілігін болдырмау және осы жағдайдан шығару әдістемелерін тиімді пайдалану жолдары анықталған.

Зерттеу объектісі : білім беру жүйесіндегі психологиялық қызмет.

Зерттеу пәні : мектеп психологінің жеткіншектерге психологиялық қызмет көрсету мазмұны.

Зерттеудің ғылыми болжамы : жеткіншектердің эмоционалдық үйлеспеушілігінің себептерін анықтап, одан шығару амалдарын өз уақытында жүргізу арқылы балалардың психоэмоционалдық жағдайын жақсартуға және тұрақтандыруға мүмкіндік туады.

Зерттеу мақсаты : жеткіншектерде кездесетін эмоционалдық үйлеспеушіліктің теориялық негіздерін талдау арқылы оның алдын алу және коррекциялаудың жолдарын анықтау.

Зерттеу міндеттері:

  • жеткіншектердің эмоционалдық даму проблемасы бойынша ғылыми-әдістемелік еңбектеді талдау;
  • жеткіншектердің эмоцияларының көрініс беру түрлерін және себептерін анықтау;
  • жеткіншектерде орын алатын акцентуация, мазасыздану, депрессия жағдайларын диагностикалау;
  • мектеп психологінің эмоционалдық үйлеспеушілік жағдайындағы балаларды коррекциялау әдістемелерін пайдалану, нәтижелерін талдау.

Зерттеу базасы : Тараз қаласындағы № 36 орта мектеп.

Ғылыми зерттеу әдістері : Зерттеу барысында келесі психологиялық ғылыми зерттеу әдістері пайдаланылды: психологиялық ғылыми еңбектерді теориялық талдау арқылы бастауыш сынып оқушыларының эмоциясына сипаттама жасау, оқушылардың жекелік қасиеттерін зерттеуге Леонгард-Шмишек тестін, «М және Д», Басса-Дарки әдістемесін, пиктограмма, «Әлеуметтік мазасыздану шкаласы» т. б. әдістемелер көмегімен балалардың акцентуациясын, мазасыздануын, депрессиясын анықтау, жиналған мәліметтерді талдау нәтижелері бойынша психокоррекциялық жұмыстар жүргізу.

МЕКТЕП ЖАСЫНДАҒЫ БАЛАЛАР ДАМУЫНДА ОРЫН АЛАТЫН АУЫТҚУЛАР ЖӘНЕ ОНЫҢ СЕБЕПТЕРІ

1. 1. Жеткіншектерде кездесетін мінез ауытқулары және оның себептері

Жеткіншек жас кезеңінде орын алатын мінез ауытқуларын зерттеу және оның негізінде мінез типологиясын жасау ХІХ ғасырдың аяғында басталды. Бұл мәселені зерттеушілер мінез ерекшелерінің жеке тұлғаның қоршаған әлеуметтік ортаға икемделуіне және қарым-қатынас мәдениетіне үлкен әсер ететінін атай отырып, типология жасаудың қажеттілігін көрсеткен. Бірінші типологияны жасан неміс психиатры Э. Кречмер, кейінірек бұл проблеманы тереңірек зерттегендер У. Шелдон, Э. Фромм, К. Леонгард, А. Е. Личко т. б. ғалымдар. Мінез типологиясын жасаушылар келесі ортақ пікірлерге сүйенген:

Л. С. Выготский «Кризистік кезең» теориясы бойынша кризистік жас дегеніміз, бір жағынан балалардың қоғамдық қарым-қатынас жүйесіндегі өзгерулері жататын, екінші жағынан баланың «ішкі позициясынан» өзгеруі жататын дамудың әлеуметтік ситуациясының қайта құрылу нәтижесі.

Оның нәтижесі бойынша, кіші мектеп жасындағы оқушылардағы мазасыздану бейтаныс үлкен адамдармен қарым-қатынас кезінде және қатарластарымен қарым-қатынас кезінде көрінсе, жеткіншектерде бейтаныс адамдармен жеткіншектерден гөрі, қатарластары және ата-анасымен қарым-қатынас кезінде, ал жасөспірімдерде мазасыздану барлық қатынас сферасында, әсіресе ата-аналармен немесе балалар тәуелді болып табылатын басқа да үлкендермен қарым-қатынас кезінде көрінеді екен және жасөспірімдерге мазасыздану деңгейінің жоғарылылығы тән болып шықты. Мұның себебі, жеткіншек кездегі эмоционалды реакцияның әсерінен дифференциацияның жалғаса беруінде және эмоционалды реактивтіліктің төмен дәрежеде болуында. Төмен реактивтілік психологиялық жағымсыз фактор болып табылады. Осыған байланысты жүргізілген Калифорниялық лонгютидтің зерттеу нәтижесі бойынша төмен эмоционалды реактив тән жеткіншектер мен жасөспірімдерге біршама мазасыздық тән, эмоционалды тұрақсыз, икемсіздеу және қарым-қатынассыздау болып келеді екен.

1. Мінез онтогенезде қалыптаса бастайды және адамның өмірінің барысында біршама тұрақтылықпен көрініс береді.

2. Мінез ерекшеліктерін сипаттайтын жеке тұлға көрсеткіштері кездейсоқ болмайды, олар анық байқалатын типтерді құратын болғандықтан осы ерекшеліктер негізінде типология жасауға болады.

3. Адамдардың басым көпшілігін типтерге жатқызып зерттеуге болады.

Э. Кречмер /29/ жеке тұлға құрылымындағы психологиялық және физикалық қасиеттердің бір-біріне тәуелді деп тұжырымдама жасап, барлық адамдарды дене құрылысына байланысты конституционалды типтерге бөліп, олард: астеникалық, атлетикалық және пикникалық топтарға бөлді. Әр тип өкілдері өздеріне тән ерекше темперамент иелері деп көрсетті. Сонымен қатар әр тип өкілдері психоз ауруына ұшыраса оның бір түріне жақындығымен сипатталатынын атап өтті. Кречмердің айтуы бойынша, психоз ол «нормадағы жеке тұлғаның келемежденген сипаты».

Бұл мәселені толық түсіну үшін балада орын алған акцентуацияның түрлерін нақты анықтап алу қажет. Оны анықтау үшін К. Леонгардтың теориясына сүйене отырып жасалған және бүл мәселені зерттеуге кеңінен қолданылып жүрген классификациялардың бірі А. Е. Личко акцентуацияның түрлері мен олардың сипаттамасын ұсынған.

Личко ұсынған сыныптастыру бойынша жеткіншектер акцентуациясы келесі сипатта көрініс береді.

1. Гипертимдік тип. Негізгі ерекшелігі - көңіл-күйі барлық уақытта көтеріңкі болып жүретін, болашағына үлкен үмітпен қарайтын оптимистер. Олар өте сирек ашуға бөленіп, агрессия көрсетеді. Барлық уақытта көпшіліктің ішінде болуға, жетекші болуға құмар. Қызығушылығы өзгермелі, сондықтан бір істен екінші түріне тез ауысады, бастаған істерін аяғына жеткізбей тастап кетуге, теріс мінез көрсетуге жақын. Гипертимияның белгісі бар жасөспірімдер неше түрлі оқиғаларға, романтикаға бейімді. Басқалардың өз басына билік жүргізгенін жақтырмайды, ал өзінен үлкен балалар қамқорлық көрсеткенін ұнатады, олардың әсеріне тез бөленеді. Сәтсіздікке реакциясы өте күшті, бірақ тез басылады. Паталогияда жабысыңқы идеялар неврозы түрінде көрініс береді.

2. Лабильдік тип. Аффектілі тұрақсыздар, кей кезде ешқандай себепсіз көңіл-күйлері тез және кенет өзгеретін адамдар. Барлық қарым-қатынасы және іс-әрекеттері көңіл-күйіне байланысты - жұмысқа жарамдылығы, хал-жайы, табыстылығы т. б. Эмоциясы өте нәзік ұйымдастырылған: терең сезінуге және жағдайларды бастан кешуге қабілетті. Қоршаған ортадағылармен жақсы қарым-қатынаста болуға бейімді. Оны мақтағанда, мадақтағанда, сыйлағанда шын жүректен қуанып, үзақ уақыт шат болып жүреді. Махабатта қатты ренжігіш, Бірақ қажетті болса қамқорлық көрсетуге, қорғауға даярлық көрсетеді.

3. Сенситивтік тип. Үлкен компанияларды, дабр-шу шығаратын
ойындарды жақтырмайды. Бейтаныстармен қарым-қатынас жасамайды. Туған-туысқандарына бауырмал, ашық-жарқындық белгілері басым. Оларға бір эмоциялық жағдайдан екіншісіне көшу ауыр. Барлық нәрселердің өз
орнында болғанын, адамдар өз ойларын анық жинақтап айтқанын ұнатады. Ескертулерге өте нәзік әсерленеді, ашулы, қамыққан кездерде қарсылық көрсетпестен іштен тынып жүруге бейімді, кекшілдік білдіреді. Өзін өзі қатал бағалап, кемістіктерім өте көп деп есептейді. Паталогияда-эпилептикалық психопатия ретінде көрініс береді.

4. Шизойдтық тип. Тұйық, қарым-қатынасы шектеулі. Шизойдтық жеткіншектер - тынымсыздықтың өте жоғары сатысындағы меланхоликтер. Өздерінің достары жоқтығынан жалғыздық сезіміне бөленіп жүреді де одан да бетер тұйықталады. Өздеріне сенімі төмен, өз кабілеттілігін бағаламайтын, азайтып көрсететін, басқалардан өзін қорғап жүретін адамдар. Ұялшақ, жауапкершіліктен қорқады. Олардың аффектілік реакциялары өзін-өзі қорғау механизмі.

5. Эпилептоидтық тип. Аффектілік ұстамалы. Көңіл-күйі тұрақсыз, көтеріңкі болуы қысқа мезгілге созылады, ал бұзылуы ұзақтығымен және аффектісінің өте терең жүруімен сипатталады. Аффект барысында ерекше және себепсіз қатыгездік көрсетіп, ашуланған адамын ұрып-соғуға дейін барады. Депрессия кезінде тынымсыз, тез шаршайды, шығармашылық белсенділігі төмендейді.

6. Тұрақсыз тип (Қозғыштық) . Көңіл көтеруге, сырапшылыққа, уақытын бос өткізуге әуесқой, импульсивті, реактивті. Ерік күші дамымаған, эмоциясы тұрақсыз. Патологияда -эпилептоидты психопатия.

7. Астено-невротикалық тип. Көңіл-күйі айнымалы, ашушаң, ипохондрияға бейім. Мәнсіз нәрсенің сылтауымен ұрыс-қағыс шығарып, агрессиясын анық байқатады. Көңіл-күйі төмен, пессимист. Заттарға қызығушылығы төмен, шаршағыш, қабілетсіз, жалғыздықты жақсы көреді.

8. Демонстративтік тип. Эгоцентризмі шексіз, өзіне көпшіліктің көңлін аударып отыруды, олардан мақтау естуді, ең болмаса басқалардың наразылығына бөленіп жүруді қажет етеді. Артистікке құмар, ашық-жарқын, экстровагантты, өз ерекшелігін көрсету үшін көп әрекет жасайды. Жалғандығы паталогиялыққа жақын, ассоциалдық әрекеттермен көзге түседі. Патологияда - истериялық психопатия.

9. Циклоидтық тип (тұйықталып қалушылық) . Балалық шақта гипертимдік типтен айырмашылығы жоқ. Пубертанттық кезеңде көптеген қиыншылыққа кездесумен байланысты көпшіліктен қашып, жекеленіп жүрумен ерекшеленеді. Бүл түрі көрініс бергендер майда-шүйде сәтсіздіктерге өте көп көңіл бөлетін

10. Аффекті-экзальтациялық. Наразылық көрсетуге, экзальтацияға жақын, аффектіге бөленуі оңай, эмоцияға тез бөленетін, дінге берілген, педант, кекшіл, жәбірленгенін, ренжіткенді ұзақ уақыт ұмытпайтын, өкпелегіш болады. Осы көрсеткіштер негізінде жабысқақ идеялар жиі пайда болуы мүмкін, ішкі кернеуі күшті, кейде аффект

Оқушылардың мінез-құлқындағы ситуацияларды талдай отырып,

Мектептік мазасыздану баланың жеке басының неврозын туғызады, оның жүйкесі мен психикасының бұзылуына алып келеді де олардың шамадан тыс зорлануымен сипаттауға болады. Оның себебі, мұғалім мен оқушы арасындағы қатынасының бұзылуы. Бүл педагогтың өзін дұрыс ұстамауынан немесе оқушыға байқамай ауыр сөз айтуынан т. б. сондай үлкендерге елеусіз себептерден басталады.

Балаларда эмоционалды үйлеспеу олардың сабаққа үлгермеушілігімен де сипатталады. Мысалы, балаларға көмектескенде егер де ол тапсырманы ұзақ түсінбесе кері эмоцияны ғана емес, сонымен бірге, тапысрманы нәтижелі орындаудың жолдарын қарастырмай мұндай әрекетттерден алдын-ала іштей бас тарта бастайды.

Сонымен, жеткіншектік кезеңдегі «дағдарысты» түсіндіруде теориялық ой-пікірдің дамуы жеткіншектік кезеңнің көріністері мен өтуінің ерекшеліктері жеткіншектің өмірі мен дамуының нақты әлеуметтік жағдайларымен, оның ересек адамдар дүниесіндегі қоғамдық жағдайымен анықталатынын көрсететін қорытындылардың біртіндеп

1. 2. Эмоция - мінез - құлық негізіне жататын феномен

Эмоция қазіргі теорияларда білімнің маңызды түрі ретінде қарастырылады. Эмоция психологиясы психологияның белгілі аймағы болып табылады. Қазіргі эмоция психологиясында «эмоция» түсінігінің түрлі анықтамалары кездеседі. Бірақ, барлық теоретик -психологтардың тәжірибелі тұрғыдан сай келуі осы «эмоция» түсінігінің жалпы қабылдаған анықтамасының жоқтығында. Сондықтан да «эмоция» категориясы мамандар тарапынан үлкен қызығушылықты туғызып отыр. Осыған байланысты Э. Роштың прототивтік ағым бойынша талдаған эмоция категориясының ішкі құрылымын зеріттеуін қарастырамыз. П. Витгенштейн пікіріне негізделген бұл ағым бойынша, табиғи категория прототип бойынша анықталады. Эмоция категориясы келесі 4 өзгергіштік бойынша суреттеледі.

1. Жиілік.

2. Прототиптілік.

3. Бейкатегориялық.

4. Доминанттылық.

А. Ортони, Дж. Клор және А. Коллинз /45/ өздерінің «эмоцияның конгетивті құрылымы», еңбегінде эмоцияға тек қана валенттілігі бар психикалық пайда болулар ғана жатуы керек, яғни, жағымды немесе жағымсыз сияқты уайымдар, таңқалу, қызығу, сенімсіздік және осы сияқты феноменттер эмоция психологиясында қарастырылмауы керек дейді. Бірақ, арнайы зерттеулердің нәтижесі бойынша, таңқалу эмоцияға кіргізіледі.

К. Изарды «Адам мінез - құлқының фундаметальды принципі болып, эмоцияның қабылдауды, ойлауды және әрекетті ұйымдастыруы және күшберуі болып табылады, барлық эмоция эволюция барысында дамитын адаптивті функцияларға ие» деп, атап көрсетеді.

Эмоция - адамның негізгі мотивациялық жүйесін құрады. Мауер: «эмоция өз әсерімен мінез - құлықты өзгерте алады, сондықтан ол адам өмірінде маңызды роль атқарады. Сонымен қатар, эмоция интелектінің жоғары тәртібін көрсетеді» деп, атап өтеді. Мінез - құлықтың негізгі қозғаушы күші эмоция болып табылады. Осы эмоция субьектіге түгелімен әсер етеді. Оны жекелеп қарастырайық.

Эмоция және дене. Бет бұлшық еттерінде эмоция кезінде электрофизиолгиялық өзгерістер жүреді. Сонымен қатар өзгеріс мидің электірлік белсенділігінде, қан жүру және тыныс жолдарында да жүреді. (Симонов, 1975) ; Қатты ашулану немесе қорқу нәтижесінде жүрек ритмі минутына 40 - 60 дүрсілге көтеріледі. Күшті жүретін эмоция кезіндегі соматикалық функциялардың бұлай бірден өзгеруі барлық нейрофизиологиялық системалардың көп немесе аз дәрежеде бір - біріне қосылуына әкеліп соқты. Мұндай өзгерістер қабылдауға, ойлауға, субьектінің іс әрекетіне әсерін тигізеді. Өзгерулер психикалық бұзылуға да әкеліп соғуы мүмкін.

Эмоция және қабылдау бір-бірімен тығыз байланысты. Эмоция басқа мотивациялық жағдайлар секілді қабылдауға әсер етеді. Нормадағы субьект дүниені дұрыс қабылдаса, ал қайғырып немесе уайымдап жүрген адамдарға басқалардың берген бағасына, белсене мән бермеу тән.

Сонымен қатар, эмоция танымдық процестердің басқада бөліктеріне әсерін тигізеді. Осының әсерінен субьектінің мінез - құлқы өзгереді.

Томкинс пен Изард эмоцияның пайда болуына қабылдаумен білім үлкен роль ойнайды деп атап көсетеді. Жалпы эмоция фудаментальді деп аталады. Өйткені ол 3 компанентен тұрады:

1. Арнайы ішкі детерминацияланған жүйкелі субстрат;

2. Мимикалық немесе жүйкелі бұлшықет тән комплекс;

3. Субьективті уайымдаумен ерекшеленетін немесе фенаменалогиялық қасиет.

Осы 3 компонент бірігіп, эмоцияны көрсетеді. Ал осы пайда болған эмоцияға түрлі сипат тән:

1. Қызығу - толқу - жиі уайымдалатын жағымды эмоция, ол оқуды, дағды, үйрену және шығармашылық талпынуды мотивациялайды. Яғни, осы қызығу нәтижесінде субьектінің белгілі нәрсеге деген процестері артады.

2. Қуаныш - максималды қажет эмоция. Ол сенімділік сезімімен сипатталады. Бұл Томкинс позициясы тұрғысынан қуаныш - жүйке стимуляциясының градиентінің қатты төмендеуінің нәтижесінде пайда болады.

3. Таңқалу эмоцияның бірнеше түрлерінен көрінеді, бірақ ол эмоция емес. Басқаларға қарағанда таңғалудың ерекшелігі - ол барлық уақытта өтпелі жағдаймен сипатталады. Ол жүйке стимуляциясының бірден жоғарлауы нәтижесінде пайда болады.

4. Қайғы - қасірет - бұл эмоция нәтижесінде адам өзін тастап жібереді. Жалғыздықты адамдармен қатынастың жоқтығын сезінеді, өзіне жалынышпен қарайды.

5 . Ашу - бұл кезде бет қызарып, қан қайнап кетеді.

6. Жек көру - ашумен бірге пайда болады. Ол физикалық немесе физиологиялық бұзылудың нәтижесінде пайда болады. Ол деструктивті мінез - құлыққа алып келуі мүмкін;

7. Көргісі келмеу - жоғарыдағы екеуімен бірге пайда болады. Осы, яғни эмоцоияның үш сипаты «жаушылық триадасы» деп аталады. Өзін күштімін яғни, басқадан ақылдырақпын, білімдімін, т. с. с) сезіну осыған алып келеді. Мұның бір қауіптілігі «суық» эмоцияға келіп тіреледі, ол индивид немесе топтың деперсонизациялануына алып келеді. Бұл эмоция біреуді өлтіруде көмегін тигізеді;

8. Қорқыныш - бұл эмоция адам психикасы үшін өте зиян: адам тіпті «өлуге» дейін қорқуы мүмкін;

9. Ұят - бұл адамның тығылу немесе жоғалып кетуіне кепіл болады немесе керісінше;

10. Күнә - моральды этикалық норманы бұзу нәтижесінде пайда болады.

Біз эмоцияны мінез - құлық бейнесі ретінде көреміз. Сонымен қатар, біз эмоцияның компоненттерін, сипатын атап өттік, енді оның комплекстерін атап өтеміз. Оның комплекстері:

1. Мазасыздану өмір ерекшелігімен байланысты, яғни субьект психикасының белгілі бір нәрсеге мазасыздық көрсетуі;

2. Депрессия - дипрессияның алғашқы психодинамикалық түсінігін Карл Абрахан берген. Ол мазасыздық пен дипрессияны қорқыныш пен қайғы аналогиясы ретінде қарастырды. Дефференциалды эмоция теориясында депрессия мазасызданудан да күрделі синдром деп аталады. Депрессия фундаменталды эмоциялармен қатар басқа да аффективті факторлармен сипатталады, яғни, өзін физикалық нашар сезіну, жоғары уайымдаушылық. Махаббат - аффектінің маңызды комплексі болып табылады;

4. Жаушылық - агрессияның негізі ретінде анықталады.

Жалпы осы сипаттамаларға сүйене отырып мынандай қорытындыға келеміз: «Адам мінез-құлқының әр түрлі жағын эмоциялар арқылы көреді екенбіз». Ал эмоция дегеніміз не? Оған анықтама бермес бұрын бірнеше теорияларға тоқталамыз.

Фрейдтің психоаналитикалық теориялары психология тарихында және мінез-құлық ғылымында белгілі бір себептерге байланысты үлкен роль алып отыр. Фрейд санасыздық, түс динамикалығын сақтау мезанизмдері санасының дамуы, қысылу, көтерілу, тұрақтылық, өзгергіштік, балалар сексуалдығы сияқты эвристикалық концепцияларды шығарды. Мұның барлығы аффект (эмоция) концепциясы болып табылады.

Фрейдтің инстинктік қызығушылық теориясы мотивацияның классикалық психоланалитикалық теориясының ядросы болып табылады. Сөйтіп Фрейд: «аффект немесе эмоция психикалық өмірде тек қана қозғаушы күш болып табылады». Сонымен қатар, ол кейінгі еңбектерінде: «аффект немесе эмоцияны адам психикасына фантазияны және тілекті итеруші күш ретіндегі интропсихикалық фактор» деп атап көрсетеді.

Эмоция туралы, Рапапорт: «Аффект сигналдар жиынтығы секілді шындықты танудың ойлау механизмі»:

Джон Боулби: «Үйреніп қалғанннан басқа өте күшті сезіммен шығарылатын мінез-құлық жоқ (нет поведения сопроваждающегося более сильным чувством чем привязанность) » - деп көрсеткен.

Сонымен, эмоцияның толық анықтамасын беру үшін біз үш аспектіге тоқталып өтеміз:

а) Эмоцияны сезіну;

ә) Жүйке, эндокринді, тыныс және организмнің тағы басқа жүйелерінде болып жатқан процестер;

б) Бақылауға берілетін эмоциялық комплекстер, дәлірек айтсақ, түс арқылы белгіленетіндігі.

Лабюерде (ХҮІІІ ғ. ) «Теофраст мінездері» деген еңбегінде мінезді осы мағынада қолданған. ХІХ ғасырда француз ғалымы А. Бен мінезді тек психологиялық ерекшелік, дара адамның ақыл-ойы мен сезімінің және ерік ерекшеліктерінің қасиеті деп санады.

Т. Рибо мінезді сезім мен ерік ерекшелігі десе, ал орыс медигі, әрі педагог П. Ф. Лесгафт ерік қасиеті дейді.

И. Кант (ХҮІІІ ғ. ) мінезді темпераментпен салыстыра отырып, оны адамға жүре пайда болатын қасиет деп анықтады. Сондай-ақ ол адамның даралық қасиеттеріндегі туа пайда болатын ерекшеліктер мен жүре пайда болатын ерекшеліктерді бөліп көрсетеді.

Т. Рибо мінезді адамда туа пайда болатын икемделу десе, ал Малапер, Фулье және тағы басқалары мінездің туа пайда болуымен қатар жүре пайда болатын ерекшеліктері де бар дейді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Эмоционалдық жағдайлардың түрлері және ерекшеліктері
БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУДАҒЫ ОЙЫН ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ
Оқушының сабақтағы шығармашылық әрекеті
Аутизм спектрі бұзылған балаларды психологиялық сүйемелдеу бағдарламасы
Жағдайдан кету, оның маңыздылығын төмендету стратегиясы
Ерте бала аутизмі бар балаларды тәрбиелеудің теориялық негіздері
Спорттық психологиядағы мотивация
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ЕСТЕ САҚТАУ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУ
Әлеуметтік тәрбие
Студенттерді кәсіби қызметке дайындау барысында өзіндік сана - сезімді дамыту
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz