Тұқымды себуге дайындау



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..2
1 ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
0.1 Күнбағыстың морфологиялық ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
0.2 Күнбағыстың биологиялық ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.3 Күнбағыстың өсіру технологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.4 Күнбағыстың аурулары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
2 БӨЛІМ ЗЕРТТЕУ ЖҮРГІЗІЛГЕН АЙМАҚТЫҢ АУА-РАЙЫ, ТОПЫРАҚ ЖАҒДАЙЫ, ЗЕРТТЕУ БАҒДАРЛАМАСЫ МЕН ӘДІСТЕМЕСІ ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11
2.1 Үржар ауданының климаттық жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11
2.2 Топырақ жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15
2.3 Ауа температурасы ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15
2.4 Күнбағыстың аурулары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...16
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25

Кіріспе

Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министірлігі агроөнеркәсіп кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы республикалық мемлекеттік мекемесі Шығыс Қазақстан облысы Үржар аудандық филиал. С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің бекітуі бойынша 13-ші мамыр күні өндірістік тәжірибе жұмысы басталып маусымның 28-не дейін жалғасты, маусым айының 28-нен бастап тамыз айының 5-не дейін жаздық демалыс бекітілді. 5-ші тамыздан қыркүйек айының 21-не дейін өндірістік тәжірибенің екінші жартысы жалғасып 21-ші қыркүйек күні аяқталды.
Дипломдық тәжірибенің мақсаты - Өсімдік қорғау және карантин мамандығы бойынша өндірісте әр түрлі міндеттерді атқара жүріп жұмысты ұйымдастыру және зерттеу нәтижелерін толықтыру. Дипломдық тәжірбие барысында мамандық бойынша маңызды мәселелермен, технологиялық операциялармен, нысандармен танысу және мониторингтік жұмыстар мен ғылыми-зерттеу әдістерін меңгеру.
Тәжірибеде зерттелетін негізгі нысандар - зиянкестер, олардың жыртқыштары мен паразиттері, ауру қоздырғыштар мен олардың антагонистері, сортаң өсімдіктер, өсірілетін дақылдар, пестицид-жадығаттары.
Технологиялық операциялар - ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру тәсілдері, оның ішінде егістік көлемдерінің құрылымына сәйкес алдын алу және жоюға арналған қорғау шаралары.
Дипломдық тәжірбиенің міндеттеріне кіреді:
теориялық оқу үрдісі кезінде алған білімдерімізді жүйелеу, толықтыру және кеңейту;
кәсіби шеберлікті және еңбек етудің тиімді әдістерін игеру;
таңдаған мамандықтың мотивацияларын меңгеру;
кәсіптік міндеттер мен күрделі мәселелерді шешудегі озық технологиялар мен әдістерді игеру;
кәсіпорындағы, мекемелердегі және т.б орындардағы маркетингтік-менеджерлік қызметтермен танысу;

1 БӨЛІМ ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ.

Күнбағыс дақылы өзінің табиғаты бойынша Солтүстік Американың құрғақ климатты аймақтарында өсетін ксерофитті жабайы өсімдік.Кейіннен ТМД елдерінің қолайлы климаттық жағдайларына байланысты күнбағысты мәдени дақыл ретінде қалыптастырып,тауарлық деңгейде өсіріле бастады.Қажетті минералды қоректік элементтер мен жоғары гумусты құнарлы топырақ күнбағыс дақылы үшін ерекше маңызды рөл атқарады.Егер кейбір аймақтарда нашар төменгі құнарлы топырақтарда өсіру күнбағыстың өнімділігіне әсер етеді.
Сондай ақ вегетеациялық кезеңдегі жауын-шашын мен ауа температурасы да маңызды болып саналады.Олар күнбағыс онтогенезіне,әр түрлі аурулар және сұңғыламен заладануына ықпал етеді.
Күнбағыстың отаны Солтүстік Американың оңтүстік бастыс болып табылады.Бұл өсімдікті он тоғызыншы ғасырда испандықтар сәндік өсімдік ретінде әкелген.Кейбір ғалымдар тұқымды алып келгендер жайлы нақты мәліметтер бар екендігін дәлелдеген.Негізінен күнбағысты жеуге жарамды дақыл ретінде пайдалану тек он тоғызыншы ғасырдың екінші жартысында Ресейде бастау алған.
ТМД елдерінде-солтүстік Кавказ,Украина,орталық қара қоңыр топырақтарда,Поволже,Молдавия,Қазақ станда және Сібірдің оңтүстік аудандарында өсіріледі.
Күнбағыс дәнінен сұйық күнбағыс майы алынады.Өсімдік майының тоқсан пайызы осы өсімдіктің дәнінен алынады.Сыққанан кейінгі дәніне қант қосып,сығымдап тамаққа қолданылатын тәтті тағам жасалынылады.Сары желегін медецинада қолданылады.Күлінен қант алынады,онда 30-60 пайыз калий тотығы бар.Күнбағыс күнжарасында - құнарлы мал азығына пайдаланылады,онда 38 пайыздан астам ақуыздық зат,20-22 пайыз көмірсу,және 6 пайыз май бар.
Күнбағысты бұршақ дақылдарына қосып сүрлемдік дақыл ретінде өсіреді.100 килограмм көктей орылған күнбағыс құрамында 18 пайыз азық өлшемі,1,4 килограмм сіңімді протеин бар.Күнбағыс дәнінен май сығып алғаннан кейін одан күнжара калады.Күнжараны мал азығына қолданады.Күнбағыс отамалы дақыл болғандықтан ауыл шаруашылық өсімдіктері үшін жақсы алғы егіс.Күнбағыс Павлодар,Шығыс Қазақстан обылыстарында дән және сүрлем үшін өсіріледі.Қазақстанда 2006 жылы күнбағыс егіс көлемі 453,6 мың гектар,оның ішінде суармалы жерлерде 30,0 мың гектарға жетті.Орташа есеппен алғанда сол жылы республика бойынша күнбағыстың әр гектарынан 6,3 центнер өнім алынды,ал жалпы түсімі 285,9 тонна болды.Қазақстан бойынша күнбағыстың Арманирец,Восход, Заря, Салют, Казахстанский 3,Казахстанский 24, Родник, СПК, Солнечный 20, Казахстанский 341 сорттары аудандастырылады.
Күнбағыс себеті мал азықтық бағытта қолданылады.Құрғақ себеттердің салмағы дәннің салмағына қарағанда 50-60 пайызды құрайды.Құрғақ себеттерін арпамен немесе ұнмен араластырып мал азықтық жем жасайды.
Бір гектарға егілген күнбағыстан 1200 килограмм май,800 килограмм шрот,1500 килограмм себет,25-30 килограмм бал алуға болады.

1.1 Күнбағыстың морфологиялық ерекшеліктері.
Күнбағыс -- Астра тұқымдасына жатады (Asteraceae), бір жылдық күнбағыс екі түрге бөлінеді - мәдени күнбағыс және жабайы күнбағыс.Мәдени күнбағыс екі түр тармаққа бөлінеді - егістік және әшекей күнбағыс.Шекілдеуігінің мөлшері және майлылығы мен қабаттылығы бойынша күнбағыстың үш тобы ажыратылады : майлы,шағылатын және аралық.Майлы күнбағыстың өндірістік маңызы бар.
Бір жылдық күнбағыс - шөптесін өсімдік.Тамыры кіндікті,топыраққа 2 - 4 мметрге дейін бойлайды,және 100 - 200 сантиметрге дейін бойлайды.Түбірі жақсы дамыған, бүйір тамырлары көп. Қопсыған топырақтарда гүлдену фазасына қарай ол 1,5 -- 2 метр тереңдікке, ал вегетация соңында 3-4 метр тереңдікке енеді.
Бүйір тамырларының негізгі массасы топырақтың жоғарғы қабаттарында орналасады.Тік, цилиндрлік, әлсіз аралас биіктігі 2-3 м-ге дейін, қатты түктермен жабылған. Оның диаметрі 20-30 мм, ішінде гүлдену фазасына дейін шырынды паренхимамен толтырылған болып келеді. Сабағы - тік өседі,қатты түктермен көмкерілген,ішкі қуысы борпылдақ өзекпен толтырылған,биіктігі 0,7 - 4,5 метрге дейін жетеді.Жапырақтары қарапайым,ірі, сағақты,сопақ жүрек пішінді,қатты түктермен жабылған,ұштары үшкірленіп аяқталады,ара тісті.Төменгі жапырақтары қарма - қарсы,ал жоғарылары кезектесіп ораналасады.Гүл шоғыры - диаметрі 15 - 25 сантиметр дөңгелек піішнді себет.Оның негізін гүл тұғыры құрайды,шеттерінде жыныссыз тілді,наскомдарлы тарату үшін,ал ортасында - қос жынысты түтік тәрізді гүлдер орналасқан.Олар бір ұялы,жатынна және бес аталықтан тұрады.Жемісі - шекілдеуік,4 анық көрінген қыры болады,ол жеміс қабығынан және тұқымнан құралады.1000 шекілдеуігінің массасы майлы сорттарында 40 - 80 грамм,шағылатындарында - 170 граммға дейін жетеді.
Өзінің дамуында мынандай даму кезеңдерінен өтеді: тұқымның өнуі,көктеуі,бүрленуі,гүлденуі,шекі лдеуігінің өсуі,толысуы,пісіуі.
1.2 Биологиялық ерекшеліктері.
Күнбағыс-қысқа күн өсімдігі. Оның солтүстікке жылжуы кезінде жарық күнінің ұзақтығы ұлғая отырып, өсімдіктердің өсуі және жасыл массаның жиналуы күшейе түседі.Күнбағыс шекілдеуігі 4 - 6 градус температурада өне бастайды,ал тіршілікке қабілетті егін көгі 16 - 18 градуста пайда болады.Өскін тұқымдар - 10 градуста,ал егін көгі - 5 - 6 градуста бозқырауды көтереді.Гүлдену кезеңіндегі оңтайлы температура - 25 - 27 градус.
Күнбағыс 30 градус - тан жоғарғы температураны басқа дақылдырға қарағанда жеіңл көтереді,себебі түкті жапырақтары мен сабақтары транспирацияны күшейту нәтижесінде өсімдік жақсы салқындайды.Толық вегетация кезеңіне қажетті температура жиынтығы 1800 - 2500 градус.
Күнбағыс қуатты тамыр жүйесі және сабақты, жапырақтарды өсіру есебінен құрғақшылыққа төзімді өсімдік болып саналады.Бір қызығы, топырақ ылғалының жетіспеуінде күнбағыс тұқымы өнуін жоғалтпай, құрғақ топырақта ұзақ уақыт бойы өміршеңдігін сақтайды . Көктеуден себет пайда болғанға дейінгі кезеңде ол бүкіл вегетация үшін тұтынылатын судың шамамен 20% - ын жұмсайды. Күнбағыс әр түрлі топырақтарда өсіруге болады. Ауыр және құмды, батпақты және қышқыл топырақты өсіруге жарамсыз. Азық-түлік элементтеріне күнбағыс жоғары талаптар қояды.Күнбағыстың көптеген аурулары мен зиянкестері бар. Тұқымның өскіндері сыммен және жалған сыммен зақымданады; осы жапырақтың 1-2 жұбы пайда болған кезде егістіктер ұзақ мерзімге сорып алынады. Күнбағыс мұрты мен итмұрын құрттары сабақты зақымдайды. Сұр және ақ шірік сабақтар мен себеттерді зақымдайды; тат ауруы жапырақтарды зақымдайды.Күнбағыс өсіру кезінде аурулар мен зиянкестермен күрестің негізгі шаралары -- агротехникалық іс-шаралар кешенін толықтай орындау болып табылады.

1.3 Өсіру технологиясы.
Топырақ өңдеу. Күнбағыс бейтарап немесе әлсіз ауылшаруашылық реакциясы бар қара топырақта жақсы өседі. Механикалық құрамы бойынша топырақ саздақ немесе құмдақ болуы керек. Басқа мәдени өсімдіктермен салыстырғанда неғұрлым терең қабаттардан су алуға қабілетті қатты дамыған тамыр жүйесіне қарамастан, күнбағыс жақсы өнімге қол жеткізу үшін бүкіл маусым бойы ылғалмен жақсы қамтамасыз етуді талап етеді. Ауыспалы егісте күнбағыс жыртылған дақыл болып табылады және оның ауыспалы егістегі орны соған сәйкес келеді. Жер арамшөптен жеткілікті тазаланған жағдайда әр түрлі дәнді дақылдар ең жақсы ізашарлар деп саналады. Жоңышқа мен қант қызылшасынан кейін күнбағысты себуге болмайды - бұл дақылдар топырақты қатты құрғатады, сондықтан олардан кейін жақсы өнім алу қиын . Сондай - ақ егуге болм болмайтын дақылдарға : рапс, бұршақ, соя, үрме бұршақты жатқызамыз себебі бұл өсімдіктер ауруларға ұшырайды, олардың бір бөлігі күнбағысты зақымдауы мүмкін. Күнбағысты сол аймақта қайта себу жеті немесе сегіз жыл бойы жүргізілмеуі керек - қысқа мерзімде топырақта жұқпалы аурулар сақталады және тұқымдарды едәуір зақымдайтын жұқпалы таурулардың саны артады. Топырақты өңдеу күнбағыстың көп жылдық арамшөптерін толықтай құртады - олар оны отырғызар алдында топырақта толық басылуы тиіс.Егер танапта біржылдық арамшөптер көп болса, [соқалар][әмбебап культиваторлар] өңделеді. Көп жылдық арамшөптер (ақ алабота,шырмауық және т.б.) болған кезде топырақты өңдеудің қабат-қабат (жақсартылған) жүйесін пайдаланады. Ол 6-8 см тереңдіктегі арамшөптердің [дискілі тырмалар]тамырларын жоюдан басталады, содан кейін топырақты 10-12 см соқалармен (соқалар) немесе жалпақ кескіш культиватормен (жалпақ кескіш культиваторлар)өңдейді.Көктемде жазық тілгішті құралдармен өңделген танаптарда БИГ - 3, БМШ - 15 немесе БМШ - 20, ал аудара жыртқанда тісті тырмалармен тырмаланады.
Тыңайтқыштар. Күнбағыс органикалық тыңайтқыштарды қатты қажетсінеді.Оның астына күзде 40 тонна гектарына дейін шала шіріген көң мен 60 - 90 килограмм гектарына әсер етуші зат мөлшерінде фософр тыңайтқышын негізгі тәсілмен топырақты аудара жырту жолымен енгізуге болады.Калий тыңайтқышы 40 - 60 килограмм гектарына мөлшерінде тек қана құмдауыт топырақтарға ернгізіледі.Күзде тыңайтқыш енгізілмеген жағдайда себумен бірге 10 - 12 см тереңдікке және тұқым себілетін қатарлардан 10 см қашықтықта әр гектарға 10 - 15 кг ә.е.з мөлшерінде түйіршіктелінген тыңайтқыш енгізуге болады.
Тұқымды себуге дайындау. Кондициялды тұқым себуден 15 - 20 тәулік бұрын 80 пайыздық ТМТД улы химикатпен немесе 50 пайыздық фундазолмен аурулар мен тұқым өңезіе қарсы дәріленеді.
Себу жұмыстары.Күнбағыс ерте себу мерзімінің дақылы алайда оның майлы сорттары жылуға жоғары талап қояды,сондықтан оны тұқымның сіңіру тереңдігіне топырақ 8 -10 градусқа жылынғанда себеді.Мұндай температурада тұқым жаппай тез көктейді,ал мұның өзі танапты арамшөптерден тазартуға, өсімдіктердің біркелкі пісуіне және себеттердің қолайлы жағдаға қалыптасуына мүмкіндік береді. Сонымен Солтүстік Қазақтанда күнбағысты майлы тұқымға өсіргенде оңтайлы өсуге мерзімі -20-25 мамыр. Негізгі себу тәсілі пунктирлі, қатараралығы 70 см. СУПН-8, СКП-12 дәл сепкіштерімен. Оңтайлы өсімдік жиілігінің бітіктігі жинау алдында орманды-дала аймағында 40-60 мыңга, құрғақ далалы тұқымын сепкенде қамтамасыз етіледі. Тұқымның сіңіру тереңдігі 6-8 см, топырақтын беткі қабаты кебіңкіреп кеткенде 8-10 см-ге дейін.
Егістікті күтіп-баптау. Біржылдық астық тұқымдас және қосжарнақты арамшөптерге қарсы 2-4 кгга. Мөлшерінде Гезагард, 50 (50% проментрин), трефлан, 24 (4-10 лга), трофи, 90% (1,4-1,7 лга) көктеуге дейін, фроньтьер оптима 72% (1,2 лга), фроньтьер 90% (1,4-1,7 лга), Харнекс 90% (2 лга) гербицидтерінің бірімен себуге дейін және бірден топыраққа сіңіру қажет, немесе дақылдың көктеуіне дейін, сонымен қатар егістіктің ерте кезеңінде фуроре супер 7,5% (0,8-1,2 лга), флюзеланд супер 125 (1,0-1,2 л\га) біржылдық астық тұқымдастардың ерте кезеңінде (2-4 жапырақ). Гербицидтерді қолдану жерүсті бүріккіштерінің бірімен іске асырады. Арамшөптерлі құрту және топырақты қопсыту үшін вегетация бойы түсті тырмалармен (көктегенге дейін және көктегеннен соң) танап тырмаланады, қатараралық өңделеді ( ол үшін жебе табанды және бритва табанды құрылымдармен, сымды тырмалар және топырақсүйгіш құрылымдар жабдықталған культиваторлар қолданылады).
Егінді жинау. Күнбағыстың піскен піспегенін мына белгілері бойынша анықтайды: себеттің астыңғы жағының сарғаюы, тілді гүлдердің солуы мен түсуі, шекілдеуігіндегі тұқымның қатаюы, көпшілік жапырақтарының қурап түсуі. Күнбағыс тамырында тұрып қалғанда шекілдеуігінің еріксіз шашылуы мен танаптың ластануына әкеліп соғады. Себеттерінің 85-90% қоңырланғанда (тұқымның ылғалдылығы 12-14%) күнбағысты жинай бастайды. Жиналған тұқымды бірден кептіртіп, қалыпты сақтау үшін 8-10% ылғалдылыққа жеткізген дұрыс.
Тұқымды сақтау.Тұқымның өнімділік құрамы мен биологиялық қасиеттерін сақтап қалу үшін қолданылады.Тұқымнының аурулардан жіне зиянкестердің зақымдануларынан сақтау үшін себер алдындан тұқымды өңдеу жұмыстары жүргізіледі.Егреде сақтау мүмкіндіктері болмаған жағдайда тұқымды белгілі бір сұйықтықта немесе желдетілген орындарда сақтау керек.
Тұқымды жинау кезінде ылғалданған немсе зақымданған тұқымдар сау тұқымдарды заладауы мүмкін.Сондықтан да тұқымды жинағаннан кейін құрғату жіне тазарту жұмыстары жүргізілуі тиіс.

1.4 Күнбағыс аурулары.
Күнбағысты аурулардан қорғау және олармен күресу шараларыны негізгі міндет және күнбағыс будандарын жасау кезінде жетекші әлемдік тұқым өндірушілердің бағыты болып табылады.Күнбағыс зиянкестері жыл сайын өнімге зиян келтіреді.Сонымен қатар инфекция қоздырғыштары өсімдіктің барлық бөліктерін , яғни тамырын, сабағын, жапырақтарын және тұқым себетін зақымдайды. Күнбағыстың ең көп таралған ауруларына ақ шірік,сұр шірік, фомоз, жалған ақ ұнтақ (пероноспороз),вертициллезді солу жатады.
Ақ шірік (склеротиниоз). Ауру қоздырғышы Sclerotinia sclerotiorum саңырауқұлағы. Әр түрлі формада көрінеді және бүкіл вегетациялық кезең ішінде күнбағысты зақымдай алады. Аурудың таралуы жергілікті сипатқа ие. Өсу кезеңінде жұғу өскіндердің өлуіне әкеледі. Жас өсімдіктерде алты жапырақ пайда болғанға дейін ылғалды, жылы (15 - 18С) ауа райында күнбағыс жапырақтарының және сабақтарының түбінде көрінеді. Қатты зақымданғанда сабақ сынады, ал өсімдік өледі. Кеш зақымдалғанда сабақ қоңыр түске ие болады, жұмсарады және сынады. Кейін себеттің артқы жағында ақ-қоңыр дымқыл дақтар пайда болады.Ауру тамырын зақымдаған жағдайда күнбағыс кеуіп кетеді.Инфекция көздері-топырақта склероция түрінде, және тұқымдарда,сонымен қатар өсімдік қалдықтарында сақталады. Топырақта склероциттер түрінде жинаудан кейін сақталады. Патогеннің дамуына ауаның төмен температурасы, ұзақ жаңбырлы ауа - райы, ластанған егістер және өсімдіктердің жоғары тығыздығы ықпал етеді.
Альтернариоз. Ауру қоздырғышы - Alternaria spp саңырауқұлағы. (A. helianthi, A. alternata, A. zinniae және т. б.)
Инфекция көзі-заладанған тұқымдарда,өсімдік қалдықтарында, топырақта сақталады. Күнбағыс жапырақтарының жоғарғы бөлігінде қоңыр нүктелі некроздар түрінде көрінеді. Некроздарың дамуына қарай жапырақ бұрыштық дұрыс емес пішінге ие бола отырып, ұлғаяды. Жапырақтардың шеттерінде, сабақтарында және себеттерінде, гүлдену фазасынан бастап қоңыр некроздар пайда болады. A. zinniae түрі ең уытты, қауіпті микотоксиндер -- альтернариол, альтенюген және т. б. бөледі.
Аурудың пайда болуы мен дамуына ылғалды және жылы ауа райы ықпал етеді.
Вертициллезді солу. Ауру қоздырғышы - ( Verticillium dahliae) саңырақұлағы. Тамырлар арқылы өсімдіктің барлық бөлігіне тамыр жүйесі арқылы өтеді. Алғашқы белгілер өсімдіктердің гүлдену кезінде және кейінірек жекелеген жапырақтарында ауру белгілері пайда болады.. Зақымдалған жапырақтар ұзақ уақыт бойы өсімдікке бекітілген күйінде кебеді. Дамып келе жатқан саңырауқұлақ споралары сабақтарының өткізгіш ұлпаларын бітейді, бұл генеративті органдардың азаюына әкеледі. Заладанған өсімдіктің генеративтік мүшелері қоңыр түсті болып солып қалады.Құрғақ және ыстық ауа райында ауру тез дамиды.Инфекция көзі жинаудан кейінгі өсімдік қалдықтарында, тұқымдар мен топырақта мицелий және микросклероцилер түрінде сақталады.
Жалған ақ ұнтақ. (пероноспороз). Ауру қоздырғышы - Plasmopara halstedii сақырауқұлағы. Зақымданудың екі қарама-қарсы түрі түрінде көрінеді. Жапырақтарының астында және себет астында ақ өңездер пайда болады. Жапырақтарының жоғарғы жағында ірі бұрыштық майлы дақтар, төменгі жағында ақ түсті өңездер пайда болады.Ауру дамыған кезде патоген сабақтың төменгі бөлігінде оқшауланады, кейде 25-30 см биіктікте эпидермис қабатына енеді -- сабақтың бұл бөлігі ашық-жасыл түске енеді.Инфекция көзі өсімдік қалдықтарында, сабақтарында, топырақта 7 жылға дейін сақталады. Күресу шаралары на төзімді сорттар, тұқымдарды себу алдында өңдеу және фунгицидтерді енгізуді жатқызамыз.
Сұр шірік. Ауру қоздырғышы - (Botrytis cinerea) саңырауқұлағы. Жас өскіндерінде ылғалды ауа - райында дамиды.Себетінің астынғы бөлігінде сұр түсті суланған өңез пайда болады. Жазда мол жауын-шашын түскен кезде сабақтары мен себеттері қарайып кетеді. Себеттері піскен кезде астыңғы бөлігінде қара майлы дақтар пайда болады, және себеті толықтай суланып шіріп кетеді.Инфекция көзі топырақта, тамырда саңырауқұлақ түрінде, тұқымдарда склероцийлер түрінде және өсімдік қалдықтарында сақталады.
Құрғақ шірік. Ауру қоздырғышы - Rhizopus arrhizus саңырауқұлағы. Күнбағыстың даму фазасының басында көрінеді. Себеттің төменгі жағында қара қоңыр шіріген дақтар пайда болады. Себет ткандері қатты және құрғақ болады. Қатты зақымдалған себеттерде тұқымдық ұяшықтар тез бөлінгіш және құрғақ болады.Ал дәндері жиі жабысқан және дамымаған, ащы дәмге ие болады.Патоген себеттің бөліктерінде және зақымданған тұқымдарда сақталады. Аурудың дамуына жоғары температура мен құрғақ ауа райы, зиянкестермен механикалық зақымдануы ықпал етеді. Күресу шаралары: зиянкестермен күресу үшін инсектицидтерді енгізу, ауыспалы егісті сақтау, төзімді сорттар мен будандарды пайдалану, тұқымдарды фунгицидтермен себу алдында өңдеу.
Ақ шірік. Ауру қоздырғышы - (Sclerotinia sclerotiorum) саңырауқұлағы. Ауру кез-келген даму фазасында күнбағыстың барлық бөліктерін зақымдайды, сонымен қатар себеттердің пісу кезеңінде қатты көрінеді. Заладанған тамыр мойны сонымен қатар сабақтарының,себеттерінің аст ында ақ түсті өңез пайда болады. Тамыр мойнында ылғалды шіріген дақтар пайда болады.Кейінірек зақымданған өсімдік ұлпасы жұмсарып,сабақ сынады. Зақымданған себеттерінің бетінде және ішінде түрлі формадағы және шамадағы қара склероциялар пайда болады (0,5...3 см). Құрғақ ауа райында сабақтарда концентрациялық аймақтылығы бар түссізденген құрғақ дақтар пайда болады.
Фомоз. Ауру қоздырғышы - (Leptosphaeria lindquistii, син. Phoma macdonaldii) саңырауқұлағы. Күнбағыстың 3-4 жұп жапырақ фазасында жапырақ тақтасында қара қоңыр сары жиегі бар дақтар пайда болады. Саңырауқұлақ мицелилері ішкі ұлпаларды зақымдайды және сабақтарының беріктігін айтарлықтай төмендетеді.Себеттерін қалыптастыру кезінде олардың төменгі жағында қоңыр шашыраңқы дақтар пайда болады, олар ұлғая отырып, себетті толықтай қамтиды. Зақымданған себеттерде залалданған тұқымдар қалыптасады, олар пісіп-жетілуіне қарай қоңыр түске енеді. Инфекция заладанған тұқымдарда және өсімдік қалдықтарында мицелий түрінде сақталады.
Фомопсис. Ауру қоздырғышы - (Phomopsis helianthi, Diaporthe helianthi) саңырауқұлағы. Күнбағыстың ең зиянды ауруларының бірі. Күнбағыс фомопсисі (сабағының сұр дақсыздығы) карантиндік объект болып табылады ("карантиндік объектілердің тізбесін бекіту туралы"2007 жылғы 26 желтоқсандағы N 673 бұйрық).Ауру белгілері жапырақтары мен сабақтарыннда сонымен қатар себеттерінде байқалады. Заладанған жапырақтарында қара қоңыр бұрыштық некроздары пайда болады. Зақымдалған жапырақтар күйікке ұшырап, кеуіп қалады. Гүлдену кезеңінде сабақтарында жиегі бар некротикалық қоңыр дақтар пайда болады. Сабақ пен себеттері опырылғыш болады.Инфекция көзі зақымданған өсімдік қалдықтары мен тұқымдарда сақталады.
Күресу шаралары. Күнбағысқа ауру қоздырғыштары мен зиянкестер өте көп мөлшерде зиян келтіреді.Тәжірбие жүзіне ең аса қауіпті аурулары яғни ақ шірік пен сұр шірік,жалған ақ ұнтақ жіне тағы басқа аурулар өнімділіктің көрсеткіштерін төмендеткен.Кешенді күресу шараларына агротехникалық,химиялық биологиялық шараларды жатқызамыз.Сонымен қатар төзімді сорттарды шығару, танапта ауыспалы егіс жүйесін сақтау шаралары арқылы мол өнім ала аламыз.

2 БӨЛІМ ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ.
2.1 Климаты.
Бұл аймақтың климаты тым континенттік. Қаңтар айының орташа температурасы -14-170С, шілдеде 21-230С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлш. Солтүстік таулы бөлігінде 400-600 мм-ден оңтүстігінде 165- 200 мм-ге дейін ауытқиды.
2018 жылдың күз айлары: Қазан айының алғашқы күндері күн райы құбылмалы болды. Күз мезгіліне тән салқындылық байқалып, ауа температурасының жоғарғы көрсеткіші +170С, төменгі көрсеткіші 00С төмен -10С -ты көрсетті. Ауаның орташа температурасы +9ºС-ты құрады. Негізінен солтүстік-шығыс, батыс бағытымен соққан желдің жылдамдығы 2-9 мсек. Ауаның ылғалдылығы 12-93 пайыз аралығында болды.
Қазан айының екінші онкүндігі күн райы ашық, жылы болып жоғарғы көрсеткіші +180С, төменгі көрсеткіші -20С -ты көрсетті. Қазан айының үшінші онкүндігінде күн райы негізінен бұлтты болып 10 мм ылғал жауын күйінде түсіп, соңғы жылдары болмаған ауа-райының құбылысы тіркелді. Яғни, қазан айының 25 күні кешінде басталған қар түнімен жауып, қардың қалыңдығы 7-8 см құрады. Қардың ызғары әсерінен кейінгі күндері ауа-райы күрт салқындап төменгі температура -150С - қа төмендеді. Апта соңына қарай күн қайта жылына бастап,түскен қар еріп кетті. Ауаның орташа температурасы -5ºС-ты құрады. Негізінен солтүстік, солтүстік-шығыс бағытымен соққан желдің жылдамдығы 1-10 мсек аралығында,ауаның ылғалдылығы 16-98 пайыз аралығында болды.
Қараша айының алғашқы он күндігінде жылы ауа райы сақталып 2 мм ылғал жаңбыр күйінде түсті. Кейінгі күндері ашық жылы ауа райы сақталды. Екінші он күндікте ауа райы құбылмалы болды. Күндіз жылы түн мезгілі салқын болып тұрды. Қараша айының 18-і күні 2 мм жаңбыр жауды. Қараша айының соңғы онкүндігінде ауа райы алабұлтты болып салқын ауа райы сақталып тұр. 25-і күні 5 мм жаңбыр жауып, артынша алғашқы қар ұшқындады. Былтырғы жылғы қараша айымен салыстырып қарайтын болсақ, былтырғы жылы қараша айында төменгі ауа температурасы -250С көрсеткен биылғы жылы төменгі ауа температурасы -40С, яғни биылғы жылы ауа райы жылы болып тұр. Ауаның жоғарғы көрсеткіші +180С, төменгі көрсеткіші -40С көрсетті. Желдің жылдамдығы 1-13 м\с аралығында болып, негізінен сол - шығыс бағытынан соғып тұрды. Ауаның ылғалдылығы 31-98 пайыз аралығында болды.
Желтоқсан айында ауа райы құбылмалы болды. Желтоқсан айының 01-і күні алабұлтты болып, 2-3-і күндері жалпы көлемі 5 см ылғал қар күйінде түсті. Кейінгі күндері ашық суық ауа райы сақталды. Желтоқсан айының екінші аптасында ауа райы құбылмалы болды. Желтоқсан айының 08-09-ы күндері 8 см қар жауды. Кейінгі күндері алабұлтты болып, аптаның аяғында күн ашық болды. Үшінші аптада суық ауа райы сақталып тұр. Есепті кезеңде алабұлтты күндер болғанымен жауын шашын болған жоқ. Желтоқсан айының соңғы аптасында ауа райының жылынғаны байқалды. Желтоқсан айының 24-і күні +20С дейін жылылық көрсетті. Ауаның жоғарғы көрсеткіші +20С, төменгі көрсеткіші -220С көрсетті. Желдің жылдамдығы 1-8м\с аралығында болып, негізгі бағыты солтүстік-шығыстан соғып тұрды. Ауаның ылғалдылығы 43-95 пайыз аралығында болды.
2019 жылдың қыс айлары.Қаңтар айының алғашқы онкүндігінде күн құбылмалы болды. 09-ы күні 9 см ылғал қар күйінде түсті. Кейінгі күндері ашық болды. Екінші онкүндікте күн ашық, суық ауа райы сақталды. Қаңтар айының 15-і күні ауа температурасы -300С дейін түсіп кетті. Аптаның соңғы күндеріне дейін суық аязды күндер сақталып тұрды. Үшінші онкүндікте ауа райы алабұлтты болғанымен жауын шашын болған жоқ. Шығыстан соққан қатты желдің әсерінен ауа ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Көкөніс шаруашлығындағы тұқым ерекшеліктері
Дайындық кезеңі
Себу тәсілі
Қарбыз және қауын тұқымдарын егістікке себуге дайындау жұмыстарының өнімділікке әсері
Тұқым және оны егістікке пайдалану
Жер шаруашылығының қолданбалы биологиядағы орны, міндеттері мен кемшілішгі
Дақылдың халық шаруашылығындағы маңызы
Көпжылдық шөптердің тұқымдық егістерінің сапасын бағалау
Жасымықты өсіру технологиясы
Дақылдың халық шаруашылығындағы ролі
Пәндер