Систематикасы мен таралуы
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ЖАТАҒАН У КЕКІРЕНІҢ ТАРАЛУЫ
КІРІСПЕ
3
І ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ
5
ІІ БӨЛІМ Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласына жалпы сипаттама
10
2.1 Семей қаласының географиялық орналасуы мен климаты
10
2.2 Семей қаласының топырақ сипаттамасы
11
2.3 Семей қаласының агрометеорологиялық жағдайлары
12
ІІІ БӨЛІМ Жатаған у кекіре өсімдігі
13
3.1 Жатаған у кекіренің морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері
13
3.2 Систематикасы мен таралуы
14
3.3 Семей қаласындағы жатаған у кекіренің даму кезеңдері
14
3.4 Семей қаласы бойынша карантиндік арамшөп жатаған у кекіренің таралуы
14
ІV БӨЛІМ Карантиндік арамшөптердің ошақтарын анықтау үшін зерттеу жүргізу әдістемесі
16
V БӨЛІМ Күресу шаралары
20
5.1 Карантиндік шаралар
21
5.2 Агротехникалық,биологиялық және механикалық, химиялық күресу шаралары
21
5.3 Гербицидтердің биологиялық (техникалық) тиімділігін анықтау
22
ҚОРЫТЫНДЫ
23
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
24
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасының аумағын өте қауіпті зиянкестердің, фитопатогендік организмдердің және кәнігі арамшөптердің таралуынан қорғамаса, мемлекетіміздің азық-түлік қауіпсіздігін сақтау мүмкін емесі белгілі. Қазақстанның әлемдегі бірқатар мемлекеттермен сауда-саттық қарқынын жандандыруы, туризмді дамытуы, сондай-ақ, ғылыми білім алмасуы нәтижесінде, карантиндік өнімдермен жаңа, не болмаса мемлекетімізде әлі де болса таралмаған карантиндік зиянды организмдердің еніп кету қаупі айтарлықтай көбеюде.
Әлі де болса жер-жерде жаппай таралу мүмкіндігі болмай тұрған жүздеген ауру қоздырғыштардың және арамшөптердің бар екендігін ескере отырып, егер, олар Қазақстанға тасып әкелінсе және мемлекетіміздің таза аймақтарында бейімделіп-жерсініп алса, олардың біразы эфипитотиялық алапат туындатуы мүмкін. Сондықтан, залалданғанөсімдіктектіөнімдердіңбі ргеографиялықаймақтанекіншісінетасы малдануынбақылаужәнеолардыболдырмау үшіндүниежүзібойыншаөсімдіктеркаран тиніжүйесі қолданылады.
Заманауи ұсыным бойынша өсімдіктер карантині - бұл біздің мемлекетте жоқ немесе азды-көпті кездесетін, бірақ, шектеулі таралу мүмкіндігі бар ауру қоздырғыштардың, зиянкестерді және арамшөптерді мемлекет аумағына тасып әкелуден және еніп кетуінен қорғауға бағытталған мемлекеттік іс-шаралар жүйесі.
Карантинді объект - бекітілген тізбеге сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында жоқ немесе шектеулі таралған, олар өсімдіктерге және өсімдік өнімдеріне едәуір нұқсан келтіретін карантинді зиянкестердің түрлері, өсімдік ауруларын қоздырғыштар немесе арамшөптер.
Өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шаралар - карантинді объектілердің таралу ошақтарын анықтау, оқшаулау және жою жөніндегі жұмыстарды, залалданған карантинге жатқызылған өнімдерді зарарсыздандыруға, техникалық қайта өңдеуге, тазалауға және жоюға, үй-жайларды және көлік құралдарын зарарсыздандыруға және тазалауға, карантинге жатқызылған өнімдерді кері қайтаруды ұйымдастыруға және жүргізуге бағытталдаған іс-шаралар жүйесі;
Арамшөптер деп мәдени өсімдіктердің егістіктерінде өсетін, олардың өнімінің мөлшерін төмендетіп, сапасын нашарлататын өсімдіктерді атайды. Мәдени дақылдардың егісінде басқа мәдени дақылдар кездессе, оны ластаушы өсімдіктер деп атайды. Мәдени өсімдіктерге қарағанда арамшөптер тез дамып, ылғалды және қоректік заттарды әлдеқайда көп жұмсайды. Жоғары қабатта өсетін арамшөптер мәдени өсімдіктерді көлеңкелеп, олардың жапырағында жүретін фотосинтез үрдісін баяулатады, ауыл шаруашылық машиналардың жұмысын нашарлатып, олардың сынып қалуына себеп болады. Арамшөптердің тұқымдары астық дәндерінің ылғалдылығын көтеріп, олардың қызуына және бүлініп кетуіне жағдай туғызады. Арамшөптер ауыл шаруашылық дақылдарының зиянкестері мен ауруларының тіршілік ететін және олардың тарайтын орны болып табылады.
Карантиндік арамшөптер - ТМД елдерiнде таралған арамшөптердің арасында Қазақстанда жоқ немесе аз таралған, бiрақ таралу мүмкiндiгi мол, өте зиянды өсімдіктер. Қазіргі кезде тиым салынған (карантиндi) 12 арамшөптiң бесеуi Қазақстанда кездеседi, олар: жусан жапырақты ойраншөп, күнбағыс сұңғыласы, жатаған қызғылт у кекiре, тікенді алқа және арамсояулар (зығыр, құлмақ тәрізді, Леман арамсояуы т.б.).
У кекірені көп жыл бойы зерттей келе А.И.Мальцев (1933) еңбегінде: У кекіре өзінің төзімділігі,өсімталдығы жағынан ешбір басқа арамшөптерге жол бермейді,-деп жазған болатын. Шынында да бұл арамшөп,таралу, өсіп-өнуі,құрғақшылыққа,суыққа төзімділігі тұрғысынан басқа өсімдіктердің көбісінен асып түседі. Егістіктерде ол бірден мәдени дақылдарды ығыстырып,ластап өсе бастайды.
Тақырыптың өзектілігі: өндірістің сұранысы бойынша, ғалымдардың негізгі тапсырмаларына тиімді, негізгі егістіктегі ауыл шаруашылық дақылдардың және түсімнің мол алынуы, жатаған у кекірені жоюда экологиялық қауіпсіз және экономикалық тиімділігі жағынан дәлелденген кешенді жүйе гербологиялық мониторинг негізінде жасалған, қолданысқа енген агротәсілдерді жаңа техникалармен қоса заманауи гербицидтермен сәйкестендіре отырып қолдану, оларды әр түрлі қосымша химиялық құрамдармен пайдалану, препараттардың шығынын 30%және одан да аз көлемге азайту үшін қолдану.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері: Карантинді арамшөп - жатаған у кекіре ошағын жою және таралуын тежеу
Осыған байланысты зерттеу жұмыстарына қарасты келесідей міндеттер қойылған:
1. жатаған у кекіренің таралуы мен дамуының биологиялық ерекшеліктерін зерртеу;
2. егістік алқаптарында, егістік төңірегіндегі және мемлекеттік қордағы жерлер мен автокөлік жол бойларына таралған жатаған у кекіреге гербологиялық мониторинг жүргізу;
3. жатаған у кекіре ошағының көлемін анықтау;
4. жатаған у кекіренің ошағын жою;
Тәжірибелік маңыздылығы. Гербицидтерді қолдану шығынын төмендету,сонымен бірге қоршаған ортаға пестицидтік қорын азайту, топырақ пен су тоғандардың гербицидтерден ластануын алдын алу, өсімдік шаруашылылығы және мал шаруашылығынан экологиялық таза өнім алуды қамтамасыз ету.
І ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ
Карантинді арамшөп жатаған у кекіре - горчак ползучий (Acroptilon repens (L) DC) бүкіл әлемдегі ауыл шаруашылық өндірісіне орасан зор зиян тигізуде. Қазақстанда ол аса қауіпті карантинді объектілер "Тізіміне" енген [1,2]
Республиканың барлық 14 облыстарында тіркелген. РГП "Фитосанитария" мәліметтері бойынша залалдану ошағы 2552,9 мың.га құрайды[3]. У кекіренің таралуы мен зияндылығының қарқынды дабылды статистикасы, көбінесе, астық дақылдар егістіктеріне және Қазақстан Республикасының АӨК әрі қарай дамуына кесапатын тигізуде. Нәтижесінде, бұл арамшөптің кесірінен егістіктің залалдануы және ауылшаруашылық дақылдарының түсімінің азаюы жыл сайын үш млрд.теңге шығынын құрайды. Бұл жағдайдың тағыда қиындай түсуі у кекіре тұқымдары басқа дақылдардан қиын тазартылуына, яғни, экспортқа арналған бидайдың тұқымдарымн араласып кеткенде, олар жарамсыз болып, тауар өндірісінде зор шығынғы ұшыратады.[4]
Жатаған у кекіреге қарсы күресу шаралар көптеген алыс және жақын елдердің зерттеу мекемелері шұғылдануда. Ресей Федерациясының мақалалары бойынша жатаған у кекіре 400 мың.га тараған [5.6.7], Арменияда - 15 мың. га
М.Я. Березовскийдің, К.А. Абрамовтың [8,9,10] мәліметтері бойынша Қырым жерінің жазық аймақтарында күздік бидай егістерінде терең топырақты сыдыра жырту мен өңдеу у кекіренің залалдану мөлшері қысқа уақытқа азаяды. Қара пар- күздік бидай егістігін өңдеуде у кекіренің залалдану мөлшері азайып және тамырының 40 см дейін сыдыра жырту, себугe дейін 40 күн қалғанға дейін гербицидтерді 2,3,6 трихлобензол қышқылының негізінде қолданғанда жақсы көреткіш көрсетті.
В.В. Головкин , А.А. Мордовец, И.Д. Чернышев, Т.Н. Назерко [11-15] Украиндық тәжірибелік қожалықтың ғылыми-зерттеу станцисында у кекіремен күресуде қара топырақтарда гербицидтердің ауыспалы егістіктерге (жүгері-жұгері-күздік бидай-күздік бидай) жүгеріде - қоспа Д-5 лга+ тордон 22 К - 0,6 лга немесе таза күйінде 22 К тордон, полидим 5 лга. Күздік бидай егістіктерінде препараттар қолдану арқылы жатаған у кекіренің жойылуы байқалған.
Қазақстанда жатаған у кекіре мәселесі бойынша 1959 жылдан бастап айналыса бастаған. [16-17]. Топырақ - климат жағдайлары ерекшеленетін республиканың әр түрлі аймақтарында бұл аса қауіпті арамшөппен күресудегі оңтайлы әдістер жиналған.
Ю.Н, Гештовтың [18] Р.Г.Жароковтың, Т.Н. Нұрмұратовтың [19], Ю.Н.Гештовтың, В.И.Тарасенконың [20], Ю.Н, Гештовтың [21] жұмыстарында Солтүстік Қазақстанда жатаған у кекіренің кейбір биологиялық ерекшеліктері, онымен күресуде агротехникалық әдістер мен глифосат негізінде гербицидтерді қолдану туралы деректер келтірілген. Қостанай облысы Алтынсарин ауданындағы жаздық бидай парлы егістіктерінде бір у кекіре өсімдігінде 300-600 тұқым түзіледі, ал гербицидтер қолданылмаған жерлерде -6 мың тұқым түзілетіні айқындалған.
Р.Г. Жароков, Т.Кидришев [22-24] гербицидтермен өңделмеген егістіктердегі бір у кекіре арамшөбінде 8-65 себеттер түзіледі және әр біреуі 4-14 тұқымдардан тұрады , яғни , бір өсімдікте 470 тұқымды құрайды. Тұқымның зертханалық өнгіштігі 35 оС максимум температура болғанда жетеді (91,7). 2,5-3,0 см топырақ тереңдігінен өскіндер өсіп шығады.
Әлемге әйгілі А.И.Мальцев академигі у кекірені біздегі флораның ішіндегі ең қауіпті және ең зиянды арамшөп деп атаған [25].
Орта Азия елінде у кекіренің бір өсімдігінен 200 тұқым түзе алуы мүмкіндігі туралы әдебиет көздерінен белгілі. В.В.Замятиннің және т,б ғалымдардың мәліметтері бойынша у кекіренің бір өсімдігінің өсімталдығы Воронеж облысында (Ресейдің солтүстік шекарасының арамшөп ареалы) орта есеппен 168 тұқымшалардан тұрады [26].
Г,П. Москаленконың ойынша , карантиндік көзқарасы бойынша арамшөптің тұқымдар арқылы көбеюі басқа жаңа аудандарға таралуы үлкен рөл атқарады [27].
Алайда В.В. Знаменскаяның зерттеулері бойынша , Воронеж облысының жағдайында өсетін жатаған у кекіренің бір өсімдігінің өсімталдығы 200 тұқымша, балғын жиналған тұқымдардың өнгіштігі 3%, яғни тыныштық үрдіс кезінде 25 % дейін өсіп шығады. Егерде 2 жыл сақталғанда 2% өсе алады.Сондықтанда, ғалымның айтпағы у кекіренің тұқымдық көбеюі басыңқы болып саналады, ал тамырлардың және тамыршалардың өскіншелерінің вегетативті көбеюі басты болып саналады.
ҒЗИ мекемелерінің көптеген еңбектері у кекіренің биологиялық ерекшеліктерін зерттеуге және күресу әдістерін жасауға жұмсалған. Алайда, мықты тамыр жүйесіне, бірнеше рет вегетациялық кезең аралығында қайта өсіп шығатындығына байланысты бұл арамшөпке қарсы тиімді ұсыныстар әлі уақытқа дейін жеткіліксіз.
И.А. Макодземаның, Ю.К.Кудзиннің зерттеулері бойынша у кекіренің жаңа өркендерінің өсіп шығуы күздің ортасына дейін жалғасады, ал бұл процесс көктемде жақсы байқалады [7].
У кекіренің өзіне тән биологиялық ерекшелігі тыныштық күйінде топыраұта вегетативті мүшелерінің көбеюі, яғни, күресуде айтарлықтай қиындықтар туғызады, кейде бұрыс қорытындыларда тиімсіз немесе басқа әдістерді қолдануға әкеліп соғады. Мысалы, генетикалық тәжірибе станцияларындағы әдістер у кекіренің тыныштық күйінде 80 см тереңдікте кескеннен кейін 22 ай аралығында өсіп шықпаған, ал дәл сол тереңдікте кескенде, өсу кезеңі қарқынды жүріп,72 күннен кейін жаға өркендер өсіп шыққан [28].
А.В.Ломтевтің, А.А.Астаховтың және т.б зерттеулері бойынша, у кекіре топырақ қабаты 0-65 см болғанда мықты тамыр жүйесі өсіп шығады, яғни, жердің экваторы гектармен санағанда жартысын алады [29].
Көптеген ғалымдадың мәліметтері бойынша, бұл арамшөпті уақытша өсуін тоқтату үшін оған қарсы тиімді гербицидтер, сондай-ақ препараттар типтес 2,4-Д және жақын қосылыстар қолданылды [30].
Қолданған әдістердің тиімсіздігі 5-6 жылдық гербицидтердің қолдануы М.Я. Березовскийдің, К.А. Абрамовтың ойынша, у кекіренің өсуін тоқтата алмауы тамырана токсиндік әсерінің болмауында немесе әлсіз әсер етуінде.[10]
Жатаған у кекіренің ерекшеліктері: ол қордағы ќоректік зат - инулинді тамырдың топырақтағы төменгі қабатына жинақтап, ќоректік заттарын топырақ баптаушы техникамен егіндікті өңдегенде жатаған тамырының кесілген жеріне жылдам жеткізу арқылы өсіп жер бетіне шығуы әрі фотосинтез құбылысы арқылы тамырлануы. Сол себепті көптеген агротехникалық әдістерге төзімді келіп, қайтадан тез өсіп жетіледі [31].
Жатаған укекіре өз тұқымынан және тамыр жүйесінен улы заттарды бөлу арқылы аллелопаттық әсер етеді. Арамшөп үй және түз жануарларына,соның ішінде жылқы малына, өте зиянды. Жатаған укекіренің тереңге таралған тамыр жүйесі, топырақты өңдеу жұмыстарын қиындатып, агротехникалық шараларды жүргізуде қиыншылық тудырып, шығындар көлемін едәуір көбейтеді.
Арамшөп шаршы метр жерге 100 сабаққа дейін топталып, шоғырланып өседі. Жатаған укекіре тұқыммен көбею және вегетативті жолмен, яғни тамырдың балғын бұтақшаларымен, тамырсабақтарымен және тамыр кесінділерімен, көген тамырларымен көбейеді.
Тамыр кесінділері топырақта 3 жылға дейін өміршеңді болып келеді. Тұқымдары топырақта 5 жылға дейін сақталады.
Мамыр-маусым айларында гүлдейді, жемісті маусым-шілде айларында береді. Себетгүл шоғыры өте жүзгіш болып келеді, сондықтан ағын су, жауын-шашын суымен, суармалы сулармен, тұқымдық материалмен және сабанмен, шөппен таралады.
Биіктігі 20-70 см. құрайды, сабақтары тік болып, жапырақтары кезектесіп орналасады. Жатаған укекіренің түсі сұр-жасыл болады [32].
Ауылшаруашылық дақылдарының карантиндік арамшөптерден келетін жыл сайынғы жалпы шығыны Қытайдан басқа Азия елдерінде 13 млрд долларға жетеді. Оның ішінде потенциалды өнім 20,7% болса, нақ өнім 37,7%. Осы зиянкестердің ішінде карантиндік жатаған у кекіренің егістікке келтіретін зияны мол. Қазақ радиосы Табиғат және біз бағдарламасының қонағы - Қазақ өсімдік қорғау және крантиндеу ғылыми зерттеу институтының аға ғылыми қызметкері Ұлан Есімов жатаған у кекіресі жайлы айтып берді. Жатаған у кекіресі ҚР барлық облыстарына таралаған. Бұл карантинді арамшөптен қорқатын жағдайымыз, біздегі тұқым шаруашылығымен айналысатын жеке шаруашылық желілерінен жатаған у кекіренің өсімдігі табылып жатыр. Жатаған у кекіренің бір өсімдігінде 300-ден бастап, 20000-ға дейін бір өсімді тұқым береді. Және оның тұқымы топырақта өзінің өнгіштік қасиетін 5 жылға дейін сақтайды. Тамыры жер асты суына дейін кетеді. Сосын бұл зиянкес өскен жерде басқа дақыл өспейді. Топыраққа улы зат шығарады. Тыныштықта жатқанда зиян келтірмейді[33].
Г.В. Тканченың, И.Д. Чернышовтың мәліметтері бойынша, қызғылт у кекіренің тамыр жүйесіне қарсы қолданған гербицидтердің әлсіз әсер етуі тамыр жүйесіне сіңген гербицидтерді ортаға қайта бөлуіне байланысты [34].
А.В Ломтевтың және басқа да ғалымдардың зерттеулері бойынша,у кекіре тамырынан фенолды қосындылар бөлінеді,осы қосындылардың әсерінен басқа тамырсабақты өсімдіктердің өсуін,дамуын тежейді.Егерде ескі ошақтарда тек басқа өсімдік түрлері ғана емес у кекіренің өзіде шеттетіледі,тарамдалған ошақ түзеді [35].
И.А. Макодзеба, Ю.К. Кудзиннің зерттеулерінде,өңдеу жүргізілмеген участкіде кенеттен еритін көмірсулар көп мөлшерде жинақталған: гүлдену және тұқым түзу кезеңінде,ал екінші - өсімдіктің қысқыға кетуі. Сол себепті, ғалымдар зерттей келе, у кекіренің тамырында жаздық минимум еритін көмірсулар қосындысылар бар болатындығы, яғни ерте астық дақылдарды орып алғаннан кейін у кекіреге қарсы күрес жұмыстарын жүргізу ұсынылады,нәтижесінде еңбек шығыны аз және жүргізілген жұмыстардың айтарлықтай [36].
Көптеген ғалымдардың еңбектерінде,жатаған у кекіренің жою мақсатында глифосат препараттарын қолдану тиімді және 5-6 лга мөлшерінде пайдалану жақсы нәтижелер беретіндігі анықталған. Бірақ , мұндай өңдеу жұмыстары экология жағынан қауіпсіз емес, сол себепті оларды қатаң түрле ошақтарда пайдаланған жөн. Зерттеулердің нәтижесі көрсеткендей, изопропиламиндерге (раундаптың әсерлі заты) қарағанда тиімдірек, алайда бұл препараттар глифосат қатарында тұр [37.38.39].
Жатаған у кекіремен залалданған ауылшаруашылық дақылдардың түсімі 30-40% төмендейді, ал П.К Хандусенконың пікірі бойынша, құрғақшылық жылдары орташа есепті құрайды. Көбінесе, жатаған у кекіремен ластануға отамалы дақылдар және жаздық дақылдар сезімтал болады [40].
Теориялық болжам болып бір уақытта культивацияның 3 түрлі тереңдікте жыртқанда у кекіренің 5 см бөлшектері топырақтан өсіп шыға алмайтындығы туралы концепцияны Р.Г Жароковтың, Т.Кидришевтың зерттеулері болып табылады.Ал екінші болжамы қорғау шараларға байланысты - тауар өндірушілердің көбісі материалды - техникалық қамтамасыз етуі яғни,парды өңдеудегі механикалық жұмыс санын азайтудың экономикалық мақсаты.
2002 жылдан бастап қожалық шеберханада өз бетінше әр түрлі тереңдікте топырақты жырта алатын КП-2,2 және КПШ-9 культиватор-3 ярусты сыдыра жыртқыш жасай бастады. 2003 жылы өндірістік жағдайында өңделген сыдыра-жыртқыш үлгісі жасалып шығарылған [29].
Кейінгі зерттеулер парды механикалық өңдеу у кекірені кеш өсу фазаларында бүрку жұмыстарын жүргізген дұрыс деген ұсыныстар ұсынады. А.В Ломлевтың және басқа ғалымдардың зерттеулері бойынша,эфирлермен бірге бүйір қоспалы гербицидтерді у кекіренің гүлдену фазасында қолданған дұрыс.
Арамшөптердің зияндылығы жағынан шегірткеден кейінгі екінші орынды аса қауіпті карантинді арамшөп жатаған у кекіре алады. 90-жылдары осы арамшөппен залалданған шабылған егістік 1,7 млн.га құрайды, ал қазіргі уақытта ҚР АШМ фитосанитарлық қауіпсіз Департаментінің мәліметі бойынша 2,6 млн.га өсті. Солтүстік облыстарында жыл сайын жатаған у кекіренің залалдану ошағының ұлғаюын қауіпті дабыл соғуда, яғни жаздық бидайдың тауарлық дәнін шығаратын жер болғандықтан бұл жер негізгі тараған жері. Егерде 1980 жылдары жатаған у кекіремен ластанудан Солтүстік Қазақстан, Қостанай және Павлодар облыстары таза болған, тек 2017 жылы егістік жерлердің ластануы 100,700,33 мың.га құрады.
ҚР АШМ Департаментінің фитосанитарлық қауіпсіздіктің тапсырмасы бойынша 2001-2006 ж.ж Фитосанитария РГП облыстық филиалдары жаздық ортасындағы парға және жатаған у кекіренің ошағы гүлшорығы -гүлдену фазасы кезінде арамшөпке қарсы әр түрлі глифосаты бар қосылыстарды химиялық өңдеу жұмыстары жүргізілді, бірақ алдында жүргізілген культватормен ескерілмей жасалған.Биологиялық өңдеу тиімділігі 92-96% аспады, ал 1,5-2 айдан кейін у кекіренің өсуі байқалған.[41]
2010 ж. Ейска қ. Қазақстаннан келген теңіз портын тексеру жұмыстарынан арамшөптің тұқымы табылған, ал 2010 ж. Ресейден Республика 1274 т. тұқым қайтарылған.
1990 жылдың ортасында республика карантинді обьектілерге қарсы күресу жұмыстары жоғалған.Ауылшаруашылық өндірісінің формасының өзгеруіне байланысты,сондай-ақ өсімдік өнімдерін өндірушілердің көбі экономикалық күйінің нашарлануына байланысты жатаған у кекіренің ошақтарын оқшаулауға және жоюға қарсы күрес шараларын жүргізуге шарасыз болды.Бұл арамшөп біздің 14 облыста тіркелген. Оның 39 тұқым қожалықтарында табылуы негізгі факт болып табылады [42].
ІІ БӨЛІМШығыс Қазақстан облысы Семей қаласына жалпы сипаттама

Семей қаласы (13 ауылдық және 1 қала тектес округ) Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-батыс бөлігінде орналасқан. Солтүстік шығыс бөлігіне Бородулиха ауданымен, оңтүстігінде Абай және Жарма аудандарымен,шығысында Ұлан ауданымен,солтүстік-батысында Бесқарағай ауданымен және батысында Қарағанды облысымен шекаралас орналасқан. Жалпы ауданы 2780675 га соның ішінде Семей (8 ауылдық округ және Шульбинск қала тектес ауыл) -1162959 га және Абралы өңірі (6 ауылдық округ) 1617716га.
Жергілікті аймақтың жер бедері әртүрлі:таулар,жазықтар,алқаптар бар.Ауа-райы күрт құбылмалы (континентальды)
Семей қаласының аумағы Шығыс Қазақстан облысын есепке ала отырып, ауа-райы-топырақ жағдайы 2 аймаққа бөлінеді:
1-құрғақ далалық аймақ
2- шөл далалық аймақ
Қаланың солтүстік бөлігі (Ертіс өзенінің оң жағалауы) құрғақдалалық аймақта орналасқан. Бұл аймаққа Озерка ауылдық окрукке шаруашылық жүргізуші субъект жатады. Бұл жерде күңгірт қара топырақтың 30% дан 60%-ға дейін түрлері кездеседі. Құрғақ далалық аймақтың өсімдік жамылғысы үлкен әртүрлі селеу және бетеге сияқты асықтың басым болуымен ерекшеленеді. Сонымен қатар бұнда бидайық, сары жоңышқа,жусан,сібірлік кекіре,жебіршөп (тимьян),түйнекті әрем (зопник) және тағы басқалары кездеседі. Бұталардан:қарағаш,мойыл, татар бөріжидегі,итмұрын және тағы басқалары кездеседі. Орманды алқаптың негізгі бөлігі кәдімгі қарағайдан тұрады.
Бұл аймақтың шаруашылық жүргізуші субъектілері көбінесе көкөніс және картоп шаруашылығымен айналысады.
Ал бұл аймақтың негізгі зиянкестері: шегірткелер, шалғын көбелегі, шыртылдақ және қара денелілердің дернәсілдері, көкөніс дақылдарының зиянкестері және колорад қоңызы.
Шөл далалық аймақ. Ертіс өзенінің барлық сол жағалауын, яғни қалған 12 ауылдық және қала тектес 1 округті қамтиды.
Жер бедері (рельеф)- жеке жазықтармен кезектесе орналасқан ұсақ шоқылы. Негізінен 25% дан 65% ға дейін ашық қара күрең топырақ тұзды топырақпен кешенді кездеседі. Өсімдіктердің ішінде негізі рөлді ұсақ шоқылы жерлерде жебіршөп,селеужәне жусан қамтиды. Сонымен қатар шисабақ, татар төскейшөбі кездеседі. Бұталардан: қарағаш,майқараған кездеседі.Жер бедерінің тұзды сортаң жаққа ауысына байланысты тұзды жерді жақсы көретін ши , сор жусан, ақ баттауық өседі.
Бұл Новобаженовка, Приречный, Жиеналы, Озерка сиякты ауылдық округтарда көкөніс және картоп өңдеу жұмыстарымен айналысады және астық дақылдарын өсіреді. Сонымен қатар ет - сүт бағытында мал шаруашылығымен және кой шаруашылығымен айналысады. Абралы өңіріндегі ауылдық округтарда мал және қой шаруашылығымен айналысады.
Бұл аймақтың ауылшаруашылық зиянкестері көпқоректі: саяқ және үйірлі шегірткелер,шалғын көбелегінің дернәсілдері,шыртылдақ және қара денелілердің дернәсілдері мен қоңыздары, зиянды кеміргіштер. Астық дақылдарының зиянкестерінен: астық қоңыздары, астықтың жолақ бүргесі,сүлікше қоңыз; Көкөніс дақылдары зиянкестерінен: қызылша және шаршыгүлділер бүргесі, ақ қанаттылардың жұлдызқұрттары, бітелер, кейде пияз, сәбіз және орамжапырақ шыбындары; Картоп зиянкесерінен: колорад қоңызы және қызыл (қара) басты шпанка кездеседі.
2.2 Топырақ жағдайы
ШҚО жерінде ендік зоналылық анық байқалатындықтан топырақ жамылғысы алуан түрлі. Солтүстіктен оңтүстікке қарай қара қоңыр (құрғақ дала), ашық қоңыр (шөлейт), және қоңыр топырақ зоналары бірін-бірі алмастырады,
Шыңғыстау, Қалба жотасы, Алтай, Тарбағатай тауларының биік бөктерлерінде ендік зоналылық биіктік белдеуге ауысып, сұр топырақ, субальпілік тау шалғындарына өзгереді.
Қара қоңыр топырақ - Ертістің оң жағалауын алып жатыр. Қара қоңыр топырақтың үлесіне облыс ауданының 9-10% тиеді. Олар құрамына байланысты саздақты, құрылысына қарай кесек болып келеді. Бұндай топырақтар гумусқа өте бай, мелиорациялауды қажет етеді.
Ертістің оң жағалауындағы қара қоңыр топырақ шығыстағы Алтай бөктеріндегі қара топырақпен алмасады. Ертістің оң жағалауын бойлай кең алқапты құм алып жатыр. Ол батысында құмдақты далаға ауысады. Бұл өлкенің топырағы эрозияға тез ұшырайды.
Ашық қоңыр топырақ - облыстың ұсақ шоқылы бөліктеріне таралып, Ертістен Алакөл қазаншұңқыры мен Балқаш бойы үстіртіне дейін солтүстіктен оңтүстікке қарай созылып жатыр. Ашық қоңыр топырақ қабаты жұқа, құрамында гумусы аз, ұсақ тасты болады. Бұл топырақ облыстың 13 бөлігін алып жатыр.
Қоңыр топырақ зонасы - облыстың оңтүстік бөлігіндегі кең алқапты алып, Балқаш үстірті мен Алакөл қазаншұңқырын қамтиды. Қоңыр топырақтың жекелеген ірі массивтері Зайсан қазаншұңқырында кездеседі. Топырақ қабаты жұқа, гумусы аз, көпшілік бөлігі сортаң. Барлық тау жотасының етегінде жақындаған сайын топырақ ұсақ түйіршікті болғандықтан, егіншілікке қолайлы болады.

Күзгі кезең 2017жыл
Қыркүйек айында ең төменгі түнгі ауа температурасы -5оС дейін, ал күндізгі уақытта +30 оС дейін көтерілді. Ауаның орташа температурасы қыркүйек айында +12,7 оС құрады бірақ,ол жылдар бойғы орташа температуралық мәліметтен 1,1 ге төмен болды. Желдің негізі бағыты солтүстік-шығыстан болды. Орташа ауа ылғалдылығы 58% ды құрады,жауын-шашын осы кезеңде 39,2мм жауды, ол әдеттегі орташа жылдар бойғы мәліметтен 20,2 мм көп болды.
Қыркүйек айында ауа-райы өткен жылмен салыстырғанда әлдеқайда төмен және жауын - шашынның көп болуы карантинді зиянкестердің даму фазасының дайындық үрдісін бәсеңдетті және қыстайтын кеміргіштерге және қыстаушы басқа да зиянкестерге қолайсыз болды. Қыркүйек айының соңғы күндерінде түнгі ауа температурасы теріс (-)температураға түсе бастады.
Қысқы кезең 2017-2018 жылдар
Ең төменгі ауа температурасы қаңтар айының соңында -40 оС ты құрады. Ауаның орташа температурасы желтоқсан айында -13оС,қаңтар айында -21,9оС,ақпан айында -13,6оС болды. Тұрақты қар жамылғысы желтоқсан айында құрылды. Қантар айында қатты аяздар байқалды.
Көктемгі кезең 2018 жыл
Наурыз айында ауа температурасы түнде -25 оС-тан күндіз +12оС аралығында өзгеріп тұрды. Сәуір айында түнде -12оС-тан күндіз +25оС аралығында болды. Жауын-шашын наурыз айында 80,8 мм, сәуір айында 56,3,мамыр айында 72,3мм түсті. Орташа ауа температурасы наурыз айында -4,3оС ты құрады. Орташа күндік температураның оң (+) 0С- қа тұрақты көшуі 21 наурызда,+5 оС -қа көшуі 6 сәуірде,+10 оС ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz