Компьютерлік бағдарламалар тізбегі


Мазмұны
Анықтамалар
Ақпараттық-коммуникациялық технология құралдары - микропроцессорлық және жаңа АКТ негізінде қызмет атқаратын, ақпаратты таратудың жаңа құралдары мен жүйелері, ақпаратты жинақтау мен олардың қорын жасау, сақтау мен өңдеу, оларды жан - жақты таратуды, одан қалды компьютерлік жүйелердің ақпараттар қорына енуді қамтамасыз ете алатын программалық, программалық - аппараттық және техникалық құралдар мен құрылымдарды айтамыз [34] .
Анартрия дегеніміз - толық немесе жартылай дыбысталуының бұзылысымен сөйлеу қозғалыстарының бұлшықеттерінің жетілмеуі [14] .
Артикуляциялық жаттығулар - дұрыс дыбыстауға қажетті артикуляциялық мүшелердің (еріндер, тіл, төменгі жақ) жаттықтырылуына арналған жаттығулар. Бала күрделі дыбыстарды [л], [р] дыбыстап үйрету үшін оның еріндері және тілі күшті және иілгіш болып, қажетті қалыпты ұзақ уақыт ұстап тұруы, қиындықсыз бір қозғалыстан екіншісіне бірнеше рет ауыса алуы керек. осының барлығына үйренуге артикуляциялық жаттығулар көмектеседі [27] .
Артикуляциялық база - бұл артикуляциялық аппараттың ұсақ дифференциациялық қимылдарды, айту үшін қажетті дыбыстарды - сөйлеу жүйесінің бірлігін орындауға дайын болуы [27] .
Гиперкинез- дегеніміз баланың бақылауынсыз сөйлеу тілі мүшелеріндегі және мимикалық бұлшық еттерінің еріксіз күшпен қимылдауы [16] .
Даму принципі -логопедиялық жұмыс үрдісінде тапсырмалар мен лексикалық материалды біртіндеп күрделендіру алғышарты [43] .
Дизартрия - сөйлеу тіл аппаратындағы ағзалар мен тіндердің нервпен қамтамасыз етілуінің органикалық жеткіліксіздігінен сөйлеу тілінің дыбыстарды айту жағынан бұзылуын көрсетеді [2] .
Диспраксия - бұл нейрогендік негізіндегі сөйлеудің бұзылысы [16] .
Компьютерлік технологиялар - бұл енгізілген, жаңа, жоғары тиімділікке ие әдістер мен ойындар, логопедтің зияткерлік қызметінің түпкі нәтижесі болып табылатын бағдарламалар [34] .
Перцептивті база - бұл фонетикалық бірліктерді қабылдау [20] .
Психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті - Ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балалар мен жасөспірімдері тәрбиелеу және түзеп-оқыту, жеке тұлға ретінде қалыптастыру, әлеуметтік ортаға бейімдеу. Және де көптеген міндеттерді жүзеге асырады [22] .
Сөйлеу тілі жалпы дамымауы - ол есту қабілетімен зердесі сақталған балаларда пайда болып, тіл жүйесінің барлық компоненттерінің (лексика, грамматика, фонетика, солардың салдарынан байланыстырып сөйлеуі) жеткіліксіз дамумен сипатталады. СТЖД-нда «сөйлеу тілі кеш дамып бастайды, сөз қоры өте аз, аграмматизмдер, дыбыс айту және фонема жасау бұзылыстары» байқалады [22] .
Сөйлеу тілі жалпы дамымауының III деңгейі - сөйлем құрамындағы лексикалық-грамматикалық және фонетикалық-фонематикалық элементтердің жетілмеуімен сипатталады [22] .
Белгілеулер мен қысқартулар
АКТ - Ақпараттық-коммуникациялық технология
ЕДШ - Емдік дене шынықтыру
Грам. құрылым - Грамматикалық құрылым
Логика-грам. құрылым - Логика-грамматикалық құрылым
МДБ - Минималды дизартриялық бұзылыс
ММД - Минималды ми дисфункциясының
МПК - Медициналық-педагогикалық кеңес
ОЖЖ - Орталық жүйке жүйесі
СЖД - Сөйлеудің жалпы дамымауы
СТЖД - Сөйлеу тілі жалпы дамымауы
ПДТ - Психикалық дамуы тежелген
ППТК - Психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті
Фон. процесс - Фонематикалық процесс
ФФД - Фонетико-фонематикасы дамымаған
Кіріспе
Зерттеу өзектілігі: Сөз адамның маңызды психикалық функцияларының бірі және күрделі функционалдық жүйесі болып табылады, оның негізінде қарым-қатынас барысында тілдің таңбалы жүйесін пайдалану жатыр. Тілдік қарым-қатынас әр түрлі қызмет түрлерін дамыту үшін қажетті жағдай жасайды. Баланың сөйлеуді меңгеруі оның мінез-құлқын сезінуге, жоспарлауға және реттеуге ықпал етеді.
Біз мектепке дейінгі жастағы баланың жақсы дамыған сөзі мектепте табысты оқытудың маңызды шарты болып табылатындығын жақсы білеміз. Балаға сөйлеу бұзылыстарын жеңуге көмектесу қажет, өйткені олар барлық психикалық функцияларға теріс әсер етеді, баланың іс-әрекетіне, мінез-құлқына әсер етеді.
Бүгінгі күні мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеумен және оқытумен айналысатындардың барлығының қорында кең практикалық материал бар, оны қолдану баланың тиімді сөйлеу дамуына ықпал етеді.
Бірақ сөйлеу патологиясы санының өсуіне байланысты түзету жұмысының қиындықтары кездеседі.
Кез келген практикалық материалды шартты түрде екі топқа бөлуге болады: біріншіден, баланың тілдік дамуына көмектесетін және екіншіден, дәстүрлі емес логопедиялық технологиялар жататын оқыту құралдары.
Логопедтің қызметіндегі әсер етудің жаңа компьютерлік технология әдістері сөйлеу бұзылыстары бар балалармен түзету-дамыту жұмысының перспективалы құралы болып табылады. Бұл әдістер тиімді түзету құралдарының қатарына жатады және мектеп жасына дейінгі және кіші мектеп жасындағы балалардың сөйлеу қиындықтарын жеңуде барынша мүмкін болатын табыстарға жетуге көмектеседі. Кешенді логопедиялық көмек аясында жаңа технологиялық әдістер ерекше күш-жігерді талап етпей, балалардың тілін түзету процесін оңтайландырады.
Қазіргі логопедия ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға тән әртүрлі жас кезеңдерінде және түрлі білім беру жағдайларында балаларды оқыту және дамыту процесін жетілдіру және оңтайландыру жолдарын үнемі және белсенді түрде іздестіруде.
Компьютерлік технологиялар - бұл енгізілген, жаңа, жоғары тиімділікке ие әдістер мен ойындар, логопедтің зияткерлік қызметінің түпкі нәтижесі болып табылатын бағдарламалар.
Қолданылатын педагогикалық процеске бағдарлама енгізу оның жаңа мақсаттары, мазмұны, әдістері, формалары және білім беруі логопед пен баланың зияткерлік қызметтің түпкі нәтижесі.
Компьютерлік бағдарламаның негізгі өлшемі оны қолдану есебінен білім беру процесінің тиімділігін арттыру болып табылады.
Жаңа ақпараттық технологиялар сөйлеу қабілеті бұзылған балалармен түзету-дамыту жұмысының перспективалы құралы болды. Барлық жерде компьютерлендіру оқытудың жаңа, әлі зерттелмеген нұсқаларын ашу өзекті мәселелердің бірі.
Зерттеу жаңалығы: Алғаш рет сөйлеу тілі жалпы дамымаған III деңгейдегі кіші мектеп жасындағы балаларға арналған ротацизмді (Р) және ламбдацизмді (Л) түзетудің қазақ тіліндегі кешенді бағдарламалық жүйесі ұсынылып отыр.
Жұмыстың қолданбалы маңыздылығы: «Р» және «Л» дыбыстарының артикуляциясын түзетуге, дыбыстарды қоюға, дыбыстарды буында, сөзде, сөз тіркесінде, сөйлемде және де байланыстырып сөйлеу тілінде машықтандыруға бағытталған қазақ тіліндегі жаттығулар кешені әзірленді.
Зерттеу объектісі: Дефектологтың түзету жұмысына арналған әдіс-тәсілдер мен логопедиялық жаттықтырушы құралдар.
Зерттеу пәні: Дефектологтың түзету жұмысын бағдарламалық сүйемелдеу үрдісі.
Зерттеу жұмысының мақсаты: Сөйлеу тілі жалпы дамымаған III деңгейдегі кіші мектеп жасындағы балаларға білім беру үрдісінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданудың теориялық және методологиялық негізіне сүйене отырып, қазақ тілді логопедиялық компьютерлік бағдарлама әзірлеу.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
- Білім беру қажеттіліктері ерекше балалардың әлемдік және Қазақстандағы тәжірибесіне және даму перспективаларына салыстырмалы түрде талдау жүргізу;
- Сөйлеу тілі жалпы дамымаған III деңгейдегі кіші мектеп жасындағы балаларға компьютерлік бағдарламаларды қолдану арқылы артикуляциясын және дыбысты айту мүмкіндіктерін жетілдіру әдістері мен тәсілдерін зерттеу;
- Сөйлеу тілінде мүкістігі бар балаларға білім беру үрдісінде ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың рөлін анықтау және жаңа инновациялық технологияларға негізделген дефектологтың түзету жұмысындағы тиімді әдіс-тәсілдерді ұсыну;
- Білім беру қажеттіліктері ерекше балаларды жетілдіруге арналған педагогикалық іс-шараларын айқындау;
- Сөйлеу тілі жалпы дамымаған III деңгейдегі кіші мектеп жасындағы балаларды дамыту үрдісін бағдарламалық сүйемелдеудің ақпараттық моделін құру;
- Жүргізілген зерттеулер негізінде сөйлеу тілінде мүкістігі бар балаларды оқытуға арналған компьютерлік бағдарлама дайындау.
Зерттеу жұмысының теориялық маңыздылығы:
- Сөйлеу тілі жалпы дамымаған III деңгейдегі кіші мектеп жасындағы балаларға компьютерлік бағдарламаларды қолдану арқылы артикуляциясын және дыбысты айту мүмкіндіктерін жетілдіру әдістері мен тәсілдерін зерттелді;
- Білім беру қажеттіліктері ерекше балаларды жетілдіруге арналған педагогикалық іс-шараларын айқындалды;
- Сөйлеу тілі жалпы дамымаған III деңгейдегі кіші мектеп жасындағы балаларды дамыту үрдісін бағдарламалық сүйемелдеудің ақпараттық моделі құрылды.
Зерттеу жұмысының практикалық маңыздылығы:
Компьютерлік бағдарламада дайындалған тапсырмалар мен жаттығулар балалардың артикуляциясын, моторикасын жетілдіреді, дыбыстың, сөздердің дұрыс айтылуын және дыбыстың дұрыс қойылуын бекітеді, есте сақтау қабілеттері мен логикалары дамиды, сөздік қорлары артады, сөйлеу мәдениеті жетіледі, грамматикалық құрылым дұрыс қалыптасады, логопед сабақтарына деген оқушы мотивациясы артады. Балаларда қысқа мерзім ішінде қызықты жаттығулар, анимациялар арқылы сабаққа деген толыққанды қызығушылық пайда болады. Логопедке арналған бөлімдер арқылы олардың жұмысы жеңілдейді, ата-ананың баламен өз бетімен жұмыс жасауына мүмкіндігі туады.
Қорғауға ұсынылатын қағидалар:
Білім беру қажеттіліктері ерекше балалардың білім алу қажеттілігінде компьютерлік бағдарламаларды қолдану, оларға қатарластарынан қалмай өздері өмір сүріп отырған қоғамға сай білім алуға, дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Жұмыста компьютерлік техниканы қолданатын дефектолог арнайы оқытудың екі негізгі міндеттерін шешуі қажет: балалардың компьютерді қолдана білуін қалыптастыру және психофизиологиялық бұзылыстарды түзету және дамыту үшін компьютерлік технологияларды ыңғайлы таңдау.
Дамуында ауытқушылығы бар балалармен түзету-тәрбие жұмысы мамандандырылған немесе бейімделген компьютерлік бағдарламаларды (негізінен оқыту, диагностикалық және дамытушы) пайдалануды көздейді. Оларды қолдану әсері логопедтың кәсіби құзыреттілігіне, жаңа мүмкіндіктерді пайдалана білуіне, әр баланың оқыту жүйесіне жаңа ақпараттық технологияларды қосуға, мотивация мен психологиялық жайлылық жасай отырып тәрбиеленушіге қызмет түрлері мен құралдарын таңдау еркіндігін ұсына алады. Арнайы педагогикада компьютерлік технологияларды қолданудың басым міндеті балаларды информатика мен есептеу техникасының бейімделген негіздерін оқытудан емес, олардың өмір сүру ортасын, белсенді шығармашылық қызметін дамытудың жаңа ғылыми негізделген құралдарын игеруден тұрады.
Сондықтанда мүмкіндігі шектеулі балаларға білім беруде жаңа технологияларды, компьютерлік программаларды тиімді түрде қолдану бүгінгі таңда өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Демек,
- Сөйлеу тілі жалпы дамымаған III деңгейдегі кіші мектеп жасындағы балаларға компьютерлік бағдарламаларды қолдану арқылы артикуляциясын және дыбысты айту мүмкіндіктерін жетілдіру әдістері мен тәсілдерін зерттеледі;
- «Р» және «Л» дыбыстарын айта алмайтын балаларға арналған электронды логопедиялық жаттықтырушы құрал кешені дайындалады;
- Сөйлеу тілі жалпы дамымаған III деңгейдегі кіші мектеп жасындағы балалармен (Р, Л дыбыстарын айта алмайтын балалармен) коррекциялық жұмыста компьютерлік технология құралдарын қолдана отырып эксперименталды зерттеу жүргізу ерекшеліктері көрсетіледі;
Магистрлік диссертация жұмысы кіріспеден, негізгі төрт бөлімнен, қорытындыдан тұрады. Жұмыс көлемі 74 бетті құрайды. Жұмыс 22 суреттен, 13 кестеден тұрады. Қолданылған әдебиеттер саны 45.
1 Білім беру қажеттіліктері ерекше балалардың танымдық процестерін дамытудың теориялық негіздері
- Арнайы білім беру жүйесінің әлеуметтік-мәдени тұрғыдан қалыптасуы
Барлық тарихи кезеңдерде арнайы оқыту жүйесінің дамуы мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық жағдайымен, қоғамның құндылықтары мен кемтар балаларға қатысты мемлекет саясатымен, білім беру жүйесіндегі заңдылықтармен, ғалымының даму деңгейімен, әлемдік арнайы білім беру тәжіребесіне лайық жүреді.
Арнайы білім беру жүйесінің бір кезеңнен екінші кезеңге өтуі және сапалы кұрылып, қалыптасуы әлеуметтік көрінісімен анықталады.
Антикалық дәуірден бастап бүгінгі күнге дейінгі кемтар тұлғалардың дамуың зерттеу жұмыстары дамудың бес деңгейін ажыратуға мүмкіндік берді. Бұл кезеңдерді ажыратудың негізгі көрсеткіші ретінде Н. Н Малофеев қоғамның кемтар тұлғаларға деген көзқарасы, көрсетілген көмектің дәрежелерімен бекіткен.
Антика заманынан орта ғасырларға дейін қоғам мен мемлекеттің даму барысында «дамуында ауытқулары бар тұлғаларға» деген қарым-қатынас өте төмен дәрежеде болды. Ол кезде олардың азамат есебіне алмай, статустарын құлдардың статусымен тең қойды.
Мәліметтер бойына ол кездегі өзіне тамақ тауып жеуге мүмкіншілігі жоқтұлғалар, егер өз өлімімен өлмесе, ру басылары күшпен өлтіріп отырған екен. Туа біткен ақыл-ойы кем немесе дене кемістігі бар тұлғаларды азаматтық өлім күтіп тұрды [35] .
Ежелгі Грециядағы балаларды өлтіру туралы мәліметтер ерте жастағы күрделі деңгейдегі кейіп-кеспірсіз балаларға қатысты болған және де өлтіруге негізінен дене кемістігі бар балалар ұшыраған. Спартада осындай балаларды өлтіру ІҮ-Ү ғасырларды қамтиды және олар бұл істерін экономикалық жағдайына тәуелді болған. Бұндай құбылыс Римде де өз орнын алған. Оны ежелгі Рим философы Сенеканың (б. д. д. 6 - б. д. д. 65ж. ) сөзінен байқауға болады. «Біз өмірге әлсіз және кейіп-кеспірсіз болып туылған балаларды өлтіріп, суға тұншықтырамыз, бұны біз ызалықтан немесе қолайсыздықтан емес, санамыздың жетекшілігімен істейміз, жарамсыз бен сауды ажырату үшін» деп жазған [30] .
Ал ежелгі грек елінің ұлы философы Аристотель «адам бойындағы «бұзылғандықты», «ашуланшақтықты», «топастықты» - жаман қылықтардың қалыптасуына әкелетін жетіспеушілік» - деп тұжырымдады.
Адамзат тұлғасына деген жаңа мұрат, құндылықтар мен көзқарастар адам өмірінің мәні туралы түсініктерді христиан дініне сеңушілер алып келді. Олар діни сезімталдық пен жан ашу қаситетін енгізді. Қайырымдылық көрсету әркімнің өз еркінде ғана емес, ол әрбір христианның міндеті болып жарияланды. Шіркеулерде ашылған пана үйлер кемтарларға жағымды қатынастың басталу болды. Келесі бес жүзжылдықта Батыс Еуропа мемлекеттерінде алғашқы қайырымдылық мекемелері мен ауруханалар құрылды. Ең алғаш рет соқырларға және соғысқа қатысу салдарынан көрмей қалған тұлғаларға арнайы пана ашылды.
Бұл жүйенің бастапқы қалыптасуы қала билігінің, монархтың жауапкершілігіне айналды. Осы мәселе мемлекет міндетінің нысаны бола берді.
Сөйтіп, Еуропа елдері өркениеті дамуында кемістігі бар тұлғаларды басынудан, оларды өлтіруге тыйым салынған уақытқа дейін, өте ұзақ, азапты жолдан өтті.
Ресей елінде зиялы мекемелердің ұйымдастырылуы, яғни кемтарлаға әлеуметтік көмек көрсету туралы мемлекет саясатынын зандылықтары, көбінесе, Батыс Еуропа тәжірибесінің нәтижесімен танысудан бас алған.
XII ғ. мен ХҮІІІ ғ. аралығында Батыс Еуропа мемлекеттерінде кемтар тұлғаларға арналған зиялы мекемелер мен үйлер (мемлекеттік және жекеменшік) жүйесі құрылды. Реннесанс мәдениеті (қайта өрлеу дәуірі -ХІҮ-ХҮІІ ғ. ғ. ) мен Ұлы Реформация (Ұлы шіркеу төңкерілісі- ХҮІ ғ. екінші жартысы - ХҮІІ ғ. ортасы) ақыл-ойы мен дене кемістігі бар тұлғаларға деген мемлекет пен қоғам қатынасын күрт өзгертті. Реннесанс данышпандарынан туған гуманистік және орталандыру туралы ой-пікірлері еуропалықтардың санасына еніп, адам және адам өмірінің мәні туралы түсініктердін өзгертті, мүмкіндіктері шектеулі тұлғалардың дәрежесіне деген көзқарастын өзгеруіне әсер етті. Христиан дінінің тағы бір бағытын тудырған реформация қайырымдылықтың жаңа үлгілерін дүниеге әкелді [11] .
Біраз уақыттар өте келе дамуында ауытқуы бар тұлғаларға деген немқұрайлық біртіндеп жойыла бастады. Оларға деген жанашырлық пайда болып, мұндай адамдарды тәрбиелеуге болатыны жайлы да көзқарастар қалыптасты. Мысалға, Ян Амос Коменский (1592-1670) өзінің «Ұлы дидактика» атты еңбегінде былай деп жазған: «Кімде-кім осындай ақылсыз адамдарға табиғи ақылсыздығынан құтылу үшін тәрбие беру» екендігіне күмән келтіре алады. Ары қарай: «Кім жаратылысынан өзі баяу және ашуланшақ болса, сол адам өзіне көмекті көп қажет етеді, өйткені өз бойындағы пайдасыз ақылсыздық пен жындылықтан құтылу үшін». Ян Амос Коменский бұл сөздерінен аномалді балаларға білім беру мүмкін екеніне кәміл сенгенін көреміз. Осылайша мүмкіндігі шектеулі тұлғалар қоғамға артылған жүк болмас үшін оларды оқыту, тәрбиелеу мәселелері қарастырыла бастады.
XII ғасырдан XVII ғасырларда Батыс Еуропа елдерінде кемтар балалар мен ересектерге деген көзқарас алдыңғы ғасырларға қарағанда айтарлықтай жақсарды. Бірақ бұл процесс баяу және күрделі жолмен дамыды. Қайта өрлеу ойшылдарынан (Ренессанс дәуірінің ойшылдары) туындаған гуманизм идеялары европалықтардың саналарына ене отырып, олардың адам жайлы және оның өмірі жайлы ой-пікірлердің өзгеруіне, мүмкіндігі шектеулі адамдардың статустарына деген көзқарастардың өзгеруіне әкелді.
Алғашында әр түрлі кемістігі бар балаларды жеке-дара оқыту тәжірибесі, арнайы оқу мекемелерін өзіне қарай тартқан жоқ. Саңырау және соқырлар жеке-дара оқытудың алғашқы талпыныстары, олардың іс-әрекетке жарамды екенін занды түрде дәлелдегісі келген, ауқатты семьядағы ата-аналар тарапынан қолдау тапты. Міне, осындай қолдау 1578 жылы Испанияда, 1648 жылы Англияда, 1670 жылы Францияда іске асырыла бастады [29] .
Ағарту дәуірінде дамуында кемістігі бар тұлғаларды оқытуға алғашқы қадам жасалды. Алғашында түрлі мемлекетерден жинақталған балаларды жеке дара оқыту тәжірибесі арнайы оқу мекемелерін ұйымдастыру қажеттігін тудырмады.
Бұл кезеңнің басында кереңдер мен соқырлар үшін арнайы мекемелер ашылып, соңында Батыс еуропа мемлекеттерінде жылпығы бірдей міндетті білім беру туралы, кейіннен сенсорикалық кемісіктері бар және ақыл-ойы кемтар балаларға таралған, заңды актілер қабылданды. Үшінші кезең кемтар балаларға деген көзқарас пен қатынастардың өзгеріп, олардың құқықтарына назар аударылуымен ерекшеленеді. Ең маңызыдысы кемтар тұлғалардың білім алуға құқықтары қарастырылады, кейін занды түрде бірқатар мемлекеттерде бекітіледі. Олар келесі 1-кестеде көрсетілді.
Кесте 1. Ең алғашқы мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға арналып жасалған заңдар
туралы заң
оқытудың міндеттілігі туралы заң
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz