Негізгі қорлар есебі


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
НАРХОЗ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ
0516000 - «ҚАРЖЫ» МАМАНДЫҒЫ
(САЛАЛАР БОЙЫНША)
ОҚУ ТӘЖІРИБЕСІ БОЙЫНША ЕСЕП
Орындаған : Калыкова Асель
Тексерген : Биготанова Салтанат Сабитовна
АЛМАТЫ, 2021
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
1. ҰЙЫМ ҚАРЖЫСЫ . . . …. . 5
1. 1 Ұйымның құрылтай құжаттарын оқып білу және дайындау . . . 5
1. 2 Ұйымның шаруашылық қызметін жоспарлау . . . 7
1. 3 Негізгі және айналым капиталы . . . 10
1. 4 Қызметкерлердің жұмысын ұйымдастыру . . . 13
1. 5 Ұйымның шығындарын және оның қаржылық нәтижелерін анықтау . . . 14
1. 6. Өңдірістің жалпы тиімділігін анықтау . . . 16
1. 7. Қорытынды сабақ және сынақ алу . . . 18
2. ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕП . . . 20
2. 1. Ұйымның есеп саясатын құру . . . 20
2. 2. Кассалық операциялар есебі . . . 21
2. 3. Ағымдағы шоттағы ақша қаражаты есебі . . . 22
2. 4. Есеп беретін тұлғалардың есебі . . . 24
2. 5. Жеткізушілермен және мердігерлермен есеп айырысу . . . 26
2. 6. Негізгі қорлар есебі . . . 28
2. 7. Тауарлы-материалдық қорлар есебі . . . 27
2. 8. Еңбекақысы бойынша қызметкерлермен есеп айырысу . . . 30
2. 9. Ұйымның қаржылық есеп беруі . . . 31
2. 10. Қорытынды сабақ және сынақ алу . . . 36
3. САЛЫҚ САЛУ ЖӘНЕ ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ САЛЫҚТЫҚ ЕСЕБІ . . . 38
3. 1. Корпоративтік табыс салығын есептеу . . . 38
3. 2. Қосымша құн салығын есептеу . . . 39
3. 3. Мүлік салығын есептеу . . . 40
3. 4. Жер салығын есептеу . . . 42
3. 5. Әлеуметтік салықты есептеу . . . 43
3. 6. Арнайы салық режимдері қолданылатын кіші бизнес субьектілерінің
салығын есептеу . . . 46
3. 7. Қорытынды сабақ және салық салу . . . 47
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 48
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 50
ҚОСЫМШАЛАР . . . 51
КІРІСПЕ
Мен Калыкова Асель 3 курс студенті «Қаржы» мамандығында Нархоз Университетінің Экономикалық колледжінде 30. 11. 2020 - 08. 01. 2021 аралығында оқу тәжірибесін өттім. Мен «Қазақмыс» ЖШС мысалға ала отырып, оқу тәжірибесінің есебін жасадым. Оқу тәжірибесінде үш пәнді қамтып өтемін: «Ұйым қаржысы», «Қаржылық есеп», «Салық және салық салу». Осы пәндер бойынша әр тақырыпқа байланысты жұмыстарды атқаратын боламын.
Kazakhmys plc (Казахмыс, LSE: KAZ) - Қазақстанның алдыңғы қатарлы таукен, металлургия компаниясы. Компания Штаб пәтері Лондон мен Алматыда орналасқан. Компанияның негізі Балхаш көлі ауданында мыс өндіре бастаған кезде 1930 жылы қаланады. 1992 жылы «Джезказганцветмет» атауымен акционерленеді. 2005 жылдың қазанында Лондонның қор биржасына шығады.
2008 жыл 4 наурыздағы компания акционерлері - директорлар кеңесінің төрағасы Владимир Ким (45, 76 % акция), орындаушы директор Олег Новачуг(6, 53 %) . Kazakhmys plc-тың 14, 99 % -ы «„Самрұқ-Қазына“ ұлттық әл ауқат қоры» Акционерлік Қоғамына тиесілі. Kazakhmys plc-ның директорлар кеңесінің төрағасы Владимир Ким сонымен қатар ENRC Kazakhstan Holding BV компания акциясының 25 %-ын сатып алу опционына ие. кеңесіне Қазақтан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі - Болат Назарбаев те мүшелік етеді.
2007 жылы компанияға тиесілі мыс кені - дәлелденген 700 млн тоннаны, ал шамамен алғанда - 2 млрд тоннаны құрайды.
Kazakhmys Plc-тың негізгі еншілік мекемесі - «Корпорация Казахмыс» ЖШС - Қазақстанда 19 жер асты мыс кені мен 2 металлургиялық комбинаты бар. Kazakhmys Plc сонымен қатар Қазақстандағы теміржол жүйесінің басым бөлігіне және Германияда мыс өнімін шығаратын МКМ мекемесіне иелік етеді. Kazakhmys Gold (Kazakhmys Plc-тың еншілік мекемесі) Қазақмыс ПЛС - пайдалы қазба байлықтарын өндірумен айналысатын, негізгі қызметін Қазақстанда және жақын аймақтарда атқаратын, Ұлыбританияда тіркелген халықаралық компания. Компанияның негізгі қызметі мыс өндіру және сату болып табылады. Қазақмыс - толықтай интеграцияланған компания, оның қызметі кен өндіруден тауарлық металл өндіруге дейінгі сатылардың бәрін қамтиды. Мыс өндіру бөлімшесі сондай-ақ жанама өнім ретінде көп көлемдегі мырыш, күміс және алтын сияқты басқа металдарды өндірумен айналысады.
Қазақмыс - Қазақстандағы ірі мыс өндіруші компания, ол осы саладағы аса ірі он әлемдік өндірушілер қатарына кіреді. Мыс өндіру бөлімшесінің өндірістік алаңқайлары Қазақстанның барлық аймақтарында орналасқан, оның ішінде 15 карьер мен жерасты кендері, 10 кен байыту фабрикасы және 2 мыс балқыту кешені де бар. Мыс болімшесінің иелігінде көмір шахталары мен электр станциялары бар. Олар кәсепорындардың қызметін жүзеге асыру үшін қажетті көлемдегі электр қуатын жеткізеді, ал артық көлемдегі электр қуаты сатылады.
Толықтай интеграцияланған өндіріс пен алуан түрлі өнімдердің арқасында Қазақмыс әлемдегі ең аз шығынды мыс өндірушілердің қатарына кіреді. Бұл артықшылықтар мен мол қорының бар екенін ескергенде, Топтың болашақта өсуі мен дамуының іргетасы мықты деуге болады.
Топтың Бозшакөл және Ақтоғай деген екі ірі жобасы бар. Осы жобалар өз өндірісін 2014 мен 2015 жылдарында бастайды.
Қазақмыс Екібастұз ГРЭС-1, Қазақстандағы ең ірі электр станциясының, 50 пайзының иесі. Топ сол станция мен иелігіндегі бірнеше ТЭЦ-терді меңгеру арқылы Қазақстандағы электр қуаты ұсынымының 20 пайызынан астамын меңгереді.
ТАРАУ 1. ҰЙЫМ ҚАРЖЫСЫ
1. 1 Ұйымның құрылтай құжаттарын оқып білу және дайындау. Заңды
тұлғаларды мемлекеттік тіркеу тәртібі.
Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу соңғы уақытта өзекті мәселелердің бірі болып табылады және өзінің жеке бизнесін құру кезінде жеке және заңды тұлғаларда көптеген сұрақтар туындайды.
Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» ҚР-ның 1995 жылғы 17 сәуiрдегі Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес, мемлекеттік тіркеуге ұсынылған құжаттардың ҚР-ның заңнамасына сәйкестiгiн тексеруді, бизнес сәйкестендіру нөмiрi беріле отырып, оларға мемлекеттiк тiркеу туралы анықтама беруді, заңды тұлғалар туралы мәлiметтердi Бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiне енгiзудi қамтиды.
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 233 (ҚР Әділет министрлігінде 2015 жылдың 18 маусымында №11384 тіркелді) заңды тұлғалардың реттеу мәселелері бойынша мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес, заңды тұлғалардың мемлекеттік тіркелуі Халыққа қызмет көрсету орталығы (ХҚКО) арқылы өтініш тапсырады. Содан кейін ХҚКО-ның қызметшілері ҚР Заңында қарастырылған тәртіпте Әділет басқармаларына, яғни тіркеуші органдарға ұсынылады.
Шағын, орта және ірі кәсiпкерлiк субъектiсіне жататын заңды тұлғаны мемлекеттiк тіркеу кезiнде өтiнiшке құрылтайшы немесе құрылтайшылардың бірі болып қол қояды.
Егер де заңды тұлғаны тіркеу туралы өтініште шетел қатысуы орын алса, онда (ҚР бекiткен халықаралық шарттарда өзгеше белгiленбесе) өтініштен басқа қосымша келесідей құжаттар тапсырылады:
- шет мемлекеттің заңдары бойынша заңды тұлға болып табылатындығын куәландыратын сауда тізілімінен заңды көшірмесі немесе басқа заңды құжаты, нотариалдық куәландырылған мемлекеттік және орыс тілдеріндегі аудармасымен бірге;
- құрылтайшының - шетелдік жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын паспорттың көшірмесі немесе басқа да құжаты мемлекеттік және орыс тілдеріне нотариалдық куәландырылған аудармасымен қоса табыс етілуге тиіс.
Мемлекеттік тіркеуге құжаттарды тапсырған кезде заңды тұлғаны мемлекеттік тіркегені үшін (шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды қоспағанда) бюджетке тіркеу алымы төленгенін растайтын түбіртек немесе өзге де құжат тіркеуші органға бір мезгілде ұсынылады.
Сондай-ақ, кәсіпкерлік субъектілерін тіркеу баламалы түрде субъектілердің ықыласына сәйкес «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы берілуі мүмкін. Ол үшін заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы өтініш «электрондық үкіметтің» веб-порталында толтырылады және ұсынылады, электрондық цифрлық қолтаңба қойылады. Ал, тіркеу алымын төлеу «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы жүзеге асырылады.
«Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» ҚР-ның Заңына сәйкес, заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуін (қайта тіркелуін), филиалдар мен өкілдіктердің есептік тіркелуін (қайта тіркелуін) растайтын құжат ретінде ҚР-ның Үкіметімен бекітілген нысан бойынша тіркеуші органмен ұсынылатын анықтама болып табылады.
Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу) қызметін алу:
- порталда авторлану немесе тіркелу
- қажетті мәліметтерді көрсете отырып, қажетті ашық жолдарды толтыру
- «электрондық үкімет» төлем шлюзі арқылы тіркеу алымын жасау
- сұранымға эцқ-мен қол қою. құрылтайшылары болған кезде өтінішке қосымша құрылтайшылардың эцқ-мен қол қою қажет болады.
Қызметті ҚР азаматтары және Заңды тұлғалар (ҚР резиденттері) ала алады. Құрылтайшы ҚР азаматы болмаған кезде құрылтайшы Салық органында шетелдік ретінде ЖСН алуы тиіс. ЖСН атғайындалғаннан кейін ЭЦҚ алу және «Электрондық үкімет» порталында сұранымға қол қою қажет. ЖСН алу мәселелері бойынша шетелдік пайдаланушы салық органына өтініш беруі тиіс.
Тіркелген ЗТ, филиал немесе өкілдік туралы анықтамада БСН, СТН (бар болған кезде) және қызмет түрі көрсетіледі. Тіркеу жүргізілген кезде ұйымның атауында ұйымдастыру құқықтық нысаны (ЖСШ) көрсетілмейді әрі тырнақшаға алынбайды.
Жалға алынға жылжымайтын мүліктің мекенжайында 7 шағын ауданды қалай көрсету қажет деген сұрақ туындайды. Қазіргі уақытта жалға алынған жылжымайтын мүліктің мекенжайын таңдау кезінде шағынаудандарды көрсету мүмкіндігі бар. Пайдаланушы «Көше» ашық жиегінде Шағынауданды таңдау, бұдан кейін көшенің атауын таңдау және тізімнен цифрды көрсету қажет.
«Қара база бойынша тексеру» хабарламасы келді. Бұл хабарлама құрылтайшылар мен басшылардың әрекет етпейтін ұйымдарының болуына тексеріс жүргізіліп жатқанын білдіреді.
ЗТ тіркеу кезінде пайдаланушы мемлекеттік бажды жеңілдетілген декларация бойынша төлегісі келсе (КНП 930-931) «Қазақстан
Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан
Республикасының мемлекеттік жіктеушісін - төлем белгілеудің бірыңғай жіктеушісін қолдану және төлемдер бойынша төлем белгілеудің бірыңғай жіктеушісі бөлігінде мәліметтер беру ережесін бекіту туралы" 1999 жылғы 15 қарашадағы № 388 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 тамыздағы № 267 Қаулысына сәйкес жеңілдетілген декларацияның күші жойылды. Барлық пайдаланушылар ЗТ тіркеу үшін мемлекеттік бажды 910 -911 СТК бойынша төлейді.
Өтініш беруші заңды тұлға болып табылады. ЗТ тіркеу кезінде төлем парағына өтпейтін жағдай болуы ммүмкін. Егер өтініш беруші заңды тұлға болып табылса, ол мемлекеттік бажды төлей алмайды. Бұл жағдайда өтініш беруші Салық органын және СТК таңдау кезінде төлемді өткізіп жібереді, ал төлем құрылтайшылардың біреуіне (жеке тұлғаға) жолданады.
ЗТ тіркеу кезінде "101" қателігі ол пайдаланушы ЗТ тіркеуге өтінішті бергенін, ал сұраным әлі өңделмегенін білдіреді.
Акционерлік қоғамның үлгілік жарғысы осындай тараулардан тұрады:
- жалпы ереже
- қоғамның атқарушы органының атау мен оның тұрғылықты жері
- қоғам акционерлерінің құқықтары мен міндеттері
- қоғамның органдары, оларды құру тәртібі
- акционерлердің жалпы жиналысының құзыреті
- директорлар кеңесінің құзыреті
- атқарушы органның құзыреті
- қоғам органдарының қызметін ұйымдастыру тәртібі
9. қоғамның акционерлерінің және лауазымды тұлғаларының олардың аффилиирленген тұлғалары туралы ақпаратты ұсыну тәртібі
10. қоғамның ақпарат беру тәртібі
11. қоғамның мүлкі
12. акциялар, облигациялар, бағалы қағаздарды орналастыру
13. таза табысты бөлу. акциялар бойынша дивиденд
14. қоғамды қайта құру және тарату
15. қорытынды ережелер
1. 2 Ұйымның шаруашылық қызметін жоспарлау
«Қазақмыс» ЖШС - қауіпсіздіктің ең жоғары стандарттарына сәйкес, жоғары білікті қызметкерлері бар және ұзақ мерзімді дамуды қамтамасыз ететін тиімді ресурстық базаға ие мемлекеттің мажоритарлы қатысуы бар аса тиімді компания.
«Қазақмыс» ЖШС басты құндылықтары:
- Адам өмірі - біздің шартсыз құндылығы. Өздері және әріптестері үшін қауіпсіздік мәдениетін енгізу арқылы қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығының сақталуын қамтамасыз ету. Жұмысқа келген қызметкерлер үйіне аман-есен оралуы тиіс.
- Істі аяғына дейін жеткізеді. Компания көзделген нәтижелер мен алға қойған мақсаттарға жетуге ұмтылуда. Компания нәтижеге жетуге ынталы қызметкерлерді бағалай біледі.
- Туған жер мен Компанияға ұқыпты қарау. Компания қоршаған орта мен Компания мүлігіне ұқыпты қарайтын қызметкерлерді бағалай біледі.
- Кәсіпқойлық. Компания қызметкерлерінің кәсіпқой деңгейін арттыру үшін жағдайлар жасайды. Компания жаңа білім алуға ұмтылатын қызметкерлерді бағалай біледі және мансаптық жетілудің тең жағдайларын жасайды. - Этика және жеке тұлғаны құрметтеу. Компания өзара құрмет пен сенімге негізделген қатынастар мәдениетін қалыптастыруға ұмтылады.
«Қазақмыс» ЖШС миссиясы компания мысты әлеуметтік және бизнес-мүдделерді теңестіру жолымен қызметкерлер үшін тұрақтылық пен акционерлер үшін тиімділікті қамтамасыз ету үшін өндіреді.
Компанияның шешімдер қабылдау барысындағы негізгі стратегиялық басым мақсаттары болып келесілер табылады :
- Кірістілік. Компания болмысының ажырамас бөлігі ретіндегі кірістілік.
- Әлеуметтік тұрақтылық. Персоналды ағымды және жаңа жобаларға тиімді бөлу арқылы Компания қызметкерлерінің жұмыс бастылығын қамтамасыз ету.
- Экология. Жер қойнауын тиімді пайдалану және қоршаған ортаға кері әсерді азайту. Өндірістің өсуі жағдайында Компания экологияға кері әсерді азайтатын жаңа технологияларды енгізеді.
- Энерготиімділік. Ағымды және жаңа жобалар бойынша технологияларды таңдау барысында Компания басымдылықты энерготиімді технологияларды пайдалануға береді.
- Өндірісті автоматтандыру. Еңбек өнімділігін және өндірістегі қауіпсіздік деңгейін арттыру.
2019
(факт)
2020
(факт)
2022
(жоспар)
2027
(жоспар)
2032
(жоспар)
млн
тонна
млн
тонна
млн
долл.
млн
доллар
Кесте 1. 1. «Қазақмыс» ЖШС стратегиялық индикаторлары
«Қазақмыс» ЖШС даму концепциясын жүзеге асыру Компанияға өңірдің экономикалық дамуына және мыңдаған адамнан (5 000 астам қызметкерден) тұратын ұжымның болашағына деген сеніміне елеулі үлес қосу мүмкіндігін береді.
Кесте 1. 2. «Қазақмыс» ЖШС негізгі тәуекелдер анықтау шаралары
Өзіндік құнды төмендету
бойынша бизнес бастамаларды іздестіру
Тәуекелдерді басқару саласында Компания стратегиясы бизнестің стратегиялық және оперативті тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған, ол дер кезінде сәйкестендіру, тәуекелдерді бағалау және Компанияның тәуекел мәнін ескере отырып, оны проактивті басқару, түрлі деңгейдегі қызметкерлердің коммуникацияларын және координацияларын қамтамасыз ету арқылы жетеді.
1. 3 Негізгі және айналым капиталы.
2020 жылы Компанияның капиталдық салымдарының көлемі 44, 2 млрд теңгені құрап, 2019 жылмен салыстырғанда 16 % өсті. Салымдардың 31 % ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асырумен байланысты құрылыс жұмыстары құрайды. 28 % негізгі құралдары сатып алуға жұмсалды. Капиталдық салымдардың 20 % сәл астамы (9, 3 млрд теңге) пайдаланушылық бұрғылау үлесіне тиіп, іздестіру-барлау бұрғылауға шығарылған шығындар шамамен 8, 2 млрд теңгені немесе CAPEX 18 % құрады.
Кесте 1. 3. «Қазақмыс» ЖШС капиталдық салымдары
2020 жылы шарттарды орындау аясында 11, 796 млрд теңге сомасындағы тауарлық-материалдық құндылықтар (ТМҚ) келіп түсті. Ертеректе жеткізілген тауарлардан 1, 9 млрд теңге сомасындағы ТМҚ қолданылды. ТМҚ айналымы 180 күн жоспарында 152 күнді құрады. Әлеуметтік тұрғыдан жауапты жер пайдаланушысы ретінде Компания жергілікті құрамды дамытуға үлесін қосуда. 2020 жылы 89, 9 млрд теңге сатып алулар көлемінде тауарлардың ішіндегі жергілікті құрам 42 %, жұмыстарда 94%, қызметтерде 94 % құрады.
Жалпы алғанда, компанияның негізгі элементтері ретінде мыс және материалдар саналады.
Кесте 1. 4. «Қазақмыс» ЖШС тауарлы материалдық қорлары
2020 жылғы 3 желтоқсанда Компанияның 118, 817 тонна ішкі Мысы қоймаларда және транзитте болды (2019 жылы:112, 441 тонна) .
Кесте 1. 5. «Қазақмыс» ЖШС материалдық емес активтер туралы есебі
2019 жылдың 1 қаңтарындағы қалдықты
құны
2020 жылғы және 2019 жылғы 31 желтоқсандағы үлес салмағын есептейтін болсақ. онда Мыс активтері: - 2019 жылғы 1 қаңтарда 69, 2% құрады;
- 2019 жылдың 31 желоқсанында 66, 2% құрады; - 2020 жылдың 31 желтоқсанында 66, 2% құрады;
Өзге активтер:
- 2019 жылғы 1 қаңтарда 7, 1% құрады;
- 2019 жылдың 31 желоқсанында 7, 5% құрады; - 2020 жылдың 31 желтоқсанында 7, 7% құрады;
Аяқталмаған күрделі өндіріс:
- 2019 жылғы 1 қаңтарда 23, 6% құрады;
- 2019 жылдың 31 желоқсанында 26, 1% құрады;
- 2020 жылдың 31 желтоқсанында 26% құрады.
1. 4 Қызметкерлердің жұмысын ұйымдастыру және еңбекақы
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz