Авторлық құқық туралы заңнама



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   
Курстық жоба

Пәні: Азаматтық құқық

Тақырыбы: Авторлық құқық

МАЗМҰНЫ:

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
I - тарау. Авторлық құқық түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.1. Авторлық құқықтың ұғымы және қағидалары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ...
1.2. Авторлық құқықтың даму тенденциялары мен халықаралық қайнар көздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
II - тарау. Авторлық құқықтың объектілері және субъектілері ... ... ..
2.1. Авторлық құқықтың объектілері және объектілері болып табылмайтын туындылар ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.2. Авторлық құқықтың субъектілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Кіріспе

Біздің елімізде шығармашылық жұмыстармен айналысуға толықтай кепілдік берілген. Ол Қазақстан Республикасының Негізгі Заңы Конституциясының 20 - бабында: Сөз бен шығармашылық еркіндігіне кепілдік беріледі. Цензураға тыйым салынады деп айқын тұжырымдалған [1; 20 - бап]. Сондай - ақ, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде мүліктік қатынастар теңдігі тайға таңба басқандай айқын көрініс тапқан. Мұнымен қоса азаматтық заңнамалардың негізгі принциптері, олармен реттелетін қатынастардың теңдігі, кез келген меншік түріне қол сұқпау, келісімдердің еркіндігі, азаматтардың жеке ісіне араласуға жол бермеу, азаматтық құқықтардың кедергісіз жүзеге асыруын, бұзылған құқықтарды қалпына келтіруді қамтамасыз ету немесе сот арқылы қорғау зор маңызға ие. Сайып келгенде, осы қағидалардың барлығы да келісім жасаудың еркіндігіне, азаматтардың және заңды тұлғалардың өз мүдделеріне қатысты шараларды анықтауына негізделеді. Азаматтық құқықтың ең жетекші бөлімдерінің бірі бола тұра, тек әлеуметтік - экономикалықсалада ғана емес, сондай - аққұқықтық қатынастардың бірқатарында авторлық құқықтың кеңінен көрініс беруі - оның аса күрделілігімен қатар, ауқымының кеңдігін де айғақтаса керек.
Ғылым, әдебиет және өнер туындыларын шығару және пайдалану саласында соңғы үш жыл ішінде біздің қоғамымыздың құқықтық өмірінде елеулі өзгерістер болды. 1996 жылы 10 маусымда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Заңның қабылдануымен, авторлық құқықтарды қорғаудың өзіндік әлемдік эталоны болып табылатын, әдеби және көркем туындыларын қорғау туралы Берн Конвенциясының талаптарына толықтай сәйкес келетін, авторларының құқықтарын қорғаудың өте жоғарғы сапасын көздейтін нормалардың жүйесі ретінде авторлық құқықтың қазақстандық жүйесінің қалыптасуы аяқталды. Себебі, жоғарғы құндылық болып табылған адам, оның құқықтары мен бостандықтарына қатысты мемлекет саясатының өзгеруіне байланысты, мықты заңды қабылдау туралы сұрақ бұрыннан қойылған болатын.
Берн Конвенциясының қағидаларының бірі болып қорғаудың ең төменгі көлемі приципі болып табылады. Ол, Конвенцияның өзі оған қатысушы елдерде міндетті қолдануға жататын авторлық - құқықтық қорғаудың кейбір нормаларын бекітуді білдіреді. Көптеген уақыт бойы КСРО, одан кейін Қазақстанда Берн Конвенциясына қосыла алмады, себебі, ұлттық заңнама авторлық құқықты қорғаудың мұндай деңгейін қамтамасыз ете алмады. Тек қазір ғана қазақстандық заңнамамен ұсынылатын қорғау деңгейі Берн Конвенциясының деңгейіне қол жеткізгенде ғана, Берн Конвенциясына қосылуға нақты мүмкіндік пайда болды. Яғни, Қазақстан 1998 жылдың 10 қарашасында оның толық құқылы қатысушысы бола отырып жүзеге асырылды.Осындай құқықтық шешімдердің маңыздылығын тани отырып тәжірибе үшін анағұрлым маңызды болып келетін мынадай сұрақты анықтау қажет, яғни Конвенция заңының нормалары қолданыла ма? Олар қандай жағдайлар мен фактілерге қолданылады, қандай туындыларды шығаруда және пайдалануда олар күшіне ие болады, заң немесе халықаралық шарт өз күшіне енген уақыттан кейін шығарылған туындылар ғана қорғау объектісі болып табыла ма? Құқықтық жалпы теориясы заңның өз күшіне енгенге дейін орын алған жағдайларға немесе фактілерге таралуы ретінде, заңның кері күшін анықтай отырып жалпы ереже бойынша заң кері күшіне ие бола алмайды деген принцип жүзеге асырылатынын көрсетеді.
Жалпы қағиданы құрастырып құқық теориясы, оны нақтыландыруды құқықтың жеке салаларына қалдырылды.
Бұл оларды реттеу әдісі мен және пәнінің ерекшеліктеріне байланысты. Яғни оларға құқықтың жаңа нормаларының қолданысы таралатын жағдайлар мен фактілерді дербес анықтауға мүмкіндік береді.
Батыс елдерінде авторлық құқық немесе ИМ (интеллектуалдық меншік) кеңістігі мемлекет тарапынан өте көп көңіл бөлінетін аймақ болып табылады. Бұл өнеркәсіптік өнімдерді өндіруде дамыған елдерге әлемдік көшбасшы болуға мүмкіндік береді.
ИМ (интеллектуалдық меншік) ұлттық байлықты жинақтаушы және экономикалық дамудың маңызды құралы ретінде көп мағынаға ие болып келеді. Мысалы, интеллектуалдық меншіктің бүкіләлемдік ұйымының зерттеуі бойынша Америка Құрама Штатында авторлық құқыққа негізделген ұлттық интеллектуалдық индустрияның үлесі 12%-ғажетеді. Ақшалай баламаға аударғанда 500млрд. долларды құрайды, бұл американдық киімдерді, көлік құралдарын, компьютерлерді және ұшақтарды экспорттаудың жалпы көлемінен де асады.
Өз елімізге келсек, Интеллектуалдық меншік біртіндеп бағалы және толықтырылатын қор ретінде өзінің шынайы мағынасына ие болып келеді, болашақта бұл біздің республикамыздың азаматтарының әл - ауқатдеңгейін анықтайтын болады. Осыған байланысты елбасымыз Н.Ә.Назарбаев интеллектуалдық меншік құқықтары мен қорғаулы саудалық маркалы тауарларды өндіруге қолайлы жағдайлар жасау еліміздің экономикалық дамуын қысқартуға басымдылықтың бірі болып табылады деп әлденеше рет жариялаған.
Қазіргі уақытта Қазақстан ИМБҰ - ның(Интеллектуалдық Меншіктің Бүкіләлемдік Ұйымы) қамқорлығымен жүзеге асырылатын (соның ішінде өнеркәсіптік меншікті қорғау жөніндегі Париждік конвенция, Патенттік кооперациялар туралы шарттар, тауарлық белгілерді халықаралық тіркеу жөніндегі Мадрид келісімі, Еуразиялық патент конвенциясы және т.б.) толық құқықты мүшесі болып табылады, әйтсе де республикада авторлық құқықты қорғау әлі де халықаралық деңгейге сәйкес келмейді.
ЕО (Еуропалық Одақ) саудасының бас директораты өз өкілдерімен, жеке компаниялармен және Қазақстанда жұмыс істейтін авторлық құқық қорғау жөніндегі қоғамдастықтармен сұхбат жүргізіп біздің елімізде интеллектуалдық меншікке құқыбұзушылық тең таралған тәжірибе деген қорытындыға келді. Елімізде шетел құқық иеленушілеріне ең ауыр тиеді,себебі оларға өздерінің құқықтарын дәлелдеу күрделірек, әсіресе егер олардың авторлық құқытары шетелде тіркелген жағдайда. Қазақстанда өкіметтергесыбайлас жемқорлыққа және пираттыққа қарсы күресу қорлардың және қажетті тәжірибенің жетіспеуінен қиындыққа соқтырады.
Халықаралық тәжірибенің көрсетуінше әр мемлекеттің міндеті бұл - авторлардың құқықтарын бұзуға қарсы тиімді құқық қолдану жүйесін енгізу болып табылады. Бұл құқық иеленушілерге өз құқықтарын кесіп өтуге және шығындардың орнын толтыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, әкімшілік және сот органдары иелердің ерекше құқықтарының заңды талаптарының кез - келген уақытта қостау керек.
Қазақстанда Интеллектуалдық меншік құқығын қорғау келесі заңды актілермен: Азаматтық кодекспен, "Авторлық және сабақтас құқықтар туралы" заңмен, "Тауарлық белгілер, қызмет көрсету белгілері және тауарларды шығару орнының аты", "Селекциондық табыстарды қорғау туралы", "Интегралдық микросұлбалардың топологиясын құқықтық қорғау туралы", сонымен қатар Қазақстан Республикасының Патенттік заңымен реттеледі.
Интеллектуалдық меншік құқығын қорғауды қамтамасыз етуде сонымен қатар Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі және әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы Кодексті қабылдау маңызды кезең болып табылады. Олар Интеллектуалдық меншік құқықтарымен байланысты қылмыстар және құқықбұзушылықтар үшін жауапкершілікті қарастырады.
Сонымен қатар, республикамызда "ҚР - ның ұлттық инновациялық жүйені дамыту және құрастыру жөніндегі 2005 - 2015 ж.ж. программа" қабылданды.
Әлемдік сарапшылардың көпшілігі авторлық құқықты сақтау бөлімінде қатаң ғаламтор - кеңістік мемлекеттік реттеу енгізілмеген елдерде сандық форматтағы музыкалық контрафактының бөлігі (мобильдік байланыс және ғаламтор)" 90 - 95%-ғажетеді деп пайымдайды. Егер мобильді контент бүгінгі күнде негізінде ресми таратылса, көбінесе ғаламдық желілерде ақтарылған музыкалық өнімдер заңсыз түрде тасымалданады.
Еліміздің де жағдайы осындай, әлемдік мұхитқа тура шыға алмайтын елде әрине пираттар көп болады. Ғаламтор желісін пайдаланатын әр отандық қолданушы еш қиындықсыз тек қазақстандық желі сигментінде кедергісіз ресми емес аудио көз мөлшерілік континентімен өлшеп табуға болады.

I - тарау. Авторлық құқық түсінігі
1.1. Авторлық құқықтың ұғымы және қағидалары

Авторлық құқық - азаматтық құқық институттарының бірі болып табылады. Онымен реттелетін мүліктік және жеке мүліктік емес қатынастар әдебиет, ғылым және өнер туындыларын шығарумен және пайдаланумен байланысты. Дербес жеке институт ретінде авторлық құқық нақты міндеттерді атқарады. Бұл міндеттерге автордың мүліктік, жеке мүліктік емес құқықтары мен заңды мүдделерін жан - жақтықорғау, ғылыми және көркем туындыларын шығару үшін анағұрлым қолайлы жағдайларды құқықтық әдіс - тәсілдерарқылы қамтамасыз ету, оларды қоғамның кеңінен пайдалану жатады. Объективтік мағынада авторлық құқық, ғылым, әдебиет және өнер туындыларын бұл шығару және пайдалану бойынша қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы. Субъективтік мағынадағы авторлық құқық - бұләдебиет, ғылым және өнер туындыларын шығарған тұлғаларға тиесілі жеке мүліктік емес және мүліктік құқықтар.
Авторлық құқықтың қағидалары. Біздің авторлық құқыққа нақты бір жалпы қағидалар тән. Шығармашылық еркіндігі қағидасы, авторға шығаратын туындының, өзіне қызықты тақырыбын, нысанын, оны шығару әдісін таңдап алуға, өзінің туындысын барлық заңмен рұқсат етілген әдіс - тәсілдербойынша пайдалануға мүмкіндік береді. Конституциялық заңнама ғылыми техникалық және көркем шығармашылық еркіндігін, ғылыми, зерттеу, ойлап құрастыру және рационизаторлық қызметтің анағұрлым кең ауқымда қолдану, әдебиет пен өнерді дамыту жолы арқылы кепілдік береді.
Автордың жеке мүддесін барлық қоғамның мүддесімен сәйкес келу қағидасы, автордың туындыларын жеке мұқтаждықты қанағаттандыру мақсатында пайдалануға жол береді. Яғни, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде көзделіп отырғандай, автордың келісімінсіз және оған авторлық сыйақыны төлемей шығарылған туындыны жаңа, шығармашылық жеке туындынышығару үшін пайдалануға болады.
Туындыны шығаруға және пайдалануға автордың моральдық және материалдық қызығушылығы қағидасы тәжірибеде моральдық көтермелеудің әртүрлі нысандары бар: құрметті атақ беру (еңбек сіңірген артист және т.б.), халықтың марапаттауына ие болған туындыны қайта шығару. Моральдық және материалдық көтермелеу болып ғылыми, әдебиет және өнер туындыларының авторларына әртүрлі мемлекеттік және атаулық сыйақы беру табылады. Әртүрлі туындылар үшін ауысымды ставка түріндегі авторлық сыйқыны белгілеу де материалдық ынталандырудың әдісі болып табылады.
Автордың құқықтары мен заңды мүдделерін жан - жақтықорғау қағидасы тек авторлық құқық қатынастарының қатысушыларының құқықтары мен міндеттерін белгілейтін субъективтік құқықтарды жүзеге асыру кепілін бекітетін және мемлекеттік органдардың құзіретін анықтайтын құқық нормаларында ғана көрініс таппаған, сонымен қатар, ол бұзылған авторлық құқықтардың қорғауын қамтамасыз ететін құқық нормаларында да орын алған.
Қазақстан егемендік алғаннан бастап, дүниежүзілік қауымдастықтың толыққанды мүшесі болды, сол арқылы халықаралық қатынастарда өзіне сәйкес құқықтар мен міндеттерді қабылдап отыр. Солардың бірі зияткерлік меншікті қорғау. Қазақстан Дүниежүзілік зияткерлік меншік Ұйымының мүшесі, сондықтан да зияткерлік еңбек әрбір азаматтың жеке мүліктік және мүліктік құқығы, немесе оның жеке меншігі.
Жалпы автор ол шығармашылық еңбегімен туынды жасаған жеке тұлға болса, авторлық құқық - автордың мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтары болып табылады. Авторлық құқық мақсатына, мазмұны мен маңызына, сондай - ақ берілу әдісі мен нысанына қарамастан шығармашылық еңбектің нәтижесі болып табылатын ғылым, әдебиет туындыларына қолданылады. Авторлық құқық жазбаша, ауызша, үнжазба немесе бейнежазба, бейнелеу, көлемді - кеңістікті сипатта жарияланған туындыларға да, жарияланбаған туындыларға да қолданылады. Авторлық құқық идеялардың, тұжырымдамалардың, принциптердің, әдістердің, жүйелердің, процестердің, жаңалықтардың, фактілердің өздеріне қолданылмайды. Жалпы авторлық құқық ғылым, әдебиет және өнер туындысына, оның жасалу дерегіне қарай туындайды.
Авторлық құқық туралы заңнама.
Ғылыми және көркем туындылар аясындағы қарым - қатынастар жиынтығы авторлық құқық туралы заңнаманы құрайтын әртүрлі нормативтік актілермен реттеледі. Ол нақты бір бірлікпен сипатталады. Бұл бірлік барлық заң актілерінің міндеттері мен жалпы бағыттылығында, сондай - ақ онымен реттелетін қарым - қатынастар аясында және авторлық құқықты қорғау әдіс - тәсілдерінде көрініс табады. Авторлық құқық туралы заңнама - азаматтықзаңнаманың құрамдас бөлігі. Азаматтық заңнаманың негізі мен азаматтық кодексте авторлық құқық өзі дербес жеке тарау болып қарастырылса да, онымен реттелетін қарым - қатынастарғабұл заңдардың басқа нормалары да қолданылады және жалпы нормалары ғана емес (мысалы, авторлық құқыққа ие бола алатын азаматтардың құқық қабілеттілігі туралы), сонымен қатар бірқатар арнайы нормалар (мысалы, автордың кейбір құқылығын мұра бойынша ауысу кезіндегі мұрагерлік туралы, авторлық шарттарды жасасу және орындау кезіндегі шарттар туралы, авторлардың мүліктік құқықтарын қорғау кезіндегі шығындардың орнын толтыру және т.б.).
Авторлық құқықтың нормалары республикалық маңызы бар әртүрлі заңды және нормативті актілерде көрініс табады. Азаматтық заңнаманың негізі барлық республикаларда біркелкі шешімді талап ететін сұрақтар бойынша қағидалық ережелерді бекітеді. Авторлық құқық негіздері бөлімі авторлық құқықтың объектілері ретінде туындылардың қорғау қабілеттілігінің критерийлеріне ғылыми және көркем шығармашылығы субъектілерінің құқықтарын, ғылыми және көркем шығармашылықтың нәтижесін пайдаланудың құқықтық сұрақтарын, авторлық құқықтың әрекет ету мерзімін жатқызады. Мұндай бірлік авторлық құқықты қорғау бойынша халықаралық конвенцияларға қатысу қажеттілігімен анықталған. Авторлық істер бойынша дауларды шешу кезінде 1986 жылы 18 сәуірде қабылданған КСРО Жоғарғы Сот Пленумының Авторлық құқық қатынастардан туындайтын дауларды шешу кезінде соттардың заңнаманы қолдану басшылық етуші қаулысы қолданылады.
Бұрынғы КСРО - ң басқа да субъектілері секілді Қазақстан Республикасы да авторлық құқықтарды қорғаудың халықаралық жүйесіне қатысады. Бұл КСРО - ң1973 жылы Авторлық құқық туралы жалпы әлемдік (Женева) конвенциясына қосылумен байланысты болды. Жалпы әлемдік конвенция ұлттық режим қағидасынан бастау алады. Осы қағиданың арқасында әрбір қатысушы елде шетел авторларының туындылары, өз азаматтарының туындылары секілді бірдей қорғалады, яғни авторлық құқық туралы ұлттық заңнаманың ережелері қолданылады. Конвенция қорғалатын туындылардың болжамды тізімін береді. Бірқатар елдің заңнамасы осы жолмен келеді.
Әлемдік конвенцияда қорғалуға құқығы бар тұлғалар туралы мәселе тиянақты түрде шешілген. Оның ережелеріне сәйкес, Конвенцияға қатысушы мемлекеттердің авторлық құқығы, олардың туындыларының алғаш рет жарық көрген орнына қарамастан қорғалады.
Конвенцияға қатысушы мемлекеттің аумағында туындылары алғаш рет жарық көрген, Конвенцияға қатыспайтын мемлекеттің азаматтарының авторлық құқығы да қорғалады. Жалпы әлемдік конвенция азаматтығы жоқ тұлғалардың авторлық құқықтарына қолданылады, себебі әрбір қатысушы мемлекет ішкі заңнамамен өзінің азаматтарының секілді, осы мемлекеттің аумағында тұрақты тұрып жатқан барлық тұлғалар да авторлық құқығын қорғау құқығына иеленеді. Сонымен қатар Жалпы әлемдік конвенция авторлық құқықтарды қорғауды ұсынудың шарттарына назар аударады: бірінші басылымнан бастап туындының барлық даналарына авторлық құқық иеленушінің атын, жарыққа алғаш рет шығу жылын арнайы белгілеу; арнайы процессуалдық талаптар, қорғау мерзімінің ұзақтығы және т.б
Сондай - ақмынаны атап өту қажет: әдеби және шығармашылық туындыларды қорғау туралы Халықаралық конвенцияның (Берн Конвенциясы) және орындаушы әдістердің, фонограмма дайындаушылардың және хабар таратушы ұйымдарының мүдделерін қорғау туралы конвенцияның анағұрлым көптеген қатаң ережелерін ескере отырып, (Рим конвенциясы) 1991 жылғы азаматтық заңнама негіздерінің нормалары, авторлық құқықтарды қорғауды кеңейту жолы бойынша одан әрі дамыды.
Авторлық құқық өзіндік ерекшелігі бар сала ретінде шығармашылық, интеллектуалдық еңбекпен айналысатын адамдардың мүддесін қозғайды. Авторлық құқық материалдық зат ретінде әдеби жазба мен бейнені қорғамайды, керісінше ол оның ішіндегі рухани өнімді, яғни шығарманы қорғайды.
Барлық интеллектуалдық әрекеттің негізінде авторлық жатыр. Ол туындыны шығару кезінде шығармашылық еңбекті көрсетеді.
Шығармашылық барлық ғылым саласында, әдебиетте және өнерде қоғамның ілгері жылжу күші болып табылады. Ғылымның, әдебиеттің және өнердің дамуы халықаралық өзіндік түсінушілікке жақсы ықпал етеді. Сондықтан авторлық құқық саласы мемлекеттер арасында жаңа қатынастардың пайда болуына негіз болады.
Авторлық құқық әдебиет, өнер, ғылыми туындылардың авторлары мен қоғам арасындағы қатынастарды реттейді. В.А.Дозорцев айтқандай: Шығарма жасауға байланысты әрекеттер идеологияны қалыптастыруға, адамды тәрбиелеуге бағытталған.
Рыноктың экономикаға өтуі авторлық құқыққа да өз әсерін тигізді. Егер марксистік теория барлық ғылым негізінде соның ішінде азаматтық құқық негізінде болып құқықтың проприетарлы құрылымын шығармашылық нәтижеге бөлуге болмайтын болса, рыноктық экономикадағы заңдар интеллектуалдық меншікті қорғайды.
Авторлық құқық авторлар және аудио, видео, кітап өнімдерін шығарушылар, бұқаралық ақпарат құралдары, туындыларды орындаушылар, автор шығармасының өнімдерін таратушылар арасындағы қатынастарды реттейді. Осыған орай авторлық құқық кітап, аудио, видео өнімдерін шығарушылар, өсы өнімдерді таратушылар және бұқаралық ақпарат құралдарының да мүдделерін қорғайды. Қазақтан өз тәуелсіздігін алғанға байланысты оның құқықтық өмірінде түрлі өзгерістер болды. Шығармашылық жұмыспен айналысуға жағдай жасалып жатыр. Республиканың әдебиет және бейнелеу өнімдерін қорғау туралы 1986 жылғы Берн конвенциясына фонограмма өнімдерін шығарушыларды осы өнімдерді заңсыз қайта шығарушылардан қорғау конвенциясына қосылу, оның шығармашылық қауымдастықтан өзіне лайықты орнын алуға ұмтылуын көрсетеді.
Қазақстан Республикасы және интеллектуалдық меншіктің халықаралық ұйымы арасында шартқа қол қойылды. Негізгі халықаралық конвенцияларға қосылу және интелектуалдық меншіктің халықаралық ұйымымен шартқа қол қою, біздің мемлекетімізге халықаралық қауымдастықтағы авторлық құқық саласында үлкен мүмкіндіктер туғызады. Мемлекетіміз өз авторларымызды олардың туындыларын шет елдерде қолданған уақытта қорғау мүмкіндігін алды. Осыған қоса Қазақстан шет ел авторларының туындылары елімізде қолданылғанда, оларды қорғау міндетін өз мойнына алды. Жуық арада республикамыздың дүниежүзілік сауда ұйымы құрамына енуі Қазақстанның сыртқы экономикалық саясатының басты бағыты.
Дүниежүзілік сауда ұйымына кірудегі басты талаптардың бірі авторлық құқықты қорғау және тиісінше бұзылған авторлық құқықты қорғау. Осы экономикалық саяси және құқықтық жағдайда дүниежүзілік сауда ұйымы ережесіне сай 140 - қажуық мемлекет сауда - саттыққарым - қатынастарынатүсіп отырғандықтан, Қазақстан дүниежүзілік сауда ұйымы бекіткен талаптарды бұлжытпай орындауы міндет.
Қазіргі таңда Республика Парламентінің жоғарғы палатасында Үкімет ұсынған О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам интелектуальной собственности заң жобасы талқылануда.
Заң жобасын талқылау интелектуалдық меншікке байланысты заң шегіндегі авторлық құқық заңы дүниежүзілік конвенцияға сәйкескендірілгелі жатқандығын көрсетеді.
Бірақ, менің ойымша Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымы құрамына кіруіне байланысты мәселе шешіліп жатқанда, интеллектуалдық меншікке байланысты сұрақтарды реттейтін қылмыстық, әкімшілік және азаматтық құқық нормалары түпкілікті және нақты зерттелуі тиіс.
Жекелей келгенде Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінде интеллектуалдық меншік аясында құқық бұзушылық жасауға байланысты қарастырылатын жаза нормаларын бөлек бөлімге біріктіру. Себебі интеллектуалдық меншік шығарма авторының меншігі.
Бұл бөлімге мемлекет өміріндегі түрлі салаларда қолданылатын туындылар авторларының құқығын бұзуға байланысты көзделген жазаларды реттейтін нормалар енуі керек. Жекелей Қылмыстық Кодекстегі интеллектуалдық меншікке қарсы жасалған қылмысқа байланысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 184 - бабы - көрінеужалған жарнама беру Қылмыстық Кодекстің 198 - бабы - тауарлықбелгіні заңсыз пайдалану,199 - бабы - компьютерлік ақпаратқа заңсыз кіру, ЭЕМ үшін зиянды бағдарламаларды жасау, пайдалану және тарату ҚР ҚК - нің227 - бабы. Осы баптардың барлығы бір бөлімге біріктіру нормаларды бірыңғай түсіндіруге және интеллектуалдық меншік аясындағы құқық бұзушылықты бірыңғай саралауға мүмкіндік туғызады және интелектуалдық меншікті қорғау деңгейін көтереді.
Тауарлық белгі интеллектуалдық меншіктің объектісі болғандықтан Қылмыстық Кодекстің 199 - бабынаөзгерістер енгізіп, оны Қылмыстық Кодекстің 184 - бабынасәйкестендіру керек.
Тәжірибеде ірі залал болғандығын дәлелдеу қиын болғандықтан ірі залал орнына ірі мөлшерде деп көрсету керек.
Залал мөлшеріне байланысты сұрақты шешу өте қиын. Себебі интеллектуалдық меншік объектілері материалдық негізбен қоса материалдық емес негізде де болады.

1.2. Авторлық құқықтың даму тенденциялары мен халықаралық қайнар көздері

Авторлық құқық - цивилистік категориялардың бірі бола отырып, ғылым, əдебиет жəне өнер салаларындағы тұлғаның шығармашылық қызметінің нəтижесі болып табылатын туындыларды пайдалануды реттеуге жəне қорғауға бағытталған нормалар жиынтығы болып табылады. Əртүрлі құқық жүйелеріндегі оның түсінігі, ұғымдары түрлі өзіндік ерекшеліктерге ие жəне де оның мазмұны авторлық құқық (copyright) жəне автор құқықтары (droit d'ayter) терминдерімен сипатталады.
Халықаралық деңгейде авторлық құқық туралы идея көптеген зерттеушілердің (отандық та, шетелдік те) айтуынша кітап басу ісімен жəне техниканың пайда болуымен тікелей байланысты XVI ғасырда пайда болды. Бұрын баспа ісі жоқ кезде қолжазбаны көбейту өте қиын болатын да, автор мүлкіне қол сұғу сирек кездесетін. Кейіннен, XVI ғасырда Иоганн Гутенберг жылжымалы литерді ойлап тауып, кітап басатын станок дүниеге келісімен кітап шығару күрт өсіп, шығарма иесіне пайда түсіре бастады. Шығармашылық еңбек саудаға айналды. Бұл авторлардың осындай туындыларды еркін пайдалануына тежеу бола тұрса да, осы туындыларды пайдалануды реттеуге байланысты сауалдар авторлардың құқықтарын қорғау негізінде емес, кəсіпкерлердің - баспашылар мен кітап сатушылардың мүдделерінің қозғалуымен пайда бола бастады. Яғни, жақсы кітапты ұрлап шығаратындар, біреудің шығармасын екіншілердің жөнсіз пайдаланып кетуі, кітап басу арқылы пайда табатындардың арасындағы бəсекелестік алғашқы əдебиет қарақшыларын тудырды. Баспа өнімдерінің экономикалық пайдасымен қоса, саяси жəне əлеуметтік күш-қуатын тани білген билік иегерлері XV ғасырдың аяқ шенінде ыңғайлы жеке баспагерлерге ғана ерекше мүмкіндік тудырып, қалғандарын патшалар мен корольдердің жарлығы арқылы тежеп реттеп, басқарып отырды, яғни Англия мен Францияда корольдермен, германдық князьдықтарда - князьдармен, т.б. берілетін құзіреттер жүйесі орнықтырылды.
Англо - американдық құқық жүйесі елдерінде авторлық қарым - қатынастардыреттеуде сот прецедентімен қатар маңызды рольге заңнама ие болады. Тарихқа үңілетін болсақ, Еуропадағы осы аядағы алғашқы Заң XVII ғасырда дүниеге келді. Ағылшын баспагерлері мен кітап саудагерлері компаниясының автор құқығын қорғауға байланысты талаптарына сəйкес əзірленген заң жобасы 1709 жылы талқыланып, ол 1710 жылдың сəуірінде Королева Аннаның Статуты деген атпен күшіне енді. Бұл заң, басында тек баспагерлердің ғана мүддесін қорғап, кейіннен басқа буржуазиялық мемлекеттермен қабылданып, туындыға айрықша құқықтарды қорғаудың фундаменталды қағидаларын бекітті. Қазіргі кезде Англияда 1956 жылғы заңның орнына келген 1988 жылғы Авторлық құқық туралы заң жүзеге асуда жəне бұл заңның күші алғашқысы сияқты бүкіл Ұлыбритания территориясында таралады. Ал суретшілердің авторлық құқығы туралы заң Англияда 1735 жылдың өзінде қабылданған еді.Əдеби меншік туралы ұғым Францияда бұрыннан пайда болғанымен, ол 1977 жылы XVI Людовиктің күш салуымен бір жүйеге келтіріліп, автордың өз шығармасын басып шығаруын жəне сатуына деген құқығы заңдастырылды. Ал 1791 жəне 1793 жылғы декреттерде автор өз шығармасын қалай пайдаланып, қанша рет басып шығарамын десе де еркі бары айрықша айтылған.
Германияның əртүрлі аймақтарында автордың құқығын мойындайтын құжаттар 1686 жылдан бастап қабылданғанымен, Бүкілгерманиялық алғашқы Заң 1837 жылы жарық көрді.
Ал Дания мен Норвегияда 1741 жылы қабылданып, 1814 жылға дейін күшін сақтаған декретте автор мен оның мұрагерінің құқығы өмір бойы сақталды. 1762 жылы Үшінші Карлдың патшалығы кезінде Испанияда қабылданған Заң кітап шығаруға тек автордың айрықша құқы барын бекітті.
Санаткерлік меншікті қорғауда өз жүйесін қалыптастырған Америкада авторлық құқық туралы заң тұңғыш рет 1790 жылы қабылданған болатын. Авторлық құқықты қорғаудың американдық жүйесі қазір əлемнің қай еліне болса да өз ықпалын тигізіп отырғаны ақиқат. Өйткені жыл сайын мемлекет бюджетіне 350 миллиард доллар пайда келтіретін санаткерлік меншікке иелік жасап, азаматтарының шығармашылық қызметінің табыстарын қорғау арқылы ел байлығын еселей түсуге болатындығы əркімге ақиқат. Сондықтан бұл елдің осы аяны дамытуға күш - жігерді де, қаражатты да аямайтындығы сөзсіз.
Ресейге келетін болсақ, əдеби туындыларды қайта шығару жəне таратумен байланысты қарым - қатынастарды реттеу баспашылар мен кітап сатушылар құқықтарын да, авторлар құқықтарын да қорғау үшін пайда болған жоқ. Ресей авторлық құқығының негізгі ерекшелігі оның цензуралық заңнамамен байланысы болып табылады. 1771 жылға дейін кітап шығарушылық қызмет Ресейде мемлекеттік монополиялар қатарына жатқызылып келді. 1771 жылы Петербургте шет тілдерінде кітап басып шығаруға байланысты құзіреттер енгізіліп, сол кезде шетел əдебиеттеріне цензура енгізілген еді. Орыс тіліндегі кітаптарды басуға мүмкіншілігі бар жеке типографияларға келетін болсақ, оларды құруға рұқсат тек 1783 жылғы 15 қаңтардағы жарлықпен ғана беріліп, ол 13 жылдан кейін өте либералды нормативтік акт ретінде күшін жойған еді. Мемлекеттің кітап шығару аясындағы үстем ролі Ресейде XIX ғасырдың ортасына дейін сақталып келді. Ең бірінші авторлардың өз əдеби туындыларына құқықтарын бекітетін заң тек 1828 жылы Цензуралық жарғының арнайы бір тарауы ретінде пайда болды жəне оның бастау көзінде орыстың ұлы драматургтері А.Н. Островский, А.К. Толстой, И.С. Тургенев, Н.С. Лесков сияқты алыптар тұрды. 1875 жылы оған Н.А. Римский - Корсаковбастаған композиторлар келіп қосылды.
Қазіргі кезде Францияда жүзеге асып отырған авторлық құқық туралы негізгі заң 1957 жылы 11 наурызда қабылданған Əдебиет жəне көркемөнер меншігі туралы заң (соңғы өзгерістер 1985 жылы жасалған), ал ГФР - дегі авторлық құқық туралы негізгі заң болып 1965 жылы 9 қыркүйекте қабылданған Авторлық жəне сабақтас құқықтар туралы заң (соңғы басты өзгерістер 1972 - 1974жылдары енгізілген) жəне осы заңмен қатар қабылданған Авторлыққұқықтарға билік ету туралы (авторлық қоғамдар туралы) заң танылады.
Авторлық келісім шарттар германдық Азаматтық Ережелерде көрініс тапқан келісім - шарттық құқық нормаларымен, 1922 жылы 7 желтоқсанда қабылданған швейцарлық Əдебиет жəне көркемөнер туындыларына авторлық құқық туралы федералдық заңымен (соңғы өзгерістер 1955 жылы енгізілген) реттеледі. АҚШ - та 1976 жылы Авторлық құқық туралы жаңа заң қабылданып (титул 17 Авторлық құқық Құрама Штаттардың заңдар Бостандығы), ол 1978 жылы 1 қаңтарда күшіне енді. 1988 жылы АҚШ - тың Берн конвенциясына қосылуымен байланысты оған өзгерістер енгізілген еді.Авторлық қарым - қатынастар АҚШ конституциясына сəйкес жекелеген штаттардың заңнамаларымен емес, федералдық заңнамамен реттеледі, сол себепті, 1976 жылғы заң да, оған дейінгі заңдар сияқты федералдық болып табылады.
Сонымен, Еуропа елдерінде де, Ресейде де авторлық құқық алғашында əдеби туындыларды пайдалану құқығы ретінде көрініс тапқан еді. Кейіннен, авторлық құқықпен қорғалатын объектілер шеңбері кеңіп, өз қатарына музыкалық, көркемсурет жəне басқа да туындылар түрлерін қоса түсті.
Тарихи түрде авторлық құқықтың жүзеге асуы - автордың азаматтығы немесе қай елге бағыныштылығына байланысты анықталып келген еді. Бұдан қазір де орын алып отырған авторлық құқықтың территориалдық қағидасын көруге болады. Уақыт өтісімен, бір мемлекет азаматтарының өз туындыларын пайдалануға байланысты құқықтарының басқа мемлекеттер территорияларында да қорғалуы аса қажет етіле бастады. Бірақ, бұл мəселе терең түрдегі ізденіс пен шешімді қажет етті. Яғни, халықаралық байланыстың дамуы санаткерлік меншік иесін анықтап, оны тудырушы ел мен пайдаланушылар арасындағы қарым-қатынасты реттеудің, яғни, осы саланы бір жүйеге келтіретін халықаралық заңдарды қабылдаудың қажеттігін тудырды.
Бүгінгі таңда Қазақстан авторлық құқықтар жөніндегі мынандай халықаралық жəне аймақтық келісімдер мен конвенциялар талаптарын орындауға міндеттенуде:
Бір ғасырдан астам тарихы бар Əдеби жəне көркем туындыларды қорғау туралы тұңғыш конвенция 1886 жылы 9 қыркүйекте Бернде қабылданды. Берн Конвенциясына бірнеше рет толықтырулар, өзгертулер енгізілгенімен оның жалпы қағидалары толық сақталған жəне ол барлық қатысушы елдерге ортақ болып саналады. Республика Президенті Қазақстан Республикасының Əдеби жəне көркем туындыларды қорғау жөніндегі Берн Конвенциясына қосылу туралы Заңына 1998 жылдың қарашасында қол қойды. Осы арқылы Қазақстан өзінің шығармашылық еркіндігін, санаткерлік потенциалды қорғау қағидаларының жолын берік ұстай отырып, əлемдік қауымдастыққа лайықты орын алуға ұмтылысын дəлелдей түсті.
Берн Конвениясына қосылған барлық елдер авторларының құқықтарының тең қорғалуы - осы құжаттың басты шарты. Яғни, əр тарап өз заңдарына сəйкес сол мемлекеттің азаматы болып табылатын авторлардың, сондай-ақ басқа ел авторларының да құқықтарын тең дəрежеде қорғауды жүзеге асыруға міндеттенеді. Шығармашылық еркіндікке осылайша жол ашу конвенцияғақосылған барлық елдерге тəн сипат. Сонымен, Берн Конвенциясына қосылу арқылы, біз үшін:
осы Конвенцияға мүше болу арқылы Қазақстанның Дүниежүзілік Сауда Ұйымына (ДСҰ) кіру мүмкіндігі артады;
ең бастысы, Берн Конвенциясына республиканың өзінде де, басқа елдерде де авторлық құқықты тиімді қорғауға сенімді алғышарт орнайды;
Берн Конвенциясындағы авторлар құқықтарын қорғаудағы қатаң талаптар мен тəртіптердің орын алуын, материалдық - құқықтық нормалар аздығын, ұлттық заңнамаларға сілтемелердің көптігін негізге ала отырып, дамушы елдердің мүдделерін ескеру мақсатында 1952 жылы 6 қыркүйекте Женевада Дүниежүзілік авторлық құқық жөніндегі конвенциясының қабылданғандығын атап өтуге болады. Осы Конвенцияның кіріспесінде санаткерлік меншік саласындағы тұлғалардың құқықтарын сақтау, оларды сыйлау, əдебиет, ғылым жəне өнердің дамуына ықпал жасау - халықаралық өзара түсіністікке игі əсерін тигізетіндігі нық басып айтылған. КСРО аталмыш Конвенцияға тек 1973 жылы ғана қосылған болатын. Біздің мемлекетіміз егемендікке қол жеткізгеннен кейін, Одақтың құқықтық мирасқорларының бірі ретінде аталған Конвенцияның мүшесі блып қалды. Осы екі Конвенциялардың да соңғы мəтіні 1971 жылы Парижде қабылданды.
Сондай - ақ, Қазақстан Республикасы 1996 жылы 20 желтоқсанда Женевада қабылданған Туындылардың кейбір түрлеріне жекелеген құқықтарды қорғауға байланысты авторлық құқық туралы ДСМҰ келісім - шартына 2004 жылы 16 сəуірдегі Заңымен қосылды. Бұл келісім - шарт авторлық жəне сабақтас құқықтар субьектілерінің құқықтары мен мүдделерін қамтамасыз етудің бірден - бір қайнар көзі десек қателеспеспіз.
Авторлық құқық идеясы мен жаңадан пайда болған құқықтар арасындағы компромисс жаңадан пайда болған объектілерге (орындау, фонограммалар, хабар таратушы ұйымдар бағдарламалары) қатысты алғашқы құқықтар авторлық болып табылмайтындығына, бірақ, санаткерлік меншік аясындағы құқықтарға жататындығында көрініс тапты. Сол себепті, 1936 жылдың өзінде Австрия мен 1941 жылы Италия орындаушылар мен дыбыс жазушыларға сабақтас құқықтарды ұсынды. Орындаушылар, фонограмма жасаушылар жəне хабар таратушылар құқықтары өзара ортақ бір институтқа біріктіру туралы идея орын алды, кейіннен бұл идея 1961 жылы 26 қазанда Римде қол қойылған Орындаушы - артистер, фонограмма жасаушылар жəне хабар таратушы ұйымдар мүдделерін қорғау туралы Халықаралық Конвенцияда (Рим конвенциясы) көрініс тапты. Жаңа құқықтар категориясын авторлық құқықтармен байланысын ескере отырып, оларды жақын,байланысты, көршілес немесе сабақтас құқықтар ретінде белгіледі.
Жыл өткен сайын фонограмманы заңсыз қайта өңдеу мен көшіріп көбейту кең етек алып, ол авторлардың, артист - орындаушылардың жəне фонограмма өндірушілердің мүдделеріне үлкен залал келтіруде. Дыбыс жазу техникасы мен жабдықтардың жедел жетілуі іс жүзінде бұл саланы, əсіресе дыбыс, дыбыс - бейнеөрісін жекелеген жылпостардың пайдасына айналдырып отыр. Сол себептен де бірқатар мемлекеттер халықаралық ұйымдардың көмегіменФонограмма жасаушылар мүдделерін фонограммаларын заңсыз қайта шығарудан қорғау туралы Конвенцияға (Женева, 1971 ж.) қосылуды мақсат тұтуда. 2000 жылдың маусымында Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан Республикасының Фонограмма жасаушылардың мүдделерін олардың фонограммаларын заңсыз көшіріп көбейтуден қорғау жөніндегі Женева Конвенциясына қосылу туралы Заңға қол қойды. Сонымен қатар, сабақтас құқықтарға тікелей қатынасы бар конвенциялар қатарында 1974 жылы 21 мамырда қабылданған Спутник арқылы берілетін сигналдар бағдарламаларын тарату туралы Брюссель конвенциясын атауға болады.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы ДСМҰ - ныңавторлық жəне сабақтас құқықтар саласындағы Берн Конвенциясын дамытудың жалғасы болып табылатын 1957 жылы Женевада қабылданған Фонограмма өндірушілердің мүдделерін қорғау туралы Конвенцияға 2000 жылдың 7 маусымындағы Заңымен қосылды. Бұл конвенция туындыларды орындаушылардың, фонограмма өндірушілердің жəне хабар тарату ұйымдарының мүдделерін қамтиды жəне қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Халықаралық ұйымдардың сарапшылары ДСМҰ - ның аталмыш келісімге Қазақстанның қосылуы фонограмма өндірушілер мүдделері бойынша мемлекеттер арасында бай мəліметтер жиынтығын еркін пайдалануға жəне оларды тиімді түрде қорғауға мүмкіндіктер береді деп есептейді.
Сабақтас құқықтар субъектілерінің мүдделерін қорғау аясындағы қайнар көздер қатарына, сонымен қатар, ҚР 04.2004 жылы №547 - II Заңымен қосылған 1996 жылы 20 желтоқсанда Женевада қабылданған Орындаулар мен фонограммалар бойынша ДСМҰ келісім - шартын жатқыза аламыз.
Қазақстан ТМД деңгейіндегі көпжақты жəне екіжақты келісімдерге де белсене қатысуда. Солардың ішінде ТМД - ның 9 мемлекет басшылары 1993 жылғы 24 қыркүйекте Мəскеуде қол қойғанАвторлық құқық жəне сабақтас құқықтарды қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы Келісімді жəне де 1998 жылы 6 наурызда Мəскеу қаласында қабылданып Қазақстанмен 2001 жылы 11 мамырдағы №201-II Заңымен ратификацияланып, 2001 жылы 11 маусымнан бастап күшіне енген Санаткерлік меншік аясындағы құқық бұзушылықтарға жол бермеу аясындағы ынтымақтастық туралы Келісімін атауға болады. Енді бірі - ТМД Үкімет басшылары кеңесінің шешімімен 2000 жылы 20 маусымда бекітілген жəне ҚР Премьер - министрімен қол қойылған Санаткерлік меншік саласындағы құқық бұзушылықтың жолын кесу жөніндегі ынтымақтастық туралы келісімге қатысушы мемлекеттердің бірлескен жұмыс комиссиясы туралы Ереже. Сонымен қатар, осы сала қызметін ширата түсуге ықпал ететін жекелеген елдер Үкіметтер арасындағы келісімдердің де алатын орны ерекше.
Сонымен, жоғарыда аталған көптеген елдер соңғы 20 - 30 жыл ішінде өзінің авторлық құқық туралы заңнамасын едəуір жаңартып отыр. Бұл өзгерістер көбінесе қорғалатын туындылар шеңберін кеңейту, авторлар мен басқа да құқық иегерлер құқықтарының көлемін ұлғайта түсу, жекелеген авторлық құзіреттерді жəне де туындыларды пайдалану мен көшіріп көбейтудің (қайта жаңғыртудың) жаңа техникалық тəсілдерінің (кабельдік телеарна,телебағдарламаларды спутниктер арқылы беру, көшірмелер жасау, т.б.) пайда болу нəтижесін одан əрі реттей түсумен тікелей байланысты. Авторлық құқықтар жөніндегі ресми құжаттар Қазақстанда тұңғыш рет XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында ғылыми-қоғамдық еңбектерде көрініс берді, ал одан соң қолданылып жүрген бірқатар заң ережелерінде, оның ішінде 1928 жылғы Заң кодексінде айқындала түскені мəлім. Дегенмен, бұл заңдар жүйесі 1917 жылғы 29 желтоқсанда қабылданған Мемлекеттік баспа туралы декреттен бастау алады. Қазіргі мемлекеттік кешенді заң жүйесіндегідей емес, ол кездегі заң ережелері əлемдік һəм аймақтық дəрежедегі көкейтесті мəселелерді шешуге, авторлық құқық саласының көптеген мəселелерін реттеуге дəрменсіз еді.Қазақстандағы авторлық құқықты қорғаудың мемлекеттік негізі 1973 жылы Бүкілодақтық Авторлық құқық жөніндегі агенттіктің (ВААП) Қазақстандағы бөлімшесі жұмыс істей бастаған күннен басталды. Авторлық құқықты қорғаудың жаңа кезеңі Қазақстанның тəуелсіздік алуымен тікелей байланысты. 1992 жылы Бүкілодақтық Агенттіктің қазақ бөлімшесінің негізінде Қазақстанның авторлық құқық жəне сабақтас құқықтар жөніндегі Мемлекеттік Агенттік құрылды. Қазіргі кезде жүзеге асып жатқан 10 маусым 1996 жылы қабылданған Авторлық құқық жəне сабақтас құқықтар туралы ҚР Заңы - авторлық құқық мақсатына, мазмұны мен маңызына, сондай-ақ берілу əдісі мен нысанына қарамастан, шығармашылық еңбектің нəтижесі болып табылатын ғылым, əдебиет жəне өнер туындыларына қолданылады деп бекітеді (6-бап).Конвенцияларға қосылу, Келісімдерге жəне Шарттарға қол қою біздің мемлекетке бірқатар жауапкершілік жүктейді, себебі, осы Келісімдер мен Шарттар арқылы белгілі міндеттемелер қабылданады. Бүгінгі таңда халықаралық ұйымдар, экономикасы дамыған өркениетті елдер Қазақстандағы санаткерлік меншік құқықтарын қорғау мəселелеріне түпкілікті назар аударып отыр. Олай дейтініміз, мысалға, Қазақстан Республикасы мен АҚШ арасындағы сауда қатынастары туралы 1992 жылдың 19 маусымында екі елдің Президенттері қол қойған Келісімдегі маңызды баптардың бірі - Тараптардың санаткерлік меншікті қорғау жөніндегі VII бабы болып табылады. Онда атап көрсетілгендей, тараптар əр елдің өз заңдарының ережелеріне сəйкес санаткерлік меншік құқығын қорғайды, соның ішінде əдеби, ғылыми жəне көркем туындылармен қоса ЭЕМ - ға арналған мəліметтер жиынтығы да бар. Кез - келген елдегі заңның тəжірибелік құндылығы оның неғұрлым тиімді түрде жүзеге асуымен тікелей байланысты. Авторларға кей кезде өз құқықтарын жеке дара жүзеге асыру қиын болған кезде авторлардың атынан олардың кейбір құқықтарын жүзеге асырушы арнайы ұйымдар құру тиімді тəсіл болатындығы сөзсіз. Осы негізді басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасындағы авторлық жəне сабақтас құқықтарды реттеу үшін 1996 жылдың маусымында қабылданған тұңғыш Заң актісі болып табылатын Авторлық құқық жəне сабақтас құқықтар туралы Заң негізінде 1997 жылы Қазақстан Авторлар Қоғамы (ҚазАҚ) құрылды. Оның басты міндеті əдебиет жəне өнертуындылары авторларының мүліктік құқығын қорғауды Қазақстан аумағында жəне шетелдерде қамтамасыз ету.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Авторлық құқық жайлы
Авторлық құқықтың түсінігі
Қазақстан Республикасындағы авторлық құқыққа салыстырмалы анализ және түсінік
Авторлық құқық туралы ақпарат
Интеллектуалдық қызмет нәтижелеріне жалпы сипаттама
Авторлық құқықтың ұғымы және қатынастардың реттелуі
Интеллектуалдық меншікті халықаралық қорғау
Авторлық құқық. Сабақтас құқық туралы жалпы түсінік
Авторлық құқықтың түсінігі туралы
Халықаралық патент сыныптамасы туралы Страсбург келісімі
Пәндер