Ұлттық киім


Ұлттық киім
Әлем бізді мұсылман елі ретінде біледі. Қай қазақтан сұрамаңыз «Мен - мұсылманмын!» деп кеуде қағады. Алайда, біздің қай тірлігіміз шариғатқа сай жүзеге асып жатыр? Қарапайым қағидаларды біле бермейміз, біліп тұрсақ та: «Ей, неғылады дейсіз, ең бастысы, ниетім дұрыс», - деп өзімізді-өзіміз жұбатып қоя саламыз. Барлығын тізе берсек, әңгіме көп. Біздің айтпағымыз - үйленгенде қалыңдықтың киім кию әдебі, неке қидыру мен басқа да осы шараға қатысты мәселелер.
Оқырманның есінде болса, тәуелсіздігіміздің алғашқы жыл-дары рухани шөлдеп қалған халқы-мыз ұлттық жаңғыруға шындап ден қойған болатын. Төл мерекеміз Наурыз қалай тойланатын еді. Сол уақыттағы астанамыз Алматыны, облыс орталықтарын айтпа ғанның өзінде, аудан мен ауыл-ауылдарда мереке өте жоғары деңгейде өтіп жүрді. Ұлыстың ұлы күнінде ұмытыла бастаған дәстүрлеріміз халықтың назарына ұсынылып, жұрттың бір жасап қалғанын қалай ұмытарсың. Сол жылдары үйлену тойларында қалыңдықтың көбі қазақша киім киіп, бұл жаппай үрдіске айналды. Алматының өзін-де көшелерде көптеген жігіттер ақ қалпақ, бойжеткендер ою-өрнегі келіскен тақия киіп, ұлттық нақышымыз ерекше бір жарасым тауып еді. Дегенмен, алып ұшқан көңіліміз 1995-1996 жылдардан соң су сепкендей басылды десек, артық айтқанымыз емес. Көз тиіп кетті ме немесе өз құндылықтарымызды менсінбейтін жаман әдетіміз бе қайдам, келіндеріміз ұлттық киім-дерімізді «жатсынып», баяғы еуро-палық үлгіге бірте-бірте біржолата көшіп тынғандай. Ал, бұл той көйлегі мұсылмандығымызға, шари-ғатқа сай келе бермейді. Көбісінің кигені омырауы ашық, жеңі қысқа киім. Жаңа түскен келіннің басы ашық тұратыны тағы бар. Онысымен қоймай, осы ашық-шашық көй-легімен күйеуін қолтықтап алып, басқа күн таппай қалғандай дәл той болатын күні біраз жора-жолдастарымен некесін қидыру үшін «гулянкалап» жүрген кезінде мешітке келеді. Мешіт ауласына кірудің өзіндік белгілі бір талаптары барын жастарымыз мүлдем ескермейді. «Оны айтасыз, тіпті екі жастың достары арақ ішіп келетін кездері де кездеседі», - дейді Алматы Орталық мешітінің наиб имамы Төлепберген Жакиев. Осындай теріс қылықтарды болдырмау үшін мешіт қызметкерлері мен имамдар талай ескерткенімен, әзірше бұдан нәтиже болмай тұр. Имамдар оларға ер мен әйелдің міндеттері мен бір-біріне деген хақтарын айтып түсіндіргісі келгенімен, олардың уақыты «өте шектеулі» көрінеді . . .
«Гулянка» ата-ананың қалтасына батпан салмақ
Сонымен, ылғи жастардан құралған топ неке қидыруды барынша тездетуге тырысады. Себебі, олар уақыттан ұтуға барын салады. Өйткені, сағаты ленбай АҚШ доллары тұратын «Лимузин» немесе «Хаммермен» мүмкіндігінше сайрандап қалуға тырысады. «Гулянка» той иесіне оңай түспейтіні анық. Алматыдағы осыны кәсіп еткен біраз фирмаларға телефон соғып көзіміз жеткені мынау болды: Халық аузында «лимузин» атанып кеткен авто-көліктің ең арзаны (шыққан жылына, жайлылығына, әсемдігіне байланысты) сағатына 50-60, ең қымбаты 300 АҚШ долларына дейін жетеді екен. Мысалы, 2005 жылы зауыттан шыққан «Хаммер Ультра-Супер Стрейч Лимузинін» балаңыз таңдайтын болса, 1200 көк қағазды санап беруге мәжбүрсіз. Себебі, оларды ең кемі 4 сағатқа
жалға алуыңыз шарт. Олай етпесеңіз, сізбен сөйлесуге құлықсыз. Байғұс ата-ана перзентінің көңіліне қарап: «Қой, ел жұрттан ұят болар, менің балам кімнен кем?!»- деп қиналса да сыр білдірмейді . . . «Лимузин» демекші, елдегі бір ауылдасымның баласы үйленді. Сөйтсе, бір ай бұрын көршісінің баласы отау құрып, лимузинмен қыдырған екен. Осыны есіткен жас келіншек: «Мен де сондай автокөлікке мінбесем, тойға бармаймын», - деп қиғылық салады. Амалы таусылған жігіттің әкесі облыс орталығына барып, қарызданып-қауғаланып келінінің «еркелігін» орындауға мәжбүр болады. Міне, бүгінгі жағдаймыз - осы. Осындай жастарымыз ата-анасының үмітін ақтап, жарасымды отбасы болып кетсе бірсәрі . . .
Үйленуге Пайғамбарымыздың (с. ғ. с. ) өзі өте айрықша мән берген. «Кімде кім мүмкіндігі бола тұра үйленбесе, менің үмметімнен емес», - деп қатаң ескерткен. Демек, бұл Аллаһ Елшісінің (с. ғ. с. ) сүннеті. Алайда, үйленудің жөні осы екен деп шектен шығуға болмайды ғой. Сағаты пәленбай доллар лимузинмен серуендеу, неке қидыруды салта-натты жағдайда өткізу, арманымыз орындалсын деп көгершін ұшыру (әрқайсысы 2500-3000 теңге) т. б. әрекеттерді қалайша шектен шығушылық деп айтпаймыз. Бұл әлі той дастарханы, құдалық, кит, қалыңмал, т. б. қоспағандағы бер жақтағы «жеңіл» әрекеттеріміз ғана.
Сән-салтанатпен неке қию - 53500 теңге
Жоғарыда айтып кеткеніміздей, неке қидырудың өзін бүгінде даңғазаға айналдырып жібердік. Мысалы, Алматыдағы «Жас отауда» салтанатты түрде неке қиюда мына-дай қызмет түрлерін көрсетеді. 13 сурет, бір топ адамға жеңіл-желпі фуршет (аққайнар, торт, сусындар), жас жұбайлар құрметіне Мендель-сон маршы (қазақша әуенннің неліктен орындалмайтынын біле алмадық) ойналады. Неке қағазына қол қойғаннан кейін, сізді ұлттық киім киген қыз-жігіттер есікке дейін шығарып салады. Осы үшін «бар- жоғы» 53500 теңге ғана төлейсіз. Екінің бірінің шамасы жете бермейді деп ойласаңыз, қателесесіз. Өйткені, алдын ала тапсырыс бермесеңіз, бос уақыттың өзі жоқ екен. Өкінішке орай, қымбат хаммерлермен серуен-деп жүргенде бір-екі шөлмек аққайнар бергені үшін 53500 теңге төлей салатын да, негізінен өздерін мұсылманбыз деп есептейтін қара-көздеріміз. «Бұларың ысырап қой. Ең болмағанда, мұны өз қажеттеріңе жаратсаңдар болмай ма?»- десең, басың бәлеге қалады. «Өмірімізде бір рет үйленеміз, ақшамызды қалай жұмсаймыз, оны өзіміз шешеміз», - деген жауап аласыз. Әрине, мұның бәрі ысырапшылдық екенін білсе де, білмегенсиді. Аллаһ тағала ысырап еткендерді жақсы көрмейді. Ол жөнінде Құран Кәрімде: « . . . ысырап етпеңдер. Анығында Аллаһ ысырапқорларды ұнатпайды («Әнғам» сүресі, 141-аят) .
Некесіз қосылу . . .
Көңілге қаяу түсіретін жағдай-дың бірі - жастарымыздың некесіз төсектес болуы. Керек десеңіз, жас келіншектердің той өтер-өтпестен босанып жатқандарына соңғы кезде мән беруді қойдық. Ал, некесіз қосылу, бұл - зина. Зинақорлық - ең ауыр күнәлердің бірі. Шариғат бойынша, некенің үкімі мынадай: Неке қиылғаннан соң ғана, олар ерлі-зайыптылар ретінде танылып, жар төсегіне бет алады. Бізде қалай? Келін түсірген үй жігіт пен қыздың некесін бірнеше күн өткеннен кейін қияды. Сонда некелері қиылмай тұрып қосылған жас жұбайлар зина жасаған болады ғой. Бұған аса мән беруіміздің өзіндік үлкен себептері бар. Біріншіден, Аллаһ тағаланың үкіміне қарсы шығып отырмыз. Яғни, харам жолмен қосылуға мүмкіндік бергеніміз. Әбу Һурайрадан (р. а. ) риуаят етіліп, Бухари мен Муслим жеткізген ха-дисте Пайғамбарымыздың (с. ғ. с. ) : «Зинақор - зина жасап жатқан сәтте мүмін болмайды. Ұры - ұрлық жасап жатқан сәтте мүмін болмайды. Араққор - арақ ішіп тұрған сәтте мұсылман болмайды», - дегені айтылған.
Екіншіден, некесіз туылған балалардан дұрыс азамат шығуы неғайбыл. Үлкендер жағы біреуге ашуланса, немесе оның істері ұнамаса кейіп: «Ойнастан туылған бәтшағар», - деп айтқанын талай естідік. Осыған байланысты бір ақсақалдың мына әңгімесі есімнен шықпайды. Ұлы Отан соғысының кезі болса керек. Атпалдай бір азамат ретін тауып, әскерден қалып қояды. Ауылда мұнымен қатарлас ер кісі болмағаннан кейін, аудан басшылары ойлана келе, оны ұжымшар төрағасына тағайындайды.
«Болыс болдым, мінекей!»- деп шіренген әлгі кәрі-құртаң мен қыз-келіншектерге, бала-шағаға сүйеу болудың орнына, оларға қырғидай тиеді. Ақсақалдарды тілдеп, көңілі жарым балаларды ұрып соғудан да тайынбайды. Ал, айтқанына көнбеген бірнеше қыз-келіншекті зорлауға дейін барады. Ауылды қанша үркітіп-қорқытып ұстағанымен, соңында барлық қылмыстары ашылады. Ізін анықтаған милиция оның кезінде некесіз ойнас әйелден туғанын анықтаған. Бұл - өмірдің өзінен алынып отырған жәйт. Осындайларды біле отырып, жастардың төк те шаш тірліктеріне ерік беріп, жайбарақат қарап отырғанымыз қалай, ағайын?
Барды бағалай білсек
Әңгімемізді қалыңдықтың киім үлгісіне қайта бұрсақ. Еуропалық киімнің етек-жеңдері ашық-шашық екенін жоғарыда айттық. Ал, қалыңдықтың қазақша ұлттық көйлегіне бұлай мін таға алмайсыз. Дініміздің талабтарына толық жауап береді. Сәукеле - қалыңдықтың құлағын, тамағын жауып тұрса, көйлегінің етегі тобыққа жетеді. (Әрине, бүгінгі күнде қазақша көйлектің өзі «қысқартуларға» ұшырағаны белгілі. Біз бұл жерде нағыз қазақи классикалық көйлек жөнінде айтып отырмыз. ) Өкінішке орай, ұлттық киімдерімізді киюшілер азайып кеткені жаны-мызға батады. Мүмкін, бағасы аспандап тұрғандықтан шығар деп ойладық. Осы оймен дереу салыстыруға көштік. Алматыдағы той салонда-рындағы еуропалық үлгідегі қалың-дық көйлегінің ең арзанын 500
АҚШ долларына сатып аласыз. Қала орталықтарындағы салондардың көбісі жалға бермейді екен. Ел аузында «барахолка» атауымен әйгілі базарда ең арзанын 200-250 АҚШ долларына табуға болады. Ал, мұнда жалға да беріледі. Жалға берілді деген құр аты. Өйткені, кемінде көйлектің 70 пайыз құнын төлейсіз. Келіншектің колғабына, бас киіміне, моншағына деп біраз ақшаңызды тағы алып қалады. Оның үстіне, бүгінгінің жастары сіздің арзан көйлегіңізді қанағат тұтса жақсы. Осыдан 2 жыл бұрын бір туысымның баласы үйленгенде 40 мың теңге тұратын қалыңдықтың көйлегін 32 мыңға жалға алған болатын.
Ал, қазақша үлгідегі қалыңдық көйлегінің бағалары қандай? Республикаға аты мәлім «Сымбат», «Еркенұр» фирмаларының өнімдері, әрине, қымбат. Алайда, қалың көпшіліктің қалтасы көтеретін сапасы да көңілден шығатын қалыңдықтың киімін табуға болады екен. Осы жөнінде «Зерлеу» компаниясының басшысы Айжан Тойшыбекқызымен сөйлескен едік:
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz