Қазақстан Республикасының еңбек нарығын дамыту
Жоспар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
І. Еңбек нарығының мәні және оның экономикадағы рөлі
1.1 Еңбек нарығының қалыптасу механизмі және теориялық талдау ... ... ... ..5
1.2 Еңбек нарығына сұраныс пен ұсыныс ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
1.3 Еңбек нарығы және еңбек биржасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
ІІ. Еңбек нарығы: Қазақстан Республикасында қалыптасу ерекшеліктері және проблемаларын талдау
2.1 Қазақстан Республикасында еңбек нарығының қалыптасуы және дамуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
2.2 Қазақстандағы еңбек нарығы: жағдайы, мәселелері, тенденциялары ... ...17
ІІІ. ҚР . дағы еңбек нарығын мемлекеттік ретттеуді жетілдіру жолдары
3.1 ҚР . дағы еңбек нарығын мемлекеттік ретттеуді жетілдіру ... ... ... ... ... ...25
3.2 Жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуді дамыту ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .31
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1.1 Еңбек нарығының қалыптасу механизмі және теориялық
талдау ... ... ... ..5
1.2 Еңбек нарығына сұраныс пен
ұсыныс ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ...9
1.3 Еңбек нарығы және еңбек
биржасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
ІІ. Еңбек нарығы: Қазақстан Республикасында қалыптасу ерекшеліктері және
проблемаларын талдау
2.1 Қазақстан Республикасында еңбек нарығының қалыптасуы және
дамуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13
2.2 Қазақстандағы еңбек нарығы: жағдайы, мәселелері,
тенденциялары ... ...17
ІІІ. ҚР – дағы еңбек нарығын мемлекеттік ретттеуді жетілдіру жолдары
3.1 ҚР – дағы еңбек нарығын мемлекеттік ретттеуді
жетілдіру ... ... ... ... ... ...25
3.2 Жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуді
дамыту ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ...28
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..3 1
Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ..33
КІРІСПЕ
Халықты еңбекпен қамту Қазақстан Республикасының еңбек нарығындағы
бүгінгі күнгі ең маңызды мәселе болып отыр. Оның басты мақсаты халықты
жұмыспен қамту және жұмыссыздықты жою. Осы мәселелерді шешу үшін ең
алдымен еңбек нарығын жүйелі түрде талдап, сонан соң ондағы болып жатқан
өзгерістерді бағалап әрбір аймақтың өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып,
еңбек нарығы, жұмыс күші нарығы, еңбек ресурстар нарығы басқару жүйесін
жетілдіру қажет.
Осыған байланысты еңбекке жарамды жастағы халықты жұмыспен қамту және
оны экономика салаларында пайдалану бүгінгі күннің өзекті мәселелері.
Еңбекпен қамтудың негізгісі еңбек ресурстарының өсуіне байланысты
экономикалық белсенді халық санының да өскендігін байқауға болады.
Нарықтық экономикаға өту нәтижесінде халықты жұмыспен қамту құрылымы да
айтарлықтай өзгерді. Республика бойынша материалды өндіріс сферасында жұмыс
істейтіндердің саны жыл сайын төмендеуде. Ал өнеркәсіп саласында жұмыс
істейтіндердің саны жыл сайын азайғанмен, еңбек ресурстарының жалпы санына
шаққандағы пайыздық үлесі біршама өскендігін көрсетеді. Материалдық өндіріс
сферасының ең басты бөлігін ауыл шаруашылығы саласы алып отыр. Олай болса
халықты жұмыспен қамту саясатын ең алдымен ауыл шаруашылығын көтеруден
бастау қажет.
Жұмыс істейтіндердің көбі халыққа білім беру саласы, денсаулық сақтау,
дене шынықтыру, әлеуметтік қамтамасыздандыру салаларында жұмыс істейтіндер,
коммуналдық шаруашылығы, тұрғын-үй және халыққа тұрмыстық қызмет көрсету
салалары кейінгі орында. Бұл аталған салалардың барлығы өсу тенденциясына
ие болып отыр.
Осы аталған мәселелерді шешу еңбек нарығының негізгі элементтерінің
бірі болып табылатын халықты жұмыспен қамту орталықтарының қызметіне
тікелей байланысты.
Азаматтарды жұмыспен қамтудың төмендеуінің негізгі факторларының бірі
болып республикадағы ірі кәсіпорындардың, ұйымдардың жұмыс істеуінің
тұрақсыздығы мен тоқтап тұрулары, қаржылық дағдарыс жағдайлары қосымша
жұмыс орындарын ашуға теріс әсерлерін тигізеді. Бос жұмыс орындары мен
қызмет орындарының жетіспеушілігі әсіресе ауылдық жерлерде қатты сезіледі.
Ресми түрде тіркелмеген жұмыссыздардың саны мен өздігінше жұмыспен
қамтылғандардың саны “көлеңкелі” экономика мен жеке шаруашылықтарда басым
болып отыр. Оларды есепке алудың дұрыс жолға қойылмағандығынан жұмыспен
қамтылғандар туралы мәліметтер дәл болмайды. Ресми түрде еңбек табысы жоқ
жұмысшылардың басым көпшілігінің “көлеңкелі” табысы немесе жасырын жұмыс
орындары бар. Халықты жұмыспен қамтамасыз ету мәселесі осы күндері ең
өткір проблемаға айналып отыр. Қазақстанның ұзақ мерзімді стратегиялық даму
бағдарламасында жұмыссыздық пен кедейшілікті толық та тұрақты жою мәселесі
2010 жылға дейін шешілетін мемлекеттік міндет ретінде анықталғаны белгілі.
Осы 2010 жылға дейін Қазақстан экономикасында күрделі де қарқынды
өндірісаралық құрылымдық өзгерістер жүруі қажет. Осы құрылымдық даму
стратегиясы бір – бірімен байланысты жалпы ұлттық экономикалық, әлеуметтік
және технологиялық мақсаттар мен міндеттердің орындалуын көздеген.
Қазақстанда еңбек сыйымдылығы (трудоемкость) жоғары өндіріс салаларын
қалыптастыру және дамыту; ауыл шаруашылық шикі заттарын терең
технологиялық өңдеу және түпкі өнім өндіру экономикасын мемлекет
тарапынан басым түрде қолдап – дамыту мақсаты және міндеті анықталған.
Бұл міндетті іске асыру:
- біріншіден, көптеген жұмыс орындарын ашуға, жаңа мамандықтар дайындауға,
жұмыссыздықты жоюға, еңбекақы табысын арттыруға жол ашады;
- екіншіден, еңбек пен жұмыс күшінің сапасы жоғарылап, еңбек өнімділігі
және жалпы экономика тиімділігі артады;
- үшіншіден, жалпы ұлттық өнімнің құрылымы жақсарып, ұлттық табыс үлесі
артады; төртіншіден, салық төлемдері өседі және мемлекет бюджетінің
мүмкіншіліктері кеңейеді.
Еңбек нарығының экономикадағы рөлін, яғни еңбек нарығы дегеніміз
бұл ең алдымен жұмыс күшіне сұраным мен ұсыным. Жұмыс күшін реттеуде оны
әкімшілдік - әміршілдік әдіске қарама – қарсы әдіс деп қарауға болады.
Еркін еңбек - бұл тиімді экономиканың негізі.
Еңбек нарығының негізгі мақсаты – еңбек ресурстарын жұмыспен тиімді
және нәтижелі қамту. Еңбекке жарамды адамдарды жұмыспен қамтамасыз ету аса
күрделі әрі мемлекеттік маңызды мәселе. Себебі, алға қойған саяси –
экономикалық және әлеуметтік қатынас негізінен туындаған оның
ерекшеліктерін бейнелейтін сапа белгісі. Жұмыспен тиімді қамту әрбір елдің
нақтылы даму кезеңдерінің деңгейіне сай жұмысқа жарамды адамдарды үнемді
және нәтижелі пайдаланып, оларды шаруашылық салалары және аймақ бойынша
бөлудің тепе – теңдік үлесімділігіне жету.
Астана қаласының ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында Қазақстан
Республикасының халықты жұмыспен қамту заңнамаларында еңбекті жүзеге асыру
үшін шетелдік мамандарды жұмылдыруда белгіленген бір қатар шектеулер
қарастырылған.
Қазақстан Республикасының Үкіметі 2003 жылдың 20 қаңтардағы №55
Қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін
жұмылдыруға жұмыс берушілерге рұқсат беру тәртібі және шарттары, үлесін
анықтау ережесіне сәйкес аймаққа шетелдік жұмыс күшін әкелу жыл сайын
үкіметпен бекітілген үлеспен шектелген. Халықты жұмыспен қамту туралы
қолданыстағы заңнамалармен белгіленген шет елдік жұмыс күшін әкелудегі бұл
шектеулер, қазақстандық мамандарға өз еңбек құқықтарын іске асыруда тең
болуға, сондай-ақ шетелдік мамандар қажеттілігін қатаң анықтауға мүмкіндік
туғызады.

1.1 Еңбек нарығы түсінігі және оны реттеу механизмдері
Еркін рынок теориясы (либерализм мектебі) өкілдері – А. Смит
мен Д. Рикардоның есептеуінше, жалақы негізін қалыптастырудың
принципіне өмір сүру қажеттілік деңгейі алуды ұсынған. Себебі бұл
деңгейлік жұмысшы мен оның отбасының өмір сүруіне қажетті болды.
Д. Рикардоның ойынша, өмір сүру қажеттілік деңгейі еңбек
бағасының табиғи рыногы болып табылады. Еркін рынокты жақтаушылардың
бірі – Жан Батист Сәй (1767 – 1823 ж.ж.) Саяси экономия тұрақты (1803
ж.) еңбегінде өндірістің үш факторы теориясын ұсынады. Бұған еңбек,
капитал, жерді жатқызады. Осы факторлардың қызметін қолданғаны
(пайдаланғаны) үшін жалақы, пайда, рента төлем ретінде жүзеге асады.
Рыноктың экономиканы реттеу теориясынынң негізін салушы кейнстік
мектебі, Дж. Кейнс Еңбекпен қамту, пайыз және ақшаның жалпы
теориясы деген еңбегінде (1936 ж.) жалақыны реттеудің принципін
өндіріс көлемі және тұрғындардың еңбекпен қамтуын тәуелді екендігін
ұсынды. Рынок жағдайында жалданып жұмыс істейтін адам еңбегі К. Маркстың
пайымдауынша, жұмыс күші құнының принципімен төленеді. Неміс социалисі
Фердинанд Лассаль (1825 – 1864 ж.ж), бөлуді тепе – теңдік принципін
ұсынды: тең еңбек өніміне әркімнің тең құқықтығы, яғни бұрындары
кездескен барлық бөлу принципі оның ойынша, бар мүліктің тепе –
теңсіздігіне алып барады. Бұл принципін сынға алынды. Өмір игіліктерін
тепе – тең бөлу принципі К. Маркстың ойынша, қоғамдағы деградацияға
алып келуі мүмкін. Сондықтан да бұл жағдайда адал жұмыскер де және өз
жұмысына немқұрайды (жалқау, самарқау) қарайтын адам да өз еңбегіне сый –
сияпатты тең алуы әбден мүмкін. Оның ойынша, өмірлік игіліктерді бөлудің
бірден – бір мүмкін принципі еңбегі бойынша, бөлу болмақ. Аталған
принциптің өзіндік кемшілігі бар және әлеуметтік әділеттілік
критериіне толық жауап бермейді. Еңбегі бойынша бөлу тұрғындар табыс
деңгейінің теңсіздігіне алып келеді. Бұл теңсіздік былай түсіндіріледі:
адамдар өзінің күш – қайратымен және қабілеттілігмен, отбасы жағдайымен
және еңбеккке қатынасымен ерекшеленеді. Еңбектің сандық (ұзақтығы
мен интенсивтігі) және оның сапалық (күрделілігі және басқада еңбек
жағдайлары) әртүрлілігі, теңсіздігі болады. Бұл принциптің артықшылығы
сонда, әрбір адамның еңбек нәтижесінде мүдделілігін қамтамасыз етеді.
Өзінің біліктілігін көтеруге мүдделілік ол жеке адамның ғана емес,
кәсіпорын, тіпті қоғамның мүддесіне жауап береді [1].
Еңбек нарығы жұмыс күшінің ұсынысы мен оны жалдаумен, яғни сату-сатып
алумен байланысты қоғамдық қатынастар жүйесін білдіреді. Еңбек нарығында
өзара екі жақ әсер етеді: жұмыс күшінің иелері - сатушылар және жұмыс
берушілер - сатып алушылар.Мұнда еңбекті құндық бағалау жүзеге асады, жұмыс
күшіне сұраныс пен ұсыныстың айырбасы мен құрылымы қалыптасады. Ерекше атап
өтетін нәрсе, мұнда сату - сатып алу объектісі жай тауар емес, ерекше тауар
- адамның жұмыс күші, оның еңбекке деген қабілеті. Ол адамның табиғаты және
арнайы білімі мен тәжірибе арқылы жинақталатын қасиеттерін сипаттайды, ал
олар адамды белгілі бір еңбекті, нақты іс - әрекетті жүзеге асыруға
қабілетті етеді. Нақты айтар болсақ, бұл тауар айырбасталатын нарық еңбек
нарығы емес, жұмыс күші нарығы түсінігінің синонимі ретінде экономикалық
әдебиеттерде жиі қолданылады.
Еңбек нарығы - бұл ерекше тауар - адамның жұмыс күші немесе еңбекке
қабілеті айырбасталатын тауар нарығының ерекше түрі. Экономикалық категория
ретінде жұмыс күші, бір жағынан жұмыс күшінің иесі - сатушы мен екінші
жағынан, жұмыс беруші - жұмыс күшін сатып алушы араларындағы қатынастарды
сипаттайды.
Нарықтық қатынастар жүйесінде еңбек нарығы өндірістік ресурстардың
басқа нарықтары-капитал нарығы, тауарлар нарығы, инвестиция нарығы, ақша
нарығы, т.б. секілді ішкі жүйе болып табылады және нарық жүйесінің ажырамас
бөлігіне айналады; ол ондағы процестерден, оның даму беталысы мен
бағыттарынан бөлектенбейді. Еңбек нарығының жағдайы басқа нарықтардың
жағдайымен, олардың жіктелу деңгейімен, барлық экономикалық жүйенің даму
деңгейі мен тығыз байланысты. Еңбек нарығының шегі жұмыс күшіне жиынтық
сұраныс пен ұсыныстың жалпы көлеміне тәуелді, яғни еңбек парығы
субъектілерінің құрамына жұмыс іздеп жүргендер де, еңбек ақысы бар жұмыспен
қамтылғандарда кіреді. Жұмыс күшіне сұраныс жұмыс күшінің бағасына-жалақы
мөлшеріне кері тәуелді. Басқа жағдайлар тұрақты болғанда, жалақы өскен
сайын тепе-теңдікті сақтау мақсатында кәсіпкер еңбекке сұранысты қысқартып,
ал жалақы төмендегенде сұранысты арттыруы тиіс.
Еңбек ұсынысы, төмендесе еңбек ұсынысы азаяды. П.Самуэльсонның
пікірінше қоғамдағы жиынтық еңбек ұсынысы келесі фактормен анықталады:
- халықтың жалпы санымен;
- жалпы тұрғындар ішіндегі өзін - өзі жұмыспен қамтығандардың үлесімен;
- апта ішінде және жыл бойы жұмысшылармен атқарылатын сағаттардың
орташа санымен;
- еңбектің санымен, сапасымен және біліктілігімен [14, 605б].
Экономикалық әдебиетте еңбек нарығының көлемі тек жұмыссыздармен
шектеледі деген пайымдаулар аз емес.
Бұл еңбек нарығының шекарасын тарылтып оны жұмыс орындарын іздеумен
шектейді, осыған байланысты еңбек ақы жұмыс орнының тұрақтылығы,
біліктіліктің артуы және еңбекшілерді қайта даярлау, әлеуметтік әріптестік
секілді сұрақтар одан тыс қалады. Сондықтан еңбек нарығының қызмет етуі
жұмыстан босау, қайта даярлау және еңбекпен қамтамасыз етумен ғана емес,
сонымен қатар әлеуметтік – еңбектік қатынастардың субъектілері араларындағы
келіссөздер, сауда арқылы жұмыс күшінің әртүрлі сапаларын қайта бағалауды
жүзеге асыру қабілетінен көрінеді.
Егер келесідей жағдайлар сақталынатын болса, еңбек нарығы тиімді қызмет
ететін болады:
- жұмысшылар мен жұмыс берушілердің жеке және экономикалық еркіндігі,
оның экономикалық негізі меншік нысандарының көптүрлілігі болып
табылады;
- жұмыс күшінің саны мен сапасы, жұмысшыларды жұмысқа алу және шығару
туралы шешім қабылдауда жұмыс берушінің дербес құқығы;
- жұмыс күшін сатушы мен сатып алушы арасындағы қатынастардың басты
реттегіші болып табылатын жалақының өсуіне шектеулердің болмауы;
- кәсіби мобильділікке әкелетін жұмыс күшінің еркін қозғалысы, яғни
жекелеген мамандықтарға қоғамдық қажеттіліктердің өзгеруімен
байланысты біліктілікті өзгерту; көшіп – қону мобильділігі, яғни
жұмыс орнын, тұрғылықты жерін ауыстыру, негізгі қызмет шеңберінен тыс
еңбек ету сферасын ұлғайту.
Еңбек нарығының классикалық анықтамасы бойынша, бұл нарықта көптеген
сатушылар мен сатып алушылар қызмет етеді, олардың әрқайсысының нарыққа
енуі еркін, бірақ олардың ешқайсысы бағаға елеулі әсер ете алмайды. Алайда
қазіргі рыноктық жағдайдағы рыноктар жетілмеген рыноктар ретінде қызмет
етеді. Мұнда біріншіден, кәсіподақтар монопольды сатушы болса, екіншіден,
фирмалар мен кәсіпорындар жалдамалы жұмысшыларға өз шарттарын қоя отырып,
өз монополиясын қарсы қояды. Осыған қарамастан кәсіподақтар да, ірі
фирмалар да еңбек нарығына аутсайдерлер мен шетелдіктердің, жұмыс беруші –
бәсекелестердің енуін шектеу саясатын жүргізеді.
Осыған орай қазіргі еңбек нарығы өзін-өзі реттеу сипатынан
айырылып,белсенді мемлекеттік реттеу объектісіне айналған жұмыс күшінің
ұсынысымен сұранысы көп жағдайда жоспарланады және оқыту мен қайта даярлау
жүйесі арқылы қамтамасыз етіледі, ал еңбек бағасы шарттармен ұжымдық
келісімдер негізінде анықталады және келісімге келетін жақтардың
экономикалық күштеріне тәуелді. Бұл еңбек нарығында үш субъектінің:
жалдамалы жұмысшылардың, жұмыс беруші – фирмалардың және мемлекеттің әрекет
ететіндігін білдіреді.
Еңбек нарығындағы мемлекеттің рөлі жалпы ұлттық экономиканы реттеудегі
секілді біртекті емес. Біріншіден, мемлекеттің белсенді араласуы нарықтық
механизмді бұзады және еңбектің мобильділігі мен еңбек етуге ынтаның
төмендеуі секілді теріс салдарды өсіреді, мысалы, кепілдендірілген жалақы
инфляциялық процестердің өсуіне әкеледі. Екіншіден, мемлекет жұмыс күшінің
ұсынысы мен сұранысын қалыптастыру процесіне араласа отырып, жалдамалы
жұмысшыларға жұмыс түрлері мен жұмыс күнінің ұзақтығын таңдау нұсқаларын
ұсынады,бос уақытты тиімді пайдалануға мүмкіндік береді, бұл соңғы нәтижеде
еңбек өнімділігіне қолайлы әсер етеді, Сонымен бірге кадр саясатын анықтау
және жүзеге асыруда жұмыс берушілерге де үлкен еркіндік ұсынады.[ 7, 92 -
94 б]
Еңбек нарығында жұмыс күші бір жағынан сатылады, ал екінші жағынан оны
сатып алады. Сондықтан жұмыс күші деген ұғымға тоқталайық. Жұмыс күші
дегеніміз адамның физикалық және ой қабілеті, осы қабілетін ол материалдық
және рухани игіліктерді өндіруде пайдаланады. Жұмыс күшінің еңбекке деген
қабілеті әр түрлі болады, алайда еңбек кезінде оның барлығы бірдей
қолданылмайды. Сондықтан, жұмыс күшінің нақтылы еңбекке қажет қабілеттері
бағаланады, белгілі кәсіп жасауға жұмсалынған жұмыс істеу қабілеттері
өмірге, тіршілікке қажет заттарға айырбасталынады. Демек еңбек нарығы
дегеніміз “жұмыс істеп жүрген” жұмыс күші нарығы. Ол қоғамда туған жұмыс
күшіне деген сұраныс пен ұсыныс, кәсіптік қабілет пен оны бағалаумен, жұмыс
күшті белгілі уақыт ішінде пайдалану қатынастармен байланысты. Бұл жерде
айырбастау, сату, сатып алу объекті ретінде еңбекке деген қабілеттің істе
көрінуі, басқаша айтқанда, іске қосылған жұмыс күші болмақ.
Еңбек басқа өндіріс факторлары сияқты жалақы деп аталады, табыс
әкеледі. Жалақы еңбекке марапаттау ретінде көрінеді. Бұл даусыз шындықты
барлық зерттеушілер мойындады.
Қазақстан тәжірибесіне келсек, Ресеймен салыстырғанда, еңбек нарығын
қалыптастыруда біраз алда болса керек. Жұмыс күшінің жылжымалдылығы жоғары,
әр түрлі кадрлар дайындауда жеке меншіктегі оқу орындары кәдімгідей үлкен
роль атқарады. Ал әлеуметтік объектілерге келсек, Қазақстанда пәтер-үй мен
коммуналдық шаруашылық саласында реформа жасалғанына біраз жыл болып қалды.
Сонымен қатар зейнет жүйесіндегі реформа, жалпы экономикалық реформа,
Ресейге қарағанда жақсы нәтиже беріп отыр. Сондықтан екі елдегі еңбек
нарығының ұқсастығынан гөрі айырмашылықтары уақыт өткен сайын көбейіп
жатыр.
Нарықтың даму дәрежесіне қарай, талдау мақсаты және де басқа
қолданылатын критерийлер бойынша нарықты әр түрлі сегменттерге бөлуге
болады. Мысалы, еңбек қатынасының тұрақтылығына қарай еңбек нарығын үш
секторға бөледі:
- бірінші сектор. Бұл секторда еңбеккерлер тұрақты және толық уақыт
жұмыс істейді, олардың жалақысы жоғары болып келеді. Қызметкерлердің
шеберлігін арттыруға, өндірісті басқаруға қатысуына жағдай жасалынады.
Жұмыс орнында озық технология қолданылады, кәсіподақ рөлі күшті болып
келеді;
- екінші секторда адам жартылай жұмыспен қамтылады, маусымдық жұмыс
тараған, жұмыс орындары қарапайым және мәртебесі төмен, еңбек ақы
мардымсыз, әлеуметтік қорғау жүйесі жете дамымаған, кәсіподақ орын
теппеген;
- үшінші сектор жұмыссыздарды біріктіреді. Мемлекеттің еңбек нарығына
ықпал жасау дәрежесіне қарай екі сегментті айыруға болады;
- мемлекет жұмыспен қамту жөніндегі қызмет орындары реттейтін нарық.
Сан тұрғысынан оған ресми тіркелген жұмыссыздар, жұмыс іздеп жүргендер және
кәсіптік бейімделуге дайындауға және қайта дайындауға құштар жұмыссыздар
жатады. Осы контингент жұмыс күшінің ұсынысын қалыптастырады;
- бақылаудан тыс қалған жұмыс күші нарығы. Бұған жұмысқа орналасумен
айналысатын ресми органдарының бақылауынан тыс қалған жұмыс күшінің
ұсынысының бір бөлегі және бос жұмыс пен оқу орындары жатады. Олар жұмысқа
жұмыс берушілермен тікелей түйісу арқылы орналасады. [5, 45-50 б]
Еңбек нарығының өзгеше сегменті ретінде жасырын еңбек нарығын атауға
болады. Бұл нарыққа ресми секторда жұмыс істеп жатқан адамдар жатады, бірақ
олар толық жұмыс уақытын әр себеппен пайдаланбайды.
Жұмыспен қамту жеке тұлғалардың олардың жеке және қоғамдық сұраныстарын
қанағаттандыруымен байланысты, оларға еңбекақы немесе еңбек табыстарын
әкелетін, заңға қайшы келетін іс-әрекеттері сондай-ақ осыған байланысты
пайда болатын еңбек нарығындағы жұмыс күшіне деген сұраныс пен ұсыныстың
теңестіру дәрежесінің сипаты ретіндегі әлеуметтік-экономикалық қатынастар.
Жұмыспен қамтудың формаларын зерттеу осынау аса күрделі әлеуметтік-
экономикалық категорияның мазмұнын толығырақ ашуға мүмкіндік береді. Тек
осы проблемалардың барлық аспектілеріне жан-жақты зерттеудің негізінде ғана
жұмыспен қамту саясатының басымдылықтарын таңдап оларды жүзеге асырудың
пәрменді стратегиясын құруға болады. [8, 45-50 б]
1.2 Еңбек нарығына сұраныс пен ұсыныс
Жұмыс күші болашақ тауар ретінде өзін еңбек нарығына өткізеді, өзінің
әлеуметтік – экономикалық қатынастар болып саналатын жалдауға беретін жұмыс
күші туралы және жұмыс беруші мен жұмыс күші арасындағы пайдалануды
көрсетеді. Нарықта еңбекақы мөлшері және жұмыспен қамтылу – бұл еңбекақы
алу (еңбек табысы) негізінде жеке және қоғамдық мұқтаждықты
қанағаттандыруға байланысты адамдардың іс - әрекеттері. еңбек нарығының
мөлшері қалай еңбек ресурстары, солай өндіріс күшінің даму ауқымы арқылы
анықталады.
Жұмыс күші нарығы инерциялық және қағида бойынша ол өндіріс
сияқтанған жылдамдықпен қайта құрылуға қабілетсіз. Кәсіпкерлік құрылымы,
сыныптаманың деңгейі және еңбек нарығының басқа да сипаттамасы біршама баяу
өзгереді, өндірістің қажеттілігінен артта қалады. Осының нәтижесінде
институционалдық жұмыссыздықтың ерекше алуан түрлілігі байқалады.
Институционалдық бос жұмыс орындары жөнінде жетілдірілмеген ақпараттың
болуынан пайда болған жұмыссыздықты айтуға болады.
Еңбек нарығы кез келген тауарлы нарық сияқты сұраныс пен ұсынысқа
негізделген. Сұраныс – бұл жағдайда қажеттілік нысаны ретінде бос жұмыс
орындары мен жұмыстың орындалуында бой көтереді, ал ұсыныс қамтылмаған
жұмыс күшінің немесе жұмыс орнын өзгерту тілектерінің болуы.
Сұраныс пен ұсыныс қызметкерлер арасында осы немесе басқа да жұмыс
істейтін жұмыс орындары және жұмыстарды орындау, сол сияқты жұмыс
берушілердің арасында керекті жұмыс күштерін жұмылдыру, қалай өзінің
сандық, солай сапалық құрамы жағынан бәсекелестік күрес арқылы іске асады.
Қазақстан Республикасының Халықты жұмыспен қамту туралы Заңына
сәйкес, жұмыстан босап қалып жұмыссыз деп тіркелген азаматтарға, бұрынғы
жұмыс орнындағы негізгі жалақысының 50 проценттен кем емес мөлшердегі,
бірақ республикада қалыптасқан орташа жалақы мөлшерінен жоғары және өнім
сүру минимуміне төмен болмайтын жәрдем ақша беруге кепілдік беріледі.
Нарық қатынастары дамыған көп елдерде еңбек нарығы әр түрлі топтағы
адамдарды, әсіресе жастарды жұмыспен қамтудың жеке шараларын жүзеге
асырады. Ол үшін арнайы бағдарламалар қабылданып іске асырылады. Осы
мақсатта кәсіпкерлердің қатысуымен жастар үшін жалақы шығындары бөлінеді,
және оларды кәсіптік мамандыққа дайындайтын шығындарды мемлекет толық өз
мойынына алады.
Еңбек нарығы барынша күрделі және жетілмеген нарық түрі болып
табылады. Өзінің жұмыс күшін ұсынатындар, әдетте, олардың еңбегіне деген
сұранымнан хабардар бола бермейді, олар тіпті өздерінің тұратын қала
шеңберіндегі бос жұмыс орны туралы да білмеуі мүмкін. Ал басқа аймақтардағы
жұмыс орны туралы одан да аз біледі.
Еңбек нарығы да басқа нарықтар сияқты сұранымның, ұсынымның және
тепе – теңдік жағдайымен сипатталады. Психологиялық тұрғыдан алғанда
еңбекке сұраным қисық сызығы жалдаушының тілегін, ал еңбекті ұсыным
қисығы қызметкердің (жұмысшының) тілегін көрсетеді. Жекелеген еңбек нарығы,
әдетте, бізге бұрыннан белгілі графикпен бейнеленеді.
Q4 еңбектің саны
Сурет № 2. Жекеленген еңбек нарығы.
2 – ші суретте еңбекке сұраным мен ұсыным және жалақының тепе –
теңдік деңгейінің графигі көрсетілген. Сұраным мен ұсыным шарттарының
ауытқуы SS және ДД қисық сызықтарының жылжуына және жалақының тепе –
теңдік мөлшерінің өзгеруіне әкеліп соқтырады (WP).
Еңбекті ұсыным жалақы динамикасына кері пропорционалды
тәуелділікпен әсер етеді. Басқаша айтқанда, егер жұмыс күшін ұсыну басқа
өндіріс факторларын ұсынумен салыстырғанда шектеулі болатын боса, онда
жалақының өсуі орын алады. Еңбекті ұсыну мынадай факторлармен анықталады:
- халықтың мөлшерімен;
- тұрғындардың жалпы санындағы еңбек етуге қабілеті бар халықтың
үлесімен;
- жұмысшының бір жыл ішінде атқарған жұмыс сағатының орташа санымен;
- жұмсалатын еңбектің саны және сапасымен, жұмысшының мамандық
деңгейімен квалификациясымен .
Жалақының тепе – теңдік деңгейін орнықтырудың автоматты тенденциясы
болады. Тепе – теңдікке жету механизмі болып, жұмыссыздық көлемінің
өзгеруінің ықпалымен және тауарлардың нарыққа әсер етуімен болатын
жалақының ақшалай мөлшерінің ауытқуы қызмет етеді; ақшалай жалақы өскен
жағдайда бағаның жалпы деңгейі өседі, төмендеген жағдайда азаяды. Барлық
экономика үшін біртұтас еңбек нарығы болмайды. Нақты өмірде, біз көптеген,
жеткілікті дәрежеде оқшауланған сегменттермен кездесеміз. Еңбек нарығы
мамандықтар, салалар және территориялар бойынша бөлінеді. Бір сегменттен
басқа сегментке өту үлкен шығынмен байланысты. Еңбек нарығындағы тепе –
теңдік жағдайы көбінесе мемлекеттің араласуымен анықталады. жұмыссыздыққа
байланысты берілетін жәрдем ақша еңбекті ұсыну жағдайына әсер етеді.
1.3 Еңбек нарығы және еңбек биржасы
Жұмыссыздық проблемаларын шешуде еңбек биржалары (тұрғын- дардың
жұмыспен қамту қызметі) айтарлықтай орын алады. Нарық қатынастары дамыған
елдерде еңбек биржасы алғашқыда жұмыссыздарға жәрдем беру мақсатында
адамгершілік институттары ретінде пайда болды.
Еңбек биржаларының негізгі атқаратын қызметтері мыналар: еңбек
нарығындағы сұраным мен ұсынымды анықтау; жұмыссыздарды есепке алу және
бос жұмыстарын тіркеу; жұмысын ауыстыруға және жұмысқа тұруға тілек
білдіретін адамдарға ақпараттар беру; жұмыс іздеп жүрген кадрларды оқыту
мен қайта дайындауды ұйымдастыру; жастар арасында кәсіптік бағдар беру
жұмысын жүргізу, адамдарды жұмысқа орналастыру үшін делдалдық қызмет
көрсету және жұмыссыздыққа байланысты жәрдемақы тағайындау.
Мемлекет кәсіпорындар мен ұйымдардың мүдделерін есепке ала отырып,
биржалар арқылы еңбек нарығына әсер етеді. еңбек биржасы беретін жұмысқа
жолдама кәсіпкерлер үшін міндетті болмайды, ол тек қана ұсынымдылық
сипатта болады, себебі олардың жұмыскерлерді еркін түрде таңдауға хұқы бар
және оны өздерінің кадр бөлімі арқылы жүзеге асырылады.
Адам факторының ықпалы кәсіпорын жұмысының икемділігін арттырудағы
негізгі аспектілеріне мыналар жатады: кадрларды іріктеу және жылжыту;
кадрлар дайындау және үздіксіз оқыту; қызметкер құрамының тұрақтылығы және
икемділігі; қызметкерлер еңбегін материалдық және ағлақтық бағалылығын
жетілдіру.
Еңбек рыногы – бұл рыноктың ерекше түрі, онда жұмыс күші
тауарын сату және сатып алу жүзеге асады. Осы жерде оның құны мен
жалдану жағдайы бағаланады. Еңбек рыногы – экономика жағдайын көрсетудің
айнасы, тұрғындарды жұмыспен қамту көлемі мен динамикасын,
жұмыссыздықтың сала бойынша, кәсіби – биліктілік, демографиялық және
басқада көрсеткіштерінің құрылымын байқатады.
Қазақстан Республикасында осы уақытқа дейін еңбек нарығы болған
жоқ. Рыноктық экономикаға көшу осындай нарықтың болуын қарастырады. Еңбек
рыногы – бұл жұмыс күшін тауар ретінде сату – сатып алу туралы экономикалық
қатынастардың жүйесі. Еңбектің тікелей әсер етуінің арқасында жоғарғы
біліктілікті еңбектің дәрежесі көтеріледі, әрбір жұмыс орының бағасы өседі,
жұмыскерге және оның еңбегіне талап күшейеді. Еңбек рыногында өте
қабілетті және іскер жұмыскерлерге қатаң әрі қатал таңдау жүргізіледі.
Рынок еңбекке қабілетсіздерді, жалқау, әлсіздерді ешқашан аямайды. Ол
еңбектің жоғары шапшандығын қамтамасыз етіп, іскерлік пен бастамашылдықты
ынталандырады.
Рынокта сұраным мен ұсыным заңы жұмыс жасайды және ол еңбек ақыға
әсер етелді. Мұнда жұмыс күшін сатушылар мен сатып алушылар кездеседі.
Өзінің жұмыс күшін ұсынатын жұмыскерлер, яғни өзінің жұмысқа
қабілеттілігін сатушылар болып табылады. Біздің елімізде еңбек рыногын
мойындау үшін жұмыс күшінің әлеуметтік – экономикалық табиғаты мен оның
өндіріс құрал – жабдығымен қосылу әдісін түбегейлі өзгерту керек. Жұмыс
күшінің өндіріс құрал – жабдығымен қосылуы рыноктық әдіспен – сатып алу –
сату жолы арқылы жүзеге асады.
ІІ. Еңбек рыногы: Қазақстан Республикасында қалыптасу ерекшеліктері және
проблемаларын талдау
2.1 Қазақстан Республикасында еңбек нарығының қалыптасуы және дамуы
Еңбек нарығы – бұл жұмыс күшін (адамның еңбек ету қабілеті) тауар
түрінде сату – сатып алуға байланысты болатын экономикалық қатынастар
жүйесі. Еңбек нарығы жоғары квалификация еңбектің беделінің сөзсіз
көтерілуіне әсер етеді, осының арқасында әрбір жұмыс орнының бағасы артады,
жұмыскерлерге және олардың еңбегінің сапасына деген талап күшейеді.
Еңбек нарығында барынша қабілетті және іскер жұмыскерлерді қатал,
аяусыз түрде іріктеу тән. Еңбек нарығы жұмыс күшін толық бағалауды
қамтамасыз етеді, оның жоғары жылжымалығына, қозғалысына, ширақтығына
себепші болады, іскерлік пен белсенділікке ынталандырады. Нарықта жұмыс
күшіне сұраным мен ұсыным заңы әрекет етеді, ол еңбекке төленетін ақының
шамасын белгілейді. Бұл жерде жұмыс күшін сатушылар мен сатып алушылар
кездеседі. Өзінің жұмыс күшін, яғни еңбек ету қабілетін ұсынушы жұмыскерлер
сатушылар болып табылады. Еңбек ұжымдары мен кәсіпкерлер жұмыс күшінің
сатып алушылары болады.
Еңбек нарығын мойында жұмыс күшінің әлеуметтік – экономикалық
табиғатын және оның өндіріс құрал – жабдықтарымен қосылу тәсілін түбегейлі
өзгертеді. Қазірде, біздің қоғамымызда жұмыс күшінің тауар табиғаты
жөніндегі ғылыми да негізінен аяқталды деуге болады. Еңбек нарығының әрекет
ету жағдайында жұмыс күші тауарға айналады, ал оны өндіріс құрал –
жабдықтармен қосу нарықтық тәсілмен жүзеге асады.
Қазіргі кезде Қазақстанның экономикасы әлі де болса аса күрделі
өтпелі кезеңді бастан кешіруде, бұл сөзсіз еңбек нарқына кері әсерін
тигізуде. Жұмыссыздық проблемасы, дер кезінде еңбекақыны төлеу және тағы
басқалар өте шиеленіскен жағдайда болып отыр. Міне, сондықтан да еңбек
нарқы жөніндегі мемлекеттік саясатты одан әрі жетілдіруді қажет етеді.

бөлудің тепе – теңдік үлесімділігіне жету. Қорыта айтқанда,
республикамызда еңбек нарқын қалыптастырудың және дамытудың негізгі мақсаты
осындай. Оның мәні рентабельділігі төмен кәсіпорындардың бағытын өзгерту
немесе мүлде тарату, нарықтық жағдайға байланысты өндірісті қысқарту,
сұраныстың кемуі, өндірістердің салалық құрылымының өзгеруі және басқа да
әлеуметтік – экономикалық процестер салдарынан халықтың еңбекке жарамды
бөлігінің жұмыспен қамтамасыз етілмей отырғаны белгілі.
Қазіргі нарықтық экономика жағдайындағы жұмыссыздық мынадай сипатқа
ие. Біріншіден, болып жатқан технологиялық жағдайлар мен компьютерлендіру
жұмысшы күші мен жұмыс уақытын ұтымды пайдалануға жұмыс орны ғана емес,
жұмыс күшінде лайықты, орынды пайдаланып, қолдануға мүмкіндік береді.
Екіншіден жұмыссыздық экономикалық өркендеу мен халықты жұмыспен қамтудың
арасындағы тікелей байланыссыз – ақ өсуді көрсетеді.
Дегенмен, жұмыссыздықтың ауыр жүгімен қатар бағаның босатылуы және
жеке меншік пен кәсіпкерліктік пайда болуы жұмыссыздықтың бірте – бірте
азая бастауына себепкер болмақшы.
Адамзат тарихының тәжірибесі, адамның еңбекке деген ең
жақсы ынтасы, яғни, талаптануы, тек нарық, оның ішінде еңбек нарығы
жағдайында ғана іске асатындығын көрсетті. Еңбек нарығы дегеніміз бұл ең
алдымен жұмыс күшіне сұраным мен ұсыным. Жұмыс күшін реттеуде оны

Осы уақытқа дейін біздің елімізде еңбек нарығы болмады. Мамандарды
қайта дайындаудың тым қарапайым жүйесінің болуы – тұрғындарды толық, бірақ
тиімсіз түрде жұмыспен қамтуға жағдай туғызды, өмір сүру ресурстарын бөлуде
теңгермешілдікке жол берді, ал ол белгілі бір дәрежеде қоғамның өндіргіш
күштерінің дамуын тежеді. Әкімшілдік - әміршілдік басқару жүйесі
жағдайында мемлекет, жұмыспен толық қамту мәселесін өндіргіш күштерді
орналастыру бағдарламасына сәйкес орталықтанған жоспар бойынша өндіріс
салалары мен аймақтарына бөлу арқылы шешіп отырды. Жаңа жұмыс орындарын
жасау еңбек етуге қабілеті бар тұрғындардың санына асып кетіп отырды, ал
ол, өз кезегінде жұмыс күшінің тапшылығын тудырды. Бұл қардарлық интенсивті
типтігі шаруашылық механизмінен қолдау тауып отырды: кәсіпорынның жалақы
қоры жұмыскерлердің санынан тәуелді болды, олардың санының өзгеріп отыруы
еңбек өнімділігінің төмендегінің және жұмыскерлерді өндірістегі негізгі
жұмыстарынан ауыл шаруашылық және басқа жұмыстарға пайдаланудың орнын
толтыруға тиіс еді.
Оның есесіне жұмыскерге, белгілі бір жұмыс орнына ие болуға нақты
кепілдік берілетін және оны жұмыстан шығару іс жүзінде мүмкін болмады.
Соның нәтижесінде жұмыс күшіне сұраным еркіндігі мен ұсыным еркіндігі қатаң
шектелді. Мемлекет жұмыскерлердің белсенділігі мен қозғалысына қатаң
бақылау жасап отырды, олардың өздерінің жұмыс күшін қолдануына тек қана
мемлекет белгіленген еңбек нысандарының шеңберінде ғана рұқсат етілді.
Кадрларды тұрақтандыруда жас маман институты, белгілі бір кезеңге
мерзімдік шартқа қол қою сияқты тікелей әдістер, тиісті жұмыс уақыты
өтелгеннен кейін пәтер беруге уәде беру, бір кәсіпорында істеген
үзіліссіз жұмыс стажын жоғалту қатері сияқты жанама әдістер де
қолданылды. Өздерінің қабілетін толығырақ көрсетуге және лайықты өмір
қалпын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін жұмыс іздеу ұмтылысы – қалада
төлқұжат тәртібі түрінде, елде керісінше колхозшыларға төлқұжат бермеу,
жұмыстан шығуға кедергі жасау, пәтер алу қиындықтары сияқты әкімшілік
механизмі кедергілеріне тірелетін. Бір орында ұзақ уақыт жұмыс істеу
экономикалық тұрғыдан да және әлеуметтік тұрғыдан да ынталандырылды. Соның
нәтижесінде еңбекті ауыстырудың экономикалық заңы бұзылды. Оның мәні -
адам өзінің экономикалық жағдайын жақсарту үшін белсене жұмыс істеуі
керек, ал ол, үнемі өзін - өзі жетілдіруді қажет етеді, соған сәйкес жұмыс
істейтін өмірінің барлық кезеңі бойына еңбек ету нысанын ауыстырып отырады.
Қазіргі таңда Қазақстанда жұмыспен қамтамасыз ету шамасы қандай?
Біздің елде еңбек ресурстары және халықтың жалпы санының 55 процентін
құрады. Халық шаруашылығы қызметінің салаларында 7,4 миллион адам
жұмыспен қамтылған. Олардың 6 миллионға таяу ы немесе 81 проценті
экономиканың мемлекеттік секторында жұмыс істейді. Бұл мемлекеттік
кәсіпорындардың әлі басым екендігін, яғни нарық механизміне тән еңбекпен
қамту қатынастарының қалыптасуы өте баяу жүріп жатқандығын көрсетеді.
Сонымен қатар қазіргі еңбекпен қамту қатынастары, әкімшілдік экономика
жағдайында қалыптасқан жұмыспен қамтамасыз ету қатынастарының терең
дағдырысын көрсетіп отыр. Біздің қоғам әкімшілдік экономика жағдайында
қалыптасқан жұмыспен қамтамасыз ету қатынастарының терең дағдырысын
көрсетіп отыр. Біздің қоғам әкімшілдік басқару жүйесі жағдайында
халықты толық, әсіресе тиімді еңбекпен қамту мәселесін шеше алмады.
Еңбекпен толық қамту дегеніміз, ол халық шаруашылығы көлемінде
еңбекке деген қабілеті бар халықты жұмыс орындарымен қамтамасыз ету. Ал
тиімді еңбекпен қамту дегеніміз – қоғамдық қажеттіліктерді минималды еңбек
шығындарымен қанағаттандыру.
Өндірісі дамыған батыс елдерінің тәжірибесі, тиімді еңбекпен қамту
тек еңбек нарығы өмір сүрген жағдайда ғана болатындығын көрсетті.
Осы уақытқа дейін, біздің елде жұмыссыздық жоқ және бұның өзі ұлы
жетістік деп есептелді. Еңбекпен қамту қызметіне жұмыс іздеп жүрген 185
мың адам өтініш білдірді оның 785 мыңы еңбек биржасы арқылы жұмысқа
орналасты. Бірінші 5 мың адам жұмыссыз деп тіркелді, оның 75 проценті
әйелдер болды. Ал ресми түрде 70,5 мың адам жұмыссыз деп тіркелді. олардың
54 проценті жұмыссыздық бойынша жәрдемақы алды. Жұмыссыздардың 80
процентіне дейінгісі әйелдер, ал олардың жартысына жуығы 29 жасқа дейінгі
жастар. Әрбір жұмыссыздың бесеуі – жоғары білімді, әрбір екеуі – орта
кәсіпті маман, әрбір үшеуі – жалпыға бірдей орта білімді.
Қазақстанда тіркелген жұмыссыздардың саны 250-600 мың адам болуы
мүмкін деп күтілуде. Сондықтан мемлекет, дүние жүзінде жинақталған
тәжірибеге сүйене отырып бұл процесті реттеуді үйренуі қажет.
Жұмыссыздықтың әлеуметтік және саяси өткірлігін азайту үшін соңғы 20 жыл
бойына нарық қатынастары дамыған елдердің үкіметтері жұмыссыздарға жәрдем
берудің әртүрлі жүйелерін қолдануда. Халықты еңбекпен қамтудың мемлекеттік
реттеу механизмі оның хұқтық негізін жасауды, әртүрлі мамандандырылған
мекемелердің, экономикалық тұтқалардың кең жүйесін қолдануды қажет етеді.
Осылармен бірге мемлекет қайта маманщдандыру, жаңа жұмыс оындарын құру және
жұмыссыздыққа байланысты жәрдемақы төлеу сияқты әлеуметтік саясат
шараларын жүзеге асыруы қажет.
Жұмыссыздыққа берілетін жәрдем ақшаның мөлшері мен оны төлеу
мерзімі: АҚШ – та 26-34 апта бойына жалақының 50 процентін, кейбір
штаттарда 47 аптаға дейін; Жапонияда – жұмыссыздық жасына және басқа
көрсеткіштеріне қарай 3-12 ай бойына жалақының 60-80 процентін; Францияда –
1-2,5 жыл бойына жалақының 42 процентін, оған қосымша күніне 40 франк
жәрдем – ақша; Ұлыбританияда – 52 апта бойына 28,58 фунт стерлинг құрады.
Қазақстан Республикасының статистика және сараптау комитеті ай
сайын қазақстандықтардың тұрмыс деңгейін анықтау мақсатында арнайы
статистикалық бақылау және зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Қазақстан -
2030 ұзақ мерзімдік даму стратегиясында халықты әлеуметтік қорғау,
жұмыссыздық пен кедейшілікті жою бірінші кезекте тұрған негізгі
әлеуметтік мәселе ретінде атап көрсетілген. Статистикалық мәліметтер
бойынша Қазақстанда 2011 жылы орташа табыс деңгейі 34 024 теңге болған
және 2010 жылмен салыстырғанда 1,2 есе өскен. 2001 жылдың соңында
(желтоқсан айы) орташа табыс деңгейі 13 195 теңгеге жеткен, бұл 2000
жылдың желтоқсан айындағы көрсеткіштен 15 % жоғары. 2011 ж. тұтыну
шығындары орта есеппен 33 193 теңге болған екен. Бұл мәліметтер нені
көрсетеді? Орташа табыс (2001 ж.) 34 024 теңге болса, оның 33 193 теңгесі
тұтынуға және басқа төлемдерге шығындалған, яғни сақталған табыс деңгейі
831 теңгені құраған.
Жалпы 2008 – 2011 жылдары Қазақстанда жұмыспен қамтылғандардың
саны өндірісте – 20 712 мың адамға, ауыл шаруашылығында – 287 мыңға,
транспорт пен байланыс саласында – 68 мыңға, құрылыста – 747 мыңға өскен.
Сонымен, жұмыссыздық, халықты жұмыспен қамтамасыз ету мәселесі осы
күндері ең өткір проблемаға айналып отыр. Қазақстанның ұзақ мерзімді
стратегиялық даму бағдарламасында жұмыссыздық пен кедейшілікті толық та
тұрақты жою мәселесі 2010 жылға дейін шешілетін мемлекеттік міндет ретінде
анықталғаны белгілі. Осы 2010 жылға дейін Қазақстан экономикасында
күрделі де қарқынды өндірісаралқ құрылымдық өзгерістер жүруі қажет. Осы
құрылымдық даму стратегиясы бір – бірімен байланысты жалпы ұлттық
экономикалық, әлеуметтік және технологиялық мақсаттар мен міндеттердің
орындалуын көздеген. Қазақстанда еңбек сыйымдылығы (трудоемкость) жоғары
өндіріс салаларын қалыптастыру және дамыту; ауыл шаруашылық шикі
заттарын терең технологиялық өңдеу және түпкі өнім өндіру экономикасын
мемлекет тарапынан басым түрде қолдап – дамыту мақсаты және міндеті
анықталған. Бұл міндетті іске асыру біріншіден, көптеген жұмыс орындарын
ашуға, жаңа мамандықтар дайындауға, жұмыссыздықты жоюға, еңбекақы табысын
арттыруға жол ашады; екіншіден, еңбек пен жұмыс күшінің сапасы жоғарылап,
еңбек өнімділігі және жалпы экономика тиімділігі артады; үшіншіден, жалпы
ұлттық өнімнің құрылымы жақсарып, ұлттық табыс үлесі артады; төртіншіден,
салық төлемдері өседі және мемлекет бюджетінің мүмкіншіліктері кеңейеді.
Әрине бұл Қазақстанның ұзақ мерзімдік әлеуметтік – экономикалық
және құрылымдық даму бағдарламасы екені түсінікті. Ал нақты әлеуметтік
жағдайлар, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz