Балауыз бояуымен бояу өнері


Мазмұны
Кіріспе. 3-4
І Тарау. Мектепке дейінгі мекемеде балалардың бейнелеу іс-әрекетінде сәндік қолданбалы өнер материалдарын пайдаланудың теориялық мәселелері
1. 1. Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту және балабақшадағы бейнелеу іс-әрекетінің түрлері . . . …. . . 5-6
1. 2. Жапсыруға сәндік қолданбалы өнер материалдары арқылы балаларды үйрету ерекшеліктері… . . . 7-9
ІІ Тарау. Балабақшадағы жапсыру сабақтарында сәндік қолданбалы өнер материалдарын пайдалану жолдары
2. 1. Әр жастағы балаларды сәндік қолданбалы өнер материалдары негізінде жапсыруға үйретудің бағдарламалық мазмұны және міндеттері . . . . . 10-15
2. 2. Тәрбиешінің сәндік қолданбалы өнер материалдары арқылы ересек топ балаларын жапсыру сабақтарын ұйымдастыру
әдістері……… . . . . 16-26
Сабақ жоспары . . . 27-30
Қорытынды. . 31
Пайдаланылған әдебиеттер. . . 32
Кіріспе
Зерттеудің көкейтестілігі: Жапсыру (латынша аррlісаtio - үстіне қою, салу) - негізгі фонға декоративтік пемесе тақырыптық формалардағы қиындыларды жапсыру арқылы әр түрлі заттарды (киім, мебель, ыдыс-аяқ т. с. с. ) көркем безендіру үшін қолданылатын қолөнерініқ бір түрі.
Жапсырудың өзгешелігі оның бейнелеу сипатына, сондай-ақ орындалу техникасына, байланысты.
Сурет, живопись сияқты бейнелеу өнерінің түрлеріне қарағанда апплкациялық бейнелер бірыңғай шартты суреттерге құралады. Жапсыруға ешқандай детальдарсыз жалпылама формалар тән. Көбіне дақсыз бір түсті бояулар қолданылады, сонымен бірге бір түс екінші түстен өзгеше ерекшеленеді.
Жапсыруды орындау процесі екі кезеңнен тұрады: жеке формаларды кесу және оларды негізгі фонға жапсыру.
Жапсыру көркем безендіру құралы сияқты ерекше декоративтік тиімділігін тудырады. Кесілген формалар кейде әр түрлі үй-жай орындарын безендіруге қолданылады (мысалы, қағаз салфеткалар мен шілтерлер сөрелерді безендіруге, ал, әр түрлі түсті қиындыларды терезе әйнектеріне жапсырып, мерекелік безендіруге қолданылады) .
Мата, жүн және теріден кесілген жапсырулық қиындылар киімдерді сәндеуге, паннолар жасауға қолданылады.
Кейде кесілген бөлшектер фонға толық жапсырылмайды, сондықтан, жапсыру жарым-жартылай аумақты болып шығады. Мысалы, тек гүл жапырақшаларын ғана ортаға жапсырып, олардың соңғы ұштары негізгі түстен қалып қояды. Бұл бейнеге үлкен мәнерлілік береді.
Жапсырудың орындалуы қарапайым әрі оңай болғандықтан оны балалар творчествосы үшін қолдану өте қолайлы. Балалардың белгілі бір түстерге боялған дайын формаларды қолдануларына, сондай-ақ ою-өрнек элементтерін, сюжеттік бейнелер т. с. с. кесу арқылы композициялар құруларына болады. Сонымен, жапсырумен айналысу бір жағынан, бейнелеудің шеберлігі мен дағдының қалыптасуына, екінші жағынан творчестволық қабілетін дамытуға септігін тигізеді.
Курстық жұмыстың мақсаты: Мектепке дейінгі балаларды жапсыру өнеріне үйрету, жапсыруға арналған материалдар мен құралдарды іріктеуге үйретудің жолдары. Ересек топ балаларын жапсыруға үйретуде сәндік қолданбалы өнер материалдарын пайдалану.
Зерттеудің міндеттері:
- Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту және балабақшадағы бейнелеу іс-әрекетінің түрлері
- Әр топтағы балаларды сәндік қолданбалы өнер материалдары негізінде жапсыруға үйретудің бағдарламалық мазмұнын ашу және талдау.
- Тәрбиешінің сәндік қолданбалы өнер материалдары арқылы ересек топ балаларын жапсыру сабақтарын ұйымдастыру әдістерінің мәнін ашу.
Зерттеу пәні: Бейнелеу өнерінің көмегімен шығармашылық бастаманы дамыту.
Зерттеу объектісі: Мектепке дейінгі мекемеде оқу-тәрбие үдерісі.
Зерттеу әдістері: Ғылыми педагогикалық әдебиеттерді сараптау, талдау, бақылау, озат тәжірибені қолдану.
Курстық жұмыстың құрылымы: Кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
КІРІСПЕ
Зерттеудің жұмысының өзектілігі:
Ел Президентінің Қазақстан халқына «Қазақстан-2030» жолдауында
«Біздің жас мемлекетіміз өсіп, жетіліп кемелденеді, біздің балаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ер жетеді. Олар өз ұрпағының жауапты да жігерін, білім өресі биік, денсаулығы мықты өкілдері болады…» деген сенімі жай айтылған сөз емес. Бүгінгі білім беру талабына орай білім беру мазмұны, мақсаты қайта қаралып, түбегейлі жаңартылуы керек(1) .
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында білім беру жүйесінің жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған рөлі атап көрсетілсе, осы Заңның 41-бабында: «педагог қызметкерлер оқушылардың мемлекеттік білім беру стандартында көзделген деңгейден төмен емес білім, білік, дағды алуын қамтамасыз етуге, жеке шығармашылық қабілеттерінің дамуы үшін жағдай жасауға міндетті» делінген(2) .
Баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуы сәби кезінен басталады. Ол үшін балаға барлық жағдай жасалуы керек. Өмірге келген әрбір бала бақытты болуы тиіс. Бұл-баланың басты құқығы. Балалар-еліміздің бүгіні мен ертеңі. Мемлекетіміздің басты байлығы, әрі тірегі. Сондықтан балаға тиісті дәрежеде жағдай жасап, денсаулығын жақсартып, өмірін гүлдендіріп, саналы тәрбие мен сапалы білім беру-біздің басты мақсат(3) .
Елбасымыздың Жолдауында еліміздегі барлық мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеуді арттыру мақсатында «Балапан» бағдарламасы әзірленіп, оны іске асыру жұмыстары тапсырылғаны баршамызға мәлім. Замана алға қойған бұл міндеттерді өз мәнінде шешу үшін мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру мазмұнын түбегейлі жаңарту көзделуде. Қазіргі өмірдің өзінен туындап отырған талаптарды орындау, жаңашылдыққа жаршы болу үзіліссіз тәрбие негізінің бастау бұлағы - мектепке дейінгі ұйымдардан басталғаны орынды. Бала тәрбиесі отбасынан бастау алады десек те, ғылымға негізделген әдіс-тәсілмен берілетін тәлім-тәрбие ісі көбінесе балабақшадан басталып, мектепте жан-жақты педагогикалық өрісін табады. Әсіресе, балабақшадағы тәрбие бала табиғатына ерекше әсер етіп, оған өмір бойы өшпестей із қалдырады(4) .
Балабақшаның күн тәртібінде түрған өзекті мәселе - баланың денсаулығы, тәртіпті де ақылды бала өсіру, алғашқы білім нәріне жол ашу. Осыған орай, бүгінгі қоғам мүддесіне лайықты, жан - жақты жетілген, бойында ұлттық сана қалыптасқан парасатты азамат тәрбиелеп өсіру - отбасының, балабақшаның, барша халықтың міндеті.
Мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеу өнеріне қабілеттері мен шығармашылығын қалыптастару қазіргі таңда ең өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Ғалым-педагогтар мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеу өнеріне қабілетінің дамуын жан-жақты әлі де қарастыруды қажет етеді деген пікірлер айтуда.
Бала мектепке келгенде қабылдау, ойлау және есте сақтау қабілеті жоғары дәрежеде болуы тиіс. Сондықтан балаға мектепке дейін бейнелеу қабілетін дамыту маңызды. Ол үшін арнаулы дәлелденген, тәжірибе жүзінде еске асырылған нәтижелі іс-әрекеттер жасалынуда.
Осы жасқа лайықты ойлау, есте сақтау қабілеті мен ақыл-ой және ересек адамның парасатты қамқорлығынсыз баланың талабы толығымен ашылмай қалуы мүмкін. Мектепке дейінгі балалық шақта есте сақтау, бейнелеу қабілеті біршама дербестікке ие болады. Мектепке дейінгі балалардың есте сақтау қабілетін дамыту баланың ес процесінің қалыптасу өрісіне бір деңгейде көрініс бермейді, сондықтан да оны белсенді түрде ынталандыра білуіміз шарт. Мектепке дейінгі балалардың өмір сүру қалпы, оның есте сақтау және ойлай білу дәрежесімен тығыз байланысты. Сондықтан да есті дамыту-үлкен өзгеріс есті-бала алдында есте қалдыру, бейнелеу өнеріне мақсатын қойып, тиісті тәсілдер қолдануды бастайтын (мысалы, есте қалдыру үшін іс-әрекетті бірнеше рет қайталайды) арнайы мимикалық іс-әрекеттің болуы дейді. Мектепке дейінгі балалардың есте сақтау, бейнелеу қабілетіне тән заңдылықтар да қазіргі таңда зерттелінуде.
Мектепке дейінгі балалардың бейнелеу қабілетінің жоғары болатындығын ғалымдар кеңінен қарастырды.
Балабақшада бейнелеу өнерімен шұғылдану болмысты танудың тиімді құралы болып табылады және сонымен бірге көзбен көріп қабылдау, қиялдау, кеңістікті елестете білу, есте сақтау, сезім және басқа психикалық процестердің дамуы мен қалыптасуына жәрдемдеседі.
Мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеуі дегеніміз - олардың қиялынан туындаған көріністердің және құлағымен естіп, қолымен ұстаған нәрселердің және тағы да басқалары осы рецепторлардың бәрін біріктіре қалдырғанда ғана тиісті мағұлматты есте қалдыруы.
Зерттеудеу жұмысының мақсаты: мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеу өнері және бейнелеу өнерінің тапсырмаларының шешу теориясы - БТШТ (ТРИЗ) дамытудың әдіс-тәсілдерін тиімді жолдарын қарастыру.
Зерттеу жұмысының міндеттері: Қойылған мақсатқа байланысты келесі міндеттерді шешуді көздейді:
а) зерттеудегі бейнелеу өнері және бейнелеу өнерінің тапсырмаларын шешу теориясының - БТШТ (ТРИЗ) әдіс-тәсілдерінің ерекшеліктерінің теориялық негізін ашу, қарастыру;
ә) мектепке дейінгі балаларға зерттеу жүргізіп және бейнелеу тапсырмаларының шешу теориясының - БТШТ (ТРИЗ) әдіс-тәсілдерінің кейбір ерекшеліктерін анықтау және оның тиімді жолдарын айқындау;
Зерттеу пәні : мектепке дейінгі мекемелердегі бейнелеу өнері сабақтарында БТШТ(ТРИЗ) технологиясын қолдану жолдары.
Зерттеу нысаны: Мектеп жасына дейінгі баланың бейнелеу өнері және құрастыру әрекеттері негізінде бейнелеу өнеріне қабілеттері мен шығармашылығын қалыптастыру, қолдану мүмкіндіктері.
Зерттеу орны: Көкшетау қаласы № 4 «Еркемай» бала бақшасы.
I МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ МЕКЕМЕЛЕРДЕГІ БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ САБАҚТАРЫНДА ТРИЗ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНУ ЖОЛДАРЫ
1. 1 Бейнелеу тапсырмаларын шешу теориясы- БТШТ (ТРИЗ)
Бейнелеу тапсырмаларды шешу теориясы - бұл балалардың қиялын байқағыштығын барынша ерте дамыту тәрбие жұмыстың болатынын түсінген ғалымдардың символы. БТШТ - ның басқа әдістемелермен теориялардың басты айырмашылығы жекелеген тәжірибелер мен тәсілдердің әрекеттердің жинағы емес, көптеген міндеттерді шешуге ықпал ететін әдісті жасаудың әрекеті.
БТШТ - ның негізін 1945 жылы Генрих Саулович Альтшуллер қалаған болатын. БТШТ- тұнғыш рет балабақшаға 1987 жылы күзде келді. Бұл Находка қаласында болған еді. Оның өзі кездейсоқтың жемісі болатын. Инженер техник қызметкерлер үшін БТШТ бойынша жүргізілген семинардың жетекшілермен мектеп оқушылармен сабақ жүргізумен сұралған болатын. Бірақ оны ұйымдастыруда қателік жіберіп, БТШТ - лықтарды балабақшаның дайындық тобына әкеледі. Мектеп жасына дейінгі кездесу БТШТ- ні барынша жасатты, оның жаңаша жұмыс істеуіне негіз қалады.
БТШТ сабақтарының барлығы да музыкалық, тіл дамыту сабақтарымен қатар, кешенді түрде жүргізіледі. Сабақ жүргізу принціпі қарапайымнан күрделіге қарай ауысады. Сабақ жүргізу кезінде төмендегі ережелерді атқару керек.
- бала бейнелеу материалдарын - қарындашты, тушты, гуащты, көмірді, пластелинді желімді т. б. таңдау мүмкіндігі иеленуі керек.
- материал баланың қолы жететін жерде тұрғаны жөн;
- бейне түсетін материалды да баланың өзі таңдағаны жөн. Бұл ақ қағаз түрлі түсті түкті қағаз, картон, фанер, шыны, фольга болуы мүмкін. Олардың түрімен өлшемі әр алуан болғаны дұрыс;
- баланы сурет салудың алуан түрлі техникасына үйрету керек.
Іс-әрекеттің табысты болуы үшін жұмыстың төмендегідей жоспары ұсынылады:
- Санадағы ұғымның түрін өзгертуге, басқа бейнеде елестетуге, оларды қиылыстыра пайдалануға үйрету және осының негізінде мүмкіндігінше жаңа образдармен жағдайлар қалыптастыруға баулу.
- Оқиғаны оның даму реттілігі бойынша елестетуге, олардың жекелеген бөлшектерінің бір-біріне тәуелділігін орнықтыруға үйрету;
- Бейнелеу жағдайына «кіруге» үйрету;
- Бейнені жүзеге асыру үшін тиісті бейнелеу - айқындау құралдарын пайдалануға үйрету;
- Кейіпкерлерге қиял-ғажайып сипаттағы ерекшеліктер беру;
- Белгілі ертегі кейіпкерлеріне оларға мүлде тән емес қасиеттер беру;
- Бейнелерді музыка көркем сөз бейнелеу құралдары арқылы қабылдауға үйрету;
- Заттардың белгілі бір қасиеттерін қабылдауды, ерекшелей білуді дамыту, оларды белгілері бойынша жинақтап, және қаншалықты ерекшеліктерін анықтау.
- Қоршаған өмірдегі заттармен құбылыстар туралы түсінікті кеңейту.
- Суреттерді талдау және живописке деген ынта мен құштарлыққа тәрбиелеу.
- Балалардың көркем шығармашылық қабілеттерін, түсті, ырғақты, түрді сезінуін дамыту.
- Суретті пайдалана отырып, диалогтік және монологты сөйлеуді жетілдіру.
- кеңістік туралы түсінікті орнықтыру және кеңейту.
- Суретті дербес құрастыруға үйрету.
- Жекелеген суреттер бойынша немесе үлкен қағаздың бетіне сурет сала отырып бір ертегінің мазмұнын сипаттауды құрастыруға үйрету.
БТШТ-да бейнелеу техникасының төмендегідей түрлері пайдаланылады.
1. Паралонмен, матамен сурет салу. Бояу ернеуі аласа ыдыстарға құйылады. Паралонды бояуға матырып алып, суреттің бетіне жағады. Бұндай тәсілмен қағазға берілген бояу біркелкі әрі әдемі болады. Осындай тәсілмен ағаштың, жапырақтың, таулардың суретін салуға болады, заттардың өзіндік сипаттарын беруге бұл тәсіл барынша қолайлы.
2. Түтікше болып оралған матаны пайдалану. Матаның қиығы мұқиятты түрде түтікше болып оралып, оның бір ұшы бояуға малынады да одан қағаз бетіне жұғылады.
3. «Саусақты живописі». Бұл техника өте қызықты, қазіргі кезде неміс суретшісі Гюнтер Юкке оны кенінен пайдаланды. Аталған техниканың ерекшелігі мынада: бояу саусақ немесе алақан арқылы жағылады. Бояу жалпақ табақшаға құйылады. Сондай жалпақ ыдыста таза су тұрады. Басты тәртіп - әрбір саусақ бояудың бір ғана түріне батырылады. Жуылған саусақ қолма қол сүртіліп отырады. Егер балалар алақанымен сурет салатын болса, бояуды тереңірек ыдысқа құю керек. Бұл техника ересек балаларға да сәбилерге де қызықты. Сәбилер тобында бұл тәсілмен көйлектерді безендіріп жануарлар ізін бейнелеуге болады. Ересектер тобында әдемі пейзаждар ағаш суеті тамаша көрінісі береді.
4. Монотипия. Техниканың бұл түрінде бояу салафанға немесе шыныға жағылып сонан соң үстіне қағаз қойылып салмақпен жабылады. Дақтың көлеміне бояудың бағытына қарай әр түрлі бейне алынады. Бұл - тәсіл. Тағы бір тәсіл қағаз екіге бөктеліп бояу парақтың тек қана бір жағына жағылады. Мұнан соң парақ екінші жағына бүктеліп айнала бейне пайда болады. Бір немесе бірнеше түрлі бояуды пайдалануға болады.
5. Сиқырлы сурет. Сурет балауыз арқылы салынады. Ол көрінбейді оны байқау үшін қағазға тушь немесе бояу жағу керек. Бұл техника барынша күрделі сондықтан оны ересектер тобында қолдану керек.
Балауыз бояуы Қытайдың ерте заманындағы өнерінен бастау алған мәнерлеу шеберлігі. Бұл шеберлік мяу, бу-и, гылау, дұң, шүй қатарлы ұлттардың балауыз бояуы өнерлерін тоғыстырады. Йүннан балауыз бояуында, оның үстіне сурет салу мен бояу беруді шебер ұштастырылғандықтан, бұл өнер «Шығыстың маңдай алды бояуы» аталып кетті. Балауыз бояуы балауызбен бояу қондырмау деп те айтылады. Археологиялық зерттеулерге сүйенсек, балауыз бояуы Қытайдың ерте заманынан бастау алады. Ең бері дегенде Чин Хан династиялары заманында Қытайдың батыс-оңтүстігіндегі аз санды ұлттар жиі қоныстанған жерлерде балауыздың бояу қондырмау ерекшеліктері жете меңгерілген. Олар ара балауызы мен ақ балауызды бояу қондырмау материалы ретінде пайдаланып, ақ матаның бетіне өрнек түсіріп, онан соң бояу беріп, балауызды тазартып отырған. Балауыз ыстықта дереу балқып, суықта дереу қата қалатын ерекшелікке ие болғандықтан, сурет салған кезде асқан шеберлік қажет етіледі. Балауыз тым ыстық болса, жол-жолақтары бұзылып, өрнектер өзгеріп кетеді, ал балауыз сәл салқын болса жайылмай қалады, өрнектері үзіліп ұласпайды. Сол себепті, балауызды балқыту температурасы қалыпты болуы керек. Өйткені балауыз берілгеннен кейінгі жиырылудың немесе ысқылаудың себебінен, сызаттар пайда болады, бояу берілгеннен кейін бояу сызаттарға сіңіп, ретсіз бедерлер қалыптасып, өз алдына бір әсемдік өнім береді. Бұл «мұз сызат» деп аталады. Қытайдың Йүннан балауыз бояуында сурет салу мен бояу беруді ұштастырылғандықтан, бұл өнер «Шығыстың маңдайалды бояуы» аталып кетті. Балауыз бояуы Қытайдың Йүннан өлкесінде жасайтын мяу, бай ұлттарының арасында кең етек алған. Мяу ұлтының мата тоқу өнеріндегі шеберлігі ұрпақтан-ұрпаққа ұласқан. Маталары әдемі, жұмсақ, тығыз тоқылып, сапалы, шыдамды келеді, тарихта «мяудың тозбас матасы» деген аты қалған. Йүннан балауыз бояуы жергілікті жердің жер-су табиғатының көрінісін шығармашылықтарына астар етеді. Тауыс, піл, шай гүлі, көкек сықылды аң-құс, гүл-шөптерді бедерлеп түсіріп, ерекше үлгі аңғартады. Балауыз бояуымен бояу өнері Балауыз бояуымен бояу өнері мынадай: Ақ матаны тақтайдың үстіне тегістеп жаяды, балауызды шағын қазанға салып, еріп қоймалжың болғанша ысытады. Онан соң балауызды пышақпен іліп алып, матаның бетіне өрнек түсіреді. Өрнек салып болған соң, оны бояу күбісіне салады, бояу сіңгеннен кейін алып, таза суға салып қайнатады, балауыз еріп кеткеннен кейін, ақ түсті өрнек қалады. Балауыз бояуын түсіруге, әдетте, жергілікті қолдан тоқылған ақ түсті мата қолданылады, машинада тоқылған ақ мата, жібек дүрия, жібек жұтқан кездемелер де қолданылады. Бояу қондырмауға негізінен, сары балауыз яғни ара балауызы қолданылады, кейде ақ балауыз қосып қолданылады, Қытайдың Гуйжоу өлкесінен шығатын ніл бояуы қолданылады. Балауыз кірістіріп әдісі және шеберлік барысы 1. Балауызды сурет салудың әзірлігі Әуелі, қол тоқыған матаны сақармен жуып тазартып, онан соң піскен таро түйнегін езіп, матаның теріс жағына жағып, кепкен соң мүйіз қырғышпен тегістеп жарқыратады. 2. Балауыз жағу Ақ матаны тақтайдың немесе столдың үстіне тегістеп жаяды, балауызды шыны кесеге немесе металл қалбырға салып, отқа қойып ерітіп, мыс пышақпен іліп алып, сурет салады. Бояу әдісі: Балауыз сурет түсірілген мата ніл бояулы күбіге салынып, әдетте 5-6 күн шыланып тұрады. Бірінші рет шылап алғаннан кейін құрғатса көгілдір түске енеді. Тағы бірнеше рет қайталап шыласа, шымқай көк түске енеді. Егерде бір бөлек матаның бойынан солғын және шымқай түстер көріну керек болса, онда бірінші рет шылап алған соң, бұл матаның бетіне тағы балауыз өрнек беріп, тағы шылау керек. Боялып шыққаннан кейін, солғын және шымқай өрнектер анық көрінетін болады. Балауыз өрнек салынған матаны бояу күбісіне салған кезде, «Ұстасып тұрған балауыздың» ішінара жерлері бүктеліп бүлінеді, содан табиғи сызаттар түседі, бұл әдетте «мұз сызат» деп аталады. Кейде, қажетке қарай «мұз сызаттар» қолдан жасалады. Бұл «мұз сызаттар» балауыз өрнектерді анағүрлым байыта түсіп, табиғи да тамаша өзгешелік танытады. Балауызды кетіру. Шайқап жуып, таза суға салып қайнатып, балауызын кетіріп, судан шығады, сонда матаның бетінен ақ, көгі айқын өрнектер анық көрінеді. Бояулы балауыз өрнегін салудың екі түрлі әдісі бар: бірі, әуелі ақ матаның бетіне түсті сұлба сызып, оны «Балауызбен бекітіп» қояды. Бояғаннан кейін, онан түсті сурет айшықталады; енді бірі, балауыз кірістіріп бояп тазалап, кептіргеннен кейін, оның ақ жерлеріне түсті бояу береді. Халықтық балауыз нақышын салуда бүлдіргеннің нілімен қызыл түс, сары гардениямен сары түс береді. Балауыз бояуының «мұз сызатты» бедерлері шыны кіреукесі сықылды «жапырақшаланып», көркемөнерлік ерен өнім береді. Сызаттың үлкен-кіші, бағдар-бағытын адам өзі меңгеріп, суреттелетін нысанды дәлме дәл бейнелейді, ерекшелігі мен мұндалап тұрды. Қабат-қабат көп түсті гүл жиектерін бояуға тура келгенде түске бөліп, балауызбен бекіту шарасын қолданса анағұрлым кемелді бейнелеуге болады. Қазіргі күнде балауыз кірістіріп бояу киім-кешек, кілем-кілше, дастарқан қатарлыларды мәнерлеуге көбірек қолданылады.6 Ақ қағаздан ою ойып салу. Дат суретшісі әрі дизайнері Питер Каллесен жәй ақ қағаздан өнер туындысын жасап шығарады. Шебер paper art техникасына арқа сүйейді. Ол қағаздан не қатырма қағаздан әртүрлі пішіндер мен кейіпкерлердің бейнесін жасайды.
“ Заттандыру процесі кезінде үш өлшемді жалпақ қағаз сиқырлы күйге түседі деп ойлаймын. Бұл расында да сиқырлы күш болуы мүмкін, себебі, жұмыстың жасалу жолы түсінікті болғанымен, пішіндер негізі болмысынан қашып құтыла алмайды”, - дейді суретші.
Питер Каллесен көбіне А4 форматындағы ақ қағаздармен жұмыс жасайды. Ол әр пішінді жәй сол қалпында жасап шықпайды, әрқайсысы өзіндік ой арқалаған, үлкен ізденістен туған дүниелер. Қағаз қиял мен ой байланысының нәтижесінен өнер туындысына айналып шыға келеді. Жұқа қағаз суретшіге мүсінін әлсіз һәм қорғансыз күйде көрсетуге мәжбүрлейді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz