Тыңдауға арналған музыкалық репертуарлар



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Ақмола облысы білім басқармасы жанындағы
Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі
МКҚК

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

ӘН САЛУДЫҢ ТӘРБИЕЛІК МАҢЫЗЫ

Мамандық атауы: 01010000 - Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту
Пәні: Музыка әдістемесі

Орындаған: Мусулмамбекова Алина
Ғылыми жетекшісі: Досжан Е.Д.
Курстық жұмысты қорғаған бағасы _________________

Кафедра жетекшісі ________________Амиржанова Г. К.
Хаттама № _____ ____________ 20___ ж.

Көкшетау, 2020
Мазмұны:
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
1.Балабақшадағы білім беру стандарты бойынша музыкалық репертуар ... ... .6
2.Ән салу репертуарларына қойылатын талаптар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12
3.Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған репертуардың түрлері ... ... ... ..15
4.Тыңдауға арналған музыкалық репертуарлар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .19
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ..20

Кіріспе
Мектепке дейінгі ұйымдардың маңызды міндеті әр баланың шығармашылық қызметін қамтамасыз етуге, балаға өзін толық жетілдіруге және өзінің белсенділігін көрсетуге, балалармен дамытушы ортаны ұйымдастыру арқылы тәрбиелеу жұмысының дамытушы әсерін арттыруға және педагогикалық үдерісті жетілдіруге мүмкіндік береді. Ерте жастағы балаларды дамытуда заттық-дамытушы орта маңызды фактор болып табылады. Бала толыққанды дамуы үшін балалар әлемді жарқын, қанық әсермен қабылдайтындай жағдай жасау қажет. Бала - ұлы еліктегіш, толыққанды адам, өзінің дербестігінде бірегей, әуесқой зерттеуші, қоршаған әлемді өзі үшін таңдана және қуанышпен ашушы, әртүрлі белсенді іс-әрекет түрлері үшін оған берілгендердің барлығын пайдалануға ұмтылушы. Мектепке дейінгі ұйымдардағы педагог қызметкерлердің міндеті - балалардың шығармашылық қабілетін шыңдау, өнер тілі мен әлемнің көркемдігін жаңғырту тәсілдерін тану, еркін таңдауда танымдық-эстетикалық және мәдени-коммуникативтік қажеттіліктерін іске асыру, заттық-кеңістіктіки дамытушы ортаны модельдей алу шеберлігінен құралады. Осы себепті, баланың жан-жақты дамуына өзінің мазмұны және қасиеттері арқылы әсер ететін дамытушы ортаның ерекшеліктерін ұғыну бүгінде маңызды міндет болып табылады. Дамыту ортасы бала топта өзін және өзінің өмірін құрып, өзінің қуанышы мен уайымын өзгелермен бөлісе алатындай, балалар мен ересектердің өзара әрекетінде өң және дәнекер ретінде қызмет етуі тиіс. Бұл орта бала қуанып бара алатындай және мейлінше ұзақ қала алатындай екінші үйі сияқты болуы керек. Топта әрбір
4 бала өзге тұлғалардың арасында өзін жеке тұлға ретінде сезіне алатындай, өзінің жеке мүмкіндігін іске асыра алатындай, өзін жайлы сезінетіндей қоршаған кеңістікті құрастыру қажет.
Курстық жұмыстың өзектілігі: Музыка - адам өмірінің серігі, эстетикалық, адамгершілік тәрбиеснің негізі болып табылады. Музыканың бала өміріндегі мәні ерекше Әннің қазақ өмірінде алатын зор маңызды басқа халықтан кездестіру екі талай. Қазақтар тіпті жай сабақты да балаларға ән көмегімен оқытады деп Э. Вульфсон өте тауып айтқан... Музыка тыңдау бөлімі бойынша ән, күй, халық әуендерін, басқа ұлттық шығармаларды қолдана отырып, музыканы тыңдау, қабылдау, есте сақтау, ажырата білумен қатар, оның мазмұнын, көркемдік қасиетін түсіндіру қажет.
Әнді музыкамен, музыкасыз жеке, көппен қосылып, орындау кезінде дауысын дамытуға, өлең сөзін дұрыс, анық айтуға, ырғақты қимылмен музыка үндестігін сезіне, денесін дұрыс ұстап, әдемі қозғала білуіне ерекше мән беріледі. Музыканы басқа пәндермен байланыстыруда (тіл дамыту, сахналау, дене шынықтыру, бейнелеу т. б) баланың көңіл хошы, өз күші мен ептілігіне қызығушылығы арта түседі. Ән айту бала организіміне жақсы әсерін тигізіп, музыка мен ритмді сезіну, эстетикалық тәрбиені, музыкалық талғамдарының өзіне сай қалыптасыуна көмектеседі. Сондықтан да баланың өмірінде ән, оның орындалуы жолдары, дұрыс репертуар мен жанрды таңдау және пайдалану жолдарын нұсқау курстық жұмыстың өзектілігіне жатады.
Зерттеу нысаны: Көркемдік және тыңдауға арналған балалар музыкалық шығармаларының ерекшелік қасиеттері. Белгілі бір ізділікпен іріктеліп алынған репертуар айналадағыларға эстетикалық көзқарасты тәрбиелеу міндеттеріне жауап береді. Сондықтан әр түрлі жас тобындағы балаларды қандай музыкамен таныстыру керектігінің, мұндай жағдайда қандай сезімдердің тәрбиелетіндігінің өзіндік мазмұны бар. Осыны ескеріп мектеп жасына дейінгі балалардың әр жас ерекшелігіне сай репертур тыңдау және таңдауды басты нысанға алдық.
Зерттеу пәні: Музыка
Курс жұмысының мақсаты: Мектеп жасына дейінгі баланың бойында таңдалған музыкалық репертуар арқылы эмоцианалдық көзқарасты тәрбиелеуге, эстетикалық қажеттілікті дамытуды бағыттауға, әсемдікті музыкалық форманың ең жетілген түрлері мен идеялық-образдық мазмұнының бірлігі арқылы қалыптастыру, музыка өнері арқылы патриотизм, интернациолизм сезімін тәрбиелеуге, музыкалық материалды толық игеру үшін үйрену барысында эмоцианалдық қалыпты сақтауға, балалардың музыка өнерін терең ұғынуы үшін эстетикалық толғаныс әлемін байыту, кеңейту, ізденішілік бағыт үйретушінің оқу процессі бойынша пайдалану жолдарын көрсету.
Зерттеу міндеттері:
oo Музыкалық репертуарды таңдағанда жас ерекшелігіне сай жанрды таңдау.
oo Әртүрлі сипаттағы, қарқындағы музыканы қабылдау, музыкаға деген өзіндік қатынасын, ол туралы пікірін айту;
oo әуендерді немесе музыкалық шығармаларды орындау кезінде пьесаларды тану және атау;
oo пьесалардың, әндердің жекелеген эпизодтарын көргендегі және музыкалық бейнелерінің арақатынасын тану және атау, тыңдауды иллюстрация көрсетумен қатар жүргізу;
oo музыканың ырғағын дәл беру;
oo би сипатындағы музыканы эмоционалды түрде қабылдау;
oo музыка жанрларын ажырату;
oo музыкалық ойыншықтар мен аспаптарды тану.
Зерттеу болжамы: Музыка, ән, өлеңдер арқылы баланың шығармашылығы дамып шыңдай түседі, көңіл-күйлері де жақсарады. Қазақта Баланы жастан деп бекер айтылмаған, сондықтан баланы кезіне шығармашылыққа баулыса, бүлдіршін көп естіп, тыңдап көрсе, меңгерсе соншалықты ол өзінің бойында шығарамашылық, музыкалық қабілеттерін дарытады.
Зерттеудің жетекші идеясы: Мектепке дейінгі мекемедегі музыкалық репертуардың әр топқа сәкес дұрыс таңдалуы.
Зерттеу әдістері: Таңдалған және зерттелген тақырып бойынша жазушылар мен даналар айтылған, жазылған ой-пікірлерге, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік ғылыми әдебиеттер мен Әділет білім беру стандартына талдау жасау әдісі, бала әрекетін талдау;
Зерттеудің ғылыми жаңалығы: Шығармашылық-тіршілік көзі. Жақсы ән мен сазды музыканың - жан азығы болып табылады. Белгілі бір өнер иесіне арналған әсерлі әдеби - музыкалық кештер өткізу де бала санасында із қалдырады. Жақсыға, әдемілікке, үлкеннің маңызды да пайдалы ісін қайталауға, ұқсап бағуға талпындырады. Әр сазгердің немесе әншінің шығармашылығындағы, репертуарындағы әндерді, шығармаларды тереңірек талдау арқылы бала тағы да музыканың эмоциялық әсерін, бейнелеу күшін түсініп, жақсы мен жаманды ажырата алуға үйренеді. Сол сияқты баламен жеке жұмыс жасауда әр баланың бойындағы қабілетін тауып, дамытуға жол ашады. Ал, музыканы түсіне шығарма кейіпкерімен бірге жетіле, әсемдік пен әдемілікті сезіне өскен бала қоғамға тек пайдасын тигізетін, ұлттық қазынаны бағалай білетін, саналы да білімді, отансүйгіш, тәрбиелі, адал азамат болып өсері сөзсіз.Осының бәрін ескере отырып, мектепке дейінгі буынның музыкалық репертуарларды меңгеруі мен пайдалану жолдарын ашып көрсету курстық жұмыстың басты жаңалығы болып табылады.
Зерттеудің теориялық маңызы: Баланың шығармашылық қабілеттің дамуына ән айту үшін барлық жағдай жасау қажет. Бала өзін емін-еркін сезіну басты мақсат болып табылады. Осы шығармашылық қызметке ынталандыратын ортаны балаға жасау, оның болуын қамту қажет.
Зерттеудің практикалық маңызы: Мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндерді алдын ала әуенді тыңдап, оған сәйкес ойыншық аспаптарды таңдау, кейін әннің сөздерін бірге жаттап, атқарылған жүйелі жұмыстың нәтижесінде әр баланың бойында жалпы музыкалық қабілеттерін дамыту маңызды.
Зерттеу жұмысының құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден, 3 бөлімнен, сонымен қатар қорытынды бөлім мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1.Балабақшадағы әділет білім беру стандарты бойынша музыкалық репертуар
Балабақшадағы Әділет білім беру стандарты бойынша музыкалық репертуар "Шығармашылық" білім беру саласының базалық мазмұнындағы музыка ұйымдастырылған оқу қызметінде жүзеге асырылады. Осы оқу қызметінің мақсаты балалардың танымдық, шығармашылық, музыкалық қабілеттерін қалыптастыру болып табылады.
Музыка (1 жас 6 айдан 2 жасқа дейін) балаларға әннің әуені мен сөздерін тыңдау және оларды тануды, музыкалық шығармаға эмоционалды үн қатуды, ересектердің орындауында ән тыңдау және одан соң қайталау, ересектермен қосылып айтуға, жоғары және төмен дыбыстарды тыңдауды, ойын әрекеттерін беруді, музыка сипатының ауысуына жауап беруді үйрету керек. Балаларға мазмұны бойынша жақын әндерді тыңдауды, олардың көңіл- күйіне эмоционалды үн қатуды, оларды сәйкесінше қимылдармен көрсетуді қамту керек.
Фортепианода 3 - 4 минуттық үзілістермен орындалатын көңілді және баяу әуендерді тыңдауды, дыбысқа еліктеулерді қайталау, әндегі жекелеген сөздерді айтуды, ересектердің созылыңқы айтқан екпіндеріне еліктеу, тіркестердің соңын қосылып айтуды, әндегі қайталанып айтылатын интонацияларды әндетіп айтуды, сүйемелдейтін әннің сөздеріне байланысты екі қимылдың ауысуын есте сақтау, осы қимылдарды алдымен ересектің көрсетуімен, кейіннен әннің сөзі бойынша орындауды үйрету.
Ал осы атқарылған жұмыстың күтілетін нәтижелері:
Мектеп жасына дейінгі балалар музыкамен жүре біледі;
Ересектердің орындаған әндерін тыңдайды және одан соң қайталайды;
Ересектермен қосылып әннің сөзін айтуды, әнді орындағанда интонацияларын қайталауды біледі;
Ойын әрекеттерін музыкалық сүйемелдеумен орындауды біледі;
Би әуендерінің көңілді сипатын күрделі емес қимылдармен: аяқтан аяққа ауысу, өкшелерін соғу, қолдың буынын айналдыру,орнында айналуды біледі.
Яғни, осыны ала тұра музыка - баланың білім-білік дағдысын қалыптастыратын тәрбие құралы. Балабақша балалары болашақ иесі болғандықтан дүниежүзілік мәдениетті танитын, өзінің төл мәдениетін білетін, сыйлайтын, рухани дүниесі бай саналы ойлайтын деңгейі жоғары білікті болуы міндетті. Мектепке дейінгі мекемелерде музыкалық білім беру тәрбиесімен қатар әр баланың бойында адамгершілік тәрбиесін тәрбиелеу және білім беру үрдісінде әр түрлі іс-әрекеттер арқылы жүзеге асыру әр педагог-маманның міндеті болып табылады. Олармен ойынның әр түрін ұйымдастыра отырып, бір-біріне деген қайырымдылық, мейірімділік, жанашырлық, достық, жолдастық сезімдерді тәрбиелеуге болады.
Мектеп жасына дейінгі балаларға музыканы таңдау үшін ерекше көңіл аударылады. Сондықтан да оларға арналған музыка тыңдауға қызығушылықты және түрлі жанрлы музыкалық шығармаларды: ән, полька, марш, вальс, баяу және көңілді әндер тыңдау ережесін сақтауды қалыптастыру;
2) әннің мағынасын түсіну, қоңыраулардың жоғары және төмен дыбысталуын, фортепианоның дыбысталуын, түрлі ырғақты, түрлі музыкалық аспаптарда орындалған таныс әуендерді тыңдау, бұл әуендерді тани білу дағдыларын қалыптастыру;
3) жаңа әндерді музыкалық-қимылдық көрсетусіз тыңдау.
Ән айту
1) ән айтуға қызығушылықты, тәрбиешінің дауыс ырғағына еліктеу, әннің сөздері мен жеке буындарды айту, созылыңқы дыбысталуға еліктей отырып ересекпен қосылып ән айту, аспаптардың шығаратын және ересектің ән айтуына келтіріп, әнді күш түсірмей, табиғи дауыспен, дауысты жылдамдатпай, жеке сөздерді айқайламай айтуды қалыптастыру;
2) әнді жеке және топпен айту, әуеннің жеке екпінін және ырғақты дұрыс жеткізу дағдыларын қалыптастыру.
Музыкалық - ырғақтық қозғалыстар және олардың дағдыларын қалыптастыру:
1) музыканың ашық берілген сипатына сай қимылдар жасау;
2) пьесаның екі бөлімді формасының қимылдарын ауыстыру, басталуы мен аяқталуындағы дыбысталу күшін өзгерту (қатты-баяу);
3) музыканың сүйемелдеуімен жүру және жүгіру, қол ұстасып, жұптасып, шеңбермен жүру;
4) қарапайым би қимылдары: шапалақтау және бір уақытта аяқпен тарсылдату, жартылай отыру, аяқтан аяққа тербелу;
5) әнді сахналауда қимылдардың жеке элементтерін қолдану, күрделі емес қимылдар бірізділігін есте сақтау;
6) бубенмен, сылдырмақпен, бірқалыпты ырғақты, түрлі бейнелік- ойын қимылдарын бере отырып заттармен қимылдар жасау;
7) жаттығулар мен билерде сүйемелдейтін музыканың қарама- қарсылығына сәйкес (ақырын-қатты, жоғары-төмен, баяу - жылдам) бір қимылдардан басқаларына ауысу;
8) мазмұнды музыкалық ойындарда қимылдардың сипатын беру және оның кейіпкерлері мен қимылдарының музыкалық сипатын беруге сәйкес ойынның бір кезеңінен келесісіне өту.
Осы атқарған дайындық пен жаттығулардың осы жас ерекшелігінде күтілетін нәтижелер:
Мектеп жасына дейінгі балалар музыкалық шығармалардың сипатын (баяу және көңілді әндер мен пьесаларды) ажыратады;
музыкалық шығарманың мазмұнын түсініп, (кім, не туралы айтылатыны) көңіл-күйін білдіре алады;
әннің бөліктерін айта алады (ересекпен бірге), ересектердің көрсеткен қимылдарын қайталайды (шапалақтайды, аяқтарымен топылдатады, қол білектерімен айналдыруды орындайды);
қимылдарын музыканың басталу сәтінен аяқталғанға дейін орындайды (қоян секіреді, көбелектер ұшады);
музыка және әннің мазмұнына қарай би қимылдарын шеңберде тұрып орындайды;
кейбір музыкалық аспаптарды атай алады (барабан, бубен, сылдырмақ).

Музыканы екінші кіші топта тыңдау және оның дағдыларын қалыптастыру:
1) түрлі сипаттағы әндердің мазмұны мен көңіл күйін қабылдау;
2) түрлі сипаттағы аспапта орындалған пьесаларды тыңдау, есте сақтау;
3) пьесаның көңілді мазмұнына эмоциялы көңіл-күй танытады;
4) балалар аспаптарының, музыкалық және шулы ойыншықтардың дыбысталуын ажыратады;
5) ересектердің орындауындағы және аудио-бейне үн таспадан музыка тыңдау. Мысалы: Шымшық әні ,сөзі: Қ. Мырзалиевтікі әні: Қ. Қуатбаевтікі. Ойлан, тап әні, сөзі: Қ.Ыдырысовтікі, әні: Ә.Еспаевтікі, Бала уату әні, сөзі: И.Оразбековтікі, әні: халықтікі және т.с.с. Жас ерекшелігіне сай ән мен әннің сөздері күрделенеді.
Ән айту. Дыбыстаудың бірыңғай күшімен бірдей қарқында ән салу, ересектермен бірге ән салу, аспаптың сүйемелдеуіндегі даусына бейімделу дағдыларын қалыптастыру және соған сәйкес музыкалық-ырғақтық қозғалыстар мен дағдыларды қалыптастыру:
1) бірінің артынан бірі жүру барысында би ырғағын, музыканың би сипатын игеру;
2) әуенмен бірге би қозғалыстарының қарапайым элементтерін орындау;
3) әуен сипатына үн қату, оның бөліктерінің өзгеруін байқау;
4) жоғары және төмен дыбыстауды ажырату, оны ойын әрекеттерінде байқау;
5) сылдырмақтарды тыңдау және олардың дыбыстау динамикасын ажырату.
Осыдан күтілетін нәтижелер:
таныс әндерді, пьесаларды біледі;
музыканың сипатын сезінеді: ән, марш;
музыкалық және шулы ойыншықтардың, балаларға арналған аспаптардың дыбысталуын ажыратады;
билейтін әуендерге сәйкес қарапайым қимылдар орындайды.
Музыканы ортаңғы топта тыңдау және дағдыларың қалыптастыру:
1) әртүрлі сипаттағы, қарқындағы музыканы қабылдау, музыкаға деген өзіндік қатынасын, ол туралы пікірін айту;
2) әуендерді немесе музыкалық шығармаларды орындау кезінде пьесаларды тану және атау;
3) пьесалардың, әндердің жекелеген эпизодтарын көргендегі және музыкалық бейнелерінің арақатынасын тану және атау, тыңдауды иллюстрация көрсетумен қатар жүргізу;
4) халықтық домбыра аспабының дауысын қабылдау.
Ән айту және оның дағдыларын қалыптастыру:
1) әртүрлі сипаттағы әндерді қабылдау, әуенді дұрыс, нақты интонациялау, сөздерді дәл айту дағдыларын қалыптастыру;
2) дауыс пен есту қабілетін дамытуға арналған жаттығуларды қысқа әндер айту арқылы дағдыны жетілдіру, дауыстап және төмен дауыспен ән салу, қол қозғалысымен көрсету;
3) ән сипатын ұғыну, әннің көңіл күйін бере білу;
4) хормен, күш түсірмей, сөздер мен дыбыстарды таза және анық, музыкалық сүйемелдеуден кейін ән айту дағдыларын қалыптастыру.
Музыкалық-ырғақтық қимылдар және олардың дағдыларын бала бойында қалыптастыру:
1) би қимылдары, ойындық музыкалық қимылдарды орындау дағдыларын қалыптастыру;
2) марш сипатын ырғақты жүріспен беру, музыканың қимылдық сипатын-жеңіл, ырғақты жүгірумен беру;
3) жүрелеп отыруды ырғақты орындаумен, қимылды музыкамен сәйкестендіру, музыканың екінші бөлігінде қимылды өзгерту;
4) музыканың ырғағын дәл бере отырып, қимылды ырғақпен екі аяқпен еркін және жеңіл секіру.
Билер. Баланың өсуінедене бітімін дұрыс ұстауға сезімдік-эмоционалдық дұрыс қалыптасуны би және әуеннің бала өмірінде ерекше рөл атқарады. Музыканың көңілді би сипатын қабылдауға үйрету, музыканың кіріспесін ажырату, содан кейін қимылды бастау, музыканың сипатына сәйкес қимылдарды ауыстыру, би қимылдарын, билерді, ойындарды есте сақтау дамып, өсіп келе жатқан бүлдіршін үшін маңызды. Ал оны бала бойында қалыптастыру түгелдей тәрбиешінің қолында. Ойындар, хороводтар, әннің мәтініне сәйкес ойын қимылдарымен сүйемелдей отырып, әнді көңілді және емін-еркін әндету, хор айтуды шеңбер бойымен жүргізу, музыкалық фразаларға сәйкес қимылдарды өзгерту; шапшаңдық пен икемділік таныту, пьесаның соңын белгілеу, халық ойындарының көңілді сипатын беру, дыбыстарды жоғарылығы бойынша ажырату, үлкен шеңберге және шашырап тұру.
Балаларға музыкалық аспаптарында ойнау арқылы дағдыларын қалыптастыру:
1) фортепиано сүйемелдеуіндегі балалар музыкалық аспаптарында ересектердің орындауындағы би әуенін тыңдау;
2) әуеннің сипатын тану: әннің қайырмасын орындау кезінде күрделі емес ырғақтық бейнені орындап, сылдырмақтармен ойнау, музыканың тактісімен алақандарды соғу; түрлі жанрдағы музыканы қабылдау және анықтау.
Күтілетін нәтижелер:
әуен немесе музыканың кіріспесі бойынша таныс әндерді таниды;
олардың мазмұндары туралы айта алады;
сөздерді созыңқы және анық айтады;
жоғары және төмен қолының қимылымен көрсетіп, әуенін және қайырмасын айтады;
музыканың ырғағын дәл береді;
би сипатындағы музыканы эмоционалды түрде қабылдайды;
хор айтуға үлкен шеңберге тұра алады;
музыка жанрларын ажыратады;
музыкалық ойыншықтар мен аспаптарды таниды.
Музыканы ересек тобында тыңдау. Ол шығармалардың эмоционалдық мазмұнын, олардың сипатын, көңіл күйін ажырату, әсерлі реңктерін ажырату. Музыкалық шығармаға өзінің қатынасын білдіру, оның мазмұны мен сипаты туралы пікірін айту, қазақтың ұлттық аспабының дыбысталуымен таныстыру. Ұлттық, домбырада және қобызда орындалатын "күй" жанрымен таныстыру, күйші-композитор: күйші Құрманғазы, қобызшы Қорқыт шығармашылығымен таныстыру.
Ән айту. Дауысы мен есту қабілеттерін дамытуға арналған жаттығуларда қиын емес әуендерді 2 - 3 жақын үндестікте дауысын дәл келтіріп орындауға үйрету, септима мен терция дыбыстарын ажырату, қолымен бағытын (жоғары-төмен) көрсете отырып, әуеннің жоғарғы-төменгі қозғалысын ажырату.
Әннің сипатын қабылдау, дауысын дұрыс келтіріп орындау, ырғақтық бейнесі мен динамикасын дәл беру, әннің кіріспесін, басын, қайырмасын ажырату. Мерекелік әннің шаттық көңілін көңілді жеткізіп, жеңіл, ширақ дауыспен шумақтардың соңын жұмсартып айту. Қазақ халқының музыкасын қабылдау.
Музыкалық-ырғақтық қимылдар
Музыка сипатын анық ырғақты жүріспен, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Музыка тыңдау
Музыкалық репертуар
Ерте жастағы (1 жастан 3 жасқа дейінгі) балаларды тәрбиелеу мен оқытуға арналған «Алғашқы қадам» бағдарламасы
Музыка сабағында оқушының шығармашылық белсенділіктерін үйірмелер арқылы дамытудың түрі мен әдіс-тәсілдері
Мектеп жасына дейінгі балалардың музыкалық аспаптарда ойнауы
Мектепке дейінгі ұйымдардың күнделікті өміріндегі музыка және оны пайдалану жолдары
Ерте жастағы (1 жастан бастап 3 жасқа дейінгі) балаларды тәрбиелеу мен оқытуға арналған «алғашқы қадам» бағдарламасы
Музыкалық ырғақты қимылдардың маңызы, қойылатын талаптар
Музыка өнер сабағы
Сүйемелмен орындалатын шығармаға аннотация жазу
Пәндер