ФИРМА ҚЫЗМЕТІНДЕ ИННОВАЦИЯЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТТІ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ


Жұмыс түрі:  Диссертация
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 89 бет
Таңдаулыға:   

Диссертациялық жоба

ИННОВАЦИЯЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТ НЕГІЗІНДЕ БАСҚАРУ ПРОЦЕСТЕРІН ЖЕТІЛДІРУ

6M050700-Менеджмент

Муратжанова Аяжан Айдосовна

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

1 ИННОВАЦИЯ ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТ ҰҒЫМЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

  1. Инновация туралы түсінік және оның қажеттілігі
  2. Инновациялық менеджменттің ұғымы және эволюциялық дамуы
  3. Инновациялық басқарудың негізгі мақсаттары мен бағыттары

2 ФИРМАДАҒЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТТІҢ СИПАТТАМАСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТИІМДІЛІГІН ТАЛДАУ

2. 1 «ARINAS» ЖШС - тің басқару жүйесінің экономикалық тиімділігінің көрсеткіштерін талдау

2. 2 «ARINAS» ЖШС -де басқарудың қазіргі жүйесіне талдау

3 ФИРМА ҚЫЗМЕТІНДЕ ИННОВАЦИЯЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТТІ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ

3. 1«ARINAS» ЖШС - гі инновациялық менеджменттің ұйымдық- экономикалық үлгісі

3. 2 Қазақстан жағдайында шетелдік тәжірибені қолдану мүмкіндіктері

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

ҚОСЫМШАЛАР

КІРІСПЕ

Қазіргі таңда әлемдік экономиканың көшбасшыларына айналып, жоғары технологиялар саласы мен инновациялық жүйені дамытудың озық үлгісін көрсете білген елдер бар. Бұл елдер шикізатты қазу мен оны алғашқы өңдеу үрдісін қамтитын индустриалдануға дейінгі, сондай-ақ шикізатты толық өңдей отырып, одан дайын өнім жасауға дейінгі үрдістерді қамтитын индустриалды кезеңдердің барлығынан өтіп, енді жоғары технологиялар мен инновацияларға негізделген постиндустриалды экономиканы жасақтаумен, оның басым бағыттарын жетілдірумен айналысуда. Басқаша айтқанда, олар қосылған құн тізбегін толық қалыптастырып, ғылыми сыйымды, әрі инновациялық сипаты бар өнімдер мен қызметтерді нарыққа ұсынып келеді.

Кәзіргі таңдағы жаңа экономиканың алдыңғы қатарлы озық тәжірибелерін игеруге және оны ұтымды пайдалана білуге талпынған мемлекеттер үшін бүгінгі уақыттағы басты мәселе инновациялық экономиканы қалыптастыру болып табылуда. Инновациялық экономиканың басты ерекшелігі - ғылыми сыйымды, технологиялық өңделу деңгейі жоғары өнімдерді шығаруға икемді өндірістік және инновациялық инфрақұрылымның болуы.

Осы тұрғыдан алғанда Қазақстан Республикасында аталған бағытта көптеген жұмыстар атқарылып келеді. Атап көрсетер болсақ, 2003 жылы республиканың инновациялық-индустриялық дамуын қалыптастыру және экономиканың шикізаттық емес секторын өркендету әрі әртараптандыру мақсатында «Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы», 2014 жылы «Қазақстан Республикасының Ұлттық инновациялық жүйесінің қалыптасуы мен дамуының 2015-2019 жылдарға арналған бағдарламасы», ел экономикасының иновациялық белсенділігін көтеру мақсатында 2016 жылы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының индустриялық - инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» Заңы қабылданды. Осылардың негізінде отандық инновациялық әзірлемелерді қолдау мен оларды өндіріске енгізуге, Қазақстан Республикасын болашағы зор шетелдік технологияларды трансферттеу алаңы ретінде дамытуға бағытталғын инфрақұрылым жүйесін құру үрдісі басталып кетті.

Индустриялық-инновациялық дамуды қалыптастыру аясында мемлекет тарапынан жүргізіліп жатқан саясаттың алғашқы нәтижелері де көрініс бере бастады. Мәселен, еліміздің индустриялық-инновациялық стратегиясының алғашқы кезеңі аяқталып (2003-2007 ж. ж), нәтижесінде даму институттары және инновациялық инфракұрылым элементтері, яғни, иноовациялық қызметті жүзеге асыруға қажетті алғышарттар қалыптасты.

Дегенмен, еліміздің қазіргі қалыптасқан инновациялық инфрақұрылым оның субъектілерінің өзара байланысқан түрде үйлесімді жұмыс жасауына және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізушілерге кешенді қызмет көрсететін ұйым ретінде қалыптасуына жеткілікті деңгейде ықпал ете алмай отыр. Оның негізгі себептері ретінде мыналарды көрсетуге болады: инновациялық инфрақұрылым элементтерінің жұмысындағы тәжірибенің аздығы; инновациялық әлеуеті бар аймақтардың географиялық алшақтығы мен еліміздегі өңірлер мен өнеркәсіп салаларының біркелкі дамымауы; жеке сипаттағы инновациялық белсенділіктің тым төмендігі және өндірістік сипаты жоқ салалардағы табыстылықтың жоғары болуы; инновацияға бейімді салалар туралы ақпараттың аздығы; отандық инновациялық нарықтың қалыптаспауы және де ғылыми зерттеу және тәжірибелік - конструкторлық жұмыстарға бөлінетін қаражаттың мардымсыздығы.

Міне, мұның барлығы да отандық инновациялық дамытудың тиімді тетіктерін қалыптастыруды қажет етеді. Өйткені, тек дамыған инновациялық инфрақұрылымы қалыптасқан мемлекет қана инновациялық ортаның толыққанды қатысушысы бола алады. Бұған қоса, инновациялық әлеуеті дамыған елдер болашақтың бағдарын елдегі табиғи ресурстарға қарап емес, адам капиталының, оның интелектуалдық қуатының шамасына, инновациялық өнім, қызмет, сапалы жұмыс жасай алатын өнеркәсіптік, өндірістік инфрақұрылымның мүмкіндіктеріне, ғылыми-зерттеу, ғылыми-ізденушілік орталықтарының шамасына қарап айқындайды.

Бәсекелік ортада ұлттық экономиканың қуатты болуын қамтамасыз ету еліміздің негізгі ұстанымдарының біріне жатады. Ашық нарықтың басты талабының бірі әрбір тұтынушының нақты қажеттілігін қанағаттандыру деп білсек, онда осы талапқа сай экономика құрылымын жасақтау басты міндет болып қала бермек. Нарықтың үдемелі және өзгермелі сұранысын тез қанағаттандыру инновациялық әдістерді пайдаланумен ғана жүзеге асатыны белгілі. Сондықтан да, ұлттық экономиканың жедел және тұрақты дамуы еліміздегі инновациялық орта мен инновациялық басқару нәтижелі жұмыс істеуіне тікелей тәуелді деуге толық негіз бар.

Осы орайда, ұлттық инновацияны дамыту бойынша сараптаулар мен талдауларды, әдіснамалық тәсілдері, озық тәжірибелерді, аталған тетіктерді қолдануға қатысты ұсыныстар мен тұжырымдарды ғылыми негіздеудің маңызы да жетіле түспек. Аталған ерекшеліктер зерттеу тақырыбының өзектілігін айқындайды және оның ғылыми-тәжірибелік құндылығын арттырады.

Алдынғы уақыттарда экономикалық өсу факторы ретiнде посткеңестiк елдерде инновация екiншi деңгейдегi жоспар болып келдi. Бiрақ әлемдегi дамыған елдер тәжiрибесi және отандық тәжiрибе бойынша тұрақты экономикалық өсуге қол жеткiзу инновациялық қызметсiз жүзеге аспайтындығына көз жеттi. Мiне осы себептен сонғы 3-4 жылда инновацияға деген көзқарас өзгердi.

Диссертациялық жоба тақырыбының өзектілігі. Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, қазіргі кезде ең ірі дамыған елдердің қарқынды өсуінің көп үлесін экономикаға инновацияны енгізу құрап отыр. Оған Жапония, Корея, АҚШ, Қытай секілді елдерді жатқызуымызға болады. Міне осыны негізге ала отырып, Қазақстан Республикасының экономикасын жаңа технологиялар мен жаңа идеяларды енгізу, инновациялық саясатты тиімді жүргізу арқылы дамыту көзделіп отыр. Осыған сәйкес, диссертациялық жұмыстың тақырыбын инновациялық менеджмент негізінде басқару процестерін жетілдіруге қатысты таңдадым. Қазақстан Республикасының Президенті - Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың 2011 жылғы «Қуатты Қазақстанды бірге құрамыз!» атты форумында: «Бүгінгі қазақстандық жол - индустриялық-инновациялық дамудың кең арнасы. Мұның мәнісі неде? Бұл үшін біріншіден, қуатты технологиялық базаны құру қажеттігін, әлемнің қазіргі күні бесінші технологиялық төңкеріс қарсаңында тұрғандығын жеткізді.

Осыған байланысты ақыл-ой инвестициясының, ғылыми білім мен жаңа технологиялардың қажеттігін, ол үшін жаңашылдар мен инноваторларды іздеу қажет. Инновацияның инноваторлар болған жерде ғана пайда болады, оларды тәрбиелеп шығару міндет. Екіншіден ғылыми кластер мен өндірістің арасында өзара әрекеттестіктің берік тетіктерін құру қажет» деп айтып кетті[1] .

Қазақстан Республикасы кәсіпорындардың инновациялық дамуы үшін, ең алдымен, жаһандану үдерісіне сәйкестендіре отырып, кәсіпорындардың экономиканың шикізат экспортына тәуелділігін төмендетуге және әлемдік нарықта сапалы бәсекеге қабілетті өнім ұсынысына бағытталған сервистік-технологиялық экономикаға өтуге жағдай жасауы қажет. Қазіргі таңда өнеркәсіп кәсіпорындардың инновациялық дамуына қатысты көптеген шешілмеген мәселелер бар. Сондықтан, бұл тақырыптың өзекті екенін айқындай түседі.

Диссертациялық жоба мақсаты. Нарықтық экономика жағдайында инновациялық менеджментті енгізу мүмкіндігін анықтау және оның жетілдіру бағыттарын қарастыру.

Диссертациялық жұмыстың мақсаты төмендегідей зерттеу міндеттерін белгілейді:

  • инновация ұғымы мен инновациялық даму туралы заманауи зерттеулердің теориялық аспектілерін жүйелендіру;
  • инновациялық менеджмент ұғымын толық қарастыру, инновациялық басқарудың негізгі мақсаттары мен бағыттарын анықтау;
  • инновациялық менеджмент негізінде басқарудың әлемдік тәжірибесіне талдау жасау;
  • кәсіпорындардың инновациялық әлеуетін жан-жақты талдау және оларды жетілдіру жолдарын анықтау.

Диссертацияның ғылыми зерттелу дәрежесі. Экономикалық әдебиеттерде инновация және инновациялық дамудың мәні, инновациялық менеджмент негіздері оның қоғам өміріндегі алатын орны мен рөлі туралы көптеген көзқарастар және байламдар жеткілікті. Бұл ұғымдарды сараптау және дәйектеу ХХ ғасырда орын алған зерттеулерден бастап жүргізіліп келеді. Кез келген инновациялық түсінік туралы теориялық ізденістер бірқатар эволюциялық кезеңдерден өтіп, оладың мән-мағынасы тұрақты түрде кеңейе түсуде.

Инновациялық даму мәселелерін зерттеушілердің алғашқы тобына Й. А. Шумпетер, Н. Д. Кондратьев, Дж. Бернал, С. Кузнец, Г. Менш, Ф. Хайек, Б. Твисс, Б. Санто, М. Портер және т. б. ғалымдардың еңбектерін жатқызуға болады. Тәуелсіз мемлекеттер достастығы елдерінде инновациялық даму теориясына үлес қосқан А. Н. Анчишкин, А. Н. Богатырев, П. А. Андреев, Г. Крутиков, Р. А. Фатхутдинов, А. В. Барышева, К. В. Балдин, Ю. В. Яковец сияқты ғалымдардың еңбектері бар. С. Б. Әбдіғаппаров, Н. А. Барлыбаева, С. В. Могильный, Я. Ә. Әубәкіров, А. Қ. Қошанов, Д. Қ. Қабдиев, Ф. М. Днішев, Ә. Ә. Әбішев, Ф. Ғ. Әлжанова және тағы басқа отандық зертеуші-ғалымдар да инновациялық даму туралы зерттеулерге айтарлықтай үлес қосып келеді. Аталған ғалымдардың тұжырымдамаларына осы диссертациялық жұмыста жан-жақты талдау жүргізілді.

Біздің пікірімізше, Қазақстан Республикасындағы кәсіпорындардың инновациялық дамуы, инновациялық менеджмент негізінде басқаруды жетілдіру маңызды мәселелердің бірі болып қала береді және жан-жақты түбегейлі зерттеу және сараптау жүргізуді тұрақты түрде талап етеді.

Зерттеу обьектісі ретінде «ARINAS» ЖШС алынды.

Жобаның әдістемелік және теориялық негізі инновациялық даму мәселелеріне қатысты экономика ілімдері классиктерінің еңбектері, шетелдік және отандық ғалымдардың іргелі ғылыми-зерттеу жұмыстары, монографиялар, халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциялар жинақтары, оқулықтар, басылымдар құрайды. Өнеркәсіп кәсіпорындардың инновациялық мәселелері бойынша шетелдік экономист-ғалымдардың еңбектері, осы саланы дамыту мен оны басқару мәселелеріне қатысты Қазақстан Республикасының заңды және нормативтік актілері, үкіметтің аталмыш сала мәселелері жөніндегі қаулылары мен шешімдері, басқа да мемлекеттік бағдарламалық құжаттар, Статистика жөніндегі Агенттігінің, «ARINAS» ЖШС мәліметтері және басқа да есептік ақпараттар пайдаланылды.

Диссертациялық жұмыстың ғылыми жаңалығын анықтайтын төмендегідей нәтижелер алынды:

  • инновация мен инновациялық даму ұғымдары теориялық тұрғыдан терең зерттелді;
  • инновациялық менеджмент негізінде басқаруды жетілдіру жолдарын анықтап, әлемдік тәжірибелері қарастырылды;
  • кәсіпорынның инновациялық әлеуеті жан-жақты талданып, даму мәселелері айқындалды;
  • кәсіпорындардың инновациялық даму жолдары ұсынылды.

Диссертациялық жобаның құрылымы мен мазмұны . Диссертациялық жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады және жалпы көлемі 96 беттен, 8 кесте мен 12 суреті бар компьютерлік парақтарды қамтиды.

1 ИННОВАЦИЯ ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТ ҰҒЫМЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

  1. Инновация туралы түсінік және оның қажеттілігі

Инновация ұғымы мәселелерімен айналысатын ғылымдар бұл түсінікке әртүрлі мағына береді. Сонымен, социологтар «инновация» түсінігін кең мағынада талдайды. Барнет алдыңғы фирмалардан сапалы түрде ерекшеленетін, жаңа ойлар, мінез - құлық әдістері немесе заттар ретінде инновацияны жалпы қарастырады және шығармашылықтың рухани аспектісіне (ғылыми және ақыл-ой қызметі) ерекше көңіл аударады.

Жалпы “Инновация” терминi XV ғ. 1-шi жартысында пайда бола бастады. Бұл ағылшын сөзi “innovation” яғни “жандану” немесе “заттар өндiрудегi жаңа технологиялар” деген мағынаны бiлдiредi.

Австрия ғалымы Й. Шумпетер XX ғ. 30-жылдары экономика ғылымына инновация ұғымын енгiздi. Оның түсiнiгiнше инновация тұтынушылар тауарларының жаңа түрлерiн қолдану, жаңа өнеркәсәптiк және рынок пен өнеркәсiптiң жаңа ұйымдарының пайда болуымен түсiндiредi. Шумпетер бойынша инновация - тек жаңашылдық емес, ол жаңа өндiрiстiк функция болып табылады [5] .

Инновация категориясының экономикалық анализде басты төрт аспектiсiн көрсетуге болады:

  1. инновация - интелектуалды еңбек нәтижесi, яғни инновация арқылы бәсекелестiкке төтеп бередi;
  2. инновация - бәсекелестiк күш, яғни нарықтың тепе-теңдiгiн бұзады;
  3. жаңа өнiм және жаңа процесс қоғамға оң нәтижесiн тгiзедi;
  4. инновация - экономикалық өсу факторы ретiнде.

Осындағы төртiншi аспектi бiздiң елiмiз үшiн маңызды болып табылады.

XX ғ. 50 жылдары американ оқымыстысы Роберт Солоу экономикалық өсудiң басты факторы ҒТП екендiгiн айтқан. Мұны Саймон Кузнецта қолдады. Оның пiкiрiнше ұлттық өнiмнiң тұрақты өсуiн, қоғамның тұтынуын қамтамасыз етуде технологиялық прогрестiң маңызы ерекше екенiн айтты.

Экономикалық эволюцияда көптеген ғалымдар тұжырымы бойынша олар техникалық - экономикалық зерттеуiнде инновациялық процесс туралы келесi әдiстемелiк негiздерiн ұсынды:

  • экономикалық динамика мен экономикалық өсудi қозғаушы фактор инновациялық негiздегi бәсеке болып табылады;
  • экономикалық дамуда бiлiм мен интелект басты рольде болуы керек;
  • интелектуалдық қызметтi оның құрылымы мен негiзi болып табылады.

Инновация ұғымының қарапайым және күрделі мағынасы бар. Өзінің эволюциялық дамуында оның әртүрлі мазмұны мен нысандары бар. И. В. Афониннің пікірінше «жүзжылдық метаморфозаның жаршысы» ретінде беймәлім ғалым Джон А. Гобсонды санауға болады. Нақ Гобсон құнның «жер-еңбек-капитал» құн факторына төртінші «талант және білім» ұғымын қосты және «озық өнеркәсіп саласы» ұғымын енгізді [3] .

Осы заманғы инновация тұжырымдамасының негізін қалаушы австриялық, кейіннен американдық ғалым Й. Шумпетер өзінің «Экономикалық даму теориясы» еңбегінде алғаш рет «жаңашыл» және «жаңалық» ұғымын енгізді. Бұл тұжырымдамада ол инновацияға негізделген кәсіпкердің жаңа табиғатын - жаңаша ұйымдастыру, өндіргіш күштерді ойната білу қабілетін бөліп көрсетті [4] . Бұл қабілет кәсіпкерлік табысты алумен қатар, өндірістің қолданыстағы айналымын жеделдетуге және жалпы экономикалық өсуді жылжытуға мүмкіндік береді. Өзінің «іскерлік белсенділік айналымы» теориясында ғалым болжам ұсынды. Оған сәйкес экономикалық дамудың қозғалтқышы -құрылымдық өзгерткіштердің айналымдық өзгерісі - кәсіпкердің инновациялық қызметі - тәуекелді бизнес арқылы нарыққа инновацияларды жылжытудың айрықша және сирек байқалатын қабілетін ұсынды. Тиісінше кәсіпкер экономикалық өсуді тұрақты қайнар көзі ретінде қызмет етеді [6] .

Кейіннен әртүрлі зерттеушілер бұл экономикалық категорияға өздігінше ұғым бере бастады. Мысалы, Ф. Валента және Л. Волдачек «инновация бұл - өзгеріс» десе, Э. Уткин инновацияны нақты «объект» деп санайды. Ф. Никсон - «іс-шаралардың жиынтығы», ал С. Валдайцев - «жаңа өнімді игеру» деп ұғым берді [5] .

Бұл туралы Қазақстандық мамандардың өз пікірі бар. Мәселен, 1996 жылы С. Б. Әбдіғаппаров «инновация бұл - ғылыми негізделген идеялардың шаруашылық субъектілердің зерттеуін, әзірлеу мен енгізуін қамтитын мемлекеттік және нарықтық реттеу арқылы қоғамның өмір деңгейін көтеруге бағытталған мақсаттарға жету үдерісі» деп атап өтті [7] . Ал 2006 жылы Н. А. Барлыбаева өзінің «Қазақстанның ұлттық инновациялық жүйесі: перспективасы және даму механизмі» монографиясында нарықтық табыстардың инновациялық қызметке қатысушылардың ерекше креативті қабілеттерінен туындайтындығы туралы қорытындыға келді. Бұл жағдайда: «инновацияның өзі мәні бойынша «технологиялық түрткі» не нарықтық сұраныс жүктемесі» дейтін ұғым болып табылмай-ақ, олардың бірлескен ықпалынан туындаған құбылысты білдіреді [8] .

«Инновация» термині (ағылшын тілінде innovation) қазақ тіліне аударғанда жаңа енгізілім деген мағынаны береді. Ал «Қазіргі заманғы экономикалық сөздікте» инновация - техника, технология, еңбекті ұйымдастыру мен басқару аясында ғылым мен алдыңғы қатарлы тәжірибеге негізделген жаңалықтар, сондай-ақ осы жаңалықтардың әртүрлі тәжірибелік қызмет аясында және салалaрында пайдаланылуы деп түсіндіріледі [9] .

Инновация мен инновациялық инфрақұрылым төңірегінде елеулі ғылыми зерттеу жүргізген отандық ғалым С. В. Могильныйдың бұл тұрғыда өзіндік пікірі бар. Ол, ең алдымен, инновацияны - қандай да бір салада пайдалануына байланыссыз ғылымның, техника мен шығармашылық жетістіктерінің тәжірибеде қолданылуы арқылы көрініс тапқан интеллектуалдық қызметтің соңғы нәтижесі деп түсінеді. Бұл нәтиже жаңа немесе жетілдірілген өнім, қызмет, үрдіс, белгілі бір құбылыс, бұрын енгізілмеген тәсіл немесе басқа да сипатта болуы мүмкін [10] .

Екіншіден, инновация ерекше тауар түрі болып табылады. Ол нарықта әртүрлі қызмет аясына енгізілу арқылы өткізіледі. Бұл жерден шығатын ұғым, инновацияға нарықтық ортаның негізгі заңдары қолданылады, яғни бағасы, сапалық және тұтынушылық белгілері болады, тауар сипатында сұраныс пен ұсыныс қалыптасады, бәсекеге түседі. Алайда бұл жердегі бір ерекшелік, инновация тауарлық сипатқа тек салыстырмалы түрде басқа тауарлардан, қызметтерден, өнімдерден артықшылығы болғанда, идеяның нәтиже алып келетіні дәлелдегенде, оның қолданылу аясы нақтылағанда ғана ие болады. Инновацияның тауарлық сипаты патент, техниканың, технологияның жаңа түрі, өнім немесе басқа да түрде болуы мүмкін.

Үшіншіден, инновация - бұл әлеуметтік құбылыс, яғни қандай да бір қоғамның жаңалықтарға, қалыптасқан дәстүрлерді өзгертуге, бір кезеңнен екіншісіне өту құлқын анықтайды. Басқаша айтқанда, инновация мәдениеттің бөлшегі ретінде танылады, сондықтан да жаңалықтарға деген құлшынысты тек экономикалық тұрғыда ынталандырып қана қоймай, оны тәрбиелеп отыру керек. Мұның мысалы ретінде Азияның бірқатар елдерін келтіруге болады (Жапония, Оңтүстік Корея, Сингапур және т. б. ), оларда жаңалықтар ұлттық мәдениеттің құраушы бөлігі ретінде қалыптасып, білім басты ресурсқа айналған. Аталған мемлекеттердің басымдығы білімге, білікті еңбекке және алдыңғы қатарлы технологияларға беріледі. Бұл құбылысқа қарама-қарсы жағдай Африка мен Латын Америкасының бірқатар елдерінде байқалады, олар қазба байлықтарды өндіру мен ауыл шаруашылығына иек артып, қалыптасқан дәстүр бойынша шаруашылық жүргізуге ынталы [10] .

Қазақстан Республикасының «Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» 2012 жылғы 9-ы қаңтардың № 534-IV Заңында инновацияның мағынасы кеңірек сипатталады. Заңға сәйкес «инновация - экономикалық тиімділікті арттыру мақсатында, экологиялық қауіпсіздікті ескере отырып, жаңа немесе жетілдірілген өндірістер, технологиялар, тауарлар, жұмыстар мен қызметтер, техникалық, өндірістік, әкімшілік, коммерциялық сипаттағы ұйымдастырушылық шешімдер, сондай-ақ өзге де қоғамдық пайдасы бар нәтиже түрінде іс жүзіне асырылған жеке және (немесе) заңды тұлғалар қызметінің нәтижесі» деп түсіндіріледі [11] .

Ендігі кезекте инновацияны негізгі сипатын оның түрлері мен жіктелу белгілері бойынша ашамыз.

Қазіргі нарықта базистік инновациялардың пайда болуы күрделірек болып саналады, сондықтан да инновацияны жасаушылар жақсартылған инновациялар мен кешенді инновацияларға көбірек мән береді. Ал радикалды инновациялар терең ғылыми зерттеулерді қажет етеді және ол үрдіс ұзақ уақыт бойы жүреді, сонымен қатар, бірнеше ғылыми орталықтар мен зертханаларды, тәжірибелік, өндірістік орталықтардың, қаржы топтарының қатысуымен ғана белгілі бір нәтижеге жетуі мүмкін (сурет 1) .

Сурет 1 - Жаңалық деңгейіне байланысты инновациялар категорияларға бөлінуі

Ескерту - әдебиет көздерінен жинақтау нгізінде автормен құрастырылған [7] .

Инновациялар пайдалану аясына байланысты келесідей жіктеледі:

  • ғылыми инновациялар - жаңа ғылыми бағытты қалыптастыруға немесе қайдай да бір салада ғылымның жетістіктерін пайдалануға ықпал етеді;
  • ұйымдастырушылық-басқарушылық инновациялар - ұйымда бұрыннан қалыптасқан басқару әдістерін, еңбекті немесе өндірісті ұйымдастыру формаларын, шешімді қабылдау жүйесін жаңартуды көздейді;
  • әлеуметтік инновациялар - әртүрлі әлеуметтік топтарда қарым-қатынасты өзгертумен, еңбек жағдайы мен еңбекке ынталандырудың жаңа әдістері мен тәсілдерін қолданумен және осы бағыттағы басқа да іс-әрекеттерді жақсартумен байланысты;
  • технологиялық (өндірістік) - ғылыми-техникалық жетістіктерді өндіріс пен тұтынуда пайдаланып, қолданыстағы техника мен технологияны, технологиялық әдістер мен тәсілдерді өзгертуге және жаңартуға бағытталады. Технологиялық инновациялар, өз кезегінде, инновациялық өнім (жаңа, жаңартылған немесе жақсартылған өнімдерді дайындауға қатысты) мен инновациялық үрдіске (өндірісте шығарылатын өнімдер мен қызметтерді дайындауда жаңа технологияларды қолдану) бөлінеді;
  • экологиялық - қоршаған ортаның ластануын азайтатын, зиянды қалдықтарды тазалайтын, шикізатты қалдықсыз өңдейтін, қоқыстарды өңдейтін инновациялық үрдістерді қамтиды;
  • саяси - мемлекеттің әлеуметтік, халықаралық, сыртқы ішкі бағыттағы іс-әрекеттерін жетілдірумен және оның халық үшін тиімділігін көтерумен байланысты;
  • мемлекеттік-құқықтық - жаңа мемлекеттік институттар, демократиялық құқық, заңдық актілер, мемлекеттік басқару тәсілдері, әділетті сот жүйесі түрінде көрініс табады;
  • рухани саладағы инновациялар - білімде, мәдениетте, ғылымда жаңа жүйелер мен ізденістердің, туындылар мен жетістіктердің пайда болуы.

Таралу аясына байланысты инновацияларды төмендегідей жіктейді:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шешімдер варианттарын тұжырымдау
Туристік фирмадағы дағдарыс және оны шешу жолдары
Компанияның қаржылық қызметінің жалпы тәуекелі
Басқарудағы ынталандыру және мотивацияның теориялық аспектілері
Менеджмент ғылымын қалыптастыру және дамыту
Тәуекел-менеджменттің банк қызметіндегі тиімділігін жоғарылату
Шағын бизнестегі инновация жәнеақпараттық технология
Инновациялық менеджмент негізінде басқару процестерін жетілдіру
Инновациялық басқару
Менеджменттің мәні және қызметтері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz