Қытайдың медицина тарихы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
ҚAЗAҚCТAН PECПУБЛИКACЫНЫҢ БIЛIМ ЖӘНE ҒЫЛЫМ МИНИCТPЛIГI
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

СӨЖ

Тaқыpыбы: Қытайдың медицина тарихы

Opындaғaн:Жолдасова Т.
Тексерген: Тургенбай А.

2020 ж.
МАЗМҰНЫ
• Кіріспе
• Негізгі бөлім
1. Қытайда медицина дамуы
2. Дәстүрлі көне қытай медицинасы
3. Ибн Сина медицина ғылымын құрушы ғұлама ғалым
• Қорытынды
• Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Қытай медицинасы – дәстүрлі медицинаның белгілі және дамыған саласы.
Қытай медицинасының негізі, қайнар көзі қытай халқының көне мәдениеті мен
дәстүрінен, қытай өркениетінің жетістіктерінен бастау алады . Қытай
медицинасы адамның организмін біртұтас дене деп қарастырады, ал дененің
саулығы адам организміндегі қуаттың (энергияның) тепе-теңдігіне байланысты
деп санайды. Мұнда бір мүшеге ғана қатысты диагноз жоқ (мысалы, гастрит,
тағы басқа); ол адамның денесін жанынан айырып қарамайды, ондағы сезімдік
(эмоциялық), ділдік, рухани қызметтер тек миға ғана емес, әр мүшеге, әр
клеткаға тән қасиет деп саналады. Жалпы алғанда, басты назарды емделуге
емес, аурудың алдын алуға аударады. Дәрігер, ең алдымен, салауатты өмір
сүруге үйрете алатын ұстаз әрі ақылшы. Сау адамның алдымен дәрігерден кеңес
сұрауы дағдылы құбылыс. Мұндай ерекшелік, тіпті, көне жазбалардан-ақ айқын
көрінеді. Мысалы, Нэйцзин қағидатында (б.з.б. 3 – 2 ғасырларда) былай
жазылған: Нағыз дананың ісі былықты түзегенінде емес, тәртіпті
сақтағанында.... Дәрілер дайындау үшін қытай медицинасы тек қана табиғи
құрамдарды қолданады; бұл батыстық медицинада жиі кездесетін асқыну мен
жанама қауіп-қатерлердің болуын азайтады. Осындай ерекшеліктері арқасында
оның ресми медицина әдістерінен белгілі бір артықшылықтары бар. Сонымен
бірге, қытай медицинасының ұстанымдарының тиісті ғылым негіздеуі болмаса
да, көп жағдайда оның емдік әдістерінің тиімділігінің жоғары екені
байқалады. Оған мысал, әсіресе дүние жүзіне белгілі қытай медицинасының бір
бағыты – чжэнь-цзю терапиясы, яғни инемен емдеу және күйдіру. Қазіргі кезде
қытай медицинасы Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымында (ДДСҰ) ресми түрде
танылды. Бірнеше халықаралық медицина ғылымы форумдар мен кездесулерде
қытай медицинасы кеңінен зерттелуі, қолданылуы қажет деп көрсетілген. Бұл
жөнінде 1978 жылы 6 – 12 қыркүйекте Алматыда өткен ДДСҰ-ның халықар.
конференциясының декларациясы қабылданды. ҚХР-да үкімет қолдауымен жыл
сайын 30 мыңдай қытай медицинасы мамандары даярланады. Ал Қазақстанда қытай
медицинасын оқыту Алматы мемлекеттік дәрігерлер білімін жетілдіру
институтында, Шығыс медицина институтында (Түркістан қаласы) және бірқатар
медицина жоғары оқу орындарда ашылған кафедралар мен факултеттерде
жүргізіледі.

ҚЫТАЙДА МЕДИЦИНАНЫҢ ДАМУЫ

Б.э.д ІVғ-ІІІ мыңжылдықта Хуанхэ өзенінің жағасында тайпалар қоныстанып
б.э.д ІІғ ортасында мемлекетке айналған. Ежелгі қытайдағы медицинаның дамуы
туралы көне иероглифтік кітаптарда жазылған. Оның кейбіреуіне ең көнесі Нэй
цзиннің энциклопедиялық еңбектері болып саналады (18 кітап). Алғашқы тоғызы
(Су вэнь) ағзаның құрылысы мен қызметіне, аурудың диагностикасы мен еміне
арналған.Қытай халық медицинасының негізінде ежелгі қытайлық материалистік
философиясы жатыр. Қытай халық медицинасының ерекшелігі чжень – цзю
терапиясы (чжень-акупунктура немесе инелік терапия; цзю-мокса немесе
күйдіру)болып саналады.
Қытайдың дәстүрлі медицинасы — өте ежелгі емдеу жүйесі, оның б.э.д.
2500 ж. бері келе жатқан тарихы бар. Сол кезде жазылған Қытай медицинасының
дәрігерлік еңбектері әлі күнге дейін қолданылады және оған көптеген
толықтырулар енгізілді. Деректерге сүйенсек, ине шаншу және күйдіру алғаш
рет Непал мен Тибеттегі будда храмдарында пайда болды. Б.э.д. II ғасырда
Оңтүстік-Шығыс Азияда да рефлексотерапиялық әдістермен шұғылданушылар
болған. Қазіргі заманғы Вьетнам территориясында беткейлік ине шаншу және
фитильді лампадамен күйдіру әдістері жиі қолданылған.
Оның эмперикалық тамыры ерте заманда қытай дәрігерлерінің өмірлік
нүктелердің барын және оларды тітіркендіргенде емдік әсер беретіндігін
тапқаннан басталған. Бұл әдіс туралы толық мағұлматтар б.э.д ІІІ ғ
жазылған. XIV ғ өмір нүктелері 700 астам болған, өмір сызықтары 14
топқа біріктірілген. Инелер алғашқы кезеде кремни мен яшмалардан
жасалынған, содан кейін бамбук сүйектерінен, кейінірек қола, күміс, алтын,
платина металдарынан жасалынды. Инелік терапиясын үйрену үшін арнайы
атластар және шиелерді нүктелермен жүйелерге енгізуге арналған манекендер
болды.Барлық атақты қытай дәрігерлері инелік терапияны білген. Ежелгі қытай
дәрігерлері пульстік терапияға ерекше көңіл бөлген.

Қытай дәрігерлері пультің 24 – 200 астам түрін бөлген. Пульс туралы Нэй
цзин трактатында айтылған. Б.э.д. ІІІ ғ ежелгі Қытай пуль туралы ғылымы 10
томдық трактатта жазылған (Мо-цзин 280 ж). Ибн –Сина пульстің 48 түрін
жазған, соның ішінде 35 Қытай медицинасынан алған. Оның негізін қалаған
дәрігер Бянь-цзяо перифериясында әрбір органның тамыр соғысы әртүрлі болады
және оларды кем дегенде тоғыз жерден тыңдау керек деген.

Қытайда дәрілік терапияда дамыған қытайдың халықтық фармациясынан
әлемдік тәжірибеге өсімдік туындыларынан:жень-шень тамыры,жуа, чеснок
жануарлардан алынған: бауыр желатина және т.б. енген. Ең көрнекті еңбек –
ұлы шөпші Ли Ши-чженя 52 томдық еңбек жазған, оның ішінде 1892 дәрілік
заттар жазылған. Сонымен бірге Қытайда вариоляция кең дамыған. Шешекке
қарсы егу, ауру адмның кептірілген іріңді шешек пустуласын енгізумен
аяқталаған. Аурудың алдын алу мақсаттарында келесі сөздер айтылған,
медицина өлімнен құтқармайды, бірақ ол өмірді ұзартпайды, мемлекеттерді
және халықты өзінің кеңестерінен күшейте алады деген.
Гигиена және профилактика элементтеріне сәйкес қытай медицинасында
жалпы жағдайды жақсартатын: диета, сулы процедуралар және емдік
гимнастикаға көңіл бөлінген. Қытайда императорларға қызмет ететің
мемлекеттік медицина мекемелері болған. Дәріханалар арнайы мекеме ретінде
болған. Қазіргі уақытта ҚХР-ң денсаулық сақтау мекемелері ежелгі қытай
медицинасынан қалған қоса құру мұраларды қолданады
Осы арқылы Ежелгі Шығыс мемлекеттерінде халықтық эмпериалық, храмдық
және медицина болған. Әсіресе Мессопатамияда храмдық медицинаның әсері
күшті болған. Жалпы алғанда ежелгі Шығыстағы құлиеленуші мемлекеттерде
ауруды тану және профилактика және ауруларды емдеуге арналған көптеген
дәрілер болған.
Инемен емдеу Инемен емдеу Шығыс медицинасында көне дәуірлерде, нақтырақ
айтсақ, Қытайда пайда болған. Бұл емдеу тәсілінің 2000-3000 жылдық тарихы
бар деседі. Қазір әлемде кең таралған. - Арқа мен буын ауруларын ине салу
арқылы емдеуге болады. Денедегі емдік нүктелерді тауып, оған 15 минут бойы
инені қадап қойса, аурудың қабынуын қайтарады, - дейді маман. Ине
терапиясынан қорқудың қажеті жоқ. Өйткені ине сұққан нүктелер ағзаның емдік
арнасы болғандықтан, ол қадалған кезде ауырмайды. Дәрігер де адамның
сезімтал нүктесін ойланбай тауып, инені дәл қадайды. Ине ретімен сұғылады.
Сол кезде адам денесіне жылудың келгендігін сезеді. Бану Құдабаева Шығыс
медицинасының өзге де емдеу тәсілдерін қолданып, пациенттерін сауықтырады.
Мәселен, шөп дәрімен емдеу немесе магнитудасы бар аппаратпен емдеу. Әр
науқасқа - бір ем, өзіндік жол. Емші дәрігер жоғарыда аталған емдік
тәсілдерді қолдану арқылы қаланың бойкүйез тіршілігінен жұққан күйзеліс,
алаңдау, уайым кешу сынды сана дертінен де айығуға болатындығын айтады.
Адам денесіндегі емдік нүктелерді жаңарту, белсенді ету арқылы көптеген
аурудан сауығуға болатындығын да ұмытпаған жөн.

Дәстүрлі көне қытай  медицинасы.

 Көне қытай мифологиясы бойынша бұл елде медицинаның атасы, алғашқы Үш
Ұлы император Фу-Си, Хуан Дидің қатарында аталатын Шень Нун. 17 ұрпағына
дейін ел билеген династия бастауындағы әрі дәрігерліктің бабасы Шень Нун
5800 жыл бұрын өмір сүріп, емшілік жайында, 365 шөп пен тамырды
қолдану, 70 түрлі у мен оның уытын қайтаратын дәрілер туралы жазба
қалдырған.
Одан кейінгі замандарда б.д.д. 2698-2599 жылдардан жеткен Нэйцзин
еңбегінің шоқтығы биік тұрады. 18 томнан тұратын мағлұмат жиған кітапта
бүгінге дейін пайдаланып келе жатқан инемен емдеу, күйдіру, уқалау, дәрілік
шөптердің көмегіне жүгіну, тамыр соғысының бүге-шігесін білу сынды шығыс
медицинасының тәсілдері айтылған. Осылайша қытай медицинасы 3 мың жыл бұрын
сала-салаға жіктеліп, дамып отырған. Жалпы, қытайлықтардың ежелгі заманнан
жеткен дәрігерлік қолжазбалары 20 мыңнан асып кетеді.
Ғасырлардан ғана емес, тұтастай мыңжылдықтар бойынша дамып келген
медицина сол заманда да дертті емдегеннен гөрі алдын алуға мән берді. 4 мың
жыл бұрын тамыр соғуының 500-ден астам түрін жазып қалдырған қытай
медицинасы әлі дамып келеді. Ғасырлардан үзілмей келген жазбалардың бірі
1578 жылы Ли Шиченнен жеткен дейтін кітапта 1892 шөпті пайдаланып жасалған
8460 рецепт емші-дәрігерге көмекке келсе, бүгінде қытайлықтар 2 мыңнан
астам өсімдіктен дәрі жасайтын көрінеді.
  Қытай медицинасының тарихы.Тарихи тұрғыдан қарастырғанда Қытай
медицинасы батыс медицинасына қарағанда әлдеқайда ертерек дамыған. Осымен,
Көктемгі және күзгі кезеңдердегі (б.з.б 770-476 жж) және Қақтығысушы
империялар (б.з.б. 475-221 жж) династияларының билігі кезінен бастап 2000
жыл бойы Қытайда медицинаға байланысты Нэй-цзин атты еңбек сақталып
келеді. Ал батыс медицинасының негізін қалаушы, оның әкесі болып
есептелетін грек дәрігері Гиппократтың еңбектері кейінгі кезеңдерге жатады.
Сондықтан Нэй-цзинді медицина саласындағы ең байырғы еңбек деп санауға
әбден болады. Бұл жазбада ғасырлар бойы жиналған Қытай дәрігерлерінің
тәжірибелері баяндалған, Қытай емдеуінің дәстүрлі теориялық жүйесі
дәлелденген, дәрілік шипасының негіздері келтірілген, инемен емдеу
тәсілдері және акупунктура жазылған.
   Батыс медицинасымен салыстыру. Қытай медицинасы мен батыс
медицинасын салыстыратын болсақ Қытай медицинасына негізделген емдеу
тәсілдерінің бірқатар артықшылықтары анықталады. Мысалы, ішек-қарын қуысына
оталау кезінде немесе хирургиялық араласулар кезінде толық наркоздық әсерге
қол жеткізу үшін ұйықтататын заттарды Қытай хирургі және акупунктура маманы
Хуа Туо 1700 жыл бұрын пайдаланған. Хуа Туо біздің заманымыздың 112-207
жылдар аралығында өмір сүрген, ол өзінің аса ауқымды оталаулары кезінде
баршаға белгілі Ма-фэй-сан атты чай қоспасын қолданатын.  Ал, Чжан
Чжуанчин дәрігер (б.з. 150-219 ж.ж.) Суықтың әсер етуі негізінде әр-түрлі
ауруларды қарастыру (Рассмотрение различных болезней от воздействия
холода) атты еңбегін жазды, онда қазіргі кезге дейін өз маңыздылығын
жоғалтпаған Қытай медицинасының ерекше диалектикалық диагностикасының
мәселелерін қарастырған.
   Сонымен қатар Қытай медицинасының тарихында ерекше талатаны жағдай,
Ли Шияжен 1578 жылы Бэн-Цзяо Ган-Му деп аталатын фармацевтикалық жинағын
шығаруы.  Жалпы бізге Қытай дәрігерлері бүгінгі күнге дейін анықтамалық
құрал ретінде пайдаланатын және Қытай емдеуінің әдіс тәсілдері жазылған
6000 астам кітаптары жеткен.
   Превентивті медицина Қытай медицинасында маңызды орынға ие болып
келеді. Аурулардың алдын алу Ежелгі Қытайдан бері келе жатқан емдеу
тәсілдерінің негізгі түріп болып табылады. Мысалы, Нэй-Цзин кітабында
жызылған сұхбаттардың бірінде адам өзінің денсаулығын қалай сақтауы
керектігі баяндалған. Сондықтан Қытай тарихында гигиеналық шаралар мен
паразиттермен күрес маңызды рөл ойнаған. Тан династиясы (б.з. 618-907 ж.ж.)
кезінде дәрігерлер алапес (проказа – теріні, көзді, жүйке жүйені және
кейбір ішкі органдарды зақымдайтын созылмалы жұқпалы ауру) ауруы жұқпалы
екендігін біліп, осы дертке шалдыққан ауруларды сау адамдардан бөлек ұстап,
оқшаулаған. Шешек ауруына қарсы сақтандыру егуін алғашқы рет батыстың
пайымдауы бойынша ағылшын дәрігері Дженнер (1749-1823ж.ж.) жасаған жоқ.
Шешекке қарсы егу алғашқы рет шамамен ХХІ ғасырда Қытайда қолданылған,
мәселен шешек ауруына шалдыққан адамдардан алынған қан сарысуын сау
адамдарға профилактика, яғни алдын алу шарасы ретінде енгізген. Қытайдың
Шешекке қарсы егулер туралы жаңа кітап атты кітабы иммунология
саласындағы жаңашыл еңбек ХVІ ғасырда Еуропа мен Азияның бірқатар елдерінде
белгілі болған. Жалпы Қытай медицинасы басқа мемлекеттерің медицинасының
дамып, қалыптасуына үлкен әсерін тигізген. Цин (б.з.б 221 - 26 ж.ж.) және
Хань (б.з.б 206ж. - б.з. 220 ж.) династиялары кезінде Қытай, Корей, Вьетнам
және Жапония дәрігерлері арасында емдеу тәжірибелерімен және білімдерімен
алмасу үрдісі өте тығыз жүріп жатты. Кейіннен бұл тәжірибелер араб
елдеріне, Ресейге және Турцияға таралды. Дәстүрлік маңызы бар дәрілік
терапия бойынша  Бэн-Цзяо Ган-Му атты кітап көптеген тілдерге аударылды,
соның ішінде латын, корей, жапон, орыс, ағылшын және француз тілдеріне
аударылып, батысты  кең таралды.
ХІХ ғасырдың ортасынан бастап батыс отаршыл державалардың ықпалы
әсерінен Қытайда дәстүрлі медицинаның маңызы құлдырай бастады. Жоғарғы
билік басындағы лауазымды тұлғалар өз қалауын батыс медицинасына қарай
аударды, ал қытайдың дәстүрлі медицинасы талай сынауға және
кемсітушіліктерге ұшырап, өз ықпалын жоғалта бастады. Тіпті Гоминьдан
үкіметі кезінде қытай медицинасын ашық түрде басып жаныды. Тек билік басына
Мао Цзедун келген соң ғана Қытай медицинасы қайта жаңғырып әлемге әйгілі
болды. Бүгінгі кезде Қытай медицинасының болашағы дәстүрлі Ұытай және
қазіргі кездегі батыс медицина әдістерінің ұштасуында екендігін Қытай Халық
Республикасы бүгінде мойындап отыр.
   Алғашында Қытай медицинасы төрт негізгі саладан тұрған. Мәселен, Инь
(б.з.б. 1324 -1066 ж.ж.) династиясынан бастап Чжоу династиясына (б.з.б.
1066 -1221ж.ж.) дейін диетология (инь-ян-и), сыртқы медицина мен хирургия
(вай-га) және ветеринария (шоу-и) арасындағы айырмашылықтар байқалып
келген. Ал Тан династиясынан Сун династиясына дейінгі кезеңде Қытай
медицинасы ары қарай дами бастады. Нәтижесінде 11 түрлі бағыттары
қалыптасты:
1.    Ересек адамдарды емдейтін медицина (да-фэн-май)
2.    Жалпы медицина (цзэ-и)
3.    Педиатрия (хао-фэн-май)
4.    Сал ауруларын емдеу (фэн-га)
5.    Гинекология (фу-ге)
6.    Офтальмология (ян-ге)
7.    Стоматология (гоу-ци)
8.    Тамақ ауруларын емдеу (ян-хоу)
9.    Ортопедия (чжен-гу)
10.          Сыртқы аурулар мен хирургия (цзинь-чжуан)
11.          Инемен емдеу тәсілдері, акупунктура (чжень-цзю)
   Қазіргі кезде Қытай медицинасы мамандандырылған 9 салаға бөлінген:
терапия, сыртқы медицина, гинекология, педиатрия, офтальмология,
ларингология, ортопедия, массаж және акупунктура. Осы салалардың әр қайсысы
өзіне тиесілі аса үлкен ауқымдағы білім мен тәжірибелерді қамтиды. Олардың
ішіндегі батыста кең тараған саласы бұл инемен емдеу, акупунктура саласы
болып табылады.
   Әр түрлі дәрілер мен акупунктураны қолдануды тағайындаумен қатар
медицинаның әр түрлі салаларында пайдаланылатын Қытай медицинасында басқа
бір қатар әсер етудің әдіс-тәсілдері бар:
1.    Қырнауыш массаж, мысалы тиынның көмегімен.
2.    Теріге дәрілік заттарды жабыстыру әдісі.
3.    Банкілер.
4.    Теріге юнь-фаның көмегімен дәрілерді енгізу.
5.    Гидротерапия.
6.    Бальнеотерапия.
7.    Дәрілік пармен және түтінмен емдеу.
8.    Ара балауызымен таңу.
9.    Балшық.
10.  Шипалы дене жаттығулары.
11.  Массаж.
12.  Қытай тыныс алу терапиясы.
13.  Омыртқа жотасын емдейтін терапия.
14.  Тері тіліктері.
   Қытайдың дәстүрлі медицинасының батыс медицинасынан айырмашылықтарын
қарастыратын болсақ, келесі екі мәселеге тап боламыз:
• Қытай медицинасы адамды біркелкі толық жүйе ретінде қарастырады.
• Диалектикалық диагностика және ауру белгілеріне байланысты емдеу
ерекшелігі.
 
  Қытай медицинасына  тән емдеу тәсілдері. Қытай медицинасы адамды
толық органикалық ағза ретінде қарастырып, оның орталығы ретінде жинақтау
органдарын қарастырып, ал байланыс қызметін каналдар (меридиан) мен
тамырларды таниды.  Айнала қоршаған ортадағы барлық құбылыстарды, оның
ішінде адам мен табиғатты қоса Қытай медицинасы екі басты бастамаға бөліп
қарастырады яғни инь және ян. 
   Ауруды емдеу барысында Қытай дәрігерлері баса назарын аурудың алдын
алу шараларына бөледі. Қытай дәрігерлерінің ежелден келе жатқан қағидасы
Науқасты ауру пайда болғаннан бұрын емдеу.
   Емдеудің негізгі тәселе бұл аурудың пайда болу себептерін жою.
Терапиялық емдеу негізінде науқастың ерекше көрсеткіштеріне, географиялық
жағдайына, жыл мезгіліне қарап емдеу үрдісін жүргізу.
   Қытай медицинасындағы  құбылыстарды сараптаудағы бірыңғай тәсілдері
маңызды екі факторға негізделген:
1.    Адам ағзасын ажырамайтын біртұтас жүйе ретінде қарастыру.
2.    Адам мен табиғат арасындағы тығыз байланысты мойындау.
   Қытай дәрігерлерінің пайымдауынша адам ағзасының әр түрлі бөліктері
өзара тығыз байланыста болады. Бұл органикалық біртұтас жүйенің орталығы
ағзаның бес негізгі мүшесінде орналасқан, олар басқа мүшелермен байланысы
жүйке және қан тамырлары арқылы жүзеге асады.
   Қытай медицинасы адамды емдеу барысында тек қана құбылыстарды
сараптаудағы бірыңғай тәсілдермен шектелмейді, сонымен қатар адамның
қоршаған ортамен және ғаламмен тығыз байланысын да қарастырады. Осылайша
адам өзінің өмір сүруі үшін барлық қажетті заттарды қоршаған ортадан алады.
Су-вэнь кітабында былай деп жазылған: Адам өмірі аспан мен жердің циінен
(энергия) тұрады және жылдың төрт мезгіліне тәуелді болып келеді.
   Жылдың әр түрлі мезгілдерінде орын алатын өзгерістер, мысалы,
жаздағы аптап ыстық, қыстағы қақаған аяз, барлығы адам ағзасының жағдайына
әсер етеді.Сонымен қатар қазіргі кездегі Қытай медицинасында бұл табиғат
өзгерістері адам ауруларының негізгі себептері ретінде қарастырылады. Лин-
шу кітабында адамның табиғат өзгерістеріне қалай бейімделетіні баяндалған.
Мысалы жаз кезінде адам денесіндегі түтіктер ашылып терлейді осылайша
денесіндегі артық ылғалды шығару арқылы жаздың ыстығына бейімделеді. Ал қыс
кезінде суықтың әсерінен дене түтіктері жабылады, ал ағзадағы артық ылғал
өт қабына жиналапы өт арқылы сыртқа шығарылады. Осылайша адам ағзасы
қоршаған орта өзгерістеріне бейімделеді.
Батыс және Қытай  медицинасы арасындағы арақатынас. Алдымен Қытай
дәстүрлі медицинасы мен қазіргі батыс медицинасының ортақ белгілерін
көрсеткен жөн. Мәселен, қытай медицинасының теориясы батыс медицинасы
сияқты адам ағзасына негізделген. Дерттер көрінісі Қытайда да, Батыста да
бірдей сипатқа ие, ал науқастардың ауру нышандары да біркелкі келеді.Бұндай
жағдай Қытайда Нэй-цзин кітабының кезінде де болғандығын қытай деректі
фильмі дәлелдейді. Бұл фильмде Хань династиясы кезінде өмір сүрген
лакталған табатта жерленген және көрі 1972 жылы табылған әйелдің
патологанатомдық союы көрсетілген. Сою барысында әйелдің өлу себебі ретінде
жүрек инфарктынан қаза болғаны анықталған. Мумияның анатомиялық және
гистологиялық тілімдерінің көрсеткіштері біздің кезіміздегі мерт
болғандардың сипаттамасына ұқсас болған. Әйелдің асқазанында соңғы
қабылдаған асының қалдығы сақталған, бұлшықеттерінде трихин құрттары
табылған, буындарында ревматизмдік өзгерістері бар, буын қабырғалары
артериосклероздан зақымдалған.
Осы сияқты тарихи дәйектемелерден  басқа, Қытай және
батыс медицинасының  ортақ бірқатар ғылыми-теориялық  және
тәжірибелік ерекшеліктері  бар:
1.    Батыста адам денесіндегі белсенді нүктелер Қытайдың акупунктура
нүктелерімен сәйкес келеді.
2.    Ағзаның ішкі органдарының физиологиялық байланыстары екі жақтың
медицинасына да тән ерекшелік.
3.    Батыс медицинасы қамтитын барлық диагностикалық элементтер Қытай
медицинасында да кездеседі:
·        Науқасты толығымен медициналық тексеруден өткізу;
·        Ішкі шуларды тексеру және дене иістеріне мән беру;
·        Науқас пен дәрігердің бетбе бет сұхбаттасуы;
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қытай халқының мәдениетінің қалыптасуы
Қытай Халық Республикасы туралы мағлұмат
Қытай халық Республикасы жайлы
3-12 ғасырлардағы Қытай
Қытай мәдениеті мен ғылымы
Ежелгі Қытай ғылымы
Қытайда европ
Қытай Халық Республикасы - Тайвань
Қытай жазуы ерекшеліктері
Спорт түрлерінің тарихы
Пәндер