Каучуктың касиеті


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

«Даналық» колледжі

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Каучуктың құрылысы, қасиеті,

алынуы мен қолданылуы

Орындаған: Мұсабекова А.

Қабылдаған: Байгалиева М.

2020 оқу жылы

Мазмұны

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

2. 1 Каучуктың құрылысы

2. 2 Каучуктың касиеті

2. 3 Каучуктың алынуы және қолданылуы

ІІІ Қорытынды

Кіріспе

Бүгінгі таңда халық шаруашылығы мен өнеркәсіптің барлық салаларында қолданыс тапқан каучук және оның өдірістерінің өндіріс дамыту ең өзекті мәселелердің бірі болып саналады.

Каучуктен соңғы кезде алынатын резина өнімдері көп қолданыс тапқан. Автомобиль шиналары, камералары, тұрмыста қолданылатын резина заттары өндірісінде жасалатын химиялық анализде, олардың көмегімен сапалық қасиеттерін анықтап отырады.

Каучук өндірісінде екі проблема қарастырылады, олар: Белгілі қасиеті бар, арзан каучук алу технологиясын жасау; Каучук алу барысында жасалған химиялық зерттеулерді жетілдіріп, экспресті, арзан, дәл анықтау тәсілдерін жасау.

2. 1 Каучуктың құрылысы

Каучукты адамдар ертеден білген. Оңтүстік Америка елдерінде қазу жұмыстары жүргізілген кезде резеңке доптары табылған, олар тұрмыс - салт мақсатында қолданылған. Европалықтар каучукпен алғаш рет ХVI ғасырдың аяғында Х. Колумб серіктестерімен Оңтүстік Америкаға (Гаити) келіп түскенде жергілікті тұрғындардың доп ойнағанын көргендерінен бастап танысқан. Индейліктер сүтті шырынды «као чо» - ағаштың көз жасы деп атаған, содан каучук деген атау шыққан. Изопреннің полимерлену реакциясын диендер тақырыбында қарастырдық. Полимерлену барысында молекулалар бір-бірімен 4-және 1-көміртек атомдары арқылы өзара сызықты қосылады. Табиғи каучук изопреннің цис-олимері, құрамындағы метилен топтары-СН 2 қос байланыстың бір жағын ала орналасады.

Изопреннің құрылым мономері ретті қайталанып отырады. Полимердің осындай құрылымының аркасында оған майыскақтық қасиет тән болады. Каучук макромолекулаларының құрылысы сызықтық болғанымен, түзу созылып жатпай, оратылып бірнеше рет иіліп түйіншектеліп жатады. Каучукты созған кезде, олар жазылып, каучук ұзарады. Ал созуды тоқтатқанда, оратылып түйіншектелген бастапқы қалпына қайта келеді.

2. 2 Каучуктың касиеті

Каучук - қатты зат. Молекулалық массасы 15-3 шамасында. Табиғи каучуктың макромолекулалары тізбекті құрылымды, оратылып түйіншектеліп жатады.

Каучуктың аса маңызды қасиеті - оның майысқақтығы. Яғни, сыртқы күштің әсерінен каучук өзінің пішінін өзгертіп - созылып ұзарады немесе сығылып қысқарады. Сыртқы күштің әсері тоқтағаннан кейін бастапқы қалпына қайта келеді. Каучук суды, газды өткізбейді және электроқшаулағыш. Каучуктың суда ерімейтіндігін өздерің білесіңдер. Ол этил спиртінде аздап ериді, ал бензин мен хлороформ сияқты еріткіштерде әуелі ісініп, сосын ериді.

Темппература жоғарылағанда - каучук жұмсарып жабысқақ, ал температура төмендегенде - қатайып морт сынғыш болады. Ұзақ сақтағанда, каучук қатайып кетеді.

Каучуктың жоғарыда айтылған қолайсыз қасиеттерін жою үшін оны резеңкеге айналдырады. Резеңкенің иілгіш, созылғыш қасиеттері каучуктыкінен де жоғары. Оның үстіне, резеңке каучуктан гөрі берігірек және температураның ауытқуына төзімдірек болады.

Табиғи каучук - аморфты, кристалды түрге айнала алатын зат.

Табиғи өңделмеген каучук - ақ немесе түссіз зат.

Суда, спиртте, ацетонда ерімейді. Ал ароматты көмірсутектерде (бензин, бензол, эфир) еріп техникада кеңінен қолданылатын коллоидты қосылыстар түзеді.

Табиғи каучуктың молекулалық құрылысы біртекті, қасиеттері қолайлы және өндіріс зауыттарында өңдеуге болатын зат.

Каучуктың қолайлы және қажетті қасиеттерінің бірі ол майысқақтығы - каучуктың белгілі бір күш әрекет еткен соң оның бастапқы қалпына келуі. Каучук майысқақтық тұрақтылығы белгілі бір температурада ұзақ уақытқа сақтала алады. Ұзақ сақталған каучук уақыт өте келе қатайа бастайды.

2. 3 Каучуктың алынуы және қолданылуы

Табиғи каучукты, негізінен, Бразилияда өсетін гевея ағашынан алады. Каучук алу үшін өсімдіктің қабығын кертіп тіледі. Сол тіліктен ағатын сүтті шырынды (латексті) - каучуктың коллоидті ерітіндісін жинап алады. Сосын ерітіндіге электролитпен әсер етіп немесе қыздырып коагуляциялап (ірілендіріп) каучук жасайды. Эксперименттік жолмен каучук, негізінен, 2-метилбутадиен-1, 3-тің (изопреннің) полимері (С5Н8) n екені анықталды.

Бір бразилиялық гевеия ағашынан орташа есеппен жылына 2-3 кг. каучук алуға болады. Екінші дүниежүзілік соғысқа дейін орташа есеппен бір гектар жерден жылына 300-400 кг. каучук алуға болатын еді. . Бұл көрсеткіш өте төмен болды, өйткені адам қажеттілігінің өсуі жылдан-жылға арта түсті. Сондықтан синтетикалық каучук алу қажеттілігі туды. Бұл біріншіден жұмыстың уақытын үнемдеуге, екіншіден жұмыс күшін үнемдуде қолайлы болатын еді.

Технологияның дамуна байланысты качуктың тек синтетикалық түрін алып қана қоймай каучуктың температураға, қысымға және т. б. қоршаған орта әсеріне төтеп беретін қасиеттерге ие болатынын алу қажеттілігі туды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Каучук
Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы
Каучук және резеңке туралы мәліметтер
Табиғаттағы каучук
Қанықпаған көмірсутектер
Резина қоспасын дайындау
Химияның адам өміріндегі маңызы
Жасанды каучук алу
Тау-сағыз (Scorzonera tau-saghyz) өсімдігінің биологиялық ерекшеліктері. Культивирленетін өсімдік клеткаларынан каучукты(изопреноид) бөліп алу әдістері
Қазақстандағы резина өндірісі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz