Қырыққабаттың дақылының қорғау шаралары


Ақмола облыстық білім басқармасының жанындағы
Зеренді ауданы Шағалалы ауылы Жоғары Агротехникалық колледжі
.
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Пәні: "Өсімдіктерді қорғаудың кешенді шаралары"
Тақырыбы: "Қырыққабаттың дақылының қорғау шаралары"
Дайындаған: 41 АЗР тобының студенті Асылханқызы Жәудір
Тексерген: Нарбаева Райхан Темірбековна
2020 жылы
Тапсырма
Пән: «Өсімдіктерді қорғаудың кешенді шаралары»
Шәкірт: 41 АЗР тобының студенті Асылханқызы Жәудір
Мамандығы: 151200 "Агрономия"
Біліктілігі: 151203 3 "Өсімдік қорғау агрономы"
Тақырыбы: "Қырыққабат дақылының қорғау шаралары"
Зиянкестерден (қырықабат бүргесі, қырыққабат бітесі)
Ауруларынан (қырыққабат бактериозы, алтернариоз)
Арамшөптерінен (мысыққұйрық, жұлдыз шөп)
Мазмұны
I Кіріспе . . . 4
II Негізгі бөлім
1. Қызылорда облысының топырақ-климат жағдайы . . . 5
1. 1. Қырыққабаттың морфологиялық, биологиялық ерекшеліктері . . . 8
1. 2. Қырыққабат өсірудің интенсивтік технологиясы . . . 10
2. Қырыққабаттың зиянкестері . . . 10
2. 1. Қырыққабат бүргесі . . . 10
2. 2. Қырыққабат бітесі . . . 15
3. Қырыққабаттың аурулары . . . 16
3. 1. Қырыққабатты бактериоз . . . 16
3. 2. Алтернариоз . . . 17
4. Қырыққабаттың арамшөптері . . . 19
4. 1. Мысыққұйрық . . . 20
4. 2. Жұлдыз шөп . . . 21
5. Қырыққабатты қорғаудың кешенді шаралары . . . 22
5. 1. Агротехникалық қорғау шаралары . . . 23
5. 2. Химиялық қорғау шаралары . . . 26
5. 3. Биологиялық қорғау шаралары . . . 29
5. 4. Пестицидтерді (улы химикаттарды) сақтау, тасымалдау және
қолдану кезіндегі қауіпсіздік талаптары . . . 30
III Қорытынды . . . 36
IV Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 37
V Қосымша . . . 38
Кіріспе
Ауыл шаруашылығы - шаруашылық салаларының ішіндегі ең ежелгі және табиғат жағдайларына тікелей тәуелді саласы. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы - неғұрлым көп тараған сала. Шындығында, дүниежүзінде халқы ауыл шаруашылығының түрлі салаларымен айналыспайтын бірде-бір ел жоқ. Ауыл шаруашылығының барлық жерге таралуы оның алуан түрлілігіне байланысты. Ғалымдар шамамен онын 50-ге жуық түрін бөліп көрсетеді. Қазіргі мәлімет бойынша дүниежүзінде бұл салада шамамен 1, 3 млрд-тан астам адам еңбек етеді, оған ауыл шаруашылығындағы шаруа отбасыларын қосатын болса, онда ол көрсеткіш 2, 6 млрд адамға жетеді. Еңбекке жарамды ер адамдардың ауыл шаруашылығындағы үлесіне сәйкес елдер индустриялы, постиндустриялы және аграрлы болып жіктеледі. Дүние жүзінде экономикалық белсенді халықтың (ЭБХ) 46%-ы осы салада еңбек етеді.
Астық және басқа ауыл шаруашылық өнімдері зиянкестерінің түр құрамымен танысу және оларға қарсы күресу шаралары. Зиянды бунақденелер мен кенелердің көптеген түрлері қоймадағы астықты және басқа да ауыл шаруашылық дақылдарының өнімдерін зақымдауға бейімделген. Бұл зиянкестер астық дәндерімен және олардан жасалған азық-түліктермен, сондай-ақ кептірілген жемістермен және көкөністермен қоректеніп, олардың санын кемітеді, экскременттерімен ластайды және тұқымдық материалдардың өнгіштік қасиетін төмендетеді. Зиянкестер қоймаға астық дәндерімен және басқа дақылдардың өнімдерімен бірге енеді, оларды кемірушілер мен құстар апаруы мүмкін. Бұрын табиғи жағдайларда тіршілік еткен және кемірушілердің іні мен құстардың ұясында өсімдік типті азық-түліктің қорымен қоректенген көптеген зиянкестер ұзақ уақытқа созылған тарихи процесстердің нәтижесінде бірте-бірте жабық орындарда мекендеуге бейімделіп, қарқынды түрде өсіп-өне бастаған. Бұған азық-түлік сақталатын қоймадағы ерекше жағдайлар, яғни күн сәулесінің жоқтығы, ауа ылғалдылығының жоғарылығы, температураның бірқалыпты болуы да едәуір мүмкіндік туғызған.
Дақылдардың зақымдану сипаты, оның салдарынан шығынның мөлшері тек қана өсімдіктердің зиянкестік әрекетіне ғана тәуелді емес, сонымен қатар сорт ерекшелігіне, агротехника дәрежесіне, егіннің орналасу тәртібіне және тағы басқа шараларға сәйкес өсімдіктің зиянкеске төзімділігіне де байланысты болады. Бұрынғы одақтас республикаларының ішінде Қазақстанның ұлан-байтақ жерінің табиғаты алуан түрлі екендігі белгілі. Алуан түрлі табиғат ерекшеліктеріне сай мұндағы өсімдік түрлері өте көп. Қазіргі кезде республиканың егістік жерлерінің көлемі барынша ұлғайып миллиондаған гектарға жетіп отыр. Осыншама ұлан-байтақ алқаптардан жыл сайын мол да тұрақты, әрі сапалы өнім алу үшін жергілікті жердің табиғи ерекшеліктеріне қарай жасалатын агротехникалық шаралар құрамында зиянды организдерге қарсы күрес шарасының да мәні зор. Республиканың кең байтақ жерінде тіршілік етіп, алуан түрлі өсімдіктермен қоректенетін ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімін елеулі дәрежеде кемітетін зиянкестердің түрлері де көп-ақ.
Ауыл шаруашылығы дақылдарын зиянды жәндіктерден ойдағыдай қорғаудың негізгі шарты - оларды бір-бірінен ажырата білу. Онан кейін олардың тіршілік әрекеттерін, яғни биологиялық және экологиялық ерекшеліктерін жете білу керек. Сонда ғана зиянкестерге қарсы күрес шараларын дер кезінде тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік туады.
Мақсаты: курстық жұмыстың мақсаты қырыққабат туралы жалпы сипаттама беріп және оның ішінде пайда болу тарихын, сорттарына мағлұмат беру. Бұдан басқа қырыққабатты зақымдаушы организмдер туралы деректер келтіріп (зиянкестері, кеселдері, арамшөптері) және одан күресу жолдарын айқындау.
Қызылорда облысының топырақ-климат жағдайы
Жер ең негiзгi табиғат байлығы. Ол барлық тiршiлiк көзi, өмiр сүру ортасы. Қазір адамдар өздерiне керек қоректiк заттардың 88 %-н егiстiк жерлерден, 10 %-н ормандар мен жайылымдардан, 2 %-н теңiз бен мұхит суларынан алады. Сондықтанда, жер қорын қорғау және тиiмдi пайдалану ең негiзгi, ешқашанда маңызын жоймайтын өзектi мәселе. Өнеркәсiптiң дамуы, қалалардың, жолдардың, гидротехникалық құрылыстардың салынуы жердiң беткi қабатын бұзып, табиғи ландшафтардың өзгеруiне алып келедi. Өзгерген жерлер шаруашылық жағынан төмен бағаланып, қоршаған ортаны токсиндiк заттармен ластап, адам өмiрiнiң санитарлық-гигиеналық жағдайын төмендетедi. Жер қорының құрылымдық және сапалық жағдайының өзгерiсiн қарастыра отырып байқайтынымыз, олардың, әсіресе ауылшаруашылық мақсатындағы жерлердiң даму бағыты негативтi сипатта екендiгiн көре аламыз. Мұндай жағымсыз процестер жердiң ресурстық потенциалының қысқаруына, оның нәтижесiнде ауылшаруашылық өнiмдерiнiң төмендеуiне алып келiп, мемлекеттiң ұлттық қауiпсiздiгiне қауiп тудырады. Бұл процестi тез арада тоқтатудың ең негiзгi жолы жердi тиiмдi пайдалану. Әсiресе бұл қазіргi шаруашылық жағдайында, яғни, өнеркәсiптiк ресурстардың жетiспеушiлiгi мен топырақтың өнiмдiлiгi төмендеген уақытта маңызды. Шаруашылықтың және жердi пайдаланудың экономикалық механизмiнiң жоқтығы жер ресурстарының тапшылығы мен деградациясына алып келедi. Осыған байланысты жердi пайдаланудың ақысыз түрiнен ақылы түрiне өту арқылы жер ресурстарын тиiмдi пайдаланудың экономикалық негiзi жасалды. Жер қоры халқымыздың ең басты ұлттық байлығы, сондықтан оның құндылығы ақшалай бағаланып ұлттық байлықтың құрамында есептеледі. Жер иеленуге, пайдалануға, жалға беріледі, жер несиеге кепілдік болады, жер пайдаланушылардан салық, т. б. төлемдер алынады осының барлығының шамасын анықтау негізінде жердің құндылығы - экономикалық бағалау жатады. Барлық табиғат байлықтар сияқты жерді экономикалық бағалау негізгі үш түрлі қызмет атқарады
1. Есептеу. Жер ұлттық байлық ретінде, аймақтардың, кәсіпорындардың, жеке жер иеленушілер мен жер пайдаланушылардың өндірістік-материалдық қоры ретінде есептеледі. Жер өндірістің, басқа да құрылымдардың, тұрғын үйлердің, т. б. орналасқан орны, шаруашылық орны ретінде де есепке алынады.
2. Жер қорын тиімді пайдалануға экономикалық ынталандыру үшін оның бағасы болуы керек және сол арқылы нарықтық қарым-қатынасқа қосылады. 3. Жер бөлімшелерінің сапалық қасиеттері - өнімділігі, орналасу тиімділігі әр түрлі. Құнарлы, тиімді жерлер жеткіліксіз, сондықтан өнімділігі, тиімділігі төмен жерлер де пайдаланылады және жұмсалған еңбектеріне қарамай жақсы (тиімді) пайдаланушылар қосымша пайда табады. Тиімділігіне байланысты әр түрлі жер бөлімшелері әр түрлі бағаланып жер пайдаланушыларға біркелкі жағдай туғызылады. Нәтижесінен тиімділігі төмен, бірақ халық шаруашылық тұрғыдан қажетті жерлерді пайдалануға ынталантырылады. Жер қорын экономикалық бағалаудың барлық қызметтері бір-бірімен тығыз байланысты, жалпы жерді қорғауға, тиімді пайдалануға қызмет етеді. Жалпы, облыстағы жер қорын топырақ пен климаттық және басқада шаруашылық жағдайларына байланысты үш табиғи-экономикалық ауданға бөліп қарастыруға болады. Бірінші зонаға (оңтүстік) екі әкімшіліктік аудан (Жаңақорған және Шиелі), екінші (орталық) зонаға төрт әкімшіліктік аудан (Жалағаш, Қармақшы, Сырдария және Қызылорда қаласы), ал үшінші зонаға (солтүстік) екі әкімшіліктік аудан (Арал және Қазалы) кіреді.
Облыстың күріш шаруашылығына мамандануына байланысты, топырақ пен климат ерекшелігіне және басқада жағдайларды ескере отырып табиғи суармалы егістік жерлерді үш табиғи сілемге бөліп қарастыруға болады: Жаңақорған-Шиелі, Қызылорда және Қазалы-Арал. Соңғы жылдары Арал ауданындағы ауыл шаруашылықты аудандарда шағын күрішті алқаптар қалыптаса бастады. Бұл сілемдердегі негізгі мәдени өсімдік - күріш бұрынғы инженерлік-дайын жерлерді өзіне сәйкес келетін мәдени өсімдікпен бірге егіледі. Облыстағы жалпы жер қорының 9193, 0 мың га немесе 74, 0 % жер көлемі суландырылатын жайылымдық жер. Осы уақытта бос жерлердің көлемі -129, 8 мың га ұлғайған. Бұл негізінен, ауыл шаруашылығының финанстық жағдайының нашарлауынан, минералдық және органикалық тыңайтқыштардың жетіспеушілігінен, тұқымның жетіспеуінен, сонымен қатар, тозығы жеткен материалдық-техникалық базаға байланысты. Облыс аумағындағы табиғи-экономикалық жағдайдың әр түрлі болуы, ауыл шаруашылықтық өндірісті орналастыруға мамандануға байланысты Арал маңында ауыл шаруашылығының дамуының өзгеше түрі қалыптасты (әр түрлі мамандыққа маманданған, әрі өзі сатып алып өзін-өзі қаржыландыру тәрізді түрі) . Солтүстік зонада соңғы жылдары суландыратын судың жетіспеуінен күріш пен басқа да мәдени өсімдіктерді өсіретін егістіктің көлемі азайған. Әйтсе де, елді мекендердің бір-бірінен қашық орналасқандығы мал шаруашылығын дамытуға қолайлы болып отыр. Әсіресе, оның ішінен ірі жүнді қой, түйе және жылқы шаруашылығын дамытуға ыңғайлы. Оңтүстік зонада температураның қолайлығына байланысты шаруашылыққа жайлы, әсіресе көкөніс-бақша, жеміс-жидек, майлы және техникалық мәдени дақылдар мен жүзім өсіруге қолайлы. Сондықтан соңғы жылдары мұнда негізгі мәдени өсімдік күрішпен бірге мақта және т. б. өсіруді дамытуда. Орталық зонада шаруашылықты дамытуға қолайлы болғандықтан мұнда күріш және күріш тұқымдасына жататын басқа да мәдени өсімдіктер, дәнді, майлы, бау-бақша, жеміс-жидек егілуде. Кез-келген жер қоры құнарлылығымен ерекшеленеді. Қызылорда облысына тән климат, өсімдіктер дүниесі, гидрологиясы мен гидрогеологиясы негізінде қалыптасқан топырақ жамылғысы жер ресурстарының сапалық жағдайына ерекше ықпал жасайды. Осыны негізге ала отырып, облыс аумағындағы топырақтарды екі үлкен топқа бөлуге болады: - суармалы егіншілік дамыған атыраулық ылғалды топырақтар; - шөлейт бөлігінде ескі заманнан қалған суармалы егіншіліктің ізі бар және мал жайылымына пайдаланылатын құрғақ топырақтар.
Топырақтың құнарлығының өзгеруіне адамдар әрекеті де әсер етеді. Ғылыми тұрғыдан әрекет жасаса, топырақ құнарлығын арттырады, ал жауапсыздықпен қарайтын болса, топырақ құнарлылығын төмендетеді немесе жойып жібереді. Топырақ құнарлылығын, жерді пайдалану тиімділігін арттыру жөніндегі негізгі агрономиялық, агротехникалық, агромелиоративтік, ұйымдастырушылық шаралар мыналар:
1. Топырақты эрозиядан (азудан) қорғау. Эрозияның негізгі үш түрі бар: жел, су және техникалық. Тегіс емес, тақыр жерлерде жауын-шашын топырақтың құнарлы қабатын жуып кетеді. Ормансыз ашық жерлер, әсіресе өнімділігі құртылған (жыртылған) жерлер жел эрозиясына ұшырайды, топырақтың құнарлы қабатын жел ұшырып кетеді. Жерді ауыр техникамен өңдеу, жылма-жыл бір дақылды егу, техниканың жолсыз жерлермен жүруі топырақ эрозиясын күшейтеді. Шөл және шөлейт аймақтарда маусымдық пайдалану тәртібін сақтамай шамадан тыс мал жаю, техникалардың жүруі өсімдіктердің, әсіресе құнды өсімдіктердің жойылуын тудырып отыр. Беті ашылған топырақ жел, күн, су эрозиясына ұшырайды. Бұл қауіптен қорғанудың басты жолы тоғайлар өсіру, суландыру, реттеп пайдалану.
2. Топырақты сортаңданудан (тұзданудан) қорғау. Топырақтың тұздануы жауын-шашын мөлшері буланатын ылғалдан аз болғанда болды. Егістікті көп жыл бойы көлдетіп суғару топырақтың тұздануын тудырады. Жаңбыр суының жер бетіне көлкіп жатып булануы жерді сортаңдандырады. Егістікті, жайылымды суғарудың озық тиімді әдістерін қолдану топырақты сортаңданудан сақтайды.
3. Топырақты құм басудан қорғау жолдары - ағаш (сексеуіл, жыңғыл), бұталар отырғызу, көп жылдық шөптер егу.
4. Жерді батпақтанудан қорғау үшін гидромелиоративтік жұмыстар жүргізу, суғару жүйелерін жетілдіру қажет болады.
5. Топырақтағы қоректік заттарды сақтау үшін мелиоративтік жұмыстар, сортаң жерлерді әкпен, гипспен өңдеу, арнаулы әдіспен жырту, тыңайтқыш беру, мал жаюды ретеу, т. б. агрономиялық жұмыстар жүргізіледі.
6. Топырақты уланудан қорғау - пестицид, гербицид, тыңайтқыштар қолдану мөлшерін реттеу, өндіріс, тұрмыс қалдықтарынан қорғау, санитарлық сауықтыру шаралары болып табылады.
7. Құрылыс, жол салу, жер қойнауын барлау, пайдалы қазбаларды өндіру, қалдықтарды орналастыру нәтижесінде бүлінген жерлерді қалпына келтіру (рекультивация) республикамыздың жер қойнауын едәуір жақсартады.
8. Егістік құнарлы жерлердің ауыл шаруашылық айналымнан шығарылуын болдырмау шаралары заңдастыруды талап етеді. Соңғы жылдары әр түрлі құрылысқа, саяжайға, жолдарға, сауда орындарына егістікке қолайлы, құнарлы тегіс жерлерді, ормандарды бөлу кең етек жайып келеді. Оны заңдастырып тоқтату қажет-ақ.
Аталған жұмыстар арнаулы ғылымдар саласындағы жетістіктерге сүйеніп жүргізіледі. Сонымен қатар бұлар экономикалық шаралар болып табылады. Өйткені жұмсалатын қаржы, материалдық шығындарды есептен, шаралардың экономикалық тиімділігін анықтау қажет. Жерді қорғау, тиімді пайдалану шараларын жүзеге асыру үшін экономикалық есептеулер, бағалаулар жүргізіледі. Жердің құнарлығын бағалау, қалпына келтіру, қорғау, жақсарту шығындарын анықтау, жерді нарықтық қарым-қатынасқа қосу, т. б. экономикалық есептеулерді, бағалауды талап етеді .
Қорыта айтқанда, жер өндiрiс қорының көзi, әрi өндiрiстi орналастыру ортасы ретiнде өндiрiстiң барлық саласына қатысты. Өндiрiстiң даму қарқыны артқан сайын жер байлығын, жер қорын пайдалану мөлшерi де өсiп келедi. Соған байланысты, жер ресурсының тиiмдi қорының сапасының төмендеуi қоғамның өндiрiске жұмсалатын шығынының артуына керi әсер етуде. Жер қоры сапасының төмендеуiнен туындайтын өндiрiс тиiмдiлiгiне керi әсердi ғылыми техникалық жетiстiктер нәтижесi де жоя алмай отыр. Сондықтан жер қорын үнемдi, тиiмдi пайдалану кезек күттiрмей шешiмiн табуы тиiс мәселеге айналып отыр. Оны шешу үшiн жердi тиiмдi пайдаланудың қазіргi экономикалық механизмге сай жаңа экономикалық жағдайларды ұйымдастыру керек және осындай комплекстi жолдардың iшiнен ең тиiмдiсiн, ең қолайлысын, нақтысын таңдап алуымыз қажет.
Қырыққабаттың морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері
Бақша қырыққабаты (лат. Brássica olerácea) - екі жылдық өсімдік, ауылшаруашылық дақылдары; қырыққабат тұқымдасының (лат. Brassica) қырыққабат тұқымдасы (крест) .
Ботаникалық сипаттама
Сабағы биік, жапырақты. Жапырақтары жалтыр, сұр немесе көкшіл-жасыл. Төменгі жапырақтары өте ірі, ет тәрізді, лир тәрізді бөлшектелген, жақын, көрнекті тамырлары бар, петиолат, базальды розетканы құрайды, бір-біріне тығыз жабысады, сабақтың айналасында қырыққабат басы түзіледі (сабақтар) . Жоғарғы жапырақтары отырықшы, ұзынша тәрізді. Сабақтың жапырақтары азды-көпті сабақты қаптайды. Гүлдер көп гүлді раушан гүлінде үлкен. Сепальдар, стамен сияқты, тік тұрады. Corolla ақшыл сары, сирек ақ. Бүршіктер өте үлкен, ұзындығы 10 см-ге дейін, қабылдамайды. Мұрын жуан, доғал, қысқа, 4-6 мм, сирек 15 мм ұзын. Тұқымдар үлкен, қара-қоңыр, ұзындығы 2 мм-ге жуық, шар тәрізді, әлсіз жасуша.
Екі жылдық шөп. Бағалы көкөніс және жемшөп дақылы ретінде ол барлық континенттерде, оның ішінде тропикалық елдерде кеңінен өсіріледі. Ол пайдалы емдік қасиеттерге ие - антижаралық, қабынуға қарсы, қақырық түсіретін, антигельминтикалық және т. б.
Гүл формуласы Қырыққабат гүлінің формуласы: * Ch2 + 2L4T2 + 4P (2) .
Таралуы және тіршілік ету ортасы
Қырыққабаттың жабайы туысы әлі анықталған жоқ. А. Декандол Оңтүстік Англия мен Ирландия, Францияның солтүстік-батысы, Гелиголанд, Дания жағалауында және Ницца, Генуя және Лукканың жанында Жерорта теңізінің солтүстік жағалауларында өседі деп сенген. Э. Н. Синскаяның айтуы бойынша «қырыққабаттың шығу тегі мен таралуы - Жерорта теңізі аймағы (теңіз жағалауы бойында) ». Грузин ғалымы Г. Жапаридзе қырыққабаттың жерорта теңізі жағалауында емес, Грузияның Колхида ойпатында, деп санайды, өйткені дәл осы жерлерде сирек кездесетін қырыққабат тәрізді өсімдіктер кездеседі, олар «кежера» деп аталады.
Қырыққабат сорттары:
- Ақ қырыққабат
- Брюссель өскіндері
- Колраби қырыққабаты
- Савой қырыққабаты
- Түрлі-түсті орамжапырақ
- Орамжапырақ
- Брокколи
Қырыққабат өсірудің интенсивтік технологиясы
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz