Қазақстандағы ветеринариялық қызметтің құрлымы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті
Аграрлық факультет
Ветеринариялық медецина кафедрасы

5В120100 - Ветеринарлық медицина мамандығы

Ветеринария ісін ұйымдастыру пәні бойынша

КУРСЫТҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Мемлекеттік ветеринарияның мекемелер жүйесі

Орындаған: Сәрсембай А.Ж.
Тобы: АП-17-8к1
Жеткшісі:

Шымкент - 2020
I КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
II НЕГІЗГІ БӨЛІМ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.1 Қазақстан Республикасының Ветеринария туралы заңы ... ... ...
2.2 Қазақстандағы ветеринариялық қызметтің құрлымы ... ... ... ... ... .
Ветеринариялық бақылау мекемелері және олардың жұмысы ... ..
2.3.1 Аудандағы ветеринарлық қызметтің ұйымдастыру құрамы және мемлекеттік ветеринарлық мекемелер жүйесі.
2.3.2 Мал ауруларымен күресуші аудандық станция
2.3.3 Бөлімшелік ветеринарлық емхана және бөлімше, оларға қойылатын талаптар,ұйымдастыру құрамы, штаты.
2.3.4 Ветеринарлық мекемелердің жұмыс істеу тәртібі
2.3.5 Қалалардағы ветеринариялық қызметті ұйымдастыру
2.3.6 Мал ауруларымене күресуші қалалық ветеринарлық станция
2.3.7 Бөлімшелік ветеринарлық емхана
2.3.8 Ветсансарап лабораториясы
III ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
IV ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ..

КІРІСПЕ

Ветеринария (лат. veterinarius -- малды бағып -- қарайтын қызметкер, жануарларды емдейтін маман) - жануарлар ауруларының алдын алу, оларды емдеу, мал дәрігерлік сараптау және тексеру арқылы санитарлық тұрғыдан таза жануарлар өнімдерін өндіру нәтижесінде, адамзатты антропозооноз ауруларынан сақтау, сыртқы қоршаған ортаны қорғаудағы ветеринарлық-санитарлық проблемаларды шешу мәселелері туралы ғылыми ілім.
Жануарларды емдеу туралы көне мәліметтер 4 мыңыншы жылдардан бері белгілі. Ветеринарияның дамуы медицина, биология, химия, физика және т.б. табиғаттану ғылымдарының дамуымен тікілей байланысты. Ветеринарияның ғылым ретінде қалыптасуына К. Алкмеон, Гиппократ, К. Гален, К. Буржела, Ә. Дженнер, В. И. Всеволодов, К.И. Скрябин, С.Н. Вышелесский және т. б. ғалымдар атсалысқан.
Ветеринария -- қалыпты анатомия, гистология, физиология, биохимия, патологиялық анатомия және физиология, ветеринарлық микробиология және вирусология, эпизоотология, паразитология, ветеринарлық санитария, ветеринарлық-санитарлық сараптау, клиникалық анықтау (диагностика), емдеу (терапия), хирургия (оташылық), фармакология, жануарлар гигиенасы, ветеринарлық акушерлік және гинекология сияқты ғылыми салаларды біріктіреді.
Қазақстан Республикасындағы ветеринария қызметі бірегей мақсатпен арнайы қызмет атқарушы органдар, мекемелер, ұйымдар және қызметтер жүйесінен тұрады. Олар ветеринариялық қызметті тікелей атқарушы және оған тиісті жағдай туғызып, қамтамасыз етуші болып екі топқа бөлінеді.
Статистикалық деректер бойынша ветеринария мамандарының 80% астамы бірінші топтағы ұйымдармен мекемелерде істейді. Бұл мамандар тікелей мал шаруашылығында және сонымен өндірістік байланысы бар кәсіпорындарда, көлікте, сауда саттық жүйесінде ветеринариялық қызмет атқарады. Бұл топқа мемлекеттік және жеке меншік ветеринариялық қызметтер кіреді.
Екінші топтағы ұйымдар мен мекемелерге жататындар:
:: ветеринариялық ғылыми зерттеу институттары, станциялары, лабораториялары;
:: биопрепараттар өндіруші кәсіпорындары, лабораториялары, дәрі дәрмек, құрал жабдық шығаратын кәсіпорындар және олардың өнімдерін тұтынушыға жеткізуші зооветжабдықтау жүйесі;
:: жоғары және арнаулы орта білім беруші ветеринариялық медицина оқу орындары.
Осы топтағы мекемелер мен кәсіпорындар ветеринарияның дамуына, талапқа сай жұмысын атқаруға зор ықпалын тигізеді. Шынында да ғылыми зерттеу ветеринариялық шараларды табуға, жетілдіруге мүмкіндік береді; оқу орындары мамандар даярлайды; кәсіпорындар препараттар мен құрал жабдықтарды өндіреді. Олардың жұмысы ветеринарияны ғылыми және материалдық техникалық жағынан қамтамасыз етуге бағытталған.
Еліміздің ветеринариялық жүйесі мемлекет тарапынан құрылады. Сондықтан барлық ветеринариялық органдар, мекемелер мемлекеттік ветеринарияға жатады. Олардың барлығы Ауыл шаруашылығы министрлігі жүйесіне кіреді.
Мемлекеттік ветеринарияға ерекше міндеттер жүктелген, арнайы құқықтар берілген. Сондықтан ол ветеринариялық шараларды жоспарлауда, ұйымдастыруда жетекші роль атқарады. Ветеринария саласында мемлекеттік саясат жүргізіп, оның мүддесін қорғайды. Мемлекеттік ветеринарияның мамандарды сұрыптап, тиісті орындарға тағайындауға, қаражат қорларын шоғырландырып, эпизоотиямен күрестің шешуші бағыттарына жұмсауға құқы бар. Сауықтыру шараларын нәтижелі жүргізу үшін және ветеринариялық препараттарды өндіру, жарамдылығы мен сапасын анықтауға ғылыми мүмкіншілікті пайдаланып, білікті ғылым қызметкерлерін тартуға құқықты.
Ветеринариялық қызмет еліміздегі әкімшілік аумақтық бөліну принципіне сәйкес ұйымдастырылған. Сондықтан, оның әр сатысы өз құзыры жүретін аймақтағы барлық ветеринариялық нысандарда, ведмостволық бағыныштылығына қарамастан, тиісті міндеттерін атқарады. Бірақ, тасымалдау жүйесіндегі және шекарадағы ветеринариялық бақылау қызметтері тікелей Республикалық Ветеринариялық бақылау Комитетіне бағынады.
Елімізде жекеменшік кәсіпкерлік ветеринария нарыққа өтпелі кезеңде заман талабы бойынша туындады. Ветеринариялық қызметтің бұл түріне жекеменшік әдісімен қызмет етуші дәрігерлер, ветфельдшерлер, препараттар мен мүліктер өндіруші шағын кәсіпорындар, кооперативтер, серіктестіктер, бірлестіктер, сондай ақ лабораториялар және т.б. жатады.
Жекеменшік кәсіпкерлік қызмет ветеринарияны басқарушы мемлекеттік органдардың рұқсатымен (лицензиясымен) тиісті әкімшілік аумақта жұмыс істейді. Оларға ҚР Ветеринария туралы заңы бойынша ауырған малдарды емдеуге, аурулардың алдын алу шараларын жүргізіп, малдың денсаулығы туралы құжаттар беруге рұқсат берілген. Егер жұқпалы аурулардың белгілерін байқаса, мемлекеттік ветеринарияға тез хабар беріп, ауру ошағын жоюға шаралар қолданады, қарантиндік шаралар жүргізуге қатысады.Жекеменшік қызметтің жұмысына мемлекеттік ветеринариялық органдар басшылық етіп, үстінен бақылау жасайды.
Ветеринариялық қызмет өз міндетін атқару үшін қажетті керек жарақпен қамтамасыз етуді, яғни жабдықтауды талап етеді. Бұл ауыл шаруашылығы Министрлігінің негізгі қызметтерінің бірі болып саналады. Ветеринарияны жабдықтауды ұйымдастыру, басқару және бақылау үшін арнайы орган және мекемелер жүйесі құрылған, оны қаззооветжабдықтау деп атайды. Жабдықтау көлемі аудандарда, облыстарда және бүкіл республика бойынша жоспарланған ветеринариялық шаралар көлеміне байланысты болады. Негізгі жабдықтау бұйымдарына: биологиялық препараттар, дәрі дәрмектер, залалсыздандырғыш заттар, лабораториялық жабдықтар мен реактивтер, түрлі аспаптар, таңғыш заттар, арнайы киімдер және т.б. жатады.
Қазақстан бойынша ветеринарияда қолданылатын тауарлар өндіруші кәсіпорындар бұрыннан салынбаған. Қазір шприцтер, дәрі дәрмек өндіруші және т.б. ветеринариялық, медициналық өнімдер шығаратын кәсіпорындар ашылуда. Бірақ, негізгі мұқтаждықты өтеу үшін осы кәсіпорындардың өнімдері жеткіліксіз болғандықтан, көпшілік тауарлар алыс жақын шетелдерден сатып алынады.
Республикамыздағы ветеринария саласының жетекші ғылыми мекемелеріне ҚР Ұлттық аграрлық ғылыми зерттеу орталығы, ҚР Ұлттық биотехнология орталығы, ҚР Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми зерттеу институты, Қазақ ветеринариялық ғылыми зерттеу институты және т.б. жатады. Осы аталған ғылыми зерттеу орталықтары мен институттары еліміздің биологиялық және ветеринариялық қауіпсіздігін, ветеринария саласының дамуына елеулі үлес қосып келеді.
Ветеринария саласы сау және ауру жануарлар организмінің тіршілік заңдылығын, аурудың пайда болу себептерін, анықтау әдістерін, аурудың алдын алу және малдарды күтіп бағу, азықтандыру, жұмысқа жегу жолдарын ескере отырып, ауру жануарларды емдеу, сонымен қатар адамды жануарлар мен адамға ортақ аурулардан сақтандыру шараларын толық меңгеретін ғылыми білімнің кешені.

2. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1 Қазақстан Республикасының Ветеринария туралы заңы
ҚР Ветеринария туралы заңы бірінші рет 1995 жылы 25 маусымда, екіншісі 2002 жылы 10 шілдеде қабылданған, заң 6 тараудан 37 баптан тұрады:
1-тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдарға түсініктеме берілген.
2-бап. Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдары
- Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
- Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шарттардың ережелерi қолданылады.
3-бап. Ветеринария саласындағы негiзгi мiндеттер
Ветеринария саласындағы негiзгi мiндеттер мыналар:
- жануарларды аурулардан қорғау және емдеу;
- халықтың денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау;
- мемлекеттiк ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктердiң ветеринариялық-санитариялық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету;
- Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелiнуi мен таралуынан қорғау;
- ветеринариялық препараттардың сапасын бақылау;
- жануарлар ауруларына қарсы күрес құралдары мен әдiстерiн әзiрлеу және пайдалану, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттың сапасына ветеринариялық-санитариялық бақылауды қамтамасыз ету;
- жеке және заңды тұлғалар ветеринария саласындағы қызметтi жүзеге асыруы кезiнде қоршаған ортаны ластаудың алдын алу және оны жою;
- ветеринария ғылымын дамыту, ветеринария мамандарын даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру.

2-тарау. Ветеринария саласындағы мемлекеттік реттеу
4-бап. Ветеринария саласындағы мемлекеттiк саясат
5-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң ветеринария саласындағы құзыретi
6-бап. Қазақстан Республикасының ветеринария жүйесi
Қазақстан Республикасының ветеринария жүйесiне:
- ветеринарияны мемлекеттiк басқару органдары;
- мемлекеттiк органдардың ветеринария саласындағы қызметтi жүзеге асыратын бөлiмшелерi;
- мемлекеттiк ветеринариялық ұйымдар;
- ветеринария саласында кәсiпкерлiк қызметпен шұғылданатын жеке және заңды тұлғалар кiредi.
7-бап. Ветеринарияны мемлекеттiк басқару органдары
1. Ветеринарияны мемлекеттiк басқару органдарына:
- ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган;
- ветеринариялық бақылау постылары бар шекарадағы және көлiктегi мемлекеттiк ветеринариялық қадағалаудың аймақтық бөлiмшелерi;
- ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның облыстық (астананың, республикалық маңызы бар қаланың) аумақтық бөлiмшелерi;
- селолық округтердiң, базарлардағы, мемлекеттiк ветеринариялық қадағалау орындары бақылайтын жүктердi өндiру, дайындау (сою), сақтау, өңдеу және өткiзу жөнiндегi ұйымдардағы ветеринариялық инспекторлары бар ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның аудандық (қалалық) аумақтық бөлiмшелерi жатады.
2. Ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган мен оның аумақтық бөлiмшелерiнiң басшылары -- Қазақстан Республикасы мен тиiстi аумақтардың бас мемлекеттiк ветеринариялық инспекторлары, ал олардың орынбасарлары Қазақстан Республикасы мен тиiстi аумақтардың бас мемлекеттiк ветеринариялық инспекторларының орынбасарлары болып табылады. Ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның басшысы әкiмшiлiк мемлекеттiк қызметшiлердiң тиiстi лауазымдарына қоса бас мемлекеттiк ветеринариялық инспектор, бас мемлекеттiк ветеринариялық инспектордың орынбасары деген арнаулы атаулар бepyгe құқылы.
8-бап. Ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган мен
оның аумақтық бөлiмшелерiнiң құзыретi
9-бап. Мемлекеттiк органдардың ветеринария саласындағы қызметтi
жүзеге асыратын бөлiмшелерi
10-бап. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарының құзыреті;
10-1-бап. Аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкiмiнiң құзыретi
11-бап. Мемлекеттiк ветеринариялық ұйымдар
12-бап. Ветеринария саласындағы қызметтi лицензиялау
1. Ветеринариялық қызметтi Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңдарында белгiленген тәртiппен облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органы мiндеттi түрде лицензиялауға тиiс.
2 Ветеринариялық қызметке лицензия беру, оның қолданылуын тоқтата тұру және оны керi қайтарып алу Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
13-бап. Ветеринария саласындағы кәсiпкерлiк қызмет
3-тарау. Мемлекеттік ветеринариялық қадағалау
14-бап. Мемлекеттiк ветеринариялық қадағалау
14-1-бап. Қазақстан Республикасында мемлекеттік ветеринариялық бақылауды жүзеге асыру тәртібi
15-бап. Мемлекеттiк ветеринариялық қадағалау объектiлерi
Мыналар мемлекеттiк ветеринариялық қадағалау объектiлерi болып табылады:
- жануарлар, жануарлардың жыныс және дене клеткалары;
- жануарлар ауруларының қоздырушылары;
- жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзат, ветеринариялық препараттар, жемшөп пен жемшөптiк қоспалар, патологиялық материал немесе олардан диагностика және ветеринариялық-санитариялық сараптама үшiн алынатын сынамалар, сондай-ақ судың, ауаның, топырақтың, өсiмдiктердiң сынамалары;
- жануарларға профилактика жасау, оларды емдеу мен дауалау, жануарлар ауруларының диагностикасы, ветеринариялық-санитариялық сараптама үшiн пайдаланылатын ветеринариялық және зоогигиеналық мақсаттағы бұйымдар мен атрибуттар;
- жануарлар ауруларының қоздырушыларын тарататын факторлар болуы мүмкiн көлiк құралдары, ыдыстың барлық түрлерi, буып-түю материалдары;
- жеке және заңды тұлғалардың ветеринария саласындағы қызметi;
- мемлекеттiк ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктердi өсiретiн, дайындайтын, сақтайтын, өңдейтiн, өткiзетiн немесе пайдаланатын, сондай-ақ ветеринария саласындағы ғылыми қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың аумақтары, өндiрiстiк үй-жайлары мен қызметi;
- мал айдалатын жолдар, маршруттар, мал жайылымдары мен суаттардың аумақтары, оларды бiрдейлендiрудiң рәсiмдерi мен нысандары;
- ветеринариялық есеппен есептiлiк жөнiндегi құжаттама, ветеринариялық куәлiк, ветеринариялық анықтама, ветеринариялық-санитариялық қорытынды, сараптама актiсi, мемлекеттiк ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктердi өндiру, дайындау (сою), сақтау және өңдеу жөнiндегi нормативтiк-техникалық құжаттама мен ветеринария саласындағы өзге де нормативтiк құжаттамалар.
16-бап. Бас мемлекеттiк ветеринариялық инспекторлар мен олардың орынбасарларының құзыретi
17-бап. Ветеринариялық инспекторлардың құқықтары
18-бап. Ветеринариялық инспекторлардың актiлерi
19-бап. Ветеринариялық инспекторлардың тәуелсiздiгi
Ветеринариялық инспекторлар өз қызметiнде тәуелсiз болып табылады және Қазақстан Республикасының заңдарын басшылыққа алады.
20-бап. Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелiнуi мен таралуынан қорғау
21-бап. Мемлекеттiк ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктердi Қазақстан Республикасының аумағында тасымалдау (орнын ауыстыру) кезiндегi мемлекеттiк ветеринариялық қадағалау
22-бап. Базарлардағы мемлекеттiк ветеринариялық қадағалау
23-бап. Жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты өндiру, дайындау (сою), сақтау, өңдеу және өткiзу жөнiндегi ұйымдарда мемлекеттiк ветеринариялық қадағалау
24-бап. Ветеринариялық препараттар, жемшөп пен жемшөптiк қоспалар айналысын мемлекеттiк ветеринариялық қадағалау
4-тарау. Жануарлар ауруларының, оның ішінде жануарлар мен адамға ортақ аурулардың алдын алу және оларды жою
25-бап. Жеке және заңды тұлғалардың жануарлар ауруларының, оның iшiнде жануарлар мен адамға ортақ аурулардың алдын алу жөнiндегi мiндеттерi
26-бап. Ветеринариялық iс-шаралар
27-бап. Шектеу iс-шаралары және карантин
28-бап. Ветеринариялық препараттардың республикалық қоры
29-бап. Ветеринариялық нормативтер
30-бап. Мемлекеттiк ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктердi алып қою, жою, залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және өңдеу
31-бап. Азаматтардың денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау
32-бап. Ауыл шаруашылық жануарларын, базарларды, мемлекеттiк ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктердi өндiру, дайындау (сою), сақтау, өңдеу және өткiзу жөнiндегi ұйымдарды бiрдейлендiру
5-тарау. Ветеринария саласындағы ғылыми зерттеулер және ветеринария мамандарын даярлау мен олардың біліктілігін арттыру жөніндегі қызмет
33-бап. Ветеринария саласындағы ғылыми зерттеулер
34-бап. Ветеринария мамандарын даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру
6-тарау. Ветеринарияны қаржыландыру және ветеринария туралы заңдарды бұзғаны үшін жауаптылық
35-бап. Ветеринарияны қаржыландыру көздерi
36-бап. Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарын бұзғаны үшiн жауаптылық
37-бап. Осы заңды қолданысқа енгiзу тәртiбi
Осы Заң ветеринария саласындағы қызметтi жүзеге асырудың құқықтық, ұйымдастырушылық және экономикалық негiздерiн айқындайды, ветеринариялық-санитариялық қолайлы жағдайды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттың, ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөптiк қоспалардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге, сондай-ақ халықты жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғауға бағытталған.
2.2 Қазақстандағы ветеринариялық қызметтің құрлымы. Республикамыздағы ветеринария қызметі бірегей мақсатпен арнайы қызмет атқарушы органдар, мекемелер, ұйымдар және қызметтер жүйесінен тұрады. Олар ветеринариялық қызметті тікелей атқарушы және оған тиісті жағдай туғызып, қамтамасыз етуші болып екі топқа бөлінеді.
Статистикалық деректер бойынша ветеринария мамандарының 80% астамы бірінші топтағы ұйымдармен мекемелерде істейді. Бұл мамандар тікелей мал шаруашылығында және сонымен өндірістік байланысы бар кәсіпорындарда, көлікте, сауда саттық жүйесінде ветеринариялық қызмет атқарады. Бұл топқа мемлекеттік және жеке меншік ветеринариялық қызметтер кіреді.
Екінші топтағы ұйымдар мен мекемелерге жататындар:
-- ветеринариялық ғылыми зерттеу институттары, станциялары, лабораториялары;
-- биопрепараттар өндіруші кәсіпорындары, лабораториялары, дәрі дәрмек, құрал жабдық шығаратын кәсіпорындар және олардың өнімдерін тұтынушыға жеткізуші зооветжабдықтау жүйесі;
-- жоғары және арнаулы орта білім беруші ветеринариялық медицина оқу орындары.
Осы топтағы мекемелер мен кәсіпорындар ветеринарияның дамуына, талапқа сай жұмысын атқаруға зор ықпалын тигізеді. Шынында да ғылыми зерттеу ветеринариялық шараларды табуға, жетілдіруге мүмкіндік береді; оқу орындары мамандар даярлайды; кәсіпорындар препараттар мен құрал жабдықтарды өндіреді. Олардың жұмысы ветеринарияны ғылыми және материалдық техникалық жағынан қамтамасыз етуге бағытталған.
Еліміздің ветеринариялық жүйесі мемлекет тарапынан құрылады. Сондықтан барлық ветеринариялық органдар, мекемелер мемлекеттік ветеринарияға жатады. Олардың барлығы Ауыл шаруашылығы министрлігі жүйесіне кіреді.
Мемлекеттік ветеринарияға ерекше міндеттер жүктелген, арнайы құқықтар берілген. Сондықтан ол ветеринариялық шараларды жоспарлауда, ұйымдастыруда жетекші роль атқарады. Ветеринария саласында мемлекеттік саясат жүргізіп, оның мүддесін қорғайды. Мемлекеттік ветеринарияның мамандарды сұрыптап, тиісті орындарға тағайындауға, қаражат қорларын шоғырландырып, эпизоотиямен күрестің шешуші бағыттарына жұмсауға құқы бар. Сауықтыру шараларын нәтижелі жүргізу үшін және ветеринариялық препараттарды өндіру, жарамдылығы мен сапасын анықтауға ғылыми мүмкіншілікті пайдаланып, білікті ғылым қызметкерлерін тартуға құқықты.
Ветеринариялық қызмет еліміздегі әкімшілік аумақтық бөліну принципіне сәйкес ұйымдастырылған. Сондықтан, оның әр сатысы өз құзыры жүретін аймақтағы барлық ветеринариялық нысандарда, ведмостволық бағыныштылығына қарамастан, тиісті міндеттерін атқарады. Бірақ, тасымалдау жүйесіндегі және шекарадағы ветеринариялық бақылау қызметтері тікелей Республикалық Ветеринариялық бақылау Комитетіне бағынады.
Мемлекеттік ветеринариялық қызметтің ұйымдастырылу құрлымының схемасы төменде көрсетілген. Оның басты органы - Ауыл шаруашылығы министрлігінің малшаруашылығын өркендету және ветеринариялық қауіпсіздік департементі. Осы департаментке барлық республикалық, облыстық, қалалық, аудандық мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар бағынышты болады.
Елімізде жекеменшік кәсіпкерлік ветеринария нарыққа өтпелі кезеңде заман талабы бойынша туындады. Ветеринариялық қызметтің бұл түріне жекеменшік әдісімен қызмет етуші дәрігерлер, ветфельдшерлер, препараттар мен мүліктер өндіруші шағын кәсіпорындар, кооперативтер, серіктестіктер, бірлестіктер, сондай ақ лабораториялар және т.б. жатады.
Жекеменшік кәсіпкерлік қызметветеринарияны басқарушы мемлекеттік органдардың рұқсатымен (лицензиясымен) тиісті әкімшілік аумақта жұмыс істейді. Оларға ҚР Ветеринария туралы заңы бойынша ауырған малдарды емдеуге, аурулардың алдын алу шараларын жүргізіп, малдың денсаулығы туралы құжаттар беруге рұқсат берілген. Егер жұқпалы аурулардың белгілерін байқаса, мемлекеттік ветеринарияға тез хабар беріп, ауру ошағын жоюға шаралар қолданады, қарантиндік шаралар жүргізуге қатысады.Жекеменшік қызметтің жұмысына мемлекеттік ветеринариялық органдар басшылық етіп, үстінен бақылау жасайды.
Ветеринариялық қызмет өз міндетін атқару үшін қажетті керек жарақпен қамтамасыз етуді, яғни жабдықтауды талап етеді. Бұл ауыл шаруашылығы Министрлігінің негізгі қызметтерінің бірі болып саналады. Ветеринарияны жабдықтауды ұйымдастыру, басқару және бақылау үшін арнайы орган және мекемелер жүйесі құрылған, оны қаззооветжабдықтау деп атайды. Жабдықтау көлемі аудандарда, облыстарда және бүкіл республика бойынша жоспарланған ветеринариялық шаралар көлеміне байланысты болады. Негізгі жабдықтау бұйымдарына: биологиялық препараттар, дәрі дәрмектер, залалсыздандырғыш заттар, лабораториялық жабдықтар мен реактивтер, түрлі аспаптар, таңғыш заттар, арнайы киімдер және т.б. жатады.
Қазақстан бойынша ветеринарияда қолданылатын тауарлар өндіруші кәсіпорындар бұрыннан салынбаған. Қазір шприцтер, дәрі дәрмек өндіруші және т.б. ветеринариялық, медициналық өнімдер шығаратын кәсіпорындар ашылуда. Бірақ, негізгі мұқтаждықты өтеу үшін осы кәсіпорындардың өнімдері жеткіліксіз болғандықтан, көпшілік тауарлар алыс жақын шетелдерден сатып алынады.
Ветеринариялық қызметті ғылым тарапынан қамтамасыз ету үшін жалпы бағытта білімі және мамандығы бар ветеринариялық медицина дәрігерлерін ҚазҰАУ, Астана аграрлық университеті, Семей университеті, Батыс Қазақстан агроуниверситеті және Қостанай ауылшаруашылық университеті дайындайды. Ветеринариялық фельдшерлерді даярлайтын арнаулы орта оқу орындарына; Тараз, Талдықорған, Қапланбек, Қарқаралы зооветеринариялық колледждері, Орал, Новопокров, Қызылорда, Қостанай аграрлық колледждері және т.б. заман талабына сай қайта жабдықталуда.
Республикамыздағы ветеринария саласының жетекші ғылыми мекемелеріне ҚР Ұлттық аграрлық ғылыми зерттеу орталығы, ҚР Ұлттық биотехнология орталығы, ҚР Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми зерттеу институты (бұрынғы НИСХИ), Қазақ ветеринариялық ғылыми зерттеу институты және т.б. жатады. Осы аталған ғылыми зерттеу орталықтары мен институттары еліміздің биологиялық және ветеринариялық қауіпсіздігін, ветеринария саласының дамуына елеулі үлес қосып келеді.
Қазақстандағы ветеринария ғылымы бойынша бекітілген мамандықтарына жататындар:
16.00.01 - фармакология, токсикология, малдың ішкі жұқпайтын аурулары және диагнозын қою;
16.00.02 - морфология, физиология және патология;
16.00.03 - ветеринариялық микробиология, иммунология, эпизоотология және малдың инфекциялық аурулары;
16.00.05 - ветеринариялық хирургия, акушерлік гинекология және малды қолдан ұрықтандыру;
16.00.06 - ветеринариялық санитария, зоогигиена, ветеринариялық санитариялық сараптау және мал өнімдерін өңдеу гигиенасы;
16.00.09 - ветеринариялық паразитология және малдың инвазиялық аурулары.
Осындай салалар бойынша ветеринариялық ғылым кадрлары аспирантура және докторантура немес өз бетімен ізденіс жүргізу арқылы дайындалатын. Бірақ, бұл жүйе 2010 жылдан бастап күшін жойып, елімізде соңғы жылдары ветеринариялық ғалымдарды даярлаудың жаңа моделі еңгізіліп, сол бойынша магистратура және РҺD-докторларын даярлау жолға қойылды.
Қазіргі таңда зық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, мал шаруашылығы өнімдерінің экспорттық әлеуетін арттыру және ветеринария жүйесін жетілдіру алдыңғы орында тұр.
Қазіргі уақытта ауылшаруашылығы жануарларының инфекциялық және инвазиялық (ішек-құрт) ауруларына шалдығуы, малдың қыс мезгілінде көтерем болып өлуі, ветеринарлық құжатсыз басқа жақтан мал тасымалдау, сату және ол туралы жергілікті ветеринарлық мамандарға хабарламау, тағы басқа жағдайлардың тіркелуі тікелей мал иесінің жауапкершілігінің төмендігінен орын алып отыр. Осындай себептердің салдарынан адам мен жануарға ортақ жұқпалы аурулармен (бруцеллез, туберкулез) және биогельминтозды (эхинококкоз, описторхоз, трихинеллез, дерматомикоз) аурулардың облысымыздағы тұрғындар арасында таралуы белең алуда.
Ветеринариялық қауіпсіздік жүйесін дамытудың өзектілігі әсіресе, ауылшаруашалық жануарларының негізгі басының көп бөлігі жеке аулаларда, ұсақ тауарлы, фермерлік, кооперативтік шаруашылықтарда шоғырлануы жағдайы кезінде едәуір өсті. Сонымен қатар, бүгінгі күні ветеринариялық жүйенің дамуына тұжырымдамалы әсер етуші себептер де бар. Ол - жануарлардың негізгі бөлігінің жеке аулаларда шоғырлануы, жергілікті ветеринариялық бақылау жүргізуді елеулі түрде қиындатады. Сонымен қатар, қолдағы бар ақпараттық жүйе өнімдері фермадан үстелге дейін қағидаты бойынша қадағалауды қамтамасыз етпейді, бұл эпизоотиялық қадағалау, мониторинг және жануарлар ауруларының ошақтарына болжау жүргізуге келеңсіз әсерін тигізеді.
Ауылшаруашылық тауар өнімдерін толығымен өндіру әр алуан малдан жұғатын жұқпалы аурулардың (сібірлік язва, оба, туберкулез, бурцеллез, сальмаонеллез, колибактериоз, парафит, құтырма т.б.) болуына байланысты өндіру мүмкіндігі шектеулі, сондай-ақ көбіне Қазақстанда табиғи-климаттық жағдайға байланысты, сонымен қатар ауылшаруашылығы, оның ішінде мал шаруашылығы өнімдерін өндіруде жоғарғы деңгейде бейімделмеген. Мал шаруашылық өнімдерін өндіруде өндірушілер ветеринариялық-санитариялық тексерістердің көп болса, онда өндірушілер көптеген шығындар болмас еді. Осы шығындар мен аурулар болмас үшін Ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жағдайын жасау керек. Өйткені ҚР-сы Конституциясының 29-бабында Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтауға құқығы бар делінген. Ал Конституцияның 31-бабына сәйкес Мемлекет адамның өмір сүруі мен денсаулығына қолайлы айналадағы ортаны қорғауды мақсат етіп қояды. Адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін деректер мен жағдаяттарды лауазымды адамдардың жасыруы заңға сәйкес жауапкершілікке әкеп соғады деп көрініс тапқан.
ҚР-ның Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес, салауатты өмір салтын қалыптастыру денсаулықты нығайту және өмір салтымен байланысты аурулардың алдын алу мәселелерінде халықты ақпараттық қамтамасыз ету, гигиеналық оқыту мен тәрбиелеу жолымен салауатты өмір салтын насихаттауды, дұрыс тамақтануды және аурулардың профилактикасын қамтиды.
Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы - мекендеу ортасы факторларының адамға зиянды әсері болмайтын және оның тыныс-тіршілігіне қолайлы жағдайлар қамтамасыз етілетін кездегі халық денсаулығының жайкүйі.
Б. Қалымбектің пікірінше, ветеринариялық қауіпсіздік - заңды және жеке тұлғалардың ветеринарлық-санитарлық ережелер талаптарын орындауымен қамтамасыз етілетін техникалық және дәрілік құралдардың, мал шаруашылығы өнімдерінің, ветеринарлық мақсаттар үшін жемдер мен жем қоспалары айналымының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған ұйымдастырыушылық-құқықтық, әлеуметтік экономикалық және ветеринарлық шаралар кешені.
Ветеринарлық қауіпсіздік түсінігі тікелей жануарлардың аса қауіпті аурулары болмайтын, ал жануарлардың өзге ауру деңгейі белгілі уақыт пен нақты аумақ үшін тән қалыпты ауру деңгейінен аспайтын жағдайдағы эпизоотиялық қолайлылыққа байланысты болып табылады. Ветеринария туралы Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі N339 Заңының 1-бабына сәйкес, Ветеринария (ветеринария саласы) жануарлардың аурулары мен азықтан улануын (зақымдануын) зерделеуге, олардың профилактикасына, диагностикасына, оларды емдеуге және жоюға, мемлекеттiк ветеринариялық қадағалау объектiлерiнiң Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарының талаптарына сәйкес келуiн қамтамасыз етуге, сондай-ақ халықты жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғауға бағытталған арнаулы ғылыми бiлiмдер мен практикалық қызмет саласы.
Ветеринарияны құқықтық қамтамасыз ету дегеніміз адамның денсаулығы мен өміріне қауіп төнбейтін жануарлардан туатын аурулардын алдын алу, жұқпалы ауру туындағанда, оларды емдеу, егер емдеу жағдайы болмағанда ауру жануарларды жою арқылы қамтамасыз ететін шаралар кешені болып табылады. Ветеринарлық қауіпсіздікті қамтмасыз етудің ұйымдастырушылық құқықтық тетігі мемлекеттердің, халықаралық және ұлттық ұйымдардың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы ветеринария қызметі және ҚР ветеринария туралы заңын талдау
Қазақстандағы ветеринария қызметі және ҚР «Ветеринария туралы» заңы туралы мәлімет
Қазақстандағы ветеринария қызметі, ҚР «ветеринария туралы» заңы
Қазақстандағы ветеринария қызметі туралы және ҚР «Ветеринария туралы» заңы
Ветеринария саласындағы мемлекеттік реттеу
ҚР мемлекеттік ветеринарлық - санитарлық бақылау және қадағалаудың заманауи мәселелері
Базарлардағы ветеринариялық санитариялық қадағалауды ұйымдастыру
Қазақстандағы ветеринария қызметі және ҚР «Ветеринария туралы» заңы жайлы
Экономикалық аграрлық секторындағы созылмалы дағдарыс
Тағамдық түрлерін ветеринариялық-санитариялық токсикологиялық бағалау
Пәндер