ОДАҒАЙ ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті
Филология және педагогика факультеті
Қазақ филологиясы кафедрасы
Қазақ тілін оқыту әдістемесінен

Курстық жұмыс
Тақырыбы:Функциялық сауаттылық: оның ғылыми негізі.

Мамандық шифры
Оқу бөлімі
5В011700 - Қазақ тілі мен әдебиеті
Күндізгі

Орындаған:________Қабиден Айсұлу ҚБ - 71
Тексерген:_________п.ғ.д.,профессор Жахина Б.Б.
Бағасы:_________

Көкшетау, 2019

Мазмұны
Кіріспе. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .3
Негізгі бөлім
1.1Функциялық сауаттылық негізін қалыптастырудың зерттелуі. . . . . . . . . . 4
1.2Одағай тақырыбы бойынша функциялық сауаттылықты қалыптастыру жолдары . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .. . . . .6
Қорытынды. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . ..17
Пайдаланылған әдебиеттер. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .18

КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Бүгінгі таңдағы мәселердің бірі функционалдық сауаттылықтың рөлі мен қызметі, қолданысындағы ерекшелігін көрсету.
Зерттеу нысаны. Функционалдық сауаттылықтың өзіндік ерекшеліктері, одағай тақырыбын оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Одағай тақырыбын оқыту жағдайында оқушылар үшін жеңілдетілген сынақтар,тапсырмалар арқылы функционалдық сауаттылықты қалыптастырып, өмір қажетіне жарата білуіне жағдай жасау.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы.Одағай тақырыбын оқыту барысында қазіргі қазақ тіліндегі өзгерістерді ескере отырып, функционалдық сауаттылықты қалыптастыру жолдары.
Дереккөздері: Жұмыстың жасалуы барысында Ахмет Байтұрсыновтың Тіл тағылымы (Ана тілі, Алматы қ., 1992ж.) атты қазақ тілі мен оқу-ағартуға қатысты еңбегі, Балақаев М., Қордабаев Т., Хасенов А., Ысқақов А. Қазақ тілінің грамматикасы ІІ том; Алматы қ., (Ғылым баспасы, 1967ж.) және т.б. еңбектер пайдаланылды.
Зерттеу жұмысында қолданылған әдіс-тәсілдер. Материалдарды мақсатқа сай іріктеу, теориялық мәліметтер.
Зерттеудің нәтижесі:Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттерін жүзеге асырып, одағай тақырыбына сай функционалдық сауаттылықты қалыптастыру тақырыбын жан-жақты ашу.
Курстық жұмыстың құрылымы: Жасалынған жұмыс кіріспеден, 3 тараудан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1.1ФУНКЦИЯЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ НЕГІЗІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ
Функционалдық сауаттылық ұғымы алғаш он тоғызыншы ғасырдың алпысыншы жылдары ЮНЕСКО қағаздарында пайда болған және кейін зерттеушілер қолданысына енген.Функционалдық сауаттылық, жалпылай алғанда, білім берудің (бірінші кезегінде жалпы білім беру) көп жоспарлы адамдар қызметімен байланысты жалғайтын адамның әлеуметтік бағдарлау тәсілі ретінде түсіндіріледі. Қазір де жылдам өзгеріс табатын әлемде функционалдық сауаттылық адамдардың әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтеріне белсенді араласуына, әрі өмір бойына білім алуға ықпал жасайтын базалық мәселелердің біріне айналған іспеттес. Қазақстан Республикасы үкіметінің екі мың он екінші жылғы жиырма бесінші маусымдағы нөмірі сегіз жүз отыз екінші қаулысымен бекітіліп, жүзеге асқан. Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі екі мың он екі- екі мың он алтыншы жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары міндетті түрде қаралып, халық назарына ұсынылды. Елбасы Назарбаев Н.Ә. екі мың он екінші жылғы жиырма жетінші қаңтар күні Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту-Қазақстан дамуының басты бағыты атты Қазақстан халқына Жолдауында мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша бес жылдық ұлттық жоспарды қабылдау жайында іргелі міндет қойған.
Бұл жоспардың мақсаты- Қазақстан Республикасындағы мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жағдайын жасау.
Ұлттық жоспардың міндеттері:
Біріншіден, мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамытудың отандық және халықаралық тәжірибесін зерделеу.
Екіншіден, мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша шаралар сферасын іске асырудың басқыштарын анықтау.
Үшіншіден, білім мазмұнын жаңғыртуда стандарт,оқу жоспары мен бағдарламаларды қолдану.
Төртіншіден, білім беру жүйесін оқу-әдістемелік жағынан қамтамасыз етуді дайындау.
Бесіншіден, мектеп оқушыларының білім сапасына баға беру және мониторинг жүргізу процесін іске асыру.
Алтыншыдан, мектептің және қосымша білім беру жүйесі ұйымдарының материалдық-техникалық бөлігін нығайту.
Оқушылардың функциялық сауаттылығын дамытуға мынадай мәселелер әсер етеді:
Біріншіден, білім беру мазмұны (ұлттық стандарт, оқу бағдарламалар); екіншіден, оқыту нысаны мен әдістер-тәсілдері; үшіншіден, білім алатын оқушылардың оқудағы жетістіктерін диагностика жасау мен бағалау жүйесі; төртіншіден, мектептен басқа, қосымша білім беру бағдарламалары; бесіншіден, мектепті басқару моделі (қоғамдық-мемлекеттік нысан, мектептердің оқу жоспарын реттеудегі дербестігінің жоғары деңгейі); алтыншыдан, барлық мүдделі тараптармен әріптестікке негізделген достық қалыптағы білім беру ортасының болуы; жетіншіден, ата-аналардың балаларды оқыту мен тәрбиелеу процесіндегі белсенді жұмысы.
Оқушы бойында функционалдық дағдылар мектеп қабырғасында қаланып, қалыптасады.
Функционалдық сауаттылық - адам баласының қоғамдық ортаға белсенді араласуы, яки күні бүгінгі жаһандану дәуірінде заман ағымына сай,жас мөлшеріне қарамай ілесіп жүруі, оның мамандығына , жас мөлшеріне қарамай үнемі білімін жетілдіруі.Мұндағы басты мақсат бұл жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасындағы зияткерлік, дене және рухани жағынан жетілген азаматтарды қалыптастыру, оның әлемге әлеуметтік бейімделуі. Яки, білім алушылардың мектепте алған білім азығын өмірде тиімді пайдалануына үйретеді. Мұнда басшылыққа алатын сапа түрлері бұл белсенділік, шығармашылық тұрғыда ойлау, шешім қабылдай алу, өз мансабын дұрыс таңдай алу, өмір бойына білім алуға дайын тұруы керек дегенді білдіреді.Мына функционалдық дағдылар мектеп қабырғасында қалыптасады.
Функционалдық сауаттылық тұрғысынан сауатты адам -- қоғамдық құндылықтарға сай, қоғамдағы ахуалдың қалыптасып үлгерген мүдделеріне сай қимыл жасайды. Қазіргі күнде қажетті мансапты таңдау арқылы дұрыс шешімді қабылдап, заманауи ақпараттық технологиялардың тілін біліп кез келгені әлеуметтік ортаға бейімделеді. Бұл тұрғыда функционалдық сауаттылық тұрғысынан сауатты адамның негізгі белгілерін жапсарларын тұжырымдауға болады: қоғамдық ортада өмір сүруге бейімі бар, тіл табыса алатын, белгілі бір сапалық қасиеттері бар, жалпы негізгі және пәндік құзыреттіліктерді меңгерген адам болып саналады .
Функционалдық сауаттылықты дамытуда негізгі төрт жолын басшылыққа аламыз. Бірінші жолы: - оқыту методологиясы мен оның мазмұнын түбегейлі жаңарту. Атап атқанда, мұғалім дайындау мен оның біліктілігін арттыру, оқытудың жаңа технологияларын кіргізіп, пайдалану және тағы басқа салаларда алға қадам басу көрінеді. Екінші жолы - оқу қорытындыларын бағалау жүйесін жаңарту. Яки, функционалдық сауаттылықты дамыту үшін білім - түсіну - қолдану - жүйелеу және жинақтау сияқты өлшемдер бойынша оқу жетістіктерін бағалаудың жаңа түрлерін біртіндеп мектеп қабырғасында қолдану. Үшінші жолы - балаларды оқыту және тәрбиелеуге ата-аналарының белсенді араласуы. Ата-ананың борышы баланың бойына кішкене кезінен адами қасиет,құндылықтарын дарытып, саналы өмір сүруге баулу. Ата-ана баласының функционалдық сауаттылығын дамыту үшін мұғалімдермен тығыз байланыс жасауы керек. Бұл үшін жаңа әдіс түрі даярланып жатыр. Төртінші жолы - қосымша тағы білім беру сферасын кеңейту. Ұлттық жоспарда оқушылар сарайы, музыкалық мектептер, жас техниктер мен натуралистер станциялары жұмыстарын түбегейлі өзгерту нысанға айналған. Еліміздің тарихында алғашқы рет аталған ұйымдардың материалдық-техникалық базасы жаңартылатын болған. [http:adilet.zan.kzkazdocsP120 0000832]

1.2.ОДАҒАЙ ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ
Одағай тақырыбы бойынша функционалдық сауаттылықты қалыптастырудан бұрын одағай тақырыбына тоқталып өтейік.
Одағайлардың мағына тұрғысынан, морфология тұрғысынан, синтаксистік қызмет тұрғысынан болсын өздеріне сай ерекшеліктері бар. Осыған байланысты одағайлардың жалпы сөз таптарының арасында алар орны ерекше.
Одағайлар мағына жағынан заттың(я субстанцияның) өзі жайында болсын, сыны, саны, қимылы жайында болсын, қимылдың жай-күйі жайында да мағлұмат бермейді.Ендеше, одағай сөздер мағына тұрғысынан зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік, үстеу тәрізді негізгі сөз таптарына сай сөздердің біреуіне де ұқсамайтыны анық. Мұндай ерекшеліктеріне байланысты, одағайлар сөйлемде тұрлаулы, болмаса тұрлаусыз мүшелердің қызметтерін атқармайтыны анық, сөйлемде басқа сөздермен тікелей синтаксистік қарым-қатынасқа түспейді.
Әрі, одағайлар шылау сөздерге де ұқсамайды, себебі шылау сөздердің өздеріне тән лексикалық мағыналары болмағандықтан, сөйлемдегі басқа мағыналы сөздермен байланысып, бұларды өзара байланыстыратын грамматикалық коэффициент болып қызмет атқаратын болса, одағай сөздерде бұл қасиетті таппаймыз.
Одағай сөздер- өз алдына ерекшеліктері бар сөздер. Ал бұл ерекшеліктеріне мыналар жатады:
Біріншіден, одағайлардың мағыналары адамның әр түрлі эмоциясымен байланысты шығатын дыбыстық ишаратты білдіреді. Мысалы, Мынаған кім тиісіп жүр екен,ей а?(Әбішев Ә.); Япырау, жастық шақ деген қандай қызық кездер иә?(Сланов Ғ.) дегендердегі ә, япырмау деген сөздер- одағайлар. Алғашқы сөйлемдегі ә күдіктенгендікті білдірсе, соңғы сөйлемдегі япырмау деген сүйсіну, шаттық жайын байқатады. Япырау, осы ме екен менің бақытым? (Құнанбаев А.) дегендегі япырмау деген өкінгендікті,арманды білдіреді.
Екіншіден, адам көңіл-күйі құбылмалы болатындықтан, одағайлардың көпшілігінің мағыналары да құбылмалы, ауыспалы демек, көп мағыналы. Одағайдың анық мағынасы сөйлемде айтылатын ойдың жалпы сарынына байланысты.Себебі одағайлар сөйлемде айтылатын оймен жарыса әрі қабаттаса айтылатын сезімді білдіреді. Ендеше, сөйлемде айтылатын ойдың жалпы аңғаратыны, одағай сөздердің айтылу ырғақтары да (яки интонациясы) құбылмалы. Мысалы: Уай, халқым, мен бір әзіл айтайын ба?(Әбішев Ә.); Әй, кім бар(бұ да?); Уай, бар деймін, қалқам! (бұ да) деген сөйлемдерде айтылған ойдың мағыналарына, аңғар-сарындарына қарай, одағайлар да, дауыс ырғағы арқылы, сөйлеуші адамның көңіл-күйінің жарыстығын, қабаттастығын білдіреді.
Үшіншіден, одағайлар сөйлемнің басқа мүшелерімен грамматикалық тұрғысынан байланыспайды, ендеше, өзі жарыстырыла айтылған сөйлемнің мүшесі болмайтыны анық. Одағай сөздер өздері жарыса,қабаттаса айтылатын сөйлемнен дауыс ырғағы арқылы оқшауланып, бөлініп тұратын сөздер. Мысалы: Қап, барлық еңбегі далаға кетті-ау!(Мүсірепов Ғ.); Бәсе, енді келіңізші!(Сланов Ғ.); Бәрекелді, жастар, осы беттеріңнен қайтпаңдар енді.(Мүсірепов Ғ.); Паһ, мықты екен мынау жігіттер .(Мұқанов С.) дегендердегі қап, бәсе, бәрекелді, паһ деген одағайлар сөйлемдермен жарыстырыла айтылып, бұлардағы негізгі мағыналарды үстей, толықтыра түсіп тұрары анық. Алайда бұл мысалдардағы одағай сөздерді жеке қарағанда сөйлем деп қарау қиын мәселе.
Одағайлар көбіне адам сезімінің алуан түрлі күйін білдіретін дыбыстар сияқты болып келеді. Бірақ олар жай ғана дыбыстар емес, жұртшылыққа әбден түсінікті болып, белгілі дағды бойынша сөз ретінде пайдаланылатын дыбыстар. Олар жұртшылыққа әбден түсінікті болып қалыптасқандықтан, жай ғана дыбыстардың қатарынан шығып, белгілі сөзге айналған. Мысалы: Уау, жігіттер, бұл қалай болды? (Сланов Ғ.); Па, сабаз, сенің мал болғаныңа! (бұ да); Түу, қандай тыныштық түн(бұ да)?!; Е,жолдас офицер, жақсы жатып, жай тұрдыңыз ба?(Мұқанов С.) дегендердегі уау, па , түу, е деген одағайлар үйреншікті сөздерге айналып, жұрттың бәріне түсінікті болып кеткен.
Одағайлар негізгі және туынды болып екіге бөлінеді.
Негізгі одағайларға: ау, па, ей, әй, е, уа, уау, уай, я, пай, ә, о,оһо, ой, ие, аһа, ау, беу тәрізділері жатады.Осы одағайлар қайталанып та қолданысқа енеді.
Туынды одағайларға: мәссаған, бәркелді, әттегенай,масқарай, о тоба, астапыралла, япырмай, опырмай, о дариға... тәрізділері енеді. Олар әуелде мағыналы сөздерден яки сөз тіркестерінен бірігіп одағайларға айналғаны бар. Мысалы: мәссаған деген одағай сөздің бастапқы көші-мә, саған; бәрекелді дегеннің көші- барақа аллаһу (алла саған бақыт берсін); жаракімалла дегеннің көші-я рақым (бер) алла; масқарай деген сөздің түбірі - масқара-ай; о тоба деген сөздердің көші - иситиғфару аллаһу (алла кешірсін) япырай,ойпырмай, апырай деген сөздердің түбірлері- я, пірім-ай; ой,пірім-ай дегендерінен шыққан. Ал әттегенай деген одағай сөз әйт деген-ай (айт дегенің-ой) дегенінен шыққан. Алайда бұл сөздер өздерінің бастапқы негізгі мағыналарынан тіпті алыстап, таң қалу, ұнату, мадақтау, өкіну, шошыну тәрізді көңіл-күйлерін білдіретін одағай сөздерге айналған.
Сол сияқты е,тәйір; тәйір-ай; уа, дүние; әттең; шіркін-ай; я сәт; аттан; алақай деген тәрізді ескі ұғымдарды білдіретін сөздер көбіне одағай сөздер ретінде әуелде ауыз-екі тілде қолданылады да, біртіндеп барып әдеби тілге де еніп кетіп жатыр.
Сөйтіп, одағай сөздер тек көңіл-күйді білдіретін күрделі дыбыстардан ғана емес, алғашқы кезде негізгі мағынасы бар сөздерден де шыққан. Одағай сөздер тек ертедегі дәуірлерде шыққан сөздер ғана емес, яки олардың қалдықтары ғана емес, кейінгі кезеңдерде де, біздің заманымызда да шығып тұратын категория.
Одағай сөздердің дәл бір мағынасы нақтылы сөйлеу жағдайларымен байланысты контексте айқындалады,себебі бір одағайдың өзі, қолданылу ерекшелігіне қарай,әрбір сөйлемде әр түрлі мағына береді. Демек, бір одағай сөздің өзі бірде таңырқау, бірде сүйсіну, бірде налу, бірде қуану, бірде ызалану, бірде ұнату, бірде ұнатпау, бірде күдіктену, бірде мысқылдау, бірде назар аудартып қарату тәрізді жай-күйлерді білдіріп орын алмастырып тұратыны белгілі. Мысалы: Әй, байғұсым-ай, басын бастасаң, бірден түсініп кетесің!(Мұқанов С.); Ей, сол ма, тәйірі!(Сланов Ғ.); Әй, сен өзің әрі кетші ей а!(Мұқанов С.)
Демек, көңіл-күйге байланысты, жоғарыдағы тәрізді, одағай сөздердің өздері бірнеше түрге бөлінеді. Алайда мағыналарының мұншалық ауысып отырғандығынан бұларды жіктеу тіпті қиын.Егер топтайтын болсақ, көңіл-күйінің алуан түрлі райын бас-басын атап санауға мәжбүр болатын тәріздіміз. Сол себепті жоғарыда көрсетілгендей одағай сөздерді шартты түрде бір топқа жатқызып, көңіл-күйі одағайлары деп атауға негіз бар.
Олардан басқа тілімізде адамға әдейілеп айтылатын: кәне,міне,әні, мә, жә, әйда, әй, тек, тәйт тәрізді одағай сөздер де бар.Олардың мағыналары жоғарыдағы одағай сөздерден гөрі басқаша. Демек, олардың кейбіреулері көрсету я нұсқау(кәні, міне,әні), кейбіреулері ұсыну(мә, айда), кейбіреулері тыю(жәй, тәй, тек, тәйт) мағыналарын береді; бұларды ишарат одағайлары деген дұрыс.
Одағай сөздер ойды көрікті етіп, ырғақпен(яки интонация) айтылатын сөйлем емес, алайда сөйлемге балама ретінде қолданылатын сөздер тобы. Алайда олар- іштей мүшеленбейтін, синтаксистік тұрғысынан өзге грамматикалық категориялардан оқшау тұратын, әлеуметтік қызметі мен мәні әбден түсінікті етіп қалыптасқан сөздер тобы. Осындай ерекшеліктеріне орай, одағай сөздер адамның көңіл-күйлерімен байланысты алуан түрлі сезімдерді білдіретін лепті, сұраулы сөйлемдер түрінде қолданылады. Мысалы: қане! деген одағай сөз келіңдер! Іске кірістік я іске кірісіңдер! деген ишаратты білдірсе, міне! деген одағай көрдіңдер ме, айтқаным осы еді немесе осы сияқтанған басқа мағынада қолданыла береді. Ауызекі тілде қане! міне! дегендердің орнына сыпайырақ қаныкиіңіз, мінікиіңіз деп, мә! жә! деудің орнына мәңіз! жеңіз!деп те айтады.
Одағай сөздер екі түрлі жағдайда ғана сөйлем мүшесі бола алады.
1) Одағай сөздер өзге көмекші етістіктермен тіркесіп күрделі мүшенің құрамына енеді. Осындай жағдайда көмекші етістік одағай сөзді өзге сөздермен грамматикалық байланысқа түсіретін себепші болып қызмет жасайды. Мысалы: Әт-те-ге-н-е-ай- деді Марат таңдайын қағып.(Мұқанов С.); Құр-құр...рр.Әй, әй!-десті үйдің ішінен екі келіншек(бұ да); Моһ! Моһ!-деп кешкі жауынды даланы басына көтерді(бұ да)дегендері одағай сөздер де етістіктің қолғабыс болуымен, қайтті? не деді? қайтіп? не деп? Тәрізді сұрауларға жауап беріп, сөйлемнің мүшесі болады.
2) Одағайлар заттанып түрлі қосымша түрлерін жалғап, сөйлемнің бір мүшесі болады. Мәселен: Аллаңнан ойбайым тыныш(мәтел); Кешке әрі тоңып, әрі шаршап аһлап, уһлеп отырған, кемпір өзін кім тонап кеткенін есіне түсіре алмады.(Көбеев С.); Қойдың орман жағынан шәй-шәйлеп бір жігіт аптығып келді.(Майлин Б.)[1,247бет]
Одағайлар- одағайланып, оңаша айтылады. Одағайлар қазақ тілімізде баршылық. Барынша шапшаң болған істі көрсетуі үшін айтылатын, барынша шабыттау үшін айтылатын, барша жекіру, ақыру,тыйу,қайыру, тоқтату,басу, жұбату үшін айтылатын, барша қуаныш, реніш, кейістік, уайым, қайғы, күйінгенде, сүйінгенде, қорыққанда, шошығанда, таңданғанда, тамсанғанда, жан яки тән күйзелгенде, қиналғанда, яки рахаттанғанда айтылатын сөздер, шығатын дыбыстар - бәрі одағай сөздер болады. Осылай болған соң да одағай сөздер бірнеше тапқа бөлінеді:
1) Ілездік одағай сөздер: лап, шап, жұлт, зып, сып, дік, кумп, дүрс, күрс, мырс, қалт, бырт, кірт, кілт, тырс, шақ, тақ, шық, зырқ, дүңк, сап, қып, жып уа ғайри осындай сөздер( лап етіп, шап етіп деген сыңайлы).
2) Еліктеу одағай сөздер: шыр-шыр!быр-быр! сықыр-сықыр! сылдыр-сылдыр! күлдір-күлдір! былдыр-былдыр! дыбыр-дыбыр! қарқ-қарқ! қаңқ-қаңқ! сұңқ-сұңқ! шық-шық! маңқ-маңқ! күмп! дүңк-дүңк! пыс-пыс!уа ғайри осындай сөздер.
3) Шақырыс одағай сөздер, адамды шақыру жағдайында әй! аттан! әрі ұран сөздер, әр жүздің, әр рудың, әр атаның шақыру жағдайында өз ұрандары болғандықтан, қазақтың ұран сөздері өзге. Алайда қазақтың барлығына бірдей жалпы ұран алаш!, малды шақыру барысында түйеге күс-күс! Жылқы малы үшін: құру-құру! Сиырларға :ау-қау! Қой малы үшін :пышайт-пышайт! Ешкі малы үшін: шөре-шөре-ау! Итке: ка-ка! Көйт-көйт! Құсқа: қайт-кел! Мысыққа: мыс-мыс!
Суға шақыру мезетінде түйе малы үшін: сорап-сорап, жылқы малы үшін ысқырғылайды; сиырларға :шәум-шәум! Қойға әрі ешкіге:құрай-құрай!Иттерге: күш-күш! Мысықтарға: міш-міш!Адамға жекіргенде: тек!тәйт!қой! Түйе малына: шөк! Жылқыларға:құрр!құрр! Сиырларға:өк!өк! Қой малы үшін:шәйт!шәйт! Иттерге: кет! Мысықтарға:бырс!
Мейіріммен я болмаса жұмсақ раймен айтқанда, Адамдарға:қарағым!өкпем!сәулем!жаны м!жүрегім!қалқам!қарашығым! айналайын!садағаң кетейін!құрбандығың болайын! Мал турасында түйелерге: шөк, жануар! Жылқыларға: құр, жануар, құр! Сиырларға:әукім!әукім! Қойларға: қош, жануар! Иттерге: күшім!күшім! Мысықтарқа: мышым! мышым!Күйзеліс жағдайында:ух!ах!ай!(жаным-ай). Қуану барысында: алақай!Рахаттанған жағдайда: айқай-қай! Кейіген кезде:ой,тәңірі-ай!қойшы! Жақтырмаған жағдайда: апырым-ау! жаным-ау! жарықтық-ау! шіркін-ау!отағасы-ау!ойбай-ау!Күйін ген кезде: айырым-ай!құдай-ай!ойбай-ай! Сыйынған уақытта: а,құдай! а, аруақ! а,бабам пәленше!я құдай!я аруақ! я, бабам пәленше!(тілегенде де осы сөздер айтылады). Қорыққан кезде:ойбай!аллаһ! Таңырқаған уақытта: пай-пай!апырым-ай!ах!шіркін-ай! ах! Өкінген кезде: қап! ах! Қайғырған уақытта: ух! Опық жеген кезде:әттегене-ай!(әттең ғана-ай). Кіжінген кезде:әттең! әттең ғана! Ұнатқан уақытта: әйа! Қостаған уақытта: ой, пәлі! Сүйінген кезде: бәрекелде(бәраһ аллаһ)! Жарайды! Алғыс айтқанда:көп жаса! жасың ұзақ болсын! Әйел сәлем бергенде:көп жаса! ұл тап! Қарғаған кезде:құдай ұрсын! аруақ атсын! ант соқсын! Сөйлесу барысында:үйде кім-ау!сөйлеселік-ау! Көрмей сұраған уақытта: Бұ қайсың-ай! Бала тербетіп жатқанда: әлди!әлди! Жетелеп,қолпаштағанда: ал!қанекей!
Одағайлар сөз екі түрлі туады. Өзге сөздер одағайлардан көмекші етістік әрі жұрнақ арқылы туады; етістік арқылы, мысалы: лап ету, шап ету, жалт ету, жылт ету, зып ету, сып ету, дік ету, күмп ету, дүрс ету, күрс ету, мырс ету, қылт ету, барт ету, кірт ету, кілт ету, тырс ету,шақ ету, тек, так, ету, зырқ ету, дүк ету, сап ету, қып ету, жып ету.
Жұрнақ арқылы мысалы: лапылдау, шапылдау, жалтылдау, жылтылдау, зыпылдау, сыпылдау, дікілдеу, күмпілдеу, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сыныптарда қазақ тілінің морфологиялық жүйесін оқыту арқылы оқушылардың сауаттылығын арттыру
Ғалымның Қазақ тілі методикасы
Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың теориялық негізі
Функционалдық сауаттылық туралы түсінік
Функционалдық сауаттылықтың сипаттамалық белгілері
Шығармашылық ойлау дағдысы
Сабақтан тыс уақытта кіші мектеп оқушыларының математикалық сауаттылығын жетілдіру жолдары
Жаратылыстану менің өмірімде
Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру ерекшеліктерін қарастыру
Қазақ тілінен оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың педагогикалық негіздері
Пәндер