Публицистикалық стиль


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Ш. Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті

Филология және педагогика факультеті

Қазақ филологиясы кафедрасы

РЕФЕРАТ

Пәні: Қазіргі қазақ тілінің стилистикасы

Тақырыбы: Публицистикалық стиль

Орындаған:Қабиден Айсұлу КОК 71тобы

Тексерген:ф. ғ. д., профессор Б. Шалабай

Көкшетау 2020ж

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

Негізгі бөлім

1. Публицистикалық стиль, оның қолданыс аймағы мен қызметі . . . 4

1. 1. Публицистикалық стильдің белгілері, оның қалыптасуына ауызекі сөйлеу және көркем әдебиет стильдерінің әсері . . . 5

1. 2. Публицистикалық стильдің жанрлық көптүрлілігі, тілдік белгілері . . . 4-11

Қорытынды . . . 15

Пайдаланылған әдебиеттер . . . 16

Қазақ тіл білімінде публицистикалық стиль (бұқаралық ақпарат құралдарының тілі) функциональды стильдердің бірі ретінде әбден қалыптасып, жан-жақты зерттелуде. Публицистикалық стильдің екінші бір ерекшелігі - ұлттық әдеби тілдің толығуына зор ықпал етеді, әрі әдеби тілдің лексикалық, грамматикалық жүйелеріндегі даму ерекшеліктерін көрсете алады. Публицистикалық стиль тілдің екі қызметін атқарады, бірі - хабар беру, екіншісі - ықпал ету. Публицистикалық стильдегі жарияланымдардың мазмұны қоғам, адам өмірінің түрлі жағдайларын үгіттеу-насихаттау сипатында болып, тілдегі әсерлі, сезімдік және бейнелі сөздерді қолдану басым болады да, баяндалған мәселелер нақты фактілер мен құжаттарға негізделеді. Публицистикалық стильдің негізгісі әрі алғашқысы газет тілі болып есептеледі. Бұл тұрғыдан тұңғыш қазақ газеттерінің тілін Б. Әбілқасымов, 1920 жылдардағы мерзімді баспасөз тілін С. Исаев, қоғамдық публицистикалық стильді О. Бүркітов т. б. ғалымдар зерттеген. Қазіргі қоғамдық әлеуметтік шындыққа байланысты коммуникативтік қызметі ерекше публицистикалық стильдің жан-жақты қырлары түрліше бағытта зерттелуде. Мысалы, газет лексикасына байланысты А. Алдашеваның, Б. Момынованың, сол сияқты публицистика, газет тілінің прагматикасы туралы Б. Жұмағұлованың, Ф. Жақсыбаеваның т. б. зерттеу еңбектері бар. Ал теледидар тіліне байланысты зерттеулер енді жүргізіле бастады. Мәселен, теледидар хабарлары тілін лингвопрагматикалық аспектіде зерттеген ғалым Г. Машинбаева, сондай-ақ теледидардан берілетін хабарлардың тілін cөз мәдениеті тұрғысынан Д. Бисмильдина талдап қарастырған. Белгілі ғалым Н. Уәли «Қазақ сөз мәдениетінің теориялық негіздері» атты диссертациялық жұмысында «публицистикалық дискурс және сөз мәдениетi» мәселелеріне назар аударып, жаңа бағыт-бағдарлар тұрғысынан публицистикалық стильдің сөз мәдениетімен арақатынасын тиянақты зерттеген. Публицистикалық стиль - қоғамдық-саяси, үгіт-насихаттық әдебиеттерде, бұқаралық ақпарат құралдарында, деректі фильмдерде қолданылатын функционалды стильдердің бірі. Публика - латын сөзі, «көпшілік» мәнін білдіреді. ХІХ ғ. ІІ жартысында негізі қаланған стиль түрі - бүгінде қоғамға аса қажетті, маңызды мәселелерді насихаттап, көпшілікке кеңінен қызмет етіп отырған қазіргі әдеби тілдің ең жүгі ауыр, елеулі саласы. Публицистикалық стильдің шағын түрлері жайында қазіргі ғылым саласында әрқилы пікірлер кездеседі. Бірқатар зерттеушілер публицистиканың жанрлық түрлерімен (газет тілі, радио тілі, теледидар тілі, кино тілі, т. т. ) байланыстырып, оларды жеке-жеке стилішілік түрлері деп есептейді. Негізінде аталған стильдің шағын түрлерін шартты түрде былайша жіктеуге болады: үгіттік публицистикалық шағын стиль; саяси-идеологиялық публицистикалық шағын стиль; саяси-бұқаралық публицистикалық шағын стиль. Әрқайсысының бір-бірінен ерекшеленетін сөз қолдану белгілері болады, кейде тілдік-стилистикалық тұрғыдан ортақ тұстары да ұшырасады. Саяси мазмұндағы дін тақырыбына арналған өткір мәселелердің сөз болып отырғаны түсінікті, қалың бұқараға етер әсері де ерекше, идеологиялық іс-шаралардың дұрыс жолға қойылғандығы, Елбасының салиқалы саясатының арқасында еліміздің сарабдал даму жолы жайында саяси мәселелерден толыққанды ақпарат ала аламыз. Публицистикалық стильдегі шығарма қандай тақырыпқа жазылса да, логикалық жағынан дәлелді, көңілге қонымды болып, бұқараға ықпал ету сипаты басым келеді. Қоғамдық өмірдегі жаңалықтар, өзгерістер туралы жұртшылықты құлағдар етіп, қоғамдық пікір қалыптастырады. Публицистикалық стильдің барлық жанрларына ортақ мынадай қызметтері айқындалған: ақпараттық (түрлі деректер мен хабарларды жеткізу) ; түсініктеме-баға берушілік (берілетін деректер көбінесе түсіндірумен, талдаумен немесе баға берушілікпен жеткізіліп отырады) ; танымдық-ағартушылық (мәдени-тарихи және ғылыми материалдарды жариялай отырып, БАҚ тыңдармандардың, оқырмандардың, көрермендердің білім қорын толықтырып отырады) ; ықпал ету қызметі (көпшіліктің саяси-әлеуметтік көзқарасына, санасына әсер етушілік) ; гедонистикалық (әдетте, мұндай қызмет көңілді хабарларды жеткізу кезінде байқалады, әсіресе, радио мен телевизия арқылы кез келген хабардың тыңдарман мен көрермендердің көңіл-күйін көтеретіндей, эстетикалық қажетін өтейтіндей тартымды, әсерлі жүргізілуі) .

Публицистикалық стильдің экстралингвистикалық сипаты мынадай: ақпараттың жедел қабылдануы; хабардың толыққанды жеткізілуі; баяндаудың: а) нақтылығы; ә) фактографиялылығы; б) логикалылығы; в) ықшамдылығы; г) экспрессивті-эмоционалдылығы; ғ) қимыл-әрекетке итермелеуі. Публицистикалық стильдің (бұқаралық ақпарат құралдарының) жазбаша түріне мерзімді баспасөз (визуалдық), ауызша түріне радио (аудиалдық), теледидар хабарлары, деректі кино (аудиовизуалдық) жататыны белгілі. Ал жанрлық түрлері: бас мақала, ақпараттық хабар, очерк, халықаралық шолу, памфлет және сұхбат, т. т. Әрқайсысының өзіндік сөз қолдану ерекшелігі, экстралингвистикалық, тілдік-стильдік сипаты (белгілері) айқындалады. Басты стильдік сипаты: мұнда қолданылатын сөз үндеу мәнінде жұмсалады. Сөз эмоционалды-экспрессивті сипатта болады ( еңбек ардагері, дем беруші, көшбасшы, нық қадаммен , т. б. ) . Тілдің осындай эмоционалды-экспрессивтілігі жағынан көркем стильге жақын, ал фактіні толық және жүйелі баяндау тәсілі жағынан ғылыми стильге жақын екендігі көрінеді. Публицистикалық стильдің әдеби ауызша түріне радиотеледидардан берілетін хабарлар жатады дедік. Зерттеушілер телехабарлардың құрылымы тетрададан (төрттіктен) тұратындығын атап көрсетеді: сөйлеу тілінен; табиғи дыбыстан; музыкадан; көріністен (М. Серғалиев) .

Олай болса, аудиовизуалдық хабарлардың адресаттары көрермен, тыңдарман, кей реттерде бұған қоса оқырман болып келеді. Бұқаралық ақпарат құралдарының осындай ерекшеліктеріне байланысты ол хабарлардың тілдік сипаты да әр түрлі дәрежеде көрінеді.

Публицистикалық стильдің барлық түрлеріне ортақ лингвистикалық ерекшеліктер төмендегідей: лексика мен фразеологияда - қоғамдық-саяси терминдер мен сөздер ( хабар, репортаж, ереуіл, парламент, демократия, сұхбат, диктор) , бағалауыш лексикалық бірліктер ( ұлтжандылық, көшбасшысы, бәсекеге қабілетті, ұрпақтар сабақтастығы, ақпараттар ағыны т. т. ) , ілгеріде келтірілген эмоционалды-экспрессивті сөз орамдары, перифразалар ( көгілдір экран, ақ халатты абзал жан, қара алтын, дала кемесі т. б. ), стандарт тілдік бірліктер ( арнайы тілші репортажы, жаһан жаңалықтары, тілшіміз әңгімелейді, т. т. ) ; грамматикада - қосарлы сөздер ( бұқаралық-саяси, үгіт-насихаттық т. б. ), бұйрық рай тұлғалы сөздер ( жүзеге асырайық, оңды нәтижеге жетеміз, іске жұмылдырылсын ), сөздердің инверсиялануы, қаратпа сөздердің, риторикалық сұрақтардың, әртүрлі қайталамалардың, көркемдік құралдардың қолданысқа түсуі, ықшамдалған сөйлемдер мен түрлі синтаксистік құрылымдардың пайдаланылуы, өзге де стиль түрлеріне тән белгілердің кездесуі жиі байқалады. Мәселен, ақпараттың толық әрі нақты жеткізілуін қамтитын синтаксистік құрылымдарға негізделген баспасөз тіліне қарағанда, теледидардан көрсетілетін жаңалықтар мен ақпараттар легі қысқа әрі нұсқа үлгісіндегі сөйлемдермен жеткізіледі, онда стандарт тілдік бірліктер, дәстүрлі қалыптасқан сөз үлгілері жиі жұмсалады: Бүгінгі көретіндеріңіз; Арнайы тілші репортажы; Назарларыңызға ұлттық арнаның қорытынды жаңалықтары; Тікелей эфирде «Хабар» арнасының қорытынды жаңалықтары; Хабарымызды жалғастырамыз; Тілшіміз әңгімелейді; Ендігі кезек спорт жаңалықтарында; Жаһан жаңалықтары; Бүгін сіздермен Айзада Жақсыбек, Медетжан Ызғұтты, т. б . Мұндай құбылыс - теледидар хабарлары тілінің табиғатына тән ерекшелік. Публицистикалық стильдің ауызша әдеби түрі - өзінің атқаратын қызметі, тілдік-стильдік элементтерді пайдалану принциптері, кімдерге қаратыла айтылатындығы жағынан жазба тілден де, ауызекі сөйлеу тілінен де бөлек танылатын құбылыс. Бұл түрі шаршы топ алдында сөйленетін, ресмилік сипаты бар тіл тәжірибесіне негізделеді. «Зиялылaрдың қудaлaуғa ұшырaуы және ұлт мәселесінің «Қазақ тілі» газетінде көрініс тaбуы. «Қaзaқ тілі» гaзетінің 1923 жылы мaусымның 30-ы күнгі сaнындa «Төңкеріс жемісі һәм әлеумет қызметтері» деген Жүсіпбек Aймaуытовтың мaқaлaсы жарияланды. Пaртиялық билік «бұзaқылaр» сaнaтынa сaлықтың көптігіне нaрaзылық білдіргендерді не пaртия мүшелерін дөрекілік көрсетіп, сыйлaмaғaн, жергілікті әкім-қaрaлaрдың әділдігіне күмән келтіріп, қaрсы пікір білдіргендерді жaтқызды, әрі олaрды «бaнды» деп те aтaды. 4-5 aдaм жинaлa қaлсa, «кеңес билігіне қaрсы шықпaқшы» деген желеумен қaмaуғa aлып, оғaн өтірік куәгерлер aлынып, қaрaпaйым хaлықты сендіріп, қылмыскер жaсaғaн aдaмдaрын жaзaғa тaртып жaтты. Жергілікті кеңес билігі мен пaртия хaлық aрaсындa болып жaтқaн бaссыздықтaрғa бұрынғы пaтшa қызметінде болғaндaр, aлaшордaшылaр, ұлтшылдaр пaртия құрaмынa кіріп, ішімізге іріткі сaлудa деген сылтaумен пaртия ішін жaппaй тaзaрту ісіне белсене кірісті. Сол aрқылы Кеңестік жүйенің сaйқaл сaясaты Қaзaқстaндa этникaлық aрaздықты тудырып қaнa қоймaй, олaрды бір-біріне жaуықтырып, жaлa жaбу, тіпті өлтіру сияқты фaктілерді қолмен жaсaды». (Айгүл Дәден, «Қазақ үні» газеті»)

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Стилистика және оның проблемасы
Стилистика ғылымы
Публицистикалық қағаздарды аудару
Ағылшын тілінің публицистикалық және баспасөз тілі
Жалпы тіл ғылымындағы стилистика ғылымының ғылыми – теориялық негіздері (зерттеушілік әдісті қолдану)
Қазіргі қазақ әдеби тілінің функционалдық стильдерінің лексикалық жіктелісі
Мәтіндердің ғылыми, ресми іс- қағаздар, публицистикалық стильдері
Қазақ және ағылшын газет беттеріндегі саяси метафораларды аудару ерекшеліктері
Стиль - стилистиканың негізгі орталық ұғымы
Американдық газет мәтіні ұлттық-мәдени ақпарат көзі ретінде және оны аудару ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz