Нұржан Қуантайұлының Қараөзек романындағы заман бейнесі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті
Филология және педагогика факультеті
Қазақ филологиясы кафедрасы

Курстық жұмыс
Тақырыбы:Нұржан Қуантайұлының Қараөзек романындағы заман бейнесі

Мамандық шифры
Оқу бөлімі
5В011700 - Қазақ тілі менәдебиеті
Күндізгі

Орындаған: ________Қабиден Айсұлу ҚБ - 71
Тексерген: _________ф.ғ.м.,аға оқытушы Нуржаксина М.К.
Бағасы: _________

Көкшетау, 2019

Мазмұны
Кіріспе. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .3
Негізгі бөлім
1.1Көркем әдебиеттегі заман бейнесінің сипаты. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 4
1.2Романдағы заман бейнесі, дін мәселесі . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .6
Қорытынды. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . ..17
Пайдаланылған әдебиеттер. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .18

КІРІСПЕ

Зерттеу жұмысының өзектілігі.Аталмыш романдағы заман бейнесінің сипатталуы, ерекше образдар арқылы көрсету, адам мінезінің психологиялық тұрғыдан дамуы
Зерттеу нысаны. Көркем шығарманы талдай отырып,заман бейнесін ашу. Көркемдегіш материалдармен,кейіпкерлер образдарымен аша білу
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Романның не себептіҚараөзек болып аталуы, романдағы заман бейнесін таныту, кейіпкер өмірінің тартысы
Зерттеудің ғылыми жаңалығы.Көркем шығарманы оқыту барысында қазіргі заман тынысымен салыстыра отырып, сұрыптап талданды;
Дереккөздері:Жұмыстың жасалуы барысында Нұржан Қуантайұлының Асыл сөз (Сөздік-Словарь, 2015ж.)атты көркем шығармалар жинағы, Қараөзек(Қаламгер баспасы, 2001ж.)романы пайдаланылды.
Зерттеу жұмысында қолданылған әдіс-тәсілдер. Материалдарды мақсатқа сай іріктеу, теориялық мәліметтер.
Курстық жұмыстың құрылымы: Жасалынған жұмыс кіріспеден, 3 тараудан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Нұржан Қуантайұлының Қараөзек романындағы заман сипаттары, заман ағымына ілесе кете барған адамдардың қиын тартыста өмір сүруі, ақшаның құнсыздануы инфляцияның жаппай орын алуы, 1986жылдардағы Желтоқсан оқиғасымен тұспа-тұс келетін бұл романның бас кейіпкері Хақназардың ешбір жазықсыз түрмеге жабылуы, өзінің ең балғын жастық шағының алты жылын түрмеде отырып шығумен өткізуі, анасының баласы үшін алаңдап күлкісіз өткен күндер мен ұйқысыз өткен түндері әбден қажытып, жүдетіп жіберген. Жалғыз тірегі сүйініші,жар дегенде жалғыз баласының бұл жағдайы анасын тіпті есеңгіретіп тастағаны шығармадан анық көре аламыз. Жаппай жұмыссыздың орын алуы тіпті қиынға соқтырды. Жастар мен үлкендер тіпті не істерін білмей, базар жағалап кеткен. Бұл жұмыссық тіпті жағдайды қиындатып жібергендігі. Романның Қараөзек деп аталуының себебі де осы заман ағымы, заман сипаты, заман тынысы. Қараөзек шақта өмір сүрген азаматтардың қиындыққа ұшырасумен қатар онымен күресу жолында біраз тер төккен. Самал, Индира бейнесі өзге дін жетегінде кеткендігі Хақназарды тіпті селк еткізді. Ислам дінінің әдебінен тіпті хабары жоқ бұл жастардың өзге діннің жетегінде кетуі заман ағымының бір көрінісі іспетті.
XXI ғасырда туған бұл романның тарихи оқиғадан кеш жазылса да, оқырманның көбісінің жүрегін жаулай алмаған.Сыншы ғалымдардың бірең-сараны тек оқиға сюжетінің өзін баурап алғандығы, заман сипатының, бас кейіпкерХақназардың тас қабырғадағы тыныс-тіршілігі, темір тордағы өмірдің ерекше сипатталуы, жазушы шеберлігінің жеткен шыңы іспеттес.Курстық жұмыстың барысында бұл мәселелерге толықтай аша түсеміз.

1.1 КӨРКЕМ ӘДЕБИЕТТЕГІ ЗАМАН БЕЙНЕСІНІҢ СИПАТЫ

Біз бүгін Нұржан Қуантайұлының Қараөзек романындағы заман бейнесі жайында сөз етеміз. Роман құрылысы жағынан әлдеқайда күрделі болып келеді. Бұнда империяның күйреген, әрі қараниеттілік елесі сейілгеннің орнына басқаша формада жаңаша өмір сүре бастаған уақытпен тұспа-тұс келеді. Роман 3 бөлімді құрайды. Бірінші бөлімінде, бас кейіпкер Хақназардың Желтоқсан көтерілісіне қатысып, себеппен сотталған алты жылдық өмірі баян етіледі. Екінші бөлімінде, бостандыққа шыққан бас кейіпкер Алматыға қайтып келем,тастап кеткен студенттік өмірін қайтадан бастағаны жайында айтылады. Үшінші бөлімінде, жалпы 1990-жылдары елде орын алған әлеуметтік, экономикалық өзгерістердің тасқыны, онда қақпанға түскен адам өмірі,яғни бас кейіпкер Хақназардың қазасы баян етіледі.Оқиғаны ары өрбітсек, роман осы оқиғалардан тұрады. Дегенмен бұл мәселе қарапайым емес нәрсе. Романда жазушы өзгеше бір жазу мәнерін қолданғанын байқаймыз. Ол жөнінде артық кетуге де, кем қалуға да болмайды. Есесіне ішке бүккен нақтылы бір ойды өз қалпында шығаруға толық құқығы бар. Романның 3 бөлімін айнытпай тұтастырып тұрған жазушының екшелеп алған осы бір сөз айласы. Ол жөнінде Хақназар Желтоқсан қозғалысына қатысқан жігіт, алайда, қозғалысқа қатысамын деп емес, қайта керісінше, қозғалыс болып жатқан алаңға жолайы соғып қалып қатысып, артынан қылмыскер атанып сотталып кеткен азамат.
Барша саяси себептерден қуғындалған адамдар тәрізді империяның жазалау саясатының қақпанына түсіп кеткен миллиондаған қарапайым халық сияқты Хақназар да қорланады,қорқыныш жаулайды,азап шегеді, дегенмен соған бола өзін жоғалтпайды, керісінше өз-өзін қолына алады. Өзінің адамға қатысты қарапайым қасиетімен- болашақтан күдер үзбейтін, тек жақсылық күтетін үмітімен өмір сүреді. Романның бірінші бөлімі біздің санамызға мына екі ұғымды өзек етеді.Әуелгі Хақназар қозғалыстың батыры емес, ары кетсе, Хақназардың ойында батыр болу ойы тіпті жоқ нәрсе. Саралай келе, Хақназар қандай адам деген сұрақ туады. Бұл сұрақ романның алғашқы бөлімі соңына таяған шақта, екінші, үшінші бөлімдері аяқталып біткенде де кездесіп отырды. Бұл сұраққа жауапты біз шығарманы толық оқып шығып болысымен ғана жауап таба аламыз. Жазушының бас кейіпкері Хақназар-Кеңес империясының әне-міне құлау кезеңінде, жазушы сөзімен айтсақ, қараөзек шақта өмір кешкен қазақтың айбынды образы. Бұл образ астарында тарихи шындық жасырылған. Мұнда кейбіреулердің сол кезеңдегі қазақтардың бойынан көргісі келген биік мұрат та, жалынды саяси рух та жоқ, тек өмір сүру үшін ең төменгі қажеттілік-тырбанып өмір кешу.
Қараөзек романы толығымен өткір мысқыл, әжуамен суреттелген. Десек те, ол мысқыл бірден көзге түсе қоймайды. Неге десеңіз, әлгі жазу үлгісі жазушының ішкі толқынысын дым шығармастай етіп бүркеп тығып қойған. Шығарманың бас кейіпкері- Хақназар. Бұл есім қазақ тарихында кездесетін он екі ұлымен жұмыла елі үшін қан майданда қайтыс болған ұлы хан-Хақназар хан есімімен сәйкес келеді. Десек те, біздің заманымыздың Хақназары(мейлі ол желтоқсан қозғалысына қатысқан болсын, тарихи оқиғаның иесі болса да) Ұлы Хақназардың бойынан көзге түсетін елім-жерім деп жүрген асқақ әрі биік қасиеттің үлгісін жасамайды. Бұл рухани кемелділік пен кенде қалушылықтың парқын танытатын үлкен аралық тұр. Мына бір нәзік парық ұлттың тарихи кезең уақытында болмыс-бітімін айқындап даралайды. Т.Элиоттың ең қатты айқай естіле бермейді деген сөзін естен шығармаған жөн[http:www.elarna.netkoru_kk.p hp?tur= 30&id=243360]. Бұл ретте біз жазушының соған келтірілген жан айқайын естігендей боламыз. Ең балғын жылдарын темір тордың ар жағында өткізген Хақназардың алдынан өзге емес,бір кездері өзінің көзін бақырайтып тұрып сатып кеткен курстас- досы шығып жаңа қоғамдағы жаңа серіктес-көмекшісіне айналды. Романның мына тұсы тағдыры тайғақ болғаныменен, түсінікті саралай келе Хақназардың өмірінде ешбір өзгеріс болмағанын айтады. Заман қалай өзгерсе де, жаңарса да, өмірдегі қажет орнын өзгертпеген адамдар айналып келіп Хақназар сияқты адамдарға баяғысынша қожайын болып алған. Роман соңында әлгінде өткен іс енді бір қырынан қайталанады, бұрынғы адамдардың қалыңдаған қараниеті бұл жолы да бас кейіпкерді мезгілінен бұрын бақилық етіп тынады. Империя құласа да, империяны сүйеп тұрған қолдар жоғалған жоқ-ты. Олар баз-баяғыдай өмір сүріп жүр. Жазушының өйткені олар әлі біздің санамызда деп айтқысы келетіндей. Қараөзекті Желтоқсан қозғалысы туралы жазылған роман деп атау орынсыз.

1.2 РОМАНДАҒЫ ЗАМАН БЕЙНЕСІ, ДІН МӘСЕЛЕСІ

1986 жылы алаңға шыққан жастарды жаппай тәртіпсіздік орын алды деп қудалағанда, біз болашақ жастар - коммунизмге беттеп қадам басып бара жатқан, жарқын қоғамның мүшесі екенімізге сенбеген едік. Шынымен сенбесек, тәуелсіздік келгенде өткен күннің қараңғы болмыс-бітімін танып қол жеткізер едік. Дегенмен тани алмадық. Біздің тани алмайтынымыздың себебі, ес жисақ та , төбемізден сәулесін төккен империя шырағының түсін әлі де анық ажырата алмай қиналып жатқанымыздан.
Өткен ғасырдың 1990-жылдары қазақ прозасында дәстүрлік реализм жаңа бағытпен толып бастады. Нұржан Қуантайұлы бұл буынның өкілеті. Қазақ прозасының салиқалы дәстүріне мұрагерлік еткен, бұл басталысымен-ақ өз бағытын бірден тауып алған жазушы.
Көкжасық поэма мен көке мылжың романдардан қолға түсіп, баурап алып кететіні ол Нұржан Қуантайұлының Қараөзек романы. 2001 жылы жарық көрген бұл романды 2008 жылы оқыған көрнекті жазушы Герольд Бельгер өз естеліктерінде былай дейді:"Нұржан Қуантайұлы атты жазушының барын жақынд ғана білдім. Бір жағынан өкінішті әрине бірақ, Нұржанның Қараөзек романын қызыға, қарындашпен ерекше әсер қалдырған жерлерін түрте отырып, тыңғылықты оқып шыққан жайым бар"[https:adebiportal.kzkznews view14117].
"Қараөзек" романына қарап, "әлем дегеніміз - хаос" деп аталынатын постмодерндік пікір негізінде ой қозғасақ, романдағы осы бір жайт - екі уақыттық аралықта қаралады[https:adebiportal.kzkz newsview14117]. Біріншісі - 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы болса, екіншісі 1991-1998 жылдардағы жабайы капитализм кезеңі. Жазушы алаш прозалық дәстүрдегі ауыз әдебиетінен бастау алатын мәңгілік әдеби мотив "Жетім бала - жесір қатынды" Хақназар мен оның анасы Уәзипа образдары арқылы жан-жақты ашып көрсете білген. Бұл мотив арқылы жазушы кішкентай адамдардың түрлі ракурстағы трагедиялық ахуалын бере алады. Жазушы түрме желісін оқиға өзегіне айналдыра бастаған сәттен-ақ Хвостов, Өмірбек тәрізді жандардың жеке бастық трагедиялары арқылы түрме романтикасының бет пердесін сыпырып түседі, адам сиғысыз қапастың қалтарысты тұстары романның алғашқы тарауында-ақ ашылып жазылады. Бұл аралықта қазақтың мен деген кеудесін бастырмайтын бетерадам (супермен) істейтін саржағал басылымдарға қатысты штамп емес, қазақ оқырманы ұғына білуге маңызды қаламгерлік тәрбие бастапқы орында тұрады.
Лагерь өмірі қазақ прозасында ең алдымен Бердібек Соқпақбаевтың "Өлгендер қайтып келмейді" атты романында қызыл цензураның қысқартуымен берілгені белгілі нәрсе. Ал, Нұржан Қуантайұлының Қараөзек романындағы өлім мәселесі мүлде бөлек жағдай: "...қатарда түрлі адамдар болады. Біреуі босап, біреуі ауысып жатса да, қатар құрамы негізінен келгенде тұрақты болатын. Өмірбек есімді ұзын бойлы, қарасұр адам болатын. Қапасқа отырмас бұрын, үлкен қаланың түбіндегі бір ауылда шопыр қызметін атқаратын. Үйстіп жүргенде таныс біреу "Өмеке, ауылдағы үйімде қорада тұрған сиырды қаладағы үйіме жеткізіп берші, ақысын жемеймін" деп айтқасын, көлденең табыс кімнің болса да көкейін теспей тұра ма, сұраған бағасына келісіп, екі кештің арасында қалаға зу етіп келе жатқанында милиция тоқтатып, мәшине жүгінде төрт сиырды ұрланған мал деп, сол жерде акт толтырып, қамап тастаған болатын. Ақыр аяғында мал ұрлығымен айналысатын сыбайлас топтың ішінде қызмет етіп жүреді де, қылмысқа қатысың бар деп екі жылға бас бостандығынан айырған.Алпысты жағалап қалған, өзі аздап аурушаң Өмекең "әкеңнің аузын... барлығынан бұрын мына келіннен ұят болды-ау" деумен отыратын. Бір күні денсаулығын сұрауға алыстан бәйбішесі де келген еді. "Бәйбішеңіз жас қой" деп күліп отырған біреулер. Екінші рет алған әйелі болып шыққан екен. Өмірбек шалға лагерьдің өмірі жеңіл тимеген еді. Өзі жалғыз болғанда "барлығынан бұрын өзіңнен кіші жасты балалардың балағаттайтыны көңілге жаман қатты тиеді екен" деп отыратын еді. Алайда оған жетпеді: шығарына үш-төрт ай қалғанда аяқастынан жүрегі ұстап қайтыс болып кеткен еді. Хақназарда Сабыт деген қарттай батырлық пен өрліктің болмауы рухы әбден жасыған дәуірдің баласы болғандықтан деп ойлаймыз. Сол себепті автор өзінің кейіпкерінің Сабыт тәрізді қатты қайрат көрсететін жерін кіріктіруге аттап баспайды. Романның "Тар жерде" деген тарауында түрме, лагерь өмірін бар нәрсені бар қып, жоқ нәрсені жоқ қылып жазатын. "Тал түстегідей" ақ және қара өлімнің аражігі бөлініп сөз етіледі.[https:asianlitforum.kz% D2%9Baza% D2%9B-neoromandary-problemasy]
Әуелгі қазақтың романын кеңестік дәуірдегі қалпына салып, біржақтылықпен зерделей абырой әпере қоймас. Қазіргі прозаны жаңаша ғылыми әдіс, әрі оны ғылыми терминдік мағыналар арқылы зерттеу барысында ғана ақиқат деген дүниеге қол жеткіземіз. Біз анау заманда жазушыларды тек қана әдеби принциптерге, оқырманның оны ұғынып түсінуіне бағындырып келген болатынбыз. Ал, бұлардың не жайында айтатыны болғаны үшін, үнемі келесі кезекке жиыстырылып отырады. Ал біздің заманымыздағы романдарға талдау жасау барысында қатып қалған кеңестік түрді қолдану атақ әпермесі анық. Қайта керісінше тұлғаны көтеруге бағыт қолданған идеологиялық бағыт: авторлық, шығармашылық тұлғалардың деперсондануынан бастап алып, өнердің жайылуы, қарсы топтастырылуы, теориялық құрылым, автордың өлімі, қолданушы компоненттің өлімі т.б толып жатқан аталымдар терминдерін туындатуға себеп болады.
Нұржан Қуантайұлының Қараөзек романын зерделей сипаттай қараған Герольд Бельгер бұны айқын байқағандығы көрініп тұрады. "Психология шеңберінен ақ, кейіпкерлердің ішкі дүниемін суреттеп көрсетуде де, ортадағы тартысты әңгмелерді адам сенетін, шынайы таңдау барысында(жүйелеуде) да романның дәл шыққан мазмұндары аз емес-ті. Баяндау қалпы, тілдің күрмеленуі, әуелгі жастардың сленгіге құрастырылған тіл мідениеті, шыныққан диалогтар көңілге қонатын іс-әрекеттер. Романның бұл жағына белгілі тоқтатылып кету керек еді. Осы тарапын таратып айтуға біздің әзір уақытымыз жоқ.Нұржан Қуантайұлы атының жазушылардың баршасына тәнті болдым. Оның Қараөзек романы қазақ әдебиетіндегі ерекше орны бар роман деп баға береді". [https:asianlitforum.kz%D2%9Baza %D2%9B-neoromandary-problemasy]
Өз жағдайында Құрылымдық семантика еңбегіндегі Греймас буржуазиялық және марксистік идеология танымындағы іргелі актанттық үлгісінің: классикалы және марксисті тәрізді екі моделді алып ұсынған. Енді бұларды әңгіме ететін болсақ, Греймаста классикалық идеология түрінде төмендегісінше актанттық топтама ретінде ұсынылып орындалады: субъект - дана, объект - әлем, жұмсаушы - Құдай, алатын - адамзат, қарсыласатын - материя, көмекшің - рух; марксистік идеология тұрпатында: субъект - адам, объект - бейтаптық қоғам, жұмсайтын - тарих, алатын адам - адамзат, қарсыласатын - буржуа табы, көмекшің - жұмысшы таптары.
Греймастың актанттық моделі өте қарапайым, сондықтан әр елдің ғалымдары өз зерттеулерінде жергілікті және ғаламдық жаңашылдыққа байланысты ыңғайларына орай өзгеріспен қолданып жүрген жайы бар.Сонымен бірге, арқаны кеңге салып, аталған үлгінің жалына жабыса беруде абырой әпермейтіні тағы бар екендігін есте ұстауға тиіспіз.Осылардың бәрін қаперге ала отырып, Герольд Бельгердің пікірінің жалғасын келтірейік: "Екі нәрсеге ерекше назар аудардым: Бірінші, қазақ әдебиетінде бұрын-соңды сондай дәлдікпен, нақтылықпен, шынайы деталь-көріністермен бейнеленген кеңестік дәуірдегі түрме өмірінің қыртыс-қалтарыстарын нанымды және жан-жақты ашып суреттеген көркем шығарманы тұңғыш рет оқығаным.Есіме әрдайым Достоевскийдің Записки из мертвого дома дегені түсіп отырды. Қазақ тілінің табиғатында жоқ әрі жат ұғым-түсініктер - кормушка, гайдамак, трюм, ШИЗО, шконка, кум, бродяга, отстойка, промзона, ходка, унитаз, еж, кабур, стрела, конь т.с.с. Хақназар есімді қазақ жігітінің басынан өткен, біз сияқты оқырманға бейтаныс өмірден (бетін аулақ қылсын!) хабар береді. 1986-жылдың қанды дүрбелеңіне қатысып, Қазақ ССР-інің Қылмыстық Кодексінің 94-інші және 65-інші баптары бойынша алты жылға бас бостандығынан айырылып, күшейтілген режимдегі еңбекпен түзеу колонниясына жөнелтілген Хақназар Шығайұлы Шығаевтың көрген қорлық-нәубеттерін оқып отырып, апыр-ай, сондай да заман болған екен-ау!, қазақ баласы мұндайға қалай шыдап жүр?!, осы Хақназар автордың өзі емес пе екен? деп амалсыз таң қалып отырасыз. Өзім түрмеде отырғандай әсерде болдым.[ https: asianlitforum.kz%D2%9Baza%D2%9B-n eoromandary-problemasy]
Екіншіден, Қараөзек - қазіргі күрделі өміріміздің бет-пердесін жұлып тастап, жан-жақты ашып, өтірік-жалғансыз айқын суреттеп, ащы шындықтың көріністерін әшкерелеп, тартысты Һәм әсерлі бейнелеген роман екеніне көзім жетті. Жас адамның зеректігіне, ойлылығына, байқампаздығына тәнті болдым, сүйсіндім. Базарлы экономиканың келеңсіздіктерін автор жіті байқаған, пайымдаған"[https:asianlitforum.k z%D2%9Baza%D2%9B-neoro-mandary-pro blemasy].Гер-аға дұрыс айтып отыр, бұл - романның өмірлік шындығы, енді оның ғылыми шындығын ашу жолында біз қазақ теориясы пірдей табынған Тимофеевке жүгінеміз бе, әлде заманалық батыстық зерттеулерге жүгінеміз бе, мәселе сонда болып отыр.Сонымен, Тимофеевтің айтуы бойынша, көркем әдебиет өзге идеологияларға қарағанда дүниені, кейіпкерді ұғыну. Оның жоғарғы формасы халық пен партия болып табылғандықтан да маркстік эстетикалық түр алдымызда бұралаң етеді. Әуелде бұның партия болуы - нұр отандық діл мәселесі жайында, ал халықтығы - космополит болған тінде түр өзгерісіне ұшырап жатыр. Бұған ұшырамаған түсінікті Гер-ағаң айтқан. Адамзаттың үш түрлі өзгерісі әуелгі қазақ романдарының барлығында адамдық, перілік-пенделік және кесір-шайтандық қырларынан романтика бойынша роман тәрізді синтезге құрыла отырып, өткен толқындағы прозашыларымызға үлгі, әдеби тірек болатын рухани ойлаудың жаңа принциптеріне негізделген миллеттік әлем және адамдарды жаңаша танып білудің өзінше бір дүниесін қалыптастырады. Әрі бұлардың көркем үлгілерінен көркем синтездеу барысы әртүрлі амал-тәсілдерін аңғардық. Мысалға, Булгаковтың "Шебер мен Маргарита" туындысында Шайтан ашық көрініс тауып, жұртқа белгілі болса да, Нұржан Қуантайұлының Қараөзек романындағы шайтаны мені тауып ал деп әр кейіпкердің бойына бір қонақтап баратын тәрізді, мәтіндегі ой тереңінде бұғылып жатады. Өйткені, қазір Мағауиннің "Жармағы" - ойбай, жапон шығармаларының жаңғыры деп жатқанымыз - шығарманың мәнісін дұрыс түсінбей айтылатын ой. Мұхтардың бар болғаны қазақ ұғымындағы "перілік пен пенделікті" - "Мұрат пен Маратқа" нышан мәнісінде адам етеді. Бұдан басқаның қаңсығын іздеудің керегі жоқ. Тек қана жапон стилімен қазақ әдебиетінің сюжетін өзінің топырағында өркен жайдыра қойғанын желей жортып айту ғана біздің парызымыз. Жапон әдебиеті өзге сенім мен наным және рухани үрдістегі үшін әдеби жаңалық ашқан шығар, бірақ бұл - біздің қазақ ұғымындағы бұрыннан бері орын тапқан жағдай. М.Мағауин Жармақ романын өмірге әкелсе, Т.Нұрмағанбетов Кене әңгімесінде Бименнің 5 түрлі өзгеріске түсуін: Жан-Бимен, Аруақ-Бимен, Бастық-Бимен, Өлік-Бимен, Кене-Бимен бейнелерімен шабыты келіп жазады.[https:asianlitforum. kz%D2%9Baza%D2%9B-neoromandary-pro blemasy]
Қазақтардың түсінігіндегі шайтан мәселесі шығармаларымызда әдетте ашық - Т.Рымжанов шығармасындағыдай, кейде Н.Қуантайұлынікіндей бүрмелене жасырын суреттеледі. Бізде іш сипаты шайтаны жоқ кейіпкер мен сайтанның жердегі елшісі атанған персонаж - Қараөзек шығармасындағы Хақназардың көлеңкесіндей болып соңынан бір елі де ажырамайтын адам кейпінде Ернар бұл шайтан образы болып отыр. Ал, ұлттың шайтаны болған христан дінді халықтың тілін тұтынатын бауырларымыз.
Хақназар ішкі шайтаны жоқ адам.Өмірдегі шайтандық тіршілікті Хақназарда ең бірінші түрмеде отыруы арқылы көрсетеді. Біз бұған тоқталып жататын жайымыз жоқ. Бізге керегі бұл кейіпкердің жар түбінің сол бір түнде қалай зәһарланғанын психологиялық ауқымдылық мәселесімен автордың қалай бере білгені, яғни, Нұржан Қуантайұлының прозасына ғана тән "мәтін эротикасы". Екі жанның арасындағы эротикалық сезімді арзан сөз етпеу қаламгердің білімділігі дер едік. Енді қыз жемісін өзгенің тістеп кеткенін білген сәттегі жігіттің пұшаймандығын мына үзіндіден көрейік:
"...иіні түскен, басы салбыраған күйі келе жатып өзінің басында "тұнық лайланды" деген бір ауыз сөз кетпей қойған. Біреусі саусағымен тіксите тұрып, күліп тұрған тәрізді. "Таза деп сүйіп, сүйсініп жүрген мөлдірің осы ма" деді бір ой. "Қызықсың сен, жігітім, жиырмадағы қыздың, оның үстіне әдемі қыздың осы уақытқа дейін жігіті болмады деп ойлап жүрмісің" деген ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Төлен Әбдіковтің прозалық шығармаларының жанрлық, тақырыптық және көркемдік ерекшеліктері
Шәкәрімнің қай шығармасынан
ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің дамуы
Оқыту әдістері мен түрлері
Т. Әбдіковтің прозасын жанрлық, тақырыптық тұрғыдан кең көлемде қарастыру, қазақ прозасының түрлі жанрында жазылған шығармаларындағы көркемдік-идеялық ерекшеліктерді, қоғамдық-әлеуметтік көзқарастарды адам мәселесі тұрғысынан саралау, қаламгердің дара стильдік белгілерін көрсету
XX ғасыр басындағы тарихи қоғамдық өзгерістердың қазақ әдебиетінің дамуына әсері
Қабдеш Жұмаділов және қазіргі роман жанры
Т. Әлімқұлов шығармашылығындағы ұлттық психологизм
Мифтік ұғымдар және әдебиет
Қырық парыздың баяны
Пәндер