Тауарлық балықтарды өсіру
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ
Ветеринарияфакультеті
Ветеринариялық-санитариялық сараптау және гигиена кафедрасы
Тауарлы балықтарды өсіруге арналған тоғандарға қойылатын ветеринариялық-санитариялық және гигиеналық талаптар, балықтарды күтіп-бағу жағдайлары және оларды жақсарту шаралары тақырыбына жазылған
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Орындаған:5В120100-Ветеринариялық медицина
мамандығының 3 курс 305топ студенті
Аман.Н
Тексерген:Барахов.Б.Б
АЛМАТЫ 2018
Жоспары
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Тауарлы балық сулары тоғандарының сипаттамасы
2. Балық өсіруде су сапасына қойылатын негізгі талаптар
3. Балыққа арналған су тоғандарының ветеринариялық-санитарлық режимі
4. Тоған балық шаруашылығын салуға арналған орынды таңдау
5. Тауарлық балықтарды өсіру
6. Тоғандардың өнімділігін арттыру əдістері
7. Тірі балықтарды және уылдырықтарды тасымалдау
8. Балықтарға арналған тірі қоректі өсіру
9. Балықтардың азықтық сұраныстары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Қазіргі əлемдік балық шаруашылығының жалпы бағыты азықтық балық өнімін аквакультураны дамыту есебінен арттыру болып табылады. Егер 1985 ж. əлемдік аквакультура үлесі 10% болса (8,6 млн. т.), 1990 ж -13,3% (13,1 млн. т.), ал 1999 жылы -26,2% (33 млн. т) алып отыр. Бүгінде тауарлық балық шаруашылығында негізгі үш бағыт қалыптасып даму үстінде: тоғандық, индустриальдік жəне жайылымдық. Тауарлық балық өсірудің əр бағытының өзіне тəн ерекшелігі бар, бірақ басқа бағыттармен байланыста дамуы тиімдірек болады. Ірі ішкі тұщы суларды алатын болсақ, жайылымдық аквакультураның мүмкіндігі мол. Қазіргі экономикалық жағдайда осы бағытқа назар аударылуда. Екі түрлі шаруашылық құру көзделуде. Біріншісі (ихтиофауна құрамын түпкілікті өзгертпеу) - бұл ірі көлдер жəне су қоймалар, екіншісі (түпкілікті ихтиофауна құрамын қайта құру) - көлемі шағын көлдер, су қоймалар, жылу электр станцияларындағы су салқындатқыш қоймалар. Бұндағы негізгі өсірілетін балықтар оңтүстік жəне қоңыржай аймақтағы балық шаруашылықтарында - өсімдікқоректілер, бекірелер жəне басқа балықтар, ал солтүстік пен шығыс аймаққа қарай албырттар. Жайылымдық аквакультураның дамуы жетістігі көптеген жағдайда бағалы балықтар түрлері отырғызу затын өндіру мəселесі шешімін табуға байланысты болады. Тағы бір мəселе, əр түрлі антропогендік əсерлер кесірінен ішкі сулардың ластануы. Яғни, жайылымдық аквакультураны дамыту процесі ұзақ жүретіндіктен балық өсірудің басқа бағыттары маңызды болып қала береді. Өндірісітік балық шаруашылығы аквакультураның жаңа бағыттарының бірі. Алғашқы шарбақтық жəне бассейндік шаруа- шылықтар жылы суларда 60-шы жылдардың аяғында, 70-ші жылдардың басында салына бастады. Тоғандық шаруашылықтар тауарлық балықтарды өндіру көлемі бойынша аквакультураның басқа бағыттары ішінде алдыңғы орында жəне ол өзінің қалпын əлі де сақтауда.
Қазақстанның балық шаруашылықтық су қорлары. Қазақстанда аквакультураның барлық бағыттарын дамытуға мүмкіншілік бар. Балық шаруашылықтық сулар қоры елімізде жеткілікті жəне балық шаруашылығы мен балық аулауды қарқынды дамытуға қолайлы жағдай да бар. Балық шаруашылықтық сулар құрамына Каспий теңізі акваториясының біршама бөлігі жəне Арал теңізі, Балқаш көлі, Алакөл көлдер жүйесі, Бұқтарма, Қапшағай, Шардара суқоймалары жəне басқа халықаралық, республикалық, жергілікті дəрежедегі сулар кіреді. Каспий теңізін қоспағанда су көздерінің жалпы ауданы 5 миллион гектарды құрайды. Өндіріп-өсіру жұмыстары. Антропогендік əсерлерден келген зиянды толықтыру үшін республикамызда 7 балық питомниктері, 2 өндіріп-өсіру шаруашылығы, 2 бекіре өсіру шаруашылығы жəне республикалық мемлекеттік өндіріс болып табылатын Қазақ жерсіндіру станциясы өндірісі бағалы балық түрлері шабақтарын (бекіре, тұқы, сазан, дөңмаңдай, ақ амур, ақсаха балықтары түрлерінің дернəсілдері) өсіріп, табиғи суларға жіберумен айналысады. Жалпы жыл сайын жіберілетін шабақтар мөлшері 143,6 миллион дана, соның ішінде 6,0 миллионнан аса бекіре шабақтары Каспий теңізіне жіберіледі. Тауарлық балық шаруашылығы. Бұрынғы одақта барлық су типтерін қосып алғанда балық шаруашылықтық сулар саны бойынша Рессейден кейін екінші орында тұрған. Қазақстандық балық шаруашылығы даму тарихы жағынан Қытай немесе Европадан артта жатыр. Отандық балық шаруашылығының 65 жылдық дамуында ол маңызды салаға айналмады, жоғары дамыған кезінің өзінде балық өндіру 10-15% артпады. 1962 жылға дейін Қазақстанда 112 га тоғандық қоры бар 1 балық өсіру шаруашылығы болды. Тоған балық өсіру шаруашылығының негізгі басым көпшілігі 1960-70 жылдары Орталық комитет пен Министрлер кеңесі қаулысынан кейін салынған. Республикамыздың əртүрлі балық өсіру аймақтарында жалпы ауданы 10 мың га, жыл сайын 10-12 мың тонна тауарлық балық өсіретін 14 тоған шаруашылығы салынды.
Негізгі бөлім
Тауарлы балық сулары тоғандарының сипаттамасы
Балық суларының тоғандары бағытымен тағайындалуына байланысты сумен қамтамасыз етілген (басты, өндірістік-жазғы, қысқы), санитарлық-профилактикалық (карантинді, изоляторлы) және қосалқы (отырғызған тоған) болады. Жазғы өндірістік тоғандарға уылдырық шашатын, майда балықтардың, өсіретін, семіртетін және аналық балықтардың тоғандары жатады. Ал қысқы өндірістік тоғандарға балықтарды қыс мезгілдерінде сақтауға арналып жасалғандар жатқызылады. Размері, тереңдігі және тоған суларының ағыны, оларда өсіретін балықтардың биологиялық ерекшеліктеріне байланысты болады да, тоғандарға қойылатын талаптар балықтардың жасына қарай өзгеріп отырады.
Уылдырық шашылатын тоғандар - балықтарды өндіруге арналған. Олардың ауданы 0,1 га (0,5-0,2), ал тереңдігі - 0,5-1,1 м. Уылдырық шашатын тоғандарды, қатынас жолдардан (шу уылдырыққа бөгет) қашық, нейтралды немесе сәл сілтілі топырақты, батпақты емес жерлерге орналастырылады. Бұл тоғандарды балықтардың оларға салғаннан кейін уылдырық шашуынан 10-12 сағат бұрын (ең ұзақтығы 1-2 тәулік) суға толтырады. Алдын ала тоғандарды су мен толтырып қоюға рұқсат етілмейді.Ондай кездерде су басқа микроорганизмдер мен ластанып өсетін балықтардың ұрықтары мен личинкаларына зиянды әсерін тигізеді.
Майда балықтар тоғаны - уылдырық шашқан тоғандардан немесе зауыттарда жас балықтарды 6-7 күндігінен бастап 15-18, кей кездерде 30-40 тәуліктік жастарына дейін өсіру үшін жасалады. Майда балықтар тоғанының ауданы - 0,2-1 га, орташа тереңдігі - 0,8-1,0 м. балады.
Өсіретін тоған - жас балықтары өсіруге арналады. Балықтарды өсіретін тоғандардың ауданы - 10-15 га, ал орташа тереңдігі - 1,0-1,2 м. Негізгі өсіретін балықтар материалдарын шығаратын балық питомниктары тоғанның барлық ауданың 80-90 % алады.
Семіртетін тоған - өнімдік балықтарды өсіріп-семірту үшін арналып жасалады. Оның ауданы - 50 - 100 га, ал орташа тереңдігі - 1,3 - 1,5 м.
Балықтарды тоғандарда өсіру механизмі және уылдырық шашатын тоған жұмысы механизмі
Семіртетін және жас балықтарды өсіруге арналған тоғандар
Аналық тоғандар - аналық және өнімдік жас балықтарды ұстауға арналған, оларға ең жақсы жағдайлар туғызылады. Ол тоғандардың ауданы шаруашылықтағы аналық және өнімдік жас балықтардың өндіру санына байланысты болады да, оның орташа тереңдігі - 1,3-1,4 м.
Қыстамалы тоғандар - жас және үлкен жастағы балықтарды қыс мезгілінде ұстауға арналады. Балық шаруашылықтарының шамасына байланысты, олардың аудандары 0,2-1,5 га дейін болады. Тереңдіктері, оның қатпайтын су қабатының қалыңдығы - 1-1,2 м кем болмауы керек. оңтүстік аймақтарда қыстамалы тоғандардың 1,5 м тереңдігі жеткілікті болады.
Карантиндік тоғандар - басқа шаруашылықтардан әкелінген өндірістік жас балықтарды ұстауға жасалады. Шаруашылықтардың размерлеріне байланысты, олардың ауданы 0,2-0,4 га, ал орташа тереңдігі 1-1,3 м. Карантин тоғандарын шаруашылықтан төмен, жеке басқа балық тоғандарынан 20-30 м-ден жақын емес орналастырады. Карантинді тоғандар басқа шаруашылықтан әкелінген балықтар арқылы жұқпалы инфекциялық және инвазиялық аурулардың қоздырғыштарының тарап кетуінен сақтандыру үшін жасалады.
Карантинді тоғандарда ұстау мерзімі - 30 тәулік, ал температура 12С төмен болса уақытын ұзартады. Қыс айларында карантиндеу мерзімі қыстың ұзақ бойына болады. Басқа елдердің шаруашылықтарынан келген балықтарға карантин тоғандарда ұстау бір жылға дейін болады.
Тоғандарда карантиндеу кезінде балықтардың денсаулығын мұқият бақылап отырады. Егер карантиндеу мерзімінің ішінде балықтардың арасынан аурулар шықса, онда оларды емдейді немесе жояды.
Садки-қапас тоған - балықтарды аулап алып саудалағанға уақытша ұстауға арналған шағын ағынды тоғаншаларды айтады. Ауланған балықтардың мұндай қапас тоғандағы тығыздығы әр кубм 100-125 кг жоспарланады. Толықтай металмен жабылған тереңдігі 0.8-1.0м болады. Барлық тоғандардың түрлерін жобалап салғанда, олардың ішін кептіріп және мезгілінде қажетті санитарлық-ветеринариялық, сол сияқты агро-техникалық жұмыстарды жүргізуге мүмкіншілік болуын қарастырады. Шаруашылықтардың типтеріне қарамай, тіпті басты түрінің өзінде, барлық тоғандардың су ағары болып, ол үшін дамбалар мен плотиналарға, тоғандардағы суды бір-бірден немесе түгелінен ағытуға арналған гидротехникалық құрлыстар салынады. Балықтарға арналған су тоғандарын, тұрғын үйлердің, мал фермаларының және өндіріс орындарының шектерінен 500 метрден таяу орналастырмау керек.
Асыл тұқымды, аналық балықтарға арналған,уылдырық шашатын тоғандар
Тауарлы балық өсіруде су сапасына қойылатын негізгі талаптар
Балықтар - алғашқы су жануарлары, бүкіл тіршілігі суда өтеді. Эволюция барысында оларда сапасы əркелкі суда тіршілік етуге мүмкіндік беретін, түрлі бейімдеушіліктер қалыптасқан. Су оларға қорегін жəне оттегін береді, ал зат аламасу өнімі қалдықтарын əкетеді. Сондықтан судың физика-химиялық қасиеті балық өсіру шаруашылықтары жұмысының тимділігін анықтайытын ортаның маңызды факторларының бірі болып табылады. Судың құрамында əртүрлі еріген заттар жəне қалқыған заттар болады, олардың мөлшері мен құрамы судың химиялық құрамын анықтайды. Бұның құрамы қоршаған ортаның физикалық жағдайымен, сол сияқты су көзінде өтіп жатқан биологиялық, микробиологиялық процестерге байланысты. Өзара бірігіп əсер ететін абиотикалық жəне биотикалық факторлар, сол сияқты адамдардың іс-əрекеті су көзі гидрохимиялық режимін айтарлықтай ерекшеліктерге ұшыратады. Балық өсіру тоғандары мен маусымға қарай белгілі кезеңдерде құрғап қалып отыратын шағын сулардың гидрохимиялық режимі өзінше ерекшеленеді. Тоғандарда бір көлем ауданға балықтарды тығыз отырғызу, тоғандарды тыңайту жəне балықтарды қоректендіру су сапасына кері əсерін тигізеді. Нəтижесінде суға жылдам шіритін органикалық заттар түсіп тотығу артады, судың сутектік көрсеткіші (рН) жоғарылайды, оттегінің тəуліктік мөлшері ауытқуы байқалады, судың физикалық қасиеті өзгеріп, оның түсі айқындалып, мөлдірлігі төмендейді. Сондықтан балық өсіру жұмыстарын қарқындатуда, организмдердің тіршілігі қалыпты жағдайын қамтамасыз ететін судың гидрохимиялық режимін қалыптастыратын шараны уақытында қолдану керек. Балық өсіру мақсатында пайдаланылатын судың жарамдылығы мемлекеттік нормалық стандарттар мен тиісті талапқа сай болуы керек. Су көзіндегі су нормаға сай, түрдің сақталуын, өнімділігін жəне балықтыр ұрпағының сапасын қаматамсыз ететін, өсірілетін түрдің биологиялық қажеттілігіне сай, табиғи қорек қоры дамуы қажетті деңгейде болуы қажет. Балық өсіруге суды қолданар алдында гидрохимиялық, токси- кологиялық жəне ихтиопотологиялық зерттеу жүргізіп, сол сияқты суды нормаға (аэрация, тазалау т.б.) жеткізу жолдарын анықтау керек. Тірі организмдер су көзіндегі əртүрлі факторлар əсеріне ұшырайды. Су организмдерінің тіршілігін айқындайтын маңызды жағдай температура, жарық, газдық режимі, биогендік элементтер құрамы. Гидробионттардың сыртқы орта элементтермен өзара бірлестікте болып, бір жүйенің өзгерісі екінші жүйенің өзегерісіне соқтырады.
Судың температурасы. Ол ауа температурасына қарағанда біршама тұрақты, бұл оның жылу сиымдылығы жоғарылығында. Осыған байланысты жылдың жаз жəне қыс маусымында жылудың аз түсуі немесе жоғалуы су температурасының бірден өзгерісін тудырмайды. Нəтижесінде ішкі сулардағы жылдық температурасының ауытқуы 30-350 С. Судың температуралық тұрақтылығы оның жылы қабаты мен салқын қабатының тығыздығы айырмашылығына байланысты нашар араласуымен сипатталады. Судың жылу өткізгіштігі төмендігі ағынсыз тұрып қалған суда температура өзгерісі таралуын шектейді, температуралық қабатты, немесе температуралық стратификация пайда болуын тудырады. Температураның су қабатындағы таралуы əркелкілігі судың қалың қабатындағы газдық режимі, биогендік элементтердің таралуы жəне басқа гидрохими- ялық көрсеткіштері, өз кезегінде гидробионттардың таралуы зоналдығын тудырады. Əртүрлі типтегі су көзінің термикалық режимі географиялық орналасуымен, тереңдігімен, су массасы циркуляциясы ерекшелігімен жəне басқа көптеген факторлармен анықталады. Гидробионттар тіршілігінде судың температурасы маңызды орын алады. Оның басты рөлі ол алмаспайтын тірішілк ортасы. Егер ортаның басқа элементтерін (жарық, газ жəне басқа) организмдер қоршаған ортасынан алып тастаса, ал температураны еш қашан сырып тастауға болмайды. Басқа абиотикалық факторлардан айырмашылығы, температура түрдің тіршілік ету шегін анықтай- тын тек экстримальдық мəнде ғана емес, сол сияқты жалпы оптимальді зонасы аясында оның бүкіл тіршілк процестерінің жылдамдығы мен сипатын айқындайды. Мысалы, организмдердің тірішілік əректі үшін маңызды судың физикалық қасиеттері - еріген тұздар мөлшерімен анықталатын тығыздығы мен тұтқырлығы біршама деңгейде судың температурасымен байланысты. Бұған газдардың суда ерігіштігі жатады. Сондықтан температура əмбебап экологиялық факторлардың бірі. Температураның экологиялық мəні ең алдымен су көзіндегі организмдердің таралуымен жəне əртүрлі тіршілік процестерінің жүру жылдамыдығымен бейнеленсе, оның саны да температураға байланысты. Эволюция барысында балықтар пойкилотермдік жануарлар болып қалыптасқан. Олардың ткандері кейбір температуралық интервалда тіршілік етуге бейімденген. Белгілі бір температурада олардың бүкіл биологиялық процестері өтеді. Температураның ауытқуы амплитудасы əр түрлер үшін əркелкі. Температураның кең шегінде тіршілік ете алатындарды - эвритермдер, аясы тар болса - стенотермділер деп аталады. Ортаңғы белдеу балықтары температураның ауытқуы кең шегінде тіршілік етеді. Судың температурасына қатынасты балықтарда арнайы түрлік бейімділік қалыптасқан, соның негізінде олар жылы сулық жəне суық сулық болып бөлінеді. Дəл осы себепке байланысты балықтарда тарихи қалыптасқан əр түрдің өзіндік таралуы ареалы бар, ол жекелеген аудандардың климаттық ерекшеліктерімен байланысты. Қоректенуі, зат аламасуы, дамуы мен өсуі, көбеюі, миграция жəне басқа гидробионттардың тіршілігіндегі белгілер жылы қанды организмдерге қарағанда жоғары дəрежеде, су температурасы деңгейі мен динамикасына байланысты. Су организмдердің көптеген тіршіліктік функцияларына əсер ете отырып, олардың өнімділік мүмкіншіліктерін жандандырады. Температура көтеріл- генде балықтардың зат аламасуы жоғарылайды, бұл температураның əртүрлі тіршілік процестерін катализдейтін ферменттер əсерінен болады. Əсіресе, температура олардың ерте даму стадияларына əсер етеді. Əрбір түрдің эмбирональдік дамуы қатал түрде белгілі бір температура шегінде қалыпты дамиды. Уылдырықтың инкубациясы кезіндегі температураның мөлшерлік шегіне жақындауы, мысалы дернəсілдерде анамалия туғызуы жəне өлімге ұшыратуы мүмкін. Дернəсілдердің морфологиялық өзгерісін олардың эмбриональдік жəне ерте постэмбриональдік дамуы кезіндегі температураның тым жоғары немес төмен болуы тудырады. Температура гидробионттардың тек дамуын ғана емес, олардың морфогенезіне де əсер етеді. Уылдырықтардың инкубациясы өтетін температура төмен болған сайын эмбрионның дамуы ұзаққа созылатыны белгілі. Эмбиронның дамуы жылдамдығын жандандырып немесе баяулатып қана қоймай, балықтың одан ары дамуына да əсер етеді. Бірақ балықтың өсуіне бірдей темпетарура жасына қарай əсер етеді. Мысалы, жас тұқылардың дамуы мен өсуіне 25-30 С, ересек жастағыларына 23-28 С температура қажет Балықтардың өсуі тұрақты температураға қарағанда динами- калықта жоғары. Балықтардың өсу температурасы амплитудасы мен ауытқуы жиілігі түрлерге қарай болады.
Судың мөлдірлігі. Ауаға қарағанда су мөлдірлігі əлдеқайда төмен жəне оған түскен жарық жылдам жұтылып таралады. Су қабатынан өткенде сəуле спектрлік құрамын өзгертіп, фотосинтез жағдайына, гидробионттар мінез құлқына əсер етеді. Судың мөлдірлігі су көзі жағдайын бағалайтын негізгі критерилерінің бірі. Ол қалқыған бөлшектер мөлшеріне, еріген заттардың болуы мен фито, жəне зоопланктондардың концентрациясына байланысты. Судың түсі көгілдірге жақын болса, онда мөлдірлігі жоғары, ал сарғыш болған сайын төмен. Ағынсыз сулардың мөлдірлілігін айқындайтын маңызды фактор - биологиялық процесс. Судың мөлдірлілігі планктон өнімінің биомассасына да байланысты. Планктон жақсы дамыса судың мөлдірлілігі төмен болып келеді. Міне cөйтіп, судың мөлдірлілігі ондағы тіршіліктің даму мөлшерін, сондай-ақ фотосин- тезге қажетті су қабатындағы жарықтың таралуын айқындайтын фактор жəне оттегі рижмінің көрсеткіші.
Су көзінің газдық режимі. Ол негізінен газдың табиғатына, судың температурасына, оның минералдану мөлшеріне, сол сияқты су қысымына байланысты болып келетін газдардың ерігіштігімен анықталады. Суда көмірқышқыл газы жақсы ериді, оттегінің ерігіштігі оған қарағанда біршама төмен. Су температурасы көтерілуімен газдардың ерігіштігі төмендейді. Минералдануының жоғарылауы олардың ерігіштігін басады. Су организмдері үшін оттегі, көмірқышқылы жəне күкіртті сутектің маңызы зор. Су көздері мекендеушілері үшін, оның құрамында еріген оттегінің болуы міндетті. Судағы оттегі мөлшері екі қарама-қарсы өтіп жатқан процеске байланысты: біріншісі - судың оттегімен қанығуы, екіншісі - оның судың құрамында азюы. Судың молекулярлы оттегімен қанығуы, оның өсімдіктердің фотосинтез процесі кезінде бөлінуі мен ауадан өтуінен жүреді. Оттегінің толығуы мен судағы мөлшерінің азаюы қатар жүретін процесс. Суда өтіп жатқан барлық биохимиялық процестер оттегін тұтынумен байланысты жүреді. Бұған органикалық заттардың немесе бейорганикалық қосылыстардың бактериальді тотығуы, жануарлар мен өсімдіктердің тыныс алуы жатады. Балықтармен тұтылынатын оттегі мөлшері балықтың түріне жəне жасына байланысты. Температура жоғарылағанда оттегінің табалдырықтық шегі қысымы артады
Оттегінің жануарлар эмбриогенезіне əсер етуі ең алдымен дамуы мен өсуі жылдамдығы өзгерісімен байланысты. Балықтардың тіршілік əрекеті судағы оттегі концентрациясына байланысты. Оның белгілі бір шегіне дейін төмендеуі балықтардың қоректенуі қарқындылығын жəне қоректі өсуіне пайдалануын басып, нəтижесінде балықтың өсуі баяулайды. Оттегі жетіспегенде балықтардың əр түрлі факторларға, соның ішінде өнеркəсіптік жəне тұрмыстық ластануға төзімділігі төмендейді.
Көмірқышқыл газы. Ол гидробионттар тіршілігінде маңызды орын алады. Оның атмосферадағы мөлшері орташа есеппен 0,33% құрайды. Сумен жанасқанда олар жартылай ериді жəне гидролизге ұшырайды. Оның тек аздаған бөлігі ғана сумен химиялық реакцияға ұшырайды, қалған бөлігі бос күйінде болады. Суда көмірқышқылының болуын қамтасыз ететін калции карбонатының еруі жəне калции карбонатқа қарағанда оның ерігіштігі жоғары гидрокорбанатқа айналуы тудырады.
Көмірқышқылы тұзы еру нəтижесінде су карбонат жəне бикорбанатпен қанығады. Міне cөйтіп, табиғи суда көмірқышқылы (көміртегі диоксиді) бос газ күйінде, суда ерігені - көміртегі қостотығы; НСО3 - гидрокарбонат ионы түрінде; СО2 - ионы түрінде кездеседі. Осы формалардың барлығы қозғалыстағы химиялық тепе-теңдікте болады.
Су көздеріндегі көмірқышқылы газының негізгі көзі органикалық заттардың бактериялық тотығуы, сол сияқты су организмдерінің тыныс алуы. Су көзінің биологиялық өнімділігі көміртегі диоксиді болуымен анықталатыны белгілі. Балдырлардың, жоғары сатыдағы өсімдіктердің көміртектік қоректенуі олардың негізгі тіршілік етуі жəне олардың даму интенсивтілігін айқындайды. Көмірқышқылы газының жоғары концентрациясы жануарлар үшін улы болып келеді, сондықтан көмірқышқылы газы деңгейі жоғары су көздерінде тіршілік болмайды. Көмірқышқылы газының жоғары концентрациясының теріс əсері мынада, балықтар əлсіреп, судағы еріген оттегін тұтынуы төмендейді. Бұның өзінде су құрамындағы оттегі мен көмірқышқылының (көміртегі диоксиді) тек абсолюттік құрамы емес, олардың қатынасы. Тұқы балығы үшін О2 мен СО2 0,02 жақын қатынасы қауіпті. Оттегі төмен жəне О2 мен СО2 қатынасы қолайсыз болса балықтар қоректі нашар пайдаланады. Көмірқышқылы газының мөлшері əртүрлі балықтар түрі үшін бірдей емес.
Сутегі көрсеткіші (рН). Ортаның маңызды факторларының бірі. Көпшілік балықтар үшін рН мəні бейтарапқа жуық болса қолайлы. Міне cөйтіп, рН химиялық ортаға үлкен əсер етеді. Мысалы, рН артуымен сулы ортадағы NH+ 4 жəне NH3 арасындағы тепе-теңдік NH3 түзілуі бағытына ауысады. Көпшілік балықтар үшін NH3 - өте улы зат. Егер, рН мөлшері бейтараптан біршама айқын өзгеше болса онда, су өз-өзінен балықтар үшін улы болып табылуы мүмкін. Тұщы сулық балықтар тіршілік ете алатын рН шегі, əртүрлі жағдайда балықтардың түріне байланысты. Біршама төзімділері мөңке мен тұқы. Мысалы, шортанға рН - 4,8-8,0, өзен бахтағына - 4,5 - 9,5, тұқыға - 4,3 - 10,8.
Тұздылық құрамы. Ол гидробионттар тіршілігінде маңызды рөл атқарады. Мұның өзінде, минералды тұздардың судағы еріген мөлшері жиынтығы немесе тұздылығы, сол сияқты иондық құрамы түріндегі мəнінде. Еріген заттардың жалпы мөлшері бойынша табиғи суды шартты түрде 3 топқа бөледі: тұщы, тұздылау жəне тұзды. Тұщы суға құрамында -1 гл, тұздылауға -1-15 гл, тұздыға- 15-40 гл минералды еріген заты бар су жатады. Балық өсіру шаруашылығында су сапсын жалпы кермектілігі бойынша бағалайды. Су құрамында еріген тұзы көп болған сайын, гидробионттар сезімтал болып келетін осмотикалық қысым жоғары болады. Белгілі тұздылық құрамына ие организмдер оны тұрақты ұстап тұруға тырысады. Бұл үшін оларда əртүрлі механизмдер болады, оның көмегімен ол тек қана ортадағы жəне денедегі тұздар концентрациясының біркелкілігін сақтап қоймай, организмдегі жекелеген иондардың тұрақтылығын жəне қатынасын қамтамасыз етеді. Фитопланктондар мен судағы жоғары сатыдағы өсімдіктер қорегінде биогенді элементтер - азот, фосфор, кремний, темір жəне басқалар маңызды рөл атқарады. Жануарлар организміне су құрамындаға микроэлементтер - кобальт, қалайы, марганец, мыс, қорғасын, стронции жəне басқалар біршама əсер етеді. Олардың жетіспеуі немесе артық мөлшері дамуында патологияға ұшыратады, уланса өлімін тудырады. Балықтар микроэлементтерді судан, өсімдіктерден, табиғи жəне жасанды қоректен алады.
Органикалық заттар. Олар суда еріген жəне қалқыған күйінде кездеседі. Оны автохтонды жəне аллохтонды деп бөледі. Автохтонды заттар қоры фитопланктондар фотосинтезі, макрофиттер мен кейбір бактериялар есебінен толығады; аллохтонды заттар - су жинағыштан, жауын-шашынмен, ал кейде тұрмыстық жəне өнеркəсіптік ағыстармен келеді. Еріген органикалық заттар үлесі тірі организмдер мен детриттердегі органикалық заттардан шамамен жүздеген есе жоғары. Мұндай жеңіл сіңірілетін органикалық заттар - сахароза, аминқышқылдары, витаминдер жəне басқалар гидробионттар тіршілігінде, əсіресе олардың қорегінде маңызды орын алады. Қалқыған органикалық заттарға минералды жəне органикалық заттар бөлшектерінен тұрып, күрделі кешен түзетін детриттер жатады. Детриттермен көптеген коловраткалар, шаянтəрізділер, моллюскалар, тікентерілілер жəне кейбір балықтар қоректенеді.
Балыққа арналған су тоғандарының ветеринариялық-санитарлық режимі
Ластанған ағын сулар суаттарға түсіп, олардың гидрохимиялық режимдерін өзгертіп, биологиялық тепе-теңдігін бұзып, судың өздігінен тазалану процесстері толық мәнінде жүрмейді. Ағын сулар мен, әсіресе өңдірістік, су көздеріне улы заттар түсіп, (ауыр металдардың тұздары, пестицидтар, минералды тынайтқыштар т.б.) балықтардың өнімдерінің сапасын төмендетіп, уылдырықтарымен балықтардың өліміне апарып соғады.
Тоғандарды су мен толтырған кездерде, оның ішіне арам және жыртқыш балықтар, олардың жұқпалы ауруларының аралық иелері, сол сияқты зиянкес гидробионтар (бақалар, қоңыздар т.б.) түсуі мүкін. Олардың тоғандарға сумен бірге толтырған кездерде түсіп кетпеу үшін, судың ағар жолына бөгет төркөзді - балық қоқыс ұстағыш деп аталатын сүзгіштер қойылады.
Балықтарды, ұрық уылдырықтарды және омыртқасыз жануарлардан жасалған азықтарды, инфекциялық және инвазиялық аурулардан аман шаруашылықтардан ғана әкелінеді. Егер, тасымалдауға арналған балықтар эктопаразиттар мен зақымдалған болса, онда оларды алдын ала тоғандардың өзінің ішінде немесе арнайы бассейн-профилакторияда паразиттерге қарсы өңдеуден өткізеді (ас тұзы ваннасы, малахит көгі, метилен көгі т.б.)
Балықтарды жұқпалы аурулардан сақтандыруда суаттарды, ұстайтын ауларды, әртүрлі ыдыстар мен жабдықтарды, дезинфекциялау және дезинвазиялау, (жұқпалы аурулардың қоздырғыштарын, әртүрлі паразиттерді, олардың аралық иелерін тағы басқа балық-зиянкестерін жоюда) үлкен маңызы болады.
Әртүрлі тоғандарда санитарлық-профилактикалық және балық суларына мелиоративтік шараларды жүргізуге тиісті өзіне арналған жоспарлар жасалады.
Уылдырық шашылатын тоғандар майшабақтарын алып, суын ағызғаннан соң қолма қол дезинфекцияланады. Қысқа қарай уылдырық тоғаны құрғақ болса, оның арнасы жақсы қатып, паразиттардың жұмыртқалары мен құрттары сол сияқты маллюскалар мен басқа су жәндіктері өліп қалады. Келер жылы уылдырық тоғанын көктемде су мен толтырар алдында тағы да дезинфекциялайды. Уылдырық шашатын тоғандарда жеткілікті түрде табиғи тағамдар мен (коловраттар, дафнилер т.б.) қамтамасыз етіп және тоған суына арам (сорный) және жыртқыш балықтар, су қоңыздары және олардың личинкалары, балықтар т.б. түсіп кетуінен сақтандыру қажет. Мұндай жағдайларда тоғандарда шөп бөгеттерін (травостой) шабындық шөптерден (түлкі құйрық, батпақ шабындығы, мысық құйрық, шырмауық т.б.) жасап, уылдырықтың өсуіне пайдалы әсерін тигізеді.
Қыстамалы тоғандарды көктемде (суын ағызып, балығын алғаннан соң) дезинфекциялайды, ал жазды күндері 2-3 рет ондағы өсімдіктерді шауып алады. сонан кейін, күзгі толтырудың алдында, кейбір жұқпалы аурулары (қызымық) тараған аймақтарды екінші рет дезинфекциялайды.
Ерекше мұқият көңіл аударып бақылау жасайтын, қыстамалы тоғандардың гидрохимиялық көрсеткіштері болып, әсіресе қыстың екінші жартысында, оттегі азайып, кететін кездер есептеледі. Тоған суында оттегі жетіспеген кездерде, балықтар жоғарғы тесіктерге малтып шығып, оларда көптеген су жәндіктері пайда болады (қоңыздар, қандалалар т.б.). Егер қыстамалы тоғандарда оттегі режимі қалыпты болған жағдайда да, балықтар жоғары малтып шығатын болса, ол немесе аурулардың шыққаны, немесе азып жүдегені, немесе судың температурасының төмендегенін (0,1-0,2С) көрсетеді.
Сол сияқты өсіретін, жазғы аналықтар, семіртетін және карантинді тоғандардың да дайындау ерекшеліктері болады.
Ұзақ уақыт бойына, үзіліссіз тоғандарды пайдаланғанда, олардың түбінде көптеген органикалық заттар жиналып, соның нәтижесінде онда қарқынды бактериалдық процесстер жүріп, судағы еріген оттегі азайып, балық өнімі және санитарлық жағдайы төмендейді. Сондықтан тоғандарды 5-6 жылда бір рет өңдеу жүргізу керек. Күзді күні тоғанды судан тазартады, түбін (ложа) тегістейді, ал жазғытұрым ауыл шаруашылық мәдени өсімдіктер егеді. Қысты күнгі төменгі температураның әсерінен және жаздағы күн сәулелерінен жұқпалы ауралардың қоздырғыштары және олардың аралық иелері өліп қалады. Тоғандарды ондай өңдеу кезінде топырақ жақсы аэрациядан өтеді де, онда жиналған органикалық заттар минерализацияланады. Ондай өңдеу жұмысының нәтижесінде тоғандардың балық өнімі 50-100 % жоғарлайды, сол сияқты судың гидрохимиялық режимі және балықтарға гигиеналық жағдай жақсарады. Профилактикалық өңдеу көбінесе өсіру және семірту тоғандарына жасалады. Профилактикалық өңдеуді қысқы және уылдық тоғандарына жүргізілмейді, өйткені олар тек қыс айларында ғана су астында болып немесе аз уақыт көктемде пайдаланылады. Суы ағызылмайтын тоғандар және шаруашылықтың кішігірім су қоймалары мен суаттарын біртіндеп қатты және жұмсақ өсімдіктерден, қараған түбірлерінен тазалап, бұлақ, тұмалардың көзін ашып отырады. Ылғи сулардың газдық және минералды құрамдарын бақылап отырады.
Тоғандардағы балықтардың тығыздығын, әр аудан өлшеміне есептеп, табиғи азық қорының мөлшері, су құрамы және эпизоотиялық жағдайына байланысты, нормативке негіздеп анықтайды.
Суаттарда суға жүзетін құстардың көп жиналуына жол берілмейді. Әр гектар тоғанға орта есеппен келетін нормасы 200-250 бас. Басты, өсетін және аналық балықтарға арналған тоғандарда суда жүзетін құстарды жіберуге болмайды. Әрбір тоғандарға, суаттарға немесе тоғандар тобына арнайы аулау, жүзу, балықтарға арналған жабдықтар, бекітіліп беріледі. Шаруашылықтан түскен өндірілетін және жас өсіретін балықтар 30 тәулік карантинде, су температурасы 12С ұстайды. Өте төменгі су температурасында карантиндеу мерзімін, 30 тәулік бойына су температурасы 12С төмендемей тұрғанға дейін ұзартады.
Өндірілуге арналған балықтар мен басқа жастағы балықтарды біріктіріп ұстауға болмайды. Тұқымдық шаруашылықтардың территориясына басқа адамдардың кіруі, көліктердің қатысуына рұқсат етілмейді. Қызмет жасайтын адамдардың өндіріс аймағына тек ветеринариялық-санитарлық өткелден (ветсанпропускник) ғана, ал көлік-дезинфекциялау бөгеуінен (дезобарьер) өткізіледі. Барлық жұмысшылар арнайы киімдер мен және аяқ киіммен қамтамасыз етіліп, жұмыс аяғында ветсанпропускникте шешіп қалдырып кетеді.
Ветеринариялық-санитарлық мекемелерінің негізгі міндеті болып балық шаруашылықтарының су көздерін (суаттары) куәліктендіру (паспортизациялау) және олардың ластануын есептеп қадағалау, анықталған ластану шамасы бойынша талдау жүргізу және судағы улы заттардың қалдықтарын, балықтар организмінде және басқа объектілердегі мөлшерлерін іріктеу арқылы бақылап отырып, улануын анықтау және сол сияқты балықтардың токсикоздан сақтандырудың шараларын көрсетіп беру болып саналады.
Балық өсіретін шаруашылықтарының негізгі суаттардың ластануын бақылау үшін арнайы нормативті құжаттар шығарып, оларға ластану концентрациясының жоғарғы рұқсат етілетін шекті мөлшерлерін (ПДВ) көрсетеді.
Тазаланудан өткізілген ағын суларды басқа суаттарға жіберу, табиғи су көздерінің тазалығын сақтауы есептеліп, сол сияқты одан жоғары орналасқан суаттардың суының сапасы төмендемеуі ескеріле отырып жасалады.Ондай жағдайларда, тазаланған ағын суларын басқа жерлерге жіберетін әр өндірістерге өңдеуден өткен ағын суларын, мөлшерін (рұқсат етіп жіберілетін судың шекті мөлшері ПДВ) және ондағы қоспалардың концентрациясын көрсетіп береді.
Өнеркәсіп орындарынан жіберілетін ағын суларды қалыптап отырылады да, оның шыққан жерінен 500 м қашықтығы балық шаруашылығының талаптарына қайшы келмеуін қадағалайды. Ағын, тазалаудан өткен суларды балықтардың уылдырық шашатын, өсіріп, семіртетін және қыстамалық тоғандарының аймағына жіберуге рұқсат етілмейді. Бұл аймақтарға өңделген суларды жіберу мүмкіндігін белгілеу балық қорғау органдарының рұқсат келісімі мен жасалады.
Балық шаруашылықтарында жүйелі түрде балықтардың физиологиялық жағдайларын және өсуі мен күйін бақылап отырады да, сол сияқты клиникалық қараудан өткізіп және керекті, іріктеу арқылы патологиялық және паразиталогиялық балықты жарып, тексеру жасалады. Балықтардың өсіп-дамуының негізгі себептері нашар көректенулері, суаттардың жайсыз гидрохимиялық режимі, олардың антисанитарлық жағдайларды, әртүрлі аурулардың балықтар арасында кездесуі т.б. болып саналады. Азықтарды балықтардың толық жемеулері, көбінесе оттегінің жетіспеушілігіне, ортаның температурасының төмендеуіне, азықтың бір түрінен екіншісіне тосыннан ауыстыруына, азықтар орындарының ластануына т.б. байланысты болады.
Балықтарды көректендіруге малдар мен өсімдіктер өнімдері, құрама азықтар, ауыл шаруашылық өндірістерінің және тамақ кәсіпорындарының т.б. өнімдері пайдаланылады. Ұзақ уақыт сақтаған кездерде, құрамында балық және сүйек ұндары бар қоспардың майы ыдырауының нәтижесінде кетонды қышқылдар, оксиқышқылдар, альдегидтер тағы басқа заттардың түзілуінен иістеніп татып кетеді. Бұл қоспалар балықтардың организмінде витамин А және Е тағы басқа тез тотығатын заттарды бұзады. Гиповитаминоздар мен зат алмасу процесстерінің бұзылуының нәтижесінде, балықтарда жұқпайтын және жұқпалы инфекциялық, инвазиялық аурулар шығып, жаппай өлімге ұшыратады. Тоғандық балық кәсіп орындарының тиімділігін арттыру жолында тоғандардың мелиорация, тынайтқыштар қосу және қосымша азықтар салу жұмыстары жүргізіледі. Мелиорациялық шараларға балықтардың қалыпты өмір сүріп, өсіп-өнуі үшін судың газдық және химиялық режимдерін жақсарту қатаң өсімдіктерден тазарту, хлорлы әкі мен өңдеу т.б. жатады.
Балық шаруашылықтарындағы ветеринариялық-санитарлық жұмыстар жинағына мыналарды жатқызады:
Тоғандарда қалыпты (оптималды) гидрохимиялық режим жасау;
Балықтардың инфекциялық және инвазиялық ауруларының қоздырғыштарының түсуінен сақтандыру (ауыру немесе ауырған балықтардан, уылдырықтардан, судан, гидробионтардан, су құстарынан, балық аулау жабықтарынан т.б.) шараларын белгілеу;
Тоғандарға, аулау жабдықтарына, сақтау-тасымалдау ыдыстарына т.б. профилактикалық дезинфекция жүргізу;
Балықтардың уылдырық шашуына, өсіп-өнуіне, денсаулығына және олардың азықтануына бақылау жасау;
Әкелінетін басқа жерлерден балықтарды және гидробионттарды карантиндеу;
Ауырған және сезікті балықтарды жүйелі түрде айналымнан шығарып тастау және жою шараларын жүргізу.
Тоған балық шаруашылығын салуға арналған орынды таңдау
Тоған шаруашылықтарын салғанда жер бөлігін таңдау маңызды орын алады. Бұл фактор құрылыстың өзіндік құнын жəне шаруашылықтың экономикалық тиімділігін анықтайды. Тоған балық шаруашылығындағы негізгі гидротехникалық құрылғыларға жататындар:
Плотина - ағып жатқан судың жолына басты тоған жасау үшін көлденеңінен салынатын құрылыс. Плотинаны əртүрлі құрылыс заттарынан салады: топырақ, тас, ағаш, бетон, темірбетон жəне болат. Ең кең тараған арзан жəне қарапайымы жерден жасалған плотина. Жерден жасалған плотина: судың 10 м қысы- мына есептелсе, төмен қысымды плотина; 10-нан 25 м дейін орташа қысымды; 25 м жоғары қысымды деп аталады. Жер плотина келесі негізгі элементтерге ажыратылады: плотинаның астыңғы бөлігі - табаны, плотинаның үстіңгі жиегі - қыры, табаны мен қыры арасындағы биіктік аралық - плотина биіктігі, бүйір жақтарының шектелуі - көлбеулігі, көлбеулігінің жазықтыққа проекциясы - табанына көлбеулігі деп аталды.
Плотина Арал теңізі
Сутөккіш арық - жауын-шашыннан жəне су көзінен келген артық суды төгуге арналып, басты тоған жағына орналастырады.
Суқақпасы - магистральді каналдың басқы бөлігінде орналастырылады. Ол негізінен реттегішпен (шлюз) жабдықталған, сумен қамтамасыз етілуі механикалық болса - насосты станцияны білдіреді.
Магистральді каналдар - су көзінен суды тұтынатын жерге дейін əкелетін құрылғылар. Оларды жерден жасайды кейде, құбырлармен алмастырады. Су жіберетін каналдар - жерден жасалған тоғандарға су беретін арықтар. Кейде ағаш астаулармен немесе құбырлармен алмастырады.
Дамбалар немесе шағын бөгеттер - тоғандардың жағалауын қалыптастыру жəне араларын бөлу үшін жасалады. Оларды топырақты үйіп жасайды. Олар сыртқы пішінін қалыптастырғыш (контурлық) жəне бөлгіш болып екіге бөлінеді.
Су жинағыш тараптар - тоғанның түбіндегі каналдар жүйесі, тоғандарды судан тазартып олардың түбін кептіруге арналған. Сутүбілік су ағызғыштар (монахи) - бұл ағаш, темірбетондық немесе металдық құрылғылар, судың толық ағып кетуін қамтамасыз ететін немесе тоған суының айдынын реттеуге арналған. Су ағызғыштар плотина немесе дамбының ең аласа жерлері түбінде орналастырылады.
Аэроторлар - судың газдық режимін жақсартуға арналған құрал. Ол арқылы су шашырап, ауамен араласып оттегімен қанығады. Жоғарыда айтылғандардан басқа, негізгілері жұмысын қамтамасыз ететін қосымша гидротехникалық құрылғылар бар.
Магистральді каналдардың биіктігін жою үшін сарқырамалар, тез ақтырғыштар; табиғи жəне жасанды жағдайлар үшін - дюкерлер, акведуктар жəне көпірлер; сүзгіленген суларды əкететін-дренаждар орналастырылады
Рига қаласындағы тұқы тәрізді өнеркәсіптік өсіру үшін эксперименталды алаңның схемасы: 1 - тұқы бассейндер; 2 - тазартылған су; 3 - аэратор; 4 - биофилдер; 5 - ластанған суды жеткізу; 6 - өзгермелі сүзгі; 7 - қоныс аймағы; 8 - шөгінділердің ағуы; 9 - ластанған суды ағызу
Тауарлық балықтарды өсіру
Екі жылдықтарды өсіру. Жайылымға балықтарды ерте көктемде жібереді. Жас балықтарды қыстау тоғандарында ұзақ ұстағанда, оларды температура көтерілгенге дейін арықтатып қырылуға ұшыратады. Сонымен қатар балықтардың жайылу мерзімі қысқарады. Оңтүстік аймақтарда жайылу тоғанына балық- тарды күзде жібереді. Бұл əдіс қыстаудағы ашығу уақытын минимумға дейін қысқартуға мүмкіндік береді, себебі жайылу тоғандарындағы балықтардың қоректену мерзімін ерте көктемнен күздің соңына ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz