Сиырдың жұқпалы ринотрахеиті


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТІРЛІГІ

Қазақ Ұлттық Аграрлық университеті коммерциялық емес акционерлік қоғамы

«Ветеринария» факультеті

«Ветеринариялық медицина» мамандығы

«Биологиялық қауіпсіздік» кафедрасы

СӨЖ

Тақырыбы: Сиырдың жұқпалы ринотрахеиті, парагриппі, вирустық диареясын балау және індетке қарсы шаралар

Орындаған: Аман Н

ВМ-505қ

Тексерген: Орынбасар М

Алматы, 2020ж

Жоспар

І. Кіріспе . . . 3

ІІ. Негізгі бөлім . . . 4

2. 1. Сиырдың жұқпалы ринотрахеиті . . . 4

2. 2. Сиырдың парагриппі . . . 6

2. 3. Сиырдың вирустық диареясы . . . 8

ІІІ. Қорытынды . . . 10

ІҮ. Пайдаланылған әдебиеттер . . . 11

Кіріспе

Жануарлар арасында байқалатын жұқпалы ауруларға адам баласы ертеден ақ көңіл аудара бастады. Адамзат қоғамының ой-өрісі жетіліп, өнер-білім мен мәдениетті қалыптастырудағы ұзақ тарихи даму жолында ғылымның көптеген салаларының бірі ретінде осы заманғы індеттану қалыптасы. Адам жабайы аңдарды қолға үйретіп, одан кейін мал шаруашылығымен айналаса бастаған кезде-ақ жануарлардың әр түрлі аурулармен, олардың ішінде жұқпалы аурулармен кездесті. Жұқпалы аурулардың белгілеріне, таралу заңдылықтарына көңіл бөлумен қатар, олармен күресу шаралары да қарастырыла бастады. Бұл аурулардың жұқпалылығы адам мен малда тез тарайтындығы, бір ауырып жазылған соң қайтадан ол аурумен ауырмайтындығы, аурудың ауру малдан сау малға тікелей жанасқанда ғана емес бөгде заттар арқылы да жұғатындығы бұл аурулардың кейбір сырларын ашып қана қоймай, адам санасын түбегейлі өзгерткен білімнің көптеген жаңа салаларын тудыруға түрткі болды.

Өнімді жануарлардың инфекциялық аурулары пәні шаруашылықта өнімді жануарларда ғана кездесетін әртүрлі инфекциялық ауруларды жан жақты зерттеу анықтау диагноз қою, ажыратып балау, емі, алдын алу шаралары, індетке қарсы шараларды үйренуге негізделген. Осы пән негізінде барлық өнімді жануарларды індеттік аурулардан сақтандыруды оқып үйренеміз.

Негізгі бөлім

Бұл жұмыс негізінде сиырдың жұқпалы ринотрахеиті, сиырдың парагриппі, сиырдың вирустық дияреясы аурулары жайлы жан-жақты айтылады. Бұл аурулар пневмоэнтериттер ауру тобына жатады.

Сиырдың жұқпалы ринотрахеиті

Сиырдың жұқпалы ринотрахеиті /Rhinotracheitis infectiosa bovum, инфекционный ринотрахейт крс/-қызуы көтеріліп, жоғарғы тыныс жолдарының қатарлы-өліетті қабынуы және жыныс мүшелерінің зақымдануы арқылы ерекшеленетін, жіті өтетін жұқпалы ауру.

Тарихи деректер. Бұл ауру АҚШ- та белгілі болған. Бастапқыда ол екі дербес ауру ретінде қарастырылды: бірі-жыныс мүшелерін зақымдайтын жұқпалы пустулалы вульвовагинит, екіншісі- тыныс жолдарын қамтитын ринотрахейт. 1958 ж J. Gilltspic әріптестерімен екі аурудың да қоздырушысы бір ғана герпесвирус екенін дәлелдеді. 1960 жылдарда бұл вирустык ересек сиырдың іш тастауының, ал бұзауда менингоцефалиттің себепкері юолатындығы анықталды. Осыдан кейін бұл аурулардың барлығы бір нозологиялық бірлікке біріктіріліп, жұқпалы ринотрахеит аталды да, әртүрлі органдардың зақымдануы осы аурудың клиникалық түрлері ретінде қарастырылатын болды.

Қоздырушысы / Bovid alpha herpesvirus / герпесвирустар туыстығы мен тұқымдастығына жатады. Құрамында ДНҚ бар, бір ғана антигендік типтен тұрады, әр түрлі ағзаларға түскенде, соларға бейімделіп, жоғарғы тыныс жолдарын, жыныс мүшелерін, жүйкені, көздің кілегеилі қабығын зақымдайтын қасиетке ие болады. Бәріненде тыныс алу және жыныс ағзаларын торшаларына басымырақ бейімделеді.

Төзімділігі. 56 градуста қыздырғанда 20 - минут, 37 град-та 4-10 тәулік, 22 С-та 50 күн өткенде өледі. Төменгі температурада ұзақ уақыт сақталады. Лиофильді кептіргенде уыттылығы өзгермейді, ал алма кезек мұздатып жібіткенде зардаптылығы мен иммуногендік қасиеті төмендейді. Дезифектанттар әдеттегі ерітінді күйінде зарасыздандырады.

Ідеттік ерекшеліктері. Табиғи жағдайда тек қана ірі қара ауырады. Қолдан ешкі мен шошқа жұқтыруға болады. Сиырдың барлық тұқымдары бейім, бірақ етті тұқымдарда ауру күштірек өтеді. Ересек түрдеріне қарағанда жас малдың бұл ауруға сезімталдығы жоғары. Әсіресе жатырдағы төл ерекше сезімтал, вирустың әсерінен тез өледі де, буаз мал іш тастайды.

Ауру қоздырушысының бастауы -ауырған және ауырып жазылған мал. Сауыққан мал 6-19 ай вирус бөліп шығарады. Вирус денеден танаудан аққан сорамен, көзің жасымен, мүшелерінен бөлінген сұйықтықпен, сүтпен, несеппен, нәжіспен, шәуетпен шығады. Вируспен ластанған ауа, су, жем-шөп т. б қоздырушылардың берілу факторы, ал ауру малмен жанасқан жәндіктер, құстар, адам оның механикалық тасымалдаушылары болады. Әдеттегі жағдайда вирус малға аэроендік жолмен, ал шағылысу кезінде тікелей жанасу арқылы жұғады. Ауру көбінесе өндірістік кешендерде шоғырланған малда байқалады, өйткені оның шығуына жануарлардың тығыз орналасуы, күтімінің нашарлығы, микроклиматтың жайсыздығы ықпал етеді. Әр жерден әкелінген, иммунитетті әр түрлі деңгейдегі жануарлар ауруға тез шалдығады. Сонымен қатар көп малдың арасында вирус тарап, жануарлар денесінде қайта-қайта пасаждан өтіп, зардаптылығын барған сайын күшейтіп, індеттің тез өршуіне жағдай жасалады.

Вирус денеге аэрогендік жолмен енгенде негізінен аурудың респираторлық түрі, ал жыныс жолдарымен жұққанда генитальдік түрі дамиды. Бұрын сау шаруашылықтарда алғаш рет байқалған инфекция мал басын тұтастай қамтыған жаппай індет түрінде өтсе, бара-бара екпіні бәсеңдеп өшкін түрде, бірен-саран спорадия ретінде байқйлады, дегенмен ауа райы қолайсыз күз, қыс, көктем айларында жиірек кездеседі.

Инфекциялық ринотрахеиттің алдын алу шараларының негізгі шарттары ірі қара малдарын өсіру және бордақылауда ветеринариялық-санитариялық шараларды қатаң сақтау болып табылады. Ветеринариялық-санитариялық талаптарға келесілер кіруі тиіс:

1. Шаруашылық субъектілерін инфекция қоздырғыштарының кіруінен сақтау;

2. Организмнің резистенттілігін күшейтуге бағытталған шаралардың кешенін ұйымдастыру;

3. Уақытылы диагноз қою, ауру малдарды анықтау және оқшаулау;

4. Қоршаған ортадағы вирустарды залалсыздандыру.

5. Малдарды инфекциялық ауруларынан таза аумақтардың тек сау малдарынан табын топтастыру.

Ауру малдардан басқа барлық малдарды, жаңа эпизоотиялық ошақтарда тұрған малдарды жедел түрде инфекциялық ринотрахеитке қарсы құрғақ вирусвакцинамен, қолдану нұсқасына сәйкес иммунизациялайды. Ауру малдарды оқшаулап, гипериммунды қан сарысуымен, спецификалық емес глобулинмен немесе реконвалесцентті қан сарысуымен емдейді. Секундарлы инфекциямен асқынған жағдайда ұсақ әсерлі антибиотиктермен, сульфаниламидті, нитрофуранды препараттар қолданылады. Қауіпті аймақта тұрған жануарларға әлсіретілген вакцина егіледі.

Ауру және ауруға күдікті малдар тұрған жерлер, қолданылған құрал-саймандар, арнайы жұмыс киімдері; мал төсеніші және қиы залалсыздандырылады.

Өлген және лажсыз сойылған малдардан алынған терілер дезинфекциялық ерітінділерде: 1 литр суға 50грамм алюминиді квасты, 200 грамм ас тұзымен 16-18 градус температурада 48 сағат залалсыздандырылады.

Лажсыз сойылған мал ұшаларында дегенеративті өзгерістер болмаған жағдайда кедергісіз жіберіледі. Танаудың, өңештің, жұтқыншақтың, өкпенің, асқазан-ішек жолдарының кілегейлі қабығында некроздық өзгерістер болған жағдайда техникалық утильдеуге жіберіледі.

Ауру ауруға күдікті малдардан алынған сүт 70 градус температурада 30 мин пастеризациядан кейін адамдарға тамаққа және малдарға азық ретінде қолдануға болады.

Сиырдың парагрипі

Сиырдың парагрипі/paragrppus bovum, парагипп крупного рогатого скота/- негізінен жас малда болатын, ыстығы көтеріліп, жоғарғы тыныс жолдарының катарлы қабынуымен ерекшеленетін, жіті өтетін жұқпалы ауру.

Тарихи деректер. Алғаш рет АҚШ-та 1932ж Скот пен Тарлей ауруды сипаттады, қоздырушы вирусты 1958ж Чанок пен серіктестері бөліп алды. 1959ж Рейзенгер мен Хедделстон бұл вирустың антигендік құрамы жағынан адамның парагипп-3 вирусымен ұқсас екенін анықтады. Ауруды алғашқыда анықтаған зерттеушілер этиологиялық фактор ретінде пастереллаларға айрықша мән берген болатын, кейінгі кезде бұл микроб аурудың негізгі қоздырушысы емес, оның асқынып, өлім көрсеткішінің жоғарылауының себепкері екні айқындалды . Ауру бордақылайтын малды тасымалдаған кезде жиі байқалатын болғандықтан көліктік қызба деп аталды . Кейіннен бұзаулар мен тайыншаларды өндірістік кешендерде өсіріп, бордақылайтын елдердің көбіндебұл аурудың кең тарайтыны белгілі болды.

Қоздырушысы-Parainfluenza 3 bovine paramixovirus парамиксовирустар туыстастығы мен тұқымдастығына жататын құрамында РНҚ бар вирус . Парамиксовирустар тұқымдастығының адамның паротит пен парагрипп-3, кемірушілердің, маймыл мен құстың парагрипп вирустары мен құстың Ньюкасль ауруының қоздырушыларымен морфологиялық жағынан айырмашылығы болмағанмен антигендік құрамы бойынша өзгешелігі бар. Антигендік құрамы тұрақты, басқа елдерде бөлініп алынған вирус АҚШ-тағы эталондық прототипімен тақылеттес.

Төзімділігі. Парагриптің вирусы сыртқы ортада төзімсіз, жоғары температура мен ультракүлгін сәулетез күшін жояды. 56С-та 1сағ., 37С-та 5сағ. өледі . Ал төменгі температурада ұзақ сақталады. 4мәрте қатырып жібіткенде зардаптылығын сақтайды Қышқыл ортада төзімсіз, рН 3, 4 тез күшін жояды. Әдеттегі дезинфектанттар зарарсыздандыру үшін толық жарамды.

Індеттік ерекшеліктері. Әдетте 10 күннен 1 жасқа дейін, сирегірек 1 жастан асқан жас малдар ауырады . Ересек жануарлар ауруға шалдыққан кезде жеңіл ғана ауырып, тез жазылады. Ауруға сонымен қатар қой, ешкі және түйе шалдығады. Қойдың арасында ауру кеңтаралған жағдайда сиырға арналған вакцинамен егу ұсынылады. Парагриптің вирусының / сиырдың ауруына тән штамы / буйволдан, жылқыдан, иттен, мәліметтер бар.

Аурудың қоздырушысының бастауы -ауырған мал. Әр түрлі жастағы сау ірі қараның арасында вирус алып жүру кең тараған/80-100%-ке жетеді/ Сондықтаніндеттің тұтануына қолайсыз жағдайлар- шоғырландыру, тасымалдау, тұрған қорасының жағымсыз микроклиматы, әсіресе ылғалды суық ауа, зиянды газдар басқа да стресс-факторлар зор әсер етеді.

Вирус негізінен аэрогендік жолмен жұғады, алиментарлық және жыныс жолы мен де беріледі. Аурудың байқалуына жануарлардың иммунитет ақуалы, әсіресе бұзаулардың енесінен уыз арқылы алған антиденелердің маңызы зор.

Ірі кешендерде малды әртүрлі шаруашылықтан жинағанда, бастапқы 2 апта ішінде індет тез тұтанады. Сондықтан аурудың алдын алу үшін кешендерге малды үздік-создық әкелмей, тез арада, 2-3 күннен асырмай, толтыру керек. Бұл жағдайда «бос-бос емес» ережесін бұлжытпай орындау қажет, өйткені әрбір жаңадан әкеләнген мал аурудың шығуына себепкер болады.

Індет шыға қалғанда, егер малға жасалынған жағдай нашар болса, қысқа уақытта ауру көрсеткіші жоғары деңгейге /70% ке дейін/ жетеді Өлім көрсеткіші әдетте 2-3% шамасында, бірақ кей жағдайда 20%-ке дейін болуы мүмкін.

Дауалау және күресу шаралары. Парагрипке қарсы тірі және өлтірілген вакциналар ұсынылады. Бірақ, өлтірілген вакциналардың иммуногендік әсері өте төмен. Тірі вакциналардың дауалық әсері айтарлықтай, оның үстіне интерферонның түзілуін қамтамасыз ету арқылы індет шыға салысымен қолданған жағдайда емдік нәтиже береді. Бұл препараттардың ішінде қолданыс тапқандары Паравак, парагрипп пен жұқпалы ринотрахеитке қарсы қос валентті препарат Бивак. Өлтірілген вакциналар да күн тәртібіне алынған жоқ. Аталған екі ауруға қосымша вирусты диареяға қарсы өлтірілген үш валентті вакцина едәуір сенімге ие болып отыр.

Парагриппті дауалау үшін негізінен ветеринариялық-санитариялық, зоогигеналық шаралардың маңызы зор. Кешендерге мал әкелгенде олардың сау шаруашылықтардан алынуын және тасымалданғанда стресс-факторлардың әсер етуіне жол бермес үшін бұл шараларға мейлінше мұқият даярланып, аса бір ұқыптылықпен жүзеге асыру қажет. Малдарды топтастырғанда, орналастырғанда қора ережелерін мүлтіксіз орындау керек. Аурудын алдын алу үшін витаминді және емдік премикстерді қолдану қажет. Микробтарға қарсы дәрмектер қосылған қоспаларды пайдалану, жалпы шараларды жүзеге асыру-вирустық пневмоэнтериттер сияқты әр түрлі этиологиялық факторлардың бір-біріне қабаттасуы арқылы туындайтын инфекциялардың алдын алу үшін әзірше ең тиімді әдіс.

Сиырдың вирустық диареясы

Қоздырушысы - Bovina virus diarrhea pestivirus, Togaviridae тұкымдастығының Pestivirus туыстасығына жатады РНҚ-лы вирус.
Ауру 1946 жылы АҚШ-та анықталып, оның қоздырушысын П. Олафсон ашты. Бұрынғы Кеңес өкметіне оның ішінде Қазақстанға (Балхаш өңірі, Бақанас) сиырдың келді. Қазақстанда алғаш рет К. Н. Бучнев пен Керімбеков 1973 ж. анықтады.

Ірі қара малдың вирустық диареясы - дене қызуының көтеріліп, ас қорыту жолдарының кілегейлі қабығының ойылып, қан аралас іш өтуіменен, конъюнктивит және ринит арқылы ерекшеленетін жіті өтетін жұқпалы ауру.

Вирустық диареямен табиғи жағдайда сиыр, буйвол, бұғы және елік аурады. Ірі кара әдетте 2 айдан 2 жасқа дейінгі аралықта аурады, жана туған бүзаулар мен сака сиырлар ауруға сирек шалдығады.

Ауру коздырушысының бастауы ауруға шалдыққан жануарлар, олар жазылғаннан кейін де 4 ай бойы вирус алып жүреді. Ересек сиырларда ара-тұра іш тастау арқылы байқалатын жасырын инфекция болады. Негізгі жұғу жолы алиментарлық, кейде аэрогендік жолмен немесе тумай тұрып жатырда жұғады. Инкубациялық кезеңі 2 күннен 3 жұмаға дейін.

Ауру жіті, жітілеу, созылмалы және жасырын өтеді. Жіті өткенде малдың дене қызуы 40, 5-42, 20С көтеріліп, күйзеліп, тәбеті төмендейді. Танау қуысының кілегейлі қабығын қан кернеп, кейінірек сора аға бастайды. Ауыздың кілегей қабықтарында қызғылтым дақтар, эрозиялар пайда болады. Кейіннен ойылып, қызылшақаланып, бетінде сұрғылт түсті бүркеніш пайда болады. Ауыздан қоймалжың сілекей ағады. Қаңсарда, танау тесігінде, кынапта ойылымды жарақаттар кездесуі мүмкін. Дененің ыстығы көтерілген кезде канда лейкоциттер саны күрт төмендейді. Біраз күннен кейін іші өтеді. Іші өту көбінесе бұзауларда байқалады. Нәжісі сұйық, исі жағымсыз, газ көпіршіктері, қан мен жалқақ араласады. Жүні ұйпаланып, үрпиіп, қатпарланып, қайызғактанып, қабыршақтанады. Жөтел пайда болып, көзден жас ағады. Кейде аяғы ақсап, жануар жатқан жерінен қиналып тұрады, жүргенде зорға қозғалып, алдыңғы аяқтарын бір-бірінен алшақ ұстайды. Тұяқтарының, арасындағы терісі қолдырап, ойылады. Буаз мал іш тастайды. Диарея 4 аптаға дайін созылып, мал шектен тыс арып, өледі. ІҚМ вирустық диареясына балау клиникалык, індеттанулық деректерді, патологиялық-анатомиялық өзгерістерді есекере отырып, міндетті түрде зертханалық зерттеу жүргізу аркылы іске асырылады. Зертханаға патматериалды симптомдары айқын, ауыра бастағанына 2-3 күн болған малдан, не болмаса әдейі аурудың жіті кезеңінде сойып, алады. Ауру малдан стерильді тампонмен танаудағы бөліндіні, қанын, ауыздың ойылған кілегейлі кабығының қырындысын алады. Қан сарысуын ДПР, КБР, БР бойынша вирустык диарея антиденелеріне тексереді. Өзіне тән емі жоқ. Негізінен симптоматикалық емдік шаралар қолданылады. Малдың күтімін жаксартып, сіңімді жұмсақ азықтар береді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ірі қара малдардың жұқпалы ринотрахеиті
Ірі қара малдардың инфекциялық ринотрахеиті
Шошқа обасына жалпы сипаттама
Індетке қарсы шаралар
Ауру және ауруға күдікті жануарларға қатысты шаралар
Дәрілік заттар түрлері
Бруцеллезді болдырмау шараларын ұйымдастыру
Ұйымдастыру шаруашылық шаралары
Бруцеллез ауруына сипаттама беру
Вирустардың жіктелу принциптері. Олардың номенклатурасы. Вирустардың көбеюінің биогенетикалық ерекшеліктері және көбею сатылары туралы ақпарат
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz